Мұнай кен орындарын игеру режимдері


Мазмұны
1 Кіріспе
2 Мұнай кен орындарын игеру режимдері
3 Қабат режимі
3. 1 Суарынды (табиғи және жасанды) режим
3. 2 Серпімді режим
3. 3 Газарынды (газшапкалы) режим
3. 4 Еріген газ режимі
3. 5 Гравитациялық режим.
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мұнай газ кен орындарын игеру - деп кен орнын бұрғылау және мұнай мен газ қорларын өндіру, яғни жер қойнауынан көмірсутектерді және олармен серіктес пайдалы қазбаларды алудың ғылыми негізделген процесінің жүзеге асуын айтамыз.
Мұнай газ кен орындарын игеру теориясы мұнай кәсіпшілік геологиясы, гидрогеология, геофизика, қабат физикасы, жер асты гидромеханикасы және салалық экономикадан алған білімдерге негізделеді.
Игеру объектісі - деп, бұл игерілетін кен орны аумағындағы белгілі бір топ ұңғылар көмегі арқылы жасанды бөлінген геологиялық түзілістерді айтамыз (яғни, жер қойнауынан алынатын көмірсутектердің өндірістік қоры бар қабат, массив, құрылым, қабаттар жиынтығын айтады) .
Игеру объектісіне бір, бірнеше немесе кен орнының барлық қабаттары кіруі мүмкін.
Пайдалану және айдау ұңғымаларының жүйесімен дренаждау барысында кеуекті ортаның үрдістерін анықтайтын барлық табиғи және жасанды факторлардың қосындысын қабат режимі деп аталады.
Мұнай кен орындарын игеру режимдері
Мұнай кен орындарын игеру режимдері қабат ішімен ұңғы түбіне дейін сұйық фильтрациясы есебімен қозғалып отырады. Сұйық осы қабат қысымының әсерінен сығылған күйде болады. Кен орынды пайдаланған, ереже бойынша қабат қысымы азайады. Қабат қысымының өзгеруі әрдайым байқалып отырылады және оның тез төмендеуі кезінде жасанды жолдарды қолданады және көбіне қабат қысымын ұстау жолдарын қолданады. Қабат қысымының төмендеу қарқыны, кен орындағы қабат сұйығын: мұнай, су және газды алудан болады, ол кенорынды игерумен байланысты. Ол жасанды факторлар. Басқа жағынан алғанда қабат қысымының қоры, ол басты қабат қысымының көлемі, және оның төмендеуі табиғи факторларға да байланысты.
- газды шапканың болмауы, кенорынды игерудегі энергияны кең қолдану;
- қабаттағы жүйесіндегі серпімді энергияның қоры;
- мұнай құрамындағы еріген газ қоры;
- гравитациялық факторлар, олар мұнайды қабаттан ығыстыруда нәтижелі болу, құлау бұрышы үлкен болуы мүмкін.
Барлық жасанды және табиғи факторлар жиынтығы, қабат режимі деп аталады. Олар бес режимге бөлінеді: суарынды (табиғи және жасанды), серпімді, газарынды (газшапкалы режим), еріген газ режимі және гравитациялық режим .
Кенорынды игеру игерудің дұрыс режимін таңдаудан: оның ұңғыдан сұйықты алудың технологиялық нормасы, сағаның динамикалық қысымының керекті шегі, игерудің гидродинамикалық райын таңдаудың математикалық есептері, газ және сұйық өнімінің көлемін анықтау, ұңғының сулану процесін есептеу, сонымен бірге кенішке әсер ету шаралары, осының барлығы кенішті игерудегі мұнай бергіштік коэффициентінің максималды шекке жету мақсатымен жасалады.
Бірақ кеніш режимін анықтау әрдайым оңай болмайды, көптеген факторларға байланысты режимдер екеуі бірге анықталуы мүмкін. Сондықтан идеалды жағдайда, егер бірнеше режим бір уақытта анықталса, онда кенішті игеру процесінде тек қана бір режим колданылады, ол басқа пайда болған режимдер немесе ескерілмейді, немесе көп есепке алынбайды.
Су арынды режим
Алынған режимде мұнай фильтрациясы шет немесе контур сырты су қысымымен іске асады, олар әрдайым жаңбыр суы немесе басқа сулар толықтыру арқылы, немесе үзіліссіз айдау ұңғылар жүйесі арқылы су айдаудан қуат алып отырады.
Су арынды режим қолданғандықтан мына теңсіздік болады: P m ≥P нас , мұнда Р m - орташа қабат қысымы, Р нас -қанығу қысымы.
Бұл режим кезінде мұнайдың фильтрациясы, жер бетіне жаңбырдың немесе айдау ұңғымалар жүйесі арқылы үздіксіз айдалатын немесе қоректеніп тұратын шектік немесе нұсқа сыртындағы сулардың әсерінен жүреді.
Суарынды режимнің болу шарты.
Р қаб >Р қан , мұнда Р қаб -орташа қабаттың қысым, Р қан - қанығу қысымы. Бұл шарт кезінде қабатта еркін газ жоқ, мұнайдың өзі немесе мұнай сумен фильтрацияланады.
Өткізгішті қабат 2 (1-сурет. ) мұнай алу аймағын 1 мен қоректену аймағын 3 арасындағы гидродинамикалық байланысты қамтамасыз етеді, бұған табиғи суат - өзен арнасы қызмет бола алады.
Қатпарлардың түзілу үрдісі барысында мысалға, өзен арнасының 3, аймағындағы орналасқан кеуекті және өткізгіш қабаттар беттік жаққа шығуға мүмкіншілік алады, осы өзен арнасынан ұңғыма 4 арқылы мұнайды алу кезінде, қабаттың сумен үздіксіз қоректенуі жүреді. Қабат - коллектор, шоғырдан бастап беттік суларды жұту орнына дейін созылу бойымен жетерліктей өткізгіштікке ие болуға тиісті. Бұл нұсқа сыртындағы судың қарқындылығын шарттайды. Әдетте бұндай шоғырларда қабаттық қысым, суды бағанасының биіктігі қабаттың шоғырлану тереңдігімен бірдей гидростатикалық қысымға тең болады.
Игерудің бастапқы сатысында төмендеген қысым, алдыңғы уақытта сұйықты алудың орнатылған жылдамдығында (жылына алынатын қордан 2-8 %) тұрақты болып қалады. Суарынды режим кезінде мұнайды алу орны нұсқа сырты немесе айдалатын сумен толтырылады, ол уақыт аралығында ұңғы шығымының қабат қысымының және газ факторының тұрақтылығымен түсіндіріледі. Газ факторының тұрақтылығы келесі жағдайлармен шартталады, Р қаб >Р қан кезде қабаттан газ бөлінуі жүрмейді, сондықтан әр тонна мұнайдан, қабаттық шарттарда (2-сурет)
(2-сурет)
мұнайда еріген газ мөлшері ғана өндіріледі. Алайда қабаттың қатты қатпарлы біртексіздігінде ұңғымалардың сулануы уақыт ішінде созылуы мүмкін, өйткені жақсы өтімді қатпарлардан қабаттық су ұңғы түбіне тез, ал нашар өтімді қабаттардан - баяу жетеді. Суарынды режим кезінде мұнайдың жетерліктей тиімді ығысуы жүреді және мұнай бергіштіктің жоғарғы коэффициенті іске асады.
Серпімді режим
Бұл режимде, мұнайды ығыстыру кенішті қоршаған су және қабат қаңқаларындағы мұнай өзінің серпімді кеңею әсерінен болады. Бұл режимдегі міндетті талап, ол қабат қысымын, қанығу қысымын жоғары ұстау. Қабат жабық болуы керек, бірақ біршама үлкен болуы қажет, себебі оның серпімді энергиясы негізгі мұнай қорын алу үшін.
Газ арынды режим
Бұл режим қабаттың энергия көзі геологиялық жағдайда серпімділігі аз болғанда пайда болады (газды шапка болғанда) . Бұл режим үшін кеніш өткізгішті жыныстармен (по переферии) бітелген немесе тектоникалық бұзылыстармен бітелген (изоляцияланған) болуы керек, контурсыртындағы су активті болмауы тиіс. Мұнайлы кеніш газды шапкамен қатынаста болуы керек. Осы жағдайларда бастапқы қабат қысымы қанығу қысымына тең болады. Орташа қабат қысымының өзгеру қарқыны игеру кезінде кеніште әр түрлі болып өзгеріп отыруы мүмкін, олар игеру қарқынына байланысты, және газды шапка көлемі мен кеніштің мұнайға қанығушылығы қатынасына байланысты болады.
Кенорынды газдарында режиммен игеруде қабат қысымының құлап отыруы бірге жүріп отырады, ол дегеніміз дебиттің төмендеуіне, фонтандау периодының аздығына, мұнай ұңғыларының газ ұңғыларына ауысуына әкеліп соқтырады. Осы кезде, мұнай кенорынды игеруде аралас режим жағдайларын енгізу мүмкіндігі туады, олар жасанды жолдар, яғни қабат қысымын ұстау, контур сырты ауданына су айдау немесе газ шапкасына газ айдау т. с. с. соңында газарынды режимді қолданған уақытта мұнай бергіштік керекті көлемге жете алмайды, суарынды режимге қарағанда 0, 4-0, 5 тен аспайды.
Бұл режимда газ факторының заңды өсуі мінезделген, және ұңғы тек таза газ өндіруге (мұнай өнімімен салыстырғанда) және газ шапкасын өсіруге мінезделген. Газ орынды режим жалпы алғанда бағынышты белгіде орындалады және салыстырмалы түрде көп қолданылмайды. Өнімі жағынан ұңғылары көбіне суланбайды.
Еріген газ режимі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz