Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру


Кіріспе3
1 МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ6
1. 1 Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігі6
1. 2 Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылырға сипаттама13
2 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру тәжірибесі18
2. 1 Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері18
2. 2 Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші рөл атқарады21
ҚОРЫТЫНДЫ24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР25
Зерттеудің көкейтестілігі. Оқушылардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу мәселелері қазіргі білім берудің, педагогика ғылымының, мәдениеттің басты назарында болып отыр. ҚР «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеттері қатарында «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» көзделген.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық. Біз осы құндылықтарды әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек» деген болатын.
Дегенмен қазіргі қоғам жағдайында бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу көптеген қиындықтарға әкелуде. Жас ерекшелігіне байланысты кіші мектеп жасында қарым-қатынас тәжірибесі әлі жеткіліксіз және оқушылар мінез-құлық үлгісіне еруге көп мән береді. Ал ол әрдайым ұнамды бола бермейді. Бұқаралық ақпарат құралдары «қазіргі батырды» насихаттайды.
Кіші мектеп жасындағы балаларға тән ойлаудың эгоцентризмі балалардың тұлғалық және топтық қарым-қатынастағы кикілжіңдерге әкеліп соғатын өзара төзбеушілігінен, бірін-бірі тыңдағысы келмеуден көрінеді. Парыз, адалдық, әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, сыйластық сезімдері адамдардың өзара қатынас саласын бейнелейді және оқушылар оны қиындықпен қабылдайды, кейде тіпті ізгілікті түсініктерден бұрыс түсіндіріліп жатады.
Бастауыш сынып оқушыларының қарымқатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселелеріне арналған әдебиеттерді талдау нәтижесінде төмендегі қайшылықтар айқындалды: бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу қажеттілігі мен ұнамды мінез-құлық үлгісінде қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу үдерісін мазмұндық қамтамасыз етудің жеткілікті дәрежеде қарастырылмағандығы; білім беру үдерісінде қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық құралдарын пайдаланудың мүмкіндіктері мен оларды жүзеге асырудың педагогикалық шарттарының жасалмағандығының арасындағы қайшылықтар.
Бұл қайшылықтар төмендегі зерттеу проблемасын айқындауға мүмкіндік берді: бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын айқындау.
Проблеманың өзектілігі мен оның практикалық маңызы зерттеу тақырыбын «Ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу» деп алуымызға мүмкіндік берді[1] .
Зерттеудің мақсаты - ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының жиынтығын айқындау.
Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
Зерттеу пәні- ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттары.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу проблемасы бойыншафилософиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену және талдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетінің компоненттерін айқындау;
- бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық құралдарын анықтау;
- ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын анықтау және негіздеу.
Зерттеудің жетекші идеясы: ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуді оқу-тәрбие үдерісінде мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.
зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін тұлғаға бағдарланған қатынас, жүйелілік қатынас, әрекетті қатынас, әрекеттің жетекші түрі теориясы, тұлға дамуының жас ерекшелік кезеңдерінің тұжырымдамасы; тәрбие үдерісінде қарым-қатынас мәселелерін қарастыру бағытындағы жұмыстар құрайды.
Зерттеу әдістері: тарихи-педагогикалық және салыстырмалы талдау, жинақтау, сипаттау, ғылыми дәлелдеу, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау, тікелей және жанама бақылау, әрекет өнімдерін талдау, педагогикалық эксперимент, сауалнама, зерттеудің статистикалық нәтижелерін математикалық өңдеу әдістері .
Зерттеудің болжамы ұнамды мінез-құлық үлгісінде бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу тиімді болады, егер оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің айқындалған компоненттері аталмыш үдерістің жүйеленуіне ықпал ететін болса; ұнамды мінез-құлық үлгілері оқушылардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық құралы ретінде көрінсе; мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының айқындалған жиынтығы осы үдерістің тиімділігіне ықпал ететін болса.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Оқу-тәрбие үдерісінің мақсатты бағыттылығына ықпал ететін бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетінің компоненттері айқындалды (мотивациялық, когнитивті, мінез-құлықтық) .
2. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық құралы ретінде ұнамды мінез-құлық үлгісі айқындалды. 3. Ұнамды мінез-құлық үлгісінде оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің педагогикалық шарттарының жиынтығы айқындалды.
Зерттеудің теориялық маңызы оның нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу теориясының дамуына маңызды үлес қосатындығында: қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу үдерісінің тиімділігіне ықпал ететін педагогикалық шарттар айқындалған.
Зерттеудің практикалық маңызы бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің педагогикалық құралы - ұнамды мінез-құлық үлгісін, ұнамды мінез-құлық үлгісінің картасын жасаумен, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік нұсқаулар құрумен, «Әдебиеттік оқу» сабағының типтік оқу бағдарламасына қосымшалар әзірлеумен, зерттеудің эксперименталдық картасын жасаумен айқындалады. Зерттеу нәтижелері бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу үдерісінде қолданылуы мүмкін.
1 МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ 1. 1 Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігіӘрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдыру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенін ғылым тарихында алғаш рет сипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.
Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л. Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т. Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П. Ф. Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И. Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда дүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті.
Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күманданбайды. Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестер жаттын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент - адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді[2] .
Адамдар түрлі іс-әрекетпен айналысады, осы іс-әрекетпен айналысу барысында оларда белгілі-бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтын басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептерлен факторлардар талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез - құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:
1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, мотив, дағды, бағыттылық) ;
2. Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т. с. с) ;
Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян "өзіндік детерминация және ішкі мотивация" теориялары мен түсіндіреді. Ол бойынша, мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтын да екі типі бар:
1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық[3] .
2. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық. Бихевиористік теорияларда мінез-құлық детерминациясындағы негізгі акцент белгілі-бір мінез-құлықтың орындаудан кейінгі пайда болатын жағымды немесе жағымсыз жағдайларға негізделеді. Сыртқы және ішкі мотивациялардың мінез-құлыққа және психикалық процестерге әсерін кесте бойынша қысқаша көрсетуге болады. Ол келесі №1 кестеде бейнеленген:
№1 Кесте.
Мінез-құлықтың формалары мен функцияларының жүйелілігін Выготский Л. С. келесі ретпен схемалық түрде көрсетеді:
1. Кең мағынасындағы жоғарғы психикалық функция:
Түрлері: а) . Сыртқы (экстрапсихикалық)
б) Ішкі (интрапсихикалық) :
в) спонтанды түрі
г) еркін түрі. (Тар мағынасындағы жоғары психикалық функция)
2. Мінез-құлықтың жоғары формасы
Түрлері: 1. Әлеулеттік
2. Даралық.
3. Мінез-құлықтың мәдениетті формасы
Түрлері: 1. Әлеулеттік (интерпсихикалық) :
а) примитивті
б) жоғары
2. Даралық:
а) примитивті
б) жоғары
4. Мінез-құлықтың табиғи формасы (реактивті мінез-құлық)
5. Эледаентарлы психофизиологиялық функция.
Жоғары психикалық функцияның құрылымы
1. Мәселе және мақсат
2. Белгі - психологиялық қару ретінде:
Түрлері: а) сыртқы
б) ішкі
3. Мағынасы :
Түрлері: 1 Сөздердің мағынасы:
а) заттық қарау (денотативті мағынасы)
б) сигнификативті мағынасы (сонымен қатар түсінік)
в) ішкі формасы (этималогиялық мағынасы)
г) мазмүны
2. Қабылдаудағы заттық мағына.
3. Заттың функционалды мағынасы
4. Жағдайдың мағынасы немесе
4. Байланыстылық (сайланыстыру іс-әрекеті) :
Түрлері: 1. Затты шығару және қолдану
2. Белгілердің шығару және қолдану
5. Психологиялық функционалды жүйе:
Қасиеттері: 1 . Жоғарылылықпен төменділіктің бірлігі
2. Функционалды аралық байланыс.
6. Сананың құрылылы
Түрлері: 1. Жүйелілік
2. Мағыналылық
Л. С. Выготский бойынша схемалық түрдегі жасалған мінез құлықтың форлалары мен функцияларының жүйелілігін былайша талдауға болады: Жоғарғы психикалық функция мінез-құлықтын өз-өзіне арналған әлеуметтік мүмкіндігі болып табылады. Л. С. Выготский «жоғары психикалық функцияның дамуы мінез-құлықтын жоғары формаларының дамуының екі бұтағын қамтиды» деп атап көрсетеді[4] .
Бірінші - мәдениетті даму және ойлаудың сыртқы түрлерін меңгеру мен, яғни, тілмен, жазумен, есеппен, суретпен көрінеді.
Екінші - дәстүрлі психологияда ерікті зиын, логикалық ес, түсінік деп аталатын анық анықталмаған, шектелмеген арнайы жоғары функцияның даму процестері; осы аталғандарды балалардың мінез құлқының жоғары формаларының даму процесі деп шартты түрде айтамыз. (Выготский Л. С. ) .
Жалпы, Л. С. Выготский жоғары психикалық функцияны екі мағынада қолданады:
1. Кең мағынада - мінез-құлықтын жоғарғы форлалары.
2. Тар мағынада - арнайы психикалық функция.
Л. С. Выготский «баланың далуындағы белгі және қару» деген еңбегінде жоғарғы психикалық функция ассортиментіне практикалық іс-әрекеттерді кіргізеді. Бірақ, тек қана оның жоғары формасында жалпы заттық әрекет, тіпті оны қолдану жоғары формаларға жатады. Л. С. Выготский жоғары психикалық функцюларга дәл анықтала берлеген, ол - «дәл анықтама ғылыми білімнің басталасына жатпайды, сондықтанда мен империкалық және эвристикалық анықталаларлен шектелелін» - дейді. Содан соң, бұл мәселелерді ЛР. Лурьа шешуге тырысты. Ол Выготский көзқарастарымен келісе отырып, психикалық функцияларға дәл және соңғы анықтама береді. Сонымен, жоғары психикалық функция - бұл күрделі өзін реттеуші процесс, өзінің шығуы жағынан әлеуметтік болып табылады, қалыптасуы бойынша байланысты және құрылу тәсілі бойынша ерікті, саналы. АР. Лурия берген анықтама өзінің белгілер санының көптігімен ерекшелінеді. Мінез-құлықтын жоғары формаларының ерекшелігі өзінің мінез-құлықтын басқару үшін жасанды, көмекші құралдарды қолдануында. Жасанды стимулдарды қолдану мінез-құлықтын жаңа формаларын анықтаудың формалары болып табылады. Мінез-құлықтын жоғары формаларының түсінігіне келесілер кіреді:
а) жоғары формадағы практикалық іс-әрекет.
б) символикалық іс-әрекет[5] .
в) өзіндік жоғары психикалық функция.
г) жоғары әлеуметтік функция (интерпсихологиялық функция)
Л. С. Выготский мінез-құлықтын негізгі мәдениетті формасы тіл және қаруды қолдану деп айтады. Выготскийдің концепциясын талдау негізінде құлықтын форо/иаояары, функциясының жіктелу схемасы:
№ 2 кесте
Л. С. Выготский мінез құлықтың нағыз табиғи формасына тек қана шартсыз емес, шарттыда рефлекстерді жатқызды. Сонымен қатар, К. Бюлердің (инстинкт, интелект) теориясын жатқызады[6] .
Үйлесімсіз психикалық жағдай күрделі өмір жағдайына байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықпен әрекетті негізден алады, олар белгілі бір жағдайға және жасқа байланысты түрлі ұзақтықпен көрінеді, сонымен қатар интенсивтіліктің оптималды дәрежеден не төмендеуінен не жоғарлауінен сипатталады, үйлесімсіздік келесі жағдайларда пайда болады:
1. Бұл жағдай күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады.
2. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз техникалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологияық және психологиялық сипаттардың когеренттігінің жоғарылылығымен, сонымен қатар психикалық процестердің бір бағытты динамикасының бөлінуімен, яғни стабилизациялану жаққа және әрекет нәтижесінің жоғарырылығы немесе сипаттамаларының төмендігі және әрекет нәтижелерінің төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапозоның негіздейді[7] .
3. Үйлеспеушіліктің жас ерекшелік және іс-әрекеттік ерекшеліктері белгілі. Жас ерекшелік даму барысында. Құрам күрделілігі және үйлесімсіз психикалық жағдайдың құрылымы мен ұзақтығының жоғарылауы жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.
Сонымен қатар ауытқып бара жатқан мінез-құлықтын негізі болып табылатын үш кілті бар:
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі әрекеті болып табылатын оқу әрекеті жеткіншектік кезенде де негізгі әрекет болып қала беред. Яғни, жеткіншектік кездегі оқуга құмарлық күлкілі болып табылады. Сөйтіп олар қатарластарымен араласа алмай қалады. Оқудағы жоғары
Дж. Эйсондорфпен жазылған мотив аралық теория бойынша, балалардың әлеуметтік дасмуындағы ауытқудың түрлі типтерінің пайда болуы жақындау және қашу мотивациялық механизмі арқылы қарастырылады. Осы мотивацияның қарым - қатынасты ойындыққа әкеледі. Дж. Эйсондорф мұндай бұзылыстың үш вариантын көрсетеді:
1. Бұл жақындасудын төмен мотивациясымен сипатталады. Мұндай мотивацияға ие балалар басқалардан бөлек болғанды қалайды. Бұл балалармен ерте кезденгі жалғызды конструктивті және зерттеу белсенділігі кезінде пайда болады және бұл нашар әлеуметтенген адаммен байланысты емес.
Жақындасудың төменгі мотивациясы балалардың заттық өмірге деген қызығушылығын меңгеруге негізделген.
2. Жақындасу және қашу мотивациялары арасындағы конфликтіге байланысты. Ол баланың басқа адамдармен аралысқысы келеді, бірақ белгілі себептерге байланысты қатынас жасаудан кашады. Мұндай конфликт мінез-құлықтық компромиске экелуі мүмкін. Мұндай мотивтің себебі баланың биологиялық ерекшеліктерімен қатар тәрбие шартына да байланысты.
3. Әлеуметтік жақындасу мотивацияның жоғарылауымен қашу мотивтерінің төмендеуінің қатынасы нәтижесінде мотивтердің іс-әрекетінен туады. Бұл мотивациядағы балалар басқа адамдармен қарым-қатынас шегі беңтаныс, ал қарым-қатынастағы шектеуді сезбейді қатарластары одан жиі қашады. Бұған агрессивті мінез-құлық тән.
Жоғары психикалық жағдай (қуаныш, мазасыздық, таңқалушылық) немесе төменгі психикалық жағдай (өкіну, көңілсіздік т. б. ) үйлесілсіз жағдайларға жатады. Осы сипаттамалардың дәлелі ретінде Л. О. Прохоровтың жүргізген зерттеулерінің нәтижесін қорытындылау барысында үйлеспеушіліктің келесі жағдайлары кездесті. Оқу әрекетінде жеткіншектер апатиа, зұлымдық, ашу, өкпе сияқты жат жағдайларды басынан кешіріп отырса, жағымды жағдайлар ішінен қуаныш, бақыт, таңқалу, қозу сияқты мінез-құлық қасиеттері кездесіп отырған, сонымен қатар оқушылардың басынан кешіріп отырған мінез-құлыққа тәуелділігі анықталады. Тітіркенудің импульсивті формасы Қиын жағдайға тән мінездің түрі болып табылады. Сонымен қатар К. Рубин өз еңбектерінде «әлеуметтік бөлектену» терминін қолданады. Әлеуметтік бөлектенудің инициаторы болып баланың өзі табылады. Оның бір көрінісі - ұялшақтық. Ұялшақтық - бала бейтаныс адамдармен кездескенде қорқу немесе мазасыздану пайда болады. Оның негізгі себебі әлеуметтік бағадан қорқумен байланысты. Әлеуметтік бөлектенудің тағы бір көрінісі - өзін еркін сезінбеу немесе шегінушілік. Бұл жағдай баланың қатарластары арасында және тіпті жағдайға байланысты да туып отырады. Мұның негізі жаңадан және әлеуметтік бағадан қорқумен байланысты. Бұл жақындаудан қашудан күресуге негізделген ішкі конфликтілік мінез-құлық. Сонымен қатар, «әлеуметтік бөлектенуге жақын» бірақ, одан басқа «ұстамды мінез-құлық» бар. Мұны жақын немесе бейтаныс адамдардың арасында баланың өзін ұстап, олармен қатынасқа түспей олардың әрекетін бақылаумен шектелу. Мұндай мінез-құлық баланың әлеуметтік стимул алдында сезінетін мазасыздануды бейнелейді. Сонымен қатар, мұның негізінде қашу себебі де жатыр. Бұл үндемейтін балаларға тән. Осы мәліметтер нәтижесі бойынша, үйлеспеушілік ерекше өмір жағдайында туады, яғни адам өмірінің күрделі де қиын кезеңдерінде пайда болады. Оның пайда болуы рационалды емес, бейадекватты, агрессивті, кей кезде қайғылы да мінез-құлықтын себебі болуы мүмкін. Сондықтан да, субъект үшін бұл жағдайларды басқару күрделі болып табылады[8] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz