ҚР қоршаған ортасының қазіргі күнгі күйі. Физикалық, химиялық, биологиялық әсерді шекті мәнге дейін азайтуға бағытталған білім мен дағдыларды қоғамның пайдалана білуі. Сыртқы әсерлерді азайту


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

география және табиғатты пайдалану факультеті

СОӨЖ

Тақырыбы : ҚР қоршаған ортасының қазіргі күнгі күйі. Физикалық, химиялық, биологиялық әсерді шекті мәнге дейін азайтуға бағытталған білім мен дағдыларды қоғамның пайдалана білуі. Сыртқы әсерлерді азайту

Орындаған: Рысбаева Г. Н.

Қабылдаған: Исанбекова А. Т.

Алматы 2014

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:
ҚР қоршаған ортасының қазіргі күнгі күйі. Қазақстан Республикасының өндірістік аймақтарының ластануы Топырақтың мұнаймен ластануы
  1. Қоршаған ортаның халық денсаулығына қолайсыз әсерін төмендету
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т. б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары. Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды.

2. 1. Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялык аймағына - Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, қүрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер - табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ мүнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бүл аймақта қатерлі ісік ауруы, басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары екен. Батыс аймақта Маңғыстау облысы эколгиясы ауыр аймақтардың алдыңғы катарына жатады. Қауіпті нүктелердің топырақ қабаттарынтексергенде бүл өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орынға қоюға болады. Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп түрған Қошқар ата улы көлінің су астында 104 млн. тонна улы қоспа жатыр. Қазір уран өндірілмейді, ал су буланып, жаға ашық қалған. Әбден кепкен топырақ шаң болып өңірге тарайды. Одан адамдар арасында түрлі аурулар пайда болуда. Әсіресе инсульт ауруы елді түгелдей жайлап болды.

Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік аймаққа - Шығыс Қазақстан облысының аудандары жатады. Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жоғары дамыған, түсті және қара металлурғия, энергетикалық кешені, полиметалл кендері шоғырланған аймақ. Бұл аймақтағы экологиялық мәселелер - қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградацияға үшырауы айқын көрінуде!Тек, Өскемен қаласы бойынша әуе кеңістігіне тарайтын залалды заттардың 60 %-і осы түрлі-түсті металлургия кәсіпорындарының үлесіне, ал соның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының еншісіне зиянды заттардың 30 %-і тиеді. Ертіс бассейнінің ластануы шектен шығып отыр. Оның кішігірім сағалары Үлбі, Глубокое, Тихая өзендерінің Ертіске қүятын тұстарында мыс пен мырыштың мөлшері шекті қалыптан бірнеше есе көп. Яғни, 30 РЗШ-ден 300 РЗШ-ға дейін барады. Шығыс Қазақстан облысында орман отау, кесу фактілері орын алып отыр. Соның кесірінен жасыл желекпен көмкерілген жер келемі облыс бойынша 150 мың га кеміп кетті.

Солтүстік Қазақстан өндірістік аймағына республикамыздың солтүстігі Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары кіреді. Бұл аймақта мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Ауыл шаруашылығының зиянкестеріне қарсы күресте биологиялық және агрохимиялық әдістерге баяу көшуіміз кері әсер етуде. Соның салдарынан арам шөптер қаптап, ол аз болса, улы химикаттар зиян келтіруде. Көкшетау қаласынан солтүстікке қарай 8, 5 км қашықтықта «Васильковский ГОК» кен орны орналасқан. Васильковский кен орны 1979 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Васильковский алтынды - кварц-мышьякті рудалар кен орнына жатады. Мұнда алтын қосындылары бар рудалардың ғана өндірістік маңызы бар. Васильковский ААҚ қүрамында негізгі атмосфера ластаушы көздер үш аланда орналасқан. Бірінші, қазылған тау рудниктері және үймектеу учаскелері, екшші, автономиялық уақытша қазандықтар, үшіншісі -алтын айыру фабрикасы. Мұндағы дәстүрлі зиянды заттар шығару көздері асфальтқоспалары қондырғылары, дизельді қондырғылар, қазандықтар. АЗС-дан, цехтардан зиянды газдар шығарылады. Ал, дәстүрлі емес зиянды заттар шығару кездеріне инертті материалдардың ашық қоймалары, мұнай өнімдерін сақтау орындары, көліктерге арту, түсіру жүмыстары, тасымалдау жұмыстарын жатқызуға болады. Бұл ластаушы көздерден атмосфераға 29 түрлі зиянды заттар шығарылады. Олардың ішінде органикалық емес шаң көлемі 0, 3 және 0, 5 мг/м 3 шекті мөлшерден астам.

Орталық Қазақстан өнеркәсіптік эколоиялық аймаққа - Қарағанды, Жезқазған өңірін жатқызамыз. Бүл аймақ тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі, түсті металлургия және жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Орталық Қазақстандағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы бүрынғы КСРО-ның өндірістік әскери-ғарыштық кешендерінің бірі еді. 1994 жылы Қазақстан Республикасының өкіметі мен Ресей Федерациясының арасындағы келісім нәтижесінде Ресей федерациясына «Байқоңыр» ғарыш айлағы 20 жылға жалға берілді. Байқоңырдан ұшырылған ғарыштық аппараттардың зиянды әсерін шетелдік және отандық ғалымдар зерттей келіп, атмосфера тізбегітропосфера-стратосфера-ионосфера қабаттарына әсер етіп, нәтижесінде озон қабатының жүқаруына, парниктік эффектінің пайда болуына үлкенүлесін қосатындығы байқалды. Әсіресе, ерекше қауіпті апатты жағдайлар зымыран тасымалдаушыларды үшыру кезінде байқалады. 1996, 1997, 1999 жылдары және зымыран тасымалдаушы «Протон» 2 рет апатқа үшырады. Апат кезінде қоршаған ортаға айтарлықтай мөлшерде жанбай калған жанармай төгіліп, үлкен аумақты жердің өсімдіктер жамылғысы өртшіп кетті. Сонымен қатар зымыран тасымал-даушы «Протонның» ажырап қалатын бөліктерінің сынақтары түсті. 1999 жылы қазан айында зымыран тасымалдаушы «Протон» құлаған жердің топырағына, суына, ауасына, өсімдік пен жануарларына тексеру жүргізілді. Адамдар мен үй жануарларын тексеріп, гептил тараған жерлерді залалсыздандыру жүмыстары жүргізілді.

Оңтүстік Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймаққа - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары жатады. Оңтүстікаудандардағы негізгі экологиялық мәселелер - су ресурстарының жетіспеуі, жайылымдардың деградациясы, атмосферасының ластануы, жер ресурстарының химиялық тыңайтқыштармен ластануы. Экологиялық және санитарлық-эпидемиялық жағдайдың салдарынан республикамызда ауру-сырқау белең алып, оның ақыры адам өліміне әкеп, өмір үзақтығының шектелуі байқалады. Іш, сүзек ауруларының деңгей дәрежесі республика бойынша қалыптасқан орта көрсеткішке қарағанда Қызылорда облысында 50 %-ке, Оңтүстік Қазақстан облысында 30 %-тен асьш түседі. Жамбыл, Шымкент қалаларына минералдық тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындарды шамадан тыс шоғырландыру да айнала қоршаған ортаға бірқатар салмақ салуда. Жамбыл қаласының бір өзінде өндіріс орындарының ауаны ластауын түгел есепке алсақ, соның үштен бірі осы саланың үлесіне тиеді. Сырдария, Арал, Бадам өзендері бассейіндерінде фенол, сынап, пестицид - 3 РЗШ-дан 16 РЗШ аралығында ауытқып түрады. Алматы қаласы ауасының ластану жолдарының бірі - бүл авто көліктерден шығатын зиянды заттар болып есептеледі. жүретін автокөліктерді табиғи газға ауыстыру тиімді. Біріншіден, бензинге қарағанда газ арзандау, екіншіден, экология мен қоршаған орта үшін аса зиян емес. Қазір Алматы көк түтін қүшағьшда, сан мың көліктен ұшқан ыстан демалу мүмкін емес, Ал автокөлікті газға көшірсек, Алматының ауасыәлдеқайда тазарар еді.

2. 2. Жерді әлемде әрбір мемлекеттің басты байлығы деп жиі атайды, өйткені барлық адамзаттыңазық-түлігінің 90 пайыз нәрлері осы жерде өндіріледі. Жердің азушылығы мен құнарсыздығы мемлекетті аштыққа, берекесіздікке әкеп соғады. Ал жердің ажалы барлық адамзаттың ажалын шақыру деген ұғым. Елімізде ұзақ жылдар бойы табиғатты қорғауға, халықты моралдық жағынан экологиялық зардаптан сақтауға жете назар аудармай келгені мәлім.

Астанамыздың ұлғайып көркеюі мен қатар ластануы да аз емес. Көркею мен ластану, өндірісі дамыған жерде экологиялық проблемалары да қатар жүреді. Бүгінгі таңда қалыптасып отырған экологиялық дағдарыстың басым бөлігі өркениетті дамыған адамзат қоғамының іс-әрекетімен тікелей байланысты екені айқын. «Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер » дегендей, адам баласы бәрі де осы жер үстінде өмір сүруде. Қандай керемет, нендей құдірет болса да бәрін осы жер ана асырайды, қуат береді, пана болады. Ал топырақ - жер қабатының сыртқы бөлігі. Ол өзінің құндылығымен бағаланады. Жер байлығының негізі - құнарлы топырақ. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724, 9 мың км. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн . га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым және 34 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиактивті заттармен ластанған.

Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т. б. жатады. Осы топырақтың түрлі түрде ластану көп тотамасының ішінде бүгінгі тақырып топырақтың мұнай өнімімен ластану түрі болып табылады.

Топырақтың мұнаймен ластануына автокөліктерден, мұнай өндеуші, мұнай химиялық кәсіпорнының жұмысы, газтәріздес шығарындылардан, мұнайдың суға төгіліуі апаттарынан(ағынды суларға мұнай құбырынан кету, танкерлерге мұнайкұю), мұнайсақтаушы және мұнайайдау зауыттарнан ауаның ластануы т. б. тәріздісебебтері топырақ құрамыныңөзгеруіне әкеп соғады және өсімдіктер әлеміне әсер етіп онымен қоректенетін жануарлар әлеміне, жануарлармен қоректететін адамзат әлеміне кесапатымен келеді. .

Мұнай және газ адамзат тіршілігінде қажетті шикізат болып табылады. Мұнай өндіру және жаңа мұнай-газ кен орындарын ашу еліміздің экономикасын көтеретін факторлардың біріне жатады. Дегенмен, мұнай-газ кешендерінің қарқынды түрде дамуы елімізде экологиялық дағдарысқа қарай бет бұрып барады. Мұнай кен орындарының технологиялық желісін құрастыру көптеген міндеттерді қарастырады, оның ішінде өндірістің экологиялық талаптарды қанағаттандыруы маңызды роль атқарады. Мұнай өндірудің технологиялық үрдістерінде және мұнай өнімдерін өндіру, оны сақтау мен тасымалдау кезінде өндірілген мұнайдың 7%-ы жоғалады. Мұнайды бұрғылауда, құбырлардың жалғасқан жерлерінен шикізаттың төгілуі топырақ, атмосфера, судың ластануына әкеліп соғады және биосфераны ластап қана қоймай адамзат денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Топырақ мұнай қалдықтарымен аз мөлшерде ластанған жағдайда, оны қайта қалпына келтіруге болады. Ал егер көп мөлшерде ластанса, оған қарсы күрес жүргізуге тура келеді. Қоршаған ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен ластауы - ең күрделі мәселелердің бірі. Топыраққа түскен мұнай гравитациялық күштердің әсерінен төмен қарай сіңеді де, сыртқы және капиллярлық күштердің әсерінен кеңінен таралады. Топрақтың мұнай қалдықтарымен және әр түрлі химиялық реагенттермен, өндіріс қалдықтарымен, радиоуклидтермен ластануы, олардың техногенезді бұзылуы, эрозия, дефляция, топрақтың тұздануы- техногенез өршуінің тікелей жолдары болып табылады. Қатты ластанған аймақтарда топырақтың тығыз карбонатты-иллювиалды горизонты жалаңаштанады, нәтижесінде тақыр баттар түзіліп, топырақтың қуаңдануы мен тұздануына әкеліп соғады. Қазақстанда мұнай қалдықтарының ластанған топырақ биогиоценоздарын қайта қалпына келтіру мақсатында топырақты тазарту және рекультивациялау технологиясын жасау үшін топырақтың қаншалықты мұнай қалдықтарымен ластанған құрамын білу қажет. Мұнай қалдықтарының топырақ құрамына әсерін білу мақсатында мұнай қалдықтарымен ластанған топырақты зерттеуге химиялық және физика-химиялық талдаулар пайдаланылды. Талдауға кен орынның әр тереңдіктегі топырағы алынды. Химиялық талдау мәліметтері бойынша кен орынның топырақ құрамында гумус мөлшері аз, сілтілі, сіңіргіш қабілеті төмен, сульфат, хлорид және негіздермен тұздалғаны анықталынды. Топырақ құрамында гумус мөлшерінің аз болуы, құрылымсыздық, сіңіру қабілетінің төмен болуы, сонымен қатар карбонаттылық пен тұздалуы топырақты техногенді әсерлерге тұрақсыз етеді. Мұнай қалдықтарымен ластанған топырақ үлгілерінде, әсіресе жоғарғы қабаттарында алифаттық және парафинді көмірсутектердің сіңіру жолақтары анық байқалады, сонымен қатар карбонилдік топ, жай эфирлі байланыстардың жолақтары кездеседі. Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектері химиялық және фотототығу үрдісіне қатысады, яғни әртүрлі факторлардың әсерінен (ультракүлгін сәулелердің, температураның өзгеруінен және т. б. ) өзінің химиялық құрамы мен қасиетін өзгертеді, нәтижесінде ұшқыш, зиянды және химиялық белсенді заттар түзеді. Қортындылай келгенде Кен орнында топырақты қайта қалпына келтіру үшін микробиологиялық, агрофитомелиоративтік әдістер, сондай-ақ сапалы мұнай сорбенттерін пайдаланудың мәні өте зор. Топырақты қайта қалпына келтіру мақсатында пайда рекультивациялау технологиясының экологиялық және экономикалық тұрғыда тиімді жолдарын іздестіруді қажет етеді.

2. 3. Бағдарлама шеңберінде қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халық денсаулығына әсерін бағалау жөніндегі жұмыстар мына бағыттар бойынша жалғастырылатын болады:

- Ақтөбе облысы қоршаған ортасының сапасына және халық денсаулығының жай-күйі шөлейттену үдерістері әсерінің қаупін бағалаудың мақсатты көрсеткіштерін және критерийлерін әзірлеу;

- қала халқының ауруға ұшырауы мен атмосфералық ауаның сапасының арасындағы корреляциялық байланыстарын зерделеу жөніндегі ғылыми зерттеулерді өткізу;

- қауіп факторларын анықтау және олардың қоршаған ортаға және халық денсаулығына әсерін төмендету жөніндегі зерттеулерді жалғастыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология - Дәрістік курс
Экожүйелік қызметтерге қауіптерді бағалау
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Төменгі жанақорған учаскесіндегі доломитті ашық әдіспен өндірудің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Цемент зауыты шығарындыларының топырақ жағдайына әсері
Жаңа ластаушы заттарды кетіру үшін тазарту әдістері
Электр энергиясының түрлену және тұтыну процесі
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы ақпарат
Денсаулық сақтау мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz