С. Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы күрескер ақынның бейнесі



МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Сәкен Сейфуллин . Қазақ әдебиеті төрінде үлкен орын алатын қоғам қайраткері 6
1.1 Сәкен Сейфуллиннің қысқаша өмірбаяны жайлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Сәкен Сейфуллиннің құнды еңбектері 9
2 Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романы 15
2.1 Азаттықты аңсаған күрескер ақын 15
2.2 С. Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы күрескер ақынның бейнесі 18
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 27
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. XX ғасырдың басында қазақ жазба әдебиетінде Абайдың ағартушылық, демократтық бағытын, ақындық өнерде ашқан соны сүрлеуін әрі қарай жаңғырта, замана талабымен үйлестіре жалғастырушы қаламгерлердің А. Байтұрсынов ұйытқы болған аса қуатты шоғыры қалыптасты. Соған өзіндік таным-түсінік, керкемдік қолтаңбасымен келіп қосылған жас талант Сәкен Сейфуллин не бары 4—5 жылда әдебиеттегі төңкерісшіл бағытты бастаушы әрі көрнекті мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілді. Оның шығармашылық және азаматтық тағдырында халықтың бостандығы мен жарқын болашағын социализммен байланыстыра қарауы шешуші рөл атқарады. Осы жолда аянбай еңбектенген әмбебап талант барлық жанрда тамаша туындылар беріп, әдебиетке жаңа образдар, тың тақырыптар, түр мен өрнектер әкелді. Сөйтіп, ол қазақтың кеңес дәуіріндегі әдебиетінің негізін салушы және сол платформаға кірген қаламгерлердің серкесі болды[1].
Жұмыстыі жалпы сипаттамасы. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз.
Сәкен қайраткерлігіне бір арнадан қарап, бір жүйеде баға беру дұрыс болмайды. Қазақтың мақтанышына айналған азаматтың өр тұлғасынан талай өнер үлгілері тарамданады.
Коммунистік партия мен Кеңес өкіметіне сеніп, оның жолын әділдік, теңдік жолы деп ұққан Сәкен басшылық тарапынан саясатты бұрмалаушылық көрген тұста, өзінің ой сезімін іркіп қалмағандығына тарих тағылымы біздің көзімізді жеткізді. Ол әрқашан пікірін ашық білдіріп отырған.Ол «ұлттардың өзін-өзі билеуі» деген Ленин қағидасына құлай сенген. Қазақстанда ұлт өкілдерін «ұлтшылдықпен» айыптап, қорытқысы келгендерге ашық наразылық білдірген. Бұған дәлел-оның 1923 жылы Ярославскийге жазған хаты. Ол Қазақстан үкіметінің басшысы боп жүргенде қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп жариялау, мемлекеттік іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, қазақ тілінде кітаптар, газет журналдарды шығаруды ұлғайту мәселлерін көтерген.
«Қырғыз» аталып келген ұлттың «қазақ» екенін дәлелдеген де – осы Сәкен Сейфуллин. Ол 1923 жылы «Қазақты қазақ дейік, қателікті түзетейік» деген мақала жазды . Мақаласында ол: «бүгінге шейін қазақты орыстар киргиз деп келеді,… киргиз дегенде бір түрлі менмендік қиянатпен, қорлаған мазақпен айтатын» -деп ашына жазады.
1923 жылы 9 маусымда «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек» деген атақты мақаласын жариялады. Айтып –айтпай не керек…осы күнгедейін өз тіліміз өзімізге бұйырмай келе жатқандығы бәріңізге аян.
Голщекин саясатына ашық қарсы шыққан да- осы Сәкен.
Ақыры 1937 жылы 25 ақпанда Алматы түрмесінде кеше өзі орнатысқан, болашағына риясыз сенген өкіметтің қолынан атылған да- осы Сәкен.
Сәкен ең алдымен өзінің өмір сүрген дәуірін жырлап, оны қастерлеудің оңтайлы жолдарын таба білген жаңашыл ұлы тұлға. Құдай берген дарынын сәулелендіруге сазгерлігі едәуір демесін жасап, сал-серілігі ажарлай түскені тағы бар. Сәкеннің өзімен қатарлас қанаттас болған қоғам және мемлекет қайраткерлерінен бір ерекшелігі оның ұлы ақындығында. Ал ақындығының ең мәнді сыры жаңашыл реформаторлығында. Жаңашылдықтың ең негізігі арнасы өмір сүрген замананың образын жасауында. Ақын жазушылар қай-қайсысы болмасын өз заманының образын жасауға талпынады, бірақ ондай дүние кез-келгеннің маңдайына жазылмайтын бақыт.
Өзінің ақындық талантының үлкен бөлігін қоғамдық өзгерістердің жаңашыл сипатын ашатын саяси тенденциясы басым азаматтық әуенге арнағанмен, Сәкен поэзияда лирик ақын есебінде де әдебиетімізде елеулі орын алады[2].
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том 1967 жыл
2. С.Қирабаев Сәкен Сейфуллин, 1962
3. Смалов Е. Ақын және революция, 1964
4. Қ.Мумалиев, Стиль және өнер ерекшелігі,1996
5. З.Ахметов, Казахское телосложение, 1965
6. М.Қаратаев Мировозрение и мастерство,1960
7. Ә.Тәжібаев Өмір және поэзия, 1998
8. Т.Кәкішев, Октябрь өркені, 1956
9. Х.Әдібаев, Уақыт және суреткер, 196
10. Сәкен Сейфуллин Шығармалар, алты томдар, 1966
11. Сәкен Сейфуллин, тар жол тайғақ кешу романы, 1977
12. Қазақ әдебиетінің тарихы Үшінші том, 1979
13. С.Қирабаев, Қазақ әдебиеті,1989
14. Қ. Жұмалиев, Стиль өнер ерекшелігі, Алматы
15. Б.Наурызбаев, Дәуір суреткері, Алматы
16. Ә.Тәжібаев Өмір және поэзия, 1998
17. Т.Кәкішев, Октябрь өркені, 1956
18. С.Қирабаев Сәкен Сейфуллин, 1962
19. Смалов Е. Ақын және революция, 1964
20. Қ.Мумалиев, Стиль және өнер ерекшелігі,1996
21. З.Ахметов, Казахское телосложение, 1965
22. М.Қаратаев Мировозрение и мастерство,1960
23. Ә.Қоныратбаев, Шеберік сырлары, Бишкек
24. Т.Нұртазин, Әр жылдар ойлары
25. Қазақ әдебиеті, Оныншы сыныпқа арналған оқулық
26. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том 1967 жыл
27. С.Қирабаев Сәкен Сейфуллин, 1962
28. Смалов Е. Ақын және революция, 1964
29. Сәкен Сейфуллин, Тар жол тайғақ кешу романы, Алматы

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Сәкен Сейфуллин - Қазақ әдебиеті төрінде үлкен орын алатын қоғам қайраткері 6
1.1 Сәкен Сейфуллиннің қысқаша өмірбаяны жайлы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 6
1.2 Сәкен Сейфуллиннің құнды еңбектері 9
2 Сәкен Сейфуллиннің Тар жол тайғақ кешу романы 15
2.1 Азаттықты аңсаған күрескер ақын 15
2.2 С. Сейфулиннің Тар жол тайғақ кешу романындағы күрескер ақынның бейнесі 18
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 27

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. XX ғасырдың басында қазақ жазба әдебиетінде Абайдың ағартушылық, демократтық бағытын, ақындық өнерде ашқан соны сүрлеуін әрі қарай жаңғырта, замана талабымен үйлестіре жалғастырушы қаламгерлердің А. Байтұрсынов ұйытқы болған аса қуатты шоғыры қалыптасты. Соған өзіндік таным-түсінік, керкемдік қолтаңбасымен келіп қосылған жас талант Сәкен Сейфуллин не бары 4 -- 5 жылда әдебиеттегі төңкерісшіл бағытты бастаушы әрі көрнекті мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілді. Оның шығармашылық және азаматтық тағдырында халықтың бостандығы мен жарқын болашағын социализммен байланыстыра қарауы шешуші рөл атқарады. Осы жолда аянбай еңбектенген әмбебап талант барлық жанрда тамаша туындылар беріп, әдебиетке жаңа образдар, тың тақырыптар, түр мен өрнектер әкелді. Сөйтіп, ол қазақтың кеңес дәуіріндегі әдебиетінің негізін салушы және сол платформаға кірген қаламгерлердің серкесі болды[1].
Жұмыстыі жалпы сипаттамасы. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз.
Сәкен қайраткерлігіне бір арнадан қарап, бір жүйеде баға беру дұрыс болмайды. Қазақтың мақтанышына айналған азаматтың өр тұлғасынан талай өнер үлгілері тарамданады.
Коммунистік партия мен Кеңес өкіметіне сеніп, оның жолын әділдік, теңдік жолы деп ұққан Сәкен басшылық тарапынан саясатты бұрмалаушылық көрген тұста, өзінің ой сезімін іркіп қалмағандығына тарих тағылымы біздің көзімізді жеткізді. Ол әрқашан пікірін ашық білдіріп отырған.Ол ұлттардың өзін-өзі билеуі деген Ленин қағидасына құлай сенген. Қазақстанда ұлт өкілдерін ұлтшылдықпен айыптап, қорытқысы келгендерге ашық наразылық білдірген. Бұған дәлел-оның 1923 жылы Ярославскийге жазған хаты. Ол Қазақстан үкіметінің басшысы боп жүргенде қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп жариялау, мемлекеттік іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, қазақ тілінде кітаптар, газет журналдарды шығаруды ұлғайту мәселлерін көтерген.
Қырғыз аталып келген ұлттың қазақ екенін дәлелдеген де - осы Сәкен Сейфуллин. Ол 1923 жылы Қазақты қазақ дейік, қателікті түзетейік деген мақала жазды . Мақаласында ол: бүгінге шейін қазақты орыстар киргиз деп келеді,... киргиз дегенде бір түрлі менмендік қиянатпен, қорлаған мазақпен айтатын -деп ашына жазады.
1923 жылы 9 маусымда Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек деген атақты мақаласын жариялады. Айтып - айтпай не керек...осы күнгедейін өз тіліміз өзімізге бұйырмай келе жатқандығы бәріңізге аян.
Голщекин саясатына ашық қарсы шыққан да- осы Сәкен.
Ақыры 1937 жылы 25 ақпанда Алматы түрмесінде кеше өзі орнатысқан, болашағына риясыз сенген өкіметтің қолынан атылған да- осы Сәкен.
Сәкен ең алдымен өзінің өмір сүрген дәуірін жырлап, оны қастерлеудің оңтайлы жолдарын таба білген жаңашыл ұлы тұлға. Құдай берген дарынын сәулелендіруге сазгерлігі едәуір демесін жасап, сал-серілігі ажарлай түскені тағы бар. Сәкеннің өзімен қатарлас қанаттас болған қоғам және мемлекет қайраткерлерінен бір ерекшелігі оның ұлы ақындығында. Ал ақындығының ең мәнді сыры жаңашыл реформаторлығында. Жаңашылдықтың ең негізігі арнасы өмір сүрген замананың образын жасауында. Ақын жазушылар қай-қайсысы болмасын өз заманының образын жасауға талпынады, бірақ ондай дүние кез-келгеннің маңдайына жазылмайтын бақыт.
Өзінің ақындық талантының үлкен бөлігін қоғамдық өзгерістердің жаңашыл сипатын ашатын саяси тенденциясы басым азаматтық әуенге арнағанмен, Сәкен поэзияда лирик ақын есебінде де әдебиетімізде елеулі орын алады[2].
Сәкен лирикасы тақырыптық және жанрлық сыр-сипаты жағынан әр алуан. Ол туған даланың табиғатын, өлмес махаббатты, көңіл-күй әсерлерін жырлады. Соның бәрінде ақын адамның сезім күйін қоғамдық өмірмен тығыз байланыста көрсетті. Бұған дәлел -оның төңкерістен бұрын жазған өлеңдері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: жұмыстың басты мақсаты - көркем әдебиеттегі, Сәкен Сейфуллин шығармашылығының көркемдік жүйесіне ғылыми саралау. Негізгі мақсатты орындау үшін курыстық жұмыста мынандай басты міндеттерді шешу алға қойылды. Сөйтіп төл сөз өнеріміздің тақырыптық, жанрлық және көркемдік деңгейін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді шешуге талпыныстар жасалды:
- Сәкен шығармашылығына тән ортақ үндестік пен олардың дәстүрлі ерекшеліктерін саралау;
- Зерттеуде Сәкен шығармаларының тек поэзия құдірет - күшінің ауқымы мен аясына сыйып тұрған жұмбақтарына жетелеу;
- Сәкен шығармаларында мол көрініс табатын шеберлік тұғыры - тіл тазалығына, ой саралылығына, тебіреніс тереңдігіне көңіл бөліп, ұлттық тіл байлығын құбылтуы, қолданудағы көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне назар аудару;
- Ақынның Тар жол тайғақ кешу романындағы өмір шындығының көркем шындыққа ұласуы, адам бейнесін жасаудағы көркемдік жүйе шеберлігін сараптау;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Сәкен шығармашылығындағы көркемдік жүйе осыған дейін дербес зерттелмеген. Зерттелсе де белгілі ортақ тақырыптардың аясында, не әлденеше авторлардың айналасында қарастырылатын. Бұл жолғы зерттеу арнайы әрі нысанды мақсатта жүргізілді. Сондықтан курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген тақырыптың мәнділігімен, көкейкестілігімен айқындалады.
-Сәкен шығармашылығының сүйенген үш тағаны, байланған үш қазығы бар. Оның біріншісі- ақынның әрқашан да жанымен ақтарылып айтқан бүкпесіз де қарапайым сыршылдығы. Екіншісі - асқақтық яғни өмірді сындарлы санамен екшеп, елеп парасатты пайым жасап, күрделі қорытындылар шығаратын сыншылдық көркемдеу жүйесі. Үшіншісі азаматтығы - қоғамдық әлеуметтік мәселелерді, күллі тыныс - тіршілікті өлеңіне арқау еткен ақын кемелдігі дәлелденеді.
- Тақырып аясында көркемдік ой - санаға қозғау салып, ұлттық рухтың оянуы мен терең тамырлануына жетелеуде әдебиеттің орны Мұқағали поэзиясы мысалында ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады.
- Көркемдік - поэзия үшін жырдың сұлулығы, әсем нақышты сүйкімділігі, адам болмысын билер әсерлілігі. Жүйе - бір қалыпқа түскен арна, тоғыз ағыстың тоғысуы.
Зерттеу тәсілдері: Зерттеу жұмысын жазу барысында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін өлең - дастандардағы көркемдік жүйелерге, ұлттық белгілерге, образдардың сұрыпталу ерекшелігі мен сомдалу дәрежесіне үңіліп, көтерілген идеялардың мәнділігіне назар аударылып, кешенді әдеби талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу нысаны ретінде С. Сейфуллин өлең, толғау, поэмалары негізгі материал болды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі үлкен бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 Сәкен Сейфуллин - Қазақ әдебиеті төрінде үлкен орын алатын қоғам қайраткері
1.1 Сәкен Сейфуллиннің қысқаша өмірбаяны
жайлы
СЕЙФУЛЛИН СӘКЕН (Сәдуакас; 1894-1938 ж.), қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері. 1905 ж. Өспендегі қазақ-орыс мектебіне түседі. 1909 ж. Ақмоладағы екі сыныпты приход мектебіне ауысып, оны тәмамдағаннан кейін қалалық училищеде оқуын жалғастырады. 1913 ж. Омбының оқытушылар семинариясына көп қиындыкпен қабылданады. Осында қазақтың ұлы акыны Мағжан Жұмабаевпен үш жыл бірге оқиды. Қазақ жастарының көмегімен 1914 ж. Өткен күндер атты өлендер жинағын шығарып, мәдени-ағарту мақсатын көздеген Бірлік қоғамының сол қанатын басқарды. Омбы жұмыскерлерінің өмірімен танысып, Феоктист Березовский сияқты революционер жазушымен жақын болуы Сәкеннің ағартушы-демократтық көзкарасының өрістей қалыптасуына жағдай жасаса, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы күрес жолын тандау қажеттігін сездіреді. Омбы полициясының қара тізіміне 1914 ж. іліккен Сәкен өзінің ізін бағып жүрген тыңшыларға қарамастан 1916 жылғы санақ алу жұмысына қатысуы, Бұғылы ауылында бала оқытуы, Ақпан төңкерісі кезінде қала жатақтарымен тағдыр тәлкегін бірге бөлісуге бел байлауы, Акмолаға келе сала Жас қазақ ұйымын ашуы, 1917 ж. Тіршілік газетін шығаруы, замана жайын түсіндіруі, Қазан төңкерісін қуанышпен қарсы алып, қалам мен қаруды тең ұстауы әшейінгі жастық желігі емес еді. Күрескерлік сананың әсерімен Ақмола совдепінің президиум мүшесі және халық ағарту комиссары болып, төңкерісшіл өлең-жырдың туын көтерді, таптық сыңай танытты. 1918 жылдың маусымында тұткынға алынып, атаман Анненковтың азап вагонында ажалмен алысуы, асқан ерлік көрсетуі, түрмеден қашып шығып Түркістан өтуі, Кеңес өкіметі қайтадан орнағаннан кейін Ақмолаға қайтып келіп, әлеуметтік қауырт істерге белсене араласуы азамат ақынның өнегелі өмірінің айшықты белестері. 1920 ж. бүкілқазақстандық құрылтай съезіне арнайы шақырылып, Орталық атқару комитеті президиумының мүшесі болды. Оқу халық комиссарының орынбасары, Енбекші қазақ газетінің жауапты редакторы болып жүргенде 1922 ж. Халық комиссарлары кеңесінің төрағалығына сайланды. 1922 ж. 1915 жылдан бері жазып, Тіршілік, Ұшқын, Еңбек туы (Орынбор), Кедей сөзі (Омбы), Енбекші қазақ газеттерінде әр кезде жарияланған өлендерінен құралған Асау тұлпар жинағы, 1917 ж. жазылған Бақыт жолына мен тұңғыш революциялық Қызыл сұңқарлар (1920 ж.) пьесалары жеке кітап болып басылып шықты. С. Сейфуллин 1917-1925 жылдар арасында Қазақстан көлемінде өткізілген ірі науқандар, мәнді мәжілістермен қатар, бүкілодақтық съездер мен кеңестерге қатысты. 1925 ж. Қызылордадағы Халық ағарту институтының директоры, 1926 ж. Қазақ өлкелік партия комитетінің жанындағы испарттың меңгерушісі, 1927-1929 ж. Ташкенттегі Қазақ педагогика институтының (Қазпедвуз) директоры кызметін атқарып, 1929 ж. күзде Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетіне зорлықпен шақыртылды. 1934 ж. Қазақстан коммунистік журналистика институтының профессоры болды[3].
1927-28 ж. Жыл кұсы альманағы мен Жаңа әдебиет журналын шығаруға белсене қатысты. Ұзақ уақыт Әдебиет майданы журналының редакторы болды. Әдебиет пен мәдениет ісіне басшылық ететін талай ұйымдардың жетекші құрамына сайланды. 1934 ж. жазушылардың Бірінші Бүкілодақтық съезінде айбынды сөз сөйледі. Орыстың данышпан ақыны А.С. Пушкиннің қаза болғанына 100 жыл толуын атап өту жөніндегі одақтық комитеттің мүшесі және республикалық комиссияның төрағасы міндетін атқарды. Қазақ халкының тарихында, әсіресе әдебиетінде үлкен белес жасаған Тар жол, тайғак кешу атты роман-эссесін 1922 ж. бастап, тарихи шындықтың бетіне кірбің түсірмей, аяулы ағаларының ой-армандарын суреттеп, 1927 ж. жеке кітап етіп шығарды. Бұл екі арада Домбыра (1924 ж.), Экспресс жинақтары мен Ұйым және еңбек шарт -- жалшылар қорғаны (1926 ж.) атты өлең-жырын жариялады. Қазақ әдебиетінде жұмысшылар өмірін суреттеудің тырнақалдысы болған Жер қазғандар хикаяты 1927 ж. жазылса, Тұрмыс толкыныңда жинағы 1928 ж. шықты. Қазақ әдебиетінің классикалық туындысына айналған Көкшетау дастаны 1925-1929 жылдар аралығында жазылды. Өзі өмір сүрген заманына Советстан (1925 ж.), Альбатрос (1933 ж.), Социалистан (1935 ж.) триптахын арнап, кезең қиындығын, аштықты, партияның, әсіресе кәрі райкомның жүргізіп жатқан саясатының қателігін әшкерелеген Қызыл ат дастанын жариялады. Бұлар күрескер ақынның поэзия саласындағы зор еңбегіне айғақ болса, 1922 ж. жазылған Айша әнгімесін 1935 ж. хикаятқа айналдыруы, қазақ интеллигенциясының қоғамдағы келеңсіз жайттарға рухани қарсылығын суреттеген Біздің тұрмыс романы (1932-34 ж.) және республиканың даму белестерін баяндаған Жемістер атты публицистикалық хикаяты, сол кездегі идеологиялық идаспакпен өнделіп, толықтырылған Тар жол, тайғак кешудің екінші -- 1936 жылғы басылымы көркем карасөз саласындағы ірі табыстары еді. Жаңа өмірді өрге сүйреген жалынды ақынның шығармашылық еңбегінің жиырма жылдығы 1936 ж. аталып, зор құрмет көрсетілді. Қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған да Сәкен болды. Бейімбет сияқты ұлы дарынды кеңестік әдебиеттің даңғылына түсіруде Сәкен әрекетінің орны бөлек. Қостанайда Ауыл газетінде жүрген Бейімбетті Еңбекші қазақ газетіне жауапты хатшылыққа алдырды. Шолпан Иманбаеваны әдебиетіміздің қызыл гүліне айналдырған, төңкеріс күндеріндегі қанды көйлек жолдасы Сабыр Шариповтың Қызыл Қазақстан журналынын әр санында шашырап жатқан Алтыбасарын қолымен көшіріп, кітап етіп шығарған да Сәкен. Өнерпаз дарындарды осылай тірнектеп жинаудың арқасында ғана 1925 ж. қазақ жазушыларының тұңғыш шығармашылық ұйымы ҚазАПП-ты -- қазақ пролетар жазушылары ассоциациясын құрды. Сәкеннің қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы екені дау туғызбайтын ақиқат. С. Сейфуллин -- ірі мемлекет қайраткері. Қазақстан елдік пен азаттыққа үміттенген шағында республика басшыларының бірі болганын, ең бір шешуші сәтте жан-тәнімен жұмыс істеп, басқалармен халқының терезесін тең ету жолында аласүрғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. С. Сейфуллин әрбір іс-әрекетінде осы арманын жүзеге асыруға талаптанды. С. Сейфуллин -- үлкен коғам қайраткері. Бұл -- жарлықсыз, мандатсыз берілетін атақ. Халық осыған лайық ұлын аспанға көтереді, қадірлейді. Осының бәрі бір Сәкеннің бойынан табылуы тарихтағы ете бір бақытты сәт. Осыншама үлкен қадір-қасиет пен атақ, даңқты өмір өткелдерінде аударып-төңкеріп алмай өтуіне С. Сейфуллиннің кісілік сипаттары, әсіресе өтірік айта білмеуі, кіршіксіз адалдығы, қандай күйге түссе де өкінбейтін табандылығы, бір сөзбен айтқанда, кімді болса да сүйсіндіретін арлы азаматтығы себепші рунд кені төңірегіңце апдалузит кездеседі[4].
Табиғатынан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.
Сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет-қимылы, міңез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Еркелікті білмейтін, орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрымтадай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді ,,Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен, деп Нілді зоводына жіберед. Тоғыз жасында ауылдан кетіп, Кенішке келген Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пешке тас көмір жағып, су әкеп, әр түрлі жұмыстар істей жүріп, әуелі сол үйдің кемпірінен бір жыл орысша тіл үйреніп, екі жыл зовод мектебінде оқиды. Кеше ата ана алақанына салған бақытты бала, бүгін кісі есігінде. Кеше кеш жатып, кеш оянған ұйқыдағы жайбарақат ауылда болса, бүгін түтіні аспанға шаншылған завод, балғаларды дүрсілдете соғып, көк темірді сағызша илеген ұсталар, есе, теңдік бостандық талап етіпереуілге шыққан жұмысшылардың арасында. Жеті қат жер астындағышыңырауға түсіп, көздеріғана жылтырап, шаршап шалдығып шахтадан шығып келе жатқан кеншілер, сан алуан машиналарды жүргізіп, тас қопарып жатқан жұмысшылар, жатақ үйлер, ауыр тұрмыс, тартысты өмір суреттері алғыр, зере есті бала жүрегіне ыза, намыс,кек болып байланады. Кейін олар ақынның көптеген шығармаларына арқау болады.
Сәкеннің жан жақты білім алуы, азаматтық әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы, шығармашылық қадамының басталуы оның Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде, Омбы мұғалімдер семинариясындаоқыған жылдарымен тығыз байланысты. Тырнақ алды адымын Нілді зоводында қалжын өлең жазудан бастаған жас дарын қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Еуропа әдебиеттері классикасын игеруге талаптанады. Айқап журналына хабар, сын, мақала, бірнеше өлең бастырады. 1914 жылы жиырмажастағы семинаристСәкен Сейфулиннің Өткен күндер атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады.
Өзі секілді семинария бітірген сол тұстағы қазақтың жас оқығандары сияқты Сәкен де еңбек жолын Сілеті Бұғылы деген жерде ауыл мұғалімі болудан бастайды. Қазақ даласының астан кестенің шығарған 1916 жыл оқиғалары, әсіресе әлемді дүр сілкіңдірген 1917 жылдың алапат толқыны Сәкен өмірінде оқытып, қазақ тұрмысынан әр түрлі өлеңдер жазып жүрген, тіпті әлі балалық арылмаған жас ақын ақпан революциясы болып, патша құлатылғаннан кейін, Ақмолаға келеді. Тартыстың бітімсіз күресі аз уақыт ішінде романтик жыршыны тез ширатып, тіпті оның шығарма жазуға қолың да тигізбей, әлеумет қайраткері, саяси күрескер етіп шығарады. Сәкен Сейфуллин түрлі қызметтер атқара жүріп, қазақ әйелдеріне теңдік беру, дін басыларды ауыздықтау, бұрынғы дәулет, байлық, әкімшілік билік иелерін тізгіңдеу, кедей кепшік, жұмысшы жалшыға күш беру, әлеуметтік іске тарту секілді сан алуан саяси шараларды жүзеге асырады. 1917 жылы жазған Бақыт жолында драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнада қойылды.
Басқа да революционерлермен бірге Сәкен қол, аяғы шынжырланып Колчак түрмесінде отырады, аш жалаңаш, қорлық, зорлық көріп Анненковтың азап вагонының тауқыметін тартады. Тоғыз айға созылған бұл тамұқ тақсіретінен ер жүрек ақын 1919 жылы наурыз айынды Омбы тұтқын лагерінен қашып шығып құтылады. Мыңдаған шақырым жаяу жалпы, арып ашып жүріп, ол ақыры Түркістан өтіп, Әулиеата атырабында Кеңес өкіметін орнату жұмыстарына белсене қатысады[5].
1920 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы құрылғанда, Сәкен Сейфуллин Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, жер, су комиссиясының төрағасы, ал Кеңестер съезінде, 1922 жылдың қазанында Қазақстан Комиссарлар Кеңесінің төрағасы етіп сайланады. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі ретінде КСРО көлемінде шешілетін күрделі саяси, әлеуметтік, шаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады. Еңбекші қазақ газетінің Әдебиет майданы журналының редакторы болған С. Сейфуллин қазақ кеңес баспасөзінің басында тұрды. 1925, 1937 жылдар арасында Жазушылар одағында, басқа да орындар да басқыншылық қызметтерде бола жүріп, жоғары оқу орындарда ұстаздық етті. Кең құлашты қоғам қайраткері, адал, шыншыл ақын С.Сейфуллиннің даңқы алысқа тарады[6].

1.2 Сәкен Сейфуллиннің құнды еңбектері
Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім болады. Көп ұзамай, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде, ақын халық жағына шығады. Оған іле-шала патшаны тақтан түсірген ақпан революциясын ақын қуана қарсы алады, қазақ елі бостандық алып, бодандықтан құтылады деп сенеді. Ол дереу Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске бел шешіп араласады. Өршіл ақын, екі тілге бірдей жүйрік жалынды насихатшы, алғыр да жігерлі, оның үстіне тұр-тұрпаты да айта қаларлықтай келісті бұла жігіт тез көзге түсіп, көрнекті тұлғаға айналады. Коммунистік партияның бастауымен халық бостандық альш, кедей-кепшік қалың бұқара теңдікке жетеді, әділдік орнайды деп сенген Сәкен бірден социализмді, кеңес өкіметін жақтап шығады. Ақмолада кеңес өкіметі уақытша құлап, қамауға алынған Сәкен атаман Анненковтің "азап вагонында" көрмегенді көріп, 9 ай дегенде әрең қашып шығады. Кектемгі лайсаңда аш-арық, ауру ақын 500 шақырым жерді жаяу өтіп, еліне келеді, онда тұрақтай алмай, ол кезде кеңес өкіметі орын тепкен Жетісуға келіп, партия, кеңес органдарының жұмысына көмектеседі. Қым-қуыт, дүрбелеңді заман шындығы мен романтикасын көрсеткен "Асығып тез аттандық", "Далада", "Кел, жігіттер", "Сағындым", "Қамаудан", "Біздің жақта", "Қашқынның аулы", "Жас қазақ марсельезасы", т.б. әсерлі өлеңдері мен "Бақыт жолында" драмасы -- сол кезең жемісі.
Аққудың айырылуы поэмасында ақын аллегориялық тәсілмен көркем ой айта білген, мәңгілік махаббатты жырлаған.
Бас аяғы жұп жұмыр ықшам, келісті туындының ширақ сюжеті, жымдасқан композициясында назар аудару керек. Алдымен Арқадағы құмы маржан, суы күміс, айнала көк кестелі, шайы шымылдық, жасыл құрақты айна көлдің суреті беріледі. Лирикалық кейіпкер анда санда демалысқа осында келер еді. Қызғыш, тауқұдырет, шағала, сұқсыр,қасқалдақ, үйрек секілді көлді мекендеген құстар сәнді болғанымен, бұл мекеннің толымды суретін бере алмайды.
Аққудың келуімен көлде жаңаша, әсем тіршілік пайда болады. Қос аққудың махаббат мейрамы басталады. Ақын бұл құбылыстыкөз алдыңызға дәл келтірердей жанды, тірі, динамикалыкартина жасайды. Сұлулық, гармония, табиғаттың тамаша жаратылысы айдын көл, оның бетіндегі шашақты толқындар, суда қалқи жүзе жүріп, сүйіспеншілік ләззатымен балқыған қос аққу мұнын бәрі әсерлі, образды бейнеленеді.
Қамыс арасында тығылып тұрып, сұршамерген бір аққуды атып алады. Сөйтіп қас қағымда табиғаттың ғажап жаратқан асылы сұлулық символын мерт қылады. Жалғыз қалған екінші аққудың қиналысын ақын кең толғап, ақыры оның өзін өзі биік көктен тастап жіберуін үлкен трагедиялық күшпен суреттейді. Бірінсіз бірі тірлік ете алмайтын аққу құстардың қасиетін ақын үлкен символдық идея, махаббат идеалы, сүйіспеншілік мұраты ретінде асқақтата бейнелейді[7].
Сәкен Сейфуллин өз шығармашылығында азаматтық позицияны бірінші қатарға қойған, өнердің әлеуметтік, тәрбиелік мәнін аса қатты құнттаған, шығармалары арқылы қоғамға қолма қол ықпал жасауды ойлаған жазушы. Оның барлық жанрдағы туындыларының басты бір ерекшелігі өз заманының, уақыттың көкейкесті, актуальді мәселелерін көтеріп, соларға көркемдік идеялық саралау жасауында жатыр. Кезінде көп даудамай тудырған Қызыл ат поэмасында ақын өзі бұрыннан да әр сәтімен қолданған, аллегориялық әдіспен Қазақстандағы коллективтендіру кезінде кеткен үлкен қателіктерді, солардың кесапатынан туған трагедиялық қиындықтарды, ащы шындықтарды жасырмай айтады.
Ақын мен Қызыл аттың айтысына құрылған бұл туындыны қазақ поэзиясындағы ең уытты әлеуметтік сатира деуге болады. Саяси сауаттары төмен белсенділер әшкерлене сыналады, кей жерлерде аштық кеселінен адам шығындары болғанын патриот ақын жасырмай айтады. Қызыл ат поэмасында Сәкен Сейфуллин өмірдің трагедиялық қайшылықтарын ашық айтып, дәл бейнелеп, болашақ бағдарларды көрсетуге мүмкіндік беретін, әр түрлі көркемдік формаларды, шарттылық тәсілдерді пайдаланды.
Жаңа дәуірдің лирик ақыны ретінде Сәкен өз шығармашылығында осы халықтық гуманизм мен демократизмді дамытушы болды.Сәкеннің табиғат туралы өлеңдері қазақ кеңес әдебиетінде табиғатты жырлаудың жаңа ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.Ол табиғаттың әсем жыршысы атанды. Көкшенің сұлу суреті осы күнге дейін оқырман ұғымында Сәкен есімімен сақталып келеді. Бұл тақырыпқа ақын көптеген өлеңдер жазды.
Туған даланың сұлу табиғаты мен адал махаббатты бірлікте алып жырлауда Сәкеннің Аққудың айрылуы поэмасының ерекше маңызы бар. Үлкен гуманистік идеяны уағыздайтын романтикалық сарындағы махаббат туралы -- бұл аңыз[8].
Аққудың айырылуы поэмасы шын мәнінде кімнің болсада көркемдік талғамына жауап беретіндей деңгейде дүниеге келді. Аққудың айырылуын лирикалық поэма дейміз, себебі мұнда бір мезеттік сәт қана суреттеледі. Қос аққу айдын көлде мәз-мейрам болып жүргенде қаныпезер сұр мерген біреуін атып алып, сыңарын қайғы-қасіретке батырады. Шын ғашықтық сезімнің қуатты күші жалғыздық пен өмір сүре алмайтынын сезінген кезде екінші аққу сұр мергеннің алдына асапаннан құлдилап келіп құлайды. Сүйгеніне қош деп қанатын бір қағып мәңгілікке көз жұмады.Адал махаббат туралы осы аңыздың үлкен гуманистік идеясы шын сезімді, достықты қадірлеуде, сұлулықты сүюде жатыр. Лирикалық поэманың көркемдік қуаты күшті, әсері мол болды.
20-жылдардың екінші жартысы Сәкенге де, оның жақтастарына да жайлы болмады.
Сәкен өзі бұл туралы: басқару қызметтерде Смағұл секілділер отырғанда менің саяси -- әлеуметтік істерге араласуым мүмкін емес екеніне көзім жетті. Еш нәрсеге араласпайтын тұрмысқа көштім. Аққудың айрылуы және тағы бірнеше шығармаларым тап осы кезде жазылды деді.
1929 жылғы Әдебиет және сын мәселелері жинағында Сәкеннің лирикалық дүниелерін сынап-мінейді. Тек Сәкендер ақталғаннан кейін ғана Аққудың айрылуы өзінің пәктігі мен сезімталдығы мен әдебиет тарихынан өзіне тиісті орын алды.
Сәкеннің поэмалар шоғырына көз салғанда 1925 жылдары басталып, 1928 жылы Ташкентте аяқталған, 1929 жылы басылып шыққан халықтық Көкшетау дастанының қазақ позиясындағы орны мүлде ерекше.
Поэмадағы лирикалық кейіпкер-Көкшетау. Барлық оқиға Оқжетпес, Жұмбақтас, Жеке батыр айқын суреттеліп, көркем образ дәрежесіне көтерілген Адақ пен тұтқын қыз бейнелерінің өзі де, Көкшетау образын ашып, күшейте түсуге жәрдем береді[9].
Жұмсамақ еңбек табы жігер-күшін
Жасамақ жер-дүниеге жаңа пішін.
Жоқ қылып қайғы, қасірет, жарлылықты
Жертобын ұжмақ қылмақ адам үшін- дейді. Бұл тұста ақын табиғаттың сұлу көркін халықтың еңбегімен байланыстырады. Поэмадағы терең романтикалық образдар, қазақтың елдігіне атын қалдырып кеткен даналар мен қайраткерлер туралы көзқарастарына, қастерлеген суреттеуі-қазақ совет поэзиясының қалыптасу процесін өткеріп, енді өркендеу процесіне көше бастағанының айқын және шешуші белгісі болғанын аңғартады. Көкшетаудан тарайтын тарих пен табиғат көрінісінің қазақ әдебиетіне,поэзиясына бергені де, дарытқаны да ерекше. Туған жерді суреттеудің алғашқы бастамасы болғаны да сондықтан. Сәкен Абылайдың қалмаққа шабуылын, одан алып қайтқан орасан олжаларын нақты образбен көрсету үшін қолға түскен қалмақ қызын негізгі кейіпкер қылып алады. Бұл тарихи шындық болар, ал болмаған күннің өзінде шығарманың сюжеттік желісін өріп, көркем образ жасау үшін керек амал. Сондықтан қолға түскен қалмақ қызын талайлардың аузының суын құртатын деңгейде суреттеп қана қоймай, бүкіл қазақ тамсана, құмарнлана оқитын дастанға айналдырды.Ол адам таңданарлық әсем арна тапты.Қолға түскен қалмақ қызы арқылы Абылай өз батырларының пиғылын байқайын деді ме, әлде өнерлерін сынайын деді ме, әйтеуір таңдауды қызға береді. Қыз құтылудың соңғы амалы деп білген себепті үш шарт қояды. Қыздың бірінші шарты бойынша Оқжетпес аңызы туған. Оны ақын айшықты жырымен өрнектеген. Екінші шарты бойынша Жұмбақтас жыры туды.
Үшінші шарттың қойылуымен поэманың ширатылуына әкеледі. Қыз өз тағдырын Кептер кебі деген сырлы жұмбаққа айналдырғанда, даңғой батырлардың ақылы жетпейді. Сана жарысынан ұтылып,елдің намысы кетіп бара жатқанына шыдамаған Адақ деген ер жігіт Абылайдан рұхсат сұрап, қойған шарттың бәрін орындайды. Әсіресе ақыл санаға жүк түсіретін Кептер кебі жұмбағын шешуі жиналған жұртты таңқалдырады. Сәкен ер намысы емес, ел намысын ардақтауды мақсат тұтқан. Поэманың негізгі идеялық желісі елдің ішінен шыққан қарапайым Адақ арқылы адамгершіліктің де, әділеттіктің де, мейірбандықтың да үлгісі екендігін көрсетпек болған.Сәкен Көкшетау поэмасында Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас хикаяларымен тек сюжеттік желіні өрбітіп қана қоймай, олардың жаны бейнесін сөзбен салып берді. Сонда әсем көрініске көз қуанады, қызықты хикаялар жаныңды баурайды.
Жағалай тау мен орман анталасып,
Ортада жатқан жасыл мөлдір айна,
Ойнайды сол айнадан жүзін көріп,
Кеш болса сансыз жұлдыз, алтын ай да.
Бұл нағыз табиғат лирикасы. Сәкен аңызды баяндағаны болмаса, әрбір қимыл, іс-әрекетке мән дарыта бермейді. Ол көз қуантар табиғат келбетін оқушыға сөз[10] қасиетімен танытады, сүйсіндіреді. Автор құдды бір Көкшетау деп пейзаждық галерея жасап қойған секілді.
Мына суреттеуге қараңызшы:
Үйшік бар әлгі құзда үңгірлеген,
Ішіне кірсең үйдей күңгірлеген.
Аталған Кенесары үңгірі деп:
Көрсеңіз тәрізді іші дым кірмеген[11].
Әрине, ақынның қазақ әдебиетіне сыйлаған керемет дастандарынан талай әсемдік пен сұлулықты, керемет ажарлы сөз бояуын, таң қалдырар керемет образды, оқыс характерді кездестіреміз.Сұлу Көкшенің табиғаты мен ел тарихын Сәкен мен Мағжан жарыса дәріптеген деген пікірлердің шығуы заңды. Дегенмен Мағжан поэмалары ерте, 1923 жылы жазылғанын, ал Сәкен Көкшетау дастанын 1925 жылдан бастап, 1928 жылы аяқтағанын білеміз. Олай болса, Мағжан уақыт факторы жағынан ұтқандығын байқаймыз. Мағжан Сәкен тарапынан осындай сыр мен әсемдікке толы көркем жауап болады деп ойлаған жоқ шығар, бірақ мөлдіреген, жан тебірентер, іш толғантар жыр Сәкенді қамшылап, шығармашылық бәсекеге шақыруы дау туғызбасы анық. Екі ақының тұлғалары өз қалпында, туындылары өз дәрежесінде екендігі көзге анық көрінеді. Шығармашылық бәсеке арқасында әдебиетіміздің көркем шығармаға байып, тағы бір ұлы олжалы болғанына қуанамыз.
Сәкеннің көңіл күйі лирикаларының ішінде Сыр сандық атты өлеңі көрнекті орын алады. Адамдар арасындағы адал достық пен сезім тазалығын шерткен бұл шығармада ақын адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына балайды. Екінің бірі сол құздың басына шығып, сыр сандықты аша алмайды. Оны жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алмақ. Сыр сандығын ашып, адам жанының сым пернесін басқанда ғана дос көңілі, сыры шертіледі.
өлеңді ойға құру, мазмұнды түрмен ашу сияқты ізденістерді дамыта келіп,
сылқым сылдыры ойнақы өрнегі бар Сыр сандықты дүниеге әкелді.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын[12].
Өлеңді өрнектеуі де қазақ поэзиясы үшін тың жаңалық болумен қатар сөздердің сазы көңіл қошын тез тауып еріксіз би билеткендей.
Сәкеннің ізденістері осындай өлең түрлеріне жеткізіп халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыруға жәрдемін тигізді.,
Сәкен сөз құдіретін еркін меңгерген суреткер.
Қара жерден аспан асып ұшайық,
Жерді, аспанды біріктіріп құшайық.
Аспан жерді қуыршақтай қапсырып,
Алып қолға ырғап-шайқап қысайық, -- бұл өлең жолдарындағы бейнелі образ ақынның қиялының ұшқыр екенін дәлелдейді. Аспандағы қызыл жұлдызды жердің сәніне айналдыру ниетінің өзі өрелі болса, жер мен көкті қуыршақтай ойнату сөз құдіретін меңгергендігінің көрінісі[13].
Бұл айтылғандар Сәкеннің лириканың шекарасын батылдықпен кеңейте алғанын, оны тек нәзік сезімнің көрінісі түрінде қалдырмай, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн бере дамытқанын дәлелдейді. Ананың хаты, Анаға жауап сияқты өлеңдерінде ол ана мен бала арасындағы сағынышты сезімге жаңа қызметшісі- баланың салиқалы ойын қосады. Ол сағынып, елге қайт деп үгіттеген анасына тоқтау айтады. Бұл өлеңдерде ескі өмір мехнатын көп тартып, баласын өмір үшін күреске тәрбиелеген ана мен күрескер, жаңа қоғам иесі баланың нақты образдары жасалған. Сөйтіп, Сәкен лирик- ақын есебінде ізгі адамгершілік мінездерді, айнымас достықты, ана деген қасиетті сезімдерді қастерлеуші болды
Мұхтар Әуезов ол туралы былай деген: Сәкеннің ақындық асуларында әр жотадан атой бергендей тәкәппар сөз үндері жабы емеспіз, тұлпармыз, құладын емес, сұңқармыз, -- деп, бұрынғы өткен тарихқа бүінгі оянған табына дабыл ұрады. Оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын ашық. Тұтас бітімді жоталы тұлғадан туатын көрнекті бүтіндігі бар сезімдер. Оның шыншылдығы қозып, жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша нық сезім. Шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз Ақын жолы. Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса,осындай қайнар көзден шығуға лайық, -- деген кемеңгер ой Сәкеннің ұлы ақындығын қалтқысыз түсініп әдебиеттегі орнын айна-қатесіз белгілейді.
Демек, өмір шындығына негізделген шығарманың қайсы болса да, қандай деңгейде жазылса да елеусіз қалмайтындығын көреміз. Бұл енді табиғатынан туатын құбылыс.
Сонымен, шын ақындық қуатпен жазылған шығармалар, әсіресе поэма-дастандар қазақ поэзиясына Сәкеннің қосқан інжу-маржандары еді. Сол туындылардың қадір-қасиеті уақыт озған сайын құрметтеле береді, жаңа ұрпақпен табыса береді[14].

2 Сәкен Сейфуллиннің Тар жол тайғақ кешу романы
2.1 Азаттықты аңсаған күрескер ақын
Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны белгілі. Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыздың қатарында Сәкен Сейфуллиннің есімі бұл күнде зор ілтипатпен аталады.
Сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жатқан елді оятып, жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке тарту, әлбетте, оңай бола қойған жоқ.
Әрине, мұндай белсенділік, батылдық озбыр да өктем патша өкіметі назарына бірден ілігіп, қатты қысым көрді. Көптеген арыс азаматтар жауапқа тартылып, түрмеге жабылды. Елге іріткі салуларына қатаң тыйым салынды.
Осындай зорлық-зомбылықтардың кеңінен орын алғанын сол кездері қазақ даласын басқару орталықтары болған Омбы, Орынбор, Санкт-Петербург мемлекеттік мұрағаттарында күні бүгінге дейін сақталған құжат-қағаздар айғақтайды. ХХ ғасырдың оныншы жылдарында жарық көріп, қазақ даласына жаумай жасын түскендей әсер еткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. мектепте дастан оқыту мәселесі
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Қазақ әдебиетіндегі Сәкен Сейфуллиннің бейнесі
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 110 жыл
Сәкеннің сыршыл әлемі
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
Қазақ фольклористикасы - Сәкен Сейфуллин
С. Сейфуллин шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Пәндер