Практика есеби


Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
Өндірістік диплом алды тәжірибе бойынша
ЕСЕП БЕРУ
Орындаған студент: «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті Өтешова Гүлдана Маратқызы
Тәжірибе орны: ЖШС «А-Property»
Тәжірибе 2014ж. «03. 02» бастап «12. 04» дейін өтті.
Есеп беруді кафедраға өткізу мерзімі «14» сәуір 2014ж.
Тәжірибе жетекшісі:
Есеп беруді қорғау мерзімі: «___» 201_ж.
(жетекшінің қолы)
Жоспар
Кіріспе . . .
- . ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1 Ұйымның жалпы сипаттамасы . . . 4
1. 2 Ұйымның есеп-аналитикалық қызметі . . . 5-6
2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2. 1 Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері . . . 7-10
2. 2 Қысқа мерзімді активтер: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және өзге де дебиторлық берешектер . . . 11-14
2. 3 Қорлардың есебі . . . 15-17
2. 4 Негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі . . . 17-18
2. 5 Міндеттемелер есебі . . . 18-21
2. 6 Еңбекақы және оның төлемінің есебі . . . 21-24
2. 7 Капитал есебі . . . 25-26
2. 8 Инвестициялар есебі . . . 26-27
2. 9 Өндіріс шығындарының есебі . . . 27-29
2. 10Дайын өнімді шығару және сату есебі . . . 29-31
2. 11Қаржылық есептілікті ұсыну . . . 31-33
3. Жылдық түгендеу жүргізу . . .
4. Аналитикалықжұмыс . . .
5. Құқықтық жұмыс . . .
6. Салық салу . . .
7. Аудит . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сонымен қатар толық, сенімді ақпаратсыз - басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Экономиканың барлық саласында кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайдағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің күрделі экономиканың тетігін нақты қандай жағдайда болмасын бухгалтерлік есепті нақты белгіленген есептік саясатқа сәйкес жолға қоймайынша ол шаруашылықтың қызметі жөніндегі ақпараттардың ақиқаттылығына күмән туғызуы мүмкін, бұл кәсіпорының қаржылық жағдайын дұрыс жүргізілмеу салдарынан міндетті төлемдер жөніндегі заңдылықтарды толық орындамауына әкеледі. Сенімді ақпаратсыз кәсіпорныды сауатсыз басқару мүмкін емес сондықтан бухгалтерлік есепті толық және заңда көрсетілген талаптарға сай жүзеге асыру арқылы, кәсіпорының жағдайына талдау жасауға және алдағы уақытқа болжау жасауға өз ресурстарын бағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасынын бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде және субьектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттардың типтік шоттардың жоспарымен, оларда бекітілген жалпы қағидалар мен ережелер негізінде құралады.
Өндірістік тәжірибені өту үшін, келесідей міндеттері қойылды:
- Экономикалық қызметтердің жұмысының негізгі бағыттары бойынша нақтылы ұйымның жұмыс тәжірибесін зерттеу негізінде теориялық білімдерді жалпылау, бір жүйеге келтіру, нақтылау және бекіту;
- Олардың алдында тұрған міндеттерді шешу бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алу мақсатында ұйымның экономикалық қызметтерінің лауазымдарындағы ұйымдық және құқықтық жұмыстың тәжірибесін алу;
- Болашақ кәсіптік қызметтің міндеттерін табысты шешудің аса маңызды шарты ретінде құқықтық мәдениетті дамыту;
- Таңдаған мамандық бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу;
- алынған теориялық білімдердің негізінде басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру, сонымен қатар олардың орындалуына бақылау жасау әдістерін меңгеру;
- Біліктілік (диплом) жұмысын даярлау және жазу үшін қажетті материалдарды жинау болып табылады.
1 Жалпы бөлім
- Ұйымның жалпы сипаттамасы
«А-Property» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша заңды тұлға болып табылады. Серіктестік жұмысшыларының жылдық орташа саны 250 адам, активтерінің құны жылына орташа шамамен алғанда 325000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кіші кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады. Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген.
Серіктестіктің негізін қалаушы Қожахмет Қанат Темірғалыұлы болып табылады. Серіктестіктің орналасқан жері -ҚР Алматы қаласы, Медеу ауданы Құрманғалиев көшесі 7 үй.
«А-Property» ЖШС-тің негізгі мақсаты - дербес шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында таза табыс алу болып табылады.
«А-Property» ЖШС-нің Жарғылық капиталы 103000 (жүз үш мың) теңгені құрайды. Серіктестіктің жарғылық капиталының салымдары - ақша; құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқықтары және басқа да мүліктер бола алады.
Серіктестіктің табысы бір жыл бойындағы қызметтерінің нәтижелері бойынша алынған таза табыстар негізінде анықталады. Серіктестіктің таза табысы еңбек ақысын төлеуге шыққан шығынның орнын толтыру және шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесінде түскен заттық түсімнен тұрады. Серіктестіктің негізгі бағытының нәтижесі табыс табу болып табылады. Серіктестіктің салық төлегеннен кейін еңбек ақы және бюджетке басқа да төлем (таза пайда) төлегеннен кейін қалған пайда серіктестіктің меншігі болып саналады және ол ұйымның ары қарай дамуына жұмсалады.
«А-Property» ЖШС-нің ұйымдастырушылық - құқықтық нысанын анықтайтын құжаттар:
- ұйымның жарғысы;
- салық төлеушінің 12 разрядты нөмірі;
- мемлекеттік лицензия;
- статистикалық карточка;
- мемлекеттік тіркеуге тіркелгені туралы куәлік;
- ұйымның өз мөрі, штампы;
- Қазақстан Республикасындағы банкілеріндегі есеп шоттары.
«А-Property» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің келесідей қызмет түрлерімен айналысады:
- ҚР аумағында және шетелде қонақ үй бизнесі, демалу зоналарын, денсаулық орталықтарын және қонақ-үй жинақтарын ұйымдастыру мен пайдалану;
- Комплекстік қызметтерін ұсыну (автокөлік, қонақ үй, мәдениет бағдарлама т. б. )
- Бар, кафе, ресторан, асхана және басқа қоғамдық тамақтану орындарын, қонақ үйлерді ұйымдастыру.
- Теле-радио жарнамасын қосып, жарнама қызметінің барлық түрлерін жүзеге асыру;
- Баспа қызметі;
- ҚР қолданыстағы заңдылығымен белгіленген тәртіпке көрмелер, аукциондар, жәрмеңкелер, саудаларды өткізу және ұйымдастыру;
- Автотұрақтар мен автосервистерді ашу;
- Тұрғындар мен ұйымдарға көлік қызметтерін көрсету;
- Тұрғындарға тұрмыстық қызметтер көрсету;
- Брокерлік және маркетингтік қызметтер көрсету;
- Жылжымайтын мүлік операциялары;
- Геолог барлау және таулық - іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- Әлеуметтік зерттеулерін нарықтың конъюктурасын зерттеулерін жүргізу және қоғамдық көзқарасты, тауарлар мен қызметтер бойынша маркетингін шығару;
- Коммерциялық оқыту, ақпарат-анықтама қызметтерімен айналысу;
- Авто және жүк тасымалдау, соның ішінде ірі көлемдегі және ауыр салмақтағы жүкті және басқа да жүктерді ҚР аумағында және шетелде жүзеге асыру.
Көптеген кәсіпорындардағы сияқты аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірнеше бөлімшелерден тұрады. Олардың әрқайсысының өз атқаратын қызметтері болады.
«А-Property» ЖШС- ігінің құрамында келесідей бөлімдер бар:
- Өндірістік- техникалық бөлім.
- Бухгалтерлік есеп бөлімі.
- Қаржы бөлімі.
- Заң бөлімі.
- Тасымалдаушылар бөлімі.
- Материалдық - техникалық қамтамассыз ету және құрылыс бөлімі.
«А-Property» ЖШС-нің бухгалтерия құрылымында мынадай бухгалтерлер бар:
- Бас бухгалтер;
- Еңбекақы бойынша бухгалтер;
- Шаруашылық бойынша бухгалтер;
Субъектінің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Онда бас бухгалтердің ескертулері мен нені істеу керек екені жазылады. Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеппен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырады.
Субьект активтердің, меншік капиталының, міндеттемелерінің және олармен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты жазылатын жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шотарының Бас жоспарымен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Осы бөлімдердің арасындағы менің мамандығыммен тікелей байланысы бар бухгалтерлік есеп бөліміне тоқталсақ, бұл бөлімнің ең негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берушілік туралы заңдарында белгіленген тәртіппен ұйым мен кәсіпкерлердің жағдайлары және жүргізілетін операциялары туралы ақпараттарды жинау, тіркеу жүйесін құру.
Бухгалтерияның негізгі міндеті- шаруашылық қызметінің оң нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін келесілермен қамтамассыз етілуі қажет:
- басқарудың барлық деңгейіне қажетті кәсіпорын қызметінің нақты нәтижелері туралы ақпараттар;
- қаражаттардың сақталуын қадағалау және оның үнемді жұмсалуы;
- кірістер мен шығыстардың дұрыс есебі.
- бухгалтерлік есепті дұрыс және өз уақытында тапсыру.
Бухгалтерияның атқаратын негізгі функциялары келесілер болып табылады:
- тауарлық- материалдық қорлардың есебі;
- еңбекті төлеу бойынша есеп айырысу есебі;
- қаржылық қызметінің есебі;
- өндіріске жұмсалған шығындардың есебі;
- бухгалтерлік есеп берушілікті құру.
Қаржы бөлімінің құрылымы келесідей болып табылады.
Келесі бөлімер де өздеріне жүктелген белгілі бір функцияларды атқарады. Бірақ олардың барлығының міндеті кәсіпорынның қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін арттыруға өз септігін тигізу.
2. 1 Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
Ақша қаражаттарының сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің касссасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен-сақтау сигнализация құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшаулануға әрі жабдықталуға тиіс. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Белгілі бір субъектіге тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады.
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.
Кассаға ақша қабылдау бас бухгалтер қол қоятын касса кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды түлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) беріледі. Төлемдерге ақша билеттері мен теңге ақшаларды қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықгау тәртібі белгілерін» басшылықңа алуға міндетті.
Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар пайдаланылады:
- кіріс кассалық ордерлер;
- шығыс кассалық ордерлер,
- кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы,
- кассалық кітап.
Кассаға қолма-қол ақша кіріс кассалық ордер бойынша қабылданады, ал шығыс болуы- шығыс кассалық ордерлер бойынша жасалады. Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар қоса тіркеледі.
Ақша өткізетін тұлғаға кіріс кассалық ордерінің бөлігі болатын жыртылмалы квитанция беріледі. Қолма-қол ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған қоса тігілетін құжаттарда қаржы басқарушының қолтаңбасы болуы тиіс. Құжаттарға келсек, олар қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын күні, айы, жылы белгіленген "Алынды" немесе "Төленді" таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулер жол берілмейді.
Егер ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін жағдайда, сол шығыс ордерінде реквизиттері жазылатын төл құжат немесе оның орнына жүретін құжатын көрсету тиіс.
Кіріс және шығыс ордерлерге кезекті номер беріледі, тіркеу жулналында есепке алынады.
Кассаға түгендеу жасалған кезде, ақша қаражаттары және купюрлер бойынша бір бірлеп саналады. Бағалы қағаздар, қаржы құжаттары, арнайы есеп беру бланктері актіде түрлеріне байланысты көрсетіліп, олардың аты, нөмірі, сериясы, номиналдық құны жазылады және кассадағы басқа да бағалы заттар тексеріліп, есепке алынады. Қолма-қол ақшаны есептеген кезде, кассадағы нақты ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар есепке алынады (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер және басқа да заңға сәйкес шығарылған бағалы қағаздар) .
Қолма-қол ақша сомасы актіге купюрлар бойынша енгізіліп, көрсетіледі.
Түгендеу актісіндегі қолма -қол ақшаның мөлшері, түгендеу жасалған күндегі кассирдің есебімен, кассадағы бар ақша қалдығымен салыстырылып, нәтижесі шығарылады. Егер түгендеу кезінде кем, болмаса артық шыққан қаржы табылса, оның сомасы актіде көрсетіледі.
Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгендеу, осы счеттағы соманы тексеру арқылы жүргізіледі:
1) қолма - қол ақша тапсырылса - банк мекемелерінің, пошта бөлімшелерінің түбіртектерін, банк инкассаторларының өткізген ақшалары бойынша жасалған ведомостарының көшірмелерін ж. т. б. мәліметтерді салыстырады;
2) меншік иесінің аударған сомасы немесе басқа да мекемелерден келіп түскен ескерту (авизо) сомасы, көрсетілген уақытында, төлем тапсырмасының нөміріне, соманы аударуға қабылданған банк мекемесі болмаса пошта бөлімшелері бойынша тексеріледі.
1040 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары" - бұл активті баланстық шот.
Оның қалдығы айдың басына есеп айырысу шотында кәсіпорын қаражаттарының мөлшерін бейнелейді, дебет бойынша айналым - өнімді өткізуден, дебиторлық қарыздардың жабылуы есебінен, банк несиелерінің келуінен, кассаға қолма-қол ақша салымынан және т. б келген қаражаттарды есепке алу бейнеленеді. Кредит бойынша әр түрлі төлемдер нәтижесінде, сондай-ақ оларды кассаға өткізу нәтижесінде қаражаттардың кемуі көрсетіледі.
Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алған тауарлық-материалдық қорлар үшін қойған шоттары төленеді, бюджетпен есеп айырысулар, еңбекақыға, зейнетақыға, жәрдемақыға, және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол ақша беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен немесе олардың (жабықтаушылардың, мердігерлердің төлем құжаттарын төлеу) келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардың, салық және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін төлемдерден басқасы, жүргізіледі. Ағымдық шоттағы қаражат жеткіліксіз немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қарай төленеді.
Бухгалтерлiк баланста шетелдік валютадағы шот бойынша қаржылардың қалдығы және шетелдiк валютамен көрсетiлген кредиторлық борыш есеп берiп отырған кезеңнiң соңғы күнiнде қолданылған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша шетелдiк валютамен қайта есептеу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасымен бейнеленедi. Сонымен бiрге аталған жазбалар есеп айырысулар мен төлемдер валютасымен жүзеге асырылады.
Шетелдік валютадағы шоттар бойынша операциялардың жасалу және ресiмдеу тәртiбi қолданылып жүрген заңдармен реттеледi. Шетелдік валютадағы шоттар қаражаттардың қозғалысы және шетелдiк валютамен операциялар бухгалтерлiк есепте ақша-есеп айырысу құжаттары жазылған күнi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша шетелдiк валютамен қайта есептеу арқылы алынған Қазақстан Республикасының валютасымен көрсетіледi. Осы операцияларды есепке алумен бiрге есеп айырысулар мен төлемдер валютамен жүргiзiледi. Бюджеттік қаражаттар есебiнен шетел валютасын сатып алу кезiнде «Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар» қосалқы шотына дебеттеледi және « Бюджет бойынша лимиттер» , «Жергілікті бюджеттер бойынша лимиттер» шотына кредиттеледi. Шетел валютасы шетелдік валютадағы шотқа түскен кезде «Шетел валютасындағы шот» қосалқы шотына дебеттеледi және «Бекiтiлген сметаның шегiнде, басқа дебиторлармен және кредиторлармен жасалатын есептемелер» кредиттеледi, сонымен бiрге екiншi жазба жазылады. Шетел валютасымен алынған сомаға «Бюджет бойынша шығыстар» шотының дебетiне және «Шетел валютасындағы қаражат қоры» қосалқы шотының кредитiне және комиссиондық алым сомасына «Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар».
Есеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржылардың айналымдылығын тездетуге, төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұлдар мен өсім төлеуден құтылу мүмкіндігін береді.
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айрысу) және бюджеттік шот ашуына құқылы.
Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді:
- шот ашу жөнінде өтініш,
- кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі) жарғы көшірмесінің бір данасы,
- мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорынның қаржыларын басқарушылардың қол таңбалары қойылғын нотариуспен бекітілген екі карточка,
- кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдарынан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы.
Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған барлық шоттары (валюталық, депозитті т. б) туралы мәліметтерді беріп тұруға міндетті.
Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі, еңбекақы төлеу, іс-сапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес босатылады.
Қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін ұйымның банкіде есеп шоты болуға тиіс. Шот ашу үшін арнаулы үлгідегі өтініш толтырылып, оған құрылтай құжаттарының көшірмесі, бірінші басшы мен қол үлгісінің карточкасына енгізілген қол қою құқығы бар басқа да тұлғалардың қызметке тағайындалғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері қоса тапсырылады. Карточка толтырылып, ұйым қаржысын басқаруға құқылы тұлғалардың қолдары карточкаға қойылып, мөр басылады. Банкілік қызмет банкілік қызмет көрсету туралы Келісім шарт бойынша іске асырылады, келісім шартта міндетті түрде қызмет көрсетудің бағасы қосымша бойынша көрсетіледі.
Банк шоты бойынша операциялар мына негіздер бойынша іске асырылады:
- шот иесінің тапсырысы;
- шот иесімен акцептіленген үшінші тұлғалардың талаптары;
- заң бойынша шот иесімен акцептіленуді талап етпейтін үшінші тұлғалардың талаптары;
- ҚР заңнамалары мен келісім шартқа сәйкес шот иесінің пайдасына қарама қайшы болмайтын шот жүргізуші банктің жарлықтары.
Төлем тапсырмасы - бұл банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма.
Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы меноның банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасынорындауға қабылдап алып оның соңғы данасына таңба қояды одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған бірақ банкіге өткізілмеген төлем -тапсырмасы он күн ішінде жарамды болып саналады.
Қазіргі уақытта “Интернет-банкинг” жүйесін қолдануға болады, ол арқылы төлем тапсырыстары мен банк хабарламасын алу электрондық түрде іске асырылады. Электрондық құжаттарды кез келген уақытта қағаз түріне алмастырып, оның түпнұсқа екендігін банкіде растап алуға болады. Мұндай тәсіл өте қолайлы, әрі уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Чек . Банктегі есеп шоттан қолма-қол ақша алу үшін, шот иесі чектерді, яғни арнаулы тапсырыс-бланкісін пайдаланады. 25-50 чек бір чек кітапшасына біріктірілген. Чек бір дана етіліп сиямен толтырылады. Чектің бірінші бетінде сома жазбаша түрде жазылып, ақша алушының тегі, аты, жөні, чектің жазылған күні, ұйымның атауы, есеп шотының нөмірі мен СТН-і көрсетіледі. Чектің келесі бетінде ақшаның қандай мақсатқа алынатыны, чекте көрсетілген адамның жеке төлқұжатының деректері жазылады. Сонымен қатар, чек кітапшасында сақталып қалатын чектің түбірі толтырылады. Толтырылған күннен бастап 10 күн ішінде чек заңды болып саналады. Чекке түзетулер енгізуге болмайды. Егер қателікке жол берілсе, бүлінген чек сызып тасталып, “жойылды” деген жазбасымен сақтау мерзімі аяқталғанға дейін чек түбірлерімен бірге сақталады (есеп саясатында көрсетілгендей) . (Толтырылған чектің мысалы қосымша ретінде ұсынылады) .
2. 2 Қысқа мерзімді активтер: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және өзге де дебиторлық берешектер
Кассалық операцияларды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес кәсіпорындар есепті қолма-қол ақшаларды осы ұйым қызметкерлеріне оперативті, шаруашылық және басқа да шығынлдарға беруіне болады.
Жұмсалынбаған есепті қолма-қол ақшалар ұйым кассасына оларды берген күннен 3 күннен кешіктірмей қайтарылуы тиіс.
Қолма-қол ақшаларды сонымен бірге қызметтік жолсапарлық шығындарды жабу үшін де беріледі. Қызметтік жолсапар деп- жұмысшы-қызметкердің кәсіпорын басшылығының өкімімен белгілі бір мерзімге еңбек міндетін атқару үшін жұмыс орнынан тыс жерге жолсапарын айтамыз. Жұмысшы-қызметкерлердің жоспарларының мерзімін ұйым басшысы анықтайды, бірақ ол жолдағы уақытты санамағанда 40 күннен аспауы тиіс. Қызметтік қажеттілік жағдайында осы ұйымның басшысы бұйрық шығаруы арқылы жолсапардың мерзімін ұзартуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz