Буддизмдегі әдептілік қағидалар


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Буддизм б. з. б VI ғ. Үндістанда христиан дінінен 5, ал Исламнан 12 ғасыр бұрын пайда болып, басқа елдерге таралуы арқылы әлемдік дінге айналды. Буддизм қазіргі таңда көптеген елдерге тараған. Буддизмнің негізін қалаған Сиддхартха Гаутама, кейін будда деп аталған. «Будда» санскрит сөзі «будх» (оянған, нұрланған) ұйқыдағы сананың оянып, сергек санаға өтуін білдіреді. Сиддхартха Гаутама шакя руынан болғандықтан оны Шакямуни деп те атаған. Сарай өмірін ғана көріп өскен Сиддхартха, өмірдің мәнін түсіну үшін бар байлықтан, патшалықта, жанұясынан бас тартып, 29 жасында ақиқат ілім іздеп кетеді. Ол 6 жыл тақуалық өмір кешеді. Бірде киелі Бодхи ағашының түбінде сиддхартхаға шындық ашылып, ол буддизмнің төрт «ұлы ақиқатын» ашады.

Буддизм бастамасын индуизмнен алғандықтан, бұл екі діннің ілімінде ұқсастықтар көп. Буддизм іліміне сәйкес, тіршілік үздіксіз қайта туылу мен өлімдер айналымынан тұрады десе, индуизмде де осы іспеттес, адамның осы өмірінің жағдайы, өткен өмірінде жасаған тіршіліктерімен анықталады деп түсіндіреді.

Алайда Будда ілімі, өлімді басынан өткізетін адам жанын тіршілікпен байланыстырмайды. «[Будда] адам жанын, тек қалаумен жалғанған, бөлшектенетін психикалық күйлердің өткінші айналымы ретінде түсіндірген», - деп ескереді Арнольд Тойнби. Сонда да Будда, белгілі бір күй немесе күш, тіршіліктің бірінен басқасына беріліп отырады деп есептейді. Буддизмді зерттеуші д-р Валпола Рахул былай түсіндіреді:

«Өзіндік - бұл жай дене мен ақыл-ой күштерінің немесе қуаттардың бірігуі. Ал біздің өлім дейтініміз, дененің жұмыс істеуін толық тоқтатуы. Бірақ, дене жұмыс істеуін тоқтатқан замат, бұл күштердің немесе қуаттардың бәрі де ғайып бола ма? Буддизмге сейкес, олай емес. Адамның еркі мен қалауы, өмір сүру ынтызарлығы, жалғаса беру мен келесі қайта туылуды сезіне беру құштарлығы - барлық өмірлерді, тіпті бүкіл дүниені басқарып отырған орасан зор күш. Бұл Әлемдегі ең зор күш, ең зор қуат. Буддизм бойынша, дене жұмыс істеуін тоқтатқанда, яғни өлгенде бұл күш ғайып болмайды, бірақ жарық дүниеде жаңадан пайда болудың немесе қайта туылудың арқасында басқа денелерде байқалып отыруын жалғастыра береді».

Өлімнен кейінгі тіршілік туралы буддисттердің ойы мынадай: адам тіршілігі соңғы нысанасына - нирванаға, яғни қайта туылу циклынан босауға - жетпейінше жалғаса береді. Нирвананы мәңгі шадымандық деп те, жоғарғы болмыспен бірігу деп те айтуға болмайды. Бұл жай ғана болмыста жоқ болу күйі - қандай да бір өзіндіктен тысқары «өлім жоқ жер». «Қазақ Совет энциклопедиясына» сәйкес, нирвана «адамның ерекше күйін білдіретін жағдай, бүтіндей тыныштыққа бөленіп, айналаны қоршаған дүниенің бәріне енжар қараушылықты» білдіреді. Өлместікті іздеудің орнына, бұл ілім буддисттерді өлместіктен асып түсіп, нирванаға жетуге қолдайды.

Азияның түрлі өлкелеріне буддизм тараған сайын, оның іліміне жергілікті тұрғындардың нанымдары қосылып отырды. Мысалы, махаяна буддизімі, Қытай мен Жапониядағы басым келетін түрі; оның ерекшелігі тамаша бодхисатвалар немесе болашақ буддалар туралы ілімде. Бодхисатвалар шексіз қайта туылуларымен, басқаларға қызмет етіп, оларға нирванаға жетуге жәрдемдесу үшін, өздеріне арналған нирвананы кейінге қалдырады. Нирванаға жеткеннен кейін де, кейбіреулері тіпті қайта туыла беруді қалауы мүмкін.

Қытай мен Жапонияда негізін Амитабха-будда немесе Амида қалаған «Таза Жер» ағымы әсіресе кең тараған. Будда есімін сеніммен шақыратындарды, «таза жерде», яғни түйсіктегі білімнің айқындалу шегіне жету үшін жағдайлары анағұрлым қолайлы жұмақта қайта туылады. Бұндай ілім неге алып келді? Жоғарыда атап өткен пофессор Смарт былай түсіндіреді: «Махаян жазбаларында анық бейнеленген жұмақтың асқан әсемдігі, жалпының қиялындағы ең жоғарғы нысана болып табылған нирвананы ығыстырып тастауын күту орынды».

Тибет буддасының да өзінің жергілікті ерекшеліктері бар. Мысалы, «Тибеттің өлілер кітабында», қайта туылмас бұрын, аралық күйде адамдармен не болатыны туралы айтылған. Өлгендерге жоғарғы болмыс жарық сәулесін түсіреді, бұл сәулеге шыдай алмағандарды бостандық емес, келесі қайта туылу күтеді делінген кітапта. Сонымен, буддизм қандай болған күнде де өлместік ұғымын қолдайтыны ап-анық.

Буддизм. Бұл философиялық ағымның шығу тарихы принц Сидцхарта гаутаманың (б. д. д. 563-83 жж. ) есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі бойынша, өмір - қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, көріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Оған құдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіреттен құтылудың бірден-бір жолы - сансардан (жанның бір денеден бір денеге ауысып отыруы) толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет:

1) өмір - қасірет. Өмірге келу, көрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айрылу, қажетіне жете алмау, т. б. - осылардың бәрі - қасірет;

2) қасіреттің пайда болуы туралы ақиқат;

3) қасіреттің пайда болу себебі - өмірден ләззат алуға деген құштарлық екенін түсініп аталған құштарлықтардан құтылу арқылы оны жеңуге болатындығына сену;

4) құштарлықтан құтылу жолдарын білу. Құштарлықтан құтылу оңай емес, ол үшін сегіз әдептілік қағиданы бұлжытпай орындау арқылы жанды таза ұстауға тырысу қажет. Олар:

1) дұрыс жол - төрт ақиқатты дұрыс түсіну;

2) дұрыс шешім - төрт ақиқатқа өз өмірін айтпау, біреуді босқа жамандау, балағат сөз айтпау;

3) дұрыс іс-әрекет. . - ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу;

4) дұрыс күш жасамау - құмарлықпен, жаман оймен күресу;

5) дұрыс ой бағыты - бұл дүниенің жалған, алдамшы, уақытша екенін түсіну;

6) дұрыс жинақтала білу - өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.

Дұрыс жинақтала білудің өзі төрт сатыдан тұрады:

1) ойды төрт ақиқатқа тұсініп, пайымдауға бағыштау;

2) осы төрт ақиқатқа сену. Ол біздің жанымыздың тыныштықта. және қуанышта болуына мұмкіндік береді;

3) Қуаныш-қайғыдан, оз денеңді сезінуден арылу;

4) Толық сабырлық және талғау- сыздық жағдайға жету. Соңғы сатыны будца «нирвана» деп атайды. Нирвана - қайта тірілуден құтқару. Нирвана мокшаның өзгерген тұрі. Тек нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қасіреттен о дұниеде азат етсе, нирвана - бұл дұниеде азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адамды архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп атайды. Нирвана, архат жағдайына жеткен адамды брахман деуге де болады. Олай болса, нирвана - ең жоғары ләззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның бойынан бұкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда бо- луының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мұшелері арқылы қабылдау мұмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жұрген, ақыл-ойы таза, кұнделікті қызықтан алшақ адам танып- біле алады.

Біздің дәуірімізге дейінгі III ғ. Ұндістанның ресми идеоло- гиясы болды. Кейінірек келе, ол дінге айнальш, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна - «кіші шеңбер» деп аталатын ағым алғашқы будцизмге жақынырақ болса, махаяна - «ұлкен шең- бер» . деп аталатын ағым - архаттан гөрі «бодхисатваны» пір тұтады. «Бодхисатва» - архатқа жетпеген, бірақ толық білімге жетуге талпынып жұрген адам. Ол білгір адамнан гөрі дін уағыз- даушы адамға көбірек ұқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана құткармайды, өз кұшімен нирванаға хете алмайтындардың бәрін құтқарады. Сөйтіп, нирвана өзінің бұрынғы мағынасынан айрылып, «жұмақ» ұғымға пара-пар ұғымға айналды.

Буддизмге сенушілер Ұндістанның өзінен гөрі одан тыс мем- лекеттерде көп кездеседі (Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон, Т. 6. ) . Ал Ұндістанның өзінде буддизмнің орнын брахманизм басады да, буддизмдегі будда Вишну құдайдың бір көрінісі больш қалады.

Локаята (чарвака), (лока - «аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір». Ал көпшілік тұрде - «адамдар, халық, адамзат» деғен мағына береді) . Локаяттар веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғьщан веда дініп, оиыц беделін, ғұламаларьш, ілімдерің сьхнға алады. Веданьщ дінбасылары, локаяттардың пікірінше, халық- ты алдап, соның арқасында байып жұр: Локаятгардың пікірінше, дене өлгеннен барлық денелер заттар махабхут деп аталатын төрт тұпнеіізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агни), су (ап) жене жер (кшита) . Махабхуттар белеенді және әрекетшіл келеді. Ма- хабхутгар өзіне тән кұштің, белсенділіктің арақаеында өзара бай- ланысқа тұсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрьш жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет сана пайда болады. Ал денелер өлген- де, олар қайтадан өздерін омірге әкелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады.

Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыттың өзі - ләззат деп тұсінген. Олардың тұсінігінше, ләззат пен қасірет бір-бірімен байланыста, бірақ қасірет будцизмдегі сияқты өмірдің мәні емес, оны толығымен жою мұмкін емес, оны азайту, жеңілдету өз қольімызда. Табиғатты өлеуметтік құбылыстарды танып-білуде ақыл-ойдан, сырт кұш туралы ілімдерден, беделдіктен пайда жоқ, білімді тек сезім мұшелері арқылы ала алмаймыз. Кейінірек қеде, локаяттар сушикши (нәзік) және дхурта (тұрпайы, дөрекі) деп алатын екі салаға бөлінеді.

Буддизмдегі 4 ақиқат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антика философиясы негізгі ұғымдары
Үнді философиясы мәдениеті
КӨНЕ ДӘУІР МӘДЕНИЕТІ
Көне дәуір философиясы
Буддизм туралы мағлұматтар
Ежелгі Шығыс философиясы
Ежелгі үнді философиясы. Жайнизм және буддизм
Діни мәтіндерін қазақша аудару және түсіндіру
Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері
Діни туризм туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz