Акционерлік қоғамның қызметін талдау



Жоспар:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Акционерлік қоғамның пайда болуы, орналасу жері ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Акционерлік қоғамды құру мен ұйымдастыру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Жарғылық капитал мен бағалы қағаздардың қалыптасу ... ... ... ... ... ... ... .9

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1. Қазақстанда акционерлік қоғамның құрылуы. Қоғамды басқару ... ... ... .13
2.2. Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... .18

3. ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ ... ..25
3.1. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарының негізгі
Мәселелері және шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.30
КІРІСПЕ

«Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемесі бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады» (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-бабы). Заңды тұлғаның түрлерінен мен акционерлік қоғамдарды жеке дара ажыратқым келеді.
Алғашқы акционерлік қоғамдар сонау XVI ғасырда, капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Некен-саяқ құбылыстар ретінде олар монополизмге дейінгі капитализм дәуірінде тарады. Бірақ олардың жаппай құрылуы XIX ғасырдың соңғы үштен бірінде, ерекше көп капитал жұмсау керек болған, ал капиталдың айналымы баяу болған салаларда (ауыр өнеркәсіп, темір жолдар құрылысы және тағы сондай сияқты ) басталды. Бұл салаларда бірде-бір капиталист тіпті қаражатты қарызға алып та меншікті кәсіпорын ұйымдастыра алмайтын. Оны тек акционерлік негізде ғана құруға болатын еді. Сөйтіп акционерлік қоғамдар жеке капиталдардың шоғырлануының аса маңызды формасы болды.
XX ғасырда акционерлік қоғамдар (корпорациялар ) дамыған капиталистік елдердің экономикасында үстем жағдайға ие болды. Мысалы, 1983 жылы АҚШ-та ұсақ шеберханалар мен дүкендерден бастап алып компанияларға дейін 15 миллионнан астам кәсіпорын болды. Олардың арасында 3 миллиондай, яғни 20 пайызындай акционерлік қоғамдар (корпорациялар) болды. Елдің барлық кәсіпорындарының жалпы кірісінің 90 пайызынан астамы олардың үлесіне келді. Осының өзінде акционерлік қоғамдардың өз арасында сараланушылық көп: олардың 16 пайызының ғана әрқайсысының 1 миллион доллардан астам жалпы кірісі болды. Бұл миллионер-корпорацияларға барлық акционерлік қоғамдардың жалпы кірісінің 92 пайызына тең келді. Монополистік капитализмге өту кезінде шаруашылық жүргізудің басым формасы акционерлік қоғамдар (немесе корпорациялар) болып отыр. Сол уақытта акционерлік қоғам болып, капиталы акциялар шығару көптеген жеке капиталдар мен жекелей қаражаттарды біріктіру негізінде құралатын кәсіпорындар танылса, қазіргі кезде де акционерлік қоғамға тән анықтама өзгерген жоқ.
Акционерлік қоғамдардың қызметі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. Осы заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылуы, қызметі, қайта құру, ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін, оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерімен реттеледі. Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі әдебеттер:
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумде қабылданды
2 Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күші бар жарлығы
3 Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы» заң күші бар жарлығы
4 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы - Егемен Қазақстан-1998,21 шілде
5 «Акционерлік қоғамдар туралы заң» - Заң газеті-2002, 27 ақпан, №9
6 «Акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ( 1998 жыл 10 шілде ) // Заң газеті 1998,19 тамыз
7 Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) - Алматы: Юрист, 2004-309б.

Қосымшы әдебиеттер:
1 «Акционерлік қоғам еңбеккер тұрмысын жақсартады» // Сарыарқа Самалы, 1992 жыл 29 қараша
2 Абжанов Р.К. «Каким быть закону об акционерных обществах в Республике Казахстан» // Юрист - 2002, №9
3 Алибаев С.П. «Кому не угодили акционеры ?» ( о законопроекте об акционерных обществах ) Казахстанская правда-2002, 19 марта стр3
4 Е. Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» : Оқулық / Алматы : Жеті Жарғы, 2001.-624 бет
5 Вопросы управления акционерным обществом // Правовая реформа в Казахстане, 2001.-№4-5.-стр 74-80
6 Государство в роли акционера // Предприниматель и право-2001.-№3 (февр.).-стр 10-11
7 Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы»:Оқу құралы.-Алматы: Экономика.-1999, 16-18бет
8 Предпринимательство в Республике Казахстан «Правовое регулирование» Книга 2.- Алматы: «Борки», 1999.-1
9 Рысдаулет М. «Акционерлік қоғамдардың үлес салмағы артпай отыр» (Егемен Қазақстан-1999 жыл, 7 шілде )
10 Саяси экономия. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.- Алматы: Қазақстан,1990.- 181 бет
11 Сулейменова У. «Акционерлік қоғамдардың мәселелері» // «Сарыарқа Самалы» газеті-2004, 14 шілде 16-бет
12 Тұрашбеков Д. «Акционерлік қоғамды басқару құзыретінің мәселелері» // Заң газеті-2002, №3 66-69 беттер
13 Төлеуғалиев Ғ Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс. I-том.- Алматы: «Жеті Жарғы», 2001.-376 бет
14 Шакиров Ф. «Акционерлік қоғам және оны басқару құзыретінің мәселелері» // Заң газеті-2001,14 қараша 5-бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ МӘНІ ЖӘНЕ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Акционерлік қоғамның пайда болуы, орналасу
жері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Акционерлік қоғамды құру мен ұйымдастыру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Жарғылық капитал мен бағалы қағаздардың
қалыптасу ... ... ... ... ... ... .. ...9

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... 13
2.1. Қазақстанда акционерлік қоғамның құрылуы. Қоғамды басқару ... ... ... .13
2.2. Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен
кемшіліктері ... ... ... ... .18

3. ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ ... ..25
3.1. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарының негізгі
Мәселелері және шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .29-30

КІРІСПЕ

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемесі бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым
заңды тұлға деп танылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-
бабы). Заңды тұлғаның түрлерінен мен акционерлік қоғамдарды жеке дара
ажыратқым келеді.
Алғашқы акционерлік қоғамдар сонау XVI ғасырда, капиталдың алғашқы
қорлануы кезеңінде пайда болды. Некен-саяқ құбылыстар ретінде олар
монополизмге дейінгі капитализм дәуірінде тарады. Бірақ олардың жаппай
құрылуы XIX ғасырдың соңғы үштен бірінде, ерекше көп капитал жұмсау керек
болған, ал капиталдың айналымы баяу болған салаларда (ауыр өнеркәсіп, темір
жолдар құрылысы және тағы сондай сияқты ) басталды. Бұл салаларда бірде-бір
капиталист тіпті қаражатты қарызға алып та меншікті кәсіпорын ұйымдастыра
алмайтын. Оны тек акционерлік негізде ғана құруға болатын еді. Сөйтіп
акционерлік қоғамдар жеке капиталдардың шоғырлануының аса маңызды формасы
болды.
XX ғасырда акционерлік қоғамдар (корпорациялар ) дамыған капиталистік
елдердің экономикасында үстем жағдайға ие болды. Мысалы, 1983 жылы АҚШ-та
ұсақ шеберханалар мен дүкендерден бастап алып компанияларға дейін 15
миллионнан астам кәсіпорын болды. Олардың арасында 3 миллиондай, яғни 20
пайызындай акционерлік қоғамдар (корпорациялар) болды. Елдің барлық
кәсіпорындарының жалпы кірісінің 90 пайызынан астамы олардың үлесіне келді.
Осының өзінде акционерлік қоғамдардың өз арасында сараланушылық көп:
олардың 16 пайызының ғана әрқайсысының 1 миллион доллардан астам жалпы
кірісі болды. Бұл миллионер-корпорацияларға барлық акционерлік қоғамдардың
жалпы кірісінің 92 пайызына тең келді. Монополистік капитализмге өту
кезінде шаруашылық жүргізудің басым формасы акционерлік қоғамдар (немесе
корпорациялар) болып отыр. Сол уақытта акционерлік қоғам болып, капиталы
акциялар шығару көптеген жеке капиталдар мен жекелей қаражаттарды біріктіру
негізінде құралатын кәсіпорындар танылса, қазіргі кезде де акционерлік
қоғамға тән анықтама өзгерген жоқ.
Акционерлік қоғамдардың қызметі Акционерлік қоғамдар туралы
Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. Осы заң акционерлік қоғамның
құқықтық жағдайын, құрылуы, қызметі, қайта құру, ұйымдастырылу және
таратылу тәртібін, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ
олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік
қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін, оның
лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін
белгілейді. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық
кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерімен
реттеледі. Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көзделген ерекшеліктер ескертіле отырып қолданылады. Егер Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы заңнан өзгеше ережелер
белгіленсе, халықаралық ережелер қолданылады.
Әрине, акционерлік қоғамның қызметі мен алға қарай дамуы оны
басқаратын акционерлер қызметіне байланысты. Акционерлік қоғамды
басқарғанда акционерлердің қандай артықшылықтары бар екеніне тоқталсақ,
келесі мәліметтерді келтіруге болады.
Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңының 14-бабында
акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтары көрсетілген. Атап айтқанда:
1) Дивиденттер алу
2) Акционерлік қоғамның қызметі жайлы кез келген ақпарат алу
3) Тіркеушіден немесе нақты ұстаушыдан өзінің бағалы қағаздарға меншік
құқығын растайтын көшірмелер алу
4) Акционерлердің жалпы жиналысына, директорлар кеңесіне сайлау үшін
кандидатуралар ұсыну
5) Акционерлік қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тәртібімен
дау көтеру
6) Қоғам таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алу
7) Акционерлік қоғамның жарғысында көрсетілген өзге де құқықтар

1. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1. Акционерлік қоғамның пайда болуы, орналасу жері

Акционерлік қоғам – заңды тұлға. Акционерлік қоғам деп өзінің
қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын
заңды тұлғаны айтады. Акционерлік қоғам өз қатысушыларының мүлкінен
оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемесі бойынша өз мүлкі шегінде жауапты
болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді,
сонымен қатар өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне
байланысты зияндарға тәуекел етеді. Заңды тұлға негізіндегі акционерлік
қоғам заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз
органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер
қабылдайды. Бұған қоса, акционерлік қоғамның тағайындалу немесе сайлану
тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында
белгіленеді.Тағы да оның басты белгілеріне, сотта талапкер және жауапкер
болуын жатқызамыз. Экономикасы дамыған, капиталистік елдерде қабылданған
терминология бойынша олар корпорациялар деп те аталады.
Акционерлік қоғам заңды тұлғалардың ішінде коммерциялық ұйым бола
тұрып, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздеп,
мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын
қатысушыларына үлестірмейді.
Акционерлік қоғамның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және
өз атауы жазылған мөрі болады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы
қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша
зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен
жағдайларда ортақтасып жауап береді. Егер акционерлік қоғам өзінің жаңа
акциялар немесе акцияларға айналатын (конверсияланатын) басқа да бағалы
қағаздар шығаратын ниеті туралы хабарлағанда, акционерлердің артықшылықты
сатып алу құқығы ескеріледі, яғни оларға қолындағы акцияларға сәйкес бірдей
жағдай ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган акционерлерге артықшылықты сатып
алу құқығын пайдалану жөніндегі ұсыныс беру тәртібін белгілеуге құқылы.
Заңдарда көзделген жағдайларға орай, акционерлік қоғамда табысы тек қана
қоғамды дамытуға жұмсалатын коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның белгілері:
1) Оқшау мүлкінің болуы;
2) Мүлкіне өз міндеттемесі бойынша дербес жауапкершілігі болуы;
3) Өз атынан азаматтық құқықтарға ие болуы;
4) Сотта талапкер және жауапкер ретінде жауап қатысу мүмкіндігі;
Акционерлік қоғамның оқшау мүлкі дегеніміз, шаруашылық
қатынастарына дербес түсуі үшін ұйымның тек қана басқа ұйымдардың ғана
емес, сондай-ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі болуы керек дегенді
білдіреді. Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті - бұл ұйымды өз
атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және
жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі, бұл акционерлік қоғамды құқық
субьектісі деп мойындауының салдары болып табылады. Акционерлік қоғам
ұйымдық біртұтас болу керек. Ұйымдық біртұтас болу ұжымдық құрылымның
біртұтас құрылым ретіндегі қызметін қамтамасыз етеді.
Аталған белгі қоғамның мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын,
құзыретін, қызмет тәртібін анықтаудан көрінеді. Акционерлік қоғамның
азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мойнына алуы мүмкін.Оның
азаматтық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында
тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті
азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін. Заң актілерінде көзделген жағдайларда
белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы акционерлік қоғам үшін басқа
қызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе шектелуі мүмкін. Акционерлік
қоғам тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен
лицензия негізінде ғана айналыса алады. Құқық қабілеттілігіне келетін
болсақ, құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату
аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын
қызмет саласында акционерлік қоғамның құқық қабілеттілігі сондай
лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның
қолдану мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен
жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.
Акционерлік қоғамның атауы, орналасу жері. Акционерлік қоғамның
азаматтық айналымға дербес шығуы үшін ол жекеленуі, яғни басқа біртектес
заңды тұлғадан ерекшеленуі тиіс. Оған ең алдымен оның атауымен қол
жеткізуге болады. Себебі әрбір акционерлік қоғамның оны басқа заңды
тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Қоғамның атауы оның
қалай аталатынын және ұйымдық құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол
заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Құрылтай шартында
қоғамның атауы белгіленеді. Акционерлік қоғамның атауында заң талаптарына
немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттарды, егер жеке
адамдардың есімдері қатысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не
қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса,
олардың есімдерін пайдалануға жол берілмейді. Мұнда келесі бір есепті мысал
ретінде келтіру орынды. Қазақстан Республикасының азаматшасы Аділбаева С.
өзіне атасынан мұрагерлікпен өткен Манғыстау-газ акционерлік қоғамының
атауын өзгертпекші болады. Акционерлік қоғамға өзінің сүйікті әртісі С-тің
атын бермекші болады. Егер бұл мысалға құқықтық талдау жасасақ, әрине бұл
заңға қайшы әрекет. Себебі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 38-
бабының бірінші тармағына сәйкес, заңды тұлғаның атауында жеке адамдардың,
соның ішінде атақты адамдардың есімдерін, олардың келісімінсіз пайдалануға
жол берілмейді делінген.
Акционерлік қоғамның тұрған жері (оның тұрақты жұмыс орны ) оның
құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетіледі
(Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 38-бабы). Акционерлік қоғамның
тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады.
Үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста қоғам өзінің нақты мекен-жайының
бірыңғай мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайға сәйкес келмейтініне
сілтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға
мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты жайына да почталық
және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы.Қоғамның тұрған жерінде банк
мекемесінде оның есеп шоты ашылады және тұрған жерін белгілеу жауапкер
болатын сот істерінің қай ведоствоға қарайтындығын анықтау үшін маңызды.
Акционерлік қоғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң құжаттарында
көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы. Ал
заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық
нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

1.2. Акционерлік қоғамды құру мен ұйымдастыру тәртібі

Акционерлік қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды
тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып табылады. Акционерлік қоғамның
құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік
тіркеуден өткенге дейін туындаған мәліметтер бойынша бірлесіп жауап береді.
Егер шығыстарды төлеу жөнінде мәселе туса, мұндай шығыстарды қоғам өз
құрылтайшыларына кейіннен осындай шығыстарды акционерлік қоғамның
құрылтайшыларының жиналысы немесе акционерлердің жалпы жиналысы мақұлдаған
жағдайда ғана өтейді.
Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімімен
құрылады.Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда акционерлік қоғам құру туралы
шешімді осы тұлға жеке - дара қабылдайды. Қазақстан Республикасының
Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары
немесе акционерлері бола алмайды. Мемлекеттік кәсіпорын акционерлік
қоғамның құрылтайшысы болуға және осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен
мемлекеттік басқару органдарының міндетін жүзеге асыратын мемлекеттік
органының келісімімен ғана оның акцияларын сатып алуға құқылы.. Акционерлік
қоғамдар туралы заңға және басқа да заң актілеріне сәйкес, акционерлік
қоғамды қайта құру арқылы құрылуы мүмкін. Бірінші құрылтай жиналысында
құрылтайшылар :
- қоғамда құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі
бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
- құрылтай шартын жасайды;
- құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшерін белгілейді;
- жарияланған акциялардың, сондай-ақ құрылтайшылар төлеуге тиісті
акциялар санын белгілейді;
- шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы
шешім қабылдайды;
- қоғамның тіркеушісін таңдайды;
- мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға
уәкілетті адамдарды сайлайды;
- акционерлік қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге
енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын
адамдарды анықтайды;
- акционерлік қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-
шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның
мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;
- акционерлік қоғамның жарғысын бекітеді;
Акционерлік қоғам акционерлерінің бірінші құрылтай жиналысында әрбір
құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе,
екінші және одан кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір
дауысы болады. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының ) шешімдері
қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы ) қол қоюға тиісті
хаттамамен ресімделеді.
Акционерлік қоғамның көптеген құрылу жолдары бар. Олар – жұмыс істеп
тұрған заңды тұлғаны акционерлік қоғам түрінде қайта құру , олардың
бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Акционерлік
қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын
бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның ұсынысы
бойынша белгілі-бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының
асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі.
Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып,
барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес
берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады.
Бірігуге қатысқан әрбір қоғамның барлық өзгерген деректері жаңа қоғамның
акционеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс. Қосылатын қоғамның
мүліктерін, құқықтары мен міндеттерін тиісті өткізу актісіне сәйкес басқа
қоғамға өткізу мен оның қызметінің тоқтатылуы қоғамның қосылуы деп
танылады. Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын, кейіннен жаңадан
құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастаумен осы қоғамның барлық
мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның
барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен оның қызметін
тоқтатуды жүзеге асыру қоғамды бөлу болып танылады. Мұнда бөлінетін
қоғамның құқықтары мен міндеттері бөлініс балансына сәйкес жаңадан пайда
болған қоғамдарға өтеді. Қоғамнан бөліну нәтижесінде пайда болған қоғамдар
қайта ұйымдастырылған қоғамның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте
болады. Қызметін тоқтатпастан қайта ұйымдастырылған қоғамның мүліктерінің,
құқықтарының және міндеттерінің бір бөлігін өткізумен бір немесе бірнеше
қоғамды құру қоғамның бөлініп шығуы деп аталады. Егер қоғамның барлық
құқықтары мен міндеттері жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе
өндірістік кооперативке акт бойынша өтсе ол қоғамды қайта құру деп
танылады.

1.3 Жарғылық капитал мен бағалы қағаздардың қалыптасу

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 88-бабына сәйкес
акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының мөлшері және оны қалыптастыру
тәртібі, сондай-ақ оны ұлғайту мен азайту тәртібі Қазақстан Республикасының
актілерімен айқындалады. Жарғылық акционерлік капитал – нақты компанияның
акцияның әрбір түрінен шығаруға мүмкіндігі бар ең көп саны. Акционерлік
қоғамдар туралы заңының 11-бабына сәйкес, акционерлік қоғамдардың жарғылық
капиталы акцияларды олардың орналастырылу бағасы бойынша сату арқылы
қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері
қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшерінен кем болмауға және
құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген кезге
қарай толық төлеуге тиіс. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе,
акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері екі жүз мың
айлық есептік көрсеткіш болады.
Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы
құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.Бағалы
қағаздар иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше
куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат
деп атайды. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға эмитенттер түсіреді.
Эмитент ролінде акционерлік қоғамдар, жеке кәсіпорындар, мемлекет,
республикалық және жергілікті басқару органдары бола алады. Бағалы
қағаздарға акция, облигация, вексельдер, опциондар, акционерлік қоғамдардың
чектері, фьючерстер, депозиттік сертификаттар жатады.
Акция - үлесті немесе меншікті куәләндыратын бағалы қағаз, яғни акция
қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына ( категорияларына)
қарай акционердің дивиденттер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам
таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын
куәләндырады. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің
бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Акционерлік қоғам қанша уақыт
істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде
акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған
компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер
оны тек екінші нарықта сатуына болады. Акцияны шығару мына жағдайда болады:

- меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның
жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
- бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
- жарғылық капиталды қосымша молайтқанда;
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген, шығарылған акциялардың бастапқы
жиынтық құны. Ол, өз кезегінде айналымдағы капитал (жай және артықшылықты
акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып
бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын
ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы
қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз
міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ
бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса,
онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар.
Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін
нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады.
Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады. Акция бірнеше
түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі
бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан,
корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты
акция деп те екіге бөлінеді. Акционерлік қоғам тек өзінің жарғысында
бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуге тиіс
акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы
жазылған акция иесі ғана акционер деп есептелінеді.
Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында
тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны
ғана көрсетіледі.
Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар
акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және
бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің
қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап
отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда,
әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған
акцияны қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген мұндай акцияларды екінші
нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға
айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір
жағдайда қолбайлау туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолы да
әртүрлі:
1) Cату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан
сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір толтырылған сертификат
алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы
қойылған индоссамент деген белгі қойылады.Содан соң акционерлердің
тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі.Бұдан кейін
ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады. Ұсынушыға
арналған акцияны сатқанда оларды бір иемденуші тікелей, яғни қолма-қол
екіншіге береді. 2) Акцияның осы екі түрінің жаңа данасын ( тиражын )
иемденушілер құқын белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция
иесі корпорациядан хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға мұндай
механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны ( талоны
) болады. Соны толтырғаннан кейін ғана корпорацияға жіберіп, өзінің меншік
құқын іске асырады. 3) Ұсынушы акцияның номиналы өте жоғары болмайды, бірақ
ол көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әртүрлі мөлшерде
бола береді.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты
акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның
тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы, жиналыстарда
дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация
жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің
бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге
асырылады. Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Мұнымен бірге жай
акция дивидент алуға кепілдік бермейді. Себебі дивидент корпорацияның
шаруашылық нәтижесіне байланысты. Дивидент корпорацияның таза пайдасының
бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивидент төлеу пайданың салық төлегеннен
қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивиденттің мөлшеріне күшті
өзрерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.
Облигациялар деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни ақша
сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны (мүддені) төлеуді міндеттенген
жазбаша қарыз құжатын айтады. Түсінікті болу үшін, эмитент дегеніміз
компанияның бағалы қағаздарды шығаруын және оларды алғашқы инвесторларға
сатуын ұйымдастыратын, яғни эмиссияны шығаратын компания. Ол корпорацияның
активіне қарсы қойылады. Алайда, бір айта кететіні, облигация арқылы
тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару –
қосымша капитал тартудың бір нысаны.
Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды
орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады. Облигация да акция сияқты
корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы
қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өзгешеліктердің
маңыздылары мыналар:
Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал
облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі. Өз кезегінде, акционер
корпорацияны меншіктенушінің бірі. Акция сол меншіктенудің куәлігі
тәрізді.
Облигация иемденушісіне сыйақы (мүдде) төленеді. Оның мөлшері бекітілген
және нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір
анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы
(мүдде) басқа өтелетін дивиденттен бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны
(мүддені) уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең.
Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқығы жоқ. Ол
акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруға да қатыспайды.
Бірақ керісінше, акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда
шешуші дауыс құқығы бар. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі:
номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз
етілуі, рейтингі.
Вексельдің айналмалылығы, яғни иемденуші оны басқа адамдарға беруіне
болады.
Бағалы қағаздардың өте көп басқа түрлері болады. Оларды әр түрлі
эмитентер шығарады. Корпорацияның жарғысына қарсы келмесе, онда оның
екінші қатардағы немесе айналымдағы бағалы қағаздарға қосымша тағы да
бағалы қағаздар шығаруға капитал табуға мүмкіндігі бар. Оларды құқықты
бағалы қағаздар деп те атайды. Оларға жазылу құқын, опцион, варрант деген
сөздер айқындайды. Сонымен қатар, депозиттік сертификат, қазыналық
вексельдер жатады.
Қазіргі уақытта ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңында бағалы
қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық
есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің
саны 500-ден кем болмайтын акционерлік қоғам халықтық акционерлік қоғам
болып табылады делінген. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы
қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.

2. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстанда акционерлік қоғамның құрылуы. Қоғамды
басқару

. Акционерлік қоғамның органдары

жоғары басқарушы атқарушы

Жоғары орган - акционерлерінің жалпы жиналысы ( барлық дауыс беруші
акцияларды бір акционерге тиесілі қоғамда - осы акционер)
Басқарушы органы - директорлар кеңесі;
Атқарушы орган - алқалы орган немесе атауын қоғамның жарғысы
белгілейтін, қоғамның атқарушы органының қызметін жеке-дара жүзеге асыратын
тұлға;
Акционерлік қоғамның органдары: жалпы жиналысы, директорлар кеңесі,
алқалы орган немесе басқарма, тексеру коммисиясы ( алқалы немесе жеке- дара
тексеруші) болып саналады.Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы жылдық және
кезектен тыс жиналыстар болып табылады.Қоғамның ең жоғары органы - оның
акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып табылады. Ол қаржы жылы
аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Есепті кезеңдегі қоғам
қызметінің аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға
дейін ұзартылған болып есептеледі.Жыл сайынғы жалпы жиналысында қоғамның
өткен қаржы жылының таза табысын бөлу, бір жай акцияға шаққандағы дивидент
мөлшері сияқты мәселелер жауабын табады. Қоғам акционерлерінің жылдық
жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің жылдық
жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыреті заң актілерімен
белгіленеді. Айрықша құзыретіне қарасты кейбір мәселелерді айтсақ, олар:
қоғамның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе оның жаңа
редакциясын бекіту, акциялардың санын өзгерту; қоғамның үлгісін өзгерту мен
оны ерікті түрде қайта құру және тарату; қоғамның жарғылық капиталының
мөлшерін өзгерту; оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша
дивиденттер мөлшерін бекіту; қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның
облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі
сияқты көптеген басқа жайттар. Барлық акциялары жалғыз акционерге тиесілі
қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған
мәселелерді шешуді акционерлік қоғамның өзге органдарына беруге болмайды.
Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған кезде
жиынтығында қоғамның дауыс беретін акциялардының елу және одан да көп
процентіе иеленген акционерлер тіркелсе, онда жалпы жиналыс шешім
қабылдауға хақылы болып саналады және қоғамның жарғысымен акционерлердің
жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді
жазбаша шешімдерін түрде ресімдеуге құқығы бар.
Акционерлік қоғамда директорлар кеңесі құрылады. Ол қоғамның
қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және қоғамның басқару органы
табылады. Жоғарыда атап кеткендей сияқты бұл директорлар кеңесінің
айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерін акционерлік қоғамның атқарушы
органының шешуіне беруге болмайды.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген жағдайларда, бір
акционері бар акционерлік қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесін
құрмай-ақ, акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Оның
міндеттеріне қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау, акционерлердің
жылдық және керек жағдайларда кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы
шешім қабылдау, олардың күн тәртібін бекіту, қоғам шығарған акцияларды,
облигациялар мен өзге де бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау,
таза табысты, резервтік апитал мен қоғамның өзге де қорларының қаражатын
пайдалану тәртібін айқындау және сол сияқты көптеген қоғамның жылдық
жиналыстары аралығында шешілетін мәселелер жатады.
Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке
дара ( директор, бас директор, президент ) болуы мүмкін. Ағымдағы қызметке
басшылық жасауды, жалпы жиналыс шешімдерін жүзеге асыру - осы органның
құзырында. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басқаруды жүзеге
асырып, директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді.
Алқалы атқарушы органды директорлар кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген
санда және мерзімге сайлайды. Бұл орган акционерлік қоғамның атынан іс-
қимыл жасайды, оның мүддесін қорғайды, штатты шығарып, қоғамның барлық
қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді. Акционерлік
қоғамның атқарушы органының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге
асыратын мүшелік орган – тексеру комиссиясы.Ол кемінде үш мүше құрамында
құрылып, бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы кез-келген уақытта
өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы жиналысының, қоғамның директорлар
кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 пайызынан астамын
иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органының
қызметіне тексеріс жүргізеді.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 92-
бабының 6-тармағына сәйкес, қоғамда өзге де органдар құрылуы мүмкін.
Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда акционерлердің жалпы жиналысында
құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы
жиналыстың кворумын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді
және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке
өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге
міндетті. Акционердің өзі жиналысқа қатынаспай оның өкілі қатысса, онда ол
заңдарға сәйкес ресімделген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайды.
Дауыс беру қоғамның бір акциясы – бір дауыс принципі бойынша жүзеге
асырылады. Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар
ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік
беретін акциялардың саны. Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді
айқындауына құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның
шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік ара қатынасы. Іс ра
қатынасы. Іс лердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және
одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.
Бұрын уәкілетті мемлекеттік реттеу органының мемлекеттік қызметшісі
болған және өзінің қызметтік міндеттері бойынша акционерлік қоғам қызметіне
мемлекет тарапынан қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай
өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, барлық дауыс беруші
акциялары мемлекетке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы
акционерлік қоғамның органына сайлана алмайды.
Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім несие берушілердің
келісімдері бойынша және олардың бақылауымен акционерлердің жалпы
жиналысында қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындаған
тарату комиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде ең алдымен оның
несие берушілердің талаптары қанағаттандырылады. Несие берушілермен есеп
айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның қалған мүлкі акционерлердің
арасында төмендегідей кезекпен бөлінеді:
Бірінші кезекте өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер беріледі;
Екінші кезекте артықшылықты акциялар бойынша есептелген, бірақ
төленбеген дивиденттер төлеу жүзеге асырылады;
Үшінші кезекте артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі
акциялардың атаулы құнын өтеу жүргізіледі;
Қалған мүлік барлық акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың
атаулы құнына бара-бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір кезектің мүліктерін
бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Акционерлік қоғам акционерлер жиналысының шешімі бойынша қайта құрылуы
немесе таратылуы мүмкін. Акционерлік қоғамды қайта құрудың және таратудың
өзге негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен
және өзге де заң құжаттарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексінің 93-бабының екінші тармағына сәйкес, акционерлік қоғам шаруашылық
серіктестігі немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуға құқылы. Оның
мүлкін меншіктенуші немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі
бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген
заңды тұлға органының шешімі бойынша, акционерлік қоғам кез келген негіз
бойынша таратылуы мүмкін.
Соттың шешімі бойынша акционерлік қоғам:
Банкрот болған;
Акционерлік қоғамды құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта
бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
Қоғамның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;
Тиісті рұқсат алынбаған ( лицензиясыз ) қызметті, не заң құжаттарына тыйым
салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе
өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда, соның ішінде заңда белгіленген
табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы
туралы ( жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы ) декларация
немесе оңайтылған декларация табыс етпеген, акционерлік қоғамның
кредиторлары, оның орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша
болмаған, сондай-ақ бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын
құрылтайшылар және лауазымды адамдар болмаған;
Заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның мүлкін меншіктенуші немесе қоғамды тарату
туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге
асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздарды айқындаудың әр түрлі тәсілдері
бар: бағалы қағаздардың осы ұғымға кіретін тізбелері әр түрлі; бағалы
қағаздар көрсететін экономикалық қатынастардың мазмұнына қойылатын тәсілдер
әр түрлі.
Бағалы қағаздар заемының осы құжатты шығарған тұлғаға қатысты
құқықтары мен қатынастарын куәландыратын ақша құжаттары; оқшауланған
құжаттар немесе шоттардағы жазбалар нысанында болуы мүмкін. Бағалы қағаздар
олардың иелеріне пайыз (облигациялар) немесе дивиденд (акциялар) түрінде
кіріс әкеледі. Олардың бүкіл тобы әдетте үш түрге бөлінеді. Бұлар акциялар,
облигациялар және олардан туындаған бағалы қағаздар.
Акциялар – акционерлік қоғамдар шығаратын және иесінің (ұстаушысының)
осы қоғамның капиталындағы үлесін көрсететін бағалы қағаздар және типіне
байланысты акционерлердің жалпы жиналысында дауыс құқығын (жай атаулы) бере
алады. Мемлекеттік органдар бағалы қағаздардың бұл түрін шығармайды, оларды
тек өнеркәсіп, сауда және қаржы корпорациялары ғана шығарады. Инвестициялық
мақсаттарына байланысты акционерлік іс тәжірибесі акциялардың көптеген
түрлерін әзірлеп шығарды.
Облигациялар – заемшының белгілі бір мерзім өткеннен кейін кредиторға
белгілі бір соманы төлеуге және белгіленген немесе өзгермелі пайыз түрінде
кіріс төлеуге кепілдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғамның қаржылық жағдайы
Акционерлік қоғамның қаржысы
Меншіктің акционерлік формасының негіздері
Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жетілдіру
Меншіктің акционерлік формасының қалыптасуы мен қызметтері
Қаржы мамандығы бойынша практика есебі
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Акционерлік қоғамдардың қалыптасу көздері
Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері
Акционерлік қоғамның жалпы түсінігі және оның экономикалық мәні
Пәндер