Амангелді газ кен орны



Мазмұны
Мазмұны 1
І. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 3
1.1. Кен орны жайлы жалпы мағлұмат 3
1.2. Кен орнының геологиялық құрылымына сипаттама 5
1.3. Газдылығы 6
1.4. Төменгі визалық горизонттың өнімділігі 8
1.5. Газдың және конденсаттың қоры 9
1.6. Газ және газдыконденсаттың сипаттамалары 9
ІІ. ТЕХНИКО.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 11
2.1. Көлденең бағытталған ұңғыманың құрылыс жобасы 11
2.2.Ұңғы оқпанының профилі 14
2.3. Ұңғыны тереңдету 17
2.4. Бұрғылау сұйықтары 24
2.5. Ұңғыны бекіту 34
2.6. Ұңғыны тексеру 54
2.7. Дефектоскопия және пресстеу 58
ІV. Экономикалық бөлім 60
4.1. Жобаны игеруге қажетті қаржыны есептеу 60
4.2. Пайдалану шығыны 62
4.3. Салық және бөлініс 63
3.2 Өндірістік санитария 70
3.3. Техника қауіпсіздігі 72
3.4. Өрт қауіпсіздігі 73
ҚОРЫТЫНДЫ 76
ӘДЕБИЕТТЕР 77
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007ж. ақпандағы «Жаңа әлемде жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Газ өндіру саласының жаңа стратегиясын тұжырымдауы және оны іске асырудың заңнамалық негізін жасауы тиіс.
Өзіміздің табиғи ресурстарымызды ұқыптылықпен пайдалану және қоршаған ортаның ластануы, ескірген әрі «лас» технологияларды бақылаусыз әкелу, қалпына келетін ресурстарды тиімсіз пайдаланудың сенімді және басқа да проблемаларды шешу үшін ықпалды заңнамалық негіз қалыптастыру қажет.
Каспий қайраңындағы мұнай өндіретін кен орындарын игеру барысында табиғатты қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуына, бақылауды күшейту қажет. Үкімет көмірсутегін өндіру кезінде «жасыл мұнай» қағидаты бойынша экологиялық стандартты қатаң сақтауға міндеттейтін халықаралық сертификаттар енгізу мәселесін қаперге алуы тиіс.
Біздің энергетика мен мұнай салаларын дамытудың басты мәселесі энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың табыстылығын арттыру, әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттың энергия маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс.
Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай химия өндірістерін құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы қажет. Біз мұнай мен газ секторларында қосылған құнды жоғары және ілеспе әрі аралас өндірістерді дамытуға тиіспіз» деп атап көрсетті.
1999 жылы Үкімет шешім жасап Амангелді газконденсатты кенорнында бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлініп жұмыс басталды.
Кезінде Американдық компаниясы бастаған бұрғылау жұмыстарын, қазіргі кезде «КазБургаз» кәсіпорындары жалғастыруда. Кен орнының бас мердігері болып саналатын ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта 5 ұңғы толығымен қазылып бітіп, пайдалануға берілген. Кен орнымен Тараз қаласы арасында ұзындығы 195 шақырымдық құбыр желісін тарту жұмыстары толығымен бітірілгенн кен орнына газды жинау, тасымалдауға дайындау қондырғылары орнатылған. Нәтижесінде газ қазіргі уақытта тазаланып қала мен облыстың кейбір аудандарына тұтынуға беріле бастады.
Амангелді газконденсаты кен орны өзіне тиесілі жұмыстарды атқарып тұр. Бізге белгілісі газды өндіру процесі бір қалыпты жүріп отырады да, ал онымен тұтыну процесі жыл мерзіміне байланысты өте үлкен шекте азайып немесе көбейіп отырады. Сондықтан жазғы мезгілде, яғни газды тұтыну мөлшері азайған кезде қысқы маусымға арнап газ өнімінің қажетті қорын жинап алу мәселесі туындайды. Бұл мәселенің тиімді шешімі – табиғи газды сұйықтатып арнайы қоймаларда сақтау.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Нұрсұлтанов А. А., Абайулданов М.И. «Мұнай мен газды өндіріп өңдеу», Алматы 1999 ж.
2. Аманиязов Қ.Н., Игібай Қ.Ж., Чернешова С.М. «Мұнай газ кәсіпшілігінің геологиясы» Алматы 2001ж.
3. Аманиязов Қ. Н., Игібай Қ. Ж., Чернешова С. М. «Геология», Алматы 2001ж.
4. Мырзағалиев Қ. «Мұнай жөніндегі мағлұматтар» - Алматы «Жолдас және К» баспасы 1999ж.
5. В.Д. Лысенко «Инновационная разработка нефтяных месторождении» М. Недра, 2000г.
6. В. С. Байко «Разработка эксплуатацию нефтяных месторождений» М. Недра, 1990г.
7. Ю.Л. Желтов «Разработка нефтяных месторождений» М. Недра, 1990г.
8. Ю.Л. Желтов «Сборник задач по разработке нефтяных месторождений» М. Недра, 1985г.
9. А.У.Айткулов и др. «Пути повышения эффективности нефтеотдачи пластов месторождении Казахстана», Алматы 2001г.
10. Справочная книга по добыче нефти. Под ред. Ш.К.Гиматудинова М., Недра, 1974.
11. Гиматудинов В. С. «Разработка и эксплуатация нефтяных и газовых, газоконденсатных месторождений», М. Недра, 1974г.
12. Юрчук А. М. «Расчеты по добыче нефти», М. Недра, 1974г.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007ж. ақпандағы Жаңа әлемде
жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына жолдауында Газ өндіру саласының
жаңа стратегиясын тұжырымдауы және оны іске асырудың заңнамалық негізін
жасауы тиіс.
Өзіміздің табиғи ресурстарымызды ұқыптылықпен пайдалану және қоршаған
ортаның ластануы, ескірген әрі лас технологияларды бақылаусыз әкелу,
қалпына келетін ресурстарды тиімсіз пайдаланудың сенімді және басқа да
проблемаларды шешу үшін ықпалды заңнамалық негіз қалыптастыру қажет.
Каспий қайраңындағы мұнай өндіретін кен орындарын игеру барысында
табиғатты қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуына, бақылауды күшейту
қажет. Үкімет көмірсутегін өндіру кезінде жасыл мұнай қағидаты бойынша
экологиялық стандартты қатаң сақтауға міндеттейтін халықаралық
сертификаттар енгізу мәселесін қаперге алуы тиіс.
Біздің энергетика мен мұнай салаларын дамытудың басты мәселесі энергия
өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың табыстылығын
арттыру, әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттың энергия
маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс.
Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу
кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай химия өндірістерін
құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы қажет. Біз мұнай
мен газ секторларында қосылған құнды жоғары және ілеспе әрі аралас
өндірістерді дамытуға тиіспіз деп атап көрсетті.
1999 жылы Үкімет шешім жасап Амангелді газконденсатты кенорнында
бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлініп жұмыс
басталды.
Кезінде Американдық компаниясы бастаған бұрғылау жұмыстарын, қазіргі
кезде КазБургаз кәсіпорындары жалғастыруда. Кен орнының бас мердігері
болып саналатын ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының мәліметтері бойынша
қазіргі уақытта 5 ұңғы толығымен қазылып бітіп, пайдалануға берілген. Кен
орнымен Тараз қаласы арасында ұзындығы 195 шақырымдық құбыр желісін тарту
жұмыстары толығымен бітірілгенн кен орнына газды жинау, тасымалдауға
дайындау қондырғылары орнатылған. Нәтижесінде газ қазіргі уақытта тазаланып
қала мен облыстың кейбір аудандарына тұтынуға беріле бастады.
Амангелді газконденсаты кен орны өзіне тиесілі жұмыстарды атқарып тұр.
Бізге белгілісі газды өндіру процесі бір қалыпты жүріп отырады да, ал
онымен тұтыну процесі жыл мерзіміне байланысты өте үлкен шекте азайып
немесе көбейіп отырады. Сондықтан жазғы мезгілде, яғни газды тұтыну мөлшері
азайған кезде қысқы маусымға арнап газ өнімінің қажетті қорын жинап алу
мәселесі туындайды. Бұл мәселенің тиімді шешімі – табиғи газды сұйықтатып
арнайы қоймаларда сақтау.

І. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Кен орны жайлы жалпы мағлұмат
Амангелді кенішінің сынақ-өндірістік пайдалану жобасы КазТрансГаз-
дың техникалық тапсырмасы негізінде орындалған. Амангелді кенішінің
өңдеуге бepілyi, дәл қазір энергиямен қамтамасыздандырудан тапшылық көріп
отырған Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағын газбен қамтамасыз ету
мәселесін біршама шешуде. Жоба Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен
орындарын игерудің бірыңғай заңы, Қазақстан Республикасының Президентінің
жер қойнауы және жер қойнауын қолдану туралы үкіміне қоршаған ортаны қорғау
туралы заңы талаптарына сәйкес орындалған.
Амангелді кен орны Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы Мойынкұм
ауданына қарасты, Тараз қаласынан солтүстікке 170 км-де орналасқан.
Ол 1975 жылы ашылған. Алғашқы ашылған болып, өндірістік газ ағыны
төменгі визей горизонтынан алынған, 1 ұңғыма саналады, ол құрылымның
жоғарғы бөлігінде бұрғыланған.
Амангелді кенішінде 17 ұңғы бұрғыланған, оның 11 іздеу, 6 барлау
ұңғылары, өзінің геологиялық тағайындалуын opындаған 6 ұңғы (7, 10, 13, 14,
15, 17) жойылған, қалған ұңғылар тоқтатылып қойылған.
Амангелді құрылымының шектерінде жоғарғы девон, карбон, перм
шөгінділері ашылған, олар бұрыштық келісусіз мезокайнозойлық жыныстармен
жабылған, қалыңдықтары 400 м дейін.
Амангелді кен орны Шу-Сарысу депрессиясының Мойынкұм ойпатының
Миштин ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан тас құрылымға тураланған.
Амангелді құрылымы солтүстік-шығыс жазылымында жатқан сынақ
брахиантиклинальды көрсетеді.
Оңтүстік - шығыс құрылымды шектейтін сынық тірек горизонттардан
шөгінділердің корреляциясын жоғалту зонасы ретінде сейсмобарлаумен жазылып
алынған, ол бұрғылаумен дәлелденген.
Амангелді кенішінде турней, төмегі визей, серпухтік және теменгі
пермдік шөгінділердің газ бергіштігі анықталган, сонымен қоса мемлекеттік
қор балансында тек теменгі визей жэне теменгі перм шөгінділері ғана
барланған және есепке алынған, кейінгісінің құрамында 80 % азот және 19 %
төмен көмірқышқыл газы болатындықтан осы жобада тек төменгі визей өнімді
горизонтында ғана құрылымы газ конденсат шоғыры қарастырылған.
Төменгі визей горизонтының шектерінде үш қорап А, Б және В орналасқан.
А қорабының төрт қабат коллекторы ауданы бойынша төзімделмеген, жиі құмды
жыныстармен ауыстырылады. Қабат араларында, 3 және 4 қабаттарды
ескермегенде, байланыс байқалмайды. Тиімді газ беру қалыңдығы 0,8-ден (1
ұңғы) 7,8 м -ге дейін (5 ұңғы) өзгереді және орташа 4,3 м - ге тең.
Б қорабында 2 қабат коллектор бөлінеді, олар өзара бipiгіп ортақ
резервуар жасайды. Тиімді газ беру қалыңдығы 0,8 м - ден (8 ұңғы) 4,0 м -
ге дейін (1 ұңғы) түрленеді.
Ең төзімделген болып В қорабы саналады, оның көлемінде 4 қабат
байқалады, оларды жоғарғы бipiгy коэффициенттінде орта резервуар ретінде
қарастыруға болады. Тиімді газ беру қалыңдығы 1,8 - ден 19,0 м (5 ұңғы)
дейін түрленеді және орташа 11,1 м құрайды.
Төменгі визей горизонтында коллекторлар болып нашар цементтелген орта
және мавйда түйіршікті құмтас, алевритистілер және алевролиттер,
минералогиялық, құрамы бойынша негізінде кварц-дала шпаты табылады. Сынған
материалдар жақсы сортталған. Цемент (5-20 %) карбонатты - сазды, сазды,
жиі регенерациялы кварцті. Яғни шоғыр қуысты коллектормен байланысқан,
қуыстылықтың, орташа мәні 14,8 %, орташа өткізгіштік мәні -2,7*10 -3мкм2
құрайды.
Қабаттық газ құрамында 75 % метан, 11 % жоғары этан, 6 % азот және 86
гм3 конденсат бар.
Төменгі визей газ конденсатты шоғыры коллекторды даму контуры шегінде
бүкіл құрылымы ауданын алып жатыр.
Шоғыр үстінен газ тipeгi болып, орта визейдің ярус астының сазды
әктастары табылады.
Газ сулы шекара шоғыр бойынша минус 1972,0 м - 1987 жылы қалыптасқан -
1938 м. қарсы абсолюттік бағада қабылданған.
Төменгі визей өнімді горизонты бойынша геологиялық газ және конденсат
қоры іздеу-барлау жумыстарының нәтижесі бойынша есептеліп, 1981 жылы қараша
айында газ 8765 млн. м3 және 754 мың тонна конденсат көлемінде ГКЗ СССР-re
қарастырлуға тапсырылған. Сонымен қатар минималды рентабельді газ дебиті 10
мың м3тәулікке тең болып қабылданған.
ГКЗ-ны бекіту кезінде минималды ендірістік газ шығыны 15 мың
м3тэулікті құрайды деп негізделген және қабылданған.
Осыған байлансты газ өнімі төмен ұңғылар орналасқан шоғыр қорының
бөлігі бекітілмеді газ беру ауданы 3,2 есеге қысқартылды. Себебі газ қоры
шектелген сызық №16 ұңғы және 5, 2, 1, 6 ұңғыларынан солтүстік-шығысқа 1 км
орналасқан, ауданында қабылданған. Тиімді газ беру қалыңдығы есептеуде тек
рентабельді газ дебиті интервалы ғана қабылданғандықтан азайып кетті.
Кен орын ауданында жергілікті рельефтің абсолюттік белгіленуі + 350
м - + 360м . Жамбыл қаласына қарай + 600 м-ге дейін жоғарылайды.
Жердің барлық созылуы бойынша жазық. Сумен қамтамасыз ету көзі құдықтар
мен артизанды шыңыраулар болып табылады. Су деңнейін оның сағасынан 10-20
м тереңдікте жатыр. Палеогеннің сулы қабаты -160-220 м тереңдікте
жатыр, судың минералдығы -3-5 гл,судың дебиті жоғары (80-120 мтәу).
Ауданның климаты құрғақ, жазда ыстық (+40С) және қыста суық (-30С) аз.
Қарлы қысымен бірден континентальды жылыту сезонының ұзақтығы 178 тәулік,
15 қазан – 15 сәуірге дейін. Желдің бағыты солтүтік – батыс.
1.2. Кен орнының геологиялық құрылымына сипаттама
Кен орнын Шу-Сарысу депрессиясының ірі құрылымдық элементін көрсететін
Мойынқұм ойпатының батыс бөлігінде орналасқан.
Стратиграфия
Мойынқұм ойпатының құрылымы орта-жоғарғы палеозойдың эпигео-
кайназойдың жатқынын аз қуатты чехолымен жабылған (350 м дейін) (жоғары
бор, палеоген, неоген-төрттік) қатысуымен көрсетеді. Фундаментіне
жататын ерте жыныс эффузивті-түзілген ірі сынған төменгі орта девон болып
табылады. Осыда Аманкельді кен орынның 1- ші шыңырауы ашылды.
Жоғары девон
Фаменді ярус тұнба жинауда үзіліспен төмен орта девонды
молассада орналасқан 210 м қуатты қызыл түсті құмшық пен
гравилеттерді көрсетеді.
Карбон
Туреней ярусы төменгі бөлігінде пестротүсті құмшық алевролиттер
орналасқан. Татпа алу кезінде базальды құмнан шыңырау 1- де қабат суының
ағыны алынды. Ортаңғы бөлігінде миндал тасты спессафиттерді
көрсететін 14-18 м қуатты эффузивті жыныс қабатында жатады. Жоғарғы
бөлігі құм қабатымен қою-сұр және пестротүсті аргилиттерді көрсетеді. 16
шыңыраулардың жоғарғы қабаты газды болып табылады ( горизонт ІІІ)
Төменгі карбонның визей жатқыны төменгі, орта визей және
жоғарғы визенамюр бөлінуімен мүшеленеді.
Төменгі визейдің ярус асты жалпы қуаты 50-55 м сұр көмір
қабаты-мен алевролиттер мен қара-сұр аргилметтерді көрсетеді. Осы
жыныстардың қорабы ярус астының жоғарғы бөлігіне үйлескен газды
жатқындық төменгі газды тығынын көрсетеді және орналасқан. Төменгі бөлігі
аргиллит қабатымен құм, ал жоғарғы бөлігі құмды қабатпен
аргиллиттер. 9 газды горизонт ІІ-де мергель мен әктас аз
кездеседі. Ярус астының жалпы қуаты 83-92 м.
Орта визейді ярус асты мергель қабатымен әктастың 90% -ті
көрсетілген. Қабат жатқыны негізінде ангидрит қүаты 5-12 м. Ортаңғы
бөлігінде псамитті текстуралы оометті және сынған әктас қабаттары
дамыған. Олар 1,2,3 шыңырауларды сынаған кезде қабат суының ағынын
береді. Ярус астының қуаты 270-297 м. Жоғары визе-намюр төменгі бөлігі
әктас және долмиттерді, ал жоғарғы бөлігі 1,6,11 шыңырауларда газ қаныққан
коллекторлар горизонтты орнатылған қабат қуаты 167-196 м
Орта – жоғарғы карбон
Карбон бөлігі қызыл түсті орта-жоғарғы бөлімдер қалындығын көрсетеді.
Олар құм, алевромиттер және аргилметтердің қабаттануын көрсетеді. Кейбір
құм горизонттары су қаныққан коллекторларды көрсетеді. Қабат қуаты
309-385 м
Пермь
Төменгі бөлімнің тұз асты қабаты құм және алевромиттер
қабатымен қызыл түсті аргиллиттермен күрделенген. Соңғысы азот-
көмірсутекті газ жатқынын құрайтын коллекторларды көрсетеді. Жоғары жатқан
тұз қабатының өтуі тұздалған аргиллиттер арқылы жайлап өтеді.Тұз асты
қабаттың қуаты құрылым қанатында 180-413м дейін тұздардың фациальды
орналасу есебімен өзгереді.
Тұзды қабат құмы аз,алевриттер, аргилиттердің қызыл түсті
теригенді жыныстарымен ластанған тас тұзының қабатталған қабаттарымен
тұрады. Қуаты 305-543 м-ге дейін өзгереді.
Тұз үсті қабаты негізінде базальт майда түйіршікті құмды
алевролиттермен,қызыл түсті аргиллиттерді көрсетеді. Қуаты 207-304 м.
Мезозой-кайнозой
Төменгі бөліктің мезо - кайназой плат формасы чехолы құм,
құмшық, жоғарғы бор гравелиттері мен эоцен, ал жоғарғы бөлігі су-құм үсті
жатқында жоғарғы су тығыздығын көрсететін алигоцен саздары қалыптасқан.
Жалпы қуаты 264–381м. Төменгі карбон және девон жатқыны үшін солтүстікке
солтүс-тік батыстан қуаты жоғарылайды. Ойпаттың солтүстік бөлігінің қуаты
2000 м.
Өндірістік газдың төменгі визелск горизонтынан ең жоғарғы жағынан
бұрғыланған №1 ұңғы ең бірінші газ бар екенін анықтаған. Одан кейінгі уақыт
аралығында Амангелді газ кен орнында 17 ұңғы бұрғыланды, оның ішінде 11
іздену, 6 барлау ұңғылары. 6 ұңғы өзінің геологиялық алға қойған мақсатын
орындағаннан кейін жойылған, қалған ұңғылар консервацияда тұр.
Ортаңғы іргетастың жоғарғы жағындағы стратиграфикалық келісімде жоқ
және жойылатын болып орналасқан пермь, карбон және девон құрылымдағы
карбонаттар, галогендер, терригендер түрінде берілген.
Жоғарғы – көпшілігінде теңіздік және континенталды терригендік
жыныстардың кене – борлық, полеогендік, неогендік және ширектік жастарынан
жасалған.

1.3. Газдылығы
Шу – Сарысу ойпатының өндірістік газдылығы 1961 жылы Үшарал –
Кемпіртөбе азотты-гелилі газды кен орны ашылуымен дәлелденген. Одан кейін
1967 жылы Құмырлы ыстық газды кен орны ашылған. 1970 жылдан 1975 жыл
аралығында Солтүстік Үшарал, Айрақты, Придорожная және Амангелді кен
орындары, 1976 жылы – Орталық және де соңынан 1980 жылы – Анабай кен
орындары ашылған. Придорожная және Орталық кен орындары ойпаттың батыс
бөлігінде орналасқан, ол қалғандары орталық – шығыс бөлігінде.
Газ кеніштері негізінен төменгі тас көмірлі (визейлік және турнейлік
ярустары) және төменгі пермі шөгінділерінде анықталған. Бірақта сонымен
қатар, Орталық кен орнында кеніштердің біреуі іргетас эрозиондық бөлінуде
және Придорожная кен орнында каменск және серновуск шөгінділерінде газ
кеніштері анықталған. Кен орындарының атауы да 20 – 30 жылдан бері
консервацияда тұр. Оның біреуі де пайдаланылмаған.
Кен орны 1975 жылы ашылған. Құрылымдағы орналасқан кен орны сыну
алдындағы брахнантисыналы бүрмеленген солтүстік – шығысқа қарай созылып
жатыр. Сыну құрылымды шығыстан және оңтүстік – шығыстан шектейді. Төменгі
виза өлшемдері күмбез бойынша 15х7 км, ал ампилтудасы – 280 м. төменгі
пермі өнімді қалыңдық күмбезінде амплитуда бүрмесі 400 метрге дейін
ұлғаяды. 1975–1976 жылдардағы тереңдеп ізденіс бұрғылаулары. МОБТ
сейсмобарлау мағлұматтары негізінде жүргізілуде. Бұл көрсетілген уақыт
аралығында барлығы 11 іздену ұңғылары (№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13,
14) және 6 барлау ұңғылары бұрғыланды (6-р, 11-р, 16-р, 15-р, 17-р, 18-р).
Осындай түрмен кен орындарында 17 ұңғы бұрғыланған, оның ішінде төменгі
визей шөгінділерінен газ алынған 10 ұңғы және су алынған 1 ұңғы
консервацияға кіргізілген.
Сораптық – компрессорлық құбыр тек қана 16 – р ұңғысына түсірілген. 4
ұңғы (7, 13, 15, 17) жойылған. Екі ұңғы (10 және 14) кен орынның аумағының
сырт жағында бұрғыланған болып шықты.
1998 жылғы қорларды есептеген есеп берулерде келтірілген мағлұматтар
бойынша пайдалану ұңғысы есебінде 5 барлау ұңғысын (1, 2, 4, 5, 6)
қолдануға болады. Кен орынның газдылығы жоғары турнелік, төменгі визейлік,
төменгі серпуховалық және төменгі пермдік шөгінділермен тығыз байланысты.
Сонымен қатар қор бойынша есептеулерде тек қана төменгі визейлік және
төменгі пермдік шөгінділердегі газ кеніштері қоры есепке алынған, ал басқа
кеніштер әлі толық барланбаған. Төменгі пермдегі сульфатты галогенді
терригенді шөгінділердегі кеніштер метологиялық қоршалған қабатқа жатады.
Кеніш тереңдігі күмбезден 850 метрді құрайды. Газ – су қатынасы – 782
м деңгейде қабылданған. Өнімді горизонттың жалпы қалыңдығы – 270 метр
орташа тиімді қалыңдық – 28,5 метр. Газ қаныққан құмшауыт және алевролиттер
кеуекті, сызатты – кеуекті және кеуекті–сызатты түр коллектор-лары түрінде
болып, оның ашық кеуектілігі 15% және өткізгіштігі 0,14 мкм2.
Газға қанығу коэффициентті – 0,75. бастапқы қабат қысымы – 13,2 МПа.
Ең жоғарғы мәндегі шығым 15,9 мм шамба арқылы тәулігіне 182,9 мың.м3.
Кеніштің жабуы есебінде кунгур жасындағы терригенді – гологенді шөгінділер
қызмет етеді. Оның қалыңдығы 500 метрге дейін.
Төменгі визейліктегі газ кеніші 2053-2385 тереңдік аралығында
орналасқан. Оның биіктігі қабылданған газ – су қатынасының деңгейіндегі –
(1972м) қалыңдығы – 252 метр. Бұл кезде ГВК (ГСҚ) жағдайындағы кеніш ауданы
49915 мың м2 (4991га). Кеніш түрі – қабатты, күмбезді. Өнімді горизонт
құмшауыт, алевролит және аргилит қабаттамалары ауысып келетін түрде
көрсетілген, жалпы қалыңдығы 46 – 57 метр.
Горизонт төменгі визейлік қимасының орталық бөлігінде орналасқан және
құмшауыттан, карбонатталғаналевролиттерден – известняктан тұратын (6 – 7м)
жыныс қабатымен жабылған. Қимадан жоғары жақта газ кенішінің сенімді жабуы
болып табылатын қалыңдығы 5 – 8 м қалыңдықтағы ангидрит қабаты жатыр.
Горизонт тұтасымен қара аргилит қабатымен жабылған. Кеуекті және кеуекті –
сызатты түрдегі өнімді коллекторлар қалыңдығы 0,8 – ден 6,8 метрге дейін
жететін құмшауыт және алевролит түрінде көрсетілген. Газға қаныққан
қалыңдықтардың жалпы өзгеруі ұңғыларда 10 метрден (15 ұңғы) 31 метрге (8
ұңғы) дейін өзгереді. коллекторлардың кеуектілігі 12-27 %. Өткізгіштігі
сызатталмаған кеуекті жыныстар үшін 0,05 – тен 5,56-10-2 мкм-ге дейін және
сызатты жыныстар үшін 1854,23*10 мкм2, саздылығы – 0,12-ден кем,
карбонаттылығы – 0,07-0,09-дан аз.

1.4. Төменгі визалық горизонттың өнімділігі
Горизонт 13 ұңғыда барланған 12 ұңғыдан (37 объект) газ, ал біреуінен
– су алынған (2 объект). Барлану нәтижесінде көрінгендей шығым көлемінің
күрт өзгеруіне байланысты объектілер екі топ объектілерге бөлінеді: аз –
шығымды және жоғарғы – шығымды.
Сонымен бірге объектілердің 80%-ті төменгі шығымды объектілерге жатады
(оның ішінде объектілердің 65%-тінің шығымы көпшілік жағдайда тәулігіне 3
мың м3 – тан аспайды. Қорларды есептеулерде есеп берудің көрсеткеніндей
ұңғы бойынша төменгі кен орнының пореклиналда орналасуына байланысты, онда
коллекторлардың көлемді сүзушілік сипаттамалары өте төмендігімен және ашу
әдістерінің жетілдірілмегендігінен. Бұнда көрсетілген екінші себеп
зерттеулерде үлкен орын алуы мүмкін.
Төменгі шығымды объектілердің құрылымдық жағдайын қарастырсақ, олар
тек шеткі ұңғыларда ғана емес, сонымен қатар күмбез көтерілімі бөліктерінде
де орын алады. Сонымен қатар төменгі шығым жоғары шығымды қабаттар
орналасқан скважиналар жанында да байқалады. Алдын – ала байқап көру
талдаулары көрсеткендей жоғарғы және салыстырмалы жоғары шығымы алынатын
қабат – коллекторлар төменгі визейлік өнімді горизонттарының қимасының
әртүрлі бөліктерінде орналасқан.
1, 18 және 6 ұңғыларда олар оның ортаңғы бөлігінде орналасқан, ал 2, 5
және 16 ұңғыларда жоғарғы жағына жақын бөлігінде орналасқан. №4, 7, 15
ұңғыларында төменгі визейлік өнімді қабатының төменгі бөлігінде өнімді
қабат орналасса №11 ұңғыда күмбез айналасында орналасса, ол 8 және 17
ұңғыда солтүстік бөлігінде орналасқан. Өнімді горизонттың қимасының барлық
бөлімдерін зерттегенде өте әлсіз газ ағып келуі анықталған. Көпшілік
объектілерде тәулігіне 1-ден 3,0 мың м3-ке дейін, тек қана екі объектіде
тәулігіне 5-8 мың м3 болды.
Температураға берілген түзету – 0,86.
Қабат газының құрамы, конденсаттың қабат газындағы потенциалды
қосындысы. Конденсат тығыздығы 2,5 және 6 ұңғылардан зерттелген газды
конденсатор мағлұматтарынан және зертханалық жүргізілген зерттеулер
нәтижесінде алынған. Потенциалды конденсат құрамы бар қабат газының және
оның тығыздығы өзіне сәйкес 86 гм3 және 0,896 гсм3-ке тең. СредАЗ НИН газ
институтының зертханалықзерттеулері мағлұматтарында конденсатты алу
коэффициенті – 0,77. пайдалы қазбалардың қорының мемлекеттік коммиссиясы
конденсатты алу коэффициентін 0,75 – ке тең деп бекітті.

1.5. Газдың және конденсаттың қоры
Төменгі перм кенішінің газ қоры СССР-дің ГКЗ-сіне бірінші рет 1981
жылы берілген. Төменгі визейлік кенішіндегі газ қоры С1 категориясы бойынша
8740 млн м3, ал төменгі пермі кенішіндегі газ қоры С1 категориясымен 6169
млн м2, С2 категориясымен 4761 млн м3 болып бекітілген. Төменгі визейлік
бойыеша 153 мың тонна, ал алынатыны 114 мың тонна болып бекітілген.
1996 жылы газ және конденсат қоры. Төменгі визейлік кенішінде
Қазақстан республикасының Мемлекеттік қор комитетінде қайтадан бекітілді.
Геологиялық зерттеулер бойынша С1 категориясында 17058 млн м3 және С2
категориясында 8020 млн м3 (алу коэффициентті 0,9) болғанда өздеріне сәйкес
15352 және 7218 млн м3.
Осындай түрмен ұңғы түбі аумағындағы сүзілу сипаттамасындағы
техникалық-технологиялық факторларының әсерінен керісінше болуын есепке ала
отырып коллектордың табиғаттың фильтрленуінің сипаттамасын өнімді қабаттың
нақты бір аралығында анықтауда кен орнын әрі қарай игеруде коллекторлардың
зоналық орналасуларын және олардың сыйымдылық – фильтрациялық
сипаттамаларын жете зерттеу қажет.

1.6. Газ және газдыконденсаттың сипаттамалары
Төменгі пермдік кеніштің газдары мынандай келесі құрамымен
сипатталынады: метан 9,47 - 26,05%; этан – 0,21 – 1,97%; пропан 0,02 –
0,49%; изобутан – 0,03 – 0,05%; н-бутан – 0,07 – 0, 09%; пентан+жоғары –
0,06%; азот + сирек – 70,92 – 87,02%; гелий – 0,04 – 0,24%; көмір қышқыл
газ – 0,15 – 1,3%. Төменгі визейлік кеніштерінің газы құрамында өте жоғары
ауыр әртүрлі қоспалардың болуымен ерекшеленеді. Құрамындағы метан 80% -тен
жоғары емес, негізінен 67 - 79% шамасында.
Кеніш бойынша метанның орташа құрамы 74%. Азоттың құрамы 2-ден 20%-ке
дейін, орташа - 9%. Аз пайыздығы компонентердің орташа мағынасы этан –
11,37%, пропан – 5,08%, бутан – 1,58%. Гелий құрамы 0,03-тен 0,09-ға дейін
өзгереді, аргон – 0,008 – 0,09%. Орташа құрамы өздеріне сәйкес 0,059 және
0,052%. Абсолюттік газ тығыздығы – 0,869 гсм3. Ауамен салыстырмалығы –
0,721 гсм3. Жоғарғы қысылу коэффициентті – 0,05. Боиль Мариотта заңынан
шетке шыққандағы түзетілуі – 1,18. Сонымен бірге бекітілген геологиялық
және алынатын С1 категориясындағы конденсат қоры. Сәйкестікте 1466,0 және
1320 мың тоннаны, ал С2 категориясында сәйкестікте 690,0 және 621 мың
тоннаны құрады. Қорларды қайта есептеу негізінен 1981 жылдан кейін
бұрғыланған 17 және 18 ұңғылардан алынған мәліметтер қызмет етті.
Төменгі визейлік кеніштеріндегі 1996 жылғы есептелген геологиялық
қорлар. 1981 жылмен салыстырғанда газ бойынша (С1+С2 категорияларының
қосындысы) 12,7 есе, ал конденсат бойынша 14 есе өсті. Төменгі пермдік
кеніштің газ қоры 1981 жылдан кейін есептелген жоқ. Осындай турмен кен орны
бойынша тұтасымен пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансында алынатын жалпы
мынандай көлемдері есепке алынған.
Газ: С1 – 21521,0 мың м3;
С2 – 11979,0 мың м3;
С3 – 33500,0 мың м3;
Конденсат: С1 – 1320,0 мың тонна;
С2 – 621,0 мың тонна;
С1 + С2 = 1941,0 мың тонна;
Сонымен қатар, төменгі пермдік кеніштің газының құрамында 81,2 %
азоттан тұратындығын есепке алу керек немесе (С1+С2 категориясындағы)
газдың жалпы көлемінен 2077,0 млн. м3 көмірсутекті газдың 10930,0 млн м3
қоры бар. Осы жағдайларға байланысты кен орнындағы С1+С2 категорияларындағы
газдың жалпы көлемі 24647 млн м3-ті құрайды.

ІІ. ТЕХНИКО-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Көлденең бағытталған ұңғыманың құрылыс жобасы
Көлденең бағытталған ұңғы деп, әдейі бір нүктеге қисайтып, вертикальді
проекциясынан қашықтатылған ұңғыны айтамыз.
Көлденең бағытталған ұңғыны мына жағдайда қолданамыз: егер
моноклинальды типтегі жер қабатын бұрғылағанда, мұнай және газ бергіштігі
азайғанда оның бергіштігін жоғарлату үшін және мұнай және газ қабаттарының
айырылуы кезінде:
- ұңғы оқпанының айырылу зонасынан ауытқып, өнім қабатына
бағытталу кезінде;
- мұнай және газ қабатына ұңғы оқпанын жүргізу кезінде, тұзды
қабықшада тұнған;
- жер қабатында айырылу нүктесін айналып өту кезінде;
- орман, егістік жерлерін бүлдірмей, зиян келтірмес үшін;
- бірнеше бұрғылау қондырғысы арқылы бір өнім қабатын өндіру
үшін;
- таулы, төбелі жерлерді бұрғылау қиындығында жеңілдету үшін;
- ұңғылар аварияға ұшырап жөндеуге келмей қалған жағдайда,
ұңғыны қисайтып ары қарай өңдеу;
- ұңғы түбінің белгілі бір бұрышын өнім қабатын дренаждау және
көп түпті өнім қабатын өндіру кезінде;
- тұрғын үй, өндіріс ошағының астын бұрғылау кезінде;
Көлденең бағытталған ұңғыларды бұрғылаудың екі түрі бар:
1. Роторлы ұңғы оқпанын үзілісті қисаюына мүмкіндік береді.
2. Түптік қозғалтқыш ұңғыны үзіліссіз қисаюына мүмкіндік береді. Ең
тиімді түрі.
Көлденең бағытталған ұңғыларды негізінен гидравликалық түптік
қозғалтқыш арқылы бұрғылайды. Көлденең бағытталған ұңғыларды турбобурмен
бұрғылауды совет инженерлері П.И. Шумилов, Р.А. Иоанесян, Э.И. Тагиев және
М.Т. Гусман ұсынды.
Бұл бұрғылаудың тиімділігі бұрғылау кезінде қашауда ауытқу күші пайда
болады, оның осіне перпендикулярлы. Сөйтіп керекті бұрышқа қисайтуға
ыңғайлы болады.
Көлденең бағытталған ұңғыларды бұрғылауға қосымша уақыт және жоғарғы
дәрежелі бақылауды қажет етеді.

Ұңғы конструкциясы
Ұңғы конструкциясы деп диаметрі бойынша шеген тізбегінің диаметрі,
құрылым тереңдігі, цемет сұйығының айдалған биіктігі тізбек арасын
бұрғылайтын қашау диаметрін және де басқа да құрылғыларды атайды.
Ұңғы конструкциясы жоғары сападағы ұңғы құрылысын ұзақ уақыт
пайдалануға, мұнай газ өндірісінің жұмысын тоқтатпауға мүмкіндік беруі
керек. Ұңғыда аварияның болмауын, бұрғылау кезінде қиындықтың және уақыт
жоғалуын төмендетпеуін, материалды техникалық бұрғылау жабдықтарын
қамтамасыз етуі керек.
Ұңғы конструкциясында келесі шеген тізбектері қолданылады.
Бағыттау – тұрақсыз жердің беткі қабатын жоғарғы интервалда бекіту
және ұңғы сағасының шайылуын болдырмауды қамтамасыз етеді.
Кондуктор – жоғарғы тұрақсыз профиль интервалын бекіту, сулы
горизонттың ластанудан изолияциялау. Ұңғы сағасындағы лақтыруға қарсы
құрылым құрылғысы, бекітуге арналған.
Аралық шеген тізбектері – жоғарыда айтқан геологиялық профиль зонасын
изоляциялау, басқаша бұрғылау қондырғысын бекітуге арналған. Апат
жағдайының болмауын және бұрғылау кезінде қиындықтардың болмауын алдын
алады. Жақсы жағдайда аралық тізбек пайдалану тізбегі ретінде де
пайдалануға болады.
Пайдалану тізбегі – бекітуге және өнім қабатын басқа геологиялық
профиль өнім қабатынан бөлуге арналған жабдық. Мұнай және газ өнімдерін жер
бетін көтеруге жайдай жасалатын құрылым.
Бірінші сыртқы шеген тізбектері бағыттаушы құбыр диаметрі 426 мм-ден
30 метрге дейін құбыр тереңдікке төмен түсіріліп, сыртқы жағы түгелдей
цементтелген.
Кондуктор d = 299 мм-ден 450 метрге дейінгі тереңдікке төмен
түсірілген және сағасына дейін цементтелген.
Аралық құбырдың техникалық тізбектерінің тереңдігі 1200 м ф219 мм-ге
дейін, ал пайдалану құбырының ф 140 мм, 2245 метр тереңдікке дейін рұқсат
етілген. Бұл құбырлардың барлығы да сырт жағынан цементтелген.

Кесте 1. Шахталық бағыттаудың құрылысы мен сипаттамасы

Оқпан, түсіру
Құбырлар сипаттамасы немесе
шахталарды
дайындау және
бағыттауды
қатайту
Сыртқы Ұзын-дыМатериал Қабырға Сал-маДайындауға
диа-метрғы, м маркасы қалың-дығғы, т ГОСТ, ОСТ,
, мм (беріктік ы, мм МРТУ, ТУ, МУ
тобы) және т.б.
1 2 3 4 5 6 7
426 30 К 12,7 1,58 ГОСТ 632-80

Кесте 2. Шеген тізбектерінің сипаттамасы мен түсіру тереңдігі

ТүсКолонна атауы немесе ашық оқпан, фильтр
іру
кез
ін-
дег
і
кол
он-
нан
ың
рет
ном
ері
ТүсДиаБірКолоннБір өлшем-ді ҚабӘрбір бір өлшемді бөлшектердің
іруметөлшаның қондыр-ғының ырғшеген құбырындағы қосылысы
ретр емдсыртқыинтервалы а
тіксані диамет өлш
номы, бөлрі, мм емі
еріданшек нің
а тің шег
түс і
ірі
лу
рет
і
жоғаыдан төменге
1 2 3 4 5 6 7
0 0,0 0 0,0 0 0,00 0,00
1000 0,0 0 1000,0 0 0,00 0,00
2000 0,0 0 2000,0 0 0,00 0,00
Қисықтық параметрлерінің жиынтық басы
2000 2,2 39 2000,0 0 0,00 0,00
2001 4,4 39 2000,95 39 0,00 0,16
2010 2,6 39 2009,86 39 0,00 1,47
2020 2,8 39 2019,62 39 0,00 3,54
2030 5,0 39 2028,25 39 0,00 5,31
2040 7,2 39 2037,54 39 0,00 8,40
2050 9,4 39 2047,05 39 0,00 10,65
2060 11,6 39 2056,11 39 0,00 14,26
2070 13,8 39 2065,43 39 0,00 17,34
2080 16,0 39 2074,74 39 0,00 21,47
2090 18,2 39 2083,49 39 0,00 25,36
2100 20,4 39 2092,71 39 0,00 29,93
2110 22,6 39 2101,24 39 0,00 34,78

4- кестенің жалғасы

1 2 3 4 5 6 7
2120 24,8 39 2110,05 39 0,00 39,31
2130 27,0 39 2118,18 39 0,00 44,25
2140 29,2 39 2127,06 39 0,00 50,46
2150 31,4 39 2135,15 39 0,00 56,54
2160 33,6 39 2142,56 39 0,00 62,22
Өнімді қабатқа кіру нүктесі
2170 35,8 39 2150,02 39 0,00 69,59
2180 38,0 39 2157,55 39 0,00 75,23
2190 40,2 39 2164,64 39 0,00 82,32
2200 42,4 39 2171,68 39 0,00 89,05
2210 44,6 39 2177,55 39 0,00 97,21
2220 46,8 39 2184,48 39 0,00 105,33
2230 49,0 39 2191,89 39 0,00 113,40
2240 51,2 39 2196,54 39 0,00 121,45
2250 53,4 39 2202,12 39 0,00 129,76
2260 55,6 39 2208,33 39 0,00 138,02
2270 57,8 39 2213,41 39 0,00 146,98
2280 60,0 39 2217,35 39 0,00 156,43
2290 63,2 39 2223,17 39 0,00 164,23
2300 66,0 39 2225,00 39 0,00 173,86
2310 66,0 39 2230,67 39 0,00 183,56
2320 66,0 39 2232,43 39 0,00 192,88
2330 66,0 39 2235,87 39 0,00 199,34
2340 66,0 39 2337,06 39 0,00 201,98
2350 66,0 39 2241,35 39 0,00 210,27
2360 66,0 39 2245,41 39 0,00 219,16
2370 66,0 39 2249,03 39 0,00 228,08
2380 66,0 39 2253,45 39 0,00 237,32
2390 66,0 39 2256,22 39 0,00 245,53
2400 66,0 39 2260,04 39 0,00 254,87
2410 66,0 39 2264,46 39 0,00 264,45
2420 66,0 39 2268,01 39 0,00 273,60
2430 66,0 39 2272,88 39 0,00 282,57
2440 66,0 39 2276,05 39 0,00 292,24
2450 66,0 39 2279,66 39 0,00 301,00
2460 66,0 39 2284,87 39 0,00 311,00
2470 66,0 39 2288,23 39 0,00 319,00
2480 66,0 39 2292,54 39 0,00 329,00
2490 66,0 39 2295,10 39 0,00 338,00
2500 66,0 39 2300,00 39 0,00 350,00

2.3. Ұңғыны тереңдету
117 ұңғыны бұрғылау кезінде геолого–техникалық наряд бойынша роторлы
бұрғылау әдісі 2000 метрге дейін бұрғыланады. Бұрғылану интервалы 0 – 30
метр; 30 – 450 метр; 45 – 1200 метр; 1200 – 2000 метр.
2000 метрден бастап қисаюды бұрғылау, трубиналық әдіспен 2500 метр
тереңдікке дейін немесе төменгі нүктеге дейін бұрғыланады.
5. – кестеде бұрғылаудың режимі, әдістері, ұңғы оқпанын кеңейту
көрсетілген.
6. – кестеде бұрғылау тізбегінің компоновкасы берілген.
7. – кестеде КНБК өлшемінің керекті мөлшері көрсетілген.
8. – кестеде КНБК өлшемінің орташа мөлшері мен салмағы берілген.
9. – кестеде ұсынылатын бұрғылау құбырлары берілген.
10. – кестеде бұрғылау тізбегінің конструкциясы берілген.

Кесте 5. Ұңғыны бұрғылаудың режимі, әдістері және оқпанын кеңейту

Интервал, м Техноло-гиБұрғылау Шарт-тБұрғылау режимі Техно-лог
ялық әдістері ы ия-лық
опера-циял но-мер опе-рация
ар-дың і -ларды
түрі орындау
(бұрғы-лау жылдамдығ
, ы, мсағ
ұл-ғайту,
керн
таңдау)
тө-тү-біне де-йін
бе-
сі-
нен
№ КНБК қысқаша атауы Қондыру Техникалық сипаттамасы КНБК КНБК Ескерту
рснемесе өлшем түрі, орнына орташа орташа
шифры дейінгі ұзын-дығымасса-сы,
жағдайы , м кг
Сыртқы диаметр,
мм
төбеден түбіне Көлемі, м Норма көзі
1 2 3 4 5 6 7
Ш 490 С-ЦВ Бұрғылау 0 30 150,0 Жергілікті 0,200
Ш 490 С-ЦВ Өндіру 0 30 500,0 Жергілікті 0,060
Ш 349,2 С-ГВ Бұрғылау 30 450 180,0 Жергілікті 2,333
КС 349,2 СТ Бұрғылау 30 450 1000,0 Жергілікті 0,320
Ш 349,2 С-ГВ Өндіру 30 450 1050,0 Жергілікті 0,400
КС 349,2 СТ Өндіру 30 450 1000,0 Жергілікті 0,320
КС 349,2 СТ-Д1 Өндіру 30 450 1000,0 Жергілікті 0,320
Ш 269,9 С3-ГВ Бұрғылау 450 1200 140,0 Жергілікті 5,357
КС 269,9 СТ Бұрғылау 450 1200 1100,0 Жергілікті 0,750
Ш 269,9 С3-ГВ Өндіру 450 1200 650,0 Жергілікті 1,153
КС 269,9 СТ Өндіру 450 1200 1100,0 Жергілікті 0,750
КС 269,9 СТ-Д1 Өндіру 450 1200 1100,0 Жергілікті 0,750
Ш 190,5 С3-ГАУ Бұрғылау 1200 2500 80,0 Жергілікті 16,25
КС 190,5 СТ-Д1 Бұрғылау 1200 2500 1000,0 Жергілікті 0,150
Ш 190,5 С3-ГАУ Өндіру 1200 2500 420,0 Жергілікті 3,095
КС 190,5 СТ-Д1 Өндіру 1200 2500 1000,0 Жергілікті 0,150

Кесте 8. КНБК элементінің орташа саны мен салмағы

Шеген КНБК қысқаша Дайындауға ГОСТ, Суммарлы көлемі
тізбегінің атауы немесе ОСТ, МРТУ, ТУ, МУ
атауы өлшем түрі, шифрыжәне т.б.
КНБК элементінің саны, дана Өлшем түрі немесе
шифр бойынша
салмағы, кг
Ұңғы Бұрғылау Өлшем түрі не
оқпаны-ның үшін керн шифр бойынша
жұмысы
1 2 3 4 5 6 7
Бағыттаушы Ш 490 С-ЦВ ГОСТ 20692-75 0,060 0,200 1 316
Кондуктор Ш 349,2 С-ГВ ГОСТ 20692-75 0,400 2,333 3 575
КС 349,2 СТ ТУ 26-16-109-80 0,320 0,320 2
КС 349,2 СТ-Д1 ТУ 26-16-109-80 0,320 1
Аралық Ш 269,9 С3-ГВ ГОСТ 20692-75 1,153 5,357 7 266
КС 269,9 СТ ТУ 26-16-109-80 0,750 0,750 2
КС 269,9 СТ-Д1 ТУ 26-16-109-80 0,750 1
Пайдалану Ш 190,5 С3-ГАУ ГОСТ 20692-75 3,095 16,25 20 363
КС 190,5 СТ-Д1 ТУ 26-16-109-80 0,150 0,150 1
КС 190,5 СТ-Д1 ТУ 26-16-109-80 0,150 0,150 1

Кесте 9. Ұсынылатын бұрғылау құбырлары

Бұрғылау Сыртқы Қабырға Маркасы Қосылу түрі Құбырлар саны Құбырдың бар,
тізбегінің диаметрі, мм қалыңдығы, мм жоғы
атауы
1 2 3 4 5 6 7
ТБВК 127,0 10,0 Д ЗУК – 155 Бар
ТБВК 73,0 9,0 Д ЗП - 95 Бар

Кесте 10. Бұрғылау тізбегінің конструкциясы

Техноло-гияИнтервал Рұқсат етілген тереңдік
лық
операция
түрі


Ты-ғыз-ды-ғы, Шарт-ты тұт-қыр-лық, сек Су бер-гіш-тік, см330 мин.
кгм3
жоға-тө-мен-ге Биіктігі Норманың көзі Түзету жоға-ры
ры-да коэффи-циентға
н і запас
үшін

30 - 450 450 - 1200 1200 - 2500 суммарлы
1 2 3 4 5 6
Негізгі ұнтақ 25,0 40,7 18,0 83,7
Су Жергілікті 191,0 428,0 253,0 871,0
Сода 0,5 0,9 0,8 2,2
NaOH и КОН 0,98 0,575 1,555
Сода 0,25 0,049 0,7 1,0
Родопол – 23А LSO 9000-2. АРІ 230 1,02 1,02
КССБ ТУ 39 – 094 - 75 1,25 2,035 3,25
Форалис – 380 DFCP (ОСМА – 1980) 4,8 4,1 8,9
КСІ 11,5 11,5
КМЦ 1,25 2,03 1,7 4,98
Барит 29,8 29,8
NaСІ 1,8 1,8
Мұнай ГОСТ 9965 - 76 12,5 12,5
Т – 80 ГОСТ 4568 - 74 3,9 1,17 6,8 12,4
СаСІ2 0,4 0,4
Крахмал 2,04 2,04
ПАА 0,7 0,7
Na2СO3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Амангелді мұнай кен - орнының геологиялық құрылысы
Кен орнында газ қабаттарын игеру режимдері
Амангелді кен орнының геологиялық-физикалық сипаттамасы
Аманкелді кенорнын газбен өндіру
Төменгі визейлік кенішінде
Бүкіл әлемнің және Қазақстанның ірі газ кен орындары
Амангелді ГӨЗ ЖШС-тағы мұнай өнімдері қоймасы
Ұңғы оқпанының профилі
Амангелді кен орнын
Мұнай өңдеудің технологиялық процестері
Пәндер