Қатты магнитті дискіге жинақтауыш



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қатты диск шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қатты дискінің көлемі, жылдамдығы мен ену уақыты ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Қатты дискінің жұмыс жасау принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.4 Қатты диск құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.5 Қатты диск интерфейтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.6 Қатты дискті қондыру мен өшіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
КІРІСПЕ

«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеулерге арналған құрылғы. Мәліметтер өңдеуді, оның ішінде есептеулерді, автоматтандыруға қажеттілік өте ертеде пайда болған. Мыңдаған жылдар бұрын есеп-қисап үшін таяқшалар мен ұсақ тастар және т.б. пайдаланылған. 1500 жылдан бұрынырақ санауды жеңілдету үшін есеп шот пайдалана бастады.
XIX-ғасырдың бірінші жартысында ағылшын математигі Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш құрылғы – адамның қатысуынсыз есептеулерді орындауға тиісті Аналитикалық машинаны құрастыруға талпыныс жасады. Ол үшін ол енгізілген перфокартаның (тесіктердің көмегімен жазылған ақпараты бар тығыз қағаздан жасалған карталар, ол кезде олар тоқыма станоктарында кеңінен пайдаланылған) көмегімен бағдарламаны орындай білуі және мәліметтер мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған «қоймасы» ( қазіргі терминологияда – жад) бар болуы тиіс еді.
Бэббидж аналитикалық машинаны жасау бойынша жұмысты ақырына дейін жеткізе алмады – ол сол кездің техникасы үшін өте күрделі болды. Алайда ол барлық негізгі идеяларды әзірледі, 1943-жылы Бэббидж жұмысының көмегімен америкалық Говард Эйкен XX-ғасырдың техникасы негізінде — электромеханикалық реле — IBM фирмасы кәсіпорнының бірінде «Mapĸ-l» деп аталатын осындай машинаны құрастыра алды. Одан бұрынырақ Бэббидж идеясын неміс инженері Конрадом Цузе қайта ашып, 1941-жылы осынған ұқсас машинаны құрастырды. [2, 45]
Осы уақытта есептеулерді (соның ішінде әскери мұқтаждық – баллистика, криптография және т.б.) автоматтандыру қажеттілігі соншалықты ғаламат болды, Эйкен мен Цузе құрастырған типті машиналарды жасауға бір мезгілде бірнеше зерттеушілер тобы жұмыс істеді. 1943-жылдан бастап АҚШ-та Джон Мочли мен Преспер Экерттің жетекшілігімен мамандар тобы, реле емес, электрондық шамдардың негізінде ұқсас машинаны құрастыруды бастады. ENIAC деп аталған олардың машинасы Марк-1-ге қарағанда мың есе жылдам жұмыс істеді, алайда оның бағдарламасын беруге бірнеше сағат немесе өткізгіштерін жалғастыруға тіпті бірнеше күн қажет болды. 1945-жылы жұмысқа осы машина туралы баяндама дайындаған атақты математик Джон фон Нейман тартылды. Баяндама көптеген ғалымдарға жіберілді де кеңінен мәлім болды, өйткені онда фон Нейман әмбебап есептеуіш құрылғылардың, яғни компьютерлердің жұмыс істеуінің жалпы қағидаларын айқын және қарапайым тұжырымдады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Геннадий Баранов «Дисковые накопители информации», «Компьютеры Днепропетровска», №19 (1999).
2. Михаил Батыгов, Олег Денисов «Накопители на жестких магнитных дисках с интерфейсом IDE».
3. Сергей Симонов «Семь тысяч двести», «Компьютерра», №32 (1998).
4. Сергей Леонов «Винчестер будущего», «Компьютерра», №17 (1998).
5. Владислав Бирюков «Прибавь обороты», «Компьютерра», №5 (1999).
6. Михаил Жилин «Как я искал «тапочки для тараканов»», «Компьютерра», №6 (1999).
7. Аладьев В. З. Компьютерная хрестоматия. Справочное руководство. Москва.: Российская энциклопедия.2003.
8. Ушаков Н. Н. Технология элементов вычислительных машин. М.: Высшая школа. 2001.
9. Фигурнов В. Э. IBM PC для пользователя. М.: ИНФРА-М. 2002.
10. Леонтьев В.П. ПК: универсальный справочник пользователя Москва 2000.
11. Архитектура ПК, комплектующие, мультимедиа. - Рудометов Е., Рудометов В. – Питер, 2000.

КІРІСПЕ

Компьютер сөзі есептеуіш дегенді білдіреді, яғни есептеулерге арналған құрылғы. Мәліметтер өңдеуді, оның ішінде есептеулерді, автоматтандыруға қажеттілік өте ертеде пайда болған. Мыңдаған жылдар бұрын есеп-қисап үшін таяқшалар мен ұсақ тастар және т.б. пайдаланылған. 1500 жылдан бұрынырақ санауды жеңілдету үшін есеп шот пайдалана бастады.
XIX-ғасырдың бірінші жартысында ағылшын математигі Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш құрылғы - адамның қатысуынсыз есептеулерді орындауға тиісті Аналитикалық машинаны құрастыруға талпыныс жасады. Ол үшін ол енгізілген перфокартаның (тесіктердің көмегімен жазылған ақпараты бар тығыз қағаздан жасалған карталар, ол кезде олар тоқыма станоктарында кеңінен пайдаланылған) көмегімен бағдарламаны орындай білуі және мәліметтер мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған қоймасы ( қазіргі терминологияда - жад) бар болуы тиіс еді.
Бэббидж аналитикалық машинаны жасау бойынша жұмысты ақырына дейін жеткізе алмады - ол сол кездің техникасы үшін өте күрделі болды. Алайда ол барлық негізгі идеяларды әзірледі, 1943-жылы Бэббидж жұмысының көмегімен америкалық Говард Эйкен XX-ғасырдың техникасы негізінде -- электромеханикалық реле -- IBM фирмасы кәсіпорнының бірінде Mapĸ-l деп аталатын осындай машинаны құрастыра алды. Одан бұрынырақ Бэббидж идеясын неміс инженері Конрадом Цузе қайта ашып, 1941-жылы осынған ұқсас машинаны құрастырды. [2, 45]
Осы уақытта есептеулерді (соның ішінде әскери мұқтаждық - баллистика, криптография және т.б.) автоматтандыру қажеттілігі соншалықты ғаламат болды, Эйкен мен Цузе құрастырған типті машиналарды жасауға бір мезгілде бірнеше зерттеушілер тобы жұмыс істеді. 1943-жылдан бастап АҚШ-та Джон Мочли мен Преспер Экерттің жетекшілігімен мамандар тобы, реле емес, электрондық шамдардың негізінде ұқсас машинаны құрастыруды бастады. ENIAC деп аталған олардың машинасы Марк-1-ге қарағанда мың есе жылдам жұмыс істеді, алайда оның бағдарламасын беруге бірнеше сағат немесе өткізгіштерін жалғастыруға тіпті бірнеше күн қажет болды. 1945-жылы жұмысқа осы машина туралы баяндама дайындаған атақты математик Джон фон Нейман тартылды. Баяндама көптеген ғалымдарға жіберілді де кеңінен мәлім болды, өйткені онда фон Нейман әмбебап есептеуіш құрылғылардың, яғни компьютерлердің жұмыс істеуінің жалпы қағидаларын айқын және қарапайым тұжырымдады.

2.1 Қатты диск шығу тарихы

Бірінші қатты диск 1956 жылы IBM фирмасымен ұсынылды. Ол RAMAC деп аталды, көлемі 5 Мегабайт және 5024 дюймдік пластикалардан тұрды. Атауы мен негізгі жұмыс принципісіз бұл құрылғы қазіргі қатты дискілерге мүлде ұқсамайды. Ол кезде типті винчестер атауы да болмады. Бұл термин сол IBM фирмасы 3340 моделін ұсынғаннан бастап тек 1973 жылы пайда болды. Бұл 60 Мегабайттық және төрт 14 дюймдік пластинкадан тұратын қатты диск болды. Бұрынғы кезде жинақтауыштың өлшеміоларды жобалау мен ндіруде маңызды факторларына жатпады, себебі негізгі басымдылық көлемі мен жылдамдығында болды. Бертін келе қатты дискінің өлшемін кішірейту мәеле туындады. Міне содан Винчестердің пайда болуынан 6 жылдан кейін 1979 жылы IBM 3310 моделін - 8 дюймдік пластинкалы бірінші қатты дискісін шығарды. Бұл форм-фактор 10 жыл бойына стандартты де-фактор боылп келген 14 дюймнің орнын басты. Осы оқиғадан кейін (1980 жылы) Seagate 5,25 дюймдік (5 Мегабайт, 4 пластинка) ST-506 қатты дискісін ұсынды. Бұл жетістік сол кездегі дербес компьютерде қолдануға өте ыңайлы болды. Берілген форм-фактор әйгілі болды және дербес компьютерлерде көптеген жылдар бойын қолданылды. Тіпті 1984 жылы өлшемі 3,5" пайда болғанда да 5,25" лшемдісі қатты диск нарықта үлкен сұранысқа ие болды.
Қатты дискінің бірінші 3,5" моделін кішігірім шотландық Rodimeplc фирмасы ұсынған болатын. Бұл модель RO352 деп аталды. Оның көлемі 10 Мегабайт және екі 3,5" пластинкасы болды. Осы диск шығуымен бірден Rodime фирмасы өзінің өнімі ретінде осы форм-факторды патенттеп алды.
Rodime фирмасымен қатар 3,5" қатты диск өндіруменколифорниялық EvkinCorpфирмасының негізін салушы ДервудКинси (DerwoodKinsey) айналыса бастады. Бірақ бұл фирма қаржы жағынан қиындық көріп, оның ешбір қатты дискісі жарыққа шықпады. [1, 21]
Бұл форм-фактор бастапқыда портативті дербес компьютерлерде қолданылмады, бірақ уақыт өте келе қолданушылар арасында үлкен қолдауға ие болды.
Maxtor DiamondMax 10, 200GB
Hitachi Deskstar 7K250, 160GB
Аздап cd-rom'е туралы
Музыкалық оптикалық компакт-дискттер бізг 1982 жылы келді - осы кездері IBM фирмасының бірінші дербес компьютерлері пайда болды. Бұл құрылғы электронды өндірістің екі үлкен жапониялық Sonyмен голландиялық Philips фирмаларының бірігуімен пайда болды.
Компакт-дискілер (CD-ROM) басында дыбыс ойнату ғана пайдаланылды. Өзінің кішігірім өлшеміне, сенімілігі мен ұзақ қолданылуына байланысты сыртқы жады ретінде кең қолданылуда.

2.2 Қатты дискінің көлемі, жылдамдығы мен ену уақыты

Өндірушілердің негізгі тапсырмасы дискте сақталатын ақпарат көлемін үлкейту мен осы ақпаратпен жұмыс жасау жылдамдығын арттыру болып табылады. Диск көлемін қалай үлкейтуге болады? Ең анық шешім қатты дисктің корпусында пластиналар санын көбейту керек. Осындай әдіспен әдетте бір модельдік қатарға жататын модель анықталады. Бұл әдіс ең жеңілі және бір элементтік базада әртүрлі көлемді дискілерді алуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдісте шектеулер бар: дисктер саны шексіз бола алмайды. Моторға қысым азаяды, температура нашарлайды және дискінің шу мінездемесі, осының барлығы пластина санына байланысты, ал бұл сенімділікті қамтамасыз ете алмайды. Диск өндірушілер арасында ең көп пластинка SCSI дискісінде SeagateBarracuda 180 - бұл винчестерде 12 пластинка бар. Дисктің құрылымын жеңілдету аймағында рекордауысулар бар- бұл, мысалы, Maxtor 513DX пен 541DX, бұларда бір жағы қолданылатын бір ғана диск бар.
Технологиялық жағынан көлемді үлкейтудің қиын әдісіне ақпаратты жазу тығыздығын үлкейтуді жатқызуға болады. Бұл жерде біртұтас технологиялық мәселе туындайды. Қазіргі заманғы пластиналар алюминиден немесе әйнектен жасалады (IBM кейбір модельдері). Магнитті жамылғының көп қабатты қиын құрылғы және бетіне қорғаныш қабаты жабылады. Магнитті жабу бетінің көлемі кішірейіп, ал олардың сезгіштігі азаяды. Өзінің пластиналарының параметрлерін жақсартаумен қатар ақпаратты санау жүйесі де дамуда. Бастиек пен пластина арасындағы саңылауды кішірейту және бастиектің сезімталдығын арттыру керек. Бірақ мұнда да физика заңдалықтары өзінің шектеулерін қояды. Магнитті бөліктер үнемі кішірейе бермейді.
Оқу жылдамдығын арттырудың ең қарапайым тәсілі - пластинаның айналу жылдамдығын арттыру болып табылады. Сондықтан осы жолмен конструкторлар айналыса бастады. Егер пластиналар үлкен жылдамдықпен айналса, онда оқу бастиегімен бірнеше ақпарат өтеді. Оқу жылдамдығының үлкеюіне ақпаратты жазу тығыздығы да әсер етеді. Дәл осы себепті SCSI дисктері ереже бойынша айналудың үлкен жылдамдығына ие. Алайда мұндай жылдамдықта оқу бастиегін позициялау қиындайды, сондықтан онда кейбір IDE дискілеріне қарағанда ақпаратты жазу тығызды аздау.
Бастиек ақпаратты жазуда тек дискіде көлденең орын ауыстыратындықтан ол диск айналғанын және сұратынлған мәлімет секторға келгенше күтеді. Бұл уақыт тек дискінің айналуна тәуелді болады да ақпаратты күту уақыты (latency) дер аталады. Бірақ ақпаратқа енудің толық уақыты дискіде керекті жолды іздеу мен осы жол ішінде позициялау уақытымен анықталады. Дискінің айналу жылдамдығының арттуы тек соңғы мәнмен анықталады. Керекті жолды іздеу уақыт азайту үшін бастиектің оқу сымы мен диск платинкасының диаметрін кішірейту керек. Қазіргі заманғы барлық дерлік винчестерлер пластинкасының диаметрі 2,5 дюйм болып шығарылуда.
Бастиекті позициялау өз алдына жеке қиын мәселе. Қазіргі заманғы ақпарат жазу тығыздығында тіпті жылулық ұлғаюды есепке алуды талап етеді. Осылайша дискінің жылдамдығын арттыру бастиекті позициялауда қиындықтар туғызады. Дискінің әрекеттілігін арттыру үшін кейде жазу тығыздығы аз пластинканы пайдаланып, көлемін азайту керек болады. [3, 89]
Сонымен қандай диск таңдаған дұрыс? Бірдей көлемді модельдерде басқа дискісі көп модельдермен салыстырғанда жазу тығыздығы үлкені қолдау табады. Ақпаратқа ену уақыты тікелей пластинканың айналу жылдамдығына байланысты. Бірақ жылдамдықты көбейту құрылғының қымбаттауына алып келеді, ал кейде тіпті жазу тығыздығымен де қош айтысады.
Қазіргі компьютерлердің жадысының иерархиясы бірнеше деңгейлерге құрылады, соның ішінде ең жоғары деңгей төменгі деңгейге қарағанда көлемі бойынша аз, жылдам және байтпен есептегенде үлкен құнға ие болады. Иерархия деңгейлері өзара байланысты: бір деңгейдегі барлық мәліметтер неғұрлым төмендеңгейде де табылуы мүкін және осы неғұрлым төменгі деңгейдегі барлық мәліметтер келесі төмен жатқан деңгейден табылуы мүмкін және сөйтіп біз негізгі иерархияға жетпейінше жалғаса береді. Жады иерархиясы көбіне көптеген деңгейлерден құралады, бірақ уақыттың әр сәтінде біз тек жақын жатқан екі деңгеймен жұмыс жасаймыз. Екі деңгейлі иерархияда болатын, не болмайтын ақпараттың ең кіші бірлігі блок деп аталады. Блок өлшемі белгіленген, не айнымалы болады. Егер бұл өлшем белгіленген болса, онда жады көлемі блок өлшеміне қысқарады. Соғұрлым жоғары деңгейге сәтті немесе сәтсіз жүгіну сәйкесінше тию (hit) немесе мүлт кету (miss) деп аталады. Тию - бұл неғұрлым жоғары деңгейде табылған жадыдағы объектіге жүгіну, ал сол кездегі мүлт кету бұл сол деңгейде оның табылмағанын білдіреді. Тию үлесі (hitrate) немесе тию коэффициенті (hitratio) неғұрлым жоғары деңгейде табылған жүгіну үлесі болып табылады. Кейде ол пайызбен беріледі. Мүлт кетудің үлесі (missrate) неғұрлым жоғары деңгейде табылмаған жүгінудің үлесі болып табылады.
Өнімділікті көтеру жады иерархиясының пайда болуының ең басты себебі болғандықтан тию мен мүлт кету жиілігі маңызды сипат болып табылады. Тию кезіндегі жүгіну уақыты (hittime) өзінде, дербес жағдайда, жүгіну тию ме әлде мүлт кету ме екенін анықтауға кететін уақытты құрайтын иерархияның неғұрлым жоғары деңгейіне жүгіну уақыты болып табылады. Мүлт кетудегі жоғалтулар (misspenalty) неғұрлым жоғары деңгейдегі блокты неғұрлым төмен деңгейдегі блокпен ауыстыруға арналған уақыт пен осы блокты қажет ететін құрылғыға (көбіне процессорға) тасымалдауға арналған уақыт болып табылады. Мүлт кетулердегі жоғалтылар әрмен қарай екі компоненттен құралады: кіру уақыты (accesstime) - мүлт кету кезінде блоктың бірінші сөзіне жүгіну уақыты және жіберу уақыты (transfertime) - блоктың қалған сөздерін жіберуге арналған қосымша уақыт.
Магнитті дискілер иілгіш және қатты болып бөлінеді. Иілгіш магнитті дискілер бір компьютерден екінші компьютерлерге информацияларды тасымалдауға арналған. Диаметрі 5,25 дюим магниттік дискілер қазіргі уақытта 41Мб-дан 1,2 Мб - қа дейін информация сақтай алады. Мұндай дискілердің айналу жылдамдығы 300-360 айнмин. Диаметрі 3,5 дюим магниттік дискінің көлемі 1,44 Мб.
Қатты магниттік дискі немесе винчестер, компьютермен жұмыс істегенде пайдаланатын информацияларды үнемі сақтауға арналған. Оларға операциялық жүйе программалары, жиі пайдаланатын программалар пакеті, әртүрлі редакторлар жатады. Қазіргі винчестерлердің айналу жылдамдығы 3600-ден 7200-ге дейін айнмин. Бұл беті жұқа металл пленкамен жабылған (мысалы, кобальт ) әйнек диск. Информацияның сиымдылығы 800 Мб-9 Гб. Кез-келген диск алғашында жұмысқа дайын болмайды. Оны жұмысқа дайындау үшін форматтау қажет.
Информация жинақтауыштар - кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі - оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ сақтау уақытүшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтаушы рөлін магниттік дикілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар - стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД - накопитель на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД - накопитель на гибких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД - накопитель на жестких магнитных дисках).
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы IBM PC-де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Мб, 80386SX,DX және 80486SX (SX- бір процессорлы, DX- екі прцессорлы) - 300Мб-қа шейін, 80486DX - 500 - 600Мб, ал Pentuim - 1-40Гб-қа шейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады.
Қатқыл дискорнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дистеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштарбір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек.
Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.
Иілгіш диск (дискета) - табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады. [4, 14]
Дискеттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар - ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.
IBM PC XT, AT компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік (133 мм) дискеттер қолданылған болатын.
Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы-салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет.
5,25 дюймдік дискеттер дайындалу сапасына қарай 720кб немесе 1,2Мб информация сақтай алады.
3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44Мб және 720кб. 1,44Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбкөлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ-дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады.
Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 5,25 дюймдік дискеттерде мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар. Егер осы ойықты қағазбен желімдеп жауып қойса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғни бұрынғы информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймдік дискеттерде жаңағыдай ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар, оны жоғары-төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады. Суретте ілгек рұқсат етілген тәртіпте тұр, мұндайды ойық жабық тұрады. Ойықты ашатын болсақ, оған мәлімет жазуға болмайды.
Дискетті форматтау (белгі салу).Дискетті алғаш рет пайдалану алдында,оны арнайы тәсілмен форматтайды,яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйенің командасымен жүргізіледі.
ДЭЕМ-дерде бұлардан басқа лазерлік компакт-дискі, магниттік оптикалық дискі немесе Бернулли дискілері тәрізді құрылғылар болуы мүмкін.
Қазіргі ДЭЕМ-дерде көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт-дискілеріне жазызылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықта бола береді. Соңғы кездері шыққан 6-8 жылдамдықты компакт-дискілер қатты магниттік дискі мен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады.
Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650 Мб, яғни оған 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды. Компакт-дискілерге мәлімет жаздыратын құрылғылар әзірше қымбат тұрады, сондықтан дербес компьютерлер ондай құрылғылармен жабдықталмайды.
Қазіргі кезде компакт-дискілерде өте сапалы фотосуреттер, фильмдер мен бейнеклиптер жазылып таратылады. Әртүрлі дыбыстық эффектілермен, музыкамен безендірілген ойындар, компьютірлік энциклопедия, үйренуге арналған әртүрлі программалар - барлығы CD-ROM дискілерінде болады.
Винчестер, винчестерлік диск (Винчестерский диск, винчестер; Winchester disk) -- қатты магниттік дискідегі десте; бастиектер мен жетектер бөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль құрайтын сақтау құрылғысы. Дербес компьютердің сыртқы жады болып табылады. Атау винчестерді жасаған Винчестер қаласындағы IBM фирмасы филиалының шарт белгісінен туындайды.
2.3 Қатты дискінің жұмыс жасау принципі

Қатты диск жинақтауышы қазіргі заманғы дербес компьютерлердің анағұрлым дамыған және қиын құрылымды құрылғысы. Оның дискілеріне үлкен жылдамдықпен берілетін ақпарттың бірнеше мегабайты орналаса алады. Компьютердің барлық құрылғылары шусыз жұмыс істеп тұрғанда қатты диск шиқылдап дыбс шығарады. Соған байланысты ол компьютердің механикалық және электрондық компоненттерінен тұратын құрылғысына жатады.
Қатты дискінің жұмыс жасау принципі пайда болуынан бері өзгермеді. Винчестер құрылғысы қарапайым грампластикалы ойнатқышқа қатты ұқсайды. Тек корпустың астында ғана бір осьтің бойында бірнеше пластинка орналасып, бастиек ақпаратты екі жағынан да ои алады. Пластиканың айналу жылдамдығы (у некоторых моделей она доходит до 15000 оборотов в минуту) тұрақты және ол оның негізгі мінездемелеріне жатады. Бастиек пластина үстінгі жағында бірнеше фиксирленген арақашықтықта қозғалады. Бұл арақашықтық неғұрлым аз болса, соғұрлым ақпаратты оқу нақтылығы мен ақпаратты жазу жылдамдығы артады. Қатты дискідегі жинақтауышқа қарағанда тек металл корпусын көресіз. Ол толығымен герметикалық және дискжетекті шаң-тозаңнан сақтайды. Егер дискінің үстіңгі жағы мен бастиек арасына шаң тұрып қалса, ол сезімтал магниттік қабатты бүлдіріп, диск ісен шығуы мүмкін. Сонымен қатар корпус жинақтауышты электромагниттік кедергілерден қорғайды. Корпустың ішінде барлық механикалық және электрондық байланыстар орналасқан. механизмдер - бұл ақпарат сақталатын дисктің өзі, ақпаратты дискіге жазатын және дискіден оқитын бастиек, сонымен қатар осылардың бәрін қозғалысқа келтіретін двигатель. Диск көбіне алюминнен, кейде жұқа ферромагниттік қабатпен жабылған әйнек пен керамикадан жасалатын беті өте тегіс дөңгелек пластина. Көптеген дискілерде темір оксидінің қабаты пайдаланылады (қарапайым магниттік лента жабылатын), бірақ қатты дискілердің жаңа модельдері қалыңдығы ондаған микроннан тұратын кобальт қабатымен жұмыс жасайды. Мұндай қабат өте берік болады, ол жазудың тығыздығын мейлінше арттырады. Оны пайдалану технологиясы интегралдық схемаларды өндіруде қолданылатынына ұқсас.
Диск мөлшері әртүрлі болуы мүмкін - бірден беске дейін, сәйкесінше жұмыс беті екі есе көп болады (әрбір дискіде екі-екіден). Соңғысы (магнитті қабатта қолданылған материал тәрізді) қатты дисктің көлемін анықтайды. Кейде шеткі дисктің сыртқы беті қолданылмайды, ал ол жинақтауыштың биіктігін азайтуға мүмкіндік береді, бірақ сонымен қатар жұмыс беті екі есеге азайып, тақ болуы мүмкін.
Енді винчестердің жұмысы жайында сөз қозғайық. Электроника мен механиканың бастапқы баптауынан кейін вичестердің микрокомпьютері жүйелік тақшада немесе интерфейсті картада орналасқан контроллерден командаларды күту режиміне ауысады. Команданы алғаннан кейін ол қажетті бастиекті қосып, сервоимпульстер арқылы керекті жолды іздеп, керекті секторға бастиек жеткенше күтеді және ақпаратты оқу мен жазуға көшеді. Егер контроллер бір емес бірнеше сектордың оқужазуын сұратса, винчестер жедел жадыны буфер ретінде және оқужазуды контроллерге ақпарат жөнелтуді орындап, блоктық режимде жұмыс жасай бастайды. [5, 10]
Диск бетін оптимальды пайдалану үшін зоналық жазу деп аталатын (Zoned Bit Recording - ZBR) жазу қолданылады, оның принципі тек ұзындығы үлкен сыртқы жолдарда ішкісіне қарағанда ақпарат мықты тығызықпен жазылады.осыған байланысты винчестердің сыртына жақын орналасқан ақпарат ішінде орналасқанына қарағанда ез жылдамдықпен оқылады.

2.4 Қатты диск құрылымы

Қатты диск немесе винчестер мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтау мен қолдануға арналған. Қатты дискнің ішкі құрылғылары мыналардан тұрады:
Корпус;
Электронды схема мен радиодетальдардың жиынтығы;
Магнитті жабу пластинкасы (металлдан, керамикадан, әйнектен және полимерден жасалаы);
Санайтын - жазатын бастиек;
Қоректендіру айырымы;
Қатты дискіні аналық тақшамен байланыстыратын шлейфті қосу айырымы;
Қосылу ретін баптау ұстатқышы;
Пластинаның айналу сымдары мен бастиекті позициялау;
Кулер;

1-сурет. Қатты диск құрылымы

Винчестер гермоблок пен электроника тақшасынан тұрады. Гермоблокта балық механикалық бөліктер орналасқан, тақшадабастиекке жақын гермоблоктың ішінде орналасқан алдыкүшейткіштен басқа барлық басқару элекроникасы орналасқан.
Дисктер астында немесе диск пакетінің іштестірілген шпинделінде floppy-дисктердегідей двигатель орналасқан. Дискілердің айналуы кезінде қатты ауа ағыны пайда болып, гермоблок периметрі бойынша айналып, оның бір жағында орналасқан фильтрмен үнемі тазарып отырады.
Шпиндельдің оң және сол жағынан айырғыштарға жақын бұрылу позиционері орналасқан. Осьтің бір жағында дискіге бағытталған жіңішке, ұзын және жеңіл магниттік бастиек тасушылары, ал басқа жағынан - қысқа және мейлінше электромагнитік тоқ орамасы бар массивті құйрықша. Позиционер коромыслы бұрылғанда бастиектер дискінің центрі мен сырты арасындағы доғамен қозғалады. Позиционер мен шпиндель арасындағы ось позиционердің бастиекке дейінгі осімен бірге бастиек осі бұрылғанда тиісті жолдан барынша аз алшақтауына есептелініп жасалыған.
Ескі модельдерде иінағаш (коромысло) қадамдық двигательдің өсіне бекітіліп, жолдар арасындағы арақашықтық қадам үлкендігімен анықталды. Қазіргі заманғы модельдерде сызықтық двигатель деп аталатын ешқандай дикреттілігі жоқ, ал жолға орнату дискте жазылған сигналмен орындалады, ол дискке жазу тығыздығын арттырады. [6, 46]
Позиционер орамы тұрақыт магнитпен қамтылған статормен айналдырылған. Орамаға белгілі көлемдегі тоқ беріліп, иінағаш плярлығы сәйкес жылдамдыпен және сәйкес жаққа қозғала бастайды; орамдағы динамикалық тоқты өзгерте отырып, позиционерді кез келген бағыта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақтаушы қатты дискінің құрылғылары
Қатқыл диск
Оперативті жады модульдері
Локальді,қатты,және иілгіш дискілер
Компьютермен оқытудың негіздері
Дербес компьютердің негізгі блоктары
Дербес компьютер жадысына шолу
Дербес компьютердің архитектурасы жайлы
Компьютерлік архитектура пәнінінен электрондық қулық
Компьютердің негізгі блоктарын архитектуралық ұйымдастыру
Пәндер