SDH мультиплексирлеу ерекшеліктері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. SDH СИНХРОНДЫ САНДЫҚ ИЕРАРХИЯСЫ

1.1. SDH желісінің құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. SDH жүйесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. SDH құрылу алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

II. SDH МУЛЬТИПЛЕКСИРЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Мультиплексор және демультиплексор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. STM.1, STM.4 және STM.16 деңгейлерінің мультиплексорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3. SТМ.N.де төменжылдамдықты ағындардың мультиплексирлеу сұлбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.4. SТМ.4 мультиплексорының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.5. SDH мультиплексирлеудің РDH жүйесінен негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ
Ғылымның дамуы және техникалық үрдістің шапшаңдауы байланыс құралдарын, жинау жүйелерін, ақпаратты тарату және өңдеуді жетілдіруінсіз мүмкін емес. Соңғы жылдардағы жаңа ақпараттық технологиялардың интенсивті түрде дамуы микропроцессорлық техниканың жедел қарқынмен дамуына әкелді, ол ақпаратты таратудың цифрлық әдістерінің дамуына ықпал жасады. Есептеулер бойынша бір тұтынушыға ақпарат ағынынің орташа көлемі әр жыл сайын 8 есе өсіп отырады. Жаңа желілік қосымшалар өткізу жолақтың кеңдігін керек етеді, практикада әлемдік желілердің түрлі қосымшалары қолданылады, олар мультимедияға, бейнеконференция байланыс үшін арналған.
Қазіргі заманға сай актуалды мәселелерге мәліметтерді тарату, тұтынушыларға цифрлық қызмет көрсетуді жатқызуға болады. Осы мәселелерді шешу мақсатымен техниканың қазіргі жетістіктерін пайдалану арқылы көптеген цифрлық түрде мәліметтерді тарату технологиялары шапшаң түрде дамуда.
Байланыс желілерін құру үшін қазіргі уақытта қолданылатын қазіргі заманғы технологиялардың бірі синхронды цифрлық иерархия - SDH технологиясы болып табылады.
SDH аппаратурасы бағдарламалы түрде басқарылатын болып табылады, ол мыналардан тұрады: түрлендіргіш, таратқыш, бақылауша, оперативті ауыстырып-қосқыш. SDH концепциясы цифлық ақпаратты жоғары сапалы тарату үрдістерін, желіні автоматты түрде басқару,бақылау, желіге қызмет ету үрдістерін бір жүйенің ішінде тиімді біріктіреді.
Сонымен SDH – жай ғана жаңа тарату жүйесі емес, сонымен бірге бұл желілік архитектурада, басқаруда принципиалды өзгерістер. SDH – ті енгізу цифрлық байланыс желінің жаңа сапалы даму кезеңі болып табылады.
Синхронды цифрлық иерархияның алдыңғы буын жүйелерімен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтары бар, оптикалық-талшықты тарату жолдарының мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға, жоғары сапалы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. В.Л.Тюрин, Д. В. Дьяков, В. П. Глушко и др,; Под ред. В. Л. Тюрина. Многоканальная связь на железнодорожном транспорте: Учебник для вузов, ж.-д. трансп. -2-е изд., перераб. и доп.-М.: Транспорт, 1992.-431 с.
2. Шмытинский В.В., Глушко В.П. Многоканальные системы пе-редачи: Учебник для техникумов и колледжей ж.-д. транспорта. М.: Маршрут, 2002. — 558 с.
3. В. И. Иванов, В. Н. Гордиенко, Г. Н. Попов и др.; Под ред. В. И. Иванова. Цифровые и аналоговые системы передачи: Учебник для вузов/ - 2-е изд. - М.: Горячая линия - Телеком, 2003. - 232 с: ил.
4. В.И. Кириллов. Многоканальные системы передачи: Учебник — М.: Новое знание, 2002. — 751 с.
5. Гордиенко В. Н., Тверецкий М. С. Многоканальные телекоммуникационные системы. Учебник для вузов - М: Горячая линия-Телеком, 2005. - 416 с
6. А.В. Шмалько. Цифровые сети связи: основы планирования и построения. - М.: Эко-Трендз, 2001.
7. Г. В. Горелов, А. Ф. Фомин, А. А. Волков, В. К. Котов. Теория передачи сигналов на железнодорожном транспорте: Учеб. для вузов ж.-д. трансп. / М.: Транспорт, 1999. 415 с.
8. Скляров О К. Современные волоконно-оптические системы передачи, аппаратура и элементы – М.: СОЛОН-Р, 2001-238 с.
9. P.P. Убайдуллаев. Волоконно-оптические сети. - М.: Эко-Трендз, 2001.
10. Под ред. профессора В.П. Шувалова. Нормирование качества телекоммуникационных услуг: Учебное пособие. - М.: Горячая линия-Телеком, 2004. -312 с
11. С.М. Сухман, А.В. Бернов, Б.В. Шевкопляс. Синхронизация в телекоммуникационных системах. Анализ инженерных решений. -М.: Эко-Трендз, 2003. - 272 с.
12. Портнов Э. Л. Оптические кабели связи: Конструкции и характеристики.— М.: Горячая линия-Телеком, 2002.-232 с
13. Ю.А. Парфенов. Кабели электросвязи. - М.: Эко-Трендз, 2003. - 256 с.
14. В. И. Иванов, В. Н. Гордиенко, Г. Н. Попов и др.; Под ред. В. И. Иванова. Цифровые и аналоговые системы передачи: Учебник для вузов/ - 2-е изд. - М.: Горячая линия - Телеком, 2003. - 232 с: ил.
15. Додц Аннабел 3. Мир телекоммуникаций. Обзор технологий и отрасли / Пер. с англ. — М.: ЗАО «Олимп—Бизнес», 2002. — 400 с.
16. Ю.А. Парфенов. Кабели электросвязи. - М.: Эко-Трендз, 2003. - 256 с.
17. В.И. Кириллов. Многоканальные системы передачи: Учебник — М.: Новое знание, 2002. — 751 с.
18. Г. В. Горелов, А. Ф. Фомин, А. А. Волков, В. К. Котов. М.: Транспорт, 1999. 415 с. Теория передачи сигналов на железнодорожном транспорте: Учеб. для вузов ж.-д. трансп.
19. www.yandex.ru
20. www.rambler.ru

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: SDH мультиплексирлеу ерекшеліктері

Дайындаған: Г-532 топ студенті

Сағынбай А.Ғ.

Тексерген: техникалық пәндер оқытушысы

Сундетова А.К.

Орал 2015

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. SDH СИНХРОНДЫ САНДЫҚ ИЕРАРХИЯСЫ

1. SDH желісінің
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .5
2. SDH жүйесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .6
3. SDH құрылу
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..8

II. SDH МУЛЬТИПЛЕКСИРЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Мультиплексор және
демультиплексор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2. STM-1, STM-4 және STM-16 деңгейлерінің
мультиплексорлары ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..14
3. SТМ-N-де төменжылдамдықты ағындардың мультиплексирлеу
сұлбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

4. SТМ-4 мультиплексорының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

5. SDH мультиплексирлеудің РDH жүйесінен негізгі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
Ғылымның дамуы және техникалық үрдістің шапшаңдауы байланыс
құралдарын, жинау жүйелерін, ақпаратты тарату және өңдеуді жетілдіруінсіз
мүмкін емес. Соңғы жылдардағы жаңа ақпараттық технологиялардың интенсивті
түрде дамуы микропроцессорлық техниканың жедел қарқынмен дамуына әкелді, ол
ақпаратты таратудың цифрлық әдістерінің дамуына ықпал жасады. Есептеулер
бойынша бір тұтынушыға ақпарат ағынынің орташа көлемі әр жыл сайын 8 есе
өсіп отырады. Жаңа желілік қосымшалар өткізу жолақтың кеңдігін керек
етеді, практикада әлемдік желілердің түрлі қосымшалары қолданылады, олар
мультимедияға, бейнеконференция байланыс үшін арналған.
Қазіргі заманға сай актуалды мәселелерге мәліметтерді тарату,
тұтынушыларға цифрлық қызмет көрсетуді жатқызуға болады. Осы мәселелерді
шешу мақсатымен техниканың қазіргі жетістіктерін пайдалану арқылы көптеген
цифрлық түрде мәліметтерді тарату технологиялары шапшаң түрде дамуда.
Байланыс желілерін құру үшін қазіргі уақытта қолданылатын қазіргі
заманғы технологиялардың бірі синхронды цифрлық иерархия - SDH технологиясы
болып табылады.
SDH аппаратурасы бағдарламалы түрде басқарылатын болып табылады, ол
мыналардан тұрады: түрлендіргіш, таратқыш, бақылауша, оперативті ауыстырып-
қосқыш. SDH концепциясы цифлық ақпаратты жоғары сапалы тарату үрдістерін,
желіні автоматты түрде басқару,бақылау, желіге қызмет ету үрдістерін бір
жүйенің ішінде тиімді біріктіреді.
Сонымен SDH – жай ғана жаңа тарату жүйесі емес, сонымен бірге бұл
желілік архитектурада, басқаруда принципиалды өзгерістер. SDH – ті енгізу
цифрлық байланыс желінің жаңа сапалы даму кезеңі болып табылады.
Синхронды цифрлық иерархияның алдыңғы буын жүйелерімен салыстырғанда
айтарлықтай артықшылықтары бар, оптикалық-талшықты тарату жолдарының
мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға, жоғары сапалы байланысқа кепілдік
бере отырып, желіні пайдалануға және басқаруға жайлы жағдай жасауға
мүмкіндік береді. Синхронды цифрлық иерархия жүйелері 155 Мбитс және одан
да жоғары тарату жылдамдықтарын қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың талаптарына сай SDH технологиясы туралы толық
мәліметтер, осы технологияда қолданылатын мультиплексорлар түрі, басқа
технологиялардың алдында мультиплексорлеудің қандай ерекшеліектері бар
екені туралы айтылады.

I. SDH СИНХРОНДЫ САНДЫҚ ИЕРАРХИЯСЫ
1.1. SDH желісінің құрамы

SDH желісі кез келген басқа желі сияқты жиынтығы шектелген жеке
функционалды модульдерден құралады: мультиплексорлар, коммутаторлар,
концентраторлар, регенераторлар және терминалды жабдықтар. Бұл жиын желі
шешетін негізгі функционалды міндеттерімен анықталады:
- SDH желісінде транспортталу үшін жарамды агрегатты блокқа қол
жеткізетін арналар арқылы кіріс ағындарын жинау – қол жеткізу
желісінің терминалды мультиплексорлары шешетін мультиплексирлеудің
міндеті;
- кірісшығыс ағындарының енгізушығару мүмкіндігі болатын агрегатты
блоктарды желі бойынша транспорттау – енгізушығару
мультиплексорлары шешетін транспорттау енгізушығару
мультиплексорлары шешетін транспорттаудың міндеті, басқаша АDМ –
желідегі ақпараттық ағынды логикалық түрде басқарады, ал физикалық
түрде осы желіде транспортты арнаны түзетін физикалық ортадағы
ағынды басқарады;
- таратқыш торапқа бірнеше бір типті ағындарды біріктіру
концентраторлар (хаб) шешетін концентрация міндеті;
- үлкен қашықтықтарға берілетін сигналдың формасы мен амплитудасын
қалыпқа келтіріп (регенерация), оның өшулігін компенсациялау үшін
LAN-дағы қайталағыштарға ұқсас құрылғылар, яғни регенераторлардың
көмегімен шешілетін регенерация қолданылады;
- қолданушының желісі мен SDH желінің байланысуы – шеткі жабдықтың
көмегімен шешіледі, мысалы әртүрлі орайластырушы құрылғылар, соның
ішінде интерфейстер конверторы, жылдамдықтарының конверторы және
т.б.
- Желінің бөлінген тараптарында жүзеге асырылатын виртуалды
контейнерлерді маршрутизация еұлбасына сәйкес бір сегменттен
басқаға аса жүктеу цифрлық коммутаторлардың немесе ДХС крос-
коммутаторлардың көмегімен шешілетін коммутацияның міндеті болып
табылады.
-
1.2. SDH жүйесін талдау
Қазіргі заманғы электробайланыс жүйесінің негізінде цифрлық тарату
жүйелерін пайдалануға негізделген цифрлық біріншілік желіні қолдану жатыр.
Заманға сай цифрлық біріншілік желі үш технологиялар негізінде
құрылуы мүмкін: PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy-Плезиохронды цифрлық
иерархия), SDH (Synchronous Digital Hierarсhy-Синхронды цифрлық иерархия)
және ATM.

Электробайланыс жүйесінде цифрлық біріншілік желінің алатын орны

ATM технологиясы біріншілік желіні құру технологиясы ретінде әлі жас
және соңына дейін жетілмеген.
Бүгінгі таңда иерархиялардың үш түрі белгілі: Солтүстік Америкалық,
Жапондық және еуропалық. Еуропада иерархияның біріншілік жылдамдығы ретінде
2048 Кбитс жылдамдығы қабылданды. Бұл DS0 (8 кГц жиілікпен алынған
сигналдың дискреттік санағы 8 биттік тізбектілікпен кодаланып (квантталып),
8 кГц*8 бит=64 Кбитс-на тең болғандағы цифрлық сигналдың аты) ақпараттық
30 сигналды кадрға қажетті сигналмен және басқарушы ақпаратпен бірге
жинаған кездегі нәтиже. Ал АҚШ-та, Канадада және Жапонияда 30 арнаның
орнына 24 арна комбинациясынан түзілген 1544 Кбитс-на тең біріншілік
жылдамдық қабылданды. Бұл иерархиялар плезиохронды цифрлық иерархия (PDH)
деген атқа ие болды, өйткені мультиплекстелетін ағындар синхронды болмады
және олардың жылдамдықтары биттік тізбектіліктің әрқайсысын түзетін
тактілік генераторлардың рұқсат етілген тұрақсыздықтың шектерінде бірдей
болмады.Сондықтан осындай ағындарды мультиплекстеу кезінде жылдамдықтарды
орайластыру үшін биттерді қосу немесе алып тастауды жүзеге асыру қажет
болды.
Дипломдық жобада объект ретінде Шымкент қаласы алынды. Зерттеліп
отырған объектіде PDH технологиясының көмегімен құрылған корпоративтік
желі орын алған.
PDH технологиясының бірқатар кемшіліктері бар, оларды айта кетсек:
- аралық пункттерде цифрлық ағындардың кірісшығысының қиын болуы;
- желілік автоматты түрдегі бақылау мен басқару құралдарының
болмауы;
- синхронизациялаудың көп сатылы қалыпқа келуі айтарлықтай ұзақ
уақыт қажет етті.
PDH кемшіліктеріне, сонымен қатар, желідегі ағынды бақылау мен басқару
мақсаттары үшін қызметтік арналарды ұйымдастыруда мүмкіндіктерінің
әлсіздігін және де мәліметтерді тарату желілерінде қолдану үшін өте маңызды
орын алатын төменгі сатыдағы мультиплекстелген ағындардың маршрутизация
құралдарының болмауын жатқызуға болады.

SDH иерархиясының тарату жылдамдықтары 1- кестеде келтірілген.

SDH-иерархиясының тарату жылдамдықтары кестесі

SDH деңгейі Мәліметтер тарату жылдамдығы,
Мбитс
STM-1 155,520
STM-4 622,080
STM-8 1244,160
STM-12 1866,240
STM-16 2487,320

3. SDH құрылу алғышарттары

Қазіргі кездегі SDH желілі жабдығы жанұясы SL 1, SL 4 және SL 16
түйіндерінен тұрады. SL 1 желілі жабдығының хабар тарату аймағы ретінде
көпмодалы және бірмодалы талшықты қолданса, ал SL 4 және SL 16 желілі
жабдығы үшін бірмодалы талшықты қолданады.
SL 16 SDH желілі жабдығы иілгіш модалы жүйе және жергілікті, зоналық
және магистральды желілерінде түрлі қолдануларда пайдаланылады.
SL жабдығы құрамына келесі өнімдер кіреді:
- SLT 16 аяқталған желілі жабдық;
- SLR 16 желілі регенератор;
- желілі жабдықты орналастыратын таған;
- басқару жүйесінің SMSW программалық қамтамасыздандырылуы.
Қызмет көрсету персоналымен жабдықтарды басқару және эксплуатация
кезінде сатылымда бар кәдімгі терминалдар (дербес компьютер немесе жұммысшы
станциялар) қолданылуы мүмкін.
SL 16 SDH желілі жабдығы синхронды цифрлы иерархия сигналдарымен қатар
плезиохронды циифрлы иерархияның сигналдарын таратады.
Синхронды цифрлы иерархияның негізгі мінездемелері G.707-G.709 МСЭ-Т
Кепілдемесінде анықталған. Қазіргі уақытта иерархияның келесі деңгейлері
бар:
STM-1 155520 кбитс
STM-4 622080 кбитс
STM-16 2488320 кбитс
STM-64 9953 Мбитс
STM-синхронды транспортты модуль
Цифрлы сигналдардың негізгі структурасы өзіне октеттерді (байт, әр
қайсысында 8 биттен) қосады. Циклдың периоды иерархияның барлық
деңгейлеріне бірдей және 125 мкс-қа тең, циклдың ұзындығы байтта иерархия
деңгейі жоғарлаған сайын өседі.
Цикл тақырыптан (цикл привязка сигналынан және қызмет көрсету
хабарламасынан тұрады) пайдалы жүктемені орналастыру мекенінен және
пайдалы жүктеменің өзінен тұрады. Егер синхронды желі үлестіргіш желі болып
табылмаса, трактта кідірістің болуы желінің кіріс сигналының жиілігі ғана
(бірақ фазасы емес) синхрондалған деген мағына береді. Олай болса,
сигналдарды мультиплексорлаған кезде фазакідіріс подстройкасын құру керек.
Плезиохронды жүйелерде бұл теңестіру процессі арқылы жүзеге асырылады.
Алайда PDH жүйесінде тек қана оң теңестірулерді пайдаланса, ал, SDH
жүйесінде оң және теріс теңестірулерді қолданады.
Секция тақырыптары регенерация секция тақырыбы (RSOH) және
мультиплексорлау секция тақырыбы (MSOH) болып бөлінеді. RSOH 1-3
жолдарында, ал MSOH 5-9 STM-1 цикл тақырыбы жолдарында орналасқан.
RSOH сигналдары барлық регенераторлар мен мультиплексорларда тиімді.
Бұл нүктелерде хабар ендірілуі немесе жойылуы мүмкін.
MSOH хабары мультиплексорлау секциясындағы аяққы мультиплексорларда
қосылуы мүмкін. MSOH хабары регенераторлар арқылы өзгерусіз беріледі және
SLR регенераторларында оқылуы мүмкін.
SL 16 синхронды желілі жабдығында секция тақырып каналдарын қолдану.
SOH секционды тақырып байттарын қолданатын арна, тақырып арналары деп
аталады.
Синхронды желілі жабдықта STM-16 желілі сигналдарының STM-1 сигналының
тақырып байттары қосымша арналарды өңдейтін интерфейс блоктарына және
қызмет көрсету арналарына түседі.Қызметтік телефон байланысы арнасы блогы
(DTE) және 1 F1 (ZR 11) арнасындағы Z F1 (STM 16) сигнал тақырыбына рұқсат
берсе, ал F2 (OPF 2) тақырып өңдеу блогы-F2 (STM-1) компонентті сигналдар
тақырыбына рұқсат береді. F1 желілі жағында қажет өткізгіштік қабілет STM-1
сигналының бір тақырыбымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан, желілі жақтан STM-
1 сигналының тек бір тақырыбы қолданылады. F2 құраушы ағындар жағынан STM-1
барлық төрт сигнал тақырыбын қолдануға болады.
DTE және ZК 11 платаларының интерфейсі STM-1 бірінші сигналының
тақырып шинасына қосылу; OPF 2 платасын қолдану жұмыстық терминалдан STM-1
сигналының он алтысынан төртеуіне рұқсатты қамтамасыз етеді.
Тақырып арналарының өткізгіштік қабілеті 64*n кбитс-қа тең және
тақырып байттарының көлемінен тәуелді, олар сәйкес арнаға
сәйкестендірілген.
SL 16 желілі жабдығының таратушы ортасы ретінде оптикалық талшық
пайдаланылады. Оптикалық талшық G.652-G.653 МСЭ-Т Кепілдемесіне сәйкес
келуі керек. Талшық дисперсиясы, G.652 Кепілдемесіне сәйкес 1300 нм
диапазонына оңтайландырылған, ал G.653 Кеплдемесіне сәйкес талшық
дисперсиясы 1150 нм диапазонына оңтайландырылған. Сонда да, G.652
Кепілдемесіне сәйкестелген талшықтар, екі диапазонда да қолданылуы мүмкін.
SL 16 желілі жабдығының түйіндері 1300 нм диапазоны және 1550 нм
диапазонында оптикалық платалардан құралған.
Суретте SL 16 желілі жабдығы базасы негізінде құрылған трактысының
структурасы көрсетілген.
G.957 МСЭ-Т Кепілдемесіне сәйкес STM-16 сигналдарын тарату үшін NRZ
(нольге қайта келмеу) желілі кодасы қолданылады.
Желілік регенераторда кіріс оптикалық сигнал электрлікке түрленеді,
күшейеді, қайта өндіріледі және қайтадан оптикалық сигналға түрленеді.
Желілік регенератор қызметтік байланыс арнасына және де регенерация
секциясындағы мәліметтерді тарату қосымша арналарына рұқсатты қамтамасыз
етеді.
1300 нм диапазонында регенерация секциясындағы оптикалық кабельдің
рұқсат етілген өшулігі 25 дб, ал 1550 нм диапазонында 27,5 дб шамасында.
Екі ақырғы пункттар арасында SL 16 регенераторының 48 орналастыруға
рұқсат етіледі. Бұл кездегі фазалық дірілдің қосылған үлкендігі рұқсат
етілген мәнінен аспайды.
Үлкен ұзындықтағы таратушы тракттар регенерациялық секциялардың
каскадты қосылуы арқылы ұйымдастырылуы мүмкін, олардың аяғында желілі аяққы
құрылғылар қосылған.

AUX Қосымша каналдар
F1 F интерфейсі: 2488,320 Мбитс, NRZ, СЦИ
F2 F2 интерфейсі: электрлік 155 Мбитс СЦИ, немесе 140 Мбитс ПЦИ
F(OT) Жұмысшы терминал интерфейсі
Qx, QDE Жүйені басқару жүйесінің интерфейсі (TMN)
SRL 16 СЦИ кодадағы желілі регенератор
SLT 16 СЦИ желілі терминал
T3 Синхронизация кірісі, (T3 шығысы- дайындық кезеңінде)

II. SDH МУЛЬТИПЛЕКСИРЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Мультиплексор және демультиплексор

STM-4 мультиплексоры төрт оптикалық STM-1 сигналдарына дейін
(155Мбитс) қабылдайды және регенерация жасайды. Осы төрт STM-1 STM-4-ке
(622Мбитс) мультиплекстеледі. Блок-сұлба 2.5 суретте көрсетілгендей, 1-
ден бастап 15-ке дейін функционалды блоктарына бөлінеді. Барлығы түсінікті
болу үшін мультиплексті секциясына (11) дейін тек бір арна көрсетілген.
Кіріс оптикалық ақпараттық сигнал (155 Мбитс) PIN-диоды арқылы өтіп,
электрлік сигналға (1) түрленеді, сосын дифференциалдық күшейткіштің (2)
каскадында күшейтіледі.
Ары қарай байт бойынша өңделуі үшін мәліметтер ағынының
тізбектіпараллелді (3) түрленуі жүзеге асады.
STM-1 циклдік синхронизациясын бақылау үшін А1 және А2 байттарын
бағалаймыз. Дәрежесі туралы хабарламалар сигнализация блогы (14) және
сигналдық шина арқылы ZUW-ға түсіп отырады.
STM-1 сигналының дискрембленуі (5) көрсетілген.
В1 және В2 паритетінің байттарын бағалау (6) және қателер туралы,
сонымен бірге қателердің қосынды кодасы туралы хабарламаны тарату сигналдық
В1 және В2 шина арқылы бақылау блогына барады.
Әр кірістегі STM-1-ден секциялық тақырыпшасын таңдау – ол (7).
Шығыс STM-1 сигналына жаңа секциондық тақырыпшысын SOH қою (8).

STM-4 мультиплексорының функционалдық сұлбасы

Паритет В1 және В2 байттарын есептеу мен қою (9) және сигнализация
блогына паритеттің қателері туралы хабарламаны тарату (14).
Сигналдың скрембленуі (10) болып табылады.
STM-1сигналдарын STM-4-ке байт бойынша мультиплекстеу (11)-де жүзеге
асады.
Мәліметтер ағынын шығыс 622 Мбитс-на тең мәліметтер сигналына
параллелдітізбекті түрлендіру (12).
Егер желінің Т3 вх синхронизациясы бұзылған жағдайда, STM-1-ң
оптикалық таратқышының асинхронды жұмысы кезінде тактілік сигналдың көзін
басқару үшін RP8*1 циклдік импульсінің түзілуі (13).
Сигнализацияның функционалды блогы (14) хабарламаларды жинайды, алдын
ала өңдеуді іске асырады және блоктың жағдайы туралы мәліметтерді сигналдық
шина арқылы ZUW-ға таратады. Сигнализация блогы, сонымен қатар, ZUW –ң
сұрауы бойынша ауысымды блоктың параметрлерін орнату үшін демеу бола алады.

Қашық станцияның таратушы жақ бетінде сигнализацияның функционалдық
блогы лазерді автоматты түрде өшіру (LSA) үшін АЦП-ң көмегімен
қабылдағышта оптикалық қуатты сигнализацияның функционалдық блогы бағалайды
(15).
Демультиплексор кері тізбекте жұмыс істейтін тура осындай
функционалдық блоктардан тұрады, оптикалық қабылдағыштан келетін 622 Мбитс
жылдамдықты сигналды төрт оптикалық STM-1-ге түрлендіреді

2. STM-1, STM-4 және STM-16 деңгейлерінің мультиплексорлары

SDH технологиясына Siemens AG компаниясы бірнеше өнімдерін ұсынады.
Соның ішінде: SN-4, SL-4, SLR-4 және SL-16 мультиплексорлары өзінің
сенімділігін және бүкіл әлем бойынша орнатылған мәліметтерді таратудың
30000 астам желілеріндегі халықаралық стандарттармен сәйкестілігін
дәлелдеді.
SL-1-STM-1 (155.52 Мбитс) деңгейінің толық-қанды SDH-мультиплексоры
болып табылады. Ол қорғалған нүкте-нүкте, қорғалмаған нүктее-нүкте,
сақина немесе тізбек бойынша жұмыс істей алады.
SL-1-де STM-1 сызықты модульдерінің толық жинағы бар:
• STM-1 электрлік интерфейсі бар сызықты модуль (G.703);
• STM-1 оптикалық интерфейсі бар сызықты модуль (G.957).
Сонымен бірге тағы SL-4 құрылғысы бар, ол 2 Мбитс ағынының
тығыздалуын жоғарлатып, алып жатқан аудан мен электроэнергияны қолдануды
азайтуға мүмкіндік беретін STM-4 терминалды мультиплексор болып табылады.
Оны соңғы құрылғы ретінде қолдануға болады.
Siemens AG компаниясының SL-16 мультиплексоры STM-16 деңгейінің жаңа
түрі, аса жоғары функциялданатын, масштабталатын және ыңғайланатын
қасиеттері бар мультиплексор.
SL-416 мультиплексоры өткізу қарқындылығының шамасы 2.5 Гбитс-на
дейін ағындарды сүйемелдейтін регионалды масштабты магистраль желілерін
құру үшін арналған және отказға қарсылығы мен басқарылуға өте жоғары
талаптар қойылады. SL-416 мультиплексоры мыналардың арқасында сенімді
мәліметтерді тарату желілерін құруға мүмкіндік береді:
• арнайы интегралды сұлбалар (ASIC) негізінде тұрғызылған блоктар
мен модульдердің жоғары сенімділігі;
• мультиплексордың негізгі модульдерін резервтеу
мүмкіндіктері:
коммутация матрицасы, қорек блогы, шосси синхрондалуы мен реттелуі.

3. SТМ-N-де төменжылдамдықты ағындардың мультиплексирлеу сұлбасы

Трибутарлы сигналдың тасымалдаушының негізгі модулі – контейнер. Әр
PDH сигналға өзінің белгілі бір С-n контейнері анықталған, оның өлшемі
тасымылданып отыратын сигнал кадрінің өлшемінен үлкен. Оның артық көлемі,
PDH сигналдарының уақыттық дәлсіздіктерді теңестіру үшін қолданады. С-n
контейнері РОН бағыттаушы тақырыпшасымен қосылып виртуалды VС-n контейнерін
құрады. Виртуалды контейнер, логикалық блокты құрайды, ол блок желінің бір
шетінен екінші шетіне беріледі. SТМ-N-ді құрайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
SDH технологиясы негізіндегі синхронды цифрлық желілер
Оптикалық арналарды спектрлі бөлуші
Талшықты оптикалық байланыс
SDH ТАРАТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚҰРУ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ
Оптикалық талшықты кабельдердің түрлері
ССҚ - сызықтық сигналды қалыптастырғыш
Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері
SDH желісі
UMTS базалық желісі
SDH желісінің құрамы
Пәндер