Жеке еңбек шарты



Жоспар

1. Жеке еңбек шарты
2. Еңбек шартына түсінік, оның маңызы
3. Еңбек шартының тараптары
4. Жеке еңбек шартының мерзімі.
5. Еңбек шартының мазмұны.
Қолданылған әдебиет
1.Жеке еңбек шарты
Мемлекетіміздің Ата Заңының 24 бабында «әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына кұқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтен-ше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
Әркімнің қауіпсіздік пен тазалықталаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін неңдей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар» екендігі айқын бекітілген.
Қолданылған әдебиет тізімі :
«Кәсіпорын экономикасы»
А.Қ. Мейірбеков
Қ.Ә. Әлімбетов
Алматы, экономика 2003
«Кәсіпорын экономикасы»
Г.Ө. Жолдасбаева
Алматы , экономика 2005.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Жеке еңбек шарты.

Орындаған: Мұхитденұлы.А
Тексерген: Медеуова.Ж.Д

Жоспар

1. Жеке еңбек шарты
2. Еңбек шартына түсінік, оның маңызы
3. Еңбек шартының тараптары
4. Жеке еңбек шартының мерзімі.
5. Еңбек шартының мазмұны.
Қолданылған әдебиет

1.Жеке еңбек шарты
Мемлекетіміздің Ата Заңының 24 бабында әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына кұқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтен-ше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
Әркімнің қауіпсіздік пен тазалықталаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін неңдей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар екендігі айқын бекітілген.
2.Еңбек шартына түсінік, оның маңызы.
Жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек құқын заң жүзіңде реттеп отыру қажет. Мұнсыз олардың көкейкесті мүдделерін қорғау мүмкін емес. Олай болса, біз құқықтық ұйымдастыру шараларының негізгі түрі еңбек шарты арқылы осы міндеттерді іске асыра аламыз.
Жеке еңбек шарты -- қызметкер мен жүмыс берушінің ара-сында жазбаша нысанда жасалатын екіжакты келісім, бұл келісім бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін орын-дай отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші кызметкерге жалакысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжым-дық шартта көзделген еңбек жағдайларын камтамасыз етуге міндеттенеді.
Еңбек шартымен қатар қазір нарықтық экономикаға көшу-ге байланысты занда контракт ұғымы пайда болды. Кон-тракт ұғымы еңбек қатынастарында арнайы мағынада қолда-нылады. Қолданылып жүрген еңбек заңдарында контракт еңбек шартының ерекше бір түрі ретінде аталғанымен оның мазмұ-ны мен құрамы еңбек шартымен сабақтасып жатыр.
Контрактының еңбек шартынан айырмашылығы мынада:
* контрактының талаптарын тараптардың өздері белгілейді және онда нақты жеңілдіктер мен артықшылықтар белгіленуі мүмкін;
* контрактыда еңбек зандарында белгіленбеген шаралар қолданылуы мүмкін, мысалы, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақытының режимі, демалыстың ұзақтығы және т.б.
Еңбекші бір кәсіпорынмен еңбек шартын (контрактісін) жасасқан күннен бастап ол сол кәсіпорынның еңбек ұжымы-на мүше болады, әрі оның ішкі еңбек тәртібі ережелеріне ба-ғынады. Осынысымен, еңбек шарты басқа азаматтық құқығын-да қолданылатын шарттардан ажыратылады.
Еңбек шартының заңдық маңызы өте зор:
1) ол елімізде еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың, тұрақ-тандырудың және тартудың ең негізгі құқықтық нысаны;
2) ол еңбекшілердің еңбек құқығын жүзеге асырудың негізгі нысаны;
3) еңбек шарты еңбек қатынастарының пайда болуына негіз болатын заңды маңызы бар факті;
4) еңбек шарты өзінің тараптары үшін қажетті еңбек құқықтары мен міндеттерін тудырушы негіз;
5) еңбек шарты арқылы еңбекші белгілі бір кәсіпорынның еңбек ұжымына мүше бола алады;
6) еңбек шарты жеке еңбек келісімі болғандықтан ол еңбеккердің жеке басын заңсыз еңбек жағдайларынан қорғайды.
3.Еңбек шартының тараптары.
Еңбек шартының бір жағы, белгілі жасқа толған және еңбек шартын жасауға талап қылған азамат та, екінші жағы жұмыс беруші немесе кәсіпорын әкімшілігі. Бірақ осы еңбек қаты-настары пайда болу үшін тараптардың (жақтардың) белгілі заң-ды қасиеттері болу керек. Бұл заңды қасиеттер мынандай эле-менттерден тұрады: еңбекке құқықтық қабілеттілік; тараптар-дың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың кепілдіктері; еңбек шартындағы міндеттерді орындау жауапкершілігі;
Еңбекке құқықтық қабілеттілік деп еңбек шартындағы та-раптардың құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеттілігін айтады. Еңбекке құқықтық қабілеттіліктің негізгі өлшемдері (белгілері) мыналар: жас өлшемі (возрастной); ерік (жігер) өлшемі (волевой); әлеуметтік өлшем.
Еңбек заңдарында жеке еңбек шартын 16 жасқа толған адам-дармен жасасуға жол берілген. 14 немесе 15 жастағы жасөспіріммен шарт жасасу жөнінде келіссөзден кейін жұмыс беруші одан ата-анасының (асыраушысының, қамқоршысы-ның) біреуінің жазбаша түрдегі келісімін (өтінішін) және олар-дын шартқа қол қоюын талап етуге міндетті.
Ата-анасы әзінің әтінішінде:
-- жасәспірімнің жалпы білім беретін оқу орнын тастап кету себебін, егер бітірген болса, онда қашан, қайда бітіргенін;
-- жасөспірім таңдап алған жұмыстың оның денсаулығына, дәрігердің еңбек нұсқамасына және оның жеке басының мүдделеріне, қызығушылықтары мен әдеттеріне сәйкес келетінін көрсетуге міндетті.
Өтініште жасөспірімнің таңдаған жұмысын атқаруына кедергі келтіретін қандай да болмасын себеп болған жағдайда жұмыс беруші шарт жасасудан бас тартуға тиіс.
14-16 жастағы кәмелетке толмағандар еңбек жасына неме-се азаматтық кәмелетке толмаған адамдардың еңбек етуге құқығы субъектілігі мен мазмұны жағынан бірдей еңбек ету кұқығы субъектілігіне ие болады. Сондықтан шарт жасасу кезінде осындай кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуінің (қорғаншысы, қамқоршысы) келісімі болуын олар-дың еңбек етуге құқығы субъектілігін танудың косымша ар-наулы талабы деп түсінуге болмайды.
Ата-ананың (қорғаншының, қамқоршының) біреуінің 14 немесе 15 жасар жасөспіріммен шарт жасасуға берген келісімі олардың нақты жұмыс берушімен жасалатын еңбек етуге құқықтық қатынастарының заңдылық құрамының қажетті элементі болып табылады. Жасөспіріммен шарт жасасуға әзінің келісімін білдіре отырып ата-ана (қамқоршы, қорғаншы) оны осы ұйымдағы еңбек жағдайына қабілетті деп таниды және осы-ған байланысты жұмыс беруші тарапынан еңбек шартында келісілген еңбекақы және еңбек жағдайы жөніндегі кепіл-діктердің сақталуын бақылай алады.
Жұмыс беруші жұмысқа жаңадан келген жас қызмет-керлерді ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыруға, техника, өрт қауіпсіздігі жөнінде жан-жақты нұсқау беруге, жасөспірімдерді дербес жұмысқа олар жұмыс-тың қауіпсіз тәсілдерін игергеннен және жеке басын қорғау құралдарымен қамтамасыз еткеннен кейін ғана жібереді.
Еңбек жағдайы зиянды және қауіпті өндірістерде, кәсіп-терде, мамандықтар мен жұмыстарда, сондай-ақ ауыр заттар-ды қолмен көтерумен және жылжытумен байланысты жұмыс-тарда заңдарға сәйкес 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегін пайдалануға жол берілмейді (Еңбек қорғау туралы Заңның 17-бабы).
Тек ерекше жағдайларда ата-анасының немесе қамқоршы-сының, қорғаншысының келісімімен орта білім алған не жал-пы білім беретін оқу орнын тастап кеткен 15 жасқа толған жасөспірімдермен еңбек шарты жасалады. Сондай-ақ ата-ана-сының бірінің (қорғаншысының, қамқоршысының) келісімі-мен жеке еңбек шарты оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқатолған окушымен жасалуы мүмкін.
Еңбекке құқықтық кабілеттілігі бар барлық азаматтардың тең құкылығын оның әлеуметтік өлшемі дейді. Қолданылып жүрген еңбек заңдарында еңбек етуге құқылы барлық азамат-тар үшін мамандық тандауда, кәсіпке үйренуде тең мүмкін-діктер белгіленген. Жұмысқа алу кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге көзқарасына қарап, азаматтардың кұқықта-рына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі негізінде еңбек шартының реттелуі
Жеке еңбек шарты және оның мәні
Еңбек құқығы жүйесі
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
Жеке еңбек шартының мерзімі
Еңбектік құқықтық қатынастар туралы
Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік
Ашық конкурсқа
Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар
Еңбек құқығы туралы мәлімет
Пәндер