Бір партия анализі


АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Семестрлік жұмыс №2
Тақырыбы: «Бір партия анализі»
Орындаған: БЭк 06-7 тобының
студенті Мырзалиев М.
Қабылдаған: Көптілеуова Д. Т.
Алматы 2009
Жоспары
1. Пайда болуының себебі мен салдары.
2. Мақсаты мен тапсырмасы, бағдарламалық құжаты.
3. Мемлекеттің саяси даму процесіндегі партия потенциалы.
Нұртай СӘБИЛЯНОВ, Мәжіліс депутаты:
- Президенттік-парламенттік басқару жүйесі жағдайында Парламенттің өкілеттігі елеулі түрде артады. Ол заң шығару қызметін жүзеге асырумен қатар, орталық мемлекеттік билік органдары басшыларының тағайындалуына не сайлануына қатысады. Бұл заң шығару органына берілетін маңызды өкілеттілік. Осы арқылы атқарушы билік органдарының Парламент пен халық алдындағы жауапкершілігі күшеюге тиіс.
Конституциялық реформаға сәйкес Мемлекет басшысы Премьер-Министрді тағайындамас бұрын оның кандидатурасын Парламент депутаттарының қарауына ұсынады. Бұл Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырады және заң жобаларына Үкімет тарапынан берілетін қорытындыларды бір жүйеге келтіреді. Заңдардың сапасы артады, олардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
Биылғы Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы жоғары ұйымдастырушылық деңгейде, ашық түрде өтті. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тең мүмкіндік берілді. Тең мүмкіндік жасалғанымен, барлық партиялар үгіт-насихат жұмыстарын бірдей көлемде жүргізе алмады. Кейбір партиялар үгіт-насихат қағаздарын таратумен ғана шектелсе, екінші біреулері өздерін тек теледидар мен газеттер арқылы жарнамалаудан аса алған жоқ. Сайлаушылармен неғұрлым көп кездесулер өткізілсе, олардың дауыстарына ие болу мүмкіндігі солғұрлым артады. Мұны мен бес сайлау науқанына қатысқан азамат ретінде жеке тәжірибемнен білемін. “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жоғары жауаптылықпен өткізді. Партияның атынан сайлауға түскен әрбір үміткердің кездесу кестелері нақтыланып, олардың орындалуы қадағаланды.
Биылғы сайлау науқанында мен “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясынан партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығынан үміткер ретінде 30 күн Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аякөз, Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан және Үржар аудандарының 63 елді мекені мен Семей қаласында халықпен, қарапайым ауыл тұрғындарымен 95 кездесу өткізіп келдім. Сондықтан ауылдағы, елдегі өзекті мәселелер маған жақсы таныс. Атап айтқанда, елде таза ауыз су, телефон байланысы, жергілікті жолдарды жөндеу, жаңа мектеп ғимараттарын салу, жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие беруді қамтамасыз ету, баға өсімін шектеу, мәдениет үйлерін қалыпқа келтіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар ашу, ақысыз медициналық көмектің көлемін арттыру, жас мамандарды жұмыспен және баспанамен қамтамасыз ету сияқты бірқатар мәселелер бар. Сонымен бірге, 18 жасқа дейінгі балаға берілетін жәрдемақыны табыс көзіне байланыстырмай беруді халық талап етіп отыр.
Қазіргі Мәжіліс пропорционалды сайлау жүйесі бойынша құрылды. Бұл - еліміздегі жаңа конституциялық реформа аясында саяси партиялардың мемлекетті басқарудағы рөлі мен олардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруды көздеген үлкен саяси қадам.
Депутаттардың елдің барлық түкпіріндегі проблемаларды шешуге қатысуына бұрын да шек болған жоқ. Жаңа тәртіп бойынша сайланған депутаттар үшін бұл қайта қызмет аясын кеңейтуге ықпал етеді деп ойлаймын. “Нұр Отан” партиясының атынан облыстардың, өңірлердің жағдайларын жақсы білетін, әр саланың тәжірибелі мамандары, халықпен тығыз жұмыс істеген азаматтар сайланды.
Біздің мақсат - халықтың “Нұр Отан” партиясына сайлауда білдірген сенімін зор жауапкершілікпен ақтау.
Электораттың жаңа толқыны қалыптасып келеді
Амангелді МОМЫШЕВ, Мәжіліс депутаты:
- “Тойдың болғанынан боладысы қызық” дегендей, жеті партияның саяси беделін жете саралаған сайлау додасы да өте шықты. Онда, әлбетте, “Нұр Отан” партиясы президенттік-парламенттік басқару жүйесіне атсалысудан үмітті бәсекелестерін айқын басымдықпен жеңіп, Мәжіліс мандатына толық қол жеткізді.
Президенттік-парламенттік басқару жүйесі бірыңғай президенттік басқаруға қарағанда демократияға етене жақын болады. Мәжіліс депутаттары үкіметті құруға қатысып, Премьер-Министрді тағайындайды. Бұл аз нәрсе емес. Елбасы да ендігі жерде облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдерін тиісті мәслихаттар депутаттарының келісімімен тағайындайды. Сонымен бірге, мәслихат депутаттарына әкімге сенімсіздік көрсету және оны қызметтен босату туралы мәселе қою туралы өкілеттіктер берілген. Бұл жергілікті билік басындағылардың өзім білермендікке салынып, ауа жайылып кетпеуі үшін өте дұрыс жасалған саяси реформаның жетістігі болып табылады.
Пропорционалды сайлау жүйесін де сайлаушылар дабырасыз қабылдады. Мысалы, оларға Мәжіліс орындығынан дәмесі бар үміткерге емес, өзі сенім артқан партияға дауыс берген әлдеқайда тиімді. Өйткені, “Елдің қамын жеген Едігең мен боламын” деп кеудесін ұрған партияның, яғни “кімнің кім екені” де осы пропорционалды сайлау жүйесінде анықталады. Бұл жолы солай болды да. “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы қалың бұқараның қалауына ие болды. Бірақ, “жығылған күреске тоймайды” дегендей”, енді келіп 7 пайыздық кедергіні “тым жоғары” деушілер шығып жатыр. Ақылға салып қарасақ, 12, 5 пайыздық және 1 пайыздық кедергісі бар елдердегі сайлау жүйесіне қарағанда, қазақстандық үлгі соның нағыз “алтын ортасы” болып табылады. Өйткені, пропорционалды сайлау жүйесінде пайыздық кедергіні “көтеру” де, “төмендетіп” жіберу де дұрыс емес.
Сайлау алдында 7 партия да Мәжіліс орындығына өз үміткерлерінің тізімін жариялады. “Нұр Отан” партиясының атынан мен де сол тізімге ендім. Айтайын дегенім, тізім аспаннан алынған жоқ. Үміткерлердің қай-қайсысы болмасын білім мен білігі, іс тәжірибесі жағынан іріктелген азаматтардан құралды. Сайлау өткеннен кейінгі таңдау да салмақты, салиқалы кеңесте шешілді.
Мен қызметке араласқалы бері ел ішінде, жұмысшылармен қоян-қолтық араласып жүрген адаммын. Талай қызметтің өткелегінен өттім. Елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайы соңғы жылдары жақсы көтерілді. Саяси белсенділігі де арта түсті. Қай жиынға, қай отырысқа бармаңыз, әңгіме тақырыбы шүу дегеннен саясатқа ойысады. Сайлаушылар үміткерлердің бұрынғыдай “мектеп салам, жол жөндеймін” деген емеурініне емес, Мәжілістің жоғарғы заң шығарушы орган екеніне, соған өздерінің сөзін сөйлейтін білікті азаматты сайлайтынын түсініп, қалыптасып келе жатқан жаңа толқынды байқадым. Халқымыздың, “ораза-намаз тоқтықта” деген астарлы сөзінің деңгейімен қарасақ, осының өзі-ақ көп нәрсені аңғартады. Сондықтан сайлаушылардың таңдауына және “билік өйтіп қойды, сөйтіп қойды”, деп шүбәмен қараудың жөні жоқ.
Кең салалы да салмақты комитет
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.
Парламент Сенатының жалпы отырыстары арқылы депутаттар жұмысымен жақын танысып жатамыз. Ал сенаторлардың жоғарғы заң шығарушы орган құрамындағы тұрақты комитеттердегі жұмысы назардан тыс қалып жататындығын несіне жасырайық. Осы бір кемістіктің орнын толтыру үшін біз жоғарғы палатадағы ең бір ауқымды да кең салаларды қамтыған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жұмысымен жақын танысып, мұндағы басты ерекшеліктерді ашып беруге тырыстық.
Аталған комитеттің төрағалығына жақында ғана әріптестерінің бірауыздан дауыс беруімен Қуаныш Сұлтанов сайланған болатын. Ағылшынша бір адамдай сөйлесе білетін, оның үстіне кез келген адаммен емен-жарқын әңгімеге де ұшқыр сенатордың өмірлік тәжірибесі осы комитетке сұранып-ақ тұрғандай еді. Бұрын осы комитетте төраға болған Ахан Бижанов ең жауапты әрі қоғамның сан-салалы өкілдерімен тығыз қарым қатынасты талап ететін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің тұтқасын ұстады. Бұл комитет жөніндегі әңгімемізді кейінге қалдыра отырып, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде Әбіш Кекілбаев, Өмірбек Байгелди, Оралбай Әбдікәрімов, Әділ Ахметов, Аманжол Бөлекбаев жұмыс істейтінін айта кетейік. Жақында ғана ел Президентінің тағайындауымен Сенатқа келген Қазақстан Патриоттары партиясының жетекшісі Ғани Қасымов та осы комитет құрамында.
Ал Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қандай мемлекеттік ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста деген мәселеге келер болсақ, онда оның Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі, Республикалық ұлан секілді мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жасайтынын көреміз. Ол жұмыстардың негізгі мақсаты жаңағы аталған мемлекеттік органдар жұмысын барынша ұтымды ету үшін заң жобаларын бірлесе отырып пысықтау. Заң жобасына бастамашы жақтың кем-кетіктерін түзеп, оған дұрыс бағдар беру комитет депутаттарының негізгі жұмысы.
Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі елшілерді тағайындар кезде де осы комитеттің алдынан өтеді. Ең бастысы - көптеген заң жобалары осы комитеттің мақұлдауынсыз қабылданбайды. Әсіресе, барлық халықаралық келісімдерді ратификациялау жөніндегі заңдық құжаттар ең алдымен аталған комитет мақұлдауына ие болуы тиіс. Егер осы комитетке келіп жататын заң жобаларын алсақ, соның 40-45 пайыздайы келісімдерді ратификациялауға арналады екен. Бұдан басқа комитет көптеген халықаралық іс-шараларды өткізудің де ұйытқысы болып жүр. Бұған дәлел, үстіміздегі жылғы өткізілген “Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы: нақты жағдайы, міндеттері мен болашағы” атты конференцияға атсалысты. Оның жұмысына 200-ден астам шетелдік қонақтардың келуі аталған шараның ауқымдылығын көрсетсе керек.
Парламентшілер ТМД ПАА мен ЕурАзЭҚ ПАА іс-шараларына атсалысып, 56 қатысушысы бар беделді еуропалық ұйым - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қызметіне де үнемі қатысып келеді. Тек халықаралық ұйымдармен ғана байланыс жасайды десек қателескен болар едік. Комитет мүшелері сонымен бірге еліміздегі бірқатар соғыс ардагерлерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырып, олардың жағдайымен жақын танысып жатады.
Аталған комитеттің заң шығарушылық қызметіне тоқталмадық. Өйткені, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінен өткен заң жобаларының саны айтарлықтай. Сондықтан да олардың барлығына тоқталып жатпадық. Есесіне комитет жұмысының кейбір тұстарына үңіле отырып, еліміздің соңғы жылдары шет елдерде танымалдығының артып келе жатуына осындағы сенаторлардың үлесі айтарлықтай мол екендігін бір ауыз сөзбен түйіндеп өтпекпіз. Осының өзі комитетке берілген баға болса керек.
Баршаға қымбат жеңіс
Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты.
Үстіміздегі жылдың 18 тамызындағы Парламент Мәжілісі сайлауының ғасырлар тоғысында ұлы өзгерістер желкенін көтеріп, жасампаздық жалауын желбіреткен туған еліміз, көпұлтты халқымыз үшін үлкен сын болғаны анық. Сүйініштісі сол, отандастарымыз сол сыннан абыроймен өтті, дұрыс таңдау жасап, Призидент Н. Ә. Назарбаев басында тұрған “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясына қуатты қолдау білдірді. Қазақстандықтар сайлау күні еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылық үшін, Отанымыздың одан әрі гүлдене беруі, нұрлы болашақ үшін дауыс берді. Демек, бұл жеңіс - бүкіл қазақстандықтар күткен өте қымбат жеңіс.
“Нұр Отанның” Парламент сайлауында айқын басымдық танытуы, бұл - ең алдымен Президент Н. Ә. Назарбаевтың жеңісі, Елбасы жүргізіп отырған сындарлы саясаттың жемісі. Сайлау қорытындысы халқымыздың өзінің тұңғыш Президентіне шексіз сенетінін тағы бір дәлелдеп берді. Тарихи қысқа мерзімде ғасырға парапар жолдан өтіп, бүгінгі таңда әлемдегі барынша дамыған 50 елдің қатарына қосылуды алдына айқын мақсат етіп қойып отырған Қазақ елінің жұртшылығы “бір жағадан бас, бір жеңнен қол” шығара іске жұмылғанда ғана биік белестерді бағындыруға болатынын жақсы түсінеді. Сайлаушылармен кездесулер барысында мен осындай көңіл-күйді анық сезіндім.
Солтүстік Қазақстан облысында 700-ден астам елді мекен болса, солардың 100-іне атбасын тіреппін. Сайлаушылар, кәрі болсын, жас болсын, “Нұр Отанның” бағдарламасына қызығушылық танытқанын бөле-жара айтқым келеді. Сөз алғандардың басым көпшілігі еліміз таңдаған жолдың дұрыстығын дәттеп, жалпыхалықтық мүддеге үндес ойларын ортаға салды. Ертеректе ауызға көбірек алынатын “анау жоқ, мынау жоқтың” ауылы алыстай түскені де көп жайдан сыр ұқтырғандай. Қазір қайда болсын жағдай түзелді, халық не нәрседен болсын хабардар, ойын бүкпесіз білдіреді.
Солтүстік қазақстандықтардың белсенділігі сайлау күні де анық аңғарылды. Жақында, нақтырақ айтсақ, 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында “Әлеуметтік технологиялар орталығы” тәуелсіз талдау орталығы ұлты әркелкі 2000 адамды қамти отырып жүргізген сауалдаманың қорытындысы да сайлауда айрықша белсенділік танытқанын және “Нұр Отанды” барынша қолдағанын айғақтайды. Бұл белсенділікті соңғы бір айдың ар жақ, бер жағында атқарылған сайлауалды жұмыстардың нәтижесі деп қарасақ қателесер едік. Оның тамыры тереңде жатыр.
Бүкіл еліміздегі сияқты көңіл-күйіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістер жақсы әсер етуде. Әсіресе, соңғы жылдары атқарылған істер ұшан-теңіз. Барлық сала қозғалысқа келіп, өңір де, өмір де айтарлықтай өзгерді. Қазір оның бәрін жіпке тізудің қажеті бола қоймас. Қысқасы, өңірді былай қойғанда, еліміздің бүгінгі шыққан биігіне өлшем болатын игілікті істер, оң өзгерістер аз емес.
Халық осылардың бәрін көріп, өзінің игілігі үшін жасалып жатқан шаралардың жемісін сезініп отыр. Демек, халықтың өз таңдауын осындай оң өзгерістермен, сол жақсылықтарға ұйытқы болып отырған партиямен байланыстыруы әбден орынды. Олай болса, “Нұр Отан” сайлауға әзірлікті басқалардан ерте бастады деп байбалам салудың еш реті жоқ. “Нұр Отан” - өзі құрылған күннен бастап жүйелі де нысаналы, сан-салалы қызметімен көрініп келе жатқан еліміздегі бірден-бір ықпалды саяси күш.
Бүгінгі таңда халық қай жағынан болсын сауатты, асылды да, жасықты да ажырата алады. Оларды еш нәрсеге негізделмеген тәтті уәделермен алдай алмайсың.
“Протон-М” зымыран ұшырғышының зардабы қандай?
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Комитет төрағасы Ерлан Нығматулин жаңа шақырылымдағы алғашқы отырыстарының ел елеңдеп отырған, Қарағанды жеріне құлаған “Протон-М” зымыран ұшырғышының келтіретін зардаптарын зерттеуге арналғанын жеткізді. Кеңейтілген комитет отырысына палатаның басқа да комитеттерінің депутаттары, Төтенше жағдайлар жөніндегі министр В. Храпунов, Қазғарыш Ұлттық агенттігінің төрағасы Т. Мұсабаев, Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары А. Пірәлиев, Денсаулық сақтау министрлігіндегі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы А. Белоног және Қарағанды облысынан делегация мүшелері қатысты.
Аталған мәселеге байланысты құрылған Үкіметтік комиссия төрағасы В. Храпунов “Біз 28. 08. 07 күні Ресейдің “Протон” зымыран ұшырғышы 06. 06. 07 күні 02 сағат 42 минутта ұшырылады” деген мәлімет хабар алдық. Содан тиісті шаралар қарастырылып, 1945 адамнан кезекші, оның ішінде 1400 адам Қарағандыдан кезекші бекітілді. Айтылған күні 02 сағат 45 минут, 15 секөнтте ракета Қарағанды жеріне құлап түсті. Дереу Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, Ресейдің ғарыштық комитетінің өкілдері бас қосып штаб құрылды. Арнайы құрылған комиссия апат болған жерде ұзындығы 44-45 метр, ені 17-20 метр болатын қазаншұңқыр пайда болғанын анықтап, маңайдағы 50-100 метр жердің топырағына сараптама жасалды. Ресейліктер сол басынан-ақ сараптама жасап жатыр. Біз маңайдың 22 азаматының денсаулығы, топырақ, ауа, су, өсімдік әлемінен анализ алып, ұшақпен Алматыға жібердік”, деп комиссия жұмысынан хабардар етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz