Шағын және орта бизнестің дамуының экономикалық мазмұны


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

1 тарау. Шағын және орта бизнестің дамуының экономикалық мазмұны

1. 1. Бизнес ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны

1. 2. Бизнес түрлерi мен олардың ерекшелiктерi

1. 3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың

ұйымдық формалары.

2 тарау Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері

2. 1. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі

2. 2 Шағын бизнес субъектілеріне салынатын салықты есептеу әдісі

2. 3 Шағын бизнес субъектілеріне салынатын салықтардың салық кезеңі

3 тарау . Шағын және орта бизнестi қолдау мен дамытуды жетілдіру және тиімділігін бағалау жолдары

3. 1. Шағын және орта бизнестi қолдау мен дамытуды жетілдіру жолдары

3. 2. Шағын және орта бизнес тиімділігін бағалау жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу - бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді.

Салықтан жалтарғаның халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.

Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.

Бұдан кейінгі тұрған мәселе қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық құралдардың - валюталық қаржылар мен экспорттық импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс.

Салықтар нарықтық экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мелекеттің кәсіпкерлікпен айналасуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшелерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі [3] .

Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасың қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаларына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлыты шықты. Енді бүрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індеті заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасыиың заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Нарықтық экономика - бұл ең алдымен еркiн iскерлiк экономикасы және бизнестiң оның барлық салаларында жұмыс iстеуi. Нарықтық қатынастарға көшу түрғындарды бизнеске кеңiнен тарту арқылы ғана мүмкiн болады.

Бизнес - бiр жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Ағылшын тiлiнен тiкелей аударғанда ″бизнес″ ″business″ сөзi iс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай-ақ тиiсiнше ″бизнесмен″ ″business men″ сөзi iскер адам, iскер деген ұғымдарды бiлдiредi.

Американдық экономист Й. Шумпетер бизнестi өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған қатысушылардың белсендiлiгiн өндiрiстiң қозғаушы күшi ретiнде, әлгi негiзгi үш фактордың iс -қимылын күшейтушi фактор ретiнде түсiнедi.

Осыдан көрiп отырғанымыздай, ″бизнес″ терминiнiң iшкi мазмұны сан қырлы. Мiне, осындай ауқымды ұғымға экономикалық ғылым қысқаша анықтамамен шектеле алмайды, керiсiнше, оның экономикалық категория ретiнде негiзiн қалайтын қасиеттерi мен белгiлерiн жан-жақты қарастыруға тырысады.

Ең алдымен бизнестi пайда табу немесе басқадай әдiспен олжалы болуымен байланысты қызмет ретiнде анықтайды. Мұның өзi бизнестiң ең басты белгiсi және оның негiзгi мақсаты болып табылады. Мұнсыз iскерлiктiң өзiнiң өмiр сүруiн көз алдымызға елестету қиын.

Бизнесмендердiң экономикалық қарым-қатынасòàðы бiр-бiрiìåí тығыз араласып кеткен өркениеттi рынок жағдайына жекелеген iскер тек қана өзiнiң жеке пайдасын, оның үстiне бизнеске қатысушы басқалардың есебiнен пайда табуды ойламайды. Ол өзiнiң қызметiн тек өзiне ғана пайдалы қылмай, сонымен қатар ортақ iске қатысушы басқа да бизнесмендердiң пайдалы болуын көздеп ұйымдастыруы керек. Бұл түрғыдан алғанда ″пайда″, деген сөздi ″зара пайда″ деген терминмен алмастырған дұрыс. Сондықтан болар дамыған елдерде бизнес жеке адамдардың, кәсiпорындардың немесе ұйымдардың бiрлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндiру, тауарларды сатып алу және сату немесе басқа тауарларға қызмет көрсету арқылы айырбастау, ақшаға қызмет қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы мүдделi адамдар мен ұйымдардың өзара пайда табуына бастайтын қызмет ретiнде қарастырылады. Сонымен, бизнес басқа жақтың шығынға және алдауға түсiп қалу есебiнен тек қана бiр жақтың пайда табуына жол бермейтiн адал қызмет ретiнде көрiнетiнiн байқаймыз.

1 тарау Шағын және орта бизнестің дамуының экономикалық мазмұны

1. 1. Бизнес ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны

Бизнес экономикалық қызметтiң басқа түрлерiмен салыстырғанда өзiнiң жылдамдығымен және инисативалылығымен ерекшеленедi. Бизнесмен үнемi жаңа өнiмдi, технологияны, сапаны, рыноктi, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды, байланысты және тағы басқаларын iздестiру үстiнде болады.

Адам Смит iскерлiктен түскен пайданы жеке меншiк иесi - бизнесменге оның қым-қиғаш қызметi мен коммерцияық идеяларын iс жүзiнде асыру жолындағы тәуекелi үшiн қоғамның берген ақысы деп атады. Басқару саласындағы iрi маман Макс Вебер бизнестi ақыл -ойдың дәнiн себушi ретiнде бағалаған. Жоғарыда айтып кеткен Иозеф Шумпетер iскерлiктi экономиканың басты факторы, оның дамуының негiзгi қозғаушысы еп санаған. Белгiлi ағылшын экономисi Джон Мейнард Кейнс iскердiң бойында болуы тиiс төмендегiдей негiзгi қасиеттердiң астын сызып айтқан: абайлай бiлу, алдын болжай бiлу, есептей бiлу, өркениетке ұмтылу, тәуелсiздiк, алдағы күнге сенiммен қарау, iлкiмшiл болу, ұқыптылық, жиған ауқатын мұрагерлерiне қалдыру ниетiнiң болуы [1] .

Нағыз бизнесменнiң бойынан табылатын осы қасиеттер тiзбесi сырттан қарап түрған бақылаушының бойында секем туғызуы ықтимал. Өйткенi, оның ойынша iскерлiкте тек қана ешқандай бiлiмi, тәжiрибесi, аами қасиеттерi жоқ, шала сауатты адамдардың жолы болады. Шынында да, қазiргi хаос билеген, заңның орындалмайтын амағайып кезеңiнде, тауарлық игiлiктерге қол жеткiзудiң тәртiбi жасалмаған жағдайда, iскерлiк әдеп, пен моральдiң сақталмауы арсыздықтың етек алуына жол ашып түрғанда мафиялық құрылымдар табысқа жетуi мүмкiн. Алайда бұл уақытша нәрсе.

Тауарлар мен қызмет көрсетудiң өркениеттi рыногi қалыптасқан кезде бәсекелестiк пайда болады, тиiстi заңдық қағидаттар қабылданады. Сол кезде бiрқалыпты нарықтық орта қалыптасып, жоғарыдағыдай iс-қимылдар орын алмайы. Ал жоғары кәсiби шеберлiлiк жарамсыз iскерлiктi нарықтан ысырып тастайды [5-8] .

Бизнес немесе iскерлiк - бұл өзiндiк инициативалық, өз мүлкiнiң жауапкершiлiгi аясында жүзеге асатын, жекелеген адамзаттардың немесе олардың топтарының пайда немесе басқалай түрiнде экономикалық олжа табуға бағытталған кез келген қызметi.

Сонымен қысқаша айтқанда бизнес- нарықтық экономика жағдайында адамның пайда табуына, пайда алуға негiзделген экономикалық қызметi.

1. 2. Бизнес түрлерi мен олардың ерекшелiктерi

Бiздiң Республикамыздың көптеген азаматтардың пiкiрiнше бизнес - коммерциялық қызмет ретiнде санайы. Бизнес нарықтық қатынас жағдайында экономиканың барлық жақтарын: өндiрiс, өнiм тарату, қаржылық қамтамасыз ету, қамсыздандыру, қызмет көрсету, жұмыс орындау және өнiмдi өндiрумен, бөлумен, айырбаспен және тұтынумен байланысты қызметтiң басқа да түрлерiн қамтитын көп қырлы қызмет [11-18] .

Қызметтiң мәнiне байланысты бизнес өндiрiстiк, саудалық, қаржылық, делдалдық, және сақтандырулық болып бөлiнедi. Ендi олардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық:

Өндiрiстiк бизнес. Өндiрiстiк бизнеске негiзiн материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi жатады. Бұл -iскерлiктiң қоғамдық түрғыдан алғана ең қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Егер өндiрiстiк бизнес болмаса, мысалы, коммерциялық бизнестiң материалдық негiзi болмас едi.

Өндiрiстiк бизнес бұл негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару. Өндiрiстiк бизнес бұл тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани (интелектуалдық) игiлiктердi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiрумен және дайындаумен өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi-екiлi жағдай ғана. Көпшiлiк жағдайда жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз бизнесiне отбасы мүшелерiн, туған-туыстарын (мысалы, шаруа қожалықтарында) тартады, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.

Өндiрiстiк бизнестiң принциптiк схемасы төменде берiлiп отыр (схема 1) .

Өндiрiстiк бизнестiң принциптiк схемасы

М Др Рс Т

Дм Дт

До ОС

1-схема

Шартты белгiлер:

М- өндiрiстiң айналым қоры;Дм- айналым қорды сатып алуғаарналған ақша;ОС- өндiрiстiң негiзгi қоры;До- негiзгi қорды алуға немесежалға алуға арналған ақша;:

М- өндiрiстiң айналым қоры;

Дм- айналым қорды сатып алуға

арналған ақша;

ОС- өндiрiстiң негiзгi қоры;

До- негiзгi қорды алуға немесе

жалға алуға арналған ақша;

РС- жалдамалы жұмысшылар;Др- жалдамалы жұмысшылар-дың еңбек ақысы;Т- тауар, сатылуға тиiстi өн-дiрiс өнiмi;Дт- тауарды сатудан түскенақша;:

РС- жалдамалы жұмысшылар;

Др- жалдамалы жұмысшылар-

дың еңбек ақысы;

Т- тауар, сатылуға тиiстi өн-

дiрiс өнiмi;

Дт- тауарды сатудан түскен

ақша;

Өндiрiстiк бизнестi жүзеге асыру үшiн өндiрiстiң бiрқатар факторларын сатып алуы керек. Бiрiншiден, материалдар, энергия, жартылай фабрикаттар және басқа өндiрiстiң дайын өнiмдерi, яғни қосымша қор (схемада-М) керек. Бұл үшiн бизнесмен ақша (Дм) төлеуi тиiс. Екiншiден, өндiрiс негiзгi қорсыз (ОС) -жерсiз, техникасыз өндiрiстiк ғимаратсыз, құрал жабдықсыз және тағы басқаларсыз өмiр сүре алмайды. Егер iскерде бұлардың барлығы жоқ болса, онда сатып алуға немесе жалға алуға тура келедi. Бұл үшiн де ақша (До) керек. Өз меншiгiндегi негiзгi қор ұзақ уақыт бойы қызмет етедi, сондықтан бизнесменнiң шығыны белгiлi -бiр өндiрiлген өнiмнiң көлемiне аммортизациялық аударым көлемiмен анықталады. Үшiншiден бизнесмен өндiрiстi жүргiзу үшiн жұмысшылар жалдауы (РС) қажет, олардың еңбек ақысы (ДР) да төленуi тиiс. Осы шығындардың үстiне iскер өз еңбегiнiң де ақысын енгiзуi қажет. Өйткенi, iскерлiк қызметке кететiн кез-келген шығын өнiмнiң өзiндiк құнына кiредi [4-8] .

Онан әрi ақпарат алуға, алынған материалдар мен дайын өнiмдердi сақтауға және тасмалдауға, негiзгi қорды жөндеуге, пайдалануға және басқаларына шығын шығару керек болады. Өндiрiстiк iскерлiк дайын өнiм (Т) алып, оны өткiзгеннен кейiн нәтижесiнде бизнесменнiң ақшалай қаржы (Дт) табуы мен аяқталады. Барлық өндiрiстiк iскерлiктiң мәнi өндiрiс өзiн -өзi ақтап, бизнесменге белгiлi -бiр пайда әкелуiнде жатыр. басқаша айтқанда, бұл жағдайда Дт- Дм, До, Др, қосымша шығындар мен салықтан көп болып, iскердiң табысының (Пп) көлемiндей болуы керек, басқа жағдайда iскерлiк өзiнiң мәнiн жояды.

Қол өнер және жеке өндiрiстiк iскерлiк кәiспорынды тиiстi сандық түрғыдан тiркеусiз де ашуға болады. Алайда, орта және iрi өндiрiстiк бизнесте iстiң бұл формалды жағын айналып өту мүмкiн емес.

Өндiрiсiтiк бизнес- қолға түсе бермейтiн және қымбат өндiрiс факторын қажет ететiн өте күрделi және ауыр iс. Әлбетте, осындай себептер қазiргi жағдайда Қазақстанда өндiрiсiтiк iскерлiк өсуiне қол байлау болып отыр. Бұған қоса жаңадан пайда болған бизнесмендердiң төмен бiлiктiлiгi, өндiрiстiк қызметтiң әлi де беделге ие болмауы, жеңiл пайда табу көздерiнiң баршылығы. Бизнестiң бұл түрiне iскерлердi көбiрек тартуға кедергi келтiруде. Сонымен қатар, өндiрiстiк iскерлiк кез-келген мемлекет экономикасының және жалпы бизнестiң негiзi болып табылады. Сондықтан да егре сол сәтндегi арзан табысты ойламай, болашағы мол түрақты бизнеске ұмтылатын болсақ, онда дәл өндiрiстiк iскерлiктi дамыту өте қажет.

Коммерциялық бизнес. Коммерциялық немесе саудалық бизнес- бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерцант- сауда, тауар айырбастау, тауар ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап, қандай да бiр болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi. Коммерциялық iскерлiктiң принциптi сызбасы қажеттi факторлардың аз болуына байланысты өндiрiстiк бинеске ақарағанда әлде қайда қарапайым. Жалпы алғанда, ол төмендегiдей көрiнедi (схема-2) .

Коммерциялық бизенстiң принциптi схемасы

Т Т

Дф Дт

2- схема

Шартты белгiлер:

Т- тауар;

Дф- тауар иесiне берiлген ақша;

Дт- коммерциялық iскерден (коммерсанттан) сатып алынған

тауар үшiн берiлетiн ақша.

Сауда операциясының негiзгi формуласы: сату кезiнде ″тауар-ақша″ және сатып алу кезiнде- ″ақша-тауар″. Коммерциялық бизнесте сату -сатып алу операциясынан басқа ″тауар-тауар″ (тауар үшiн-басқа тауар немесе қызмет) формласы бойынша тауар айырбастау, бартер жүзеге асырылады [2] .

Коммерциялық iскерлiктiң өзегi тауар бағасының айырмасы болып табылады. Мысалы, өнiмнiң кейбiр түрлерiн өндiретiн жерлерде сол өнiмнiң бағасы басқа ауданарға қарағанда әлде қайда арзанырақ болады, мiне, коммерсанттар осы жағдайды пайдаланады. Келесi жағдайда (яғни, тауарды сатып алу-сату iрi партиямен жүзеге асырылады) және бөлшек сауда арасындағы айырмашылықты айтуға болады. мұндай жағдайды белгiлi -бiр тауардың бағасы бөлшек сауаға қарағанда көтерме саудада әлде қайда төмен. Бағаның бұл айырмашылығында тауарды арзанырақ бағаға сатып алып зжәне одан әлде қайда жоғарырақ бағамен сататын коммерсант (саудалық бизнесмен) әлбетте пайдалана бiледi.

Былай қарағанда қарапайым көрiнетiн коммерциялық бизнес (″арзан сатып алдым- қымбат сатамын″) шын мәнiсiнде iлде қайа күрделi.

Сұранысқа ие тауарды тауып, оны сатып алу, оны сақтау, тасмалдау, сауда кәсiпорнына жеткiзу, сату алдынағы дайындық, сатып алушыларға қызметкөрсету-мiне, коммерсанттың күш-жiгерi мен шығынының толық емес тiзiмi осындай. Мұның үстiне егер сол бизнесменнiң өзiнiң және жалдаған жұмысшыларының еңбек ақысына кететiн, сауда орындарын және басқа құрал -жабдықтарды алу немесе жалға алуға, оларды күтiп баптауға, сатып алушыларға саудадан кейiн көрсетiлетiн қызметке (тауарды үйiне жеткiзу, орнату, кепiлдiк беру), сауда операцияларының құжаттық дайындалуына кететiн шығындарды, сондай -ақ салықты қоссаңыз, онда коммерсанттың қызметi iс-жүзiнде сауда бизнесiнiң принциптi схемасына қарағанда әлде қайда күрделi болып шыға келедi.

Жалпы, коммерцияда өндiрiстiк iскерлiктегiдей де бизнестiң көп факторлары жұмсалады.

Қаржылық iскерлiк. Саудалық бизнеске әлде қайда жақын түрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi, оның негiзiнде сатып алу-сату жатады. Бiрақ, мұнда ақша, валюта, бағалы қағаздар сиқты ерекше тауарлар айналымға түседi [11] .

Өндiрiстiк, коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа түрлерiн жүзеге асыру ақшалық (қаржылық) көзердi керек етедi. Шикiзат пен материаларды сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша көздерiн түрақты жұмсауды қажет етедi. Әрине, әлде бiр бизнесмен өз iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ақша көздерiн иеленген деп ойлаймыз.

Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi -бiр бизнес-операцияның басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi дәрежеде ұзақ уақыт кетедi, сондықотан да операция аяқталғаннан кейiн ақшаны алғанға дейiн бизнесменге қолда бар қаржы ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған қарай ол заемдық көздердi iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында отандық валютадағы жеткiлiктi мөлшерден қаржы көздерiн ұстап отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу үшiн шетелдiк валютаны сатып алғанда да ұшырасады. Одан әрi бизнесмен белгiлi -бiр табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос жатқан ақшаны пайыз алу аясында банкiге салады немесе акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады. Мiне, осындай, сондай-ақ көптеген басқа жағдайларда ақша көздерiнiң рыногы пайда болады. Онда ақша, заем сату және сатып алу, валюта айырбастау жүргiзiледi. Осындай рынокте өз бизнесiн жүргiзетiн және қарыжылық бизнес операциясын жүргiзу есебiнен пайда табатын қаржылық iскер жұмыс iстейдi [8] .

Қаржылық iскерлiктiң негiзгi мазмұны мен принцитi схемасы мынадай:

Бизнесмен (схема-4) ақша көздерiн (ақша, шетелдiк валюта, бағалы қағаздар) оның иесiнен ақшалай соммаға (Дф) сатып алады. Содан соң сатып алынған ақша көздерi сатып алушыларға Дф-дан асып түсетiн Дт-ға сатылады. Дт мен Дф -ның арасындағы айырмашылық қаржылық бизнесменнiң тапқан пайдасы болып есептелiнедi.

Қаржылық бизнестiң принциптi схемасы

Дс Дс

Дф Дт

3- схема

Шартты белгiлер :

Дс-ақша көздерi;

Дф- ақша көздерiн сатып алғаны үшiн бизнесменнiң төлеген ақысы;

Дт- бизнесмен-қаржыгерден ақша көздерiн алғаны үшiн сатып

алушының төлеген ақысы;

Бизнесмен несиелiк iскерлiктi жүзеге асыру барысында салымның кейiннен қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, депозиттiк пайыз түрiнде салым салушыларға белгiлi-бiр сыйлық төлеу үшiн өзiнiң ақшалай салымын (Дс) пайдаланады. Бұдан соң ақшалар несие түрiнде депозиттен жоғары несиелiк пайыз үшiн берiледi.

Несиелiк (Дт) және депозитивтiк (Дф) несиенiң арасындағы айырмашылық қаржылық iскер -несие берушiнiң тапқан пайдасы болып табылады [21] .

Әрине, бұл жерде қаржылық iскерлiктiң барынша жалпы ортақ сызбасы көрсетiлiп отыр. Шындығында мұның барылығы өте күрделi. Қаржы көздерiн операциялай бiлу- қаржылық шаруашылық және заң жүйесi бойынша арнаулы бiлiмдi қажет ететiн өте жауапты және iлкiлiмдiлiктi iс.

Қаржылық iскерлiк Қазақстанда қалыптасу және бастапқы даму кезеңiн бастан кешiруде. Тiптi қазiрдiң өзiнде коммерциялық банктер өз жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан жабылып қалуда. Алайда, соған қарамастан, мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру, кәсiпорындарды акционерлендiру, жеке бизнестiң пайда болуы мен дамуы және осы жанғаруларға байланысты акцияларды, басқа бағалы қағаздарды (мысалы, купондар) сатып алу-сату операцияларының кең етек жаюы, несиелiк қарым -қатынастар мен валюталық операциялардың кеңiнен жүргiзiлуi қаржылық бизнестi дамыту үшiн нақты негiз бола алады.

Делдалдық бизнес. Жоғарыда қарастырылған бизнестiң өндiрiстiк, коммерциялық (саудалық) және қаржылық түрлерi iскерлiктiң тағы бiр түрi делдалдық бизнестi дүниеге әкеледi. Бұл бизнес өндiрiстiк, сауда-коммерциялық, қаржы-несиелiк сияқты әр түрлi салаларда жүзеге асырылады. Оның негiзгi ерекшелiгi -мұнда бизнестiң материалдық-заттай элементi болмайды.

Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе бағалы қағаздармен сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды. Оның ролi мен мiндетi- осы операциялардың жүргiзiлуiне және бiтiм жасауға мұрындық болу. Бұл жерде бизнестiң дәнiн себушi-елдал әкелетiн ақпарат [22] .

Сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан өндiрушi тауар сатушының жағында түратын делдал оларды iскерлiк бiтiмнiң аясына әкелiп қосады. Сондықтан да делдалдық бизнестiң принциптi схемасы байланыстардың саны және мәнi жағынан аса күрделi емес (схема-4) .

Делдалдық бизнестiң принциптi схемасы

И

Дф Дф

Дт Дт

4- схема

Шартты белгiлер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Қаржы қатынастары мен саясаты
Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Экономика және бизнес факультеті
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясаты
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын кәсіпкерлікті басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz