Қазақ прозасындағы жатсыну мәселесі экзистенциализм


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Қазақ прозасындағы жатсыну мәселесі
Орындаған: КО-41 тобының студенті
Көзтай А.
Тексерген: оқытушы Мырзахметов А.
Қарағанды - 2014
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Жатсыну - экзистенциализм концепциясы
- Қазақ прозасындағы (1970-80 ж. ж. ) жатсыну мәселесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жатсыну сияқты философиялық категория экзистенциализмнің күрделі концепцияларының бірі. Жатсыну мәселесі қазақ әдебиеттану ғылымында аз зерттелген. Философияның да ғылыми мәселесі ретінде жатсыну көп жылдар бойы маркстік- лениндік ілімге қарсы қойылып, тек бір жақты түсініктердің ауқымында қалып қойды. Бүгінгі дәуір әлемдік мәдениеттердің интеграциясы күшейген шақта, рухани ықпалдардың төркінін танып, өрісін барлау ғылым алдындағы маңызды істердің бірі екені анық. «Кеңестік жүйедегі жеке адамның еркі мен бостандығының шектелуі қоғамның бүкіл саласында жатсынуды тереңдетіп жіберді. Сананың тұйықталуы, адамның түпкі негізден, яғни өз- өзінен, өзінің ұлттық тегінен, тарихынан, әдет- ғұрпынан жатсынуына әкеп тіреді. Мұның бәрі қоғамдық қайшылықтардың барған үстіне ұлғая беруіне түрткі болды» [1, 65] . Осы мәселелер әдебиетімізде қаншалықты көрініс тапты, адамның қоғамнан, оның түрлі салаларынан ғана емес, адамның өз- өзінен, әлемнен, қоршаған болмыстан жатсынуы бүгінгі күнгі біздің ғылыми тұрғыдан зерттеуге бет алған нысандарымыз. Бұл проблема шет ел, орыс әдебиеттануында жалпы модернистік поэтика мәселелеріне байланысты зерттелініп жүргенін айта кетуіміз керек. Ф. Кафканың творчествасын зерттегендер оның модернист жазушыларға тән стильдік бедерінде (адамның өмір ортасынан, әлемнен тысқары қалуын) бейнелеу ерекшелігі басымырақ танылатыны жөнінде айтқан болатын. Г. Г. Маркестің (Жүз жылдық жалғыздық) романында адам санасындағы күрделі құбылыстарды бейнелеуде жалғыздық пен өз ортасын жатсыну сынды терең философиялық пікірді кездестіреміз. Әсіресе, бұл мәселедегі автордың позициясын толықтай көрсете алатын образ - Аурелиана Буендиа. Оның ішкі трагедиясы да, мазасыз болмысы да шексіз жалғыздығында. Ғалым Е. С. Померанцева белгілі бір қаламгер шығармасындағы жатсыну мәселесін арнайы алып қарастырған еңбектердің ішінде американ зерттеушісі Р. Стриулидің «Джузеппе Берто романындағы жатсыну» деп аталатын монографиясына ерекше ілтипат білдіреді. Американ әдебиеттанушысының бұл күрделі мәселенің тарихын Фрейд, Кафка, Джойс, Свевордың шығармаларынан бастағанын құптайды. Сонымен бірге Эдуардо Олби, Ульям Голдинг, Грэм Грин сияқты жазушылардың творчестволары осы мәселе тұрғысынан Батыс сыншыларының ортасында болған пікірталастарды талдайды [2, 71- 93] . Сол сияқты, экзистенционалдық ойдың жатсыну түріндегі қазақ әдебиетіндегі көрінісі қазақ ғылымында толықтай зерттелмегеннен кейін оған қатысты пікірлер туғызу маңызды деп санасақ, тағы да 70- 80 жылдар прозасын сөз етеміз.
Негізгі бөлім
Кейінгі жылдары адамның адамнан жатсынуын барынша терең ашуға ұмтылатын жазушылар - Ә. Кекілбаев пен Ш. Айтматовтардың шығармашылығында көтерілген мәңгүрттік идеясы бұл орайда терең философиялық пкір болып саналады. Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесінде мәігүрттің бейнесі алғаш рет сомдалды. Дегенмен, мұнда жазушы аңыздық желіні пайдалану үстінде Жөнейттің қатыгездік бейнесін, моральдық тұрпатын жан- жақты ашу үшін тың өрнек ретіндегі қызметіне көп көңіл бөлетіндей. Байырғы кезеңдегі тарихи жағдай белестерін, қоғамдық қарым- қатынастардың қандай сипатта дамығандығын аңдату үшін де қазақ тұтқындарының басындағы жағдайға екпін түсірілген, ол суреттердің эмоционалдық әсері ескерілген. Әрине, мұндай оқиғалық желілер жазушының адам жөнінде тұжырымдарына белгілі бір мөлшерде қатысы барлығын ұмытпаймыз.
Ал Ш. Айтматовтың «Боранды бекетіндегі» мәңгүрт оқиғасы суреткердің бүгінгі күннің мәселесін көтеруге тікелей қатысы бар философиялық терең ойдың берілуіне негіз болған. Әлемдік ауқымдағы проблеманы көтерген романдағы оқиға мен ойдың дамуы Едігеге қатысты өрбігенімен, мәңгүрі аңызы шығарманың негізгі өзегі іспетті. «Долг литературы - мыслить глобально, невыпуская из поля зрения центрального своего интереса, который я понимаю как исследование отдельной человеческой индивидуальности. А все это требует от писателя расширения философского диапазона, усложнения мира восприятия, детализации психологического изобрадения нашего современника» [3, 6] - деп өзі айтпақшы, бұл идея бүгінгі дәуірдің рухани проблемаларына үңілудегі бірден-бір тәсіл болды.
Мәңгүрт - рухани тамыр- тегі жойылған, ойлау мен сезінуге қабілетсіз биологиялық дене. Ал осы мәңгүрттің түпкі бастауы Адам болатын. Яғни, адамның табиғи- рухани алғы шарттарынан айыратын адамдардың өздері, солар тудырған сыртқы әсер. Міне, адамзаттың қазіргі толғақты мәселелерінің біріне айналған руханилық проблемасы соңғы жылдары әлем әдебиетінде мәңгүрт сынды типтің пайда болуына мұрындық болды. «Мәңгүрттік типке салт- дәстүрден жұрдай, оның рәміздік- рәсімдік мағынасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жататын» [4, 38] болса, Д. Исабековтің «Сүйекші» повесіндегі орталық кейіпкер Тұңғыш та осы типке жақын. Жазушы оның мағынасыз тіршілігін, мәнсіз болмысын, адамдық негізден алшақтатқан сыртқы әсерлерден іздейді.
Жатсынудың мұндайлық көрінісі қаламгердің «Тіршілік» повесінен де аңдалады. Алғашында ауруға шипа деп тапқан көкнәрдің дәмі Молдарәсілдің енді өмірінің мағынасына айналды. Жалғызілікті жігіт өзін ауылдың бел баласындай көреді. Топырақты өлім, торқалы тойдың атқарылуы осы Молдарәсілсіз өтпейтіндей. Оның ақ тер, көк терге малшынып істеген қызметі көкнәрге иеленіп, көкнәрмен өлшенеді. Осылайша елдің ықыласы өзіне ерекше деп санайтын ол кәфіпшіл Киеванға айналып шыға келеді. Оның Тұңғыштан айырмашылығы бір сәт болса да өзінің жалғыздығына опынады. Осы жалғыздық туралы ойлау оның адамдық кейпін білдіріп тұрған жалқы қасиет сияқты. «Дәл осы кезге шейін ол өзін осы ауылдың бел баласы санап, егер ауырып- сырқай қалсам бүкіл жұрт шулап, көңілімді сұрауға шұбырып келетін шығар деген берік байламда еді, бірақ екі күннен бері есігінен тірі пенденің сығаламауы алдың күні- ақ шалдардың сөзінен секем алған көңілін біржолата суытайын деді. «Япыр- ау, сонда пәленше- екем мынадай, пәленше- екем анадай» деп арқадан қағып, қолпаштап жүрген талайлар мені оп- оңай- ақ ұмыта салғаны ма? Мен іздесем, мені іздейтін бір адамның жоқ болғаны ма сонша? Осы бойы өле кетсем, жаназам да шығарусыз қалатын түрі бар- ау, шамасы!» [5, 326] . Бұл - Молдарәсілдің алғаш рет тағдырмен бетпе- бет келуі, алғаш рет өзін- өзі тануға ұмтылысы. Өз ортасының мейірімсіздігіне көзі жеткен тағы бір сәт - бөтен ауылдың жігіттері алып қашқан Таңатар байдың қызын серіктерімен бірге жолдан қайтарып алып келгеннен кейінгі эпизод. Ол байдың намысын қорғап қалған жігіттерге сый- сияпат үлестіретін сәт.
« - Ал, қане, айта ғой қалауыңды, ұялма.
-Ұялатын несі бар, көкнәр ғой қалауы, - деді әлгі жігіт. Молдарәсілдің іші мұсатыр жалағандай мұздап кетті. «Неменеге қабаттаса қалды қиқаңдап?»
- Болды ендеше. Үш ат, жарты қап көкнәр. - Көзін жерден көтермеген бойы Таңатар тіл қатты.
- Серіктеріне басы бүтін ат беріп жатқанда Молдарәсілге жарты қап көкнәр беріп шеттетпейік. Бір қабын алсын.
- Әумин! Игіліктеріңе жаратыңдар!» [5, 330] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz