Дербес компьютердің құрылымы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге Компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т. б. ) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады.
Информатика сабағында IBM PC типті ДК - лерді оқып үйренеді, олар осындай дербес компьютерлерді алғашқы шығарған американдық компанияның атымен аталған (IBM фирмасының ДК - лері) . Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК - нің басқа типтері де бар, мысалы, Apple фирмасының Macintosh ДК - і. Бірақ ДК - лердің барлық типтерінің ақпарат өңдеу және адаммен қарым - қатынас жасауының негізгі принциптері бірдей.
Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан (құрылғылардан) тұрады. Бұлардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез - келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы) . Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққалқа, микрофон, модем, сканер, манипулятор: «маус», трекбол, тәрте (джойстик) жатады.
Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т. б. бар аналық тақша, адаптерлер, коректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған.
Монитор - мәтіндік және графикалық ақпараттарды экранға шығаруға арналған, теледидарға ұқсас құрылғы.
Пернетақта - ақпараттар мен ДК - ні басқару командаларын енгізу қызметін атқарады.
Бұлардан басқа, компьютердің тағы көптеген құрылғылары бар. Оларды енгізу - шығару құрылғылары деп атайыды.
Дербес компьютерлердің барлық элементтерін ақпаратты енгізу - шығару, өңдеу құрылғыларына бөлуге болады.
Енгізу құрылғыларына пернетақта, манипуляторлар, микрофон, модем жатады.
Шығару құрылғылары: монитор, құлаққалқа, принтер, модем, дыбыс бағандары (колонка) . Бұл құрылғылардың бәрі ДК - нің аппараттық жабдықтамасына жатады. Бірақ компьютер жұмыс істеуі үшін, оны бағдарламалық жабдықтама қажет. ДК бағдарламалық жабдықтамасыз жай ғана темір - терсек болып қалады. Бағдарламалық жабдықтама аппараттық құралдардың жұмысын басқарады, пайдаланушылар мен бағдарламалардың қолданбалы кешендеріне қызмет көрсетеді, компьютерде нақты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. (пайдаланушы немесе User - бағдарламалармен жұмыс жасайтын және олардың көмегімен өзінің барлық мәселелерін шешетін адам) .
Компьютердің мүмкіндіктерін көрсету үшін, төмендегілерді көрсетуге болады:
- дамыту мен оқыту ойындарын;
- мәтіндік редактордағы жұмыстарды (мәтінді теру, мәтінді түзету, суреттер қою) ;
- графикалық редактордағы жұмыстарды (қарапайым сурет салу, оның кейбір бөліктерін өзгерту немесе көбейту) ;
- компакт - дискідегі музыкалық жазбаны ойнатуды;
- калькулятормен жұмыс жасауды;
- Интернетте жұмыс істеуді (суреттер, мәтіндер, Chat - серверлер) .
Компьютердің құрамына енетін негізгі құрылғыларды жазыңдар. Бұл тақырыпты қарастырғанда терминологияларды жақсы игеру үшін, төртбұрыштарды толтыру ұсынылады:
- жүйелік блок;
- пернетақта;
- маус.
ЖҮЙЕЛІК БЛОК
Жүйелік блок ішінде ең маңызды құрауыштар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар коректендіру блоктарымен бірге қойылады (жабдықталады) .
Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп аталады.
Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (периферийный) деп атайды.
Компьютердің ішкі құрылғылары:
Аналық тақша - ДК - нің негізгі тақташасы.
Оған мыналар енгізілген:
- Жедел жад (ЖЖҚ - жедел жадтайтын құрылғы) - компьютерге қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.
- Процессор - көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.
- ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) - деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.
- Микропроцессорлық комплект (чипсет) - компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.
- Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар) .
- Шиналар - олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.
Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін белгіле, Жүйелік блоктың құрамына кіретін құрылғылар оқулықта толық қарастырылған.
Көпке есте қалу үшін, мұғалімнің түсіндіруімен немесе оқулықтағы парағрафты оқумен қатар кестені толтыру ұсынылады.
ПРОЦЕССОР
Процессор - компьютердің негізгі микросхемасы, ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Орындайтын функцияларына сәйкес процессор екі бөліктен тұрады: БҚ - басқару құрылғысы және АЛҚ арифметикалы - логикалық құрылғы.
Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.
Жедел жад
Жедел жад (RAM - Random Access Memory) бұл деректерді сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілем. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады. Бұл адррестелетін ұяшықтың 8 екілік ұяшығы бар, онда 8 бит, яғни 1 байт деректер сақтауға болады.
Типтік компьютерде қанша жедел жад болуы керек туралы тұжырымдар үздіксіз өзгеріп отырады. 80 - жылдардың ортасында 1Мбайт жадтың өрісі өте зор болып саналса, 90 - шы жылдардың басында 4 Мбайт көлем, 90 - жылдардың ортасында 8 тіпті 16Мбайт көлімі жеткілікті болып саналды. Бүгінгі таңда типтік деп көлемі 32 - 64 Мбайт ЖЖқ саналады, бірақ өте жақын уақытта бұл көлем әуелі жалпылай қолданылатын модельдерде де 2 - 4 есе өседі.
Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін аналық тақшадағы сәйкес ажыратпаларға қондырады.
Жедел жадтың модульдерінің негізгі сипаттамалары жад көлемі (4, 8, 16, 32 Мбайт) және қатынау уақыты (әдетте 50 - 70 - наносекунд - секундтың миллиардтық үлесі) .
ТЖҚ микросхемасы мен BIOS жүйесі
Компьютерді қосқан кезеңде оның жедел жадында ештеңе - деректер де, бағдарламалар да болмайды, өйткені жедел жад ұяшықтарды секундтың жүзден бір үлесінен артық уақыт зарядтаусыз ештеңе сақтай алмайды, Бірақ процессорға әуелі алғашқы қосу кезеңінен кейін командалар керек. Сондықтан қосқаннан кейін бірден процессордың адрестік шинасында бастау адресі шығады. Бұл ешқандай бағдарламалардың қатысуынсыз әрқашан бірдей ақпаратты түрде өтеді. Процессор қойылған адрес бойынша өзінің бірінші командасына қатысады да, бағдарламамен жұмыс істеуді бастайды. Ал алғашқы адрес жедел жадқа нұсқай алмайды, өйткені онда әзірше ештеңе жоқ, ол жадытың басқа түрі - тұрақты жадтайтын құрылғыға (ТЖҚ - ға) нұсқайды. ТЖҚ микросхемасы әуелі компьтер өшіп тұрғанда да ақпаратты ұзақ уақыт есінде сақтай алады. ТЖҚ - да орналасқан бағдарламаларды «қорғаушы» деп аталады - оларды онда дайындау кезеңінде жазады.
ТЖҚ - ға кіретін бағдарламалар комплексті енгізу - шығару базалық жүйесін (BIOS - Basic Innput Output System) құрады. Бұл пакеттің бағдарламалардың негізгі міндеті - компьютерлік жүйенің жұмысқа қабілеттілігін тексеру және пернетақтамен, монитормен, дискілермен өзара байланысын қамтамасыз ету.
Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын (desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.
Компьютер құрылғылары
Жүйелік блок
Дисплей
Пернетақта
Тінтуір
Принтер
Сканер
Компьютер - жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.
Жүйелік блок
Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.
Дисплей
Дисплей (монитор) - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
Пернетақта
Пернетақта - компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.
IBM/Windows компьютер пернетақтасы (QWERTY / ЙЦУКЕН жаймасы)
қ • т • ө

Тінтуір
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz