Бюрократия



Жоспар
1.Кіріспе
2. Бюрократияның түсінігі
3. Бюрократияның түрлері
4.Қортынды
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бюрократия - лат. bureau - бюро, канцелярия және грек, kratos - күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі] - атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бүл байланыстар тұйықталған, иерархия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады. Бюрократия - кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашылық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға "қондырылған" болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. "Канцелярия билігі" мемле-кеттік билік жүйесінен, оның табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған - Гегель. Оның теориясын К.Маркс дамытты. Бүл мәселе, сондай-ақ М. Вебердің, Т. Вебленнің, Р. Мертонның және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді
Бюрократияның пайда болу формалары:
- басқарудың сірескен, бірақ үйреншікті ұйымдық құрылымына, көп сатылы басшылыққа бейімділік;
- берекесіздіктен, тартыншақтықтан, инициативасыздықтан және жоғарыдан нұсқау күтуге дағдыланғандықтан жүйедегі шешімді ұзаққа созу;
- қарамағындағы адамдардың ұсақ-түйегіне дейін бақылау, олардың күнделікті қызметіне орынсыз араласу;
- қағазбастылыққа салыну, өзін сақтандыру мақсатында әрбір істелген істі құжатпен тіркеуі, іс-қағаздарын ұлғайту, жедел басшылықты баяулату.
Жоғарыда аталған жүйеден басқа мынадай стильдерді келтіруге болады:
- демогогикалық стиль – мінбеден ұрандап сөлегенімен, бірден не айтқаны туралы ұмытады;
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1. «Жас қазақ» газеті 9 қараша 2007 жыл
2. http://kk.wikipedia.org/wiki/
3. Борисов В.К. Демократизатия общества и преодоление
4.Бузгалин А.В. Анатомия бюрократизма. – М.,

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе
2. Бюрократияның түсінігі
3. Бюрократияның түрлері
4.Қортынды
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Бюрократия - лат. bureau - бюро, канцелярия және грек, kratos - күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі] - атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бүл байланыстар тұйықталған, иерархия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады. Бюрократия - кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашылық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға "қондырылған" болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. "Канцелярия билігі" мемле-кеттік билік жүйесінен, оның табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған - Гегель. Оның теориясын К.Маркс дамытты. Бүл мәселе, сондай-ақ М. Вебердің, Т. Вебленнің, Р. Мертонның және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді
Бюрократияның пайда болу формалары:
- басқарудың сірескен, бірақ үйреншікті ұйымдық құрылымына, көп сатылы басшылыққа бейімділік;
- берекесіздіктен, тартыншақтықтан, инициативасыздықтан және жоғарыдан нұсқау күтуге дағдыланғандықтан жүйедегі шешімді ұзаққа созу;
- қарамағындағы адамдардың ұсақ-түйегіне дейін бақылау, олардың күнделікті қызметіне орынсыз араласу;
- қағазбастылыққа салыну, өзін сақтандыру мақсатында әрбір істелген істі құжатпен тіркеуі, іс-қағаздарын ұлғайту, жедел басшылықты баяулату.
Жоғарыда аталған жүйеден басқа мынадай стильдерді келтіруге болады:
- демогогикалық стиль - мінбеден ұрандап сөлегенімен, бірден не айтқаны туралы ұмытады;
- дистанциялық - мәселеге жақындамайды;
- мақсат қойғыш стиль - жалпы міндетті қойғанмен, орындау тәсілдерін ойластырмайды;
- интеграцияланған стиль - әркімнен ең таңдаулысын алады.
Қоғам қажетін өтеуге қызмет ететін ұйымдар, мәселен фирмалар алуан түрлі мінез-құлық стилін көрсетеді. Кәсіпкерлік және соған қарама-қарсы - өсімқорлық стиль деген де болады.
Өсімқорлық әрекет ұйым ішінде де, сондай-ақ одан тысқары қарым-қатынаста да дәстүрлі мінез-құлықтан шамалы ауытқуға бағытталған. Өсімқорлық бағыт көпшілік фирмаларда және де табыс бермейтін арнайы ұйымдарда - ауруханаларда, университеттерде т.б. байқалады.
Кәсіпкерлік бағыт өзгеріске мүлде басқаша қарайды: олар өзгерісті болдырмаудың, барынша азайтудың орнына, өзгеріс туғызуға ұмтылады. Пайда болған проблемадан болашақ мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді, жеке мәселелерді шешуден гөрі, ауқымды мәселелерді шешудің балама жолдарын іздестіреді. Кәсіпкерлік дегеніміз тиімділендірудің және қолайлы ресурстарды енгізудің жаңа салаларын іздестіру, жаңа үйлестірулерді енгізу, жаңа нарыққа қадам басу, өндірісте жаңадан үйлестіруді енгізу, жаңа өнімдер шығару, ойластыра отырып тәуекел ету.
Ұйымдық сипаттамаларды салыстырғанда байқалатыны, өсімқорлық ұйым кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыруға тиімсіз екендігі аңғарылады. Бір стильден екіншісіне өтуге ұзақ уақыт кетеді, қаржыны қажет етеді, психологиялық тұрғыдан да өте қиын, сол себепті билікті қайта бөлуге тура келеді.
Объективті жағдайларда (егер белгілі бір жұмыс учаскесі артта қалса, қажетті кадрлар жетіспесе т.б.) кейбір басшылар басқарудың нақты бір стиліне жүгінеді.
Алайда басқарудың нақты стилі субъективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады және де өндірістің қажеттілігінен пайда болмайды. Мұның өзі басшының жеке басындағы эмоциялық-психологиялық ерекшелікке, оның біліміне, тәжірибесіне, бұрынғы қызмет әрекетіне т.б. байланысты.
Сонымен нашар стиль жоқ - мәселе басшының стильдерді қандай ара қатынаста алатындығында, әрі оның шешімдерін қызметкерлері қаншалықты қабылдайтындығында. Жақсы нәтижені қамтамасыз ететіні ең тәуір стиль болып саналады.
Бюрократиясыз мемлекет болмайды. Белгілі бір салаға маманданған шенеунік керек. Сондықтан бюрократияны ұлт саясаткерлерінің белгілеген міндеттерін орындаушы, яғни, мемлекет жүйесіндегі екінші буын ретінде ұстай білу -ұлттық өнер. Нағыз реформаторлық дегеніміз -ұлттың жоғарғы билігі (истеблишмент) шенеуніктен таза болатын жүйе орнату. Әзірге ондай реформатор ұлт маңдайына жазылмай тұр.

Осының кесірінен елімізде дұшпаныңа да тілемейтін қоғамдық-саяси жүйе орнады. Ол сенім мемлекеті. Барлық саяси қарым- қатынастар бір адамның сеніміне құрылады. Ол сенбеген адам қабілеті мен өз мамандығы саласында жеткен жетістіктеріне қарамастан, белгілі саланың басшылығына қойылмайды. Сенім мемлекеті дегенде әділ, өз ісіне адал адамға сену болса, бір адамның шексіз билігін терістегеніңізбен, шүкірлік етуге де болар еді. Өкінішке қарай, сенім мен күмән қазір парақорлық пен әділеттіліктің теке -тіресіне қарап туатын болды. Жүйедегі кісі ұялатын дүниелерді айтқан адамдар күдік тудырады да, жемқорлық режимнің ішінде еркін жүзіп жүргендер қолпашқа, көтермеге ілігеді. Осы құбылыс қазір ұлттық уайымға айналды.
Қазіргі ұлттық уайымның нақты пункттерін де көрсетуге болады.
Әуелгі жанға бататын уайым -мемлекетте заң беделінің болмауы. Сенім мемлекетінде құқықтық ережелер бюрократияға тиімді болса ғана сақталады, көп жағдайда сақталмайды. Мұндай жүйеде салалық өкілеттіліктер де бұзыла береді. Сенімді адам екенін дәлелдеп отыру үшін билеушінің бұйрықтары шенеунікке заңнан, қандай да бір құқықтық ережелерден жоғары тұрады. Бұл режимде бірінші басшының өзі де ешқандай заңға, Конституцияға тәуелді болмайды. Бізде ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов БАҚ туралы заң жобасын жасап ұсынады. Ал бұқаралық ақпарат құралдарының еркін қызметін ұйымдастыруы тиіс ақпарат министрі (бұл министрліктің болуының өзі БАҚ құқықтарына қайшы) Ермұхамет Ертісбаев Нұр Отан партиясын жан-жақты насихаттайды. Керек болса, Қазақстанда барлық мәселеге араласып, дегенін істетуге құзырлы президенттің жеке шаруаларын басқарушы деген лауазым бар.

Қазақстан азаматтарының үстіне шенеуніктер диктатурасы орнап болды. Қарапайым азаматтың өтініш-арызын шенеунік заңнан бөлек, өз білуінше қарайды. Біреуге көзқарасы жақсы (туысы, тамыры) болуы мүмкін. Өкілеттілігін асыра қолданып, оның мәселесін шешіп берсе, біреуге келгенде заңды міндеттерін орындамауы, тіпті қарсы әрекет жасауы мүмкін. Қазақстан шенеунігі осыншама арсыздыққа қалай жетті? Қазіргі саяси дәстүрде қай мекеменің болсын бірінші басшысы өзіне адал адамдарды жинайды. Ол қызметкер парақор режимге қарсылығы жоқ, көнбіс адам екенін көрсеткен соң, қоғамнан да, Құдайдан да қорықпайтын қазақстандық шенеунікке айналады. Лауазымды жеке басының қызығына әбден пайдаланады. Мекеме оның меншігіне көшеді. Орнын жоғарғы жақтан жанын жалдап сатып алған шенеунік, халыққа мекеме көрсетуі тиіс заңды қызметтерді сатып, сауда жасайды.

Осындай бастан-аяқ бюрократиялық режим авантюралық капиталмен (заңсыз жекешелендірумен) байыған А.Машкевич, П.Шодиев, А.Ибрагимов, В.Ким, Н.Балғымбаев, М.Стил сияқты шикізат олигархтарын дүниеге әкелді. Бюрократия волюнтаризмі жағдайында авантюралық капитал өсе береді. Бірақ еуропалық типтегі технологиялы, тауарлы өндірістің, баянды бизнестің құқықтық жүйесі жасалмайды. Мызғымас құқықтық кепілдіктердің болмауы, бюрократияның бассыздықтары мемлекет экономикасын жартылай жабық қалыптан шығармайды. Қазірдің өзінде М.Әбіләзов, Б.Өтемұратов, Б.Әбілов сияқты алып немесе орташа кәсіпкерлер ( ірі капиталды бұлардың қалай тапқаны бөлек әңгіме) өзінің қаржысын шетелге шығарып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару аппаратының бюрократиялық себептері
БЮРОКРАТИЯ ЖӘНЕ БЮРОКРАТИЗМ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АРА ҚАТЫНАСЫ
Бюрократия: шығу тегі және болмысы
Бюрократия- әлеуметтік құбылыс ретінде
Әлеуметтану жайлы жалпы түсінік
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы социология
Тиімді саяси шешімдер қабылдау
Мемлекеттің тетіктері (аппараты)
САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ КӨШБАСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
Әлемдік социологияның дамуындагы классикалык, кезең. ХХғасырдағы батыс социолһгия мектептерінің негізгі бағыттары: эмпирикшіык, және теориялык, социология
Пәндер