Қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 . Қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі және оның қасиеттері . . . 9
1. 1 Қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі және оның тәрбиедегі орны . . . 9
1. 2 Құқықтық қатынастардың алғы шарттары . . . 15
1. 3 Қазақстан Республикасындағы құқықтық қатынастар және оны құқықтық реттеу . . . 21
Қорытынды . . . 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 48
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құқықтық қатынастардың теориясын зерттеуді бітіру үшін, оның пайда болуына жағдайлар жасайтын айғақтарды еске түсіруіміз қажет. Ол үшін бұрынғы, талданған ережелерді біріктіріп, қимылдардың пайда болуы және іске асырылу тұрғысынан қарап, қайта талдағанымыз жөн, сонда ғана, құқықтық қатынастардың мазмұнын оның әлеуметтік-құқықтық бағытын дәл және тереңірек білуге мүмкіндік болады.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынастардың алатын орны ерекше және ең маңызды тақырыптардың бірі болып саналады. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың бір ғана бөлігі. Қоғамдық қатынастардың құрамына саяси, топтық, экономикалық, діни, әдет-ғұрыптық, этикалық, құлықтылық, некелік сияқты көптеген қатынастар енеді. Немістің ірі ойшылы Гегель қоғамдық қатынастар хақында былай деп жазды: «Бар нәрселердің бәрі қатынастардан тұрады және бұл қатынастар барлығының бар болуының, күнелтуінің ақиқаты». Қатынастар материя формаларының дамуынан пайда болады, сол дамудан, қозғалыстар туындайды.
Негізінде қоғамдық қатынастардың құрамына саяси таптық, экономикалық, Діни, әдет-ғұрыптық, этникалық, құлықтылық, некелік сияқты көптеген қатынастар енеді.
Негізінде қоғамдық қатынастар екі түрге бөлінеді:
1. Өндірістік қатынастар - қоғамда материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау және бөлу процесінде адамдардың санасы мен еркінен тыс пайда болатын олардың арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы.
2. Идеологиялық қатынастар - халықты, ұлтты, таптарды ілім немесе теория негізінде топтастырудан туындайтын қатынастардың жиынтығы. Құқықтық қатынастар қоғамның идеологиялық қатынастардын, құрамына енеді, оның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде танылады. Құқықтық қатынастардың қоғамдық қатынастардың бөлігі болып саналатын басқа қатынастардан айырмашылығы бар. Бұл қатынастар құқық нормаларымен реттеледі, -құқық нормалар негізінде пайда болады.
Осы дипломдық жұмыста қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі және оның қасиеттері, қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі және оның тәрбиедегі орны, Қазақстан Республикасындағы құқықтық қатынастар және оны құқықтық реттеу, құқықтық қатынас ұғымы және оның ерекше сипаты, құқықтық қатынастың түсінігі және оның негізгі белгілері, құқықтық қатынастардың құрамдары: субъектілер және объектілер, құқықтық қатынас, субъективті заңдылық құқығы және міндеттер, заңды айғақтар түсінігі, түрлері және мазмұны сияқты өзекті мәселелері қарастырылады.
Осы мәселелер дипломдық жұмыста өз көрінісін табады. Дипломдық жұмыстың мақсаты: тақырыптың бірлігі болып табылатын қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі және оның қасиеттері, қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі және оның тәрбиедегі орны, Қазақстан Республикасындағы құқықтық қатынастар және оны құқықтық реттеу, құқықтық қатынас ұғымы және оның ерекше сипаты, құқықтық қатынастың түсінігі және оның негізгі белгілері, құқықтық қатынастардың құрамдары: субъектілер және объектілер, құқықтық қатынас, субъективті заңдылық құқығы және міндеттер, заңды айғақтар түсінігі, түрлері және мазмұны ұғымдарын, мәнін және олардың қоғамға тигізетін әлеуметтік және саяси әсерлері мен ықпалдарын анықтау мен талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеті: 1) құқықтық қатынастың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері, құрылымы, мазмұны және мәні; 2) Қазақстан Республикасындағы құқықтық қатынас және оны құқықтық реттеу ерекшелігі мен даму бағыттары; 3) құқықтық қатынас элементтерінің қасиеттерін қалыптастыру негізін қарастыру.
Құқықтық қатынас - қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.
Құқық нормасы құқықтық реттеудің статикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.
Құқықтық қатынас нағыз қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде тығыз байланыстағы құқықтар мен субъектілердің міндеттерінен түрады. Субъективтік құқық және заңды міндеттер - құқықтық қатынастардың жүйелі элементтері, олар нақты қоғамдық қатынастарға ерекше сапа береді. Құқықтық реттеу, субъектілерді арнайы қоғамдық қызметтер аясына қосады. Қоғамдық қатынастар мүшелерінің әрқайсысының еркіндік өлшемі, оның мүдделерінің қанағаттану деңгейі, құқық нормаларының алдын ала белгілеуден анықталады. Заңды құқықтар мен міндеттер-құқықтық қатынастың тең элементтері, бірақ олардың мазмұндары әр түрлі болады. Олардың байланысынсыз өркениеттегі құқықтық нысананы ұдайы дамыту мүмкін болмас еді. Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т. б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сөйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл іс қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Сонымен құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т. б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады.
1 . Қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі және оның қасиеттері
1. 1 Қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі және оның тәрбиедегі орны
Елбасшымыз Н. Ә. Назарбаев тәрбие мәселесіне келгенде, болашақ ұрпақтарымыздың діни рухта, инабаттылық пен имандылық жолда тәрбиелеп, ұлттық тәрбиемізді қасиетті Құранға негіздеу қажеттілігін айтып жүргені әмбеге аян. Әрине, бұл сөздердің мәні тереңде жатыр. Дін мен тіл бір-бірінен ажырамайтын нәрсе. Егер дін мен тілден ажыраса әлемдік жүйеден сол халық өшіп, жоғалады. Сондықтан, оған жол бермеу үшін рухани тәрбиені күшейте түсу қажет.
Ежелден-ақ қазақ халқы тәлім-тәрбиеге ерекше мән берген. Оны біз көп ғасырлар бойы жинақталған тәрбие нәтижесінен көре аламыз. Халықтық тәрбие болмаған жерде зиялы қоғам болуы екі талай. Әр халықтың өзіне тән этникалық өзгешіліктері мен ұлттық қасиеттері одан көрініс табады. Әрине, бұл халыктық тәрбие ұрпақтан-ұрпаққа беріле отырып, халықтың тарихы және әлеуметгік тәжірибесінің жемісінің жиынтығы. Әрі әдет-ғұрып заңдарымен қорғалып отырады.
Тәрбие адам баласына шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап беріледі. Ол отбасынан бастау алып, бүкіл қогамдық міндетке айналады. Мінез-құлық, білім адам бойында тәрбиеге байланысты қалыптасады. Тәрбиені әл-Фараби бабамыз екі түрлі төсілмен адам бойына дарытуға болатынын, біріншісі сендіру өдісі жөне екіншісі күштеу әдісі екенін айтқан болатын. Мұның алғашқы әдісі ең қолайлысы. Ол әдіс арқылы адамды еркімен, иландырумен адам сезіміне әсер ете отырып, нақыл, мақал, ақыл сөздермен беру. Осы жолмен адам бойына ізгі қасиеттерді құюға болады. Ал, ересек адамдардын мінез-құлқы өзгеруі тым қиын. Бірақ, қоғамдық талқы, күштеу, заң қолдану арқылы жаман іс-әрекеттерге шек қоюға болады.
Жай халықтың ісі, көңіл, құлқыда, сай келеді білік, ақыл, құлқына -деген көне жырымыз тәрбие шеңбері терең екендігін, адамныц тәрбиесі мінез-құлык, ұят-ар, ақыл-білім іспетті құндылықтардан тұратынын көрсетеді.
Қазақ халқы тәлім-тәрбиесін табиғатпен ұштастыра отырып, қол өнер, киім-кешек, үй-жиһаздардан бастап, жүріс-тұрыс, сөз бен іс, мінез-құлық, әдептілік қағида-ережелерінде айшықтап көрсетуге тырысты. Мақал-мәтел, әңгіме-ертегі, аңыздар мен жырлар тәрбие құралын атқарады. «Суы мол жер өлмес, ізгілікті ел елмес» дегендей, көргені мен түйгені көп халық өз ата-мекенін, табиғатын, адам мен адам арақатынасын, адам мен қоғам ара қатынасын әділдікпен шешуге тырысады. Қазақтар «табиғат-адам-қоғам» ұғымын бөле-жара қарастырмай, үнемі бірге қарастырып, өнегелік құндылықтар идеясына тірек еткен. Біздің ата-бабаларымыздың қоғамы жайлы: «Түркілер көрікті, өндері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендері құрметтей білетін кішіпейіл, уәделеріне берік тұратын мәрт жөне осы сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар» деп М. Қашғари жазады[1, 49] .
Көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтың шығуы мен қалыптасуы тәлім-тәрбиесімен тікелей байланысты тұрғыда дамыды. Қазақ қоғамы адам, қоғам жөне олардың арасындағы байланысты табиғатпен ұштастыра қарады. Оларды бөліп-жарып қараған жоқ. Бұлардың мазмұны мен мәні әлеуметтік қатынастар жүйесімен әрі оның негізін құрайтын экономикалық мүдделермен анықталады Дегенмен, адам, қоғам және табиғат саналы сипатта әрі мемлекет (қоғам) мүддесімен қаралды. Бірақ, қоғамды реттеп отыратын зянмен қағидалар адамды билеу, күш қолдану тұрғыдан қарағанда адамгершілік қасиеттерді басты кезде тұтып отырды. Сондықтан да, кез келген адам қоғамньң белсенді мүшесіне айналды. Заң мен мемлекеттік саясатка белсенді қатысып, оның бірқалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдесті. Бұл, әрине, жоғары тәртіптіліктің арқасы еді.
Сондықтан, тәлім-тәрбие, әдет-ғұрып мәселелерін зерттеу барысында біз мәдени-рухани жағына ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені, қоғам мүшелері қағида-ережелерді қолдап-қуаттап, өз еріктерімен бұлжытпай орындайды Сол себепті, қазақ қоғамы үшін түрме, полиция секілділер қажет етілмеген. Мұны жақсы түсіну үшін мәдени-рухани, құқықтық қағида-ережелердің мәні, қабілеті және мақсатты аясын терең зерделеу керек.
«Көшпелі қоғамның құқықтық мәдениетін сипаттаған кезде өзіндік әлеуметтік, экономикалық және саяси институттары бар біртұтас өлеуметгік-тарихи жене әлеуметтік-мәдени құрылым ретіндегі өркениет ұғымын негізге алу қажет. Дәстүрлі қазақ қоғамының құқықтық мәдениеті өзінің адамгершілігімен, сабақтастығымен және даму үстінде болатындығымен ерекшеленеді»деп, белгілі заңгер, заң ғылымдарының докторы А Ибраева. көрсеткендей, зерттеу жұмыстарын жүргізуде зерттеушілер бұл ерекшелікті есте есінен шығармағаны мақұл.
Тәлім-тәрбие, құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде бірден әрі тұтастай пайда болмағаны ақиқат. Өз қалыптасуында бұл қағида-ережелер шағын әрі ықшам мәселелерді шешуге арналған. Яғни, рулық аяда пайда болып дамыған әрі ру аралық қатынастар дамуы нәтижесінде аясын кеңіте түскен. Бұл жолында философиялық, тарихи, діни көзқарастардың да әсері өте күшті болған. Көшпелілердің сана-сезімі өзге отырыкшы халықтарға қарағанда өзіндік сипаттарға толы ерекшеліктерге ие. Кең дала, тыныштық пен бір ырғақты өмір, өзгелермен жиі араласпау адам аралық қатынастарын табиғат заңдылығына ұқсатуға тырысты. Табиғат қозғалысына мән беріп, іс-әрекеттерін сол тәртіппен реттеді, заңға айналдырды. Мысалы, жаңа ай туғанда жаңа ісін бастады, жорыққа, шабуылға шьқты, т. б.
Сана-сезім өрісі табиғатты, әлемді жаратушы барлығына апарып тіреді. Бұл тәңірілік ұғым еді. Ол ұлғая, кемелдене келе, адам жаны өлмейтіні, арғы дүние барлығы, мәңгілік дүние, аруақ, адамдық қасиеттерге ұласты[2, 104] .
Өмір сүру - адамдық қасиеттердің ең жақсыларын сақтап, заңдастыру, онымен қоғамдық қатынастарды реттеу, бұл мәдени-рухани мұраларды ұрпақтары бойына сіңіру деп санады. Әрине, ата-бабаларымыздың дүниетанымы іріленіп, әлемдік діндерге жете алғаны жоқ. Бірақ оның ішкі астарына үңілсек, көп құндылықтар сомдалғанын көреміз. Олар азаттық, еркіндік, бостандық, әділдік, теңдік, имандылық ұғымдары еді. Бұл түсініктер өмір сүрудің ең қажетті өзектері болып, бірте-бірте адамгершіліктің, тәлім-тәрбиенің негіздерін құрады.
Әсіресе, ата-бабаларымыз азаттық, еркіндік, бостандық ұғымдарын өте терең сезінді. Ол жайлы көптеген зерттеушілер қалам тербеп, кең далада өмір сүру нәтижесінде еркіндік, теңдік, бостандық ұғымдарын терең түсінгенін жазады. Шындығында да көшпелі өмір еркіндіктің тірегі, бостандықтың кепілі бола біледі. Көшпелі өмір сан ғасырлар бойғы тұрмыс-тіршілік болғандықтан, одан айрылу еркіндіктен айрылу, өзгеге тәуелді болу деп түсіндіріледі. Тіпті көшпелі өмір осы тұрғыдан қарағанда олар үшін отырыкшы өмірден әлдеқайда артық болып саналады.
Көшпелі өмір өз ішіндегі қатынас тәртіптілігіне ерекше мән берді. Оның бастысы ретінде тәлім-тәрбие тұрды. Тәлім-тәрбие жемісі болғанда ғана бейбіт өмір, тыныштық орайтынын терең түсінді. Бұл деген сөз ел ішінің тыныштығы, ағайын татулығы, ел жарастығы, бірлігі, ынтымағы, адамдардың тату-тәттілігі тәлім-тәрбиеден бастау алады дегенге саяды. Тәртіпсіздік, алаңсыздық адамды еркінен, азаттығынан айырып, құлдық пен күңдікке душар етерін көре білді. Сондықтан бұл жолында оны жүзеге асыру үшін қоғамдағы барлық механизмдер қолданысқа түсті. Бұл механизмдердің басты талабы «Әділет тілесең, атаңның болсын айыбын айт» деген қағиданы талап етті.
Адамзатқа дем алу үшін ауа қандай қажет болса, тәлім-тәрбие де қоғам болып өмір сүруде сондай қажет болғандықтан, халықтық дәстурлер пайда бола бастады. Қоғам ішіндегі зиялылары өзінін қоғамдық жөне әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, тәлім-тәрбие жайлы қағида-ережелерін ұрпақтарына мұра етіп берді, сол арқылы қоғамның материалдық жөне рухани мәдениеті қалыптасты.
Бұл рухани-мәдени, тәлім-тәрбиелік өмірін анықтаушы нәрселер күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі еңбектен, табиғаттан, дарындылықтан, адамдық жақсы қасиеттерден туындады. Әрі осылар тәрбиенің шынайы қасиеттерін жарқыратып жинақтады. Сол үшін тәлім-тәрбиенін шынайы қасиеттерін жарқыратып көрсетті. Сол үшін тәлім-тәрбие өмірдін басты заңдылығына айналып, оны бүкіл қоғам мүшелері қолдады, «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» еңбектенді. Нәтижеде қоғамның экономикалық өмірі мен рухани мәдениеті шарықтап өсті. Қазақ қоғамына көшпелі тұрмыспен күнелту басқа күнкөрістен анағұрлым қолайлы болды. Қоғамдық сананың дамуына табиғат пен күнкөріс игі әсер етіп, қозғаушы күшке айналды.
Табиғат сананың жетілуіне үлкен әсер етті. Адам табиғатпен үндесуге, табиғат заңдылығын үйренуге ұмтылды. Бұл ақыл-ойдың дамуына, денсаулықтың мықты болуына, ұлттық мінез-құлықтың қалыптасуына әкеліп соқты. Осыдан келіп, бірте-бірте тәрбиенің мақсаты айқындалып, бұл тәрбие негізінен жалпыға ортақтық, бұқаралық, тұрақтылық дәстүрлерге ұласты. Дәстүрлер қоғам өмірінің объективті жағдайларын белгілеп, мәнді элементтерін бекітті, олардың сабақтастығын қамтамасыз етті. Сондықтан да, ұзақ мезгіл бойы әдет-ғұрып, салт дәстүрлер күрт өзгеріске түспей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып отырды. Дәстүрлердің өміршеңдігі жаңа тарихи жағдайларда ұнамды болғандықтан сақталды. Тәлім-тәрбиенің қоғамдық тұрмыстың барлық салаларында терең орын алғандығы сонша, қоғам оны тұтас жиынтық есебінде қарастырып, тұтас күйінде жүзеге асырды. Халық шығармашылықты тұтас бұл жиынтықтың идеалын үнемі қамқорлыққа алды. Сондықтан, материалдык мұра да, рухани-мәдени мұра да осы камқорлықтан келіп шығып, өркендеді.
Қоғам ішіндегі қызмет ететін механизмдер: өлең, жыр, ертегі, мысал, макал, мәтел, жұмбақ, үлгі сөздер тәрбиенің құралына айналды. Бұлар табигат пен коғам жайлы жақсы қырларымен қаруландырды, тарихымен, маңызды оқиғалармен санасын оятып, мағлұматтар берді. Мереке, той, ас, көпшілік жиындарда бұлар жоғарғы адамгершілік идеаларды насихаттады, ел бірлігін, ынтымакты жырлады. Сөйтіп, тәрбиенің колдану шеңбері кеңейіп, отбасы тәжірибесінен бүкіл қоғам үшін өнеге аларлық кағидаға айналды. Бұл қағида әуелі балалар тәрбиесіне ерекше мән беріп, жеке бала тәрбиесі көптік, коғамдық тәрбиеге ойысты. ¥л мен қыз балалардың тәлім-тәрбиесі жетіле түсті. Одан қоғам ұтылғаны жоқ. Әкеге қарап ұл, шешеге қарап қызы өсті. Халықтык тәрбиенің қажеттілігі айқын көрініп, ол мәдениеттің биіктеуін тездетті. С. Сейфуллин: «Біздің ауылда барлық жерде әнді де, ертегіні де естуге болатын. Кештер, ойындар, сауықтар, айтыс жиі ұйымдастырылатын. Бала жастан осы әндер, айтыстар, ошақ қасында естіген осы ертегілер мен аңыздар менің санамда қалып қойды» деп, жас кездегі тәлім-тәрбиелік маңызды шаралардын санада сақталатынын ескертеді.
Қазақ қоғамының тәлім-тәрбиесі баланың жасынан бастап үздіксіз сабақтастыра отырып, баланын мінез-құлқын, ақыл-парасатын, жүріс-тұрысын шындап отырды. Тәлім-тәрбие қазақ этносын ән айтуға, жанынан өлең шығаруға, шешен сөйлеуге тәрбиеледі. Шешендік сөздің мәйегі заң, нақыл, философиялық ой, тұспалы меңзеулерден құралады. Шешен сөйлеушінің сөз түжырымы аталы сөз. Шешендік сөздін өнбойы толы гуманизм, сезімталдық, кепті ойлау, тәлім-тәрбие, бірізділік. Шешендік сөз әрдайым қоғамның мақсат-мүддесіне лайықталынып айтылады.
Осы кезге дейін сан ғасырлық тарихы бар, тәлім-тәрбиелік мәні терең, әлеуметтік-қоғамдық маңызы зор, мемлекет тағдырына өлшеусіз қатысы бар шешендік өнеріміз тек көркем сөз ретінде ғана қаралып келді. Шешендік өнер мемлекеттің гүлденіп өсуіне, мәңгілік тұғырына көтерілуіне, адами қатынастардың көркемделуіне игі әсер етері талассыз. Шешендік өнер тіл мен жағына сүйену емес, философиялык идеяларды, әділеттілікті, тәлім-тәрбиелікті өз ішіне кіріктіреді. Сөйтіп, шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшкыр қиялдан, тер төгу мен «ой тербелісінен туады»[3, 67] .
Сондықтан да шешендік өнер тарихы адамзат мәдениеті тарихының негізгі бір бөлімін кұрайды. Шешен адам адамзат пен ғаламзат дүниесінің белгісіз сырларын қырағы байқап, тереңнен толғап, санқылдаған сұлу, мәнерлі үнімен, парасатты да мағыналы толғамдарымен, түйдек-түйдек ойларымен, сөз ырғағын нақышына келтіре отырып беті-жүзі қимыл-қозғалыстарын үйлестіре отырып, көреген касиеттерімен естушілерді өзіне үйіріп алып, қүлақ күрышын қандырып, айтар сөзін жетесіне жеткізіп, рухың мен жаныңды дүр сілкіндіріп тазартады. Кешегі Майқы би де, Төле би де, Қазыбек би де, Әйтеке би де, т. б. дәл осы сипаттарымен көзге түскен.
Шешендік сөз халықтың өз рухани өмірінен бастау алып, сол халықтың өзіне ғана қызмет жасаған. Оларды ынтамақты болып, тату-тәтті тұруға шақырған. Мысалы, «Өркенім өссін десең, кекшіл болма - кесепаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма -өскеніңді өшірерсің» деп Қаз дауысты Қазыбек жырлаған. Бұл тіл, сөз еркіндігіне жол ашты. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, сөз еркіндіктің есігін айқара ашты. Қоғамдық пікірдің жаршысына айналды. Қанатты, шешен сөздер көптің көкейінен орын алып, елге тез тарады. Сөз құдіреті артып, онын өн бойынап дүниені сезінуі, қабылдауы, бағалауы айқын көрінді. Бұл көшпелі қоғамның жеткен ен биік шыны еді. Рас, ежелгі дәуірлерде осындай шешендік өнер көне грек елінде де дамығанымен, оны ұрпақтары сабақтастырын алып кете алған жок. Ал, бізде бұл өнер ұштастырыла отырып, қайта дамытыла түсті. Аталы сөздер жиынтығы көбейіп, ол өмірдің кез келген тұстарында, тіпті заңдарында да үстемдік етті. Билер соты бүл сипатты барынша қолданған. Олар сөйлеу мәдениетіне мән беріп, сөздерін нақыл, тақпақ, мақал үлгісінде құраған. Сөйтіп билер шешен сөйлесуі арқасында шығарған шешімдерін сұлуландыра түскен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz