Англо-саксондық құқықтық жүйе



Жоспар:
Кіріспе
1 ДҮНИЕЖҮЗІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ
1.1 Англо.саксондық құқықтық жүйенің қазіргі құқықтық жүйедегі орны
1.2 Англо.саксондық құқықтық жүйенің шығу тарихы мен дамуы
2 АНГЛО.САКСОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОТБАСЫ
2.1 Англо.саксондық құқықтық жүйенің қайнар көздері. Сот прецеденті
2.2 Англо.саксондық құқықтық жүйені пайдалану тәжірибесі
2.3 Англо.саксондық құқықтық отбасын романо.германдық құқықтық отбасымен салыстыру
3 АНГЛО.САКСОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Англо.саксондық құқық жүйесіндегі әкімшілік процесс
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Құқықтық жүйе ұғымының екі маңызды әлеуметтік міндетін тұжырымдауға болады. Біріншіден, құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты барлық тәсілдерді толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық құқықтық құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді. Құқықтық жүйе құқықтық мемлекеттің бір белгісі болып табылады. Профессор Н.И.Матузовтың пікірі бойынша: «құқықтық жүйе ұғымының құндылығы қоғамның құқықтық жүйесін талдаумен байланысты болады». Сондықтан кез – келген заң құқықтық жүйенің иерархиялық құрылымына қайшы келмеуі керек. Құқықтық жүйенің қалыптасуы салыстырмалы ұзақ кезеңді алатын қиын іс болып табылады. Заңи әбедиеттерде құқықтық жүйе категориясын салыстырмалы түрде жаңартып отырады. Ол 80 – жылдардың аяғынан бастап енді. Бірақ та Батыс заңгерлері бұл ұғыммен бұрынғы кезден айналысуда. Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады. Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық құбылыстардың бірлігін білдіреді.
Заң әдебиеттерінде құқықтық жүйе ұғымына кейбір ғалымдар мынадай талдау береді: «Құқықтық жүйе қоғамдық қызмет ету саласы бойынша екі жақты бірлікті көрсетеді: нормативтік негіздердің қалыптасуын, нормативтік қызметтердің үлгісін». Бұл бірлікте құқықтық жүйенің функциясы ерекше орын алады.
Сондықтан құқықтық және мемлекеттік құрылыстарды олар тарихи дамуында және өзара байланыстарында қаралуы құқықтық жүйелерді талдауды қажет етеді. Құқықтың дамуы кез – келген мемлекетте қайшылықта және күрделі екені көпшілікке мәлім. Жалпы, құқықтық жүйелердің даму деңгейі қоғамда оның қоғамдық экономикалық дәрежесімен анықталады, басқа сөзбен айтқанда өркениеттің дамуы.
Құқықтық тенденциялар Ежелгі Грецияда және Римде сонымен қатар Ежелгі Шығыста пайда болған деп айтып кетуге болады. Тарихи қалыптасқан нәрсе Қазақстанның құқықтық мәдениетінің құрылымына шығыстық дәстүрлер үлкен ықпал тигізген. Ежелгі Шығыстың құқықтық идеясы қоғамдық топтық – шектеулі сипаттары анық аңғарылады және қоғамдық топтардың класстық құқықтары мен бостандықтары қатаң бекітілуімен көрінеді. Осындай өте күрделі класстық және әлеуметтік құрылымдардың дамуы Ежелгі Шығыстық қоғамда құқықтың прогрессивті даму туралы ойландырады. Құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер қазіргі адамдар құқықтар туралы түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізгенін айта кеткен жөн.
Бірақ та қазақ даласы Шығыс пен Батыс арасындағы орталықтан орын алып отырғанын ескеру керек. Сондықтан қазақтардың идеологиясына құқықтық мәдениетіде синтездің аталған екі әлемнің диолог ретінде көрінеді. Батыс дәстүрінің ықпалы Ресейлік құқық жүйесі арқылы іске асырылды. Бұл Қазақстанның Ресейге қосылуынан байланысты. Қазақстанның Ресейге қосылуы күрделі қарама – қайшылық процесстерге сәйкес келеді. 1917 жылғы Ұлы Казан төңкерілісінен кейін Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан социализм жағдайында өмір сүре бастайды.

1991 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады және құқықтық мемлекет негізінде жұмыс істей бастады. Дипломдық жұмысытың белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында төмендегі міндеттері болып мыналар табылады:
1. Қоғамның құқықтық жүйесі ұғыммен құрылымы жеке зерттеу;
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Алимбеков М. Т., Абдрасулов Е. Б. Применение гражданско-правовых норм судом в современный период. – Астана, 2009
Цвейгарт К., Кётц Х. Введение в сравнительное правоведение в сфере частного права
Сидаков
Марченко М.Н. Сочетание в правовой системе Евросоюза элементов романо-германского и англо-саксонского права (общие черты и отличия) //Журнал зарубежного законодательства и сравнительного правоведения – 200 . – 24-31 беттер
Балабиев
1. Абдраимов Б.Ж. Административная юстиция: соотношение моделей и выбор цели. // Юрист. – 2003. — №12.
2. История государства и права зарубежных стран. / Под общ. ред. проф. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенинниковой: В 2-х ч. – 2-е изд., стереотип. – М.: НОРМА, 2005. Ч. 2. — с. 530-531.
3. Ориу М. Основы публичного права. — М.: Изд-во Коммунистической академии, 1929. — с. 545.
4. Боннер А.Т. Буржуазная административная юстиция. // Правоведение. – 1969. — №1. — с. 99-100.
5 .Графский В.Г. Всеобщая история государства и права. – М.: НОРМА, 2004. — с. 690. 6. Виноградов П.Г. Исторические основы английского административного права. – Пг., 1917. — с. 7.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1 ДҮНИЕЖҮЗІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ
1.1 Англо-саксондық құқықтық жүйенің қазіргі құқықтық жүйедегі орны
1.2 Англо-саксондық құқықтық жүйенің шығу тарихы мен дамуы
2 АНГЛО-САКСОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОТБАСЫ
2.1 Англо-саксондық құқықтық жүйенің қайнар көздері. Сот прецеденті
2.2 Англо-саксондық құқықтық жүйені пайдалану тәжірибесі
2.3 Англо-саксондық құқықтық отбасын романо-германдық құқықтық отбасымен салыстыру
3 АНГЛО-САКСОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Англо-саксондық құқық жүйесіндегі әкімшілік процесс
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Құқықтық жүйе ұғымының екі маңызды әлеуметтік міндетін тұжырымдауға болады. Біріншіден, құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты барлық тәсілдерді толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық құқықтық құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді. Құқықтық жүйе құқықтық мемлекеттің бір белгісі болып табылады. Профессор Н.И.Матузовтың пікірі бойынша: құқықтық жүйе ұғымының құндылығы қоғамның құқықтық жүйесін талдаумен байланысты болады. Сондықтан кез - келген заң құқықтық жүйенің иерархиялық құрылымына қайшы келмеуі керек. Құқықтық жүйенің қалыптасуы салыстырмалы ұзақ кезеңді алатын қиын іс болып табылады. Заңи әбедиеттерде құқықтық жүйе категориясын салыстырмалы түрде жаңартып отырады. Ол 80 - жылдардың аяғынан бастап енді. Бірақ та Батыс заңгерлері бұл ұғыммен бұрынғы кезден айналысуда. Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады. Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық құбылыстардың бірлігін білдіреді.
Заң әдебиеттерінде құқықтық жүйе ұғымына кейбір ғалымдар мынадай талдау береді: Құқықтық жүйе қоғамдық қызмет ету саласы бойынша екі жақты бірлікті көрсетеді: нормативтік негіздердің қалыптасуын, нормативтік қызметтердің үлгісін. Бұл бірлікте құқықтық жүйенің функциясы ерекше орын алады.
Сондықтан құқықтық және мемлекеттік құрылыстарды олар тарихи дамуында және өзара байланыстарында қаралуы құқықтық жүйелерді талдауды қажет етеді. Құқықтың дамуы кез - келген мемлекетте қайшылықта және күрделі екені көпшілікке мәлім. Жалпы, құқықтық жүйелердің даму деңгейі қоғамда оның қоғамдық экономикалық дәрежесімен анықталады, басқа сөзбен айтқанда өркениеттің дамуы.
Құқықтық тенденциялар Ежелгі Грецияда және Римде сонымен қатар Ежелгі Шығыста пайда болған деп айтып кетуге болады. Тарихи қалыптасқан нәрсе Қазақстанның құқықтық мәдениетінің құрылымына шығыстық дәстүрлер үлкен ықпал тигізген. Ежелгі Шығыстың құқықтық идеясы қоғамдық топтық - шектеулі сипаттары анық аңғарылады және қоғамдық топтардың класстық құқықтары мен бостандықтары қатаң бекітілуімен көрінеді. Осындай өте күрделі класстық және әлеуметтік құрылымдардың дамуы Ежелгі Шығыстық қоғамда құқықтың прогрессивті даму туралы ойландырады. Құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер қазіргі адамдар құқықтар туралы түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізгенін айта кеткен жөн.
Бірақ та қазақ даласы Шығыс пен Батыс арасындағы орталықтан орын алып отырғанын ескеру керек. Сондықтан қазақтардың идеологиясына құқықтық мәдениетіде синтездің аталған екі әлемнің диолог ретінде көрінеді. Батыс дәстүрінің ықпалы Ресейлік құқық жүйесі арқылы іске асырылды. Бұл Қазақстанның Ресейге қосылуынан байланысты. Қазақстанның Ресейге қосылуы күрделі қарама - қайшылық процесстерге сәйкес келеді. 1917 жылғы Ұлы Казан төңкерілісінен кейін Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан социализм жағдайында өмір сүре бастайды.

1991 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады және құқықтық мемлекет негізінде жұмыс істей бастады. Дипломдық жұмысытың белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында төмендегі міндеттері болып мыналар табылады:
1. Қоғамның құқықтық жүйесі ұғыммен құрылымы жеке зерттеу;
2. Қоғамның құқықтық жүйесін талдау;
3. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселері бойынша өзіндік тәсілдерді зерттеу;
4. Қоғамның құқықтық жүйесін зерттеуге байланысты ұсыныстар енгізу.
І ДҮНИЕЖҮЗІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ
0.1 Англо-саксондық құқықтық отбасының қазіргі құқықтық жүйедегі орны
Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне тән ұлттық дамуы және қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтын тарихи дамуына, этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылык ұйымдастыру жағдайына байланысты болады. Негізінде дүниежүзінде қалыптасқан құқықтық жүйелер жалпы ұғым ретінде кабылданған болса, оның ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттык ерекшеліктерді, діни, әдет-ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап етеді. Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйе дегеніміз әр мемлекеттерде қалыптасқан құқық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің жиынтығы. Дүниежүзілік құқықтық жүйе негізінде бес түрге бөлінеді:
1. Мұсылмандық құқықтық жүйе (діни);
2. Роман-германдық құқықтық жүйе;
3. Англо-саксондық құқықтық жүйе;
4. Дәстүрлік құқықтық жүйе;
5. Көшпелі өркениетінін құқықтық жүйесі.
Англо-саксондық құқықтық жүйесінің өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Жариялық және жеке құқық арасында үлкен айырмашылықтардың болмауы.
2. Сот прецедентінің кең қолданылуы және оның құқықтың қайнар көзі ретінде танылуы.
3. Судьялар құқық жасайтын субъект ретінде танылады.
4. Құқықтық жүйенің жалпы құқық және әділет құқы болып бөлінуі.
5. Заңнаманың кодификацияға ұшырамауы.
Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі - нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты - бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта - сыйға тарту, сатып алу-сату институты, конституциялық құқықта - азаматтық институты. Құқық саласы - бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы. Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардын субъсктивтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдін тарихи даму барысымең, оның ұлтгық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте құралады, ондағы құқык нормалары бір-бірінен келісімді және жеке қимыл жасамайды. Құқық нормаларының бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы келісімділігі құқықтық принциптердің бірлігімен камтамасыз етіледі және атқаратын функцияларымен құқықтық мақсаттарға сай болады.
Құқық жүйесінің өзі, шын мәніңдегі қоғамдық қатынастардың сипатына қарай, оларға мақсатты ықпал жасайды. Онын тиімді болуынын өзі, қоғамдық дамудын қажеттілігін калай көрсетуіне, белгіленген мақсаттарға жетуге қосқан ұлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде, кейбір құқық нормаларының бір-біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының мақсаты- құқық жүйесінін жағдайына карау, оны жетілдіру, дер кезінде жетімсіздікті, қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құкық ережелерінің тұрақтьшығына байланысты және сонымен қатар, өзінің жөнді динамизмінен айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін әрдайым толықтыру кажет, себебі коғамдык тәжірибе әр уакытта бір орында тұрмайтыны анық. Құқык жүйесі, өте қиын құбылыс, өзінің белгілі құрамы бар, өзін құрайтын шартты бөліктерден тұрады - құқық салалары және институттары, олар коғамдык катынастардың жекелеген топтаръш реттейді. Жекелеген құкық нормалары, басқа біржақты, нормалармен бірігіп, соған не болмаса басқа құқык институттарына жатады. Сондай қызметтеріне байланысты құқық нормаларының реттеу рөлі көрінеді, олардың әлеуметтік орны белгіленеді.
Құқықтық институттар бірігіп, сол қоғамнын кұқық жүйесін құрайтын кұқык саласына айналады. Құқық жүйесі -- құқыктың ішкі құрылымы, барлық кұкык нормаларының бірлігімен, келісімділігімен, олардың салапарға қосымша салаға, құқықтық институттарға бөлінуіндегі қисынымен көрінеді. Қоғамдағы құрылған құқық жүйесі осы елдіңтарихи дамуындағы заңдышық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол көптеген қоғамдық қатынастардың ықпалымен және қажеттілікпен құрылады, қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын қамтиды. Жүйе, философиялык түсінік ретіңде - бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас құбылыс, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік жағдайда болады. Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды, сол сияқты оны құрайтын жеке бөліктері де, жүйесінсіз өз еріктерімен жеке функцияларды орындай алмайды. Құкық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы әлеуметтік құбылыс, нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын көрсетеді және бекітеді.
Құқық - жүйе ретінде мынадай белгілермен сипатталады: біріншіден, құқық - жиынтығы емес органикалық тұтас, құқықтық құбылыс. Құқық нормалары, объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік пікіріне сай құрылмайды, себебі сол ортадағы бар жүйенің қоғамдық қатынастарымен қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан, арнайы нысанда сол жүйенің қатынастарыи көрсетеді, екінші жағынан, оларға реттеушілік ықпалын тигізеді. Егер, құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін дұрыс көрсетпесе, қоғам дамуына кедергі болады. Былайша айтқанда, заңдар немесе нормалар, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білмесе, ол - өз мәнінде жүргізілмеген кұқықтың шығармашылық нәтижесі. Құқықтық жүйе - біртұтас және өзін құрайтын нормалар қарым қатынастығымен сипатталады. Олардың ретгеу күші, жалпылама алға қойған мақсаттарына жетуге арналған бір-бірімен келісушілігінде. Құрамның әрбір бөлігі құқық жүйесінен алынбаса, жүйелік қызмет әрекетіиен және әлеуметтік маңыздылығынан айырылады. Екіншіден, кұқық жүйесі көпсалалы, өзіне мазмұндары бірдей емес және көлемі жағынан да өзгеше, кұрамдық бөліктерін косып алады. Біртұтас құрылым болғандықтан, кұкык жүйесі құқық нормаларына, құқық институтына, әр түрлі салаларға және сапа бөліктеріне бөлінеді. Ондай бөліну, кұкык жүйесінің көрсететін және реттейтін коғамдық катынастардың жан-жақтығына байланысты. Құқык нормалары - кейіптік қоғамдык катынастарды реттейді, соған сай, алғашкы құқық жүйесінің бөлігін құрайды, ал әр түрлі құқық нормаларынын жиынтығы оның басқа бөліктерін (элементтерін) кұрайды: кұқық институты, құқықтық сала бәліктері және құқық салалары, одан да қиын қоғамдық қатынастар құрамының бөліктерін реттейді.
0.2 Англо-саксондық құқықтық отбасының шығу тарихы мен дамуы
Англо-саксондық құқықтық жүйе ХІІ-ХІІ ғасырларда қалыптасты. Сол кезде Англияда жалпы құқық пайда болды да, феодалдық жалпы құқық қазіргі құқықтың негізін құрады. Жалпы құқық ежелгі әдеттерден шығып, сот шешімдерінен құрылады. Қазіргі құқық жүйесін сот шешімдері құрады. Бүкіл мемлекетке тараған жалпы құқық жүйесі нормандардың Англияға келген кезеңінен басталады. Сол кезде Англияда феодалдық қарым-қатынастар пайда болған еді. Экономикалық тұрмыста манор пайда болды. Бұл ауыл шаруашылық қауымның орнына келген феодалдық шаруашылық. Ауылдағы шаруалардың көбі ерікті және олардың VII ғасырдың басында герман тайпалары англдар, сакстар және юталар Британияны толығымен жаулап алды, ал кельттер (Британияда өмір сүруші тайпалар) құлдар мен тәуелді адамдарға айналды. IX ғасырдың басында Уэссекс патшалығы өзіне қалған ағылшын-саксондардың барлық мемлекеттерін бағындырады, сөйтіп Англия деп атала бастаған біртұтас ағылшын-саксондық мемлекет құрылады. Жоғарғы билікті патша иеленеді, ол заң шығару және әскери биліктерін иелене отырып, жоғарғы судья болып табылмады. Атқарушы орган ретінде ғұламалар кеңесі - витанагемот қызмет етті, оның құрамына патша, патшаның еркек жынысты балалары, епископтар, ірі феодалдар мен қызмет етуші ақсүйектердің өкілдері - тэндар кірді. Витанагемоттың мемлекетті басқарудағы рөлі біртіндеп әлсірей бастайды, себебі патша сарайы басқару орталығына, ал патшаның айналасындағылар - мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларына айналады. Олардың ішінде: камерарий - патшаның мүлкі мен қаржысы үшін жауап берді; маршал - патшаның атты әскерін басқарды; капелан - патша канцеляриясын басқарды. Мемлекеттегі жоғарғы сот болып патша соты табылды, ол мемлекеттік сатқындық туралы істерді, патшаның вассалдары арасындағы дауларды және жер иеліктеріне байланысты дауларды қарастырды. Жергілікті жерлерде қылмыстық және азаматтық юрисдикция жиналыстардың қолында болды. 1066 жылы норманд герцогы Вильгельм үлкен әскерімен аралға келіп, ағылшын-саксондық әскерді жеңді де, Англияны жаулап алды. Ол өзін барлық жерлердің жоғарғы иесі ретінде жариялап, барлық еркін жер иеленушілерден өзіне адалдық антын білдіруді талап етеді, бұл оларды патшаның тікелей вассалдарына айналдырады. Сот жүйесін өзгертудің бастамасын ІІ Генрихтің ассиздері (нормативтік актілері) жүзеге асырды, олар 6 округке институт құруды көздеді. Әрбір округ үшін 3 судьядан тағайындалды. Бұл судьяларға, сот функцияларынан басқа, жергілікті жерлердегі шенеуніктердің қызметін және салықтар жинауды бақылау міндеті жүктелді. 1176 жылғы Нортгемптон ассизінде 12 рыцарьдан және басқа да толық құқылы азаматтардан халық сотын құру көзделді. Жүріп-тұрушы судьялар институтын құрғаннан кейін патша куриясында сот істерін қарастыру үшін ерекше бөлім - патша орындығы соты құрылды.
Дами келе сот жүйесі мынадай нысанға ауысты:
1 Патша орындғы соты - бейбітшілікті қорғауға байланысты қылмыстық істерді қарастырды;
1 Жалпы өндіріс соты - патшаның мүдделері мен құқықтарымен байланысы жоқ азаматтық істерді қараумен айналысты;
2 Қазына соты - бір тарабы патша жағы болып табылатын сот - қаржылық істерін қараумен айналысты;
3 Лорд-канцлер соты - жоғарыдағы үш сотқа қарағанда мәселелерді әділдік бойынша шешетін, ал аталған үш сот істерді жалпы құқықтың негізінде қарастырған;
4 Ассиздер соты - істерді жүріп-ьұрушы соттардың төрағалық етуімен қарайтын;
5 Халық соты - үлкен және кіші қазылардан тұрды, үлкен қазылар айыптау сипатындағы істерді қараса, кіші қазылар істі мәні бойынша қарап, шешім шығарған.
Шексіз монархия кезінде Англияның сот жүйесі тағы өзгеріске ұшырады. Вестминстрлік соттардың (патша орындығы соты, жалпы өндіріс соты, қазына соты және канцлер соты) құзіретінің сақталуымен қатар төтенше соттар - Жұлдызды палаталар құрылды. Халық заседательдері соттың құрамына толығымен енгізілді. ХІІ-XIII ғ.ғ. ағылшын құқығында бірде-бір құқықтық жүйеде болмаған институт - сенімгерлік меншік институты - траст пайда болды, оның мәні мынада еді: бір тұлға (сенімгерлік меншіктің құрылтайшысы) басқа тұлғаға өз мүлкін меншіккке, бір немесе бірнеше тұлғалардың - бенецифианттардың мүддесі үшін осы мүлікті басқаруға беретін.
ІІ АНГЛО-САКСОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОТБАСЫ
2.1 Англо-саксондық құқықтық отбасының қайнар көздері. Сот прецеденті
Анлия аумағындағы англо-саксондық құқықтық жүйенің қайнар көздері болып мыналар табылды:
1 әдет-ғұрып;
2 нормативтік актілер (мысалы, Британияны жаулап алған дат патшасы Кнут 1017 жылы мемлекет үшін міндетті заңдарды - Кнут заңдарын шығарды);
3 жүріп-тұрушы соттар институтының пайда болуымен жалпы құқық қалыптасты, оның мәні мынада болды - жүріп-тұрушы судьялар үйлеріне қайту жолында сот тәжірибесін жалпылаумен айналысты және патша судьялары істерді қарауда басшылыққа алатын жалпы құқық нормаларын қалыптастырды;
4 ХІІ ғасырдан бастап патша соттарында сот отырысының барысын және сот шешімін көрсететін хаттамалар жазыла бастады. Содан соң аса маңызды сот істері туралы есептер әржылдықтарда жазыла бастады. Мұнда жалпы құқықтың негізгі қағидасы пайда болды: жоғары тұрған соттың шешімі осыған ұқсас істі осы сот немесе төмен тұрған сот қарау кезінде міндетті болып табылатын, яғни, сот прецеденті;
5 құқықтың жалпы қағидалары немесе сот бостандығы - егер ұқсас шешім болмаса;
6 әділдік құқығы - тұлға жалпы құқық соттарында өзінің мүддесін қорғауға қол жеткізе алмаса, ол патшаға ар-ұяты бойынша істі шешуге шағымдана алатын;
6 cтатуттар - жоғарғы биліктің, яғни, патша мен парламент қабылдаған заң шығару актілері. Патшаның заң шығару актілері мен патша және парламент бірлесе қабылдаған актілерінің жиынтығы статуттық құқық деп аталды.
Ағылшын-саксондық құқық жүйесіне тән сипат болып сот прецденттеріне негізделген жалпы құқық пен әділдік құқығының болуы табылды. Англияның тарихи дамуының ерекшеліктері оның құқық жүйесіне ықпал етті. Ерте феодализм кезінде құқықтың ең бірінші қайнар көзі ежелгі әдеттер болатын. Ол әдеттерді адамдар жазып, әдеттердің жинықтары шыға бастады. Оларға Этельберттің (600), Инэнің (690), Альфредтің (871-901) шындықтары және кнуттың заңдары (1017) жатады. Ағылшын құқығының дамуына норман шапқыншылығының ықпал еткенін айтқан жөн. Вильгельм және оның ұрпақтары ежелгі ағылшын әдеттерін сақтаймыз және орындаймыз деп ант беретін. Эдуард Тәубешіл кезіндегі ерікердің бәрін сақтаймын деген анты жақсы мәлім. Бірақ айтқан сөзін ұстады ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Англияда әдеттердің бәрі жалпы құқықтық жүйеге жинақталып, жалпы құқық деген түсініктің негізі қаланған болатын. Жалпы құқықтың пайда болуына корольдердің мемлекетті бір орталыққа бағындыру саясаты да әсерін тигізді. Соның ішінде, Генрих Екінші жүргізген сот реформалары туралы айта кеткен орынды. Генрихтің реформалары жергілікті басқару мен сотты корольдің билігіне бағындырды. Корольдің көшпелі соттары істерді қарағанда, әдеттерді және жергілікті соттардың тәжірибесін қолданды. Осыған сүйене отырып, олар бүкіл мемлекеттің аудандары қолданатын жалпы нормаларды шығарады. Бұл нормаларда жергілікті әдет-ғұрыптар жүйеге келтірілген еді. Осы нормалар вестминстер сотында және көшпелі соттың қызметінде қолданылды. Бұл нормалар көбіне ерікті феодалдарды және олардың жер иеленушілерін қорғайтын. Ағылшынның жалпы құқығы осылай пайда болды. Сотпен ант берген адамдардың арасында қызмет бабының бөлінуі айқындалды. Сот құқық мәселелерді шешеді, ал ант берушілер фактілерді дәлелдейді және қарайды. Жалпы құқықтың екінші түсінігі - бүкіл корольдіктің құқығы.
Сонымен, Вильгельм және оның Генрих деген баласы мен немересі бір жағынан - феодалдардың мүддесін қорғады. Ал екіншіден - жергілікті халықты феодалдардың заңсыздығынан қорғайтын жалпы құқық жүйесін енгізді. Олардың қызметкерлері құқық жағынан тәртіп пен формальдық мәселелерге көп көңіл бөлді. Ал ағылшын-сакстерде мұндай әдет болмайтын. Жалпы құқықтың негізіне әсер тигізген қайнар көздерге ежелгі англо-сакстердің әдеттері, нормандардың әдет-ғұрыптары, король соттарының ең маңызды шешімдері, халықаралық сауда, жол жобалары, көпес соттарында қолданылатын әдеттер мен шіркеудің нормалары жатады. Бірақ Англияның католиктер орталығынан алыс орналасқаны бұл нормалардың әсерін әлсіретті. Рим құқығы бүкіл Еуропа мемлекеттеріне әсерін тигізіп. Рецепция деген жағдайды туғызса да, ағылшын құқығына ондай ықпал ете алмады. Сөйтіп, ағылшындар өз құқығының тазалығын сақтай алды.
Жалпы құқықтың нормалары көбіне процессуалдық қарым-қатынастарды реттейтін еді. Олар сот шешімдері туралы есеп арқылы пайда болды. XIII ғасырда жыл сайын соттар есеп беру тапсыратын. Олар айтыс-тартыстардың бүктеме қағаздары деп аталды. 1535 жылдан бастап бұл есеп беру жылдық қағаз деп атала бастады. Жылдықтар шыққаннан кейін соттар өздерінің шешімдерін шығару барысында жылдықта жазылған сот шешімдеріне сүйенетін болған. Олар сол сот шешімдерін дәйек ретінде келтірді. Осылай сот прецеденттері пайда болды. Корольдің көшпелі соттары Вестминстерге қайтып келгенде жергілікті әдеттердің ең жақсыларын таңдап алатын. Жергілікті соттар шешімдерін шығарғанда осы жазылған шешімдерге заңға сүйенгендей сүйенетін. Сот прецеденті жалпы құқықтың және әділеттік құқықтың негізін қалады. Бірақ бұл құқықтың қайнар көзінен басқа корольдің, соңынан, парламенттің шығарған статуттары пайда болды. Олар Хартия, ассиздер, ордонанстар деп аталатын. XIII ғасырла парламент пайда болғаннан кейін бұл құқықтың қайнар көздері жылдам дами бастады. Парламент шығарған актілер статут, ал корольдің заңдары ордонанс деп аталды. Парламент алған актілердің заңдылығын бірде бір сот талқылауға сала алмайтын. Парламенттің актілері алынған қаланың немесе басқа жердің атымен белгіленетін еді. Мысалы: 1234 жылы Мертон статуты. Бірақ парламент өзінің мәжілістерін тек Вестминстерде ғана өткізетін болғасын, бұндай әдісті қолданбайтын болды. XIII ғасырдан бастап бес ғасыр бойында мынадай әдіс қана пайдаланылып келді. Бір парламенттің сессиясы алған заңдардың бәрі тарау болып белгіленді және сессия шақырған корольдің атымен, оның қанша жыл мемлекетті басқарып тұрғаны жылмен белгіленетін болды. Мысалы, Викотрия корольдігінің 30 жыл патшалық құрғаны, 39-тарауда көрсетілген.
2.2 Англо-саксондық құқықтық жүйені пайдалану тәжірибесі
Жалпы құқықтың ең бірінші белгісі - оның толықтығы. Сот қызметкері іс қозғаған адамға, сотқа келгенде сіздің ісіңізді қарай алмаймыз, мұндай норма жоқ деп айта алмайтын. Ағылшын құқығының бірінші жалпы ережесі - қорғау бар жерде құқық бар. Қаралып жатқан іс бұрынғы тәжірибеде кездеспесе, соған ұқсас істі тауып, шешім шығаратын. Құқықтың осы нышаны оны өте оралымды, икемді ететін. Жалпы құқық соттарды өте консервативті және формалдық нормаларды жиі қолданатын сот болатын. Ант берушілер заңмен және сот процесімен таныс болмағандықтан, сот рәсімдеріне өте мықты дайындалу керек еді. Ал корольдің соттары істерді қарағанда корольдің өзінен шыққан бұйрықтарды қолданды. Ал корольдің бұйрығы ақыға берілетін. Сол бұйрықты іске асыруға міндетті адам - шериф. Оның айтқанын жауапты жақ орындамаса, істі сотқа беретін. Жауапты адам король бұйрығын орындамағаны үшін жауапкершіліккке тартылатын еді. Бүкіл жермен байланысты айтыс-тартыстарды сотта осындай жолмен қарады. Бұл сот рәсімдері өте күрделі және әдеттегідей қабылданатын әрі көп формализм туғызатын. Лондонда тұрған адамдар бұл сот процесін жиі қолданатын. Ал көшпелі соттарды көп уақыт күткен жағдайлар да кездесетін еді. Сондықтан, жалпы құқықпен қатар әділеттік құқығы пайда болады. Бұл құқық сауданың, капиталистік қарым-қатынастардың дамуына тікелей байланысты. Жалпы құқықты қолданатын соттарда талапкерлер өздерінің құқығын қорғай алмаған жағдайларда әділеттік іздеп, корольдің өзіне баратын. Король бұл істерді алдымен өзі қарап, соңында қарауға лорд-канцлерге тапсырма беретін. 1474 жылдан бастап лорд-канцлер өзінің атынан шешімдер шығаратын болды. Бұл сотта іс қозғау өте қымбатқа түсетін еді. Ол корольдің күрделі бұйрығын алуды қажет етпейтін. Талапкер мәлімдеме жасап, істің негізгі сұрақтарын түсіндірсе, жетіп жатыр. Істі қарағанда ант берген адамдар қатыспайды және формалды рәсімдер қолданымлмаған. Лорд-канцлер жергілікті заңдарды, жалпы құқықты, римдік және діни нормаларды қолданған жоқ. Ол тек қана әділеттік принциптерін қолданып, шешім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның құқықтық жүйесі
Социалистік құқықтық жүйе
Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер
Құқық жүйесі түсінігі және мәні
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы
Мұсылмандық құқықтық жүйе
Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі
Құқықтық жүйелер
Құқық және құқықтық жүйе
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
Пәндер