Менің ауылымда өсетін гүлді өсімдіктер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  • Менің ауылымда өсетін гүлді өсімдіктер . . .
  • Атқұлақ . . .
  • Бақбақ . . .
  • Далалық қырықбуын . . .
  • Кәдімгі жұмыршақ . . .
  • Итмұрын . . .
  • Тобылғы . . .
  • Жолжелкен . . .

Біздің өлке гүлді өсімдіктерге өте бай. Мысалы: Атқұлақ, жолжелкен, жусан, кәріқыз, есекмия, бақбақ, далалық қырықбуындар, итмұрын және тағы басқа көптеген түрлері өседі. Соның кейбіреулеріне тоқталсақ.

Атқұлақ немесе қымыздық жайылымда, өзен жағалауында, егістік жерлерде, жол жиектерінде өсетін биіктігі 60-120 см келетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Қазақстанның дерлік барлық аудандарында кездеседі. Ұзынша үшбұрышты, жиектері толқын тәріздес, ұзын сағақты, жалпақ жапырақтары сабақтарына кезектесе орналасқан. Жапырақ сағақтарының түбіне қабыршақты кең қоныш бар. Сабақтарының жоғары жағында орналасқан жапырақтары майдалау және сағақтары өте қысқа болып келеді. Жасыл сары майда гүлдері жинақталыпсыпырғы тәріздес гүл шоғырын түзеді. Дәндері- ұшқырлы жаңғақтар. Өсімдіктің жуан қысқа тамыр сабағы тарамдалып тамырға айналып кетеді. Майсым-шілде айларында гүлдейді. Атқұлақтан көптеген дәрілер алынады.

Халық емшілігіне атқұлақтан алынған тұндырмалар құрқұлақ(цинга), ауыз уланып, қызыл иек қабынып жараланғанда қолданылады. Атқұлақтың жапырақтарымен сабақтарында органикалық қышқылдар болады. Атқұлақтың тамырының хими ялық құрамында дейін хризофан қышқылы және 4 процентке дейін антрахинон туындылары бар 15 проценткедейін малма(иелік) заттар, сондай-ақ шайырлар, «К» дәрумені, аскорбин, кофеин қышқылдары бар. Атқұлақтан алынатын дәрілердің көп мөлшері іш жүргізетін, ал аз мөлшерінде-бырыстыратын, іш өт уін тоқтататын және өт айдайтын әсердері бар. Атқұлақтан алынатын гален преператтарының ішек құртына қарсы, қантоқтатқыш және қан қысымын төмендететін әсеріғылыми тәжірбиелер арқылы анықталған. Атқұлақтың тамырының қайнатпасы аш ішектің, тоқ ішектің қабынуын, тік ішектің жарылуын емдеу үшін, ал оны ветеринария саласында ішек және тері ауруларына қолданады. Атқұлақ немесе қымыздық қуық ауруына, асқазан қабынуының қышқылсыз түріне, онда қатерлі ісік пайда болғанда қолданылады.

Бақбақ. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын кәдімгі бақбақ бәрімізге мәлім болғанымен, бұл өсімдіктің атазаманнан жасыл дәріхана тізімінде екенін көпшілік біле бермейді. Бақбақтың сүтшырынымен кезінде Абу Али Ибн Сина көзге түскен ақты кетірген, ал шаян шаққан жерге оны жас күйінде таңған. Теофраст бақбақты бауыр ауырғанда пайда болатын бет терісіндегі дақты және секпілді кетіруге пайдаланса, ХVІ ғасырда неміс халқы бұл өсімдікті тыныштандыратын. және ұйықтататынқасиет бар екенін білген.

Халық емшілігінде бақбақтың сабағы да, жапырағы да, тамыры да дәрі деп есептелінеді.

Оны тәбет ашуға, асқазан-ішек жолдарының қызметін жақсатуға, өт айдауға, қақырық түсіруге пайдаланады, ал ішекке нежіс қатып жүруі қиындағанда ол іштің жүруін жеңілдетеді. Бақбақтың құрғақ ұнтағынан және шырынынан дәріні домалақ етіп жасайды.

Оның тамырларынан алынған ұнтақты атеросклерозды емдеуге қолданатын дәрі-дәрмектерге қосады да, күніне 5 грамнан ұзақ мерзімге тағайындайды. Сонымен қатар бұл ұнтақ термен несеппен зиянды заттардың шығуын қамтамасыз етеді. Құрға шөбінің және тамырының қайнатпасымен асқазан сырқатына шалдыққанда, өт және несеп жолдарына тас байланғанда емдейді. Бірде-бір өсімдік бақбақ алып жатқан кеңістіктей аумаққа таралмаған шығар. Ол кез-келген жерде: бау-бақшада, жол жиектерінде, орман ішінде, тау бөктерінде кездеседі. Оның гүлдері мамыр айынан күзге дейін бірінен соң бірі тоқтаусыз гүлдей береді. Оған күн де, көлеңке де жағымды. Таң сәріден оянып, гүлін ашады да түс ауғанша анадайдан көз тартып, құлпырып тұрады. Кешке қарай келесі таңға дейін гүлін қауызына жинап алады. Егер күн салқын болса немесе жаңбырлы болса

қауызын ашпайды. Жемісі пісе келе үлпілдек ақ шар тәрізді пішінге келеді. Жел үрлесе болды, ұша жөнеледі. Осылайша қасиеті мол бақбақ жер бетіне оңай таралады.

Далалық қырықбуын тұқымдасына (сем. хвощевьк) жататын көпжылдық шөптектес өсімдік. Өсімдіктің қоңыр немесе қызыл түсті көктемдік сабақтары жазға қарай қурап орнына жасыл, қырлы, буын-буынға бөлінген жаздық сабақтары өседі. Қабыршақтанған жапырақтары бұтақшаларға ұқсайды, олар сабақтарының буындарынан жан-жаққа күлте бастанып тарап өседі.

Далалық қырықбуын ТМД елдерінің барлық аймақтарында кездеседі. Ол егістік жерлерде, жайылымдарда, құм баурайларында, өзен жағаларында және аралас ормандарда өседі.

Медицинада қолдану үшін қырықбуынның жаздық сабақтарын (шөбін) дайындап көлеңкеде кептіріп алады. Шөбінің химиялық құрамында: флавоноидтар (кверцетин, сапонаретин, нарингенин, кемферол, апегенин т. б. ), сапонин (эквизетонин), алкалоидтар (никотин, эквизетин, үшметоксипиридин, диметилсульфон), фенолкарбон қышқылдары, аскорбин қышқылы, каротин, аконит, алма, щавель қышқылдары, малма заттары, шайырлар және көп мөлшерде кремний қышқылы бар.

Қырықбуыннан алынатын дәрілерді жүрек жұмысы нашарлауынан болатын тоқырау құбылысында несеп айдайтын, өкпе-жүрек жұмысы нашарлауынан болатын домбығуды қайтаратын дәрі ретінде қолданады. Құрамында көп мөлшерде кремний қосылыстары болғандықтан далалық қырықбуынның шөбін жүрек және ми тамырларының қабырғаларына май жиналып қалыңдағанда (атеросклерозде) қуық және несеп жолдары қабынғанда, несеп тасы байланғанда сонымен қатар өкпе және тері туберкулезін химиятерапиялық емдеу барысында қолданады.

Қырықбуынның қан тоқтатқыш қасиетін және ағзадан қорғасынды шығаруды жылдамдататын қабілетін ескеріп, онан алынатын дәрілерді көтеу (геморрой) ауруында, тік ішектен және жатырдан қан кеткенде қорғасынмен жедел және созылмалы уытталғанда тағайындайды.

Халық емінде қырықбуынның тұндырмасын жүрек жұмысы нашарлауынан дене домбыққанда, өт тасы байланғанда, буын сырқырап ісініп ауырғанда(подагра), сарпта қолданады. Европа халықтары қырықбуын тұндырмасын өкпе ауруларын емдеуге, ұзақ жазылмайтын жарақаттар мен жараларды жууға және тамақ, ауыз іші талаурағанда оларды шаюға пайдаланады. Далалық қырықбуын шөбінен алынған дәрілерді бүйрек ісініп ауырғанда қабылдауға болмайтынын ескерген жөн.

Кәдімгі жұмыршақ. Биіктігі 60 см-ге деиін жететін, крестгүлдер (крестоцветные) тұқымдасына жататын екіжылдық немесе біржылдық өсімдік. Қазақстанның барлық облыстарында таралған. Қора ішінде, бақшаларда, жол жиектерінде, егіс даласында өсетін арамшөп. Бұталы сабағы біреуден немесе бірнешеуден тік өскен. Тамыржапырақ- тары сағақты сабағының түбіне шоғырланған, ал жоғарғылары сағақты сабағын құша орналасқан. Майда ақ гүлдері көкек айынан күзге дейін ашыла береді. Шикізат ретінде өсімдіктің шөбін қайшымен немесе пышақпен кесіп алады да, көлеңке де немесе арнаулы қондырғаларда кептіреді.

Өсімдік шөбінің химиялық құрамында бурсов, фумаров, алма, лимон, және шарап қыш -қылдары; гисопин рамногликозиді; аскорбин қышқылы, А 1 , В 2 дәрумендері; фитоноцит- тер, холин, ацетилхолин, тирамин, инозит және малма заттары бар. Дәндерінен аллилден- ген қыша майы және басқа майлар табылған.

Халық емінде өсімдік қайнатылған су және сұйытылған өсімдік шырыны бауыр, бүйрек, қуық ауруларында және ағзада зат алмасу бұзылғанда қолданылады.

Итмұрын- биіктігі 1, 5-2 метрге жететін көпжылдық, бұталы өсімдік. Бұтақтары қызыл қоңыр түсті, қабығы жылтыр. Гүлі жоқ өркендерінің көптеген жіңішке өткір тікенектері бар. Ал гүлі бар бұтақтарының түп жағында тікенектері екі-екіден, жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан қауырсын тәрізді. Қосалқы жапырақшалары бар. Гүлдері ірі, ашық қызыл түсті. Жемісі-ішінде бір ғана тұқымы бар. Оның ішкі қабырғаларын түк басқан. Май айынан июль айына дейін гүлдейді. Орманда, орман ішіндегі алаңдарда, ормандардың шеттерінде, бұталардың арасында өседі. Қазақстанда итмұрынның бұдан да басқа инелі, беггер итмұрыны деген (орыс тілінде собачье роза), дәрілік қасиеттері бар бағалы түрлері өседі. Инелі итмұрынның сабақтары доға тәрізді имек, жемісі қызыл түсті. Дәрі жасау үшін итмұрынның жемістерін күзде жинап алу керек Құрамында С, Р, К, Е, В тобындағы витаминдер, каротин, қант, илік заттар, лимон қышқылы, боялы заттар, гликозидтер бар.

Итмұрын жемістерінде әр түрлі витаминдер көп болғандықтан оны әлсіреген организмге қуат беруге пайдаланады. Өсімдіктен жасалған дәрілердің өт айдайтын, қабынуды басатын, асқазанның және ішектің қызметін жасартатын, несеп айдайтын қасиеті бар. Сондықтан оларды аталған ауруларды емдеуге де қолданады. Сонымен қатар итмұрынды көптен жазылмай жүрген жараларды, сынықтарды емдеу үшін де пайдаланады. Кейбір ғалымдар оны гипертония атеросклерозды, асқазан бездерінің қышқылы кемуін, асқазан мен ұлтабарға түскен жараларды емдеуге қолданып келеді. Итмұрынның жемісінен жасалған май күйікті, үсікті, тері ауруларын емдеуге таптырмайтын ем.

Тобылғы - раушан гүлділер тұқымдас көпжылдық шөп тектес өсімдік. Оның тамыр сабақтары жайылыпөсетін бұтақты, жоғары жағы қаракөк, төменгі жағы ақкиіз сияқты түкті жапырақты, шашақты гүл шоғырына топталып өсетін, жиі гүлді өсімдік. Маусым- шілде айларында гүлдейді. Дымқыл шабындықтарда, бұта арасында, өзен жағасында, шөпті шалшықтарда, кесілген ағаш арасында өседі.

Химиялық құрамы . Гүлдерінде 0, 2 процент эфир майы, сары бояулы заттар және спиреин глюкозиды болады.

Қолданылуы. Дәрі мақсатында тамыр гүлдері мен жер астындағы бөлігін пайдаланады.

Тобылғының жер үстіндегі бөлігіне қайың жапырағын, бүрлі шай жапырағын, қызыл тас-па шөбін, қызамық жапырағын қосып нефрит, цистит, бүйрек-тас ауруына, бауыр ауруы салдарынан пайда болатын гипертониялық ауруларға қарсы қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Туған жерім тұғырым
Түйежантақ өсімдігінің дәрілік және мал шаруашылығындағы маңызы
Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет ғұрыптарды қалыптастыра отыру
Бөлме өсімдіктерін күту және баптау жолдары
Көгалдандыру ерекшеліктері мен көгалдандыру нысанының жобасы
Балалардың әрекеті
«Қазақстанның танымды өсімдіктері және оларды пайдалану»
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz