Атаулы сөйлем, түрлері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Атаулы сөйлем, түрлері

Орындаған: КО-31 тобының студенті

Көзтай А. Б.

Тексерген: ф. ғ. к., доцент Жуынтаева З. Н.

Қарағанды - 2014

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Атаулы сөйлем. Оның өзіндік ерекшеліктері
  2. Атаулы сөйлемдерге қатысты ғалымдардың пікірлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тіл атқаратын қызметтердің ең бастысы - коммуникативтік функция. Бұл функция сөйлем арқылы іске асады, сөйлемнен басқа тілдік элементтердің ешқайсысы да ол қызметті атқара алмайды. Сөйлемнің басқа тілдік элементтерден, солардың ішінде сөздер тіркесінен ең негізгі өзгешелігі - оның коммуникативтік ең басты және бірден-бір тұлға екендігінде. Сондықтан сөйлем синтаксистің ең негізгі объектісі деп есептеледі. Адам өз ойын, көңіл -күйін басқаларға сөйлем арқылы білдіре алады, сөйлем арқылы ғана басқалардың ойын біледі. Қ. Жұбанов: «Сөзбен білдірілген ой аяқталған түгел ой болуы да, аяқталмаған шала ой болуы да мүмкін. Ойды бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де түгел білдіруге болады. Қыс. Күн боран. Жердің үстін жапқын қар, -дегенде қыс деген жалғыз сөздің өзі де түгел бір ойды білдіріп тұр» деген пікір айтады. Ал С. Аманжолов еңбегінде: «Сөйлем дегеніміз -сөз таптарының, тұлғалардың, яғни сөйлем мүшелерінің қарым-қатынасын көрсететін, сөйтіп барып, тиянақты ойды білдіретін категория» деген ойлар айтады. Сөйлемге тән белгілер, оның грамматикалық сипатын айқындайтын синтаксистік категориялар- коммуникативтік пен модальдық және предикаттық белгілер. Бұл категориялардың әрқайсысынң өздеріне тән ішкі мағыналық және сыртқы материалдық көрсеткіштері бар. Жай сөйлемдердің мынадай ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады:

  1. Мағынасы қарай: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.
  2. Предикативтік бас мүшенің қатысына қарай: қос құрамды, бір құрамды, сөз сөйлем.
  3. Құрылымдық-семантикалық компоненттерінің қатысына қарай: толымды, толымсыз, жалаң, жайылма.

Бір құрамды сөйлемдердің өзің былай жіктеуге болады:

1. Бас мүшенің жасалуына қарай: етістікті және есімді (атаулы) .

2. Субъекті- жақтың қатынасына қарай: жақты және жақсыз.

3. Жақты және жақсыз сөйлемдер субъетінің семантикалық ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Жақты: белгілі, жалпылама, белгісіз, жанама. Жақсыз: жанама, субъектілі, субъектісіз. Бір негізді сөйлемнің бір түрі - атаулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түскен мүшелер жоқ. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады: Жаз, Тымырсық ыстық. Атау сөз сөйлемде негізгі, тірек мүше болады. Осы негізгі мүше кұбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемнің іргесіне тірек болады. Негізгі мүше ретінде зат есім, есімше (-ған, -ген, -қан, -кен, -тын, -тін формалары), тұйық рай тұлғалы етістік жұмсалады.

.

Атаулы сөйлем, түрлері

Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың құбылыстың атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сөйлем болудан қалады. Атаулы сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде, әсіресе, анықтауыш кездесіп отырады. Ол атаулы сөйлемдегі ойды әсерлендіре, суреттей түседі. Атаулы сөйлем көркем шығармада адам портреті мен табиғат бейнесін суреттегенде жиі қолданылады. Осы айтылғандардың бәрі - атаулы сөйлемнің өзіндік ерекшелігі.

Атаулы сөйлемнің өзіндік белгілері:

1. Атаулы сөйлемде тұрлаулы мүшеден бастауыш қана болады.

2. Атаулы сөйлем мезгілді, мекенді және заттың, құбылыстың атын білдіреді.

3. Атаулы сөйлем жазушы тілінде ықшамдық, көркемдік нәр береді, сондықтан табиғатты, адам келбетін немесе басқа бір затты суреттеу үшін, жазушылар атаулы сөйлемді жиі қолданады.

Атаулы сөйлемге мынадай анықтама лайық:

Тұрлаулы мүшеден бастауышы ғана бар заттың, құбылыстың атын білдіретін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.

Атау сөз сөйлемде негізгі, тірек мүше болады. Осы негізгі мүше құбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемнің іргесіне тірек болады. Негізгі мүше ретінде зат есім, сын есім, есімше(-ған-ген, -қан-кен, -тын-тін формалы), тұйық рай тұлғалы етістік жұсалады. Сөйлем құрамына осы негізгі мүшеге бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелер де кіреді: Жаздың ыстығы-ай! Күтпеген жерден жолыңуы-ай!

Атаулы сөйлемнің негізгі мүшесі ретінде сын есім, есімше жұмсалғанда, олар субстансивтеніп тұрады. Осылай болғандықтан олар септік тұлғаға ие бола алады. Негізгі мүше көбіне атау тұлғада тұрады, бірақ сын есім, тұйық етістік негізгі мүше қызметін табыс септік формасында тұрып та атқара алады. Жаздың ыстығын! Күтпеген жерден келуін!

Атаулы сөйлемдерде бастауыш-баяндауыш болып құралатын предикативтік қатынас болмағанымен, предикативтің өзі бар. Бұл сөйлем де тиянақты пікірді білдіреді, ол ойды болмысқа шақ, жақ тұрғынан қарастырып білдіреді. Атаулы сөйлемдерге тиянақты синтаксистік форма беретін - интонация және контекст. Сөйлемге тән интонация алып, атаулы сөйлем дара, тиянақты форма алады. Шақтық мағынасы мына жағынан жуық көрші сөйлемдер арқылы білдіреді.

Таңертең келе жатыр едім, алдымнан шыға келгені!

Атаулы сөйлемдер арнаулы коммуникативтік мақсаттың қажетімен қалыптасқан. Бұл сөйлемдер төніректі, жағдайды үнемді жолмен суреттеу үшін және пікірді эмоциялы етіп білдірудің амалы ретінде жұмсалады. Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді мынадай үш топқа болуға болады:

1. Бейнелеу мағыналы атаулы сөйлемдер. Түн. Шалқыған ай.

2. Эмоциялы атаулы сөйлемдер. Күлуін!

3. Сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер. Қаңғыған неме! Өркенің өскір!/1, 74/.

Атаулы сөйлемдер мен екі бас мүшелі сөйлемдер функция жағынан да, құрылымы жағынан да тығыз байланысты. Функция жағынан байланысты дейтініміз - атаулы сөйлемдер мен екі бас мүшелі сөйлемдер мағына жағынан бірдей болып келе береді, бірақ олардың арасында ілгеріде аталғандай қызмет ерекшелігі болады:

Мезгіл жаз еді. Ай жарқырап тұрған. - Жаз. Жарқыраған ай . Құрылымы жағынан да байланысты дейтініміз - көп жағдайда бұл екі құрылымдық түрдегі сөйлемдерді бір түрден екінші түрге ауыстырып, құрылысын өзгертуге келеді: Жаз ыстық. - Жаздың ыстығы-ай!

Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты - жайылуы, кеңеюі, морфологиялық тұрпаты - негізгі мүшенің қай сөз табынан болуына, қай формадағы сөз болуына байланысты.

Тасадан шыға келгенім! Шыжыңан ыстық!

Сондықтан атаулы сөйлемдерді біз негізгі мүшенің грамматикалық тұр-тұрпатына қарай топтаймыз. Ол топтар - мыналар: негізгі мүшесі атау тұлғалы зат есімнен болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі сын есімнен болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі -ған-ген, тын-тін тұлғалы есімшіден болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі табыс септіктегі сөзден (зат, сын, есім, есімше, тұйық етістік) болған атаулы сөйлем.

Соғыс басталар жыл, нағыз қызыл балақ бозбаламыз. Жауыннан жауын, жолға шыға алмай отырмыз.

Сонымен бірге бұл атаулы сөйлемдер құбылысты, затты эмоциялы атау үшін де жұмсалады.

Шіркіннің күлкісі-ай! Шіркін, осы ауылдың жастары-ай! Ойын-сауық десе жанып кетеді .

Негізгі мүшесі сын есімнен болған атаулы сөйлемдер субъектіге тән сын, сапаны эмоциямен білдіру үшін жұмсалады.

Түннің қараңғысы-ай! Ту қараңғысы-ай даланың - деді Әдиев. Тіліңмен орақ орғышың-й сенің.

Негізгі мүше қызметіндегі сын есім тәуелді формада тұрады. Бұл - субъектілік мағыналы сөз бен анықтауыштың байланысуы үшін туған жағдай:

Менің оқығаным-ай! Сенің келгішің-ай!

Негізгі мүшесі -ғыр-гір, қыр-кір жұрнағы арқылы жасалған сын есімнен болған атаулы сөйлемдер тілеу, сөгіс білдіру амалы болып жұмсалады.

Оқымай кеткір! Көзің ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жайдың табанына салып бермек.

Негізгі мүшесі -ған-ген, -қан-кен, -тын-тін тұлғалы есімшеден болған атаулы сөйлемдер іс-әрекет туралы пікірді эмоциямен білдіру үшін жұмсалады.

Күні бойы сарылып үйде отырған! Жай отырмайды, бірдемені жазып отырады. Сенің-ақ сағына беретінің-ай Тоба-ай, сенің түсінбейтінің-ай.

Атаулы сөйлем құрайтын есімшелердің түр-түрінің қатысуындағы айырмашылық олардың шақтық мағынасына байланысты.

Негізгі мүшесі тұйық етістіктен болған атаулы сөйлемдер іс-қимылды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады.

Тіпа, мынаның шешенсіп сөйлеуі-ай.

Негізгі мүшесі табыс септіктегі сөзден (зат есім, сын есім, есімше) болған атаулы сөйлемдер де пікірді эмоциямен білдіреді.

Мына жердің тауын-ай! Жүктің ауырын-ай! Мүләйімсуін! Балаларға қорған болған кісімсініп тұрғанын.

Негізгі мүшесі атау септіктегі сөзден болған атаулы сөйлем мен табыс септіктегі сөзден болған атаулы сөйлемдердің жасалуында үлкен алшақтық жоқ. Соңғы сөйлемдер - тарихи өзгерестердің нәтижесі.

Бұл атаулы сөйлемдердің негізгі мүшесі кейде -шы-ші жұрнағын үстеген күйде жұмсалады. Сұрының жаманыншы. Атаулы сөйлемнің мүшесінің құрамына -шы-ші жұрнағының қатысуы оның басқа ұқсас формалаларға еліктеуінен (аналогия заңы) болған.

Атаулы сөйлемдерге қатысты ғалымдардың пікірлері

Р. Әмірова: «Атаулы сөйлемдерді біз негізгі мүшенің грамматикалық түр- тұрпатына қарай топтаймыз» дей келе, оларды былай топтайды:

1. Негізгі мүшесі атау тұлғалы зат есімнен болған атаулы сөйлем

2. Негізгі мүшесі атау тұлғалы сын есімнен болған атаулы сөйлем

3. Негізгі мүшесі -ған, - ген, - тын, - тін тұлғалы есімшеден болған атаулы сөйлем

4. Негізгі мүшесі тұйық етістіктен болған атаулы сөйлем

5. Негізгі мүшесі табыс септіктегі сөзден болған атаулы сөйлем.

Бұлай бөлінуінің бір себебі сөйлемдердің құрамында атау негізінде жұмсалған тірек мүше болуы.

Ғалым Ж. Ибраимова «Қазақ тіліндегі мүшеленбейтін сөйлемдер» атты авторефератында Р. Әмірдің «Сөйлемдер ылғи бастауыш- баяндауышты қатынасты құрамнан құрала бермейді. Тілімізде бұлардан грамматикалық ерекшелігі бар атаулы сөйлемдер деп аталатындары бар», - деген пікірі мен мысалдарын келтіреді. Осы ретте тілші-ғалым Ж. Жакупов қарсылығын білдіріп, генитив сөйлемде субьект- предикаттық қатынас болса, ол неге атаулы сөйлем болатындығын зерттейді. Мәселен, «Күні бойы сарылып үйде отырғаны! Жүгіріп зорға жеткенім!» сияқты сөйлемдерді семантикалық жағынан субъект пен оның іс-әрекетін білдіреді, сондай-ақ, екі құрамды сөйлеммен ақпараттық тұрғыдан тең түсетіндігін де айтады. Сондықтан бұндай генитивтерді атаулы сөйлемдерден гөрі, бірқұрамды, нақтырақ айтсақ, жақсыз сөйлемдер қатарында қарастырғаны жөн деп санайды. Мысалы: Күн суық. - күннің суығын-ай!

Сондықтан Р. Әміровтің пікірі бойынша тірек мүшесі -ған, -ген, -тын, -тін тұлғалы есімшеден болған эмоциямен байланысты құрылымдар атаулы сөйлемдер болатындығына күмән туындайды.

«Атаулы құрамындағы ұйытқы сөз болған оқиғаны атап қана өтеді де, сол оқиғаға кіріспе ретінде қолданылады», - дейді М. Хасенов.

Ғалым С. Аманжоловтың атаулы сөйлемге қатысты зерттеуі бұл бір тосын дүние десе д болады. Оның пікірі көп ғалымдардың ойларына қарама- қарсы. Мәселен, «атаулы сөйлем тұрлаулы мүшеге талданбайды, яғни сөйлемге тірек мүше болатын сөзді бастауыш я баяндауыш деп тап басып айтуға келмейді».

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Атаулы сөйлемдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Бір құрамды сөйлем,оның жасалуы
Қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер
Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер
Жай сөйлемді оқыту
Жақты сөйлем
Атаулы сөйлем
Бір құрамды сөйлемдер
Атаулы сөйлемдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz