Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫ ЖҰМЫСЫ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы отбасы мен балабақша
рөлі
1.2 Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығының бала тәрбиесіне әсері ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫ ЖҰМЫСЫ САБАҚТАСТЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Балабақшадағы жұмыстарды ата.аналармен бірлесе іске асыру ... ... ... ... ... ... .
2.2 Балабақша мен отбасы арақатынастарын тиімді ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процесіне тарту мақсатында балабақша мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігі ұсынылады. Бұл қарым қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады» делінген.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я.А.Коменский, К.Д. Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.П.Сейтешов М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, Қ.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой пікірлер қалдырды.
Н.К. Крупская өзінің педагогикалық шығармаларында ата-ананың да білім деңгейін көтеру керектігі, оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігі жайлы да атап көрсеткен. Себебі қоғамда баланы қалай тәрбиелеу керектігін білмейтін ата-аналар кездеседі.
Халық педагогикасы да баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Аймауытов сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр[12].
Отбасы мен балабақша тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – балаларды айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.
Қазіргі заманға сай баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы шарт. Себебі, бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Ал тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
1. ҚР «Білім туралы» Заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. №319-ІІІ ҚРЗ, 49-бап-2 тармағы
2. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: Бірінші том//Ред.алқасы Шаяхметов Ш.Ш. т.б. Құраст. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев.-Алматы, Рауан, 1994-320 бет.
3. Қазақ энциклопедиясы, 2 том
4. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007 Биекенов К., Садырова М.
5. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, 1998 жылғы 17 желтоқсан №321-I . Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., №23, 62-бап 2 тармағы
6. Отбасы және балабақша №5-2012//Қ.Ә.Исаева «Ата-аналармен жұмыс жүргізуде жаңа әдістер»
7. Бала мен балабақша №2-2011//А.Қабдолла «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру»
8. Бала мен балабақша №8-2011//Л.Ташева «Балабақша мен отбасы ынтымақтастығының негізгі бағыттары»
9. Бала мен балабақша №4-2013//А.Сапарбаева «Балабақша мен отбасы жұмысындағы сабақтастық»
10. Бала мен балабақша №5-2011//Ж.Шокенова «Балабақша мен отбасы ынтымақтастығын құру»
11. Этнопедагогика Мұқанова Илиясова
12. Этнопедагогика Қалиев Молдабеков Иманбекова
13. Құқық негіздері Баққұлов
14. Әлеуметтануға кіріспе Шөптібаева
15. Әлеуметтану Сәрсенова
16. Педагогика Қоянбаев Қоянбаев
17. Отбасы және балабақша №5-2012//Ш.Шарипова «Отбасы мен балабақшаның педагогикалық байланысы»
18. «Қазақ энциклопедиясы» 2 том
19. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі//Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1353-2004
20. Алматы облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫ ЖҰМЫСЫ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы отбасы мен балабақша
рөлі
0.2 Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығының бала тәрбиесіне әсері ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫ ЖҰМЫСЫ САБАҚТАСТЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Балабақшадағы жұмыстарды ата-аналармен бірлесе іске асыру ... ... ... ... ... ... .
2.2 Балабақша мен отбасы арақатынастарын тиімді ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процесіне тарту мақсатында балабақша мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігі ұсынылады. Бұл қарым қатынастың жаңашылдығы ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас деген түсініктермен анықталады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады делінген.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я.А.Коменский, К.Д. Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.П.Сейтешов М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, Қ.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой пікірлер қалдырды.
Н.К. Крупская өзінің педагогикалық шығармаларында ата-ананың да білім деңгейін көтеру керектігі, оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігі жайлы да атап көрсеткен. Себебі қоғамда баланы қалай тәрбиелеу керектігін білмейтін ата-аналар кездеседі.
Халық педагогикасы да баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Аймауытов сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр[12].
Отбасы мен балабақша тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі - балаларды айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы - мектепке дайындау.
Қазіргі заманға сай баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы шарт. Себебі, бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Ал тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
Жаста білген, басқа сіңген тәлімің, өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас, - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді. Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу - аса жауапты міндеттердің бірі.
Зерттеу пәні Балабақша мен отбасы жұмыстарының сабақтастығы
Зерттеу болжамы. Балабақша мен отбасы жұмыстарының сабақтастығынан мынадай нәтиже көруге болады:
Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігінің артуы;
Бала тәрбиесінің кейбір бағыттарының отбасыда да орын алуы;
Балабақша мен отбасының арақатынасының одан әрі жақсаруы;
Ата-ана белсенділігі және қызығушылығының дамуы;
Балабақша ұжымына деген сенімділік, құрметтеу белгілерінің жоғарылауы.
Зерттеу мақсаты. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы жұмыстары сабақтастығын дұрыс ұйымдастыру жолдарын анықтау және олардың балаға тигізетін әсерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері
Жұмыстың өзектілігін айқындау мақсатында ғылыми әдебиеттер пайдалану;
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесінде отбасы мен балабақша арасындағы жұмыстардың тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтау;
Отбасы мен балабақша жұмыстарын ұйымдастыруда жүргізілетін зерттеулерді талдау.
Зерттеу объектісі Балабақша мен отбасы жұмыстары арасындағы сабақтастықты қалыптастыру әрекеті.
Зерттеу әдістері: Балабақша мен отбасы жұмыстарының сабақтастығын қалыптастыру бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.
Зерттеу құрылымы Кіріспе, 2 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы отбасы мен балабақша рөлі

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы[13].
Әлеуметтану тұжырымы бойынша, отбасы - бұл қоғамдық қатынастар мен процестердің көптеген түрлері біте қайнасқан және де әр түрлі әлеуметтік қызметтер атқаратын кешенді әлеуметтік құбылыс. Отбасы институты адам өмірінің негізгі кезеңдері өтетін және әрбір индивидтің өмірімен тығыз байланысты болғандықтан оның барлық дамуына кешенді әсер ететін әлеуметтік ортаны білдіреді[14].
Отбасы баланың тұлғалық қасиеттерінің негізі қаланатын алғашқы әлеуметтік бірлік[8].
Яғни, балалардың қуат алатын қайнар бастауы бұл-отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
- Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.
- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі.
Ұлы педагог А. С. Макаренко : Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата - ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата - ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген тәрбие баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады деген.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол -- бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы тәрбиеші -- ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер -- жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды.
Бала әке-шешеге берілген аманат. Бала тәрбиесі қай кезден басталатындығы жәйлі көптеген пікір - таластар бар. Кейбіреулер тәрбие тал бесіктен басталады десе, келесісі бала ес біліп, етек жеңін жиып, ержеткен соң тәрбие ала бастайды дейді. Ал, ғалымдар болса: бала ана құрсағында пайда болған кезден-ақ оның тәрбиесі басталады- деп айтады.
Шындығында бала ақыл тоқтатып, есеймей тұрып-ақ көргенін істей бастайды, үлкендер не қылса, соны қылады. Жақсы істесе жақсы, жаман істесе жаман істейді. Бұлай болғанда, бала тәрбиелеудің негізі ата-анасында.
Балаға деген таза көңілді жанашырлық, ата-аналардың балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға тырысушылықтары, саналы тәлім-тәрбие, бала жасынан еңбекке баулулары, жан тазалығына, биік адамгершілік қадір касиеттерге талаптандырулары, баланың еркін, саналы, жігерлі, мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ететін отбасылық ахуал мен тәлім-тәрбие қандай болуын білдірсе керек. Әке-шешенің жеке басты үлгі-өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Ата-аналардың үлгі-өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын жақсы игілікті іс-әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен, ол үлкендердің мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс-әрекетіне, басқалармен ара-қатынасына еліктейді.
Олай болса, әке-шеше қарым-қатынасы, өзара сыйластығы, бір-бірін қадірлей, мақтан тұта білулері, үй шаруашылығын келісе отырып шешулері бір-біріне көмектесіп отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі-өнеге тұтып, қабылдап алып, өзінің іс-әрекетінде жасауға тырысатын қылықтарының сипатын құрайды. Үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылданады. Отбасылық тәрбие бала тәлімінің мәні бала нәрестелік шағынан ержетіп, оң-солын тани бастаған шақ аралығындағы үрдісінің мазмұнын құрайтындығы нақты тұрмыстық, тәрбиесі және өнегелік үлгілер негізінде пысықталады. Ата-ана тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен ұштасады, бірін-бірі толықтырады. Ата-ана тәрбиесі терең ата-аналық сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы болса, қоғамдық тәрбие балалардың өзін көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына тәлімдейді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз деген сөзін басшылыққа ала отырып бүгінгі таңда білім мен тәрбие жұмысын дамыту, өркендету барысында балабақшалар да жұмыс жасап жатыр деп айтуға болады.
Балабақша -- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме. Мұндай мекеменің ең алғашқы үлгісін 1837жылы неміс педагогы Фребель (1702 -- 1852) ұйымдастырған.Еліміздегі тұңғыш балабақша Алматы қаласында 1917 жылы ұйымдастырылып, онда 100-ге тарта бала тәрбиеленді.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала айналасындағы ересек адамдарға тәуелді. Мысалы, ата-анасына, балабақша тәрбиешісіне, т.б. Осы жаста дұрыс көрсетілмеген күтім, берілмеген тәрбие келешекте үлкен проблемаларға соқтырады.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар өздерiнiң қабiлеттерi мен қаржылық мүмкiндiктерiнiң шегiнде, оның дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшiн негiзгi жауапкершiлiкте болады. Ата - ана бірінші педагог болып табылады. Осыған сәйкес мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс жасаудағы ұстанымы өзгеруі керек. Балабақшалар балаға тәрбие беріп қана қоймай, ата-аналарға тәрбие жөнінде кеңестер де беріп отыруы қажет. Ал ата-аналар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге міндетті.
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
:: салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
:: эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
:: талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
:: айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Балабақшада тәрбие, білім беру жұмыстары баланың жас ерекшелігіне, күн режиміне сәйкес жасалған бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады (қазіргі Мектеп жасына дейінгі тәрбие). Тәрбие жұмыстарын арнайы мамандықтары бар тәрбиешілер жүргізеді. Балабақшадағы балалар 2-ден 3 жасқа дейін -- бөбектер тобына, 3-тен 4 жасқа дейін -- cәбилердің 1-тобына, 4-тен 5 жасқа дейін -- сәбилердің 2-тобына, 5-тен 6 жасқа дейін -- естиярлар, 6-дан 7 жасқа дейін -- мектепке даярлық топтарына бөлінеді. Балабақшалар бюджеттік, гимназиялық,жекеменшіктік, коммерциялық, т.б. негізде жұмыс істейді[18].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №1353 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Үлгі ереже Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі-мектепке дейінгі ұйымдар) қызметінің тәртібін анықтайды.
2. Мектепке дейінгі ұйым-мектепке дейнгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
3. Мектепке дейінгі ұйымдар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, бағуды, күтуді және сауықтыруды қамтамасыз етеді.
4. Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттері: 1) мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу; 2) мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту; 3) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту; 4) балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау; 5) бес (алты) жастағы балаларды мектеп алды даярлаумен қамтамасыз ету; 6) тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимыл жасау; 7) мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтін отбасыларына әдістемелік, диагностикалық және консультативтік көмекті ұйымдастыру[19].
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып , басты қажеттілік ретінде қабылданған еді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып , педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен ,олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап ,бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етіп отыр.
oo Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануда;
oo Білім беру мазмұнын , оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды реттеп;
oo Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен физикалық дамуын сақтауды бағдарлап;
oo Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етіп;
oo Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру кеңістігі сақталып ;
oo Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланыс реттеліп;
oo Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толық қанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдаланып;
oo Әлеуметтік - мәдени міндеттер шешу - мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік орта бірігіп;
oo Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді қамтамасыз етілуде.Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты.Сондықтан да , қазіргі кезде болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер жас ұрпақтың жан-жақты дамуына,тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласының басым бағыттарының бірі мектепге дейінгі білім беру мен тәрбиелеу туралы ...Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде "бетбұрыс" жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс. Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек. деген болатын. Қазіргі таңда ауыл балабақшалары жаңа заман талабына сай жабдықталған, балабақшаның әр тобында балалардың жатын, ойын, киім шешетін, жуынатын, әжетхана, спорттық зал, үйірме бөлмелері қамтылған.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа алған балабақша ұжымдары Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жүзеге асыруда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайды[20]

1.2 Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығының бала тәрбиесіне әсері

Сабақтастық - бұл адам іс - әрекетінің жемісі. Ол қоғам дамуы негізіндегі адам жетістігін қамтамасыз ету және оны сақтаудың негізгі әлеуметтік заңдылығының бірі болып табылады. Сабақтастық қоғамдағы өмір сферасының әр түрлі саласында белгілі бір ұғымға сәйкес кең түрде қолданылады.
Сабақтастық-этникалық тәрбиенің негізгі идеяларының, формаларының, құралдарының сабақтастығын қамтамасыз ететін этнопедагогиканың ерекше белгісі. Отбасылық сабақтастық адамгершілік аясынан орын алады. Сондықтан ата-аналар балалардың бақытты болуына көмектеседі[11].
Отбасымен педагогикалық сабақтастық баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады және ол төменгі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, бір біріне деген серіктестік барлық тәрбиеге қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана білім беру мен тәрбие сапалы нәтижеге жетеді[17].
Қазақстан Республикасының Тәлім - тәрбие тұжырымдамасы жобасында қазақ халқының ұлттық намысы мол, елжанды, табанды, жігерлі азаматтар тәрбиелеуге ден қойылған. Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу.Баланың тәрбие үрдісіне қатысатындар, балабақша басшылары, тәрбиеші, ата-аналар. Ата-аналардың мақсаты тәрбиешілермен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-кеңестерін тыңдап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. Ата-ана немесе жанұя-қоғамның негізі. Қоғам жанұядан басталады. Әрбір жанұя болашақ қоғам мүшелерін дұрыс тәрбиелесе қоғам мықты болады. Бұл қағида ғасырлар бойы бойы қалыптасып келеді. Себебі бала өмірі жанұяда басталады, ол бала үшін ең жақын орта. Бала жанұяда ата-тегін біліп жанұяның, әулеттің жағымды өнегелерінен мұраларынан сусындап өседі. Жанұяда басты мәселердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар: оның үй еңбегіне қатысуы, оқу іс-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
В.А.Сухомлинский балалардың ата - аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: Тек ата - аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін, - дейді. Олай болса, отбасы балабақшамен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте балабақшатің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата - аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі балабақшада жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие үрдісінің құрылымы мен мазмұны, соған сай тәрбиешілер мен балалардың көзқарастары олардың өзара қарым - қатынасын ұйымдастыру, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын балабақшаны басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда, яғни педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш - тәрбиеші - бала - ата - анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым - қатынасқа ие болды. Балабақша психологы алдымен өзі жетекшілік етіп отырған балабақшаның ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен дәрістер өткізуі қажет. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады.
Психологтың жұмыс барысында ата-аналармен әрекет етуінің табыстылығы төмендегі міндеттердің шешілуіне тәуелді:
1. Тұлғаны қалыптастырудағы жанұяның рөліне педагогтар мен ата-аналардың психологиялық бағыттылықтарын өзгерту. Баланы жанұяға үй академиясының рөлін, ал ата-аналарға - басты тәрбиешілердің қызметін бекіту қажет;
2. Жанұяны, жанұялық тәрбие жағдайларын және ата-аналардың қажеттіліктерін ғылыми түрде зерттеу. Ол қарапайым психодиагностикалық сауалнамалардан басталып, тәрбиелеуші институт ретіндегі жанұяның толыққанды портретін құрастырумен аяқталады;
3. Психологиялық-педагогикалық дайындыққа деген ата-аналардың дәстүрлі жағымсыздықтарын жағымды арнаға бұру: бақытты жанұя өмірін үгіттеу;
4. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін кең түрде қолдану. Психолог ата-аналармен жұмыс істегенде жанұяның қызығулары мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет, олардың қоғамдық ойларын қалыптастыруы керек. Қазіргі ата-аналар балабақшатің міндеттерін түсініп қана қоймайды, сонымен қатар оның жоспарын, жақын және алыс мақсаттарын біледі. Оларға педагогикалық әрекеттің кең таралған түрпішіндерінің технологиясын меңгертіп, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру қажет;
5. Жанұяға алғашқы психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру. Ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты алаңдататын сұрақтарына нақты жауап алулары тиіс, бұл жанұялық кеңес беру, сенім телефоны арқылы жүзеге асырылады;
6. Ата-аналармен жұмысқа өміршең, тәжірибелік сипат беру. Көптеген ата-аналардың балаларын бұрыс тәрбиелеуі - олардың сауатсыздықтарының салдарынан емес, не істеу керектігін және қалай істеу керектігін білмейтіндіктерінің нәтижесі, бұл мәселені шешу үшін жұмыстың белсенді түрпішіндерін қолдану қажет, олар жанұялық қарым-қатынастың тәжірибелік педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық көрегендіктерін дамытуды көздейді.
Ата-аналар кодексінде: Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті. Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана, өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес. Баланы жақсы көргендігінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз. Балабақшадағы жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар делінген. Сондықтан балабақша психологы баланың толыққанды дамуы үшін балабақша ұжымымен бірлесе отырып, балалардың ата-аналарына психологиялық жағынан дұрыс бағыт-бағдар бере білсе және олармен жүргізілетін жұмыстар жүйесін арнайы тәртіпке келтіре отырып, жүйелі түрде жүргізсе балабақша пен отбасы ынтымақтастығы біртіндеп нығая түсіп, бала тәрбиесіндегі өзара байланыс одан әрі нығая түскен болар еді. Ендігі кезекте ата-аналарға балабақша психологы тарапынан берілетін келесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы психологиялық кеңестерге құлақ түрсек:
1. Таңертен балабақшаға барарында баланы жайлап қана ояту. Жұмсақ, биязы үн мен күлкінің өзі ұйқысын ашуы тиіс. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмау;
2. Дөрекі ескертулерді жиі айта бермеу. Керісінше, жылу сыйлап, жақсы тілектестік білдіру;
3. Балабақшадан баланы көңілді қарсы алу. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, көңіл бөліп, мұқият сұрап, жағдайды бірлесе талқыға салу;
4. Егер бала айтқанды тыңдамайтын болса, онда тәрбиешімен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесу.
Ұлы тәрбиеші А.С.Макаренко: Баламен шыңдап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз, кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген, - парасатты ойы бала тәрбиесіндегі әңгімелесу әдісінің көп міндет жүктейтіндігін білдіреді. Дәннің өсіп-өнуі топырағына, күтіміне байланысты болатыны сияқты, бала ақыл-есінің, мінезінің қалыптасуы да ортасына байланысты. Соны байқаған халық Ұлың өссе - ұлы үлгілімен ақылдас бол, Қарағайға қарап тал өссін, қатарына қарап бала өссін деп, ұлағатты ой айтқан. Яғни, қателігін түсіне білетін, дұрыс жүріп, күтіне білетін, үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін, білімді жинап, дүниені шолатындай балалардың болуы үшін ата-ананың да оған үлгі болатындай тәрбиесі болуы керек. Халық даналығында: Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Бұл сөз әрдайым басшылыққа алынып, баланы қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, тәрбиеші мен ата-ана әрқашан шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балалар өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндеті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.
Ата-аналармен жұмыс формаларын мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ғылыми тұрғыда негізделген жұмыс арқылы ендіруге болады. Мектепке дейінгі ұйым практикасында негізгі рөл ата-аналармен жұмыс түрі болғандықтан олармен қарым-қатынас жалпы және топтық жиналыстар арқылы жүзеге асырады. Олардың тақырыбы балалардың мектепке дейінгі ұйымға келуінің барлық кезеңіне құрылады.
Ата-аналармен жұмыстың бір формасы-конференция болып табылады. Конференция ата-аналармен жұмыстың нәтижелі формасы. Ол жылына бір рет жүргізіледі.
Ата-аналармен жұмыстың кең тараған формасы-жиналыс. Ата - аналар жиналысы балабақша өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс бастаған жас тәрбиешіге ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.
Ата-аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл ата-аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және тәрбиешінің ата - аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.
Ата - аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұғындыру мақсатында жиналыстарды дұрыс, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет. Жиналыстарды қалайша қызықты және тиімді өткізуге болады?
Ата-аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс - тәсілдері бар:
1. Ата - аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы күнді және уақытты таңдаған жөн.
2. Ата - аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі - шақыру қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады.Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата - ана қолына алдын ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін тәрбиешінің, ата-аналар комитеті төрағасының ( төрайымы ) телефон нөмері жазылғаны жөн.
3. Әсіресе бөлмеде ата - аналардың отыру қалпына мән берілуі керек. Ата - аналар жиналысына қатысушылардың бір - бірін жақсы көре алуы және естуі үшін үстел мен орындықтар дөңгелек түрінде орналастырылғаны жөн.
4. Ата - аналармен жиналыс қатысушылырына арналған қандай да бір ережелердің болуы. Мысалы:
- міндетті түрде сыртқы киімді шешу;
- проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;
- ұсыныстарға, пікірлерге қарсы шыққанда өз ұсыныстарын енгізу;
- бір - бірін аты - жөнімен атауға; т. б.
5. Жиналысқа шақырылғандардың жұмыс уақытына назар аудару.
Осы мақсатпен уақыт тәртібін ( регламент ) орнату және оның сақталуын қатал қадағалау;
6. Жиналыс барысында ата - аналардың өзара қарым - қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікірталас ұйымдастыру.
7. Жиналыс қорытындысы
Осы әдіс - тәсілдер арқылы педагогтар:
а) ата - аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
ә) педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына қызығушылығын
арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі.
Іс - әрекеттің басқа да түрлі формалары бар:
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мазмұндық сипаты
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген саналы қатынасқа тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Жас ұрпаққа тәрбие беру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Отбасы мен балабақша арасындағы өзара әрекеттестік
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары
Пәндер