Апаттар кезінде халықты емдеу-көшіруді, жайғастыруды қамтамасыз ету


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

география және табиғатты пайдалану факультеті

СОӨЖ

Тақырыбы : Апаттар кезінде халықты емдеу-көшіруді, жайғастыруды қамтамасыз ету

Орындаған: Рысбаева Г. Н.

Қабылдаған: Болатова Д. К.

Алматы 2014

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:
  1. Апат кезінде халықты емдеу. Медициналық сұрыптау
  2. Медициналық сұрыптауды ұйымдастыру мен жүргізу
  3. Орналастыру және эвакуациялауды қамтамасыз ету
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.

2. 1. Апат кезінде халықты емдеу

Бейбіт уақыттағы апат жағдайында емдеу-эвакуациялық қамтамасыз етудің жалпы қағидасы - медициналық көмек көрсетудің екі кезеңді жүйесі және зақымдалғандарды мақсаты бойынша эвакуациялауда емдеу.

Медициналық эвакуациялаудың І кезеңі (госпиталға дейінгі) : госпиталға дейінгі кезеңде науқастар мен зардап шеккендерге жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері, жедел және шұғыл медициналық көмек көрсететін станциялар, амбулаториялық-емханалық мекемелер, ауруханалар мен диспансерлердің емханалық бөлімшелері. Одан басқа апат аймағына азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің медициналық құрылымдары, ҚР қорғаныс министрлігі медициналық қызметі, ҚР ішкі істер министрлігі, ҚР байланыс жолдары министрлігінің медико-санитарлық қызметі және басқа да ведомстволар.

Медициналық эвакуациялаудың ІІ кезеңі (госпитальды) . Ведомствалық-территориялық денсаулық сақтау стационарлық емдеу мекемелері, ауылдық елді-мекендердің қала сыртындағы аймақтары (загородная зона) немесе ауруханалық базалар. Бұл жерде зақымдалғандар шұғыл мамандандырылған және арнайы медициналық көмекті толық көлемде қабылдап, соңына дейін емделеді.

Медициналық сұрыптау

Халықтың арасында жаппай санитарлық шығын бір мезгілде пайда болған кезде және медициналық күштер мен құралдар жеткіліксіз болғанда барлық зақымдалғандарға уақытында көмек көрсету мүмкін емес. Медициналық көмек пен эвакуациялаудың кезеңділігі белгілеуге тура келеді. Егер медициналық қызметкер оны дұрыс таңдамаса немесе кешігіп жатса, онда табиғаттың өзі бұл міндетті шешеді. Бұндай жағдайға Н. И. Пирогов 140 жыл бұрын ерекше әдіс - медициналық сұрыптауды ұсынған.

Өзінің мәні бойынша медициналық сұрыптау адамгершілікті, рухани кішіпейілділікті талап етеді. Өкінішке орай, күрделі стрессті жағдайларда дәрігерлер медициналық сұрыптауды ұмытып кете ескермей, міндетті түрде тез арада көмек көрсету керек адамдарға емес, көзіне бірінші көрінген адамға көмек көрсетеді. Бұл өмірін сақтап қалып, толық өмір сүру мен еңбек етуге оралтуға болатындай, бірақ зақымдалғандарды кейде қаза табуына әкеліп соғады.

Медициналық сұрыптау - зардап шеккендерді медициналық көрсеткіштері мен нақты жағдайларға байланысты бірыңғай емдеу-профилактикалық және эвакуациялау шараларды қажет етуі қағидасы бойынша топтарға бөлу әдісі.

Сұрыптаудың мақсаты - оптималды көлемде медициналық көмекті уақытында көрсету және ұтымды эвакуация жасау.

Уақытында көмек көрсетілген болып саналады, егер зақымдалған адамның өмірі құтқарылса және қауіпті асқынулардың алдын алса. Медициналық сұрыптауға қойылатын негізгі талаптар.

  1. Уақытында, бірте-бірте жүргізу.
  2. Тез арада, ұйымдастырылған түрде жүргізу.
  3. Жүргізілу толықтығы, қайта қарауларды болдырмау.
  4. Құжаттарды уақытында дұрыс толтыру.

Медициналық сұрыптаудың түрлері мен типтері.

Медициналық сұрыптау нақты, қайталанып тұратын үрдіс. Ол медициналық эвакуацияның барлық кезеңінде, оның барлық функциональдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Диагноз қою мен болжам жасау - медициналық сұрыптаудың негізі. Сондықтан міндеттердің шешілуі мен қолданылатын әдістерге байланысты медициналық сұрыптау екі типке бөлінеді:

І. Клиникалық-диагностикалық медициналық сұрыптау - зақымдалу ауырлығы жағдайының клиникалық көрсеткіштеріне негізделген. Бұл диагнозды дұрыс қоюды, зақымдалғандарды сұрыптау бойынша оңай бөлуді қамтамасыз етеді. «Диагноз қоймай тұрып, жаралыларды дұрыс сұрыптау мүмкін емес», деп жазады Н. И. Пирогов. Клиникалық-диагностикалық сұрыптау екі түрге бөлінеді:

1. Пунктішілік сұрыптау - зақымдалғандарды қоршаған ортаға қауіптілік дәрежесіне байланысты, зақымдану сипаты мен ауырлығына байланысты топтарға бөлу.

2. Эвакуациялық-көліктік сұрыптау - эвакуация кезеңділігі бойынша көліктің түріне байланысты эвакуация құралдарына орналастыру бойынша және жүргізу пунктіне анықтау бойынша зақымдалғандарды бірыңғай топтарға бөлу.

ІІ. Болжамдық медициналық сұрыптау - зақымдалған жағдайын, оның оқу барысында, асқынулардың дамуын, адекватты емдеу тактикасын, оның тиімділігін бағалауды уақытында анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Зақымдалғандарды сұрыптау барысында диагноз қою мен болжам жасаудың клиникалық әдісі артық болып қала береді.

Оқулар мен жұмыс тәжірибесінде, оқу барысында шартты зақымдалғандар мен апаттарда, аварияларда шынымен зардап шеккендерге эвакуациялауда медицина қызметкері номограммаларды, математикалық формулаларды, индекстерді, алгоритмдерді, балмен бағалау әдістерін қолданбайды. Бұл әдістер медициналық эвакуациялаудың неғұрлым кейінгі кезеңдерінде қосымша құрал ретінде госпиталь және операциялықтан бөлмелерінде емдеу тактикасын таңдау үшін қолданылуы мүмкін. Сонымен, болжамдық медициналық сұрыптауды клиникалық-диагностикалық сұрыптаудан бөлек алып қалуға болмайды.

Негізгі сұрыптау белгілері:

І. Қоршағандарға қауіптілігі - зақымдалғандарды арнайы (санитарлық) өңдеу немесе оқшаулау қажеттігінің дәрежесі. Бұл белгіге байланысты зақымдалғандарды келесі топтарға бөледі:

  1. Арнайы (санитарлық) өңдеуді (толық немесе жартылай) қажет ететіндер.
  2. Уақытша оқшаулауға жататындар (инфекциялық және психоневрология лық изоляторларда) .
  3. Арнай өңдеуі қажет етпейтіндер.

ІІ. Емдеу белгілері - зақымдалғандардың медициналық көмекке, кезеңділікке, оны көрсету орынын, қажеттілік дәрежесі.

Бұған байланысты зақымдалғандарды келесі категорияларға бөлінеді:

  1. Өмір сүру мүмкін емес жарақаттардан қиналуды жеңілдететін симптоматикалық көмекті қамтамасыз ететіндер.
  2. Шұғыл медициналық көмекті қажет ететіндер.
  3. Медициналық көмекті қажет етпейтіндер (көмек кейінге қалдырылуы мүмкін) .

ІІІ. Эвакуациялық белгі - эвакуациялық кезеңділікті, көлік түрі және зақымдалған адамның көліктегі жағдайы. Осыған байланысты зақымдалғандарды келесі топқа бөледі:

  1. Берілген емдеу мекемесінде уақытша немесе емделіп біткенше госпиталға жататындар.
  2. Эвакуациялық мақсатын, кезектілігін, эвакуация әдісін, көлік түрін есепке ала отырып төтенше жағдай ошағынан тыс басқа территориялық емдеу мекемелеріне эвакуациялауға жататындар.
  3. Тұрғылықты орнына оралуға немесе медициналық кезеңде қысқаша уақытқа байқау үшін қалдырылуға жататындар.

2. 2. Медициналық сұрыптауды ұйымдастыру мен жүргізу.

Апат ошағында сұрыптау бірінші кезекте тірі қалғандарды шығару қағидасы бойынша жүргізіледі. Өмір сүру қабілеттілік жағдайын жүрек соғысының болуына, тыныс алуына, қозғалу белсенділігіне байланысты бағалайды. Шығару кезектілігінде артықшылық балалар мен жүкті әйелдерге беріледі.

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуде медициналық сұрыптаудың негізіне өмір сүруді қамтамасыз ету қызметінің бұзылу дәрежесін диагностикалау, зақымдалу сипаты, оның өмірге қауіптілік дәрежесі, мүмкін асқынулардың дамуын болжау және тірі қалуды болжау жатады. Өздігінен жүретін зақымдалғандар үшін құрамында дәрігер, медбике, тіркеуші бар сұрыптау бригадасы құрылады.

Сұрыптау бригадасын қажет етуді есептеу мына формула бойынша есептеледі:

ПСБ= (К х Т) : t

мұнда ПСБ (потребность в сортировочных бригадах) - сұрыптау бригадасына қажеттілік; К - бір тәулікте медициналық эвакуация кезеңіне түскен зақымдалғандар саны; Т - сұрыптау бригадасының жұмысының ұзақтығы (12 сағат) ; t - бір зақымдалғандарды сұрыптауға қажет уақыт (5 минут) .

Бірінші таңдау әдісін қолданады, яғни көзбен байқау арқылы медициналық көмекті неғұрлым бірінші кезекте қажет ететіндерді табады: киімі жанып жатқандар, ішкі және сыртқы қан кетулер, шоктағылар, асорикция болғандар, есі таңғандар, аяқ-қолдары жарақаттанып жұлынғандар, ашық сынық алғандар, ашық пневмоторакс болғандар, балалар, босанушылар. Таңдау сұрыптаудан кейін бригада қалған зақымдалғандарды бірте-бірте кезекпен байқауға көшеді. Сыртқы байқау мен сұрастыру барысында анықтайды:

  • жарақаттың орнын (бас, мойын, төс, іш, жамбас, аяқ-қол, омыртқа) ;
  • жарақат сипаты: механикалық, термиялық, оқшауланған, көп, біріккен;
  • басты зақымдану;
  • жағдайлық ауырлық дәрежесі: ақыл-есінің болуы (болмауы), ақыл-есінің бұзылу формасы, геодинамика мен тыныс алудың бұзылу формасы, өздігінен қозғалу мүмкіндігі;
  • қажет медициналық көмектің сипаты, оны көрсету уақыты мен орны, одан әрмен эвакуациялаудың тәртібі.

Сұрыптау бригадасы бір уақытта екі зақымдалған адамды қарайды: біреуінде дәрігер, бірінші медбике мен бірінші тіркеуші болжау, екіншісінде екінші медбике мен екінші тіркеуші болады. Бірінші зақымдалған адам бойынша сұрыптау шешімін қабылданғаннан кейін дәрігер екіншісіне көшеді. Одан кейін бірінші медбике мен бірінші тіркеуші үшінші зақымдалған адамдарға адамдарға көшеді. Екінші медбикеден дәрігер мәліметтерді алып, оны өзінің тексерулерімен толықтырады, одан кейін сұрыптау үшінші зақымдалушыға көшеді.

Зембіл тасушылар тізбегі дәрігердің шешімін сұрыптау маркасына сәйкес өткізеді. Бұндай әдіспен жұмыс істегенде сұрыптау бригадасы 1 сағат ішінде 30-40 зақымдалғандарды сұрыптау мүмкін. Соңғы нәтижеде бұл кезеңде сұрыптау болжамдық сипатқа ие және өзінің мақсаты тезірек көмек көрсету, эвакуация кезеңділігін стационарлыққа өтуін анықтау болып табылады. Сондықтан жалпы жағдайда бағалау кезеңінде, жарақат сипатына байланысты, пайда болған асқынулардың негізінде және зақымдалудың соңын болжауды есепке ала отырып зақымдалғандарды бес сұрыптау тобына бөлген жөн:

1-ші сұрыптау тобы - өте ауыр, өмір сүруі екіталай, жарақат алған зақымдану мыналар. Болжамы жағымсыз. Бұл топ қиналуды жеңілдетуге бағытталған күтім мен емдеуді қажет етеді. Эвакуациялауға келмейді.

2-ші сұрыптау тобы - ағзаның маңызды қызметтерінің бұзылулары болатын, оны жою үшін тез емдеу шараларын жүргізуді қажет ететін ауыр жарақатты зақымдалғандар. Егер шұғыл медициналық көмекті сәйкес көлемде көрсеткен болжамы қолайлы болуы мүмкін. Зардап шеккендер шұғыл өмірлік көрсеткіші бойынша көмекке мұқтаж болғандықтан уақытша көлікпен тосуға жарамсыз. Оларды эвакуациялау жағдайы бірқалыпты болғаннан кейін ғана мүмкін.

3-ші сұрыптау тобы - Өмірге тікелей қаупі жоқ айқын функциональдық бұзылыстармен жүретін ауыр және орташа ауыр жарақаттары бар зақымдалушылар. Болжамы салыстырмалы түрде қолайлы. Медициналық көмек екінші кезекте көрсетіледі немесе белгілі бір уақытқа кейінгі қалдырылады (дегенмен өмірге қауіпті асқынуларды болу мүмкіндігін естен шығарылмайды) . Бұл топтағы адамдарды бірінші кезекте эвакуациялайды.

4-ші сұрыптау тобы - жеңіл және орташа ауырлықтағы зақымданулары бар, функциональдық бұзылыстары айқын емес немесе жоқ зақымданушылар. Өмір үшін болжамы қолайлы. Қауіпті асқынулардың дамуының болу мүмкіншілігі аз. Оларды эвакуациялау екінші кезекте жалпы мақсаттағы көлікпен жүргізіледі.

5-ші сұрыптау тобы - жеңіл жарақат алғандар, еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру қолайлы, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық емдеуді (байқауды) қажет ететіндер. Эвакуациялау екінші кезекте жүргізіледі.

2. 3. Орналастыру және эвакуациялауды қамтамасыз ету


Халықты орналастыру мен эвакуациялауды ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялау маршруттары мен халықты орналастыру орындарында барлау ұйымдастырылады.

Эвакуациялық шараларды қамтамасыз ету үшiн барлаудың арнаулы инженерлiк, медициналық, радиациялық, химиялық және басқа түрлерiнiң неғұрлым маңызды орны бар.

Инженерлiк барлау - орналастыру және эвакуация кезiнде мыналарды қамтамасыз етедi:

1) халықты орналастыру және эвакуациялау жүзеге асырылатын жолдар мен нөмiрлердiң, ондағы инженерлiк құрылыстардың жағдайын анықтау;
2) жолдардың асуы қиын учаскелерiн (жыл мезгiлi мен ауа райы жағдайын ескере отырып) және колонна жүретiн жолдардың бағыты мен осындай жол учаскелерiндегi айналып өту бағыттарын анықтау;
3) су кедергiлерi арқылы резервтiк өткелдердi жабдықтау жөнiндегi жұмыстар көлемiн және орындарды анықтау;

4) халықты түсiру пункттерiне жеткiзу үшiн темiржол, су және автомобиль көлiктерiне отырғызу пункттерiн жабдықтау жөнiндегi жұмыстар көлемiн анықтау;

5) бассауғалауға икемдеу үшiн жарамды үңгірленген жартылай және жер бетiндегi құрылыстардың қолда барын және жағдайын анықтау;

6) су көздерiнiң қолда барын, жағдайын және дебитiн, сондай-ақ сумен жабдықтаудың қосымша көздерiн жабдықтау орындарын анықтау.


Медициналық барлау халықтың орналастырылатын және эвакуацияланатын аудандардың санитарлық-эпидемиялық жағдайын, сондай-ақ халықты әкету мен шығарудың маршруттарын анықтайды. Оны орналастыру мен эвакуациялауды қамтамасыз ететiн, және медициналық барлау бөлімдерi арнайы тағайындаған азаматтық қорғанысының медициналық құрамалары жүргiзедi.

Халықты маршруттарда радиациялық және химиялық барлау эвакуациялаушы ұйымдар айрықша кезеңге арнап маршруттар бастықтарының басқару тобына бөлiнетiн күштермен және құралдармен ұйымдастырылады.
Радиоактивтi және химиялық зақымдануды дер кезiнде анықтау мен бақылау үшiн және олар шоғырланған орындарда халықты қорғау шараларын қабылдау үшiн эвакуациялық жинау пунктiнде, отырғызу мен түсiру пункттерiнде, қозғалыс маршруттарында тұрақты радиациялық және химиялық бақылау ұйымдастырылады. Сонымен бiрге халықты жаяу тәсілмен эвакуациялау маршруттарында радиациялық химиялық бақылауды қозғалысты реттеу күзеттерi жүргiзедi. Орналастыру мен эвакуациялауды жүзеге асыру кезеңiнде барлау азаматтық қорғаныс жоспарында көзделiнген көлемде ұйымдастырылады және толық жүргiзiледi.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай қауiпі төнгенде және туындаған кезеңде, сондай-ақ соғыс уақытында орналастырылатын және эвкуацияланатын халықты тасымалдау үшiн темiр жол, автомобиль, су және әуе жолы көлiгi мейлiнше пайдаланылады (соның iшiнде жеке иемденушiлердiң көлiктерi - автомашиналар, моторлы қайықтар және басқалары бар) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар
Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету
Қоныстандыру және көшіру
Өзенінің арнасын реттеу есебі
Өнеркәсіпті сумен канал арқылы жабдықтау жүйелерінің есептеулері
Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртіб
Халықты көшіру және таратып орналастыру жолымен қорғау
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу тәртібі
Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz