Қазақ тілі білімдерінің негізін салушы ғалымдар


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І Тарау Қазақ тілі білімдерінің негізін салушы ғалымдар . . . 5
- Ахмет Байтұрсыновтың ой- пікірлерінің қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық және саяси- әлеуметтік жағдайлар . . . 5
- Ыбырай Алтынсаринның- қосқан үлесі . . . 19
ІІ Тарау Қазақ тілі білімдерінің негізін салушы ғалымдардың үлестері . . . 27
- Ыбырай Алтынсарин - ақын, жазушы, балалар әдебиетінің
Атасы . . . 27
- А. Байтұрсынов және оның мұраларының зерттелу жайы және оның идеяларының ЬІ. Алтынсарин идеяларымен үндестігі . . . 33
- А. Байтұрсынұлы - қазақ тіл біліміндегі когнитивті лингвистиканың негізін салушы . . . 46
Қорытынды . . . 54
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56
Кіріспе
Курстық жұмысының көкейкестілігі
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т. б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек.
Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан курстық жұмысымды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т. б. жақсы мінез - құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым.
Курстық жұмысының мақсаты
мақсатты жүзеге асыру үшін:
- бастауыш сыныптан бастап ақын - жазушылардың өмір жолымен
танысу;
- көркем шығармаларды оқып, мазмұнын ұғыну;
- көркем шығармалардың жазылу ерекшеліктерін, кейіпкерлер бейнесін талдай білу;
- көркем шығармаға, ондағы бейнелерге баға беріп, пікір айтуға үйренуді бастауыш сыныптың ана тілі сабағындағы әрбір тақырыпты өткен кезде алдына мақсат етіп қою керек.
Курстық жұмысының міндеті
Міндетті жүзеге асыру үшін:
- шығарма авторы жайлы сынып ерекшеліктеріне қарай түсінік беруді негізге алу;
- әдеби жанр ерекшеліктерін таныту;
- шығарма кейіпкерлерін тануға, талдауға үйрету;
Курстық жұмысының зерттеу әдістері
Курстық жұмысын жазуда:
- лекциялық, сұрақ - жауап әдісі;
- талдау - жинақтау әдісі;
- бақылау, зерттеу әдістерінен үзінділер пайдаландым.
Зерттеу пәні
- Озат мұғалімдердің іс - тәжірибелері;
- теориялық және әдістемелік еңбектер;
- өзімнің іс - тәжірибе кезінде алған тәжірибелерім.
Зерттеу нысанасы
- Бастауыш мектеп оқушыларын ана тілі және қазақ тілі пәніне оқыту процесін жетілдіру;
- тіл байлығын арттыру;
- шығармашылыққа баулу;
Курстық жұмысының ғылыми болжамы
- Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың ана тілі және қазақ тілі пәндерінен терең де тиянақты білім алуына қол жеткізіледі;
- әртүрлі жақсы қасиеттерден үлгі алады;
- жақсы азаматтық, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болуға тырысады;
- Ыбырай Алтынсариннің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын оқып үйренеді;
Курстық жұмысының теориялық қолданылымы
- Бастауыш сыныптар мен мектептерде ана тілі пәнін оқытуда;
- пәндерді байланыстыра оқыту әдістемесін жетілдіруде;
- бастауыш оқу педагогикасы мен әдістемесі факультетінде ана тілін оқыту әдістемесі пәні мен арнайы курстарда әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
І Тарау Қазақ тілі білімдерінің негізін салушы ғалымдар
- Ахмет Байтұрсыновтың ой- пікірлерінің қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық және саяси- әлеуметтік жағдайлар
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласының Ресей қол астына тұтастай бағынуы, жер-жерлерде әскери бекіністердің, сауда-саттық өркендеген қалалардың салынуы, орыс шаруаларын Ресей отаршылдарының қазақтың шұрайлы жерлеріне қоныстандыруы т. б. саяси- экономикалық қарым-қаты-настар, қалыптасып қалған көшпелі халықты бірден отырықшылыққа айналдыруы қазақ халқына едәуір әлеуметтік-психологиялық кері әсер етті.
"Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізідді. Өйткені, патша өкіметінің отарлау саясатының басты мақсатының бірі халықты жаппай орыстандыру, шоқындыру еді. Бұған жетудің негізгі жолы-мектеп, халық ағарту ісі екені даусыз". Осыңдай мақсатты жүзеге асыра бастаған Ресей миссионерлері мұсылман елінің бірлігін ыдырату, халықты дінінен, тілінен айыру, бұратана халықтарды шоқыңдырып, ата-баба салтынан, дәстүрінен қол үздіріп тоз-тозын шығару үшін ғасырлар бойы қолданып келе жатқан алфавитін жойып, мұсылмандық мектеп -медреселерді жоғалтып, орыс-қазақ мектептерінің санын көбейтіп, оларды бірте-бірте таза орыс тілді мектептерге айналдыруды көздеген алуан түрлі сұрқия істерін жүргізді. Патша үкіметінің мұңдай саясатпен ашқан мектептері қазақ халқы-ның ұлттық ерекшелігіне, мәдениетіне үйлеспеді. Себебі, отаршылдардың басты мақсаты- қазақ халқын сауаттандырып, көзін ашу, білімді болуын қамтамасыз ету емес, орыстандыру, жазба мәдени етінен ажырату болатын. Ұлттық мектептердің азаюы, әлсіреуі осындай отаршылдық саясаттың күшеюінің нәтижесіне байланысты еді. Мұндай саясаттың белең алуына қарсылық білдірген алғашқы қазақ ағартушысының бірі - Ы. Алтынсарин болды.
Осы ғасырдың аяқ кезінде қазақ мектептері құрылымына байланысты екі түрлі көзқарастар туындады. Алғашқылары - орыстандыру, шоқыңдыру, ұлттық тіл мен діннен, мәдениеттен қол үздіруді көздеуші миссионерлер (Н. И. Ильминский, А. Е. Алекторов т. б. ), ал сонғылары - орыс халқының озық идеяларын негізге ала отырьш, халқының дүниежүзілік білімді игеруін қалаған ұлт ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев т. б. ) .
"ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қырым, Еділ жағалауы, ондай-ақ Қазақстан, Орта Азия өлкелерінде пайда болған жаңа жадид ағымының жетекшісі И. Гаспиринский еді. Жадид ағымына белсене қарсы шыққандар- дың бірі белгілі миссионер Н. И. Ильминский болды. Жадид ағымы мектеп, медресеге байланысты төмендегідей мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағрапия, жаратылыстану, тарих тағы басқа дүнияуи пәндерді енгізу аркылы қазіргі заман талабына сай шәкірттер- ге орта білім беруді қамтамасыз ету; сауатсыз, фанатик-моллаларды тиісті білімі бар мұғалімдермен алмастыру; дыбыстық оқыту әдісін енгізу; мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндет атқаруды жеңілдету; мұсылман мектептерін бақылау- ды үкімет инспекторына, не дін қызметкеріне жүктемей, жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты
ету болды".
Жадид ағымын қолдаушылар оқу-ағарту ісін бір ізге салып жүйелеуді, барлық халықтың бірдей білім алуын, білім деңгейінің сапасын көтеруді, ол үшін жаңа заман талаптарына сәйкес бағдарламалар, төл оқулықтар, маман- дар даярлау ісін жандандыруға ұмтылды. Жадид ағымыньщ көшбастары "білім негізі - бастауыш мектепте" деген қағидаға зор мән беріп, бастауыш мектептің өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлді. Олар жастарды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстырып қоймай, әлем әдебиеті үлгілерімен кіріктіре білім беруді көздеді. Сол үшін осы кезеңде ұлт мектептерінде ана тілін оқыту- ға байланысты елеулі өзгерістер іске асырылды. Көркем әдебиет пен жалпы мәдениеттің қол жеткен жетістіктері негізінде бастауыш мектептерге арнал- ған ана тілі оқулықтарын жазу мәселесі қолға алынды. Оқытудың тиімді жол- дарын жан-жақты қарастырды. Осыған орай көптеген жаңа оқулықтар дүние- ге келтірілді. Мәселен, М. Нұрбаевтың «Қазақша әліппесі» ( Қазан, 19101), И. Арабаев пен Х. Сәрсекевтің «Әліппе яки төте оқуы» (Уфа, 1911), М. Молдыбаевтың «Қазақша ең жаңа әліппесі»(Уфа, 1912), Қ. Қожықовтың «Әліппесі»(Орынбор, 1912), К. Серғалиннің «Қазақша әліппесі» ( Қазан, 1913), т. б. төл туындылар дүниеге келді. Сондай- ақ М. Дибердиевтің «Қазақ балаларына қирағат кітабы» (Қазан, 1910), М. Молдыбаевтың «Қазақша оқу кітабы» (Семей, 1912), М. Кәшімовтың «Үгіт»(Қазан, 1907), «Әдеп»(Қазан, 1908) т. б. оқу құралдары жазылды, »- деген мәліметтерден жадид ағымының жетекшілерінің ұлттық мектепті жаңа арнаға салу, сапасын көтеру үшін аянбай тер төккендерін байқаймыз. Мәселен, Ғалия медрессе -сінде оқыған - Сәйфи Құдашев: «Жалғыз Тройцк қаласының бір өзінде ғана 300- дей қазақ шәкірті бар. Егерде бұл шәкірттер аянбай еңбек етсе, халық арасына есепсіз көп жаңа пікір тарайтыны айқын. Қазақ даласының мәдениет жолына аяқ басуы және өнер- білімге жетуі ең алдымен саналы білімді шәкірттерге байланысты. Біздің қазақ балаларымыз аталы сөзге өте тез түсінетін зерк халық. Алған білімімізді босқа шашпай, қолымыздан келгенше пайдалы жерге жұмсап, қараңғыда қалған халықтарды нұрландыруға тырысу- біздің шәкірттеріміздің өтелмеген борышы, »- дейді.
Сондай- ақ, алғашқы оқулық авторлары еңбектерінде білім берумен қатар тәрбие мәселесіне де зор көңіл бөлінді. Мысалы, К. Сырғалин «Өнеге яки намуна» атты бастауыш мектепке арналған еңбегінде адамгершілік қасиет- терді қалыптастыру мәселесіне ерекшше мән берді. Автор әңгімелерінде бірлік, достық, жақсылық жасау, білімге ұмтылу, еңбекқорлық, аманатқа қиянат жасамау сияқты қасиеттерді бала санасына берік қалыптастыруды мақсат еткен.
Сонымен бірге, К. Сырғалин «Қазақша әліппе» кітабының алғы сөзінде ұстаздарды да ізгілікке шақырып «оқытқан уақыттарыңызда жылы жүрек, жұмсақ сөз, адамгершілікпен оқытыңыз"-дейді.
«Өнеге яки намуна» еңбегінің соңғы бөлімінде автор «дүние, адам қайдан жаралады» деген философиялық-танымдық мәселелерге бастауыш мектеп деңгейінде жауаптар беру арқылы оқушы танымын кеңейтуге тырысады. Ал „Әліппе" атты туындысынан М. Нұрбаевтың мұғалім оқушыға тиянақты білім беру үшін тәжірибелі, әдіскер болуы шарт деген көзқарасын анық аңғарамыз. Ол әліппесін әр әріпті үйретуге арналған 42 дәріске бөлген және мұғалімге арнап бір қатар әдістемелік кеңестер ұсынады. Онда ол ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелейтін мәнді пікірлер білдіреді. Оқытуды тек өзіндік мақсат емес, тәрбиелік, адамгершілікке баулудың басты құралы деп қарастырады.
Жұмағали Ізбасаров татар мектептерінің оқулықтарымен таныса келе, олардың өмірден алшақтығын және тағы да басқа кемшіліктерін аңғарады. Ол мектепте жалпы білім беретін ғылыми пәңдерді оқьпу мәселесін көтереді. Оқу жоспарына тарих, география, есеп, жаратылыстану пәндерін кіргізуді ұсынады. Осы пікірі үшін ол медреседен қуылады.
Осындай озық идеяның жүзеге асуы үшін қызмет еткендердің бірі - А. Байтұрсынов болды. Ол халқының болашағы жарқын болуына бар ғұмырын арнаған ұлтжанды азамат еді. Оның бойындағы ұлтжандылық қасиет отбасында қалыптасты. Отбасының сол замандағы зұлматтың қасіретіне ұшырауы, қоғамдық-әлеуметтік жағдай оның болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына тікелей ықпал етті дей аламыз. Себебі, ғалымның балалық шағы Ресей империясының отарлау саясатымен тұстас келді.
А. Байтұрсыновтың немересі С. Көкішев "Ахаң туралы ақиқат" атты ғүмырнамасында оның балалық шағынан бастап, саяси қоғам қайраткері болғанға дейінгі өмірін жан-жақты сөз ете келе, былай дейді: "Ахмет - Торғай уезінің Тосын болысына қарайтын Ақкөл деген көлдің жанында Сарытүбек деген жерде Ұлы Жыланшық өзенінің Ақкөл көліне қосылған құйылысында 1872 жылы дүниеге келді. Ахаңның тұқымында өр кеуделі, ер мінезді адамдар көп болған. Байтұрсынның әкесі Шошақ күшті, мінезі салмақты, ақылды, шындықты бетке айтатын турашылдығымен ел жұртына беделді, шаруа кісі екен. Сол қиын- қыстау күндерінде халқының мәдениетін, мұңын жоқтап сырттан болған әр түрлі шабуылдан қорғап, талай шайқасқа түссе керек. Содан Шошақтың батырлығы, ерлігі, ақылдылығы туралы әңгімелер ел арасынан кең тарап кеткен».
Ал, Ахметтің әкесі Торғай уезінің начальнигі Яковлевті көрсеткен озбыр- лығы үшін сабап басын жарғандықтан Сібірге айдалды. Осы оқиға Ахметке бала кезінде- ақ қоғамдағы әлуметтік теңсіздік туралы ой түсіріп, өшпес із қалдырғанын оның «Анама хат» өлеңіндегі:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам, -
деген жолдарынан аңғарамыз. Ол 1895 жылы Орынбордағы учительский школаны бітіріп, әуелі Ақтөбе уезі Батпақты болысындағы А. Қопсықбақовтың ауылнай школында, одан соң Қостанай уезі Әулиекөл деген жерде болыстық школында, кейіннен Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс- қазақ школында мұғалім болды.
1886 жылы Ахмет Омбыға барып А. Е. Алекторовпен танысады. Осы жерде А. Е. Алекторовпен араласа келе, оның ішкі саяатын айқын аңғарады да, оны Н. И. Ильминскийдің саясатын жалғастырушы деген ой түйіндейді. Ахмет 1886 жылдан 1907 жылға дейін Қарқаралыда орыс- қазақ школында, одан кейін қалалық училищенің оқытушысы қызметін атқарады. Осындай ағарту ісімен айналысып жүрген кезінде -ақ, оның дүниеге деген саяси көзқарастарының қалыптасуы басталады, әрі осы жылдары өзінің «Қырық мысал» атты еңбегін жазады.
Ал, 1909 жылы жазықсыз жаламен Семей түрмесінде 9 айдай отырып шығуы А. Байтұрсыновтың өміріне қатты әсер етіп, қоғамдық- саяси күреске ертерек араласуына тура келді. Ол туралы белгілі ғалым К. Нүрпейіс: «ХХ ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық- саяси қозға-лыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық- демократиялық мақсат- міндеттерді қойды. Бұл істің басы- қасына екі ғасыр тоғысында қалыптасқан зиялылар жүрді Олардың Ә. Бөкейханов басқарған көпшілігі қазақ халқының жалпы ұлттық мүдделерін білдіретін қоғамдық -саяси ұйымдар құрып, солар арқылы өлкедегі буржуазиялық -демократиялық сипаттағы қоғамдық қозғалысты басқаруға талпынды. Солардың қатарында А. Байтұрсынов та болды»-, дейді.
А. Байтұрсыновтың ағартушылық-көзқарасының қалыпта -сып, ол жолды біржола ұстауына әсер еткен оқиғаның бірі 1913-1918жылдар аралығында "Қазақ" газетінде редакторлық қызмет атқаруы. Бұл қызметті атқару барысында А. Байтұрсынов қоғамдық және саяси - әлеуметтік жағдай- ларға белсене араласып, өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оған ұлттық кітап -хананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған сол "Қазақ" газеті бетінде жарияланған мақалалары куә. Мәселен, А. Байтұрсынов осы газет бетіңде 1913 жылы "5 мың десятина жер", "Жауап хат", "Қазақтың бас ақыны", "Алаш азаматтарына" (М. Дулатовпен бірге), 1914 жылы "Бастауыш мектеп", "Мектеп керектері", 1916 жылы "Қазаққа ашық хат", "Сібір депутат- тарының мәжілісінде ", "Қазақ жұртына" (Ә. Бөкейханов, М. Дулатовпен бірге), "Торғай һөм Ырғыз уезінің халқына" (М. Дулатов, Тұнғаншин, Кәдірбаевпен бірге), 1917 жылы "Шорай Ислам"(Ә. Бөкейхановпен бірге) және т. б. жазған мақалаларында отаршылдыққа қарсылық, халық санасын ояту, білімін көтеру, сауатсыздықпен күрес, ұлттық баспасөз ісінжандандыру мәселелерін көтерді. А. Байтұрсынов "Революция және қырғыздар"атты мақаласында: "М. Тыньшбаев тәрізді патша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы күресіп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшілік жасаған қазақ зиялылары өкілдерінің атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 1917 жылғы қос төңкеріске қатысына, елді большевиктік анархия- дан құтқару үшін құрылған уақытша Алашорда үкіметін, бұл үкіметтің азамат соғысы жылдарындағы қызметіне, бірін-бірі алмастырып билікке таласқан орыс үкіметтерімен (Уакытша Сібір үкіметі, Құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комуч), адмирал А. В. Колчак үкіметі және т. б. ) байланы -сына және Кеңес үкіметі жағына өту себептеріне тоқталады". Мұндай мақала- лар сол кездегі баспасөз беттерінде толассыз жарияланды. Саяси әлеуметтік жағдайларға байланысты көптеген қазақ зиялылары кейбір мақалаларды бүркеншік атпен де беріп отырады. Газет халықты қоғамда болып жатқан өзгерістерден құлағдар ету, санасын ояту, дұрыс жол сілтеп, өнер- білімге, оқуға шақырған бірден-бір үгітші- насихатшы болды.
А. Байтұрсынов: «газета- халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай крек болса, халыққа газет сондай крек . . . Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», -деп газеттің қазақ халқы- на тигізер пайдасын көрсетеді. Ұлттық баспасөздің негізгі болатын 1911 жылы шыққан «Айқап» журналы мен Бөкей ордасында жарыққа шыққан «Қазақстан» және бірнеше қазақ тілінде газеттер болды. Осы газеттердің беттерінде қазақтың қоғамдық, саяси- әлеуметтік жағдайлары туралы мақала- лар үздіксіз жарияланып отырды. «Қазақ» газеті де дүниежүзіндегі және ішкі жағдайларда болып жатқан уақиғаларды жан- жақты түсіндіріп отырды. Яғни, «Қазақстанның Россия империясы жүйесіндегі орны мен ролі; қоғамның даму жолдары мен түрлерін таңдау; миграция мәселелеріне, бірінші кезекте патша үкіметінің қоныс аудару саясатына көзқарас, ұлттық мәдениетті дамыту шаралары мен қазақ- орыс мәдени қатынас мәселелері; дін мәселесі мен рухани қазыналарды бағалау мен дамыту мәселелері, т. с. с. «Қазақ» газеті бүкіл ұлтымыздың мәдениеті мен тарихын насихаттаумен қатар қазақтың зиялы қауымының саяси көзқарасын қалыптастырып, саяси партияларды құрауға негіз болды. Жалпы газет 1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрды. Газеттің 265 саны жарық көрді».
«Қазақ» атты газет шығаруда Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынов мақсаттарының ортақтығын көреміз. Ұлы ағартушы Ы. Аллтынсарин де 1879 жылы Орынбордан бүкіл қазақ жұртына тарайтын қазақ тілінде газет шығаруды ойластырған болатын. Оны Орынбор генерал- губернаторы Н. А Крижижановский мақұлдаған. Ы. Алтынсарин болашақ газеттің №1 санының үлгісін өз қолымен жасап, 1880 жылы мамырдың жиырма сегізінде газетті шығаруға байланысты ішкі істер министріне хат жазған. Газет қазақ және орыс тілдерінде форматы 45 х 35 см. көлемі 8 беттік болып жоспарланған. Алғашқы 4 беті қазақша, сонғы 4 беті орысша аудармасы. Газеттің аты - "Қазақ" (орысша - "Киргизская газета") деп аталады. Газеттің 4 бөлімнен тұруы көзделген:
бірінші бөлім: "бас әкімдер жағынан шыққан хабарлар";
екінші бөлім: "ел ішіндегі хабар";
үшінші бөлім: "шет жұрттардан келген хабарлар";
төртінші бөлім: "таңсық әнгімелер"
Ы. Алтынсарин бар күш-жігерін салып, ашуға тырысқан "Қазақ" атты газеті сол кездегі Ресей чиновниктері саясатының кесірінен шықпай қалды. Оның ізбасар інісі А. Байтұрсынов газет ашу ісі патша үкіметінің қатаң бақылауын- да болса да, ойын орындап, мақсатына жеткен. "Қазақ" газетінің атын неге "Қазақ" деп қойғаңдығы туралы А. Байтұрсынов: "Аталы жұртымыздың, аудаңды ұлтымыздың аты деп, газетіміздің есімін "Қазақ" қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп қызмет ету қазақ баласына міндет. Жол ұзақ, ғүмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай қарын тойғанша мөз болып, мал өліміндей өлмейік", -деу арқылы газеттің мақсаты халықтың рухани көсемі ретінде қызмет ету, ағартушылық ісіне көшбасшы болу екендігін анғартады.
Сондай-ақ, А. Байтұрсынов газетті аптасына екі рет шығару үшін генерал-губернатордың атына жазған арыз-өұтінішінде газет бағдарламасының он бес бөлімнен тұратындығын және алғашқы үш бөлімінің алдына қойған міндет- терін төмендегідей көрсеткен:
"1) қазақтарға қатысты үкімет нұсқаулары мен зандарын жариялау;
2) мемлекеттік дума мен мемлекеттік совет жұмысын жариялау;
3) ішкі және сыртқы хабарларды басып жариялап отыру және т. б". Осындай мәліметтер арқылы Ахметтің Ыбырай ісін жалғастырушы екеніне тағы да көз жеткіземіз.
XX ғасырдың басы Қазақстанды Ресей империясы отарына айналдыруды түгелдей аяқтап, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленіскен шағы еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz