Негізгі құралдардың амортизациясы



Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Негізгі құралдар қозғалысының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Негізгі құралдарды түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4 Келіп түскен құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.5 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшелік.тері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.6 Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

ІІ.ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ ... ... ... ...38
2.1 Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу ... ... ... ...38
2.2 Негізгі құралдарды есептен шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы №234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесi қарастырылған, онда бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерi айтылады.
Осы Заңда негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – уәкiлеттi органның бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша куәлiкпен расталған, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;
2) бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;
3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) – кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР Конституциясы;
2. .Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы – 2005;
3. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы// Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы// Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 4, 32-құжат;
"Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 12 наурыз N 63-64;
4. Кәсіпорын саудасының маңызы, Қаржы – қаражат // 2001;
5. ҚР-ң қаржы министрлігінің ақпараттық хабаршысы;
6. Кеулімжаев К.К «Бухгалтерлік есеп принциптері» // Алматы – 2003;
7. Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп //Алматы – 2003;
8. Басқару есебі, Алматы – 2005;
9. Қаржыландырумен ағымдағы жалға берудің есебі//Бухгалтер бюллетені-2007;
10. Бухгалтерский учет, М., 1998;
11. Бухгалтерлік есеп принциптері// Алматы – 2004;
12. Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы бухгалтерлік есеп;
13. Бухгалтерлік есеп және аудит // N 8, 2001;
14. Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру // Бух. Учет и аудит- 2003;
15. Абленов Д.О. Аудит негіздері//Алматы – 2005;
16. Бухгалтерлік есеп және аудит// БИКО- 2004;

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы мемлекеттік бизнес колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау

Орындаған: Алимкулова А.
Тексерген: Сериккулова А.Т.

Алматы 2012 ж

Жоспар

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ---------------------3

І-ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ------------------------------ ---------------5
1.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау---------------------------- --------5
1.2 Негізгі құралдар қозғалысының есебі------------------------------ ---------------9
1.3 Негізгі құралдарды түгендеу--------------------------- ----------------------------13
1.4 Келіп түскен құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру------------------------ ----------------------------------- --------------------15
1.5 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшелік-тері--------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- 18
1.6 Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері---------------------- ---------------------------------22

ІІ-ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ---------------38
2.1 Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу---------------38
0.2 Негізгі құралдарды есептен шығару----------------------------- ----------------41

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- --------------44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- --------------------46



КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы №234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесi қарастырылған, онда бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерi айтылады.
Осы Заңда негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - уәкiлеттi органның бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша куәлiкпен расталған, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;
2) бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;
3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) - кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

Негізгі құралдардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің түгендеу есебін қарастыру. Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жургізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал 54 бөлікшенің баланстық шоты бойынша көрсетілді.
Қаржыландырумен ағымдағы жалға беру есебін қарастыру арқылы мынадай мәселелерді анықтау:
oo негізгі құралдарың есебін бақылау;
oo жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар есебін қарастыру;
oo қаржыландыру мен ағымдағы жал есебін анықтау т.б.

І-тарау. Негізгі құралдар есебі
0.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау

Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
а) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
э) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
1. Жер - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы;
2. Үйлер - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.
3. Ғимараттар - еңбекке керек-жарақтардың емес (зат скважиналар, көпірлер және т.б.) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
4. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топшадан тұрады:
:: күш-қуатты машиналар мен жабдықтар - жылу және электр қуатты өндіретін машина-генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын машина-двигательдер (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двитательдері, трубиналар, электр двигательдері және т.б.);
:: жұмыс машиналары мен жабдықтары - еңбек өнімін жасау процесінде керек-жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер ету үшін арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарлық-винт, бұранда жасайтын станоктар, ағаш тілетін рамалар, насостар, электромоторлар, экскаваторлар, ірейдерлер (жол құрылысына пайдаланылатын машиналар және т.б.);
:: өлшеуіш және реттегіш құрал-аспаптар (приборлар, құрылғылар мен керек-жарақтар, лабороториялық жабдықтар) - өндірістік процестерді өлшеу, реттеу үшін құрал-аспаптар, құрылғылар мен керек-жарақтар (дозаторлар, амперметрлар, микроскоптар, су өлшеуіштер және басқалары);
:: есептегіш техника - процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғы, керек-жарақтар, құрал-аспаптар (компьютерлер мен басқа есептегіш техника);
:: басқа да машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт сөндіру машиналары).
5. Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, турба құбыры) қондырғылары.
6. Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
7. Басқа да негізгі құралдар:
- аспап - қол енбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған немесе металл, ағаш және т.б. өндеуге арналған, машинаға бекітілген керек-жарақтар (кескіш, соққыгер, езуші, тығыздап нығайтылған - электр қол бұрғылар, бояу сыр пульттары, вибраторлар, қысқыштар):
:: өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған заттар - жұмыс үстелдері, шкафтар, верстактар (ағаш ұсталарының ағаш шабатын, кесетін ұзынша үстелі);
:: шаруашылық мүлкі - кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.);
:: жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы - аттар, өгіз, түйе және тағы басқа жұмыс малы. Өсімтал мал - ірі қара мал, тұқымдық айғырлар және тұқымдық бие; тұкымдық нар мен аруана, бұғы, марал, ұрғашылары мен еркектері, қабан шошқа, ешкі, саулық және қопшар. Мүліктік объект - әрбір үлкен мал.
:: көпжылдық көшет егістері - қолдан етілген, жасына қарамайтын көпжылдық егістер (жеміс-жидек беретін, жүзімдік, көпжылдық егістері, роза плантациясы, бұғадан (өсімдіктен) жасалған қорғлау, қаша, танапты қорғайтын егістер). Жас қасиеттер әбден толысқан (жеміс беру басы, ағаштың ұшар басының түйісуі);
:: жерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар - ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі мүліктік сипаттағы шығындар (жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу, алаңды егіндікке арнап тамырмен жұлу, жерді тастан тазарту);
:: басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорттық мүлік, мүражай құндылықтары.
8. Бітпеген құрылыс.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды, өйткені олар:
:: тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) - уақытша қолданылмайды;
:: қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
:: жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 2410 Негізгі кұралдар ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
:: бастапқы күн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай каражаттың немесе оның баламасының сомасы;
:: ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;
:: өткізу құнымен (әділ бағаның) - мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
:: жойылу құны - шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
:: амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
:: баланстың құнмен - жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал - активтің баланстық құны онын орнын толтыратын құннан артқан сома.

1.2 Негізгі құралдар қозғалысының есебі.

Субъектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып-сату мақсатымен алынған негізгі қорлар - тауарлық-материалдық қорлар кұрамында, ал субъектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен алынатын негізгі құралдар қаржылым инвестиция ретінде көрсетіледі. Негізгі құралдарды есептеу үшін 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады.
Негізгі құралдар құралына объектілердің есепке алу пайдаланудың нормативтік мерзімі көрсетілетін. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен (№НҚ-1 ф.) ресімделеді. Субъектілер пайдалы қызмет ету мерзімін (негізгі құралдардың қолданудан экономикалық пайда алу көзделетін кезең нормативті қызмет мерзімін (субъект белгіленген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең және жойылу құнын (пайдалы қызметі мерзімі біткен соң, күтілген шығыны істен шоты соң есептен шығарылып, негізгі құралдарды жоюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерия да мүліктік карточка . ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізеді. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте рет нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетге реттік-сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер, ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б. нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады, ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде (N НҚ-6) тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды Архив картотекасы бөліміне қояды.
Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС, сатып алу келісім-шартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы және т.б.), жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал-жабдықтар кіріске алынады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату шартын ресімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы
қорына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жорамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар: материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойьшша проценттер, құрылысқа рұқсат алу
үшін шығатын шығындар.
Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар ретінде ескеріледі. Негізгі құрал объектілерінің бастапқы құны былайша белгіленеді:
Негізгі құралдардың істен шығуы.
Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:
:: физикалық немесе сапалық тозу;
:: шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;
:: басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде беру;
:: басқа заңды немесе жеке тұлғаларға етеусіз беру;
:: объектілерде ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;
:: кем шығу, табиғи апат және басқа себептер.
Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.
Комиссия объектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгідейді, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды бағалайды. Есептен шығаруды Негізгі құралды есептен шығару актісі (№НҚ-3 ф.) және Автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен (№НҚ-4 ф.) екі данамен ресімделеді.
Объектіні таратуға тек ұйым басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана кіріседі.
Негізгі құралдардың істен шығуы (есептен шьнуы) мынандай бухгалтерлік жазбалармен көрсетіледі: Негізгі құралды өткізу

Мысалы: Үй, бастапкы құны 5300800 теңге, есептелген тозу сомасы 2120320 теңге, тозу дәрежесі 40%. 2 графадағы коэффициенттерді қолдана отырып қайта есептейік:
:: Ағымдағы құн 5300800 теңге х 1,054 = 5587043 теңге.
:: Тозу сомасын түзетейік 2120320 теңге х 1,054 = 2 234 817 теңге.
:: Бастапқы құнды қайтадан бағалау сомасы:
2421 Үйлер шоты дебеті
5320 Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал шот кредиті
5 300 800 теңге - 5 587043 теңге = 286 243 тек
:: Тозуды қайта бағалау:
5320 Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал шот дебеті
2421 Үйдің тозуы шот кредиті 2 234 817теңге-2 120 320теңге= 114497 теңге
№6 Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес активті пайдалану шамасына қарай қайта бағалау сомасы амортизация есептеу тәсілінде қолданылуға сәйкес айқындалатын мөлшерлердегі бөлінбеген табысқа ауыстырылады.
Құнды ұлгайту сомасы (актив кұнының өсуі):
(300 800 теңге - 5 587043 теңге) - (2 234 817 теңге -2 120 320 теңге) = 171 746 теңге.
Артық бағалаудың барлық сомасы тек активтің себебіне қарамастан істен шыққан бөлінбеген табысқа көшіріледі. Мұндайда мынандай жазба түседі:
5320 Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал шот дебеті
5410 Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) шот кредиті -171746 теңге.

0.3 Негізгі құралдарды түгендеу

Негізгі құралдарды түгендеу олардың сақталуын бақылау мен нақты бар екендігін анықтау мақсатымен 2410 Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Түгендеу басталмас бұрын техникалық құжаттардың бар-жоғын тексеру керек - құжаттар жоқ болса, оларды алу немесе ресімдеу қажет. Субъект құрған комиссия міндетті түрде объектіге байқап қарайды және Негізгі құралдарды түгендеу тізімдемесіне қолардың толық атауын, белгіленген міндетін, мүліктік нөмірін және негізгі техникалық және пайдаланылатын көрсеткіштерін жазады. Есепке алынған объектілер табылғанда, сондай-ақ бухгалтерлік есеп регистрін оларды сипаттайтын мәліметтер жоқ болса немесе дұрыс көрсетілмесе, комиссия түгендеу тізімдемесіне (опись) және мүлік карточкаларына жетіспейтін, сонымен қатар сол объектілер бойынша дұрыс мәліметтермен техникалық көрсеткіштерді енгізуге тиісті.
Егер комиссия күрделі сипатта жасалған (қабаттарды салу, қосымша үй, бөлме салу және т.б.) жұмыстарды немесе құрылыс пен орнатылғандарды жекелеп жоюды (кейбір конструктивті элементтерді бұзу) бухгалтерлік есепте көрсетпесе, тиісті құжаттар бойынша объектінің баланстық құнын арттыруды немесе түсірудің сомасын анықтауды қажет және регистрде болған өзгерістер жайлы мәліметтер келтіру керек. Комиссия бір уақытта кінәлі адамдарды әрі сол және басқа объектілердегі конструктивті өзгерістерді бухгалтерлік есеп регистрін де көрсетпеу себептерін анықтауға тиіс.
Түгендеу сәтінде шаруашылық жүргізуші субъектіден сыртқары жерде тұрған (алыс регистердегі, теңіз және өзен кемелері, күрделі жөндеуге жіберілген автомашиналар және т.б.) негізгі құалдар олар істен шыққанша түгенделеді.
Пайдалануға жарамсыз және қалпына келтірілмейтін негізгі құралдар түгендеу тізіміне кіргізілмейді.
Меншікті құралдарды түгендеумен бір уақытта жалға алынған және жауапты сақталуда тұрған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілер бойынша әрбір шаруашылық жүргізуші субъект бойынша жекелей түгендеу тізімдемелері жасалады, оларда бұл объектілерді жалға алу немесе жауапты сақталуға қабылданғандығын растайтын құжаттарға сілтеме беріледі. Оларда белгіленген мәліметтерден басқа шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, жал немесе сақтау мерзімі көрсетіледі. Түгендеу тізімдемесінің бір данасы осы шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жолданады.
Түгендеу нәтижелерін айқындау үшін бухгалтерияда есеп мәліметтерінен ауытқу табылған объектілерді де қоса жазған Негізгі құралдарды түгендеу нәтижелерін салыстыру тізімдемесі жасалынады.
Түгендеу комиссиясының хаттамасын субъект басшысы түгендеу аяқталғаннан кейін 10 күннен кем емес мерзімде бекітеді. Қорытындылары түгендеу біткен айдың есебінде көрсетілуі тиіс.

Мысалы. Түгендеу кезінде табылған, ескерілмеген негізгі құрал объектілерінің құны мынадай бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі:
+ тозу сомасына (объектінің техникалық жағдайына негізделіп, есептелетін жолмен анықталады.)
2412-2416 Негізгі құралдар шоты дебеті
Негізгі құралдардың баланстық құнына
2421-2429- Негізгі құралдардың тозу дебеті 32 000 тенге;
+ негізгі құралдардың баланстық құнына
2412-2416 Негізгі құралдар шот дебеті
6282 Негізгі емес іс-әрекеннен түскен басқа да табыс кредиті
196 000 теңге,
+ есепті кезең соңында
6280 Негізгі емес іс - әрекеттен түскен табыс дебеті
2410 Жиынтық табыс шот кредиті 196 000 теңге.

0.4 Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру

Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал - саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көпжылдық өсімдіктерге өткеннен жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады.
Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімдеуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай - ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезеңінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірінші объектісін қабылдау - тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал - сайманның, жабдықтардың және т.б объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс - беріс ( орын ауыстыру ) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, коммисия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті джербес анықтай алады, яғни ол дербес құралдардың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылвқ жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек.
Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл карточкада бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдардың актілері, техникалық төл құжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрлымдық элементттерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралдарды басқа субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай - ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде Негізгі құралдар объектілерінің есептен шығару актісі негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау - тапсыру актілері негізінде жазылады.
Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай - ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым маңызды екі - үш сапалық көрсеткіштерімен шектеліп, оған қатысты қосымша құрылыстар, бейімдегіш және тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей - ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына тұтастай береді.
Егерде объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.
Бухгалтерияда толтырылған Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге тіркейді, ол ( тізімдеме ) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір данадан жасалады.
Тіркеу кезінде карточкаларды нөмірлейді, содан кейіннегшізгі құралдарды жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде - қолдану орындарымен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері бойынша көрсетіледі. Карточка әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: Қолданыстағы негізгі құралда , сондай - ақ Ағымдағы айда кеіп түскені , Ағымдағы айда шығып кеткені , Ішкі орын ауыстырғандағы , Жөндеудегі , Қордағы , Тоқтап тұрғаны ( консервациядағы ) , Жалға алынған негізгі құралдар , Архив.
Субъектінің материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың барлығы бөлімдер ( цехтар ) бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда сақталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны туралы тізімдердегі және мүліктік карточкалардағы мәліметтер сәйкес келуі керек. Пайдалану роны бойынша негізгі құралдардың есебі мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылып алынған екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болулары керек.

1.5 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің
ерекшеліктері

Жерді тұрақты пайдалану құқығы мен жерді меншік құқығы ретінде есепке алу. Қазақстан Республикасының Жер туралы заңына сәйкес жер териториялық кеңістік болып саналады, оның шегінде ҚР сусуверенитеті, табиғи ресурстары, жалпыға бірдей өндіріс процесі және териториялық негізіндегі кез - келген еңбек процесі белгіленген . жер өндіріс прцесі ретінде еңбек процесінің және экономиканың бірқатар саласының, атап айтқанда, ауыл және орман шаруашылығының қажетті материалдық алғы шарттары ьболып табылады.
ҚР Конститутциясына сәйкес жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. Сондай - ақ, бекітілген заңдар негізінде, шарттар мен шектеулерге байланысты жер жеке меншікке берілуі мүмкін.
ҚР жердің мемлекеттікте, жеке меншік те түрлері бірдей қорғалып және танылады. Кез - келген меншік иесі заңға қайшы келмейтін кез - келген мәмілені жасауына болады.
Мемлекет меншігінде жерден оның учаскелерін:
сатуға немесе жеке меншікке тегін пайдалануына;
тұрақты немесе уақытша пайдалануына;
заң актілерінде қаралған шарттары бойынша жерге деген құқын сатуға болады.
Жерді пайдалану құқы - мемлекет меншігінде тұрған жер учаскелерін тұлғалар ұзақ немесе белгілі бір мерзімге, немесе тегін пайдалануға құқығы бар. Жерді пайдалану құқығы: мемлекеттік органдарының актісінің, азаматтық құқықтық мәміленің және басқа да заңмен қарастырылған кезінде пайда болады.
Жерді қысқа мерзімді пайдалану үшін 5 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді пайдалану үшін 5 жылдан 49 жылға дейін алады. Жерді қысқа мерзімге пайдалану үшін, оның пайдалану мақсаты көрсетіледі.
Жерді басқа да құралдармен салыстырғанда айырмашылығы шаруашылық айналыстағы жердің тұтыну құны ұтымды пайдаланған кезде тез азайып қана қоймай, сонымен қатар жақсара түседі. Осыған байланысты жер амортизацияланбайтын болып саналады.
Жерді пайдаланушылар мемлекетке жер үшін төлем төлейді. Жеке меншікке немесе жалға берілетін жерлердің төлем мөлшерлемесі ҚР үкіметінің 2001 жыл 16 маусымдағы № 210 - 10 заңымен бекітілген.
Әрбір кәсіпорын жердің оперативтік және бухгалтерліу есебін жүргізеді.
Әрбір жер төлемі бойынша негізгі құралдарды есептеудің мүліктіккарточкалары ашылып, жердің аналитикалық есебі жүргізіледі.
Меншік құқы мен жерді пайдалану құқы ҚР Азаматтық кодексімен және басқа да ҚР заң актілерінде қаралған тәртіпте қорғалады.
Меншік иесі немесе жерді пайдаланушылардың шеккен зияндары толық көлемінде өтіледі де, егер де:
меншік құқығынан немесе жерді пайдаланушылардан мемлекеттің қажеттілігі үшін қайтарылып алынса;
меншік құқығына немесе жерді пайдаланушыларға жерді пайдаланудың айрықша тәртібі белгіленуіне байланысты шектеулер енгізілсе;
меншік құқығы мен пайдалану құқығы бұзылса;
объекті салу және пайдалану нәтижесінде жердің сапасы төмендесе, нәтижесінде жер құнарлығы мен суару жағдайы нашарласа;
төтенше жағдай кезінде жерді қайтарып алса.
Меншік иелерінің және жерді пайдаланушылардың шеккен зияны, соған зиян келтірілгендердің есебін өтеледі.
Уақытша әкелінген және әкетілетін негізгі құралдардың есебі. Қолданыстағы заңға сәйкес шетелдік инвесторлар, басқа да заңды тұлғалар өндіріс процесінің белгілі бір уақыт мерзімінде пайдалану үшін ҚР территориясына өндіріс құрал - жабдықтарын мен басқа да негізгі құралдарын уақытша әкелуге құқылы. Бұл негізгі құралдар өзгертілмеген күйінде өз иесіне қайтарылады, тек табиғи тозуынан басқасы. Республикаға әкелінбейтін негізгі құралдардың категорияларын ҚР Министрлер кабинеті анықтайды. Негізгі құралдарды әкелуге кедендік органдар рұқсат береді. Әкелу мерзімі әкелу мақсатымен белгіленеді және ол әдеттегідей екі жылдан аспауы тиіс.
Негізгі құралдардың Республикаға әкелінетін мүліктері толықтай немесе ішінара кеден салығынан босатылуы мүмкін.
Осыған сәйкес ҚР субъектісі кедендік территория шегінен тысқары шетелдерде өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін негізгі қорларын алып кетуіне құқылы.
Әкелінген және әкелінетін негізгі құралдардың есебі келесі: ( 2412-2415) Уақытша әкелінетін негізгі құралдар қосалқы шоттарында босатылуы мүмкін.
Уақытша әкелінген негізгі құралдарды есепке алғанда 2412-3, 2413-3, 2414-3, шоттары дебеттеліп 4240 шоты кредиттеледі.
Уақытша әкелінген негізгі құралдарды пайдалану процесінде олар бойынша белгіленген тәртіп бойынша олардың амортизациясы есептеледі. Бұл жағдайда 2930,7110,7210,8045 шоттары дебеттеледі де, соған сәйкес 13-ші Негізгі құралдардың тозуы бөлімшесінің шоты, 3-ші Уақытша әкелінетін негізгі құралдардың тозу қосалқы шоты кредиттеледі.
Уақытша әкелінген негізгі құралдар қайтарылған кезде мынадай шоттар корреспонденциясы жасалынады:
уақытша әкелінген негізгі құралдардың бастапқы құнына : 687т - ші Басқа да кредиторлық берешек және есептеулер шоты дебеттеліп, 12-ші Негізгі құралдар шоттарының ( 2412\3-2415-\3 )бөлімше шоттары кредиттеледі;
есептелінген тозу сомасына :13-ші Негізгі құралдардың тозуы бөлімше дебеттеліп, 12-ші Негізгі құралдар бөлімшесі кредиттеледі.
Негізгі құралдардың әкетілуі 12- ші Негізгі құралдар ( 2412\4-2415\4 шоттары) бөлімшесінің дебетінде және тап осы бөлімшесінің ( 2412-2415 шоттары), 1-ші Меншік негізгі құралдар қосалқы шотының кредитінде көрсетіледі. Уақытша әкетілген негізгі құралдар осыған керісінше жазбалар арқылы көрсетіледі.

1.6 Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында.
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын ролі зор.
Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасы қолданыстағы негізгі құралдарға амортизацияның толық саласы есептелген болса, бұл жағдайда қаржы есептілігінің дұрыстығына оның салдарының әсерін ескере қарау керек.
Ал негізгі бөлімінде негізгі құралдар есебін талдауға және негізгі құрал есебін жетілдіру жолдарына арнадық. Жетілдіру жолында негізгі құралдың жақсаруына жағдай жасайтын ұсыныстарды ұсындық.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Негізгі құрал-жабдықтардың құны бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, және қалдық болады.
Бастапқы тарихи құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
Ағымды құн -- бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн -- бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату құны -- бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың тараптардын негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны -- тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық кұндылықтардың құны.
Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.
Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдеу жүргізіледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалау 16 ХКЕС сәйкес, негізгі құралдың бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. Әрекет етіп тұрған нормативтік актілерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілер заңмен ұштастырылған негізгі құралдардың индексациялауының ережесі мен тәртібі туралы дербес шешім қабылдай алады. Қайта бағалаудың барысында негізгі құралдардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты ағымдағы (нарықтық) құны мен тозу дәрежесі туралы дәл және толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды роль атқарады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды қайта бағалау техникалық дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заман талабына сай ұдайы өңдірісті жетілдіруге қажетті жағдайларды жасап, негізгі құралдарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Әділ баға: нарыктағы бағасы бойынша немесе дисконтталған құн бойынша есептелінуі мүмкін.
Дисконтталған құн бойынша есептеген кезде ад1л багасын өте аз деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын есіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін қолданады.
Нарықтық экономика өрістеуіне байланысты қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттарға біртіндеп көшіріліп келеді.
Негізгі құралдар есебі бойынша неғұрлым жиі қойылатын сұрақтар - бұлар негізгі құралдарды активтердің топтары бойынша топтапстыру, жою құнын анықтау туралы және негізгі құралдарды әділ құны бойынша бағалауды кімнің жүргізуі тиіс, яғни ХҚЕС - на ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен есепте бейнеленуі
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
Негізгі құралдарды кайта бағалау
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Ұйымның негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің аудиті
Негізгі қорлардың мәні және оларды пайдалану әдісі
Негізгі құралдарды есепке алу
Материалдық емес активтердің аудиті
Пәндер