Францияның территориалды басқаруын ұйымдастыру


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Жергілікті басқарудың мәні мен маңыздылығы . . . 5

1. 2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері және оны ұйымдастырудың принциптері . . . 11

II ФРАНЦИЯНЫҢ ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 Франция мемлекетінің аймақтық құрамы . . . 16

2. 2 Фрацияның аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі . . . 22

III ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ҚОДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР . . . 32

ҚОСЫМША . . . 33

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда басқару қызметі қоғам дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі, және ол өндіріс, қоғамдық процесстер, экономика, территорияның әлеуметтік сферасын басқарады. Басқару қызметі әрдайым жаңа даму кезеңдеріне ұшырап отырады. Өйткені территориалды басқару жыл сайын жаңа дамуға негізделеді, шарлуашылық байланыстардың ауырлауы, тұтынушылардың тұтыну көлемі ұлғайды. Осы негізде ҚР экономикасын көтеру бағыттарының бірі жергілікті басқаруды қолдану болып есептеледі. Еліміздің мемлекеттік құрылымын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын территориалды басқару жүйесін енгізу өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден бірі. Бірақ бұл бағытты көзсіз қабылдап бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті ортақтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ал, ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді ортақсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.

Енді муниципалды басқару мәні мен түсінігін анықтайтын болсақ. Муниципалды басқару - бұл экономикалық білім жүйесіндегі ғылыми пән, ол аймақтың әлеуметтік-экономикалық жүйесін оқытады. Муниципалдық басқару мен территориалды басқару ұғымдары бір мағынаны береді. Ол екеуіде жергілікті меншік иеліктерін басқаруға негізделген. Муниципалдық басқару - бұл жоғары деңгейлі қызметтің өзіндік түрі, ол жергілікті басқаруға негізделіп, қоғамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі заңды нормативтерге сүйене отырып басқаруға бағытталған. Территориалды басқару - бұл бегілі бір территорияда мекендейтін азаматтардың атынан, сол территорияда тұратын адамдармен олардың әлеуметтік қажеттіліктерімен байланысты мәселелерді жергіліті деңгейде жүзеге асыру.

ТМД елдерінің жергілікті басқару жөніндегі модельдік құрылымына сай муниципалдық құрылым бұл - муниципалдық меншігі, өзіне тиесілі қаржылық бюджеті тағайындалған жергілікті өзін-өзі басқару органы бар, белгілі бір территорияда жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын қалалық, аудандық немесе селолық мекен. Муниципалдық құрылым шекаралары халықтың орналасуының көлемін, оның салт-дәстүріне, тарихи жақтарын ескере отырып бекітіледі.

Территориалды басқару бегілері:

  1. Әлеуметтік бағдарланған бағдарламалар;
  2. Муниципалдық меншік түріндегі басқару обьектісі бар;
  3. Жергілікті басқарудың негізгі қызметтері сайланбалы муриципалдық

органдар мен өзін-өзі басқарудың ұжымдық органдармен жүзеге асыру.

Соңғы жылдан елде әкімшілік функцияларды жоғарыдан немесе орталық басқару органынан алып, жергілікті басқару ісіне беріле бастады. Былайша айтқанда, өзін-өзі басқару халықтың өз қолына берілуде десек те болады. Елбасымыз «Мәңгілік ел» Жолдауында бұл мәселені де айналып өтпеді. «Біз ел басқару ісін қоғам өзі бақылап отыратындай халге жеткізуіміз керек. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті басқару органдарына көбірек дербестік беру керек», деді ол өз сөзінде. Осыған орай, 2014 жылдың 29 қаңтарында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов мырза өз сұхбатың берген болатын. Б. Әбдірәсілов өз сұхбатын бере отырып жергілікті басқару туралы былай деді: «Жергілікті басқару жөніңде соңғы екі ай ішінде біраз тәжірибені сараптап, саралай келе Еуропа елдерінің үлгісіне көбірек тоқталдық. Оның ішінде Германия мен Польша және Франция секілді мемлекеттер бар. Сондай-ақ, бізде Еуропа Одағының жақсы бір жобасы бар. », деген болатын [1] .

Біз қарастыратын мемлекет - Франция. Францияда жергілікті басқарма мен орталықтар арасындағы байланыстар әр кезде де маңызды болды. Қазіргі кезде жергілікті қаржының дербестігі мен әсер етушілік жүйесі қалыптасты. Жергілікті қаржыны құрудың негізгі қағидаларын бөліп қарастыруға болады: тәуелсіз және оқшаулы жергілікті қаржының негізінде қажетті қаржылық ресурстардың өкілеттіліктерін қалыптастыру; ерекшеленген өкілеттіліктерді заңмен қамтамасыз ету; территориалды деңгейде тәуелсіз бақылау және т. б.

Бұл жағдайда аймақтық басқару проблемасы жергілікті үкімет органдарының ғылыми негізделген Концепциясының жұмыс жасауын қарастыратын жан-жақты терең теориялық ұғынуын талап етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты - Францияның территориалды басқаруын ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеу.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі Франциядағы территориалды басқарудың құрылымы, даму бағытыны және оны ҚР қолдану. Франция мемлекеттерінің басқару жүйелерін сараптай отырып ҚР территориясына ыңғайлы нәтиже әкелетін бағыттарды ұсыну. Әлемнің алып елдерінің тәжірибесі өте көп көмек береді.

Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік мына авторлардың еңбектерін қолдандым: Е. Айтахановтың «Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жоспарлау процесстерін басқару проблемалары», А. Г Воронин, В. А. Лапин, А. Н. Широковтың «Муниципалды шаруашылықты басқару негіздері : оқу құралы», Э. В. Дюронның «Местные органы власти во Франции» және т. б. ақпарат көздеріне жарияланғаны пайдаланылды.

Курстық жұмысытың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Жергілікті басқарудың мәні мен маңыздылығы

Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару ежелгі тарихты қалыптастырып келе жатқан болып көрінеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі алғаш рет ХІХ-ғасырда Бельгия мен Францияда жасалған болатын. Ол ерікті қауымдастықтың қызметі ретінде сипатталды. Мемлекет қауымдастықты құрайды, ол тек заң шығарушы, атқарушы және сот билігі ретінде таныған (муниципалдық, коммуналдық, қауымдық) . Жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда болуы тұрғылықты халықтың өздерінің экономикалық және саяси ортақ мүдделерінің сезінулерінің нәтижесі. Оны біз халықтың, яғни жергілікті ұжымдардың қалыптасуынан байқай аламыз. Мысалы, Ресейде жергілікті өзін-өзі басқару «шаруашылық ұжымға» байыпталған. Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару өркендеген демократиялық мемлекеттерде муниципалдық реформалар арқылы ХІХ-ғ-да орналасқан. Оның қалыптасуына түрткі болған жағдай, феодализмнен шығып индустриализмге бағытталуы.

Адамзат қоғамының даму кезеңінде демократиялық, құқықтық мемлекет өзін-өзі басқару жүйесінің дамыған сатысында ғана өзінің негізгі мәселелерін шеше алады деген түсінік қалыптасқан. «Құқықтық мемлекеттің конституциялық негізін қалай отырып, жергілікті өзін-өзі басқару, басқару аппаратының демократиялануына атсалысады, жергілікті мәселелерді тиімді шешеді және мемлекеттік саясатты жүргізуде жергілікті қауымдастықтардың мүддесін қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттің мүддесі мен адамдардың құқығы және мүдделерін қолайлы үйлестіреді» [2] .

Жергілікті билікті ұйымдастыру - теориялық негізін Алексис де Токвилл, Лоренц Штейн, Рудольф Гнест еңбектерінен кездестіруге болады.

А. Токвилл «ұлттың қауымдық институттарынсыз еркін үкімет қалыптасуы мүмкін, ал ондай жағдайда еркіндіктің шынайы рухы болмайды» деп атап көрсетсе, француз политологы Ги Сорман «орталықтансыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту - ұлттың күшті жағы. Мемлекет күшті мықты болған жағдайда, қоғам керісінше әлсіз болады» деген ой айтады.

Осындай идеялар жергілікті басқару туралы ұсыныстардың қалыптасуына арқау болғаны рас. Уақыт өте келе қауым еркіндігінің идеясы жергілікті басқаруды дамытудың қоғамдық теориясына айнала бастады және бұл теорияның негізгі белгілері төмендегідей болды (оның негізін салушы ресейлік ғалымдар Н. М. Коркунов, П. П. Гронский, Н. И. Лазеревский, М. Д. Заграцков және т. б. ) :

- жергілікті басқару органдарының іс-әрекеттері мемлекеттік емес және олардың шаруашылық сипаты басым;

- жүргізілетін мәселелердің нақты тізімінің жоқтығы;

- қоғамдық мүдденің мемлекеттікпен сәйкес келмеуі және т. б.

Бірақ бұл аталған негізгі белгілердің сипаты казіргі кезде толықтай өзгерген. XIX ғ. ортасында-ақ, мемлекетке орталық пен жергілікті билік арасында заңды түрде қарым-қатынас орнап, жергілікті билік заң шеңберінде дербес белгілі бір аумақта өмір сүріп жатқан халықтың мәселелерін шешуде белсенділік таныта бастады.

Одан кейін жергілікті биліктің қайта қалыптасуы Кеңес дәуірінің соңғы жылдары біліне бастады. 1990-1991 жж. «Кеңестік социалистік республикалар одағы жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті шаруашылықтың жалпы басталуы туралы» Заңы елімізде жергілікті басқарудың қалыптасуына негіз болды деп айтуға болады.

Ал, 1991 жылдың ақпанында «жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақстан Республикасының жергілікті кеңестерінің халық депутаттары туралы» Заңы қабылданғанымен, ол заң бұрынғы кеңестік дәуірдің ағымымен жұмыс істеді. Іс жүзінде жергілікті шаруашылықты басқару органдарының қызметі екі бағытқа негізделеді, олар: биліктік және экономикалық. Олардың экономикалық негізін кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы шаруашылық байланыстар мен қоғамдық сұраныстарды жүзеге асырушы субъектілер құрайды. Бұл субъектілердің рөлі әртүрлі [3, б. 192] .

Жергілікті өзін-өзі басқару өзіне жүктеген міндетті орындауда және жүзеге асырудағы басты заманауи міндеті - мемлекеттің, қоғам мен тұлғалардың мүддесін біртұтас біріктіру болып табылады. Оның негізгі мәні мен маңызы жергілікті өзін-өзі басқаруда, әрбір жеке тұлғалардың құқықтары мен адам бостандығы және қоғам мен мемлекеттің мүдделерін әр деңгейде жеке-жеке қолға алу үндестігімен ерекшеленеді. Осы бағытта жергілікті өзін-өзі басқару қазіргі заманға лайықты демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру арқылы адамның құқығы мен бостандығын жоғары мәнге ие құндылықтар жүйесіне жетелейді.

1985 жылы Страсбургте қабылданған Еуропалық Хартияда Жергілікті өзін-өзі басқаруға келесідей анықтама беріледі: өзін-өзі басқару бұл - жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғап, өз мойындарына жауапкершілікті ала отырып, заң шеңберінің негізінде, мемлекет міндетінің негізгі бөлігін алу және сол қызметті атқару. Әлемдік тәжірибеде өзін-өзі басқару органдарын құрудың негізгі үш тірегі бар: олар - заңдық реттеу, қаржылық құндылықтар және қоғамдық сұраныс. Халықтың өзін-өзі басқаруын реттейтін заңдар дамыған мемлекеттердің барлығында дерлік қолданыста. Бұл қадамға Қазақстан да бағыт алып келді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 89-бабы бойынша, жергілікті өзін-өзі басқару танылатындығын және дербестігіне заң шегінде кепілдік берілетіндігін атап өткен жөн [4, б. 18] . Өзін-өзі басқару органдарын құру үдерісі елді-мекен тұрғындарының азаматтық белсенділігіне де тығыз байланысты. Көп ретте қоғамдық негізде жұмыс жасайтын көше комитеттері, пәтер иелері кооперативтері, ардагерлер кеңесі тәрізді азаматтардың өз бастамаларымен құрылған бірлестіктер қызметін тұрғындардың өзін-өзі басқаруға деген ұмтылысы деп қарастыруға болады.

Әлемде өзін-өзі басқарудың негізі саналатын қалыптасқан екі жүйесі бар: бірі - англо-саксондық, екіншісі - құрылықтық не еуропалық жүйе. Өзін-өзі басқару органдары мен оны басқарушылар әр елде түрлі аталғанымен, мақсат бір: ол - жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу құзыретін елді-мекен тұрғындарының өзіне беру.

Жергілікті өзін-өзі басқару азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісіне аса маңызды рөл ойнайды. Сондай-ақ азаматтық құқық және бұқаралық белсенділік, әртүрлі мемлекеттік емес қоғамдық өмірдегі халықтың қызығушылығы оянып азаматтық қоғамның негізгі базасы қалыптасады.

2007жылдың қарашасында ҚР Парламент Мәжілісінде Үкімет ұсынған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы өтті. Бұл маңызды құжатқа ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауы негіз болды. «Қазақстан-203» Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде, Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты деген тараудың 2-ші бөлімінің V-ші тақырыбында «Жаңа кезеңнің ығытына қарай саяси және әкімшілік даму», «саяси жүйені дамыту» атты жиырма үшінші бағытында ел Президенті «Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы үшін жағдай туғызу» - деп атап өткен еді [5, б. 39] . Жергілікті басқарудың тәртібі мен оның қызметін сол жергілікті азаматтардың өздері заң шеңберінде шешуі тиіс. Аталған заң жобасы жергілікті өзін-өзі басқаруды құру тәртібін, жергілікті басқару органдарының құқықтық мәртебесін, қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін реттейді.

Жергілікті өзін-өзі басқару - халықтың билікті ұйымдастырудың маңызды элементі. Оның негізгі мәні ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей екі жақтылық табиғатында: саяси және қоғамдық. Бір жағынан жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттің басқаруына бірыңғай жүйемен біріктірілген. Жергілікті өзін-өзі басқару негізгі заңдар мен нормативтік актілермен әрекет ету арқылы өзінің бюджетін қалыптастырып, салық жинау тәртібін реттейді. Басқа қырынан, жергілікті өзін-өзі басқару азаматтық қоғамның маңызды элементі бола отырып, жергілікті қауымдастықтарды өзін-өзі ұйымдастырудың саяси формасы. Жергілікті өзін-өзі басқару институтын тек қана билік ретінде қарастырмай, оны қоғамдық билік ретінде, яғни, басқарудың объектісі мен субъектісінің бір-біріне сәйкес келетіндігін байқауға болады. Өзін-өзі басқару бостандық, теңдік және басқаруға тікелей қатысу принципін негізге алады. Өзін-өзі басқару дәстүрлі түрде мемлекеттік басқарудың баламасы ретінде қарастырылуда.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды көп қырлы, көп аспектілі және жан-жақты әлеуметтік құрылыс ретінде қарастыра аламыз. Адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі көрсеткендей мемлекеттің даму кезеңдерінде жергілікті орындарда өзін-өзі ұйымдастыру арқылы күнделікті мәселелерді шешуде. Бұдан жергілікті өзін-өзі басқару халықтың өзін-өзі ұйымдастыру формасы ретінде барлық уақытта, барлық елдерде қолданыстағы басқару жүйесі деп айта алмаймыз. Жергілікті өзін-өзі басқарудың формасы мен заманауи принциптері - мәмілеге келудің күрделі үдерісінің қорытындысында мемлекеттің және аумақтық қауымдастықтың мүдделерімен сәйкес келуде. Қазіргі заманғы жергілікті өзін-өзі басқару аумақтық қауымдастықтар мен мемлекеттің өзара байланыс құру механизмі ретінде қарастырылып, екеуінің ортақ нүктеде түйісуімен ерекшеленеді.

2007 жыл - еліміз үшін саяси жүйені одан әрі дамытудағы айқындаушы кезең болды. Бұл жерде Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген конституциялық реформалардың жүзеге асыру үдерістері Парламенттің, саяси партиялардың, мәслихаттардың (барлық деңгейдегі) қоғамдағы рөлін арттыра түскені анық. Бірақ ол, ең алдымен, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізіп, жаңартуға келіп тіреледі.

Жергілікті тұрғындардың осы саладағы атқарылып жатқан реформаға қағаттанбауы алдағы уақытта басқа да игілікті шараларды ескермеуге әкеліп соғады. Міне, сондақтан жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру бірнеше стратегиялық мақсаттарды көздейді. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, төменгі буындардағы жемқорлықты азайту - азаматтық қоғамды қалыптастырып, дамытуға көмектеседі. Өзін-өзі тиімді басқару біртіндеп жергілікті тұрғындардың жауапкершілігін арттыра отырып, жоғарыдан көмек күтпей, кездескен проблемаларды бірлесіп шешуге қолайлы жағдай жасайды. Осындай жағдайда жергілікті билік тұрғындар алдында бедел жинап, өкілеттілікке ие болады. Жергілікті елді-мекендерде үкіметтік емес ұйымдар өз деңгейінде жұмыс істей алмауда. Тіпті кейбір ауылдарда мұндай бірлестіктер жоқ деп айтуға да болады. Аудан орталықтарына тіркелген үкіметтік емес ұйымдар өздерінің күштерімен жұмыс атқаруда. Бірақ аудан, ауылдық аумақтарда үкіметтік емес ұйымдар көбейсе, олардың жұмысына көпшілік халық белсене араласса, қоғамдық бақылау болар еді.

Қоғамдағы саяси жүйені реформалау шеңберінде халық сайлайтын мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруға мұрындық болады. Нәтижесінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттері біршама кеңейеді. Барлық деңгейдегі әкімдер мәслихаттардың келісімі бойынша тағайындалады. Осы жағдайда жүзеге асырылған конституциялық өзгерістер ауыл әкімдерінің жергілікті мәселелерді шешуіне қолайлы жағдай туғызады. Бұған қоса, мәслихаттардың әкімдерге сенімсіздік білдіру әдістемесі оңайлатылды. Жергілікті мәслихаттар көпшілік дауыс беру арқылы әкімдерге ссенімсіздік танытып, оны қызметінен босату жөнінде бастама жасай алады. Соған орай, жергілікті басқару органдарының мәслихаттардың алдындағы жауапкершілігін тереңірек сезінеді. Жергілікті өкілетті органдардың рөлін күшейту, оларға қосымша өкілеттіктер беру жер-жерде өзін-өзі басқару жүйелерін қалыптастырудағы алғашқы қадам болып отыр.

«Әр ауыл әкіміне шамамен 50-100 миллион теңгедей аздап ақша бөлсек, олар аудандық мәслихаттардың бақылауымен қандай да бір қиындық көріп жатқан тұрғындарға қажетті мәселелерді шешер еді, шағын несиелер берер еді» - деп ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтқан еді [6, б. 16] . Мұны ауыл әкімінің қызметін жандандыратын, ауыл тұрғындарының еңсесін көтеруге көмектесетін іс-шара деуге болады.

Іс жүзінде жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің жалғасы болып табылады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың қатысуымен іске асырылатыны маңызды. Сондықтан да, мұның өзі саяси шешімдерді қабылдаудың барысында оған қоғамның кеңінен белсенді қатысуына жол салады. Жергілікті тұрғындар біртіндеп өздерінің алдында тұрған мәселелерді өз бетімен шешуге үйренеді, атсалысады.

Қазақстанда өзін-өзі басқару жүйесін енгізу аса күрделі құбылыс екенін ұмытуға болмайды. Ол көптеген әртүрлі дәрежедегі мәселелерді қамтиды. Бұл, ең алдымен, билік пен меншікке, тұрғандардың азаматтық бастамаларға дайындығына, демократияның даму деңгейіне, дүниежүзілік қоғамдастыққа қатынасына байланысты.

Қазақстанда өзін-өзі басқару жүйесі ыңғайына қарай кезең-кезеңмен енгізіледі. Бұл жерде кешенді бағдарламалардың маңыздылығы ерекше орын алады. Оның ішінде өкілеттілікті, меншікті және қаржыны бөлу, билікті жергілікті жерлерге беру біртіндеп жүзеге асады. Бұдан кейін жергілікті және орталық билік органдарының өзара бірлесіп қимылдауына, жергілікті орындарға басқару саясатын қалыптастыруға назар аударылады. Соның нәтижесінде біртіндеп жергілікті тұрғындар өзін-өзі басқару және бақылау іс-шараларына қатысады. Осындай жағдайда кез-келген деңгейдегі биліктің тиімді жұмысы тұрғындарға есеп беру және оның бақылауында болу болып табылады.

Қазіргі уақытта жоғарыда айтылған мәселелер Қазақстанның жергілікті билік орындарында шешімін таппай отыр. Әсіресе, жергілікті өзін-өзі басқару орындарының өкілеттілігі мен қызметін анықтау, жеке бюджетті қалыптастыру, пайда көздерін тұрақтандыру тұрғысындағы мәселелер шешімін таппай отыр. Сондықтан Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару орындарына бірқатар маңызды құқықтар мен басқару қызметін беру қажет. Көп нәрсе жергілікті қоғамдастықтың белсенділігіне байланысты. Оның бастамшылығы, бекемдігі мен өзінің мүдделерін қорғаудағы жігерлілігі өзін-өзі басқаруды жеделдететіні анық.

Осы орайда жергілікті тұрғындар заңнаманың шеңберінде іске асыруға тиісті бастамалар туралы айта кету керек. Ең алдымен, жергілікті тұрғындардың өзін-өзі басқарудағы нақтылы, өмірлік мәні бар ұсыныстарын әлеуметтік, экономикалық маңызды проблемаларды шешу барысында іске асыру ұтымды. Мұның өзі жоғарыда атап өткеніміздей, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігін айқындайды. Сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыруда негізгі маңызды басты бағыт ретінде оған әлеуметтік мәртебе беруді айту керек. Соған орай, жергілікті өзін-өзі басқару орындары белгілі бір әлеуметтік қызмет көрсететін орындар ретінде қаралатын болады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы - бұл тек жергілікті деңгейдегі қауымдастықтардың міндеті емес, сондай-ақ барлық деңгейдегі мемлекеттік биліктің және оны теориялық түсіну процесі - ғылыми міндет болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін ғылымның іргетасы берік болу керек. Сонымен қатар, мемлекет өзін-өзі басқару құрылымын өз бетінше құра алмайды. Бұл құрылым төменнен және жергілікті қауымдастықтар мен тұрғындардың өздерінің бастамасымен құрылуы тиіс. Мемлекеттің алдына қоятын міндет құқықтық база мен ұйымдастыру шарттарын, қолайлы саяси атмосфера қалыптастыра отырып қоғамда өзін-өзі басқарудың алғашқы баспалдағын орнатып, осының арқасында кең көлемдегі және күнделікті жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту керек, бәрінен бұрын төменгі баспалдақтан бастау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Францияда территориалды басқаруды ұйымдастыру
АҚШ-ТЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері
Аймақтық саясат жайлы
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Қазақстанның жергілікті басқару органдар жүйесін модернизациялаудың стратегиялық приориттері мен саяси механизмдері
Арналар арендасыныѕ желісі
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жасалынған дипломатиялық келісімдер
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz