Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Филология факультеті

5В011700 - «қазақ тілі мен әдебиеті»

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі

Тексерген: аға оқытушы Ажарбекова Э. Н.

Орындаған: КО-21 тобының студенті Көзтай А. Б.

Қарағанды- 2013

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. Сөзжасамдағы лексика - семантикалық тәсілдің тіл білімінде зерттелуі

1. 1 Қазақ ғалымдарының лексика- семантикалық тәсілге қатысты тұжырымдары

1. 2 Конверсия тәсілі бойынша сөз тудыру мәселесінің зерттелуі

ІІ ТАРАУ. Сөз таптарындағы лексика- семантикалық тәсілдің қызметі және лексика- семантикалық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктері

2. 1 Лексика- семантикалық тәсілдің түрлері 2. 2 Транспозиция түрлері 2. 2. 1Субстантивтену (зат есімге өту) 2. 2. 2 Адъективтену (сын есімге өту) 2. 2. 3 Вербалдану (етістік қатарына өту) 2. 2. 4 Адвербиалдану (үстеуге айналу) 2. 2. 5 Прономиналдану (есімдікке өту) 2. 2. 6 Конъюнктену (шылауға өту)

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып отыру негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік қоры байып отыратыны көпшілікке таныс. Бұл- құбылыс қай тілге де жат емес және ертеден келе жатқан белгілі жағдай. Алайда сөз байлығының толығу арнасы - тілдің сөзжасам жүйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты. Ал ол сөзжасам жүйесінің негізгі құрылымдық мәселесі, сондықтан сөзжасам өзекті мәселе болған жерде - оның сөзжасамдық тәсілдері сөз болмауы мүмкін емес. Басқа тілден кірген сөздерді былай қойғанда, тілдің ішкі мүмкіндігі арқылы сөздік қорды молайтып, тілге үнемі қосылып жатқан жаңа сөздердің бәрі де белгілі жолмен жасалып, тілдің лексикалық қорынан орын тебеді. Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жағын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар: синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық (синтаксистік) және лексика- семантикалық тәсілдер. Сөзжасамның лексика- семантикалық жолын белгілі ғалымдар Б. О. Оразбаева, Ф. А. Ғаниев өте көне тәсіл деп санаса, Ғ. С. Садвакасов бұл жолды сөзжасамға тән тәсіл деп қарамайды. Ғалым Ғ. С. Садвакасовтың пікірі- «сөзжасам қалай болғанда да белгілі бір аффиксация жолымен жасалады» деуі [1, 100] . Тілдің негізгі сөздік қоры мен грамматикалық құрылымының қарым- қатынасына және олардың ішкі даму заңдылығына лайық сөздердің ішінара бір мағынадан екінші мағынаға ауысып отырулары тек өткен - қазіргі заманның ғана жемісі емес, ілгері уақытта да болатын құбылыстар екені даусыз. «Лексика- семантикалық тәсіл белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады. Сондай- ақ осы жол кейбір сөздердің ол бастағы мәнін жоғалту не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз тобының қатарынан танылуға жол береді» [1, 99] . Тіл білімінде мұндай құбылыс лексика- семантикалық тәсіл деп аталады. Курстық жұмыстың мақсаты - зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі лексика- семантикалық тәсілдің қызметі және лексика- семантикалық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктерін қарастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттердің шешілуі көзделді.

Курстық жұмыстың міндеттері: - келелі мәселелерді ескере отырып, сөзжасам саласындағы талас тудыратын пікірлерді бір жүйеге келтіру; - қазіргі қазақ тіліндегі лексика- семантикалық тәсіл арқылы жасалатын сөздерге талдау жасау; - сөз таптарындағы лексика- семантикалық тәсілдің қызметін анықтау. Осындай мақсат- міндеттерді қамтыған курстық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда сөзжасам саласындағы лексика- семантикалық тәсілдің зерттелу жайы, ғалымдардың пікірлері, лексика- семантикалық тәсілдің бір формасы конверсия тәсілі жайында қаралса, курстық жұмыстың екінші тарауында сөз таптарындағы лексика- семантикалық тәсілдің түрлері, қызметі және транспозиция түрлері: субстантивтену (зат есімге өту), адъективтену (сын есімге өту), вербалдану (етістік қатарына өту), адвербиалдану (үстеуге айналу), прономиналдану (есімдікке өту), конъюнктену (шылауға өту) және лексика - семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін сөздер қамтылады.

І. Сөзжасамдағы лексика - семантикалық тәсілдің зерттелуі

1. 1 Қазақ ғалымдарының лексика- семантикалық тәсілге қатысты тұжырымдары

Сөзжасам - қай тілде де ертеден келе жатқан құбылыс. Түркі тілдерінің жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне түрік тілі қазіргі түркі тілдерінің алғашқы түп негізі екеніне сүйенсек, онда көне түрік тілінің сөз жасалымы қазақ тіліне де жат емес. Белгілі ғалым «Ғ. Айдаров өзінің еңбектерінде көне жазба ескерткіштер тілінде сөз тудырудың қазіргі тірі тұлғаларының бірсыпырасы барын және өлі тұлғалардың кездесетінін де айтады» [1, 9] . Тілдің сөзжасам жүйесінің күрделенуі, баюы, толығуы көбінесе сөзжасаушы жұрнақтардың мағыналық құрамының кеңеюі арқылы болады. Қосымшалардың мағына жағынан дамуы өте ерте басталған. Мысалы, -ғы, -гі қосымшасы ең көне жазба ескерткіш- орхон жазбаларында да әрі заттық мағына, әрі сындық мағына берген. Ал, -ығ, -іг жұрнағы көне жазба ескерткіштердің өзінде көп мағыналы қосымша болған. Мысалы, біліг сөзінде дерексіз заттық ұғым жасаса, учуқ дегенде жанды заттың атын жасаған, яғни ол құс деген сөз. Сондай- ақ бітіг деген жазу, жазба деген ұғым беріп, жоғарыда келтірілген мағыналардан да басқа ұғым туғызып тұрғаны көрініп тұр. Бұдан шығатын қорытынды орхон жазбалары кезеңінде қосымшалардың семантикалық жағынан даму процесі болған. Бұл процесс тілдің даму тарихында үздіксіз жүріп отырған, сондықтан оны тіл дамуына тән негізгі заңдылықтардың бірі ретінде қараған дұрыс. Осы заңдылықтардың негізінде тілде көп мағыналы қосымшалардың саны көбейген. Қазіргі тіліміз көп мағыналы жұрнақтарға өте бай. Мысалы -дық /-дік, - тық/-тік, - лық/-лік жұрнағы қазақ тілінде екі сөз табына жатады. Олар- зат есім және сын есім. Осы жұрнақтың екі сөз табына қатысты болуы оның сөзге заттық мағына беріп, зат есімдер жасауына және заттың сындық белгісін білдіріп, сын есім сөздер жасауына тікелей байланысты. Мысалы: қымыздық, өсімдік дегендерде өсімдіктерге қатысты атаулар, егіндік, шабындық - шаруашылыққа қатысты атаулар, жазықтық, терістік, оңтүстік дегенде географилық атаулар, көптік, жіктік, тәуелдік, септік дегендерде термин жасалған. Сол сияқты -ыс, -іс, -с жұрнақтары қазір екі сөз табына етістік және зат есімге қатысты. Етістікте бұл жұрнақ ортақ етіс жасап, қимылдың бірнеше субьектіге қатыстығын білдіреді. Зат есім де етістіктен зат есім жасап, одан заттық мағына туғызады. Мысалы, Ол ел аузынан естіген ертегі- аңыздарын, жыр- дастандарын, айтыс өлеңдерін, тапқырлық сөздерін жазып алып, тірнектеп жинай берген (Б. М. ) . Сөйтіп, екі сөз табында бұл қосымша басқа- басқа мағыналар береді, ол қазір омоним қосымша дәрежесінде. Семантикалық тәсіл тілдің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бар. Ғалым Анар Салқынбайдың «Қазіргі қазақ тілі» оқу құралында көрсетілгендей: « «Диуани лұғат ат- түркте» сөзжасамдық тәсілдің семантикалық, фонетикалық, аналитакалық, синтетикалық түрлеріне мысалдар беріліп, талдаулар жасаған. Заттық не қимылдық мағына беретін атаулардың контексте жаңа туынды мәнге ие болатынына терең талдаулар жасап, нақты тілдік деректер арқылы дәлелдемелер келтіреді. Мәселен, автор етістіктерден жасалған құрал аттары өзінің етістік сипатынан ауытқып, есім сөз ретінде танылатынына тоқталады. «Иегу нан» - желінетін нан, «ұрғу»- ұру үшін жасалған құрал, «йыач бығач»- балта (ағаш кесетін құрал аты), «сорғу» - соратын құрал (2-т. 184) т. б. ) (сілтемелер Ә. Ибатов тәржімасы негізінде жазылған «Түбі бір түркі тілі» еңбегінен алынды) [3, 290] . «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» еңбегінде көрсетілгендей, «бірақ бұл тәсілдің де қызметінің өте активтенген кезеңі бары анық. Октябрь революциясынан кейнгі алғашқы 40-50 жылдарда тілде бұл тәсілдің атқарған қызметі ерекше. Сөздің дыбыстық құрамын, тұлғасын өзгертпей, оның бұрынғы мағынасының үстіне тағы жа жаңа мағына қосу, сол арқылы бір сөзге бірнеше сөздің қызметін атқару тілде кең өріс алды. Мысалы : құн, одақ, таңба, тұлға, көрме, негіз, түбір, шығыс, дыбыс, тарау, үндеу, әңгіме т. б. сөздердің де ғылымның түрлі саласында термин сөзқызметіндегі мәні мен мазмұны олардың тілдегі жай сөз ретіндегі мағынасынан өзгеше» [1, 12] . «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» еңбегінде лексика- семантикалық тәсілдің жасалуының бір жолы былай көрсетіледі: «Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, осы тәсіл қайсыбір сөздердегі дауыс екпінінің түрліше құбылып отыруы арқылы да болады. Мысалы: алма (зат есім) - алма (етістік), жарма (зат есім) - жарма (етістік), көрме (зат есім) - көрме (етістік), құдаша (зат есім) - құдаша (үстеу) т. б. » [1, 100] . Белгілі ғалым К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» деп аталатын еңбегінде: «Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика- семантикалық тәсілі арқылы пайда болады. Тілдің даму барысында көп мағыналы сөздің мағыналарының арасындағы семантикалық байланыс үзіліп, осының нәтижесінде әр басқа екі сөз- омомнимдес сөздер жасалуы мүмкін. Көп мағыналы сөздердің мағыналарының арасындағы семантикалық байланыстың жойылуы нәтижесінде әр басқа сөздердің ( омонимдес сөздердің) жасалу тәсілі сөз тудырудың лексика- семантикалық тәсілі деп аталады» деген анықтама береді [5, 150] . Анар Салқынбай конверсияны лексика- семантикалық тәсілдің бір формасы деп қарастырады. «Конверсия терімсөзі екі түрлі қолданылады: лексикалық конверсия және сөзжасамдық конверсия. Лексикалық конверсияның мәні - лебізде бір құбылыс не бір жағдай туралы ақпаратты әр түрлі бағытта айтып, негізгі ойды түсіндіру болса, сөзжасамдық конверсия - сөздердің сыртқы таңбасын өзгертпей, жаңа семантикалық мағынаға ие болып, екіншілік сөзжасамдық мағына жасау қабілеті (той- той- той) » [3, 106] . .

1. 2 Конверсия тәсілі бойынша сөз тудыру мәселесінің зерттелуі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі
Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктері
Тіл біліміндегі морфология саласындағы грамматикалық мағына және сөзжасамның тәсілдері
Сөзжасамды оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Сөзжасам ұғымы және оның құралдары туралы
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Еліктеуіш
Сөздердің байланысу тәсілдерінің орыс тіл білімінде зерттелуі
XYIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы, аналитикалық тәсіл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz