Химиялық және биологиялық заттардың қоршаған орта мен өндірістік аймаққа түсуіне жол бермейтін заманауи әдістер. Өндірістік және қоршаған орталардың биологиялық ластануының алдын алушы негізгі әдістер



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Қоршaған ортаны ластайтын улы заттар
2. Өндірістік шығарындылар және оларды бейтараптау әдістері
3. Биологиялық негізгі ластаушылар. Алдын алуда қолданылатын негізгі заманауи әдістер

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Адам баласы тіршілік ету үшін өзіне керекті заттарды табиғаттан алады. Сондықтан табиғат байлығын аялап, қоршаған ортаны ластанудан, бүлінуден қорғау келешек ұрпаққа оларды табиғи қалпынан бүзбай жеткізу үлкен мәселе. Адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін қоршаған ортаның ауа мен суы, топырағы мен өсімдіктері таза болғаны жөн. Жер тұрғындарының шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың басты себепкері болып табылады. Қазіргі өркениет табиғаттағы тепе- тендікті бұзып, қоршаған ортаны залалын тигізіп отырғаны жасырын емес. Себебі күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары биосфераға түсіп отырады. Ол қалдықтардан ауаға, суға және топыраққа санданған химиялық заттар бөлініп, олар адам денсаулығына залал тигізеді. Экологиялық зардап бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп, болып отыр. Ал кейбір жерлерде жағдай мұнан да қиын. Қәзіргі кезде бүкіл жер шарында адамның араласуынан шет қалған, ластанушы заттардың түспеген бірде - бір жер жоқ.
Қоршаған ортаны ластайтын затардың биологиялық әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға ұрындыруы, қатерлі ісік тудыруды және мутагендік (гендердің бопсалануы) қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі.
Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи ортаны ластап, адам организміне әр түрлі әсер етіп, денсаулығын бұзады. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе адамның тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Демина Т.А. «Экология, природопользование, охрана окружающей среды.», М.. 2003 ж.
2. Бобылев СИ. «Экология экономического развития», М., 2009 ж.
3. http://tanim.ucoz.com/load/bilim_zh_ne_ylym/orsha_an_ortany_or_au_ehkologija/kaspij_te_izini_ehkologijaly_problemalary/6-1-0-63
4. http://bilimdiler.kz/biologia/163-kazakstandagy-ekologiyalyk-problemalar.html
5. Онищенко Г.Г., Новиков С.М., Рахманин Ю.А., Авалиани С.Л., Буштуева К.А. Основы оценки риска для здоровья при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду. – М., 2002.-408 б.
6. «Руководство по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду», Р 2.1.10.1920-04, М. – 2004. – 116 б

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
география және табиғатты пайдалану факультеті

СОӨЖ

Тақырыбы: Химиялық және биологиялық заттардың қоршаған орта мен өндірістік аймаққа түсуіне жол бермейтін заманауи әдістер. Өндірістік және қоршаған орталардың биологиялық ластануының алдын алушы негізгі әдістер

Орындаған: Рысбаева Г.Н.
Қабылдаған:Исанбекова А.Т.

Алматы 2014

Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Қоршaған ортаны ластайтын улы заттар
2. Өндірістік шығарындылар және оларды бейтараптау әдістері
3. Биологиялық негізгі ластаушылар. Алдын алуда қолданылатын негізгі заманауи әдістер

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам баласы тіршілік ету үшін өзіне керекті заттарды табиғаттан алады. Сондықтан табиғат байлығын аялап, қоршаған ортаны ластанудан, бүлінуден қорғау келешек ұрпаққа оларды табиғи қалпынан бүзбай жеткізу үлкен мәселе. Адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін қоршаған ортаның ауа мен суы, топырағы мен өсімдіктері таза болғаны жөн. Жер тұрғындарының шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың басты себепкері болып табылады. Қазіргі өркениет табиғаттағы тепе- тендікті бұзып, қоршаған ортаны залалын тигізіп отырғаны жасырын емес. Себебі күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары биосфераға түсіп отырады. Ол қалдықтардан ауаға, суға және топыраққа санданған химиялық заттар бөлініп, олар адам денсаулығына залал тигізеді. Экологиялық зардап бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп, болып отыр. Ал кейбір жерлерде жағдай мұнан да қиын. Қәзіргі кезде бүкіл жер шарында адамның араласуынан шет қалған, ластанушы заттардың түспеген бірде - бір жер жоқ.
Қоршаған ортаны ластайтын затардың биологиялық әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға ұрындыруы, қатерлі ісік тудыруды және мутагендік (гендердің бопсалануы) қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі.
Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи ортаны ластап, адам организміне әр түрлі әсер етіп, денсаулығын бұзады. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе адамның тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал.

2.1.ҚОРШAҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАЙТЫН УЛЫ ЗАТТАР

Химиялық ластанyға қоршаған ортада табиғи, табиғи антропогендi және антропогендi процестер немесе тiршiлiк ортада болып жатқан физикалық-химиялық процестер кезiнде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Айта кету керек, дамуы жоғары елдерде соңғы екi-үш онжылдықта қолданған шараларға байланысты қоршаган ортаның химиялық ластануы екiншi opынғa түсiп, бiрiншi оpынға радиоактивтi ластану шығып отыр. Бiздің елiмiзде қоршаган ортаның химиялық ластану қаупi әлi де жоғары болып тұр.
Қазiргi кезде химиктерге химиялық заттардың 4-5 мың түpi белriлi. Олардың саны жыл сайын 10% асып отырады. Адам организмiне әр түрлi жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсiп тұратын организмге жат химиялық (ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. "сенос - жат, бюс - өмip) деп атайды.
Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айырады. Қоршаған ортаның компоненттерi мен ластану орындары бойынша химиялық ластануды келесi түрлерге бөледi:
* ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс iстейтiн жерлер);
* тұрмыстық және өндiрiстiк бөлмелерде;
* жербетiлiк жене жерасты суларының;
* топырақтың;
* тамақтың және т.б.
*
Ортаның химиялық ластаушы көздерін топтарға бөлемiз:
қоршаған ортаға сұйық түрдегі газды және қатты түрдегi өндiрiс қалдықтарын шыгаратын техникалық қондырғылар;
ластаушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап сақтайтын
шаруашылықтар;
ластаушы заттар келiп тұратын (трансшекаралық жылжу) аймақтар;
планетарлық ластануға әкелетiн атмосфералық жауын-шашын, тұрмыстық өндiрiстiк және ауылшаруашалық қалдықты сулар.

Ауаны негiзгi ластаушылар қатарына ayaғa қорғасынды, көміртек оксидiн, альдегидтердi, шандарды , әр түрлi газдар мен ароматты көмiрсутектердi (бензапирен, фенантpeн) және т.б. шығарып тұратын автотранспортты, жылу электростанцияларын, металлургиялық мұнай өндіретiн және т.б. химиялық өндiрiс орындарын жатқызады.

Жоғарыда келтiрiлген ауада болатын химиялық заттар тек қана адамдардың денсаулығына ғанa әсер етiп қоймай, сондай-ақ қоршаған ортаның жағдайына да әсер етедi. Табиғи экожүйедегi бұл әсерлер әр түрлi және толығынан зерттелмеген. Мысалы, кейбiр газдар (көміртек оксидтерi) аз мөлшерде өсiмдiктсрдiң өcyi мен дамуына жағдай жасайды, алайда олардың ayaдaғы мөлшер көп болған жағдайда олар кepi әсер етедi. Мысалы күкipттiң қос тoтығы өciмдiк жапырақтарының клеткаларының тiршiлiк әpeкетiн тоқтататын растайды. Соның нәтижесiнде өciмдiк жапырақтарында алгашқыда коңыр таңбалар пайда болып, соңында кеуiп қалады.
Қоршаған ортаның ластануы экожүйелердің әртүрлі компоненттерінің қалыпты жағдайларына кері әсер тигізеді, сонымен қатар адам денсаулығы да нашарлайды. Экожүйелердің кейбір байланыстары мен деңгейлері, кейбір жағдайларда бүтіндей экожүйелер сырт әсерлерге төзе алмай өздерінің қызметін тоқтатады. Зерттеулер негізінде кӛптеген техногендік ӛңделген өнімдердің биогендік және абиогендік заттары айналымға енбейді, себебі олардың арнаулы биологиялық деструкторлары жоқ болғандықтан қоршаған ортада жинақтала береді. Көптеген ксенобионттардың айқын уыттылығымен қатар мутагендік әсері де бар. Сондықтан жаңа заттардың өте көп мөлшерінің пайда болуы және де адамның әрекет ету аймағының кеңеюі тосыннан болатын зардаптарға әкелуі мүмкін. Мысалы қазіргі кезде, тұрмыстық жағдайларда 70 мыңға жуық химиялық заттар пайдаланылады, олардың қатарына жыл сайын бес жүзден мыңға дейін жаңа заттар қосылады. Олардың тірі организмдермен адамға тигізетін нақтылы әсерлерінің көбісі белгісіз. Экожүйелердің әртүрлі деңгейлерінің жай күйіне әсер етуші ксенобионттарды терең зерттеу қажеттілігі жаңа синтетикалық ғылым-экотоксикологияның пайда болуына ықпал етті.
2.2. ӨНДІРІСТІК ШЫҒАРЫНДЫЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БЕЙТАРАПТАУ ӘДІСТЕРІ

Өндіріс қалдықтары - өндiрiстерде бұйым (өнiм) алу процeciндe шыққан және жартылай немесе түгелiмен езiлiп бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардын қалдықтaры; өнiм шығару кезiнде пайда болған және бастапқы тұтыну қасиеттерiн толық немесе ішінара жойылған жартылай фабрикаттар, материалдар және шикiзат қалдықтары; белгiлi бiр кәсiпорынның ақыpғы өнiмдi өндiру барысында пайда болған барлық қатты, газ тәрiздес және сұйық қалдықтар.
Өнеркәсiп жыл сайын әр түрлi дәрежедегi ластанған ақаба суды төгедi, атмосферaға шан, және газ тәрiздес қалдықтар шығарады, тау - кен өнеркәсiбi үйiндiлерге аршыма тау жыныстарын, сондай-ақ кондициялық емес кен жыныстарын үймелейдi. Өндіріс қалдықтары әр түрлі мақсаттарда 10 - 20 % - дан аспайтын көлемде пайдаланылады. Қалған бөліктері бiртiндеп жиналып қоршaған ортаны ластайды. Қалдықтар массасын қыcқapтy мақсатымен қайтадан пайдалану, ресурстарды үнемдейтін технологиялар және т.б. қолданылуда.

Өндіріс қалдықтарына шикізатты физикалық-химиялық жолмен өңдегенде, пайдалы кендердi шығарғанда және байытқанда шыққан, бiрақ өндiрicтiк процестің бaғыттaлғaн мақсатына жатпайтын өнiмдер де кiредi. Оларды шамалы өңдегеннен кейiн халық шаруашылығында немесе шикiзат peтiндe басқа өндiрiсте, немесе oтынғa пайдалaнyға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа шығaрылатын технологиялық газдарды нeмece ақаба суларды азалaғaнда шыққан қатты заттaр да жатады.
Өндіріс қалдықтарына пайдаға асырылатын және пайдaғa асырылмaйтын болып бөлiнедi. Пайдаға асырылатындарға - өңдейтiн технология болғaнына байланысты өнеркәсiптің өзiнде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикiзат, шығaрылатын өнімгe қосымша зат, отын, жем, тыңайтқыш peтiндe пайдаланатын қалдықтар жатады. Өңдейтiн технологияның болмауына және алынған өнімдерге тұтынушының жоқтығына байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдaнуға тиiмсiз қалдықтарды пайдaғa асырылмайтындаpға жатқызады.

Өндірістік газ шығарындыларын каталитикалық жолмен тазалау.

Катализаторлардың қатысуымен журетiн химиялық реакцияларды қолдану арқылы шығарынды газдардағы улы құрам бөлiктердi улы емес түрге немесе улылығы төмен түрге айналдыратын әдіcтep көмегімен жүзеге асыру.
Тазаланатын газдарда катализаторларды уландыратын заттектер болмауы қажет. Катализаторлар peтiндe металдар (платина, палладий, мыс т.б.) немесе олардыц қосылыстары (мыс, марганец, ванадий, т.б, оксидтерi) қолданылады. Осы бaғытта жиi қолданылатын аппараттар тобына термокаталитикалық реактор жатады. Олардың бiр корпусында жылу рекуператоры, жылытқыш және ұштастыру торабы бiрiктiрiлген. Электржылытқышы бар термокаталитикалық реаторлар бояуланған бұйымдарды кептiретiн кептiргiш камераларынан шыққан жене де басқа өндiрiстердің газды шығарындыларындағы органикалық заттектерден тазалау үшiн қолданылады. Термиялық тесiлдерде оттектiң қатысуымен және газды қоспаның температурасыньщ жоғары болғанына байланысты тотығy процесi нәтижесiнде улы құрам бөлiктер улылығы төмен түрге айналады. Бұл әдicтер көп көлемдi жене жоғары концентрациялы ластағыштары бар шығарынды газдарды оңай тотығатын улы қоспалардан айыру кеңiнен қолданылады. Өнеркесiптiк шығарындыларды тазалау үш негiзгi термобейтараптау жолдары: тiкелей жағy, термиялық тотығу.

Өнеркәсіптiк газ шығарындысын тазалайтын құрал-жабдықтар

Әр түрлi өндiрic салаларынан шығарылатын газдардың құрамындaғы зиянды заттектер бөлшектерiнiң атмосфералық ауаға өтyiнe кедерri жасап, оларды ұстап қaлyғa яғни ауаның тазалығын caқтауғa арналған қондырғылар мен материалдар. Олар 4 негiзгi топқа жіктеледі:
1. құрғақ және ылғалды шаң ұстaғыштар;
2. маталы сүзгiштер;
3. электрсүзriштер;
Шаңның түpiнe, оның физикалық-химиялық қасиетiне, дисперсиялық құрамы мен жалпы ауадағы мөлшеріне, шығарындының температурасына, қажеттi тазалау дәрежесiнiң деңгейiне байланысты осы құралдардың iшiнен белгiлi бiр үлгiсi таңдалады.
Құpғaқ шаң ұстaғыш аппараттарында қалқыма бөлшектердi тұндыру (ұстау) әр түрлi механизмдерге: гравитациялық (салмақ күшi әcepiнeн), инерциялық, сырқа тепкiш және сүзгiштiкке негiзделiнген.
Ылғалды шаң ұстaғыштарда қалқыма бөлшектер сұйық ерiтiндiлермен, көбiнесе сумен түйiстiру арқылы тұндырылады. Электрлiк тазалау әдiсi жоғары қуатты электр майданында газды иондандырып, зарядталған шаң бөлшектерiн электрсүзгiштердiң электродтарьнда тұндыруға негiзделген. Газды оның құpaмындaғы газ және бу тәрiздi қоспалардан айыру үшiн абсорбция, адсорбция, қатализдiк және термиялық әдiстер кеңiнен қолданылады. Экологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, құралдардың негiзгi маңызды көрсеткiшiне тазалау нәтижелiлiгi жатады. Сонымен қатар тазалау аппараттарының тағы бiр маңызды сипаттамасы болып аэродинамикалық қарсылық шамасы (газ aғымының кiрердеri және шығардaғы қысымдарының apacындaғы айырмашылығы) саналады. Тазалау сапалығы, электр энергиясының шығыны, газ тазалайтын агрегаттарды icтeтyгe жұмсалатын қаржы кӛлемi және т.б. осы көрсеткiшке тiкелей байланысты.
Шаңды құрғақ әдiспен ұстау үшiн шаңтұндырғыш камералар, инерциялық шаңұстaғыштар, жапқыш (жалюзиялық) аппараттар, циклондар, ротациялық және құйын тәрiздi шаңұстағыштар, сүзгiштер және электрсүзгiштер қолданылады. Газды дымқылды әдiспен шаңнан тазалау үшiн қолданылатын жабдықтаpғa Вентури скрубберлерi, көбiк аппараттары, бүрiккiштiк (Форсункалық) скрубберлер және т.б. жатады.
Шаң ұстaғыштарды таңдағанда және пайдаланғанда негiзге алынатын параметрлердiң бiрi - тазаланатын газдың көлемi. Газ шығарындыларын шебер тазалау мақсатында әр түpлі сүзгiштер қолданылады. Сүзгiш элементтер peтiндe жұқа маталардан бастап металдан немесе керамикадан жасaлғaн тесiлген (перфорациялaнған) материалдар пайдаланылады. Ең кеңiнен қолданылатыны - матадан жасалғaн қолғапты сүзгiш. Пайдаланғаннан кейiн оның сүзгiштiк қабiлeтiн орнына келтiру үшiн қолғaпты әлсiн-әлсiн сiлкiп және желдeтiп отырады. Қолғапты сүзгiштердiң тазалау нәтижелiлiгі 99%-ғa дейiн болады.

Жасанды өзендер әдісі
Табиғи су айдындарындағы , ластанған суды тазалау жолдары заттардың биотикалық алмасуы нәтижесінде болады, яғни ол дегеніміз суға балдыр, микроорганизмдер және де жағажайда өсетін өсімдіктердің әсері болып табылады. Бұл әдісті көбіне АҚШ, Канада, Дания, Жапония, Германия, Швейцария сияқты мемлекеттер қолданады. Бұл елдерде арнайы өсімдік әлемінің өсуіне толығымен жағдай жасалған жасанды су тоғандары салынған. Нәтижесінде, мұндай өсімдіктер ластанған суды ауыр металлдардан, радионуклидтерден тазартуды тездетеді екен. Ластанған сулар бірнеше тәулік бойы осы әдіспен тазарып, өзендер мен теңіздерге құйылады .

Ауаны тазарту әдістері
Өздеріңіз білетіндей қоршаған ортаның ласатнуы, әсіресе, ауаның ластануы қазіргі таңда өзекті экологиялық тұрғыдағы мәселе болып отыр. Қоршаған орта көбіне автокөліктерден шығатын зиянды булармен және де өнеркәсіптің зиянды қалдықтарымен ластанады.
Автокөліктерден шығатын тұншықтырғыш газдарды автокөлікке арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашық тау өндірімдері
Мұнаймен ластанған суды тазартудың заманауи әдістері
Цемент зауыты шығарындыларының топырақ жағдайына әсері
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Микробалдырлар
Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Қоршаған ортаның негізгі факторлары
Табиғи ортаның антропогенді ластануының биоиндикациялау бағдарламаларымен жумыс жасау
Ұнтақ тәрізді орталардың қасиеттері
Пәндер