Электронды анықтағыш түсінігі және оны пайдалану
КІРІСПЕ
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Электрондық анықтағыш түсінігі және оны пайдалану
1.2 Электрондық анықтағыш құралының тиімділігі және оған қойылатын талаптар
1.3 Электрондық анықтағыш бағдарламалық құралдары
2. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1. Macromedia Flash программасының мүмкіндіктері мен технологиясы
2.2 Macromedia Flash технологиясы принциптері
2.3. «Обьектілі.бағытталған бағдарламалау» пәнінен электрондық анықтауыш жалпылама құрылымы
3. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
3.1 Еңбек қорғаудың жалпы түсінігі
3.2 Жұмыс жасау кезіңдегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
3.3 Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы ережелері
3.4 Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
3.5 Адам өмірі үшін электр тогының қауіптілігі туралы түсінік
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық анықтағыштарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Оқу-ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген. Оқу-білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, кешенді ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электрондық анықтағыштар қазіргі таңда жиі қолданыста.
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарларын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

1. А.Ержанова Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану //Информатика негіздері №2 2005
2. С.Хасанова Flash-технологиялар негіздерін оқу үрдісінде қолдану //Информатика негіздері №2 2008
3. М.Халимова Электронды анықтағыштың тиімділігі //Информатика негіздері №1 2010
4. А.Алдабергенова Macromedia Flash программасының мүмкіндіктерін пайдаланып электрондық анықтағыш жасаудың әдістемелік негізі //Информатика негіздері №2 2009
5. Ш.Бимағанбет Электрондық анықтағыштарды информатика сабағында пайдаланудың тиімділігі М.Халимова Электронды анықтағыштың тиімділігі //Информатика негіздері №1 2007
6. Б.Сүлейменова Электрондық анықтағыштарды пайдалану ерекшеліктері М.Халимова Электронды анықтағыштың тиімділігі //Информатика негіздері №3 2010
7. Д.Ахметов Macromedia Flash технологиясы //Информатика негіздері №2 2009
8. М.Халимова Электронды анықтағыштың тиімділігі //Информатика негіздері №1 2010

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Электрондық анықтағыш түсінігі және оны пайдалану
1.2 Электрондық анықтағыш құралының тиімділігі және оған қойылатын
талаптар
1.3 Электрондық анықтағыш бағдарламалық құралдары
2. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1. Macromedia Flash программасының мүмкіндіктері мен технологиясы
2.2 Macromedia Flash технологиясы принциптері
2.3. Обьектілі-бағытталған бағдарламалау пәнінен электрондық анықтауыш
жалпылама құрылымы
3. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
3.1 Еңбек қорғаудың жалпы түсінігі
3.2 Жұмыс жасау кезіңдегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
3.3 Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы ережелері
3.4 Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
3.5 Адам өмірі үшін электр тогының қауіптілігі туралы түсінік
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен
сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның
соңынан ілесуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік
технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен
оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет
ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа
талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың
әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен
жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен
ығыстырылып келеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық анықтағыштарды, интерактивті құралдарды қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Оқу-ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы
информатика пәніне және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу
технологиясына негізделген. Оқу-білім ордаларында заманның ағымына
байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу
жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды
қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді,
кешенді ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар
бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде
мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған.
Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім
алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электрондық анықтағыштар
қазіргі таңда жиі қолданыста.
Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз бүкіл
еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
көрсетуге қол жеткізуіміз керек десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он
сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: Ақпараттық технологиялар мен
ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім
беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр делінген, сондай – ақ он
жетінші бағыттың үшінші тармақшасында Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін
дамытып, елімізде оқу теледидарларын құру қажет деп атап көрсетілгендей
бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін
және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу –
тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан
туындап отыр.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаhандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап
көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,
айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият
қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры
деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі
белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай
дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға
арналған программалық құралдарды (ОАПҚ) дайындамай жүзеге асыру мүмкін
емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы бақылайтын және тест
жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту
орталары, электрондық анықтағыштар және мультимедиалық программалар.
Электрондық курс студенттер үшін жоғарғы оқу орындарында оқыған
жылдарының барлығында да, өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік
емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады.
Электрондық курстармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке
ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады. Электрондық
курсқа мынандай анықтама беруге болады:
Электрондық курс – бұл компьютер арқылы оқу курсының немесе оның кез
келген бөлімін өз бетінше меңгеруге көмектесетін бағдарламалық-әдістемелік
комплекс.
Жалпыұлттық ақпараттану дәуірінде білім беру жүйесінің басым бағытына
электрондық анықтағыштарды, анықтағыштарды жасау және ендіру жатады.
Ұсынылған дипломдық жұмыстың негізгі мақсаттарына жатады:
- Электрондық анықтағыш құрудың негізгі жолдары мен оларды қолдануды
талдау және электрондық анықтағыш негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін
талдау;
- Электрондық анықтағыш жасаудың авторлық әдістемесін құру.
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Электронды анықтағыш түсінігі және оны пайдалану
Электрондық анықтағыштарға қатысты көптеген түсініктер соңғы жиырма
жылда айтарлықтай өзгеріп отырды. Іс жүзінде ескірген тұжырымдамалар
электрондық анықтағыш деп саналатын электрондық өнімдерді жасауға
итермелейді, бірақ шын мәнісінде, олардың түк керегі жоқ, себебі олар
ешқандай да электрондық анықтағыш болып табылмайды. Сондықтан да
электрондық анықтағыштарға қатысты басты түсініктемелерді нақтылап алу
пайдалырақ болады.
Электрондық басылымдар - графикалық, мәтіндік, сандық, сөйлеу,
музыкалық, бейне –, сурет – және басқа да ақпараттар жинағынан, сонымен
қатар пайдаланушының баспа құжаттарынан тұрады. Электрондық басылымдар
қандай да болмасын электрондық тасымалдағыштарда – магниттік (магниттік
таспа, магнитті диск және т.б.), оптикалық орындала алады, сонымен қатар
электрондық компьютерлік жүйеде жариялана алады.
Оқулық - оқыту тәртібін жүйелі түрде мазмұндаудан немесе мемлекеттік
стандарттар мен оқыту бағдарламасына сәйкес келетін және аталмыш басылым
түрі ретінде ресми бекітілген оның бөлімінен, тарауынан тұратын оқу
басылымы.
Электрондық оқулық - стандарттың дидактикалық бірліктерімен және
бағдарламасымен анықталатын мамандықтар мен бағыттардың мемлекеттік білім
беру стандарттарының тәртібіне толық сәйкес келетін жоғары ғылыми және
әдістемелік деңгейде жасалған негізгі электрондық оқыту басылымы.
Электрондық оқыту құралы - бұл оқулықты жартылай немесе толық көлемде
ауыстыра алатын не болмаса қосымша ретінде жүретін және осы басылымның бір
түрі болып ресми бекітілген басылым.
Электронды анықтағыш – қандайда бір пәндік аймаққа арналған ақпараттар
жиынтығын құралған жүйе.
Электрондық анықтағыштар түрлі көлемдегі ақпараттар орналасуы мүмкін -
суреттер, аудио ақпарат, видео файлдар және т.б.
Электронды анықтағыштар қолданысы келесідей:
• түрлі форматтарда;
• түрлі аймақтарда қолдану;
• түрлі мақсаттағы аудиторияларға қолдану;
• түрлі ақпарат тасушы құралдарда болуы.
Визуализация — суреттер, графикалар мен анимациялардың көмегімен
көрнекілік ақпарат беру.
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа мүмкіндігін –
қашықтан оқытудың енуін берді. Ол біріншіден, үйренушінің өзіне оқу уақыты
мен орнын тағайындауына, еніншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі
білім алудан шеттетілген адамдарға білім алуға, үшіншіден, оқытуда жаңа
ақпараттық технологияларды қолдануға, төртіншіден, оқытуға кететін шығынды
белгілі бір мөлшерде азайтуға мүмкіндік береді. Басқа жағынан қашықтан
оқыту білім беруді жекешелендіру мүмкіндігін арттырады.
Қашықтан оқытуда электрондық анықтағыштар қолданылатыны белгілі.
Электрондық анықтағыштарды құру ақпараттық материалдардың әркез жаңарып
отыруына байланысты мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Электрондық анықтағыштарды қолдану тәжірибесі студенттер мен
оқушылардың берілген материалды сапалы түрде меңгеруіне жол ашады. Олай
болса ақпараттық технологияның дамуы білім беруде жаңа әдістер мен
әдістемелерді ойлап табуға және сол арқылы оның сапасын арттыруға толық
мүмкіндік береді.
Электрондық анықтағышты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Электрондық
анықтағыштарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және
оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық анықтағыштың
артықшылығы болып табылады.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл анықтағыштарды пайдаланбай
алға жылжу мүмкін емес.
Анықтағышты кез-келген оқушыға ұсынуға болады және студенттердің өз
бетінше дайындалуы кезінде жақсы көмекші құрал болып табылады. Сонымен
қатар сынақтарға және әр пәннен өтетін емтихандарға дайындалуға да
көмектеседі.
Қазіргі уақытта оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық
анықтағыштар құрылуда. Мұндай оқу көздеріне деген қызығушылықтың артуы
мультимедиалық технологиялардың пайда болуымен және коммуникациялық
құралдар, Интернет желісінің дамуымен байланысты.
2006 жылдың бірінші наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында Электрондық үкімет жүйесін шұғыл
енгізу қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті.
Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді
пайдаланамыз.
Электронды анықтағыш дегеніміз – мультимедиялық анықтағыш, сондықтан
электрондық анықтағыштың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс.
Электрондық анықтағыш оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп
отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге
зор ықпал етеді.
Электрондық анықтағыштарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де
өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала
алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық
анықтағыштарды сабаққа пайдалануын оқытудың жаңа технологиясының бір түрі
ретінде қарастыруға болады.
Еліміздегі білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала
болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық
заман талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзінен түсінікті. Бүгінгі уақыт
талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу-тәрбие процесіне озық
тәжірибені, ғылыми жетістіктерді талап етеді. Белгілі педагог
Ш.А.Амонашвили: Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда,
жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан
соң бастау керек,- деген екен.
Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай
қолданылуы керек. Сыртқы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады.
Оқу үрдісінде теориялық және әдістемелік білімді ұдайы толықтырып
үздіксіз іздену – бүгінгі ақпараттық қоғамның басты талаптарының бірі.
Соның ішінде электрондық анықтағышты білім беру үрдісінде пайдалану.
Электрондық анықтағышты сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған
білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.
Электрондық анықтағышпен оқытудың негізгі мақсаттары:
сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалды қолдану тиімділігін
арттырады;
ақпараттық ізденіс қабілетін дамытады;
оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;
оқушылардың алған білім, білік дағды деңгейін бағалайды;
тақырып бойынша оқушының ынта-жігерін, ойлауын, ізденісін қалыптастырады
және т.б.
Электрондық анықтағыш арқылы түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс
және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып
түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарда
компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың
құштарлығы оянады деп ойлаймын.
1.2 Электронды анықтағыш құралының тиімділігі және оған қойылатын
талаптар
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру
реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға
беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері.
Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – анықтағыш авторы, мұғалім –
технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп
отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім
беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау
заман талабына сай талап етілуде.
Қазіргі кезді электрондық WEB анықтағыштың қандай екендігі туралы
біртұтас ой жоқ. Электрондық анықтағыш дегеніміз – мультимедиялық
анықтағыш.
Электронды анықтағыш – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық
технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды анықтағышпен
оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда
кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге
кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп
соғады. Ал электронды анықтағышпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол
тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай
қалуы да кездеседi, ал электронды анықтағыштың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр
этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана
қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда анықтағыштың тарауына, керектi
тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн,
бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды
автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес
беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн
тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын
күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген
белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып,
оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi.
Электронды анықтағышта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр
қатынас жағдайларында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi
жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдайлар қазақ тiлiнде бiр-
бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар
берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның
көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс
сөйлеуге көмектеседi.
Электрондық анықтағыштар оқушылардың
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- пәнге деген қызығушылығының артуына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана
алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Заман талабына сай ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық
анықтағыштарды пайдалануды оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде
қарастыруға болады. Электрондық анықтағыш оқушы – компьютер - мұғалім
жүйесін қалыптастырады. Электрондық анықтағышпен оқыту жүйесінің құрылымдық
диаграммасын қарастырайық. Оның құраушы элементтері оқушы – компьютер -
мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Осы элементтердің барлығы да бір-біріне
өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Заман ағымына қарай
күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді,
интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез келген сабақта
электрондық анықтағышты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық анықтағыштарға қойылатын талаптар туралы сөз қозғау өте
қиын, өйткені қандай шешім қабылданғанына қарай электрондық оқу басылымының
тағдыры, қолдану ыңғайлығы, жаңаруы және тағы басқа жағдайларға әсер етеді.
Талап түсінігін бұл жағдайда орындалатын бағдарламалық қамтамаға
немесе өмір сүру циклінің үрдісіне қойылатын шектеу ретінде түсіну керек.
Кез-келген шектеу ақыр соңында потенциалды тұтынушылар аясын шектейтіні
белгілі. Қолдануға болатын аппараттық-бағдарламалық кешен түрлері
диапазонын (аппараттық-бағдарламалық кешен – құрамы жай ғана техникалық
және бағдарламалық бөліктерден тұратын ЭЕМ) кеңейтуге ұмтылу керек, сол
арқылы өнім функционалдығын шектемей потенциалды тұтынушылар шеңберін
кеңейтуге болады.
Кез келген бағдарламалық өнімді, оның ішінде электрондық анықтағыш
жасау және ендіруге қатысты шектеулерді мәселенің қаржылық жағы қоюы
мүмкін. Аталған мәселе туралы қандай да бір ақыл беру өте қиын, тек тегін
бағдарламалық өнімдерді қолдану нәтижесінде электрондық оқу басылымының
өзіндік құнын айтарлықтай түсіруге болатындығын айта кеткен жөн.
Кез келген өнімнің маңызды сипаттамасына оның психологиялық қабылдануы
жатады. Адамның қабылдау ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл өз кезегінде
мүмкіндік береді:
- оқу құралының көркемдігін жақсартуға;
- материалдың еске сақталуын жақсартуға;
- жаңа бағдарламаға, оқу пәніне пайдаланушының үйренуін жеделдетуге;
- экран алдында жұмыс барысындағы шаршауды төмендетуге;
- назарды маңызды бөліктерге аудару, оның қабылдануын жақсартуға.
Электрондық анықтағыштар жасаудың педагогикалық технологиясының
құрылымы оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты
4 компоненттен тұрады: мотивациялық-мақсатты, мазмұндық, операциялық және
бағалы-нәтижелік.
Сонымен қорытындылай келе электрондық анықтағышқа қойлатын талаптар
келесідей:
1. Жан-жақтылығы.
2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала
алады.
3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн
бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
4. Модульдiк. Кез келген электрондық анықтағышты дәстүрлi анықтағыштар
негiзiнде құрылымын жасақтау.
5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған анықтағышқа сұраныс көп болуы қажет
және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
6. Тұтынушыға бағдарлау.
7. Электрондық анықтағышты топтау.
8. Ерекшелiк деңгейi: дәстүрлi және интеллектуальдық
9. Интеллектуальдық: Оқыту траекториясы бойынша материалдың бейнеленуi
(өзiндiк оқу мен өзiндiк бақылау).
10. Тарату деңгейi: CD, DVD және желілік. CD, DVD: Электрондық
анықтағыш осы дискеталар арқылы таратылуы керек (жадының көлемi бойынша).
11. Желілік: Интернет, электрондық пошта арқылы берiлетiн ақпараттары
шексiз болуы керек.
12. Анимацияны, дыбыстық жазуларды қолдану деңгейi: Кәдуiлгi және
мультимедиялық.
13. Мультимедиялық: мультимедиялық эффектiлер қолданылады.
3. Электронды анықтағыш бағдарламалық құралдары
НТМL тіліне кіріспе және командаларымен жұмыс
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ
қасиеті - олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web
-парақтарын жасау программалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым
программалау тілі емес. HTML - гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі
мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын
анықтайды.
World Wide Web және HTML тілі.
Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында
мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды.
Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol - гипермәтінді тасымалдау
хаттамасы) деп aталған болатын. Осы хаттамамен қатар HTTP сервелерінің
кеңейтілген желілері болып табылатын, Интернет арқылы файлдар тасымалдай
алатын World Wide Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде HTML (Hyper Text
Markup Language -гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы
файлдар түрінде болады. Осы файлдарды HTTP серверлерінде (Web-тораптарында)
орналастыру жолымен Web - парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде
Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар
әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану
яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де
файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) НТМ немесе HTML болуы тиіс.
HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web
-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең
пайдалану жолдарымен толықтырылып отырды. Ол World Wide Web жүйесінің
негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web
сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML
тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код,
яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс
енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы
құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын
белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін
құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне
енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер (browsers) деп аталатын арнайы
көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым
сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек
(ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа
құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web
жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс
күйінде болуы мүмкін.
Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті
беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз
заңдылықтары мен ережелері бар.
HTML тілінің атқаратын қызметі.
Web-парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML
тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы
әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан
бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын браузері бар болса,
екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі
браузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі
болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі. Ал, үшінші
компьютердегі Web-парақтарының мәтіндері зағиптарға арналған Брайль
қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.
Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі браузер
программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу
(форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол
Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір
тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін
тіл болып табылады.
Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны
тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң,
оны браузер - программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі
әріптерімен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып
қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы
арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып,
одан соң аздап үзіліс жасалуы да мумкін.
HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету
керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп
көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің
соңғы нұсқасында мәтінді пішімдеу командаларын пайдалану ұсынылмаған.
HTML командалары.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тэг (tag) деп
аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тэг кіші () символынан
басталады да, үлкен () символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі
бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда
аты болып табылатын түйінді сөз - тэг орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тэг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың
жазылуында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші
әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тэг атауларын жай
мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.
HTML тілінің бір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір
абзацқа ғана, әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бірі -
ашады, екіншісі - жабады. Ашатын тэг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал
жабатын тэг - сол әсерді аяқтайды. Жабу тэгтері қиғаш сызық символымен ()
басталуы тиіс.
Кейбір тэгтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді.
Мұндайда жабу тэгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тэг ретінде
HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір
әсері болмайды.
HTML – бұл электронды мәтіндік құжаттарды (Web-парақтарды) форматтайтын
арнайы тіл (құжаттарды белгілеу тілі). Қорытынды, гипермәтінді құжат арнайы
программамен-браузермен көрінуін анықтайтын кодтарды-тэгтерді мәтінге
белгілеу-қою. Белгілеу қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін, бірақ, кез
келген жағдайда негізгі мәтін құжатта белгісіз түрде сақталады.
HTML тілі белгісіз құрылғылармен қосылатын (көрсетілетін) экрандық
құжаттарды өңдеу үшін арнайы құрылған. HTML тілінде құжат құру
программалауға ұқсас. Құжаттың авторы қарапайым мәтінді алып, оған арнайы
кодтарды немесе тэгтерді қояды. HTML тэгтері – бұл бұрышты жақшалармен
аяқталған ( ), символдардың арнайы жүйеліліктері.
Құжат оқылып (көрсетіліп) жатқан кезде, бұл тэгтер командалар рөлін
орындайды. Мысалы, егер азатжолдың басында CENTER тэгі тұрса, онда,
көрініс қандай терезеде болсын, мәтіні қандай қаріпімен жазылса да, азатжол
толығымен терезенің ортасына түзетіледі.
HTML тэгтері құжаттың жолдарын түзетуді орындауға, мәтін және экран
фонының түсін басқаруға мүмкіндік береді. Олар мәтінге көркемдеу қоюды және
оларды мәтінмен айналдыра жазуды, сонымен қатар парақты көркемдейтін
көптеген әр түрлі функцияларды жүзеге асырады. Нәтижесінде тек қана
мазмұнды емес, тартымды Web-құжаттар құрылады.
Көптеген HTML тэгтердің арасында гипермәтінді сілтемелер құруға
арналған арнайы тэгтер тобы бар. Гипермәтін – ол форматтайтын,
көркемдейтін, басқа құжаттарға гипермәтінді сілтемелер және мультимедия қою
сияқты қосымша элементтермен басқаратын арнайы кодтар орнатылған мәтін.
Гипермәтінді сілтеме – ол басқа Web-парақтың жергілікті адресімен
байланысқан мәтіннің бөлінген фрагменті (көркемдеу). Гипермәтінді
сілтемелер асты сызылумен немесе басқа түспен ерекшеленген. Тышқан
көрсеткішін гипермәтінді сілтемеге апарғанда ол формасын өзгертеді.
Гипермәтінді сілтемеге тышқанның сол жақ батырмасын басқанда басқа Web-
параққа өту жүзеге асады, ал басқа серверде отырған кері континентте болуы
мүмкін.
Web-парақтар құру. World Wide Web – бұл ең белгілі және ең әйгілі
Интернет қызметі. Көбінесе оны жай ғана Web деп атайды. World Wide Web
қызметі іштей, яғни интерактивті жұмыс үшін арналған. Ол ақпаратты
іздеуге және жинауға мүмкіндік береді. World Wide Web негізі болып екі
ұғым жатады: HTML құжаттарының форматы (Hyper Text Markup Language
–гипермәтін белгісінің тілі) және гипермәтінді сілтемелер.
HTML тілінде жазылған файлды Web-парақ деп атайды. Әрбір Web-парақ – ол
қарапайым мәтіндік құжаттардан өзінің форматымен ерекшелене-тін жеке Web-
құжат. Осы құжат қойылған (жарияланған) серверде ол .htm форматында
ұсынылған. Web-парақтың сервер адресінен және берілген сервердегі файлдың
адресінен тұратын бірегей адресі бар. Бұл адресті URL адресі деп атайды.
Web-парақтарда орналасқан мультимедиялық объектілерді қосу үшін қосалқы
және қоса салынған қосымшалар жұмыс атқарады. Бұл қосымшалар Web-
парақтарында орнатылған, дағдыланған немесе стандартты емес мультимедиялық
объектілерді қосу үшін қолданылады, мысалы, радиотасымалдауды есту үшін.
FRONT PAGE тілінде электронды анықтағыш жасау технологиялары
Microsoft FrontPage пакеті Web–түйіндерді өңдеуде және ұйымдастыруда
және ары қарайғы олардың мазмұнын Internet және Intranet желілерінде
жариялауда толық мүмкіндік береді.
FrontPage редакторында жұмыс істеу барысында біз өзімізге оның қолдану
нәтижесінде қолмен құрғандағы ережелер бойынша құрылатын HTML құжаты пайда
болатынына есеп беруіміз керек. Бұл жайт дер кезінде осы редактордың
мүмкіндікдіктері мен шектеулерін анықтайды.
FrontPage редакторының барлық функциялары HTML тэгтерімен бірбеткей
іске асады.
FrontPage редакторының HTML тегтері түрінде елестетпейтін құралдары
жоқ. Қолданушы әдетте алынған эффектіге жету үшін HTML – дің қандай
құралдары қолданылғанын және олар қаншалықты оңтайлы пайдаланылып жатқанын
білмейді.
FrontPage редакторы Internet Explorer шолушысын қолдануға
негізделген.Сондықтан онымен құрылған HTML код дәл сол шолушыда парабар
бейнеленеді. Дербес жағдайларда, FrontPage жүгіртпе жолды қолдануға
мүмкіндік береді, HTML стандартының құрамына кірмейтін, бірақ Internet
Explorer – мен қолданылады. HTML құралдарының стандарттарының ішінен
FrontPage редакторы фреймдерді(нақтырақ айтсақ, фреймдердің сипаттамасының
құжаттарын) қолдамайды. Қолдануға ыңғайлы Front Page құрылғысы Web -
парақтарын, бүтін сайт жасау мүмкіндігін береді:
• Кез келген параққа фонды бейне беруге болады.
• Комплексті программалау көмегінсіз, Web Bot компонентін қолдану
арқылы өз мүмкіншілігіңізді арттыруға болады.
• Front Page комплектісіне уақыт белгісін, іздеу құрылғыларын
қамтитын Web Bot компоненті кіреді.
• Active X басқару элементін қолдану арқылы Web – парағының
мүмкіншілігін арттыруға болады.
• HTML тілінің командаларын қолданып, рұқсатты Тэг қоюға болады.
• Тегті өңдеуге және қарап шығуға болады. Тэгтің түрлі түсті
бейнеленуі мәтіннен оны жеңіл табуына септігін тигізеді.
MS Front Page редакторының қысқартылған Front Page Express версиясы
қолдануға өте ыңғайлы. Пакет Front Page пакеті негізінен Сервер,
Сілтеуіштен тұрса, ал Front Page Express - Front Page редакторын қамтиды.
Front Page Express программасы кіші және қарапайым сайт құруға жақсы
келеді. Ал Front Page пакеті Интернет –серверлер қолданысына бағытталған.
FrontPage редакторының Web-беттерімен танысу
Интернеттің барлық Web-беттері жалпыға ортақ бір қасиетке ие – олар
HTML тілінің құралдарының көмегімен құрылған.
HTML – жай ғана программалау тілі емес, әйтседе Web-беттерді құру
процесі программалау процесіне өте жақын.
HTML – бұл гипермәтінді белгілеу тілі. Ол қарапайым мәтіннің Web-
беттері түрінде көрсетілетін ережелерді анықтайды.
HTML мәтінді белгілеу тілін күрделі деп атауға болмайды. Әйткенмен, Web-
құжаттарды құруда, әсіресе қарапайымдарын, көптеген жайттарды
автоматтандыруға болады.
Web-беттерді құруға арналған программалық құралдарды Web редакторлары
деп атайды. Осы кластың ең қолайлы және қарапайымы FrontPage редакторы
болып табылады.
HTML-бет арнайы белгіленген мәтіндік құжат болғандықтан, оны құруға
және редактрлеуге әдеттегі мәтіндік редакторды қолдануға болады. Алайда
арнайы құралдарды қолдану Сіздің жұмысыңызды жағымды әрі эффектілі қылады
және уақыт пен күш-жігеріңізді үнемдеуге көмектеседі.
HTML – редакторларының көптеген түрлері бар. Құжатты белгілеу процесін
сәл автоматтандыруға көмектесетін қарапайымдарынан бастап, жеке HTML –
құжаттарды WYSIWYG режимінде (''What You See Is What You Get''-''Не көрсең,
соны аласың'') құруға және сайттарды редактрлеуге дейін мүмкіндік беретін
мықты жүйелер бар.
Соңғы уақыттарда Microsoft компаниясының FrontPage пакеті Web-сайттар
мен Web-серверлерге қызмет көрсетуге арналған құрал және көпке
танымалдардың бірі.
Internet Explorer қойылымына қысқартылған FrontPage Editor редакторының
FrontPage Express версиясы кіреді.
FrontPage редакторының тамаша бір мүмкіндігі FrontPage редакторы HTML
тілін қолданбай-ақ Web-беттерді құруға арналған қарапайым құралды ұсынады.
HTML тілінің мүмкіндіктері түгелімен FrontPage редакторына енгізілген. Бұл
редакторды меңгеру HTML тілін үйренуге қарағанда өте аз уақытты алады,
дегенмен бұл үшін кейбір мүмкіндіктерді шектеуге келіп тірелсе де.
Front Page программасы Web – құжаттар жасауға арналған көп
мүмкіншіліктері бар және қолдануға ыңғайлы программа. Front Page
программасы Office құрамына кіретін басқа да программалармен үйлесімді,
демек қажетті жағдайда басқа программалармен деректерді ауыстыру жеңіл
орындалады.
Front Page пайдаланып Веб беттер құру және гиперсілтеме орнату
1. Редактор терезесі ашылған соң FileNewWeb командасын беру.
New терезесі ашылады.
2. Терезенің Specify the location of the new Web өрісіне сайттың толық
атын енгізу, мысалы, С:\Мой документы\141. Ол арнайы бума түрінде
құрылады. Түрлі браузерлердің тани алуы үшін атаулардың латын
алфавитінің әріптері, тіпті кіші әріптері арқылы жазуға болады.
3. Осы терезеде көрінген One page web (бір Веб-бет) белгішесін екі рет
шерту. Сайттың бос бірінші Веб беті ашылады.
4. аспаптар панелінде көрінген өрісін ашып, қазақ алфавитінің қарпін
таңдау.
5. Терезенің сол жағындағы Folder List (бума беті) блогында көрінген
Index.htm атауын екі рет шерту. Веб-бет ашылады,да, терезенің жоғарғы
қатарына Index.htm (Көрсеткіш htm) тақырыбы енгізіліп қойылады (ол-
редактордың жаңа Веб-бетке алғашқы тағайындалған атауы).
6. Бетке Веб-бетің мазмұнын енгізу. (Бетке Clip Gallery (ClipArt)) сияқты
суреттер сақталған бумадан қажетті суретті кірістіру және анимация
ұйымдастыру да қиын емес.
7. FileSave as командасын беріп, ашылған терезеде орнатылған буманы
(сайт атын) ағымдық ету. Онда веб-бетті сақтау (ашылған терезенің Файл
типі өрісінен Web-страница типін таңдап, файлға ат беру, мысалы,
jaz1.htm түрінде сақталып қойылады).
8. FileАшу командасын беріп, ашылған терезеден 151 атауы берілген
буманы ағымдық ету. Буманың құрамындағы index.htm файлын таңдап, Ашу
түймесін шерту. index.htm бос терезесі ашылады.
9. Онда екінші веб-бетті дайындау. Оны сақтау жоғарғы тәсілмен
орындалады. Осы тәсілмен сайт құрамына көптеген Веб-беттер орнатуға
болады.
Гиперсілтемелер орнату:
1. бірінші Веб-бетті ашу.
2. беттен гиперсілтеме орнатылатын сөз тіркесін таңдап, Insert-
Hyperling (кірістіру - гиперсілтеме) командасын беру. Loon in
өрісінде сайттың аты жазылған гиперсілтеме құру терезесі көрінеді.
(мысалы, сайт:С:\Мои документы\141).
3. Терезеден гиперсілтеме орнатылатын беттің атын таңдап, ОК түймесін
шерту.
4. Терезенің төменінде Preview (Көріп шығу) түймесін шерту.
Гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып қойылады.
Гиперсілтеме арқылы байланысқан гипермәтінді экранға шығару үшін
терезеде көрінген гиперсілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ қол түріне
айналған кезде гиперсілтемені шерту жеткілікті. Ал алғашқы гипермәтінге
қайтып оралу үшін терезенің астыңғы қатарында орналасқан Normal түймесін
шертсе болғаны, т.с.с.
Интернет желісін және компьютерді пайдаланып сырттан (қашықтан) оқыту,
тіпті күндізгі бөлімде оқитын жастарды даралай оқыту тәсілі елімізде
маңызды орын алып келеді. Ол үшін қажеттілер – қағазда дайындалған негізгі
анықтағыш пен интернет желісінде Веб-сайт түрінде дайындалған ықшамды
электронды анықтағыштар.
Электронды анықтағышқа енгізілетіндер:
- Тақырыптарды қайталап, білімді бекіту үшін дайындалған тестілік
сұрақтардан тұратын Веб-бет;
- Тестілік сұрақтарға жауап беруге арналған және сәйкес тестілік
сұрақтарға қайту мүмкіндігі енгізілген электрондық анықтағыш –
гипермәтіндік Веб-беттер (білімді бекіту мәндері. Олар тақырыптарды
толық түрде сипаттайтындай болуы тиіс, мұндай Веб-беттер
оқушылардың білімді меңгергенін өз бетінше бақылауға көмегін
тигізетіндігі сөзсіз). Кейбір сұрақтарға жауаптың бір бөлігі
дайындалған Веб-беттерге енгізілмеуі де мүмкін. Бұл кезде оларды
негізгі анықтағыштардан іздеу керек;
- Дайындалған тестілік сұрақтарды пайдаланып, сынақ не емтихан алу
үшін құрылған бақылау программасы.
Электрондық анықтағыштардың ерекшеліктерінің бірі – онымен жұмыс істеу
сұхбаттық түрде жүргізіледі. Осының нәтижесінде оқушылар, студенттер өз
білімдерін сұрақтар мен бекітулер арқылы жеңіл түрде меңгереді.
Электронды анықтағыш Веб-сайт түрінде дайындалатындықтан оның толық аты
бума түрінде бір Веб серверге орналастырылып қойылады. Веб-сайтқа .htm
кеңейтілуі бойынша сақталады.
Сонымен, сайт құрамында сұрақтар Веб-беті мен оларға сәйкес жауаптар
беретін тақырып мәтіндерінен тұратын Веб-беттерді дайындау және оларға
гиперсілтемелер орнату тәсілдері:
1. Атау берілген сайттың құрамында алдымен тест сұрақтары
енгізілген Веб-бетті, одан соң әр сұраққа жауап беретін жеке Веб-
беттерді дайындау. Оларды .htm типінде сақтау.
2. Тест Веб-бетін экранға шығару. Бірінші сұрақтан гиперсілтеме
болатын сөзді не сөз тіркесін белгілеп, Insert-Hyperling
командасын беру. Жауаптардан тұратын сайт веб-беттері енгізілген
Edit-Hyperling терезесі көрінеді (Веб-беттер көрінбесе, терезеде
алдымен сайт бумасын ағымдық етіп алу керек).
3. Терезеден сәйкес енгізілген Веб-бет атауын таңдап, ОК түймесін
шерту. Ағымдық сұрақ пен жауап енгізілген Веб-бетке
гиперсілтемелер орнатылып қойылады да, тест сұрақтары енгізілген
Веб-бет терезесі қайта көрінеді.
4. Терезенің Preview түймесін шерту.
5. Гиперсілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусақ түріне айналған
кезде гиперсілтемені шерту. Жауап жазылған Веб-бет терезесі
көрінеді.
6. Терезенің Normal түймесін шерту. Сұрақтар жазылған бет терезесі
қайта көрінеді, т.с.с.
Электрондық анықтағышты пайдаланып тексеру тестін жүргізу үшін
дайындалатын програманы кез келген күрделі програмалау тілінде құруға
болады.
Гиперсілтемелер құрудың тағы бір әдісі – салыстырмалы адрестеуді
пайдалану. Бұл әдіс бойынша сілтеме жеке файлға емес, HTML құжаты ішіндегі
абзацтарда жасалады. Мысалы, A href=# “абзацқа сілтеме” абзацқа сілтеме
\A.
Microsoft FrontPage программасында Web–компоненттердің арќасында Web-
түйін функционалды мүмкіншіліктердің кең спектрін ќосуға болады,
ќатысулардың есепшілерінен бастап, бетте келушілердің санын тіркеуші,
фотоколлекцияларға дейін, графикалыќ бейнелеулердің өзімен таныстырушы
терімдері бар.
Front Page программасымен жұмыс
Front Page программасы Web-құжаттар жасауға арналған көп

1. Web-узел жасау.
Web-узел белгілі-бір тақырыпқа байланысты жасақталған Web-беттер
шоғыры. Web-узел сіздің Web-беттер шоғырындағы HTML файлдары мен ондағы
пайдаланған графикалық файлдарыңызды арнайы папкаларда орналастырып
сақтайды. Егер сіз Web-бет жасағыңыз келсе, онда сіз жұмысты Web-узел
құрастырудан бастайсыз. Front Page программасында бұл амал жеңіл
орындалады. Сіз жаңа Web-бет ашарда программа сізге автоматты түрде My Webs
бумасында Web-узел жасайды.
Web-узел жасау үшін төмендегі амалды орындаңыз:
File = New = Web...
Экранда ашылған сұхбат терезесінен ұсынылған үлгілердің тиістісін
таңдап алуыңызға болады.
2.1 сурет. Программада Web-узелды таңдау
2. Web-бетті көркемдеу.
Front Page программасында сіз қалауыңызша шрифтерді, олардың көлемін,
түсін басқа мәтіндік редакторлардағы сияқты пайдалануыңызға болады. Мұңда
ұсынылатын шрифтер ол сіздің компьютердегі бар шрифтер, яғни Front Page
қосымша шрифтер ұсынбайды.
Web-беттің фонын көркемдеу. Сіз қалауыңызша Web-бет фонына Front Page
программасындағы стандартты фон суреттерін немесе басқа бір графикалық
файлдардағы суреттерді пайдалануыңызға болады. (2.2-сурет)
File = Properties...
Ашылған сұхбат терезесінде қажетті файлды немесе өзіңіз ұнатқан түсті
орнатасыз.
2.2. сурет. Қажетті файлды таңдау
3. Web-бетке сурет орналастыру.
Web-бетке сурет орналастыру амалы дәл Word программасындағыдай
орындалады. Пайдаланған суреттер түйін сақталған кезде автоматты түрде
түйін орналасқан папкаға көшіріледі. Егер файл .bmp форматында болса онда
jpeg форматына ауыстырылады.
2.3 сурет. Суретті папкаға сақтау
Суреттен көрініп тұрғандай керек файлды таңдап, Да батырмасын басу
керек.
5. Гиперсілтеме. (Гиперссылка)
Гипермәтін - бұл оның әртүрлі фрагменттері арасындағы іштей орнатылған
гипербайланысты мәтіндік ақпараттарды ұйымдастыру әдістері. "Гипермәтін"
терминін алғаш енгізген Т.Нельсон болды. Front Page программасы гипермәтін
орнату амалын дұрыс әрі жеңіл орындауға мүмкіншілік береді.
Гиперсілтеме - бұл түспен белгіленген немесе асты сызылған мәтін
бөлігі. Сілтемені активтендіру кезінде басқа файлға, файл бөлігіне
ақпараттық бетке т.с.с. өту жүргізіледі. Сілтемені таңдау, сілтеме - сөз
бен байланысты мәтінді бетті, графикалық немесе мультимедиалық ақпараттарды
шақырады. Сілтеме арқылы кез келген құжаттағы тәрізді, Интернет желісіндегі
кез келген компьютердегі кез келген құжатқа көшуге болады. Гипермәтінді
технологияны көбінесе WEB - технология деп атайды.
Сілтеме ретінде тек мәтін бөліктері ғана емес сонымен бірге кәдімгі
жақтаумен қоршалған графикалық объектілер (суреттер) де пайдаланылады.
Осыған байланысты гиперорта (гипермедиа) термині пайда болды. Гимпермедиа
бұл - құрамына әртүрлі түрдегі (мәтін, дауыс, бейне, кескін) ақпараттар
кіретін гипермәтін. Ендеше, гипермедиа - бұл сілтеменің рөлін тек мәтін
бөлігі ғана емес, сурет, фотосурет және әйтеуір бір объекті атқара алатын,
гипербайланысты ұйымдастыру.
Гипермәтінді технологияны таратушы, Интернет сервері ақпараттық сервер
(WEB - сервер) деп аталады. Гипермәтін технологиясы бойынша келіп түсетін
ақпараттар, тәртіп бойынша WEB - серверде сақталады. Бір WEB - серверден
екіншісіне өту гиперсілтеме көмегімен іске асады. Сәйкесінше, гипермәтінді
технологияны пайдаланатын құжаттар, ақпаратты беттер деп аталады (WEB-
беттер). WEB-беттер әртүрлі формада берілген ақпараттардан тұрады, яғни,
мәтіннен, суреттен, фотосуреттен, мультимедиадан. WEB - беттер WWW
ақпараттық жүйесінің ең кіші ақпараттық бірлігі болып табылады.
Барлық WEB-беттер гипермәтіннің арнайы белгілеу тілдерінде (HTML -
Hyper Text Markup Language) жазылады. Бұл тіл мәтінді, графикалық кескінді,
дауыстық файлды, видеоклиптерді шығару әдістерін көрсете алады. Компьютер
экранындағы көрінісі браузер программасымен анықталатын, құжаттардың
құрылымы мен гипербайланыстары HTML тілінің көмегімен сипатталады. HTML
форматтындағы құжаттар өлшемді, түсті, сызылымды, мәтіннің түсін, мәтіннің
орналасуын, беттегі графикалық кескіндерді, анимацияларды, дауысты,
видеоны, мәтінді құжатқа сурет енгізуді, сонымен бірге беттер арасындағы
бірқалыпты байланыстарды орнатуды басқаратын символдардан (тэгтерден)
тұрады.
WEB - құжаттарды құруға, редакциялауға арнайы қосымшалармен бірге
мәтіндік редакторларда қолданылады. Оларға мәтіндік редактор Блокнот,
мәтіндік процессор Microsoft Word, FrontPage, HomeSite, Internet Assistant
т.б. қосымшалар жатады.
Гипермәтін және гиперорта ішіне басқа мәліметтерге сілтеу енгізілген
өзге түсті мәтіннен немесе суреттен тұрады. Web парақтарындағы
гипермәтіндік не жай қарапайым сілтеулер асты сызылған сөздер арқылы немесе
белгіленген сурет көмегімен іске қосылады. Сол сөзді (суретті) тышқанмен
шерткенде, сонымен байланысқан басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер
ішіндегі басқа парақтарда Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып,
бейнежазба, сурет немесе жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Web-ті Gopher мен және Wais - пен салыстыру. Gopher жүйесі Web - тің
алғашқы түрі болатын. Олар қарапайым мәтіндік құжаттар мен меню түрінде
жасалды, оларға WWW-нің артықшылығы болып саналатын гиперсілтемелер мен
ішіне енгізілген графика болмаған. Wais қызмет жүйесі де Web-тің басқа бір
түрі болатын, ол үлкен мекемелердің көлемді ақпараттарын іздеу және
индексациялау жұмыстарын атқару үшін қолданылатын. Бұл жүйелердің екеуі де
әлі қолданылып келеді. Microsoft Internet Explorer (Netscape Navigator)
программасы арқылы оларды қазірде пайдалану мүмкіндігі бар.
Web парақтарын қарап отырып, вирус жұқтырып алу мүмкін бе? Жоқ, Web
парақтарын көру кезінде оның ішінде суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар
немесе көлемді суреттер бар болса да компьютерлерге вирус кіре алмайды.
Бірақ жаңа қолданбалы не басқа программаны іске қосқанда, оларды жүктегенде
кез келген зақымданған программаны іске қосқан сияқты компьютерге вирус
еніп кетуі мүмкін. Сондықтан программа алынған желі торабы сенімді ме, жоқ
па, ол жағын әркім өзі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz