Тәуелсіз мемлекеттер достастығы


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы туралы
2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы құқықтық мәртебесi туралы
IІІ Қорытынды
І V Әдебиеттер тізімі
Негізгі бөлім
1. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
1991 жылғы 8 желтоқсанда Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мен Украинаның мемлекет басшылары Беловеж тоғайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қойды.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында он бір егеменді мемлекет басшылары (Грузияны қоспағанда) аталған Келісімнің Хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер тең құқықтық негізде ТМД-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарғы бойынша іс-қимыл жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Қазіргі уақытта Атқарушы комитеттің Төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысы - Лебедев Сергей Николаевич болып табылады. ТМД Атқарушы комитетінің ғаламтордағы парақшасы - www. cis. minsk. by.
Тәжірибеге сәйкес, жыл сайын ТМД мемлекет басшыларының 1 ресми және 2 бейресми отырыстары, ТМД үкімет басшыларының 2 отырысы және ТМД Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі 2 отырысы өтеді.
Құрылымы:
1. Мемлекеттер басшыларының кеңесі
2. Үкіметтер басшыларының кеңесі
3. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі
4. Экономикалық кеңес
5. Қорғаныс министрлерінің кеңесі
6. Шекаралық әскер басшыларының кеңесі
7. ТМД Экономикалық соты
8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы
9. Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері
10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері
11. ТМД-ның Атқарушы комитеті
Достастыққа көпжақты өзара іс-қимылдың түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделілік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады.
ТМД қызметінің тиімділігін арттыру, оның құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы мен оны іске асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамуының дәлелі 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербор қаласында ТМД мүше мемлекеттер арасында ұлттық экономикалар мен жалпы Достастықтың әлеуетіне қосымша даму серпінін береді деп бейімделген, Еркін сауда аймағы туралы Шартқа қол қою болды.
2011жылы ТМД өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.
2011 жылы 21 желтоқсанда мерейтойлық саммитте мемлекет басшылары Достастықтың 20 жылдық қызметінің және оның даму перспективасы қорытындысына баға беріп, осы үлгідегі достастыққа бейілділігін және Достастыққа мүше мемлекеттердің өзара түсіністіктері мен өзара қатынастарын күшейту, адамдардың өмір сүру деңгейін шын мәнінде жақсарту, олардың әл-ауқатын өсіру, өзара қарым-қатынасты кеңейтужөніндегі Достастықтың жұмысынан іс-жүзіндегі қайтарымды арттыруға жәрдемдесу ниеттерін растады.
2012 жылғы 5 желтоқсанда мемлекет басшыларының Ашғабат саммиті қорытындысы бойынша қабылданған мемлекет басшыларының декларациясында мемлекеттердің дайындығы мен өңірлік және өңіраралық өзара қатынастардың жүйесін қалыптастыруда, қазіргі заманның талаптарына сай келетін ынтымақтастықтың өміршең және тиімді тетігін орнатуда ТМД рөлін күшейтуге одан әрі жәрдемдесу көрініс табады.
ТМД саяси өзара қатынас негізінде СІМ Кеңесі арқылы іске асады, оның шеңберінде көп деңгейлі сімаралық консультациялар сияқты ынтымақтастық нысаны жұмыс істейді.
2013 жылы БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберінде ТМД мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылдары, жаңа қыр көрсетулер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шамамен 7-ден аса консультациялар өткізілді.
Достастық шеңберінде жаңа қыр көрсетулер мен қауіптерге ден қою мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктері құрылды. Осы бірлескен қызмет шеңберінде келісілген қағидаттар, міндеттер, негізгі бағыттар, нысандар, ынтымақтастық жүйесі мен өзара қарым-қатынастар тұжырымы түрде анықталды. Олардың іс жүзінде іске асуы үшін қылмысқа, терроризмге және экстремизмнің басқа зорлық белгілеріне, есірткі заттарының заңсыз айналымына, психотропты заттарға және олардың прекурсорларына, заңсыз миграция және адам саудасына қарсы күрестің біріккен шараларының мемлекетаралық орта мерзімді бағдарламалары қабылданады.
ТМД мүше мемлекеттердің қазіргі заманғы қыр көрсетулер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдар бойынша ынтымақтастықты реттейтін халықаралық құқықтық құжаттарға қатысуын ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жүйесінің негізі Достастықтың салалық органдары болып табылады. Олардың құрамында гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес және ТМД мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры бар.
Олардың тікелей көмегінің арқасында 2013 жылы ірі мәдени және қоғамдық іс-шаралар: Шығармашылық және ғылыми интеллегенцияның VIII-Форумы (қыркүйек, Минск қ. ), Мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлер съезді, ТМД мүше мемлекеттердің халықаралық спорттық ойындары, ТМД елдерінің Жастар симфониялық оркестрінің гастрольдік-білім беру туры және т. б. өткізілді.
Осындай іс-шаралар: 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған халықаралық жастар ынтымақтастығы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына, Дене шынықтыру және спортты дамыту стратегиясына, Туризм шеңберіндегі ТМД мүше мемлекеттер ынтымақтастығының даму стратегиясына, Мәдениет саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасына, 2013-2014 жылдарға арналған гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басым іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
ТМД мүше мемлекеттердің арасындағы мәдени қатынастарды кеңейту және жаңа сапалы мазмұндармен толықтыру мақсатында, ТМД мемлекет басшыларының Кеңесі 2014 жылы Алматы қаласы мен Ош қаласын ТМД-ның мәдени астаналары деп жариялап, 2013 жылғы 25 қазанда ҚР және Түрікменстанда «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады.
«Бір жыл-бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс қағидасын ескере отырып, 2014 жыл ТМД-дағы Туризм жылы болып, 2015 жыл - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы болып жарияланды.
2013 жылғы 25 қазандағы ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің шешіміне сәйкес, ТМД-да 2014 жылы төрағалық қызметін Украина, тең төрағалық қызметін - Қазақстан атқаратын болады.
. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД - ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 -жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты - 54, 6 %, оның ішінде үлкен 7 - ке - 43, 0% кіреді, АҚШ - 20, 9%, 12 - мемлекет кіреді Евроодақ - 15, 3% кіреді. Әлемдегі 146 - мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7, 2% құрайды, оның ішінде 3, 8% ТМД - ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0, 1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1, 75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 - 1998 жылығы Азия - Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.
Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71, 8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42, 3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21, 2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2, 7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 - жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 - есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына баңытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.
Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3, 8% есеге, ал импорт 3, 3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0, 35% деңгейінде тұр. бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инветсициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214, 5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178, 2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153, 8 %, орталық шығыс Европа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43, 3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18, 9 млрд. немесе жалпы көлемі 55, 1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец, флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4, 6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331, 5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1, 6 млрд -қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3, 6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877, 5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Европалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215, 1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097, 2 млн., импорт $ 6117, 9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662, 4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999, 0 млн. құрап 61 % өсті, импорт $6663, 4 млн. құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, срнда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18, 7 %), Италия (15, 5%), Ресей (14, 1%), Қытай (9, 8%), Франция (7, 3 %), Вергин аралы (3, 8%), Иран (3, 5%), Нидерланд (2, 3%), Израиль және Португалия (1, 6%), Азербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1, 4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20, 4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79, 6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін европа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54, 6 % құрайды, оның 34, 8 % Европа Одағына әкеледі. Европа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланд, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Европа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2, 6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: машина, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланд болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Европа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28, 9 % түсуінен 50 % әр түрлі машина түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Үндістан шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның алюмин заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ - тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын үкіметтерi арқылы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын (бұдан әрi - Достастық) құру туралы құрылтайшылық құжаттардың мақсаттары мен принциптерiне өздерiнiң адалдықтарын қуаттай отырып,
халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған принциптерi мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
Достастық органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құқықтық мәртебесiн анықтауға қатысты бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, сондай-ақ Достастық органдары қызметінің тиiмдiлігін арттыруға жәрдем көрсетугe тілек бiлдiре отырып,
төмендегілер туралы келiсті:
2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы құқықтық мәртебесi
"Достастық органдары" - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарғысына, Достастық шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарғa, Мемлекеттер басшылары кеңесiнiң немесе Үкіметтер басшылары кеңесiнiң шешімдерiне сәйкес Достастыққа қатысушы мемлекеттер құрған не осы сипатта құрылатын, тұрақты жұмыс iстейтiн аппараты бар және Достастық органдарының бiрыңғай бюджетiнен қаржыландырылатын органдар;
"өкiлдiк орналасқан мемлекет" - аумағында Достастықтың органы немесе оның бөлiмшесi орналасқан мемлекет;
"лауазымды тұлғалар" - әрбiр Тарапқа бекiтiлген лауазымдар квотасына сәйкес Тараптардың ұсынысы бойынша Достастық органдары бекiтетін тұлғалар;
"қызметкерлер" - жасалатын еңбек шарттарының немесе келiсiм-шарттардың негiзiнде Достастық органдарында мамандар ретiнде жұмыс iстейтiн адамдар (әкiмшілік-техникалық персоналды қоспағанда) ;
"әкiмшiлiк техникалық персонал" - Достастық органдарының жұмысына әкімшілік-техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын адамдар;
"отбасы мүшелерi" - жұбайы (зайыбы), жасы кәмелетке толмаған балалар және Достастық органының лауазымды тұлғасының немесе қызметкерiнiң асырауындағы және онымен тұрақты түрде бiрге тұратын адамдар.
Достастық органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi халықаралық қызметкерлерге теңестiрiледi. Достастық органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерi ресми функцияларын атқаруы кезiнде Тараптардың өкiмет органдарынан немесе ресми тұлғаларынан, сондай-ақ осы Келiсiмнiң қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттердiң өкiмет орындарынан нұсқау алмайды немесе ала алмайды.
Әрбiр Тарап Достастық органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiнің мәртебесiн құрмет тұтуға және өздерiнің ресми функцияларын атқаруы кезiнде оларға ықпал етпеуге мiндеттенедi.
Өкілдік орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын немесе онда тұрақты түрде тұрмайтын Достастық органдарының лауазымды тұлғалары:
1) лауазымды тұлғалар ретiнде өздерi айтқан немесе жазған және жасаған барлық iс-әрекеттерi үшін өкiлдiк орналасқан мемлекеттiң соттық немесе әкiмшілік органдарының юрисдикциясына жатпайды, бұған мынадай:
а) лауазымды тұлға басқаратын көлік құралынан туындаған оқиғаға байланысты залалдың орнын толтыру туралы аталған тұлғаға, егер мұндай залалдың орнын толтыру сақтандыру төлемiнiң есебiнен мүмкiн болмаса, азаматтық талап қойылған;
б) осы лауазымды тұлғаның әрекетiне немесе әрекетсiздігіне байланысты жеке адамның өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы лауазымды тұлғаға талап қойылған;
в) осы лауазымды тұлға көтерген азаматтық талапқа тiкелей байланысты қарсы талап лауазымды тұлғаға қойылған жағдайлар қосылмайды;
2) Достастық органы төлейтiн жалақысы және өзгe де сыйақылары салық салудан босатылады;
3) иммиграцияға қатысты шектеулерден және шетелдiктер ретiнде тіркелуден босатылады;
4) осындай орындар үшін бөлінгенінен тысқары жерлерде сақтағаны немесе тиiсті кедендiк органның жұмысынан тыс уақытта және осыған ұқсас қызмет көрсетулердi кедендiк ресiмдегені үшін алымдарды қоспағанда, алғашқы кезде үйдiң керек-жарағына арналған мүліктер мен заттар үшін кедендiк баждарды, салықтарды және осыған байланысты алымдарды төлеуден босатылады;
5) халықаралық дағдарыстар уақтысында репатриация бойынша дипломатиялық өкілдep қандай жеңiлдiктердi пайдаланса, тап сондай жеңiлдiктердi пайдаланады.
Өкiлдiк орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын немесе онда тұрақты түрде тұратын Достастық органдарының лауазымды тұлғаларына 1-тармақ қолданылады.
Өкiлдiк орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын немесе онда тұрақты түрде тұрмайтын лауазымды тұлғалардың отбасы мүшелерiне 3) және 5) -тармақтар қолданылады.
Достастық органдарының қызметкерлерi:
1) өздерiнiң ресми функцияларын тiкелей орындау кезiнде жасаған iс-әрекеттерiне қатысты өкілдік орналасқан мемлекеттің соттық немесе әкiмшілік органдарының юрисдикциясына жатпайды, бұған мынадай:
а) қызметкер басқаратын көлiк құралынан туындаған оқиғаға байланысты залалдың орнын толтыру туралы аталған адамға, егер мұндай залалдың орнын толтыру сақтандыру төлемiнiң есебiнен мүмкін болмаса, азаматтық талап қойылған;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz