Септік жалғауымен көнеленген үстеулердің тарихи даму жолы



Мазмұны

Кіріспе

Үстеулердің тарихи дамуы мен қалыптасуы және ол
жайында зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

Негізгі бөлім
Септік жалғауымен көнеленген үстеулердің тарихи даму жолы ... 10

1. Барыс септігінің көнеленуінен жасалған үстеулер ... ... ... ... ... ..13
2. Жатыс септігінің көнеленуінен жасалған үстеулер ... ... ... ... ... .15
3. Шығыс септігінің көнеленуінен жасалған үстеулер ... ... ... ... ... 16
4. Көмектес септігінің көнеленуінен жасалған үстеулер ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Кіріспе
Үстеулердің тарихи дамуы мен қалыптасуы және ол жайында зерттеулер

Қазіргі түркі тілдеріндегі үстеу сөз табы әлі күнге дейін толық шешімін таппаған, жасалу жолы әр қилы сөз табы болып есептеледі. Сондықтан да болар қазіргі түркі тілдерінің тіл жүйесіндегі зерттеу арнасы үстеу деп аталатын сөздердің нақ үстеу болудағы жолын ашып көрсетуде біршама даулы мәселелерге тап болуда. Өйткені жасалу жолы күрделі де қызықты бүл сөз табы қазіргі уақытта тілші ғалымдардың арасында едәуір талас - тартысқа түсуде. Сөздің қүрамындағы бөлшектері бір - бірінен бөлінбей, бұл күнде мүшеленбейтін дәрежеге жеткен сөздер қазақ тілінде кездеседі. Бұл жағдай үстеуде де бар, яғни сіңісу құбылысының нәтижесінде түбір сөз бен септік жалғаулары сіңісіп кеткен.
Түркі және қазақ тіл біліміндегі үстеулер туралы жазылған ғылыми еңбектерге
Жалпы, үстеу сөз табы әр түрлі сөз таптарының нәтижесінде қалыптасқан сала. Атап айтсақ зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік т.б. сөздер ешбір сөз өзгертуші аффикстердің қатысынсыз бастапқы түлғасын сақтай отырып айналса (конверсиялық тәсіл), енді бір топ сөздер грамматикалық көрсеткіштердің түбір, туынды сөздерге тікелей жалғануынан жаңа мағынадағы сөздер табын тудыруда. Қазіргі түркі тілдерінде бір топ сөздер әрқашан үстеулердің құрамына өтіп қойса, екінші бір топ сөздердің адвербиалдану процесі әлі жүріп жатыр. Тілдегі мұндай жағдайда әлі толық үстеуге айналып бітпеген сөздер үстеу сөз табы мен басқа сөз таптарының арасында бір - бірінен ара жігін ажыратуда екі жақты пікірлерге ие болуда. Шынында, етістік пен үстеудің сын есім мен үстеудің, зат есім мен үстеудің арасын ашып, әр сөз табының өзіне тән ерекшелігін айқындау - морфология саласында көптеген еңбекті қажет етеді. [4;59 - 60].
Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік жай - күйлерін және сынның белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондай есім сөздер мен етістік формалары өздерінің бастапқы қасиеттерін жоймайды. Яғни пысықтауыш мүше болған сөздердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес [1; 333]. Бұған көзімізді жеткізу үшін мысал келтірейік. Қазір сол Базаралы мен Абылгазы Дәркембай қасында отырып, ұзақ – ұзақ сырлар ақтарысады, мұңдар айтысады. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын (М. Ә.) деген сөйлемдерді алсақ, бірінші сөйлемдегі пысықтауыш қасында деген сөз болса, екінші сөйлемдегі пысықтауыш - кейде деген сөз. Бірақ мағына жағынан бұл екі пысықтауыштың арасында елеулі айырмашылық бар: жатыс септігінде қолданылып пысықтауыш болып тұрған қасында деген зат есім тұрушының мекенін (орнын) айқын білдірсе, кейде деген пысықтауыш, мезгілді жалпы түрде хабарлап түр. Екіншіден, қасы деген зат есім жатыс септікте тұрып қана пысықтауыш болып түрса кейде деген пысықтауыштың бастапқы түбірі кей деген есімдік болғанымен - де қосымшасы оның табиғи бөлшегі болып тұрақталып, көнеленіп қалған. Сол қалпында ол тек пысықтауыш қызметінде жұмсалады.
Сол сияқты, Бірге бірді қосса, екі болады; Сен жарга жыгылганда, исі тобықтының бір қанаты бірге басылып қалган - ды (М. Ә.) деген сөйлемдердегі бірге - ні салыстырсақ, екеуінің түрі бірдей болғанымен мағынасы мен қызметі екі басқа. Олардың екеуінің де бастапқы түбірі - бір, екеуінің де қосымшасы - барыс септік жалғауы - ге. Бірақ бұл сөз мағына жағынан екі жарылып сараланған. Алғашқы сөйлемдегі бірге өзінің тура мағынасында қолданылып, толықтауыш болып тұр. Ол барыс септіктің нешеге? қаншаға? деген негізгі сүрауларына жауап береді. Ал екінші сөйлемдегі бірге сөзі бастапқы мағынасынан алыстап, обьектілік мәннен адвербиалдық мағынаға көшіп, қимыл қалай жасалатындығын білдіреді. Олай болса, алғашқы сөйлемдегі бірге деген сөз барыс септіктегі сан есім болса, екінші сөйлемдегі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1991
2. Қазақ тілінің грамматикасы І том. - Алматы, 1967
3.Оразбайұлы Ә. Үстеулердің морфологиялық өзгерісі // Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. - 1996 - №7-8
4. Саурықов Е. Көнеленген септік формалы кейбір үстеулердің тарихы // Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. – 1996 - №11-12
5. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. - Алматы, 2002
6. Қазіргі қазқ тілінің сөзжасам жүйесі. - Алматы, 1989
7. Төлекова Г. Қ. Қазақ тілінде сөз түбіріне сіңіскен септік жалғаулары // ҚазҰУ хабаршысы. - Филология сериясы. - 2006 - №4(94)
8. Төлеуов Ә. Сөз таптары. - Алматы, 1974
9. Таңсықбаева Б. А. Үстеу сөзжасам жүйесіндегі –ғары/ -гері қосымшасы туралы // ҚазҰУ хабаршысы. - Филология сериясы – 2006 - №4(94)
10. Саурықов Е. Адвербиалдану процесінің құрылымдық, семантикалық сипаты. - Фил. ғыл. дисс. - Алматы, 1999
11. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. - Алматы, 1965
12. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. –Алматы, 1953
13. Ыбырайым Ә.О. Үстеулердің грамматикалық ерекшеліктері . Фил. ғыл. кан. дисс. – Алматы, 2001
14. Әуезов М. Абай жолы. – Алматы: Жазушы, - 2002

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Септік жалғауымен көнеленген үстеулердің тарихи даму жолы

Жұмыстың мақсаты.

Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі септік жалғауларының
көнеленуі арқылы жасалған үстеулердің семантикасын айқындап, оның
құрылымдық элементтерін көрсету.

Міндеті.
Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу
көзделеді:
- үстеудің зерттелу тарихина шолу жасау;
- үстеудің жасалу жолына сипаттама беру;
- үстеу жасауға уәждеме болған септіктерге тоқталу;

Мазмұны

Кіріспе
Үстеулердің тарихи дамуы мен қалыптасуы және ол
жайында зерттеулер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

Негізгі бөлім
Септік жалғауымен көнеленген үстеулердің тарихи даму жолы ... 10

1. Барыс септігінің көнеленуінен жасалған
үстеулер ... ... ... ... ... ..13
2. Жатыс септігінің көнеленуінен жасалған
үстеулер ... ... ... ... ... .15
3. Шығыс септігінің көнеленуінен жасалған
үстеулер ... ... ... ... ... 16
4. Көмектес септігінің көнеленуінен жасалған
үстеулер ... ... ... ... 17

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Кіріспе
Үстеулердің тарихи дамуы мен қалыптасуы және ол жайында зерттеулер

Қазіргі түркі тілдеріндегі үстеу сөз табы әлі күнге дейін толық
шешімін таппаған, жасалу жолы әр қилы сөз табы болып есептеледі. Сондықтан
да болар қазіргі түркі тілдерінің тіл жүйесіндегі зерттеу арнасы үстеу деп
аталатын сөздердің нақ үстеу болудағы жолын ашып көрсетуде біршама даулы
мәселелерге тап болуда. Өйткені жасалу жолы күрделі де қызықты бүл сөз табы
қазіргі уақытта тілші ғалымдардың арасында едәуір талас - тартысқа түсуде.
Сөздің қүрамындағы бөлшектері бір - бірінен бөлінбей, бұл күнде
мүшеленбейтін дәрежеге жеткен сөздер қазақ тілінде кездеседі. Бұл жағдай
үстеуде де бар, яғни сіңісу құбылысының нәтижесінде түбір сөз бен септік
жалғаулары сіңісіп кеткен.
Түркі және қазақ тіл біліміндегі үстеулер туралы жазылған ғылыми
еңбектерге
Жалпы, үстеу сөз табы әр түрлі сөз таптарының нәтижесінде қалыптасқан
сала. Атап айтсақ зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік т.б.
сөздер ешбір сөз өзгертуші аффикстердің қатысынсыз бастапқы түлғасын сақтай
отырып айналса (конверсиялық тәсіл), енді бір топ сөздер грамматикалық
көрсеткіштердің түбір, туынды сөздерге тікелей жалғануынан жаңа мағынадағы
сөздер табын тудыруда. Қазіргі түркі тілдерінде бір топ сөздер әрқашан
үстеулердің құрамына өтіп қойса, екінші бір топ сөздердің адвербиалдану
процесі әлі жүріп жатыр. Тілдегі мұндай жағдайда әлі толық үстеуге айналып
бітпеген сөздер үстеу сөз табы мен басқа сөз таптарының арасында бір -
бірінен ара жігін ажыратуда екі жақты пікірлерге ие болуда. Шынында,
етістік пен үстеудің сын есім мен үстеудің, зат есім мен үстеудің арасын
ашып, әр сөз табының өзіне тән ерекшелігін айқындау - морфология саласында
көптеген еңбекті қажет етеді. [4;59 - 60].
Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі
сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік жай - күйлерін
және сынның белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше
ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы,
көсемшелер) арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш
болып қызмет атқаратын ондай есім сөздер мен етістік формалары өздерінің
бастапқы қасиеттерін жоймайды. Яғни пысықтауыш мүше болған сөздердің
барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес [1; 333]. Бұған көзімізді жеткізу үшін
мысал келтірейік. Қазір сол Базаралы мен Абылгазы Дәркембай қасында отырып,
ұзақ – ұзақ сырлар ақтарысады, мұңдар айтысады. Кейде әжесі шаршап, айтпай
қойса, өз шешесіне жабысатын (М. Ә.) деген сөйлемдерді алсақ, бірінші
сөйлемдегі пысықтауыш қасында деген сөз болса, екінші сөйлемдегі пысықтауыш
- кейде деген сөз. Бірақ мағына жағынан бұл екі пысықтауыштың арасында
елеулі айырмашылық бар: жатыс септігінде қолданылып пысықтауыш болып тұрған
қасында деген зат есім тұрушының мекенін (орнын) айқын білдірсе, кейде
деген пысықтауыш, мезгілді жалпы түрде хабарлап түр. Екіншіден, қасы деген
зат есім жатыс септікте тұрып қана пысықтауыш болып түрса кейде деген
пысықтауыштың бастапқы түбірі кей деген есімдік болғанымен - де қосымшасы
оның табиғи бөлшегі болып тұрақталып, көнеленіп қалған. Сол қалпында ол тек
пысықтауыш қызметінде жұмсалады.
Сол сияқты, Бірге бірді қосса, екі болады; Сен жарга жыгылганда, исі
тобықтының бір қанаты бірге басылып қалган - ды (М. Ә.) деген сөйлемдердегі
бірге - ні салыстырсақ, екеуінің түрі бірдей болғанымен мағынасы мен
қызметі екі басқа. Олардың екеуінің де бастапқы түбірі - бір, екеуінің де
қосымшасы - барыс септік жалғауы - ге. Бірақ бұл сөз мағына жағынан екі
жарылып сараланған. Алғашқы сөйлемдегі бірге өзінің тура мағынасында
қолданылып, толықтауыш болып тұр. Ол барыс септіктің нешеге? қаншаға? деген
негізгі сүрауларына жауап береді. Ал екінші сөйлемдегі бірге сөзі бастапқы
мағынасынан алыстап, обьектілік мәннен адвербиалдық мағынаға көшіп, қимыл
қалай жасалатындығын білдіреді. Олай болса, алғашқы сөйлемдегі бірге деген
сөз барыс септіктегі сан есім болса, екінші сөйлемдегі бірге деген сөз
үстеу болады.
Осылайша мағына жағынан әуелгі төркіндерінен бөлініп, лексикалық
мазмұны жағынан қимылдың алуан түрлі күй - жайларын білдіретін сөздер
үстеуге жатады [1;334].
Кейбір сөздердің белгілі бір грамматикалық формаларда қолданылу
негізінде өз орталарынан оқшауланып, өзгеше лексикалық жэне грамматикалық
дербестікке көшуі оларды үстеу сөздердің лексика - семантикалық тобына
ауысуына әкеп соқса, сонымен қатар, басқа сөз таптарындағы өзімен формалас
сөздермен омонимдес болып келуіне әкеп соқтырады [2;202]. Мысалы: Бірге
нөлді көбейтсең де, бөлсең де нөл болады. ~ Ендеше бірге жүрдім не жеке
жүрдім не? Ал кеттім! - деп соқтыра жөнелді (М. Ә.) деген екі сөйлемдегі
бірге сөзінің мағыналарында айырмашылық бар. Бірінші сөйлемдегі бірге сөзі
барыс септікті сан есім болса, екінші сөйлемдегі бірге сөзі үстеу болады.
Демек, бұл келтірілген мысалдағы бірге сөздері айтылуы, дыбысталуы бірдей,
алайда мағыналарында айырмашылығы бар омонимдес сөздер болады.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер құрамы жағынан әр алуан. Демек,
үстеулер, негізінен, өзге сөз таптарынан әр түрлі тәсілдер арқылы ауысып
келген сөздер болғандықтан, құрамындағы сөздер де ала - құла болып тұрады.
Атап айтсақ, үстеулер - барлық негізгі сөз таптарынан (зат есім, сан есім,
сын есім, есімдік, етістік т.б.) ауысып қүралған сөздер. Ондай үстеу сөздер
тудырушы қосымшалар (жұрнақтар) сан жағынан аса көп емес, олар мына
сияқтылар:
- ша\\ - ше. Бүл қосымша - үстеулер жасайтын ең өнімді жүрнақ. Сол себепті
-ша\\ - ше арқылы әр түрлі сөз таптарына тэн сөздерден көптеген туынды
үстеулер жасалады. -ша \\ - ше жұрнағы арқылы негізінде мезгіл, мөлшер,
бейне, күшейту үстеулері жасалады.
- дай\\ - дей, - тай\\ - тей. Бүл жұрнақ арқылы қыстай, жастай сияқты зат
есім түбірлі; бірдей, өлердей сияқты сан есім, етістік түбірлі үстеулер
жасалған. Ондай үстеулер негізінде мезгіл, бейне үстеулері болып келеді.
— лай\\ - лей, - дай\\ - дей. Бүл жұрнақ арқылы жасалған үстеулер жагалай,
ендей сияқты зат есім түбірлі; жартылай, тірілей сияқты сын түбірлі;
екіншілей, былай, осылай, бүтіндей сияқты сан есім, есімдік түбірлі болып
келе береді. Мұндай үстеулер, негізінде, бейнелік үстеулер ретінде
қолданылады.
шама жұрнағы арқылы тек есімдіктерден жасалған: оншама, мұншама, соншама,
қаншама. Мұндай үстеулер негізінде мөлшер үстеулері болып келеді.
- шалық жұрнағы да тек есімдік түбірлерден мөлшер үстеулерін жасайды:
мұншалық, оншалық, осыншалық т.б.
— дайлық жұрнағы тек есімдік түбірлерден мөлшер үстеулерін жасаған:
мұндайлық, осындайлық т.б.
- шаң\\ - шең жұрнағы зат есім түбірлерден бейне үстеулерін жасаған:
жейдешең,көйлекшең т.б.
- сыз\\ - сіз жұрнағы қимыл атаулары мен зат есімдерден бейне үстеулерін
жасаған: жағусыз, тасусыз, қаперсіз, ысырапсыз т.б.
- лап\\ - леп, - дап\\ - деп жұрнағы арқылы екеулеп, мыңдап, парлап,
жекелеп,біртіндеп сияқты сан есім жэне сандық үғымдағы сөздер негізінен
бейне, топтау үстеулері жасалған.
- майынша\\ - мейінше жұрнағы етістік түбірге тікелей алғанады да, бейне
үстеулерін жасайды: бармайынша, білмейінше, қарамайынша т.б.
11. Бұлардан басқа өңшең, өңкей, алғаш деген сияқты жеке сөздерді
атауға болады. Бұл сөздердің түпкі түбір тұлғалары да, қосымшалары да
қазіргі қазақ тілінде жеке қолданылмайды.
Үстеулердің жасалу тәсілінде өзге сөз таптарының жасалу жүйесінен
ерекше болып келетін, тіпті ешбір сөз табында кездеспейтін бір амал бар. Ол
мынау: үстеу сөздердің бір алуаны септік жалғауларында түрып көнеленіп жеке
дербес сөз болып қалыптасып, өз алдына лексикалық түлға (единица) ретінде
танылады. Ондай сөздерде септік жалғауының консервациялануы жаңа сөздердің
жасалуына негізгі себепкер болады. [2;206 - 207]. Бүл жөнінде Н. Оралбаева
да: Үстеудің сөз жасамдық жүйесінің басқа сөз таптарынан ерекшелігі -
олардың жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеруі арқылы туынды үстеудің
жасалуы. Бұл тілдік құбылыс басқа сөз таптарында жоқтың қасы. Тек сын
есімде өзге, басқа сияқты жекелеген сөздер ғана осы жолмен қалыптасқан.
Үстеудің сөзжасам жүйесінде бұл тәсіл арқылы аумақты бір топ туынды
үстеулер жасаған. Сондықтан оны үстеу сөзжасамының өзіндік ерекшелігі
деп тану керек - деп көрсетті [5; 158].
Түркі және қазақ тіл біліміндегі үстеулкр туралы жазылған ғылыми
еңбектің бірі – 1950 жылы А. Ысқақовтың Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер
атты монографиясы. Автор бұл монографияда үстеулердің зерттелу тарихын,
үстеулердің сөз табы ретінде өзіндік белгілерін, сын есім мен үстеу сөздің
ортасында жүрген аралық сөздерді, үстеу құрамындағы кейбір көнеленген
қосымшалардың қолданылуын, үстеудің мағыналық топтарын, түбір және туынды
үстеулер және олардың жасалу жолдарын қарастырады.
Тілдегі құбылыстар үнемі даму үстінде болады. Сондықтан онда әр түрлі
өзгерістер болып тұрады. Қазіргі әдеби тіліміздің даму барысында басқа да
сөз таптары сияқты үстеу сөздердің де біршама жаңа құбылыстарға ие болғаны
белгілі. Жалпы үстеулердің түрлі морфологиялық өзгерістерге ұшырайтыны
туралы алғашқы пікірді А. Н. Боровковтан кездестіреміз. Кейін бұл тұжырымды
Н. К. Дмитриев, С. Фузайлов, С. А. Гочияева және тағы бақа ғалымдар
теориялық толықтырып, ғылыми негізде дәлелдеді. Үстеулердің түрлі
тұлғаларға ие болып, біршама өзгерістерге ұшырайтынын қолдайтын пікірлер
қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен де кездеседі. Мәселен, Қ.
Жұбанов үстеулерді морфологиялық жағынан септелетіндер (бүгін, былтыр) мен
септелмейтіндер (мана , енді ) деп екіге бөліп қарастырса, профессор
С.Аманжолов қазақ тіліндегіи үстеулердің көбі септеледі, тәуелденеді деп
көрсетеді. Мысалы, 1. Ертеңге, ертеңін, ертеңіне т.б. 2. Ертеде, кешке,
күнде. Сондай-ақ, академик Н.Сауранбаев та мезгіл үстеулерінің көптелетінін
(кеше – кешелер, бүгін-бүгіндер) және септелетінін (кешенің, кешеге,
кешеден) айтады [12; 142-143].
Үстеулердің септік тұлғада қазіргі тілімізде өте мол жұмсала беретінін
көркем әдебиет пен баспа сөз беттеріндегі сөз қолданыстар айқын дәлелдейді.
Үстеулер ілік септігі жалғауын қабылдағанда, көбіне меншіктілік – қатыстық
мағынаны білдіреді. Ілік септігін қабылдайтындар мезгіл, мекен, және мөлшер
үстеулер. Барыс септігі мезгіл, мекен, қимыл-сын, мөлшер үстеулеріне
жалғанып, оларды уақытша заттандырып, сөйлемде жанама толықтауыш жасайды.
Табыс септігінде үстеулер жай септеу тұлғасында да, тәуелді септеу
тұлғасында да қолданыла береді. Мұнда мезгіл, мекен, мөлшер, қимыл-сын
үстеулері септеледі. Үстеулердің шығыс септігінде толықтауыштық қызметте
жұмсалуы өте сирек, онда да тәуелді септеу формасында кездеседі. Үстеулер
көмекиес септігі жалғауын қабылдап заттанады, сөйлемде толықтауыштық қызмет
атқрады. [13; 7-8,11]

Негізгі бөлім.
Септік жалғауымен көнеленген үстеулердің тарихи даму жолы
Қазақ тіл білімінде үстеу туралы көзқарас әлі бір арнаға түсе қойған
жоқ. Ә. Ибатов, Ә. Төлеуов, Ғ. Әбуханов сияқты бірқатар ғалымдар үстеу
түрленбейді деп тұжырымдайды. Алайда, профессор Қ. Жүбанов үстеулерді
септелетіндер (былтыр, бүгін) мен септелмейтіндер (енді, мана) деп екіге
бөліп қарастырған. С. Аманжолов қазақ тіліндегі үстеулердің көбі септеледі,
тэуелденеді деп көрсетеді. 1. Ертеңге, ертеңді, ертеңін, ертеңіне т.б. 2.
Ертеде, күнде, кешке [3;39].
Тарихи тұрғыдан қарағанда, септік жалғаулары көне (өлі) және қазіргі
тілдегідей жаңа (тірі) септік болып, екі жікке бөлінеді. Осылардың ішінде
септік жалғауларының көне тобы тілдің даму тарихында ерте замандардың
өзінде - ақ үстеулердің жеке сөз табы болып қалыптасуында келелі рөл
атқарған. Ондай көне септік жалғаулары сан жағынан да, форма жағынан да
онша көп емес және олар арқылы жасалған үстеулердің саны да шамалы.
[2;207]. Түркі тілдерінде адвербиализация деп аталатын термин басқа сөз
таптарының түрлі жолмен үстеуге айналуын білдіретін бірден - бір тәсіл.
Адвербиализация атауы түркі тілдері теориясында кешеуіл қалыптасқан. Бірақ
атау кеш қалыптасқанымен басқа сөз таптарының үстеуге өту процесі сонау
көне түркі Орхон, Енисей, Талас жазбаларынан, одан арғы көне дәуірде жүріп
жатқанын байқауға болады. Құранды - гару, - геру, -қару, - керу
аффикстерінің тұтас бір форма ретіндегі функциясына тоқталайық. Бұл
формалар көне түркі жазба ескерткіштері тілінде зат есімдермен
грамматикалық қатынасқа түсіп, бағыттық, бағдарлық, мағынадағы септік
жалғауы түрінде қолданылған. Орхон, Енисей, Талас және Махмұд Қашғаридың
еңбегінде одан бері Жүсіп Баласағүнның Құдатғу білігінде зат есімнің
еептік категориясының грамматикалық көрсеткіші болған. Мысалы:
Ол иергеру барсар, түрк будун өлтечісен - Ол жерге барсаң түркі халқы
өлімшісің.
Аталмыш форма зерттеліп отырған ескерткіштер тілінде мекен
мағынасындағы үстеулер жасаған. Яғни үстеу жасауда бұл форма жалғанған сөз
заттың мағынасынан алшақтап, басқа сөз табы - үстеуге тән лексика -
грамматикалық мағынаға ие болады. Көне тілінде мүндай сөздер үстеу ретінде
толық қалыптасып, үстеу сөз табына тән мағынаға ие болған.
Қазіргі түркі тілдерінде кездесетін ішкері, тысқары, жогары, ілгері
сөздері үстеу сөз табы ретінде өте ұзақ уақыт даму, қалыптасу нәтижесінде
пайда болған сөздер. Бұл тұлғаларды тарихи түрғыдан құрамына қарай
талдасақ, түбір сөздерге - ғару, - геру, - қару, - керу формаларының
тікелей жалғануынан жасалып кейінгі жылдары тілдің дамуы барысында, түбірге
сіңісіп, ажырамас, бір бөлігі ретінде қалыптасып қалған. Бұл сөздердің
жасалу жолын қарастыратын болсақ, талдауға тарихи тұрғыдан келеміз. Қазіргі
қазақ тілінде мағынасы белгілі ішкері сөзінің түбірі іш те тысқары
сөзінің түбірі тыс болмақ. Яғни, көне түркі тілінде түбір үстеу
түлғасында қолданылған іч (іш) сөзі мен таш (тыс) сөзі өзіне дейінгі -
ғару, - геру, - қару, - керу формаларын қабылдап, мекендік, бағыттық,
бағдарлық мағынадағы үстеулер тудырған. Мысалы:
Көрксүзі барча ташқарү өнер - Оның барлық бұзақы (жаман) қылықтары
тысқа шығады (Ұйғыр жазбасы).
Учкеру кіріп өлүг йат - Ішкері кіріп, өлгендермен бірге жатты (Манихей
жазбалары). [4;59;61-62].
Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында
біртіндеп жасалатындығы үстеулердің сөз табы ретінде жасалып қалыптасуынан
әсіресе, ашық, айқын көрінеді. Зерттеушілер үндіеуропа тілдерінде зт
есімдер мен сын есімдердің септік жалғаулы түрлерінің сөйлемде пысықтауыш
қызметінде жұмсалу барысында олардан үстеулкрдің жасалғандығын айтады.
Бұған қазақ тіліндегі Санжармен бірге келді; Асқарды бірден таныды деген
сөйлемдердегі бірге, бірден деген сөздер пысықтауыш қызметінде жұмсала
келіп, септік жалғауларының көнеленуі нәтижесінде үстеуге айналған. Басқа
сөз таптарына тән кейбір сөздер белгілі септік жалғауларында жиі қолданудың
нәтижесінде өздерінің бастапқы объектілік мағыналарынан алшақтап, ауысумен
қатар, оларға жалғанған кейбір жалғаулар сол сөздердің айрылмайтын
бөлшегіне айналып, әбден орнығып қалыптасады. Ондай қалыптасқан, орныққан
формалар тіл ғылымында әдетте көнеленген формалар деп аталады.
Осылайша форма жағынан көнеленген, мағына жағынан әуеғлгі
төркіндерінен алшақтаған сөздер өздерінің бастапқы топтарынан (мысалы: зат
есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердің, есімдіктердің қатарларынан)
сөздер тобына айналады. Сонымен қатар, форма жағынан да не біржолата
септелмейтін, не бірен – сарандаған септіктердің ғана қосымшаларын
қабылдайтын, жарым – жартылап қана өзгеретін сөздерге айналды. Мысалы: арт,
ал сияқтанған сөздерді алсақ, тура түрде (күйде) тұрып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көнеленген септік жалғаулары, олардың синтаксистік ерекшеліктері
Грамматикалық формалардың лексикалануы
Үстеу сөзжасамының ерекшеліктері
«Қазақ тілі сөз жасамындағы лексика-семантикалық тәсілдің көрінісі»
Қазіргі мезгіл үстеулер
Мезгіл устеулері
Қазіргі қазақ тіліндегі жанасу байланысу формасы
Сөз табы ретінде үстеулерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау
Мөлшер үстеулері
ҮСТЕУЛЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер