Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Алматы Энергетика және Байланыс институты

Электроэнергетика факультеті

«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы.

«Қазақстан қазіргі замандағы әлемінде» пәні

№1 Семестрлік жұмыс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНЫ

Оқытушы: Қабылова А. С.

Орындаушы:БЭк-04-01т. ст.

Досболов Б. А.

Сынақ №11

Алматы 2007ж.

Жоспар

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі - Атқарушы биліктің жоғары органы . . . -3

2. Үкіметтің құрылуы және құрамы . . . -3

3. Үкіметтің құзыреті . . . -5

4. Үкіметтің қызметін ұйымдастыру . . . -6

5. Үкіметтің мемлекеттің басқа органдарымен байланысы . . . -7

6. Пайдаланылған әдебиеттер . . . -10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ - АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖОҒАРЫ ОРГАНЫ

Қазақстан Республикасының Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады. Мұндай анықтама Казақстан Республикасы Үкіметінің заңдық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың кызметіне басшылык жасайтын жоғары атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.

Казақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын аныктайды, биліктің баска тармақтарымен өзара қарым-катынасынын нормативтік негіздерін белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің өзара карым-катынасын анықтап, тежемелік және тепе-теңдік механизмін белгілейді.

Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердін, мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомстволардың жұмысын бағыттайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің конституциялық заң күші бар Жарлыктарымен, басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді. Үкімет өз кұзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер кабылдайды, зандардың, Президент Жарлыктарының орындалуын ұйымдастырады, өзге де халыкаралык, шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың кызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады.

Үкімет қызметінің күкықтык негізі Конституция, зандар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары болып табылады.

ҮКІМЕТІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ

Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент кұрады. Премьер-Министрге кандидатураны Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді. Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер-Министр қызметіне бекітеді. Президент қүрамында Премьер-Министр, оның орынбасарлары. Үкімет Аппаратының басшысы, министрлер, Мемлекеттік комитеттердің төрағалары бар Үкіметті құрады. Үкіметтің кұрылымы мен кұрамы туралы ұсынысты Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі он күндік мерзім ішінде Премьер-Министр енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және Республика Президентіне ант береді.

Республика Үкіметі Президенттің, өкілегтік мерзімі шегінде жүмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттілігін тоқтатады. Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін токтату және оның кез келген мүшесін кызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқыгы бар. Премьер-Министрді кызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.

Үкімет және оның кез келген мүшесі егер өзіне жүктелген кызметті одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, өзінің орнынан түсетінін Президентке мәлімдеуге құқылы. Кандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның жекелеген мүшесінің орнынан түсетінін мәлімдей алатындығы занда көзделмеген. Егер Үкіметтің орнынан түсуін Үкімет мәлімдесе, оған Парламентпен өзара карым-катынасына катысты емес әр түрлі мән-жай негіз болуы мүмкін. Үкіметтің өз ішінде еңсерілмейтін әр түрлі көзқарастар, басқа да себептер болуы мүмкін. Үкімет мүшелерінің орнынан түсуіне олардын Үкімет Бағдарламасымен, Үкімет басшылығының жүмыс стилімен келіспеуі, сырқаты және тағы басқалары себепші болуы мүмкін.

Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген кезде Констктуцияда көзделген жағдайларда: 1) егер Үкімет Бағдарламасын Парламент екінші мәрте кайтарса (53-баптың 6-тармағы) ; 2) егер Парламент Үкімет енгізген заң жобасын қабылдамай тастаса (61-баптын 7-тармағы) Үкімет өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдейді. Республика Президенті он күн мерзім ішінде орнынан кетуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені қарайды. Егер Президент орнынан түсуді қабылдаса, онда ол онын орнынан түсуі туралы мәлімдеген Үкіметтің немесе оның мүшесінің өкілеттігі токтатылғанын білдіреді. Егер Премьер-Министр орнынан түсуді мәлімдесе, онда оның орнынан түсуінің кабылдануы бүкіл Үкімет өкілеттігінің тоқтатылғанын білдіреді.

Премьер-Министр тағайыңдалғаннан кейінгі бір айдың ішінде Үкімет кызметінің бағдарламасы туралы мәселені шешеді. Осы мерзімде Премьер-Министр Үкімет кызметінің бағдарламасын әзірлейді және ол туралы Парламентке баяндама ұсынады. Нак, осы мерзім ішінде Үкіметтің жаңа құрамы Парламентке осының алдындағы Үкімет қүрамынын Бағдарламасын қолдау туралы және өз кызметтерінде соны басшылықка алғысы келетіндері туралы Парламентке мәлімдей алады.

Егер Парламент Үкіметтің жана Бағдарламасын кабылдамай тастаса Премьер-Министр екі айлық мерзім ішінде Парламентке Бағдарлама туралы екінші баяндама ұсынады. Үкімет Бағдарламасын Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен тағы кабылдамай тастауына болады. Мүндай көпшілік дауыстың болмағаны Үкімет Бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді.

Конституция Үкімет күрамында болуға қатысты шектеуді көздейді. Республика Үкіметі мүшелерінің:

өкілді органнын депутаттары болуға;

оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык қызметтерден басқа ақылы кызметтер аткаруға;

кәсіпкерлікпен шұғылдануға; коммерциялык ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің күрамына кіруге хакы жоқ.

ҮКІМЕТТІҢ ҚҰЗЫРЕТІ

Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке Қазакстан Республикасы Конституциясымен және Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен орнықтырылған кең өкілеттіктер берілген.

Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатынын, негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың, стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлейді; экономикалық бағдарламаларды, республикалық бюджетті әзірлейді және оның орындалуы туралы есебін кұрады, оның орындалуын қамтамасыз етеді; республиканың каржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады; валюталык, қаржылык және материалдык ресурстарды құру және пайдалану кезінде зандылықтың сақталуына мемлекеттік бақылауды камтамасыз етеді; кұрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады; бағаның құрылуы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүргізеді, мемлекетпен реттелуші баға қолданылатын өнім, тауар және кызмет номенкулатурасын белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оның корғалуын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы төлеудің жүйесі мен шартын, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, мемлекеттік түрғыдан әлеуметтік камтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді; аймактарды әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді камтамасыз етеді; жастар, дене мәдениеті мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік проблемаларын шешуге ыкпал етеді.

Ғылым, техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет ғылыми-техникалық даму жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениет пен білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу женіндегі мемлекеттік саясатгы әзірлеп, жүзеге асырады.

Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті-кеңесші органдарды кұрып, таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың кызметін баскарады, олардың Президент пен Үкіметтің актілерін орындалуын бақылайды; министрліктердің орынбасарларын кызметке тағайындап, қызметтен

босатады; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі кызметін баскарады, олардың заңдарды орындалуын бакылайды.

Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құкыктық реформаның жүзеге асырылуын камтамасыз етеді; азаматтардың кұқықтары мен бостандықтарын сактау мен корғау, заңдылық пен құкық тәртібін, республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның аумақтық тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асырады.

Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралык келісімдерге кол қою туралы шешімдер кабылдайды; республиканың шет мемлекеттермен, халыкаралық және аймақтық үйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар колданады; халықаралық қаржы үйымдарымен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады.

ҮКІМЕТТІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Үкіметке Премьер-Министр басшылық етеді, оның өкілеттігі Республика Конституциясымен және Президенттің Үкімет туралы Жарлығымен бекітіледі. Премьер-Министрдің мынадай өкілетгігі болады:

Үкіметтін. жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет мүшелері арасында кызмет міндетін бөледі; Президентпен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас Прокуратурамен, басқа да мемлекеттік органдармен катынаста Үкімет атынан сөйлейді немесе оны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады;

халықаралық катынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкіметаралык, шарттар мен келісімдерге кол қояды;

Республика Президентіне: Үкіметтің қүрылымы мен құрамы туралы; Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен орталық атқару органдарын құру, қайта құру және тарату туралы Үкімет Аппаратының басшысы, министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар туралы; мемлекеттік комитеттің төрағасы, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы туралы; аталған тұлғаларды кызметтерінен босату туралы ұсыныс түсіреді; Президентке республиканың мемлекеттік бюджетімен қаржыландырылатын барлық органдардың қызметкерлерін каржыландырып, оларға еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады;

Президентке Үкімет кызметінің негізгі бағыттары және оның барлык ең маңызды шешімдері туралы баяндайды;

Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдайды.

Премьер-Министр оған заң жүктеген және Үкімет қызметін ұйымдастыруға және оған басшылык жасауға қатысты басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Президенттің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлығымен Премьер-Министр орынбасарларының өкілеттігі белгіленген. Олар лауазымы бойынша Үкімет құрамына кіреді және мынадай өкілеттіктерді атқарады:

Үкімет күрамына кірмейтін тиісті министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың, сондай-ак жүктелген шекте мемлекеттік басқару салаларының (сфераларының) қызметін үйлестіреді;

Мемлекеттік басқарудың үйлестірілетін салаларының жай-күйіне жауап береді, оларда заңдардың, Президент және Үкімет актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

Премьер-Министрдің және Үкіметтің карауына Үкімет құрамына кірмейтін тиісті орталық атқару органдарының басшылықтарын қызметіне тағайындау және кызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді.

Премьер-Министрдің орынбасарлары Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа да кызметтер аткарады.

Министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары Үкімет мүшелері болып табылады. Олар тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттерге басшылық жасайды және тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердін қарауында болатын мемлекеттік басқару салаларындағы (сфераларындағы) қызметтің жай-күйіне жауап береді. Сонымен бірге Үкімет мүшелері өз кұзыреті шегінде шешімдер кабылдауда дербестікке ие әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Казақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап береді. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 68-бабы) .

Республиканың Премьер-Министрінің жанынан Үкіметтің тұракты жұмыс істейтін органы ретінде Төралка құрылады. Үкіметтің төралқасының кұрамына лауазымы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары және Үкімет Аппаратының басшысы кіреді. Премьер-Министр Төралқа күрамына Үкіметтің басқа мүшелерін енгізуге құкылы, Үкімет Төралқасының. отырыстарын әзірлеу және өткізу тәртібін Регламент белгілейді.

Үкімет отырысы айына кем дегенде бір рет өткізіледі. Отырысты Премьер-Министр не Президент шақырады. Аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет карауы кезінде оның отырыстарына Президент төрағалық етеді. Егер оған оның мүшелерінің кем дегенде үштен екісі катысса ол құқылы болып есептеледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша отырыс ашық өткізіледі, Үкімет отырысы жабык өткізілуі де мүмкін.

Үкімет пен Премьер-Министрдің кызметін ақпараттық-талдау, құқықтык, ұйымдық және материалдық-техникалық жағынан жүзеге асырылуын камтамасыз ететін өз Аппараты құрылады. Аппарат басшысын Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Президент кызметке тағайындап, қызметінен босатады. Аппарат басшысы Үкімет аппаратының Президент Әкімшілігімен, Парламент Аппаратымен, министрліктермен, мемлекеттік комитеттермен, ведомстволармен, жергілікті атқару органдарымен өзара қарым-катынасын ұйымдастырады.

Үкіметтің құзыретіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Үкімет жанынан комиссиялар, кеңестер және өзге де консультативті-кеңесші органдар құрылады. Бұл органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет мүшелері басқарады. Консультативті-кеңесші органдардың шешімі нұсқаулық сипатта болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі өз кызметінде біртұтастық принципін, мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу, заңдылық, жариялылық, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылык, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары принциптерін басшылыққа алады.

ҮКІМЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТТҢ БАСҚА ОРГАНДАРЫМЕН ҚАТЫНАСЫ

Қазақстан Республикасының атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, Үкімет мемлекеттік биліктің басқа тармақтарымен қатынас жасайды. Республика Конституциясы, Президенттің Республика Үкіметі туралы, Парламенті туралы, соттар мен судьялар туралы, Конституциялық Кеңес туралы жарлықтары Үкіметтің басқа мемлекеттік органдармен өзара қарым-катынасының заңдық негізі болып табылады. Барлық осы нормативтік құқықтық актілерде Үкіметтің басқа мемлекеттік органдармен өз құзыретіне және мемлекеттік биліктің әр түрлі тармактарға бөліну жүйесінде алатын өз орнына орай өзара қатынасының принциптерін, нысандарын айқындайтын ережелер қамтылған.

Үкіметтің Президентпен қатынасы . Үкіметті Президент құрады, Үкіметтің құрылымын және кұрамын бекітеді. Үкімет мүшелері халық және Казақстан Президенті алдында ант қабылдайды. Үкімет бүкіл кызметімен Республика Президенті алдында жауапты. Ол Үкімет Бағдарламасының, Президент тапсырма-сының орындалуы туралы және өз қызметінің басқа бағыттары туралы Президентке ұдайы хабарлап отырады. Үкімет Республика Президенті актілерінің орындалуын ұйымдастырады және министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық, сондай-ак жергілікті атқарушы органдардың ол актілерді орындалуын бақылайды. Үкімет Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу туралы Президент тапсырмасын орындайды. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды өзі таңдап Президенттің бекітуіне ұсынады. Үкімет Президентпен заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы келіседі. Президент Үкімет актілерінің қолданылуын кабылдамай тастауға, тұтастай немесе жекелеген тұстарын тоқтата тұруға құқылы. Бұл жүмысты Президент өзінің жеке бастамасы бойынша да, Бас Прокурордың ұсынысы бойынша да жүзеге асыруы мүмкін.

Үкіметтің Парламентпен қатынасы. Үкіметтің заң шығаруға бастамашылық құқығы бар екенін айтқанбыз. Бұл құқықты Үкімет тек Парламент Мәжілісі арқылы ғана жүзеге асырады, яғни Үкімет тиісті қаулы шығару жолымен Мәжіліске заң жобасын енгізеді. Парламент кабылдайтын конституциялық және жай зандар Үкіметтің маңызды құқықтық негізі болып табылады. Сондықтан Үкіметтің өзі заңдарды орындауы, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және басқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың занды орындауын бақылауы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Орталық атқарушы органдар
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік бірлігінің конституциялық-құқықтық сипаттамасы
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
Мелекеттік билік органдарға жататындар
Сот немесе құқық қорғау органдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІ
Мемлекттік билік және жеке тұлға
Республикасындағы жергілікті басқару органдардың ұйымдастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz