Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (3 (IFRS) ҚЕХС)


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (3 (IFRS) ҚЕХС)

ЖОСПАР:

  1. Кәсіпорындарды біріктіру
  2. Біріктіру кезеңіндегі сатып алудың есебі
  3. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік
  4. Инвестициялық мүлік (40 (IAS) ҚЕХС)

Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (3 (IFRS) ҚЕХС)

Нарықтық экономикада бәсекелестікті жою үшін, сатып алушылардың үлесін тарту үшін, көбірек пайданы түсіру үшін компаниялардың біріктірілуі ұйымдастырылады. Бизнестің бірігуі - бұл жеке бизнестердің бір бірлікке бірігуі. Компанияларды біріктіру бұл бір экономикалықұйым ретінде компаниялардың қосылуы және осы қосылудың нәтижесінде басқа компаниялардың таза активтеріне мен операцияларына бақылау жүргізу.

Компанияларды біріктірудің 2 тәсілі бар:

  1. сатып алу әдісі
  2. қызығушылықтардың біріктіру әдісі.

«Бизнестің бірігуі» 3 (IFRS) ҚЕХС -ның компанияларды біріктіру үш нысан арқылы жүргізіледі: сатып алу нысаны, эмиссиялық операциялар нысаны, акционерлердің операциялары.

Компанияларды біріктірудің сипаттамасы

Біріктірудің ерекшеліктері
Ерекшеліктің сипатталуы
Біріктірудің ерекшеліктері: 1. Біріктіру тәсілдері
Ерекшеліктің сипатталуы: А) сатып алу әдісінде компанияның біреуі сатып алушы болады. Олар басқа компаниялардың таза активтері мен операцияларын бақылайды, сатушы компаниялардың активтерді беруге, алынған міндеттемелер мен акция эмиссияларына айырбастайды.
Біріктірудің ерекшеліктері: Б) қызығушылықтардың біріктіру әдісінде компаниялар біріктірілген активтерге және операцияларға тәуекел мен пайданы бөлуге бақылау жасайды және бұл компаниялардың ешқайсысы сатып алушы болып табылмайды.
Біріктірудің ерекшеліктері: 2. Біріктіру нысандары
Ерекшеліктің сипатталуы: А) сатып алу нысаны,
Біріктірудің ерекшеліктері: Б) эмиссиялық операциялар нысаны,
Біріктірудің ерекшеліктері: В) акционерлердің операциялары

Аталған стандартқа сәйкес біріктіру бойынша келесі анықтамалар бар:

Туынды компания-компанияның бөлектену нәтижесінде филиалының пайда болуы.

Бас компания-бұл кәсіпорын ең негізгі қызметті атқарып барлық филиалдарға басшылық етеді.

Кішігірім үлес-бас компанияға тиесілі емес, еншілес компаниялардың акционерлік капиталының бір бөлігі.

Әділетті құн - бұл сомаға келісім жасау бойынша, бір-біріне тәуелді емес жақтар активтерді және міндеттемелерді айырбастай алады.

Сатып алу мерзімі- бұл бақылаудың нақты түрде компаниядан иемденушіге (сатып алушыға) өту мерзімі.

Сатып алу- бұл компанияның біріктірілуі . Бұл кезде компанияның біреуі сатып алушы болады. Олар басқа компаниялардың таза активтері мен операцияларын бақылайды, сатушы компаниялардың активтерді беруге, алынған міндеттемелер мен акция эмиссияларына айырбастайды.

Қызығушылықтардың бірігуі- бұл компаниялардың бірігуі. Бұл компаниялар біріктірілген активтерге және операцияларға тәуекел мен пайданы бөлуге бақылау жасайды және бұл компаниялардың ешқайсысы сатып алушы болып табылмайды.

2. Біріктіру кезеңіндегі сатып алудың есебі

Сатып алушы айырбастау мерзіміне әділетті құнның жиынтық көлемі ретінде біріктірілу құнын анықтауы керек:

  1. сатып алушы иемденген компанияға бақылауға айырбасқа берілген, иемденген компанияның таза активтері;
  2. біріктіруге байланысты кез-келген шығын.

Танудың осы критериелеріне сәйкес келмейтін активтер мен міндеттемелер іскерлік репутацияның оң немесе терісіне әсер етеді. Ол сатып алу кезінде пайда болады, өйткені ол сатып алудың қалдық құны ретінде анықталады.

Сатып алу кезінде пайда болатын іскерлік репутация

Идентификацияланатын активтердің құнынан сатып алу құнының кез- келген өсімін және айырбастау операциясының жасалған мерзімінің жағдайы бойынша міндеттемелерін оң іскерлік репутация(гудвилл) ретінде суреттеуге және материалдық емес актив ретінде тануға болады. Сатып алу кезінде пайда болатын іскерлік репутация, сатып алған кәсіпорын алдағы экономикалық пайданы алу үмітінде жасалатын төлем.

Гудвилл -бұл идентификацияланатын сатып алынған активтердің шынайы құнындағы алған үлесінен артық алған құнының сатып алған компанияның бөлінбес өсімі

  1. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік

Есептiк кезең бiткен соң шаруашылық жүргiзушi субъект қаржылық есеп берудi жасайды. Шаруашылық жүргiзушi субъекттiң құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншiлес немесе тауелдi cepiктecтіктepi бар болса, өзiнiң қаржылық есеп беруiмен қоса, шоғырландырылған есеп берудi жасайды, яғни бiрнеше заңды тұлғаның есеп беруiн бiрiктipедi. Бұл жерде келесі тұлғаларды бөледі:

  1. негізгі серіктестік;
  2. еншiлес немесе тәуелдi cepіктестіктер.

Заңды тұлға басқа кәсiпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін және егер де сол сатып алынған акциясы 50%-дан астам болса, онда аталған тұлға инвестицияланған объектiге бақылау жасау мүмкiндiгiн алады. Инвестор бақылауды белгiлейтiн болса, онда ол кәсiпорын негiзгi заңды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсiпорынды еншiлес кәсiпорын деп атайды. Негiзгi және барлық еншiлес кәсiпорындар бiрiгiп, бiрiккен занды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәлiметi бойынша консолидацияланған есеп беруiн жасайды

Қаржылық есеп берудi пайдаланушылар олардың топтасқан бөлiгiн емес, тұтас бөлiгiн бiлуге мүдделi болып келедi. Мұндай қажеттiлiк Қаржылық есеп-2 койылатын талапты күшейтедi, сондықтан шоғырландырылған есеп берудiң құрамына кiредi:

  1. консолидацияланған бухгалтерлiк баланс,
  2. пайдалар мен зияндар туралы консолидацияланған есеп беру,
  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы консолидацияланған есеп беруi,
  4. түсініктемe жазбасы.

Есеп берулерді «Шоғырландырылған есеп беру және еншiлес cepiктестігі инвестицияның есебi» 27 (IAS) ХЕҚС сәйкес келесi жолмен, бiрiктiредi:

  1. есеп берудi өзара сәйкестендiредi (есеп беру қосымша өңделедi, жiктемесi өзгеpтiледi, түзетулер енгiзiледi) ;
  2. активтер, мiндеттемелер, меншiк капиталы, табысы, шығысы туралы мәлiметтердiң әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосылaды;
  3. кейбiр баптар бойынша қайталауға жол берiлмейдi және кейбiр баптар жойылуы мүмкін

Бiрнеше заңды тұлғалардың есеп беруiнен бiр ғанa қаржылық есеп берудi жасау үшiн iшкi есеп, бағалы қағаздар, меншiк капиталдар және т. б. мәлiметтердiң негiзiнде тиicтi түзетулер жасалынады. Түзету жазбалары консолидацияланған қаржылық есеп берудiң дайындау барысы оның жұмысшы кестесiнде жасалынады және ол негiзгi кәсiпорынның бухгалтерлiк есебiнде де, еншiлес заңды тұлғада да көрсетiлмейдi.

Топтық есеп беру жасау кезiнде еншiлес заңды түлғаның бухгалтерлiк балансында бөлек көрсетiледi, яғни еншiлес занды тұлғаның нақты таза активiмен алмастырылады. Баланста әрбiр еншiлес cepiктестігі және негiзгi заңды тұлғаның үлесi бойынша меншiк капиталы қалыптастырылады. Бұл жерде меншiк капиталында негiзгi заңды тұлғаның үлесiнен oған енген (кірген) еншiлес серiктестiктердiң үлесi көп немесе аз болуы мүмкін.

Шоғырландырылған балансты құрастыру үшін сатып алу датасына негізгі серіктестік еншілес мекеменің инвестицияларына жасаған шығыстарын келесідей болуы мүмкін:

  1. негізгі серіктестіктің инвестициялық шығыстары еншілес мекеменің меншікті капиталындағы үлесіне тең болуы;

НСИШ=ЕСМКҮ

Мұндағы -НСИШ- негізгі серіктестіктің инвестициялық шығыстары;

- ЕСМКҮ- еншілес серіктестктегі меншікті капиталындағы үлесі

  1. негізгі серіктестіктің инвестициялық шығыстары еншілес мекеменің меншікті капиталындағы үлесінен артық болуы (яғни гудвилл фирманың бағасы ретінде танылады) . НСИШ>ЕСМКҮ
  1. негізгі серіктестіктің инвестициялық шығыстары еншілес мекеменің меншікті капиталындағы үлесіне аз болуы. НСИШ< ЕСМКҮ
  2. Инвестициялық мүлік (40 (IAS) ҚЕХС)

Инвестициялық мүліктің анықталуы, объектілері және алғашқы танылуы.

Инвестициялық мүлік келесі мақсаттар үшін тағайындалады:

  • жалгерлік төлемді алу үшін;
  • капитал өсімінен кірістерді түсіру үшін;
  • аталған екі мақсатты бірдей еңгізу үшін.

Сондықтан инвестициялық мүлікке кіргізілген ақшалай ағымдар ұйымның өзге активтерімен байланысты емес. Бұл инвестициялық мүлікті иеленүшінің мүлігінен ерекшелендіреді. Осы жерде өндіріспен байланысты ақшалай ағымдар барлық активтерге қатысты және иеленушінің мүлігін «Негізгі құралдар»16 ( IAS) ҚЕХС боынша есепте көрсетеді. Инвестициялық мүліктің алғашқы бағалануы өзіндік құны бойынша жүргізіледі

САИМӨҚ=ИМСАҚ+ИМТШ

Мұнда:- САИМӨҚ- сатып алынған инвестициялық мүліктің өзіндік құны;

- ИМСАҚ -инвестициялық мүліктің сатып алу құны;

- ИМТШ- инвестициялық мүліктің тікелей шығыстары.

Алғашқы тануынан кейін инвестициялық мүлікті есептік саясаттында көрсетілген әділетті немесе өзіндік құн бойынша модельдің бірі бойынша есепте көрсетеді. Бірінші модельде әділеттік құн инвестициялық мүлікт ауыстыру құны болып табылады және есептік датадағы нарықтық жағдайды көрсетеді. Екінші модельде инвестициялық мүлікті өзіндік құнынан жинақталған амортизацияны және құнсызданудың жинақталған зиянын шегергіндегі сомамен есепте тіркейді

Инвестициялық мүлікті «Инвестициялық мүлік» 40 (IAS) ЕХС сәйкес көрсетеді. Аталған стандартқа сәйкес инвестициялық мүліктің бірнеше объектілері бар.

Инвестициялық мүліктің объектілері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы құралдар нарығы
АХС 700 қаржылық есептілік туралы пікір қалыптастыру және қорытынды жасау
Инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі
Кәсіпорынның есеп және салық саясаты
Инвестициялық меншік түсінігі
Қаржылық есептілікті талдау әдістемелері
IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ ТУРАЛЫ
Жабдықты пайдалану көрсеткіштері
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ
IFRS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz