Асқазанжәне ұлтабар сөлін зерттеу


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Дәрістің тақырыбы:Асқазан және ұлтабар сөлін зерттеу.

Дәріс жоспары:

1. Асқазан секрециясын жіңішке резеңке түтікше арқылы фракциялық әдіспен зерттеу.

2. Асқазан ішілік РН метрия.

3. Интрагастральды реоплетизмография.

4. Зондсыз зерттеу.

5. Радиотелеметриялық әдіспен зерттеу.

6. Ұлтабар сөлін зерттеу.

Асқазан сөлін зерттеу таңертеңгісің ашқарынға асқазанның секреторлық және моторлық қызметін тексеру мақсатында жүргізіледі. Зерттеу әдістерінің түрлері төмендегідей:

1. Асқазан секрециясын жіңішке резеңке түтікше арқылы фракциялық әдіспен зерттеу.

2. Асқазан ішілік РН метрия.

3. Интрагастральды реоплетизмография.

4. Зондсыз зерттеу.

5. Радиотелеметриялық әдіспен зерттеу.

Асқазан сөлін зерттеуге қарсы көрсетілімдер:өңеш стенозы, атеросклероз салдарынан дамитын жүрек аурулары, асқазан жарасы ауруы, асқазаннан қан кету, кенеттен қан қысымының көтерілуі, қолқа аневризмасы.

1. Асқазан сөлінің секрециясын (бөлінуі) фракциялық әдіспен зерттеу.

Жіңішке резеңке түтікше көмегімен асқазандағы сұйықтық аш қарынға алынады, бұл 1-ші порция (үлес немесе тиісті бөлік), соң 1 сағат ішінде әр 15 минут сайын асқазан сөлін сорғызып 4 порция алынады бұл негізгі

( базальды) секреция, кейінгі екінші сағат ішінде байқау тағамдары беріліп немесе парентеральды секреция стимуляторлары (дем беруші) енгізілгеннен кейін екінші кезеңдегі 1 сағат ішінде әр 15 минут сайын 4 порция алылады, бұл стимуляция жасалғаннан кейінгі секреция. Асқазан сөлінің 9 порцияға 2 сағат ішінде алынып, асқазанның негізгі (базальды) жэне стимуляция жасалғаннан кейінгі секрециясын зерттеу фракциялық зерттеу әдісі деп аталады. Зерттеу үшін қолданылатын жіңішке жұмсақ резеңке түтікше диаметрі 3-5 мм, ұзындығы 1, 5 м. Түтікшеде 50 см ұзындықта 1-ші белгі көрсетілген, бұл тістен асқазанға кіре беріске дейінгі аралықты көрсетеді, 70 см аралықта 2-ші белгі көрсетілген бұл қарын қалтқысына кіру тұсты көрсетеді, 90 см аралықта 3-ші белгі көрсетілген. Түтікшенің екінші соңына 10 немесе 20 гр шприц асқазандағы сүйықтықты сорғызу үшін кигізіледі. Асқазан секрециясын стимулдаушы (дем беруші) ретінде байқау тағамдары нан; Лепорский әдісімен 200 мл орамжапырақ шырыны, Петров ж/е Рысса әдісімен 200 мл орамжапырақ қайнатпасы немесе 200 мл ет сорпасы қолданылады. Аталған байқау тағамдарының стимулдеуші әсері әлсіз болғандықтан жиі секреция стимуляторлары ретінде парентеральды стимуляторлардан гистамин, пентагастрин қолданады.

Субмаксимальды гистамин байқауы. Гистамин гидрохлорид негізг І секреция алынғаннан кейін 0, 01 мг/кг мөлшерде тері астына енгізіледі. Гистаминнің секреторлық әсері 7-10 минуттан соң бастальш, 20-30 минутта жоғарғы деңгейіне жетеді, әсері 1, 5 сағатқа созылады.

Гистамин байқауын жүргізуге қарсы көрсетілімдер: феохромоцитома, аллергиялық аурулар, қан қысымының жоғары болуы, асқазан және ішектен қан кеткенініе 2-3 аптаның болуы.

Максимальды гистамин байқауы . Гистамин ерітіндісі тері астына 0, 024 мг/кг мөлшерде енгізіледі. Кейбір науқастар дене терісінде қызарулар, бас ауру, әлсіздік, тахикардия байқалғанын сезеді, бірақ аталған симптомдар өздігінен өтіп кетеді және медициналық көмек қажет етпейді. Гистаминнің организмге жағымсыз әсерінің алдын aлу үшін, байқау өткізуден 30 минут бұрын науқасқа 2 мл 2 процентті супрастин препаратын бұлшық етке енгізеді.

Пентагастрин байқауы.

Негізгі секреция алынғаннан кейін пентагастрин 6 мкг/кг мөлшерде бұлшық етке енгізіледі. Пентагастриннің секрецияға әсері 7-10 минуттан соң басталып, әсері 1 сағат бойы жоғары деңгейде тұрады. Пентагастриннің организмге теріс әсері байқалмайды. Алынған асқазан сөлі зертханада 3 бағытта тексеріледі :

Асқазан сөлін макроскопиялық зерттеу яғни физикалық қасиеті тексеріледі: ашқарынға алынған, негізгі және стимуляция жасалғаннан кейінгі секреция мөлшері, иісі, түсі және шырыш тексеріледі. Қалыпты жағдайда иісі болмайды немесе әлсіз қышқыл, түссіз, шырыш аз мөлшерде болады.

Асқазан сөлін химиялық зерттеу:

Асқазанның қышқыл, ферменттер, белок түзуші ж/е басқа қызметі
тексеріледі. Стимуляция етілгеннен кейін алынған әр бір

порциядағы асқазан сөлінің мөлшері, жалпы қышқылдылығы, бос тұз қышқылының және байланысқан тұз қышқылының мөлшері зерттеледі.

Асқазанньщ тұз қышқылын бөлу қызметін бағалау үшін бір сағат ішінде асқазанда бөлінген тұз қышқылының абсолюттік саны есептелінеді бұл «дебит-час» деп аталады.

Бос тұз қышқылы ашқарынға анықталмайды.

Асқазан сөлін микроскопиялық жолмен зерттеу.

Бұл мақсатта асқазан сөлі құрамындағы эпителий жасушалары, лейкоциттер, микроскопиялық тағам қалдықтары, асқазан обырына тән ісік жасушалары зерттеледі.

Асқазан сөлі құрамындағы тұз қышқылының қалыпты мөлшері нормацидті, жоғары болуы гиперацидті, төмен болуы гипоацидті, тұз қышқылының тіпті болмауы анацидті жағдай деп аталады. Зерттеу нәтижелері төмендегі кестелерде керсетілген.

Асқазанның қалыпты секрсциясының негізгі көрсеткіштері.

Керсеткіштер: Керсеткіштер
Секреция: Секреция
:
Керсеткіштер: Негізгі
Секреция: Стимуляция
Керсеткіштер:
Секреция: базальды
: жасалғаннан кейін
Керсеткіштер: субмакс.
Секреция: макс.
Керсеткіштер: Асқазан сөлінің мөлшері мл
Секреция: 50-100
: 100-140
180-200
Керсеткіштер: Жалпы қышқылдық ммоль л
Секреция: 40-60
: 80-100
100-120
Керсеткіштер: Бос тұз қышқ. ммоль л
Секреция: 20-40
: 65-85
90-110
Керсеткіштер: Байланысқан тұз кышқ. ммоль л
Секреция: 10-15
: 10-15
10-15
Керсеткіштер: Дебит- час. ммоль л
Секреция: 1, 5-5, 5
: 8-14
18-26
Керсеткіштер: Бос тұз қыш. дебит час. ммоль л
Секреция: 1-4
: 6, 5-12
16-24

2. Асқазан ішілік РН метрия.

Асқазан қабырғасындағы тұз қышқылы мөлшерін электрометрлік әдіспен анықтауда асқазанның фундальді және антральді бөлігіне электродтар қойылады. Екі электрод аралығындағы қашықтық 11 см. Зерттеу барысын тіркейтін құрал ретінде стандарт санды немесе белгі көрсететін иономерлер, арнайы РН- метрлер қолданады. Зерттеу нәтижесі ЭВМ көмегімен қағазда тіркеліп көрсетіледі. Зерттеу таңертеңгілік ашқарынға жүргізіледі. Егер асқазан эвакуациясы бұзылған жағдайда зерттеуден алдын кешке асқазан тағамнан тазартылып, таңертеңгісін асқазанға жиналған шырыш сорылып алынады.

Қазіргі уақытта қолданылатын резеңке түтікше диаметрі 2 мм. Түтікше ауыз қуысы арқылы енгізіледі, ал микротүтікшелер мұрын қуысы арқылы енгізіледі. Кейбір жағдайларда асқазандағы электродтардың орналасқан орнын жэне түтікшелерді енгізгенде ену барысын рентген аппаратымен бақылауға болады. Зерттеу ашқарынға 30 мин бойы жүргізіледі.

Асқазан сөлі қышқылдылығын анықтауда жүргізілген зерттеу нәтижесі төмендегідей:

РН - 0, 9-105 - гиперацидті жағдай .

РН - 1, 6-2, 0 - нормацидті жағдай

РН- 2, 1-5, 0- гигюцидті жағдай.

РН - 6, 0-н жоғары - ахлоргидрия .

Гистамин немесе пентагастринмен стимуляция жасалғаннан кейінгі секреция көрсеткіштері:

Стимуляция жасалғаннан кейін

РН көрсеткіштері 30-60 минут бойы тіркеледі.

РН - 0, 9 - 1, 2 гиперацидті жағдай .

РН - 1, 2 - 2, 0 нормацидті жағдай .

РН - 2, 0-3, 0 орташа гипоацидті жағдай .

РН - 3, 0 -5, 0 айқын гипоацидті жағдай .

РН - 6, 0 ден жоғары нағыз ахлоргидрия .

3. Асқазан ішілік РН метрлік мониторинг зерттеу немесе интрагастральді реоплетизмографиялық зерттеу.

Зерттеуге арналған жіңішке түтікше диаметрі 2 мм.

Түтікше мұрын қуысы арқылы өңеш, асқазан, ұлтабарға енгізіледі. Ac қорыту ағзаларының қабырғаларында 11 электрод орналастырады. Асқазанға енгізілген түтікше, электродтардың орналасқан орны рентген аппаратымен бақыланады.

Ac қорыту ағзаларындағы (өңеш, асқазан, үлтабар) РН деңгейін мониторинг әдісімен зерттеу 24 сағат бойы жүргізіледі және ағза қабырғаларындағы мәліметтер ЭВМ - да өңделіп, жалпы РН-метр критериімен бағаланады.

Зерттеу стационарда, амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.

Көп каналды тәуліктік РН метрлік зерггеудің мақсаты: асқазан секрециясының тэулік бойы жеке организмдегі ерекшелігін, өңеш-асқазандық рефлюкстің жиілігін және айқындығын, ем ретінде тағайындалған дәрі препараттарына мысалы; антацидтерге, стимуляторларға, блокаторларға науқас организімінің реакциясы, ұлпалардың, асқазандағы сүйықтықтың электр тогына қарама қарсылық күшін елшеу.

Тәулік бойы РН - ы зерттеудің РН - метриядан айырмашылығы
асқазан шырышты қабатындағы зақымданған ошақтардың

мозайкалық суретін (алуан түрлілігіи өрнегін) анықтау. Зерттеу нәтижелері «ОМ» өлшеу бірлігімен, ал түз қышқылы мөлшері ммоль /л белгіленеді.

4. Зондсыз (түтікшесіз ) зерттеу әдісі.

Бұл әдіс ауруханада ( стационарда ) жағдайы ауыр науқастарды

зерттеуде қолданылады. А) . Сали сынамасы ( десмоидты сынагы) .

0, 1 г. метилен көгі себілген жұқа резеңкені суда жуып, науқасқа кешкі тамақтан кейін 1 сағаттан соң жұтқызады. 12 сағаттық несеп тұсінің көк түсті болып өзгеруі асқазан солінің қүрамында тұз қышқылының бар екендігін білдіреді. Б) . «ацидотест» сынағы.

Науқасқа индикатор таб. қабылдату арқылы несеп түсінің өзгеруіне қарай асқазан бездерінің тұз қышқылын бөлу деңгейі тексеріледі.

5. Радиотелеметриялық әдіспен зерттеу.

Қышқылдылықты зерттеу
үшін радиотелеметриялық әдіспен зерттеуде радиокапсула - датчик
қолданады.

Аспаппен жұмыс істеу үлкен шеберлікті талап етіп қана қоймай, аспаптың көлемінің ете үлкендігіне, қымбаттылығьша байланысты медицинада кем қолданылуда,

Ұлтабар сөлін зерттеу.

Ұлтабар сөлін зерттеудің бауыр, өт қапшығы және өт жолдары ауруларының диагностикасьшда маңызы үлкен. Ұлтабар сөлін зерттеу екі мақсатта жүргізіледі.

Өт құрамын тексеру арқылы диагноз қою үшін.

Жиналған өтті сыртқа шығару, өт қапшығының қабынуының және өт қапшығьшда тастың пайда болуының алдын алу үшін. Ұлтабар сөлін зерттеуге қарсы көрсетілімдер:

1) асқазан және ұлтабар жарасы ауруы,

2) өткір ангиохолецистит,

3) өңеш қабырғасындағы көк тамырлардың кеңеюі,

4) бронхоспазм немесе жүрек тапшылығы.

Зерттеу үшін төменгі басында сопақша темірі бар бүйірінде ұзынша бірнеше тесігі бар, диаметрі 3-5 мм жіңішке резеңке түтікше қолданады. Ұлтабар сөлін зерттеуден 3 күн алдын науқас адам іш кептіретін тағамдарды (картоп, орамжапырақ, сүт) ішпеуі керек. Түтікше 3 жерінде белгіленген болады. 1 - ші 45 см-гі белгі түтікшенің асқазанга енгенін көрсетеді.

Түтікшенің сыртқы ұшына кигізілген шприц арқылы асқазандағы сұйықтықты сорғызып алғанда, түсі лайқалау, реакциясы қышқыл болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы
Асқазан сөлін зондтау
Асқорыту
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы ақпарат
Ащы ішектегі ас қорытылу үрдісі
Зонд. Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу
Асқорыту жүйесінің филогенезі
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Субөнімдердің тағамдық құндылығы
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz