Смағұл Сәдуақасовтың дүниетанымының қалыптасуы және мемлекеттік қызметінің басталуы


Мазмұны
Кіріспе 3
I-тарау Смағұл Сәдуақасовтың дүниетанымының қалыптасуы және мемлекеттік қызметінің басталуы.
1. 1. Смағұл Сәдуақасов көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері 12
1. 2. Халық шаруашылығын дамыту саласындағы ой-пікірлері 25
II - тарау Смағұл Сәдуақасовтың халық ағарту және рухани мәдениет саласындағы қызметі.
2. 1. Смағұл Сәдуақасовтың халық ағарту ісіне қосқан үлесі 37
2. 2. Қазақ әдебиеті мен өнерінің қалыптасуындағы Смағұл Сәдуақасовтың рөлі 50
Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Жас Смағұл үздік туған бала екен,
Байтақ елге асқар таудай пана екен.
Сол баладан, сол панадан айрылған,
Қайран қазақ, орны толмас жара екен.
(М. Жұмабаев)
КІРІСПЕ.
Тақырыптың өзектілігі. Рухани өмірімізде ақиқат шындық, иман тупкүлікті әділқазы болып орныққан соңғы жылдардың ішінде жүріп өткен жолымыз ақыл таразысына салынды. Коммунистік партияның билігі тұсындағы бар олқылық-кемшілігіміз, қателігіміз кеңінен сөз етіле бастады. Әдебиет пен мәдениет тарихынан әдейілеп аты өшірілген Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, А. Байтұрсынұлы, М. Шоқай, М. Дулатұлы, М . Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы, Х. Досмұхамедұлы, С. Қожанұлы, Қ. Кемеңгерұлы сынды ұлт қайраткерлерінің есімі аталынып ғылым нысанасына ілінді.
Қайсы бір адамдарға коммунист Смағұл Сәдуақасұлының ұлтшыл (ұлт жанды екені түсінікті) пікір пайымы жұмбақтау көрінеді». Өзі коммунист болса, қалайша ұлтын сүймек? Неге ұлт деп бәйек болады?» - деп, уәж айтады олар. Көрдіңіз бе, бір кездері саясаттың ығына жығылып айтқан пайымдар қалыптаса бастаған азаматтық ой-санаға зиянын тигізген ХХ ғасыр басында қайта туып, 1906-1917 жылдары мықтап шыңдалған ұлттық тұтастық, ұлттық мемлекет идеясы қазақ топырағына большевиктік диктатура орныққан соң жойылып кетпеді. Адам айтқысыз ауыр жағдайда саяси сапырылыстар тұсында өмір шеңдігін сақтап, дербестік алған бүгінгі күнімізге жеттік. Идеяның жансірлігі оның хақ - адалдығынан байланысты екенін біз енді түсінгендейміз. Сонда ол бұл күнге қалай келді? Күрделендірнмей айтсақ, ұлттық ой - санаға «Қытай қорғанын» салған кеңестік өткелден ол амалға көшіп, лажсыздан «коммунистік идея-түсінгенге дұрыс идея » деп өтті. Ұлтты аман сақтап, ұлттық теңдік үшін күресер бұдан басқа жол жоқ-ты. Кез-келген заманда, кез-келген құрлықта тұрып қарасаңызда, бұл жолдың саяси тактика екенін ұғынар едіңіз. Сөйтіп, 1920 жылы Смағұл Алаш Орда идеясын жаңа заманда, жаңа саяси қоғамда жаңаша жүргізу үшін коммунистік партия қатарына өтті. Бұл- факт.
Қазақ тарихын дәуір-дәуірлерге бөліп сипатына қарай атау берер болсақ ХХ ғасырдың басын «Ұлттық ояну дәуірі» немесе «Өркениетке бет бұру кезеңі» деп атаған орынды. Осы шақта тарих сахнасыны ұлттың ой-аңсарын ілгерілетуді, қазақты іргелі ел етуді көздеген алаш ұранды зиялы оқығандар шықты олардың өмірдің сан саласындағы күресі, табанды қимыл- әрекеті қазақ қауымын негіз-ұстынын сақтай отырып жаңа арнаға бұрды. Ол өркениетке апарар жол еді. Алаш оқығандарының алдыңғы толқынының белсенді күрес жылдары Ресей империясының қылышынан қан тамып тұрған кезіне тура келсе, олардан кейінгі толқын қым-қуыт саясатқа басы даулы кеңес билігі орнаған уақытта араласты.
Смағұл Сәдуақасұлы ең бірінші саяси қайраткер ретінде зерттелінуі қажет. Бұл тарапта түрен салынды деуге толық құқымыз бар. Белгілі қаламгер Б. Қойшыбаевтан бастап қайраткерге сипаттама берген Б. Дәрімбетов, М. Қойгелдиев сынды ғалымдардың мақалалары шықты. Тарихшы Қойгелдиев осы зәрулікті тереңдете зерттеген. Әйтсе де қайраткер Смағұлдың ашылмай жатқан қырлары аз емес. Айталық оның Алашорда қызметкерлерімен қарым-қатынасы, «Жас азамат» ұйымындағы белсенділігі 1928 жылдан 1938 жылға дейінгі ұстаған бағыты жете сөз бола қойған жоқ. Ұлттық ғылым академиясының тарих және этнология институты қайракердің қоғамдық саяси қызметін диссертация тақырыбы етпегенін ойлантады.
Екінші-әдебиетші, көркем әдебиет және театр сыншысы, жазушы екенін ашу міндеті тұр. М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында Смағұл әдебиетші есебінде зерттелінді. Яғни, диссертацияның тақырыбы «Смағұл Сәдуақасұлының әдеби-публицистикалық мұрасы ». Осы институт оның екі томдық таңдамалысын оқырмандарға ұсынды. Институт 2003 жылы қаламгердің академиялық жинағын шығарды. Онда Смағұлдың қолда бар шығармалары, хаттары жазбалары, баяндамалары енді. М. Әуезов мұражайындағы аты белгісіз романын мүмкіндігінше қалпына келтіріп, бастыруды да ойластыруда.
Үшінші- Смағұл еңбектері тарихи дерек көзі ретінде қарастырылуы керек. Қазақтың жер мәселесі тарихын әуезе еткен мақала, еңбектері («Керікті кітап», «Қазақ тарихынан») зерттеушісін күтіп жатыр. Сонымен бірге оның баяндамаларындағы қазақ тарихы туралы пікірлерін тарихшыларымыз ескергені жөн.
Төртінші- Смағұл кооперация білгірі, экономист шаруашылық маманы ретінде зерттелінуі жөн. Оның көптеген еңбектері осы мәселелердің қазақ топырағындағы күрмеуін шешуге арналған.
Бесінші-ұлттық білім деңгейін көтерген ағартушы, халық ағарту ісінің ірі қайраткері есебінде қарастырылуы қажет.
Алтыншы-қазақтың ұлттық журналистикасын дамытқан көсемсөзші ретінде зерттелінуі керек.
Тарихнама. С. Меңдешов 1928 жылы 17 наурызда Мәскеуден «Большевик» журналының редакторы Е. Ярославскийге арнайы коммунистік сәлеммен хат жолдайды. Онда ол осы журналда жылдың басында жарық көрген №1 санындағы Смағұл Сәдуақасұлының аталмыш мақаласын өзінше сынап «Ұлттар мен ұлт өкілдері туралы мәселелер» деген оған қарсы мақаласын басуды өтініп сұрайды. Онда Мендешов Смағұлдың пікіріне негізсіз тиісіп, оған күйе жағуға тырысқан. «Мен дейді - Сейтқали Мендешов: Сізге белгілі, Қазақстанда жүргенде «Сәдуақасовшылдықпен» ымырасыз күрес жүргізгенмін. Бұл жолы да ол индустрияландыру мәселесі төңірегінде Зеленский мен Голощекин жолдастарды ұлы державалық шовинистер, партия бағытынан ауытқушылар деп кінәлайды. Ал Смағұл Сәдуақасұлы осы мақаласымен өзін ұлтшылдардың нағыз саяси идеологі екенін дәлелдеп отыр», - деп айыптайды1
1929 жылы 10-шы сәуірде Ә. Байділдин «Еңбекші қазақта» «Жас Қазақстан тонын жамылған» деген мақала жариялап, Смағұлды алашордашыл, ұлтшыл деп, асыра сілтеу мен аяусыз сөгудің үлгісін көрсетіп берді. Осы мақаланың орысша нұсқасын («Садвокасовщина под маской молодого Казахстана») БК (б) П Қазөлкекомының үгіт-насихат бөлімі Ташкентке, «Правда Востока» газеті мен «За партию» журналдарының редакцияларына басуға жібереді. 2 Кейін бұл жинақта отқа жағылған кітаптардың арасында болды. Смағұлдың бір кездегі (Омбылық кезеңінен) тәуір серігі болған Ә. Байділдин пендешілдікке ұрынып, өзін жүкшілдік - уклондардан (Ол «сейфиллиншіл» де, «сәдуақасовшыл» да, «орта» да болды) адал болғандығын көрсету үшін Смағұл Сәдуақасовты Голощекинге сатып жіберді.
Сол жылы «Алаш ісі» бойынша тұтқындалған Ә. Байділдин тергеушілерге берген жауабында 1921 жылы М. Әуезов оңшыл - алашордашыл, өзі (Байділдин) - шын коммунист болғандығын, ал Смағұл Сәдуақасұлы «екі ортада теңселіп жүрді де алашордашыларға қарай бейімделе бастады» деуі, М. Әуезұлының Смағұлға Ташкентке кетуге, одан әрі Ферғана басмашыларына барып қосылуға кеңес берді деген деректері шындыққа жанаса қоймайды және өзге деректермен расталмайды. 3
Голощекиннің ізімен Смағұл Сәдуақасұлымен «сәдуақасовшылдыққа» О. Исаев қатты шүйлікті. О Исаев «Смағұлдың жуас, қолдарынан түк келмейтін өнерсіз» деп қорғаштаған қазақтың байлары-Алашорданың, кеңеске қарсы барлық күштердің түрегі, ұлтшылдықтың арқа сүйенері болып табылады, «Қазақстанда қазір ұлтшылдықтың барлығы былай тұрсын, күннен-күнге белең алып барады» 4 деп байлар табымен және оның Смағұл Сәдуақасұлы сияқты жақтаушыларымен аяусыз күрес жүргізуге шақырады. Ол Смағұл Сәдуақасұлының атақты «Ұлттар мен ұлт өкілдері» мақаласында тұжырымдалған идеяларын әшкерелеуді мақсат тұтқан «Ұлттар және буржуазиялық ұлт өкілдері» атты үдкен мақала жариялады. Бұл мақаласында Исаев өзін большевизм теориясының білгір жаршысы, марксист - ортодокс етіп көрсетіп, ресми идеологиялық тұрғыдан Смағұл Сәдуақасұлының көзқарастарының зияндылығын дәлелдеуге тырысты. О. Исаев «садвокасовшинаны» басқа да жарияланымдарында сынға алды.
Смағұл Сәдуақасұлының өмірі мен қызметіне арналған ғылыми теориялық конференцияда алғаш сөз алған көрнекті ғалым, Республика Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Р. Бердібаев Смағұлдың туған ел алдындағы еңбектерінің елеулі-елеулі белесті тұстарына тоқталды. Ғалымның «Смағұл елінің ең ауыр жүгін көтерісті» деген тұжырымы біраз жайдың мәніне ой көзін қалай түсуге жетелегендей.
Смағұл есімі туған ортасына кешеуілдеп болса да оралды. Оның алуан себептері болмай қойған жоқ. Тіпті 1956 жылы «Қазақ әдебиеті» газеті алаштың аяулы азаматы жайлы «өтелмеген парыз» деген мақала жариялағаны үшін сол тұстағы газет редакторы Сырбай Мәуленов, орынбасары Жұбан Молдағалиев, жауапты хатшы Төкен Әбдірахмановтар қызметтерінен алынды, алашордашының есімін мадақтауға жол бердіңдер деп айып тағылды.
Н. Львов: «Сәдуақасұлы Нарком билігі қолында тұрғандықтан қазақ театрын басқа халықтардың көркемдік өнерінен оқшауландырып алуды көздеген», - деп баса атап айтты. Бұл да бір «ұлтшығының» бір қыры болатын5. Сәдуақасұлы бұған кері ешқандай ойларын айтқан жоқ, қайта ол әлемдік мәдениетке не бар соның бәрін білуге, соның ішінде орыс мәдениетін білуге барынша ат салысты6.
Қазақстан мәдениетінің осы кезде дамуы кезінде, Смағұл Сәдуақасұлының аты аталған. Оның халық театры ұйымыны істеген еңбектері тыс қалып отырды. Сәдуақасұлының әдеби шығармаларын да елеусіз, ескерусіз қалып отырды7.
Қазақстанда комсомолдық ұйымдастыру барысында Ғылыми әдебиеттің дамуына үлес қосқан екі авторды: Спиридонов И. А. пен Теренин М. С. атап өтуге болады. Осы екеуінің баяндауында Сәдуақасұлының есімі аталып өтеді. Онда Сәдуақасұлы Қазақстандағы комсомол ұйымында ортақ еңбек еткені аталып кетеді. Бірақ, Спиридонов И. А. хронологиялық қателік жібереді, ал Теренин М. С. Смағұл Сәдуақасұлының комсомолдардың өлкелік бюросының саяси хатшысы және түркі халықтары комсомолдарының Орталық Шығыс Бюросының Президиумының мүшесі болғандығын айтпайды.
В. П. Осипов өзінің бірінші еңбегінде8 Смағұл Сәдуақасовтың Қостанай губерниясына КЦИК-ң өкілі ретінде 1922 жылы келгенін атап өтеді. В. П. Осипов былай деп жазған: ұлтшыл саясатты түсінбеген Қостанай губерниялық комитетінің мүшелері, А. Т. Шафетовтың басқаруымен Қостанай уезін Қазақстан құрамынан бөлуді талап етті. Осыдан соң секретарь Шафетті және оның мүшелерін Сараев, Фисак, Виенконы т. б. қызметкерлерді жұмысынан босатып, Қостанайдан шеттетілді. Бізді қызықтыратыны мына жағдай, Смағұл Сәдуақасұлы жоғарыда аттары аталып кеткен губком басшыларына қарсы шыққаны үшін, кейін оны «ұлтшыл» деп айыптайды. В. П. Осипов енді Сәдуақасұлыны «Ұлтшыл» ретінде сынай бастайды.
Смағұл Сәдуақасұлыны жайлы толығырақ зерттеу Қазақстан тарихында 1980 жылдың аяғында қолға алына бастады. Басты себеп әртүрлі авторлардың баспасөз беттеріне оның ескі ғылыми және тарихи оқиғаларын басып шығара бастауы. 1988 жылы жазушы, журналист, зерттеуші Қойшыбаевтың мақаласы жарыққа шығарады9 осының артынан басқа да авторлардың бірнеше мақалалары жарыққа шыға бастады10. Бұл жерде оқырмандарды Смағұл Сәдуақасұлының өмірімен таныстырып, публицистік мінездеме беріп өтеді. Бірқатар зерттеушілер өздерінің баяндамаларында тарихи фактілерінде хронологиялық қателіктер жібереді.
Смағұл Сәдуақасұлының өмірін жан-жақты зерттеген тарихшылардың монографиялары жарыққа шыға бастады. Бұлардың ішіндегі қызықтыратыны сол заманға өзіндік шынайы мінездеме беріп өтулері.
М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді?» кітабында, толық бір тарау Смағұл Сәдуақасұлына арналған, сонымен қатар, 1920 жылдары ауылдың жағдайы және т. б. сұрақ тудыратын бірқатар жағдайлар айтылады.
М. С. Бурабаевтың «Общественная мысль Казахстана 1917-1940 г. г. » деген еңбегі және Д. Қамзабекұлының «Смағұл Сәдуақасұлы» атты мақалалар жинағы Сәдуақасұлының өмір жолы жан-жақты барлық қырынан ашылып, жақсы көрсетіледі.
Смағұл Сәдуақасұлы VI бүкіл қазақтық партия конференциясында былай деген болатын: «Біздің қазақ ауылдары тауар сияқты деген көз қарастан арылып, жан-жақты қарауымыз керек деп баса көрсетеді»11. Сәдуақасұлыны осы сөздері үшін кінәләп, Кеңес үкіметі қазақ ауылдары өз жағдайларын көтеруге мүмкіндіктері толығымен болды деп атап көрсетеді. Олар сол кезде өз қажеттіліктерін сондай қиындықпен, күшпен қанағаттандырып отырды. Мысалы тауарлық өнімге кедейлердің үлесі 1928 жылы тек қана 9, 1% құрады, ол орта қолдағылардың 17, 2 %, ал 1924-1925 жылдары кедей шаруашылығы мал шаруашылығының ¾ ғана құраған болатын.
Д. Мыңбаевтың кандидаттық диссертациясы Смағұл Сәдуақасұлының әдеби шығармашылығы жайлы болады. Онда ол Смағұл Сәдуақасұлын қызметкер, жазушы, театр сыншысы ретінде көсетеді. Бұнда көбіне ол публицистік және әдеби мұраларына көп көңіл бөледі. Смағұл Сәдуақасұлының бірқатар еңбектері қаралмай, ескерусіз қалды.
Тарихи дерек - айғақтарды объективті саралау Смағұл Сәдуақасұлыны ұлтшыл дегендердің «ол қазақты өзге жұрттан артық қоюға ұмтылды» деп сендірмекші болған ниеттерінің қып-қызыл жаладан басқа ештеңе емес екендігіне көзімізді жеткізеді. Ұлт мәселесінде Смағұл Сәдуақасұлының көздегені-елін отаршылдық езгі қанаудан азатету, қош соңында жүретін «қырғыз-бұратана» статусынан шығарып, өзгелер сыйлайтын биікке көтеру, өз тағдырын өз еркімен шешетін жағдайға жеткізу еді. Артықшылық емес, қазаққа теңдік әперу еді. 1922 жылы Смағұл «қазаққа не керек?» деген көсемсөздік мақаласында: «Теңдікке тырысу - ұлтшылдық емес . . . , теңдікке тырысу - кемшіліктегілерді» табиғи міндеті, не болса да теңдікке тырысу керек» деп жазғаны бар. Теңдік -Смағұл және оның замандастары үшін қол жетпейтін үлкен арман болып қалды.
Смағұл Сәдуақасұлы туралы осы күнге дейін не жазылды, соның ішінен шындықты аршып-ажырытып алу ісі аяқталған жоқ. Қазақ ұлшылдығының идеологы әрі көсемі саналған Смағұл Сәдуақасұлының өмірбаяны тарихшылырымыз үшін жабық тақырып болатын. Әйткенмен, ол жөнінде аз жазылған жоқ. Бірқатар олардың дені әкімшілдік-төрешілдік жүйе үстем құрған дәуірде жазылғандықтан шындық буркеліп, немесе бұрмалаудың үстіне бұрмаланып келді. Біркелкі даттау, жөн-жосықсыз айыптаулар турінде жазылған дүниелерден объективті-ғылыми қорытындылар жасауға жарайтын сенімді деректерді, ой мен пікірлерді іздеп, табу қиын шаруа болғанымен қолға алынады.
Осы тақырып көлемінде жазылған әдебиеттерге сүйенетін болсақ, мынадай қорытындыға келуге болады:
1. Смағұл Сәдуақасұлы Қазақстан тарихында 80 жылдардың 0яғына дейін орны мен бағасы бағаланбай келген тұлға.
2. 1980 жылдардың аяқ кезінде ғана журналистер, әдебиетшілер Смағұл Сәдуақасұлының өміріне назар аудара бастады. Смағұлдың көптеген шығармалары, еңбектекрі жарыққа шыға бастады.
3. Жоғарыды аттары аталып кеткен тарихшылыр 80-90 жылдары (М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, М. Бурабаев, Қозыбаев) Смағұл Сәдуақасұлының өмірін жан-жақ қырынан танытып, зерттеуге өзіндік мүмкіндіктер қосқан болатын.
Менің дипломымның мақсаты:
- Смағұл Сәдуақасұлының өміріне анализ жасап зерттеу;
- Смағұл Сәдуақасұлының қоғамдық-саяси көзқарасын көрсету;
- Смағұл Сәдуақасұлының 1920 жылдары Қазақстан тарихында қоғамдық-саяси және мемлекет қайраткерлігінің рөлін анықтау;
- Қазақстанның экономикалық және саяси - мәдени дамуындағы көзқарасын оқып үйрену;
- Смағұл Сәдуақасұлының шығармаларына бастама жасау;
- Смағұл Сәдуақасұлының әдеби және театр сыншысы ретінде мінездеме бере отырып, еңбектеріне талдау жасау мақсатында алған болатынмын.
Зерттеудің деректік базасы: Мұнда Смағұл Сәдуақасұлының әртүрлі баяндамалары мақалалары және әртүрлі мемлекеттік және партиялық форумдағы сөйлеген сөздері, сонымен қатар құжаттардың жинағы, статистикалық жинақтар және де мерзімді басылымдар негізін құрайды.
I - ТАРАУ
Смағұл Сәдуақасовтың дүниетанымының қалыптасуы және мемлекеттік қызметінің басталуы.
1. 1. Смағұл Сәдуақасов көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.
ХХ ғасырдың басындағы патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысы қазақ жерінде жаңадан қанат жая бастаған тұста, 1900 ж. сол шақтағы территориялық айырым бойынша Ақмола облысы, Шарлақ уйезі, Қараой болысы, Жарқын ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ұялы - Жарқын ауылы) болашақ ұлы тарихи тұлға Смағұл Садуақасұлы дүниеге келді.
Смағұлдың әкесі Сәдуақас Тұрабайұлы (1872-1937) хақ жолын ұстанған, орта дәулетті молда болған. Ол Смағұлдай ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін 1937 жылы нақақтан атылған. Анасы Мәжікен (1879-1938) перзенті Смағұлдың қайғылы қазасы мен күйеуінің жазықсыз айдалғанын көтере алмай құсадан дүние салған. Смағұлдың жалғыз бауыры-қарындасы Орынбасарда (1916-1990) өмірден өгейлік, тағдырдан тәлкек көріп, өкіметтен бір тиын да зейнет ақы алмай көз жұмған.
Смағұл Сәдуақасұлы ұшқан ұяның қайғылы халі, міне, осындай. Бұл тарих. Исі алаштың құрықпен ұсталып, қорада тұсалған тұсындағы шынайы тарихының бір ұшқыны…
1912 жылы ауылындағы Әбіл молда Қуанышұлының Шығыс пен Батыс білімін қатар негіз етіп алған мектебін тәмамдаған Смағұл өмірінде түрлі дәрежедегі бірсыпыра оқу ордасының табалдырығын аттайды.
1912 ж. Сәдуақас ұлы Смағұлды Полтавка поселкесіндегі екі жылдық (бастауыш мектеп) орыс-қырғыз (қазақ) училищесіне оқуға береді. 1915 ж. училищені үздік аяқтайды. Қаражаттың жоқтығынан оқуын ары қарай жалғастыруға мүмкіндігі болмайды.
1915-1916 ж. ж. қысында ауылға келіп, өзі оқыған мектепте уақытша мұғалім болады. Осылай еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастайды. 1916 ж. күзінде Омбыдағы ауыл-шаруашылық училищесіне түседі, бірақ сол уақытта Ақмоланың вице-губернаторы болған Князев Смағұл Сәдуақасұлына стипендия беруге рұқсат бермейді. Себебі, Ақмола губерниясының Оңтүстік бөлігіндегі қазақтардың, тыл жұмысына қазақтарды мобилизациялауға келіспей көтеріліске шығуы болды. Смағұл үйіне қайтуға мәжбүр болды, бірақ оған Омбыда оқыған қазақтар көмек ретінде 125 сом ақша жинап беріп, училищеде оқуға мүмкіндік береді.
1914 ж. 14 сәірде Мағжан Жұмабаев, С. Сейфуллин, Қошмұхамед Кемеңгеровтар құрған қазақ жастарының алғашқы жасырын «Бірлік» ұйымына мүше болады. С. Садуақасұлының қайраткерлік тұсауы осы ұйымға кіргенде-ақ қиылды. Смағұл осы ұйымның мәдени-ағартушылық қызметіне белсене араласты. Смағұл өміріндегі Омбылық кезең - үлкен белес болған еді. Бұл кезде ірі саяси әрі экономикалық, мәдени орталық болған Омбы қаласында жүріп, Смағұл революциялық идеяларға тартылады. 1915 жылдың соңына қарай «Бірлік» ұйымының белсенді мүшесіне айналады.
Ақпан революциясы басталғаны туралы хабарды С. Садуақасұлы училищеде оқып жүргенде естиді. Революцияның бірінші күнінен бастап жастар тобына бірігіп, қалада милиция ұйымдастыруға қатысады.
1917 жылғы ақпан демократиялық төңкерісінен соң уақытша үкімет шешімімен жер-жерлерде жергілікті басқару Комитеттері құрылуға тиіс болды. Осындай комитеттердің бірі Омбыда құрылды. Ақмола губерниясының қазақ комитеті деп аталған бұл ұйымға Мағжан Жұмабаев пен Смағұл Сәдуақасұлы кіреді. Смағұл Сәдуақасұлы комитетке мүше болған жылдары жастар мәселесімен айналысады. 1918 жылы ол саяси қарымын екі мәселеде анық көрсетті.
Бірінші: 1917 жылғы төңкерістің әсерінен қазақ жастары екіге, тіпті үшке жарыла бастағанда Смағұл бастаған бір топ жас қайраткер қатарластарының басым бөлігін Алаш Орданың мұратын қолдаған «Жас Азамат» ұйымына топтастыра алды.
Екіншісі: Оқу мен қызметті қатар алып жүрген жас Смағұл қат уақытын қиып, Алаш Орда үкіметінің Ақмола облыстық комитетін құруға белсене атсалысады.
1918 ж. мамырда «Бірлік» ұйымының мүшелері бүкіл қазақ жастарының съезін өткізуге ұмтылыс жасайды. Мақсаттары «ұлт мүддесіне бірігіп қызмет ету» болды. Съезге қатысушылар барлық жастар ұйымдарын біртұтас «Жас Азамат» ұйымына біріктіру туралы арнаулы қаулы қабылдайды. Оның басқармасы құрамына Мырзаұлы (төраға), С. Сәдуақасұлы, М. Сейітұлы, Г. Досымбекова, А. Байділдаұлы кірді. «Жас Азамат» деген газет шығаруға шешім қабылданды. Оның редакторы болып Қ. Кемеңгеров сайланады.
Бірақ, Чехославак бүлігі мен колчакшылар билігі орнаған кезде Смағұл және басқа да қазақ жастары өз елдеріне кетіп бой тасалайды. Ал Омбыда Кеңес үкіметі орнаған соң, Смағұл қайта оралады. Осы кезден бастап Смағұл Садуақасұлы өлкенің қоғамдық - саяси өміріне белсене араласа бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz