Имидж



1.Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?
Адам пішіні.
Әркімнің өз модасы.
Адам мінезін түрі арқылы анықтау
Бет.әлпеттің жеке бөліктері бойынша:
Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
Акажанова, А. Т. Девиантология:оқу құралы/А. Т. Акажанова.-Алматы:Заң әдебиеті,2009.-124 б. .-ISBN 9965-813-75-2:1200.00
1.Психология
д10 - психология - девиантология - мінез-құлық - балалар -жасөспірімдер
Хранение: ЧЗ-2, АБ-3
б 88 б 88.52я73
А33

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен, Күлкісі қандай жасанды, Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар, - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?
Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: сыртқы түр деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні. Кеуде сүйектері кеңдігінің мөлшеріне сәйкес шартты түрде адамның дене құрылысы үш түрге бөлінеді. Олар:
1. Астениктер. Бұлар - тар сүйектілер.
2. Нормастениктер. Бұлар - кең сүйектілер.
3. Гиперстениктер. Бұлар - өте кең сүйектілер.
Адам мүсіні. Мүсін дұрыс болмаса, оның денсаулыққа зияны мол. Адамның тынысын тарылтатын жағдай да мүсінінің дұрыс болмауынан. Адам шағын бойлы келгенімен, сымбатты да мүсінді болса, ол бойшаңдау көрінеді. Халқымызда мүсінді адамдар жөнінде Қайыңдай сұлу, сымбатты екен деп айтылатындай, небір жақсы теңеулер бар. Дұрыс мүсінді болудың элементтері: иықты тіктеп ұстау, іштің тартылып тұруы, бастың жоғары қарап, төменшіктемеуі, бұғақтың шығып кетпеуі, аяқтың сүйретілмеуі және тағы да басқа денені қалыпты ұстаушылық, семіріп, толыспау. Мүсінді түрлі жаттығулар жасау арқылы сымбатты етіп қалыптастыруға мүмкіндік мол. Гимнастика мүсінді болуға ерекше әсер етеді. Осы орайда ортаға салынар қызықты бір мәлімет: Шығыста жүкті төбесіне қойып тасу адам қаңқасын түзейді деген сенімнің ерте кезден-ақ қалыптасқаны. Өмірде мүсінді де, мүсінсіз де адамдар бар.
Адам салмағы. Артық салмақ, семіздік адамның сыртқы келбетін бұзып, оны мүсінсіз етеді. Біз кезінде бұқаралық ақпарат құралдарынан америкалық 42 жастағы Уолтер Хадсонның салмағы 550 келіге жеткенін естіп білгенбіз. Негізінен, өздерінің салмағына үнемі көңіл бөліп отыратындар ел алдына жиі шығатын өнер иелері, олардың ішінде артистер. Адамның салмағы шамамен алғанда оның бойына 100 бірліксіз сәйкес келуге тиісті. Яғни, адамның бойы 160 сантиметр болса, салмағы 60 келі болуы, одан аспауы қажет. Әрине, бұл орайда адамның дене бітімі де, жасы да есепке алынады.
Адам пішіні. Әркім өзінің пішінін қадағалап отыруға тиісті. Әйелдер кейде сәнді көйлектердің бірінен соң бірін сатып алып, шаштаразға барып шаштарын сәндегенімен, пішіні қалай, оған мән беруді ұмытып та кетеді. Содан сымбатын, мүсінін жоғалта бастайды. Әркім пішінін қалыпты сақтауы үшін саламатты өмір сүруге, қай жаста да келбетті көрінуге ұмтылуға тиісті. Семіздік адам мүсінін бұзып, түрлі ауруларға душар етумен бірге, эстетикалық жағынан әйел, еркекті жұрдай етеді.
Әркімнің өз модасы. Қанша адам болса, соншама талғам бар. Біреулер мода қуып (сән қуып) өмір сүрсе, екінші біреу одан хабардар болып, өз талғамына сәйкес киініп, шашын, бетін күтіп, сырт келбетін бірқалыпта ұстайды. Мода - латынның ереже деген сөзінен шыққан. Яғни, мода дегеніміз - өмір мен мәдениеттің қандай да бір саласында белгілі бір талғамның қысқа, уақытша үстемдік құруы. Сән барлық нәрседе, мүсінде, киімде, бетте өмір сүреді. Көбінесе, киімге тән сән (мода) 15 жыл тұрады да, содан соң өзгеріп шыға келеді. Шашқа байланысты сәннің сақталуы одан ұзағырақ.
Адамның киімі. Ол адам өмірінде маңызды орынға ие. Халық арасындағы Киіміңе қарай қарсы алады, Адам көркі - шүберек, - деген сөздер соны айғақтайды. Египет әйелдері бұрындары жоғары жақсыз, тек мықындарын айналдыра мата ораған. Осы киімдердің кейбір түрлері Шығыстан тарағаны туралы деректер бар. Жібек бізге Қытайдан келсе, мақта Үндістаннан әкелінген, бағыныштылықтың белгісі - жапқыш болып табылатын қалыңдық желегі Шығыстан шыққан, орыстардың ұлттық киімі - сарафан да Шығыстан келген. Тек, сарафан Шығыста әубаста ерлер киімі болып саналған көрінеді.
Киімнен сән қуғанда оның қалай жарасатынына мән берген абзал. Мысалы, қысқа юбка кию үшін қыздардың аяғы түз, сымбатты болуы қажет. Ашық сарафанды кию арқа терісі таза, әдемі жандарға ғана лайықты. Адамның сыртқы келбетін әдемі етіп көрсетуде оның киімінің жақсы үлгіде тігілуі, үтіктелуі, аяқ киімінің тазартылған, шашының таза, көзқарасының жылы, тілектес болғаны, бетті әрлеу, үстіге иіссу құю шектен шықпауы, тырнағының күтілген, сақал, мұртының басылған күйде көрінуі шарт. Әйтеуір, сыртқы келбет пен сән бір-бірімен үйлесімді болса, сол адам өзгелерді жақсы әсерге бөлейді.
Адам мінезін түрі арқылы анықтау
Ғылыми жұмыстар жүргізіп, адам табиғатын зерттеушілердің, көнекөз қариялардың болжамы бойынша Адамның беті - ішкі жан-дүниесінің айнасы.
1. Дөңгелек жүзді адам айналасына жайлы, төңірегіндегілерге қолайлы жағдай жасай алатын жан. Олар турашыл, еңбекқор, жақсы қасиеттері үнемі көбейе түсетіндер.
2. Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ мінезі құбылмалы. Өте сезімтал, содан қолға алған ісінен тез жалыға салатын кездері көп.
3. Ат жақты кісі жұртты бір іске бастауға икемді, зиялы, ұйымдастыру қабілеті мол. Қажыр-қайраты, ерік-жігері бір басына жеткілікті.
4. Қырынан қарағанда томпақ бет болып көрінетін адам қалжыңқой, ақжарқын.
Бет-әлпеттің жеке бөліктері бойынша:
5. Кең маңдай - ақыл-ой кемелділігінің белгісі.
6. Тар маңдайлы адам құнтты, пысық.
7. Орташа маңдай - есті адамның белгісі.
8. Жіңішке қас - талғампаз, кірпияз, ашуланшақ жанға тән.
9. Түзу қастың иесі - елгезек, тіл алғыш.
10. Қиылған қарлығаш қас - қиялшыл, арманшыл адамдарға бітеді.
11. Екі қастың арасы бір-бірінен алшақ тұрса, ондай адам басқалардың ықпалына тез түскіш.
12. Қастың арасы түйісіп тұрса, ол адамның жүйкесі мықты.
13. Дөңгелек көздің иесі - кім көрінгенге сене салатын аңқау.
14. Қиықша көз - зеректіктің, тіпті кейде қулықшылдықтың да белгісі.
15. Қысық көз - шулы жерді ұнатпайтын кісікиік жандарда болады.
16. Үлкен мұрын - қызба, ұрыншақ, қызуқанды адамдарға бітеді.
17. Кішкентай мұрын - өмірден көп нәрсе талап ете бермейтін жанға тән.
18. Қусырылған мұрын - ашуланшақ, ызақор адамдардыңкі.
19. Жалпақ мұрын иесі - қамсыз, уайымсыз, сөзінде тұра бермейтін кісі.
20. Ұзын мұрын - иесінің қорқақ, сақ екенін танытады.
21. Кішкентай мұрынды адам - жайдары мінезді.
22. Мұрыны орташа адам - шыншыл, сенімді.
23. Үлкен ауыз - ақкөңілділіктің және елден ерекшеленіп көрінуге құштарлықтық белгісі.
24. Кішкентай ауыз - уақ, сараң, өзімшіл адамдарға тән.
25. Ұзын иек - қырсықтықтың, қысқа иек - ұшқалақтықтың белгісі.
Имидж (ағылшын image сөзін аударғанда, түр, бейне деген мағынаны береді) мақсатты түрде бағытталып, қалыптасатын бейне (қандай да бір, құбылыстар ,зат).
Адамда сана-сезім , " мен " сезімі пайда болғаннан бері және басқа біреуді өзіңе тән қабылдау кабілеті қалыптасқаннан бері, имидждік сұрақтар пайда болады: мен басқа біреудің көзіне қалай көрінемін? Ол мен туралы не ойлайды? Қалай бағалайды? Салыстырмалы түрде, ерте адамзат тарихында да, имиджге тән жұмыспен айналысатын мамандандар ерте пайда болды. Имиджің бірінші теоретигі ретінде Макиавеллиді санайды. Ол имидж сезімі қатты дамыған аз адамдардың арасындағы тұлға.
Джеймс бойынша, адамның имиджі - ол оның әлеуметтік эгосы. Біз әрқашанда өзіміздің жақындарымыздың көз алдында болғымыз келеді, сонымен қатар бөтен адамдардың көңілін аулағымыз келеді, жақындарымызға өзіміз туралы жақсы ой қалдырғымыз келеді, осының бәрі - туа біткен тілек. Егер адам қоғамда көп уақытын өткізіп, соның өзінде оны ешкім байқамайтын болса, одан артық жазаны ойлап табу мүмкін емес шығар. Бір сәтке елестетіп көрелік, егер сіз кіргенде, сізге қарай ешкім бұрылмаса, сіздің сөзіңізге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирманың имиджін қалыптастырудағы қоғаммен байланыстың рөлі
Имидж және өзіндік ұсыну
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар имиджі
Имамнның имиджін модельдеу
Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
Қонақ үй жүйесіндегі персоналды басқару және жетілдіру
Қонақжайлылық индустриясының тарихи аспектілері
Ұйымдарда өзара қарым - қатынас арқылы жағымды имидж қалыптастыру
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ИМИДЖІ
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИМИДЖ МӘНІ
Пәндер