Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде



ЖОСПАР

І. Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде.
1.2 Кәсіпкерлердің міндеттері мен мақсаттары.
1.3 Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталары, кәсіпкерліктің формалары
1.4 Меншік түріне байланысты кәсіпорындардың жіктелуі.

ІІ. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдану.
2.1Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдану.
ІІІ. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде

Кәсіпкерлік - бұл меншік формасына тәуелсіз, азаматтар мен заңды тұлғалардың, таза кірісті, тауарларға деген сұранысты өз атынан, өз тәуекелі мен өзінің мүліктік жауапкершілігі арқылы қанағаттандыру жолымен алуға бағытталған белсенді қызметі.
«Кәсіпкерлік» пен «нарық» өзара тығыз байланысты. Нарықтық экономиканың жалпы да қысқа анықтамасы «еркін кәсіпкерлік экономика» деген ұғымды білдіреді.
Шынында да нарық кәсіп иесі мен ортасын, ал кәсіпкерлік нарық қатынасының сипаттамасын көрсетеді. Кәсіпкерлік – азаматтардың өз атынан, өз тәуекеліне, өз мүлік жауапкершілігіне, яғни пайда мен жеке кіріс алуға бағытталған тәуелсіз қызметін керсетеді.
Мемлекеттік заң кәсіпкерлікке шаруашылық қызметтің барлық түрін, сонымен қатар коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, кеңес берушілік қызметтерді, құнды қағаздар операцияларын жүзеге асыруға рұқсат береді. Кәсіпкерліктің алғашқы формасы жеке және ұжымдық кәсіпкерлердің қызметі.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар жеке табыс пен пайда табудағы кәсіпкерліктің басты қасиеті мен белгісі болып табылады.
Кәсіпкерліктің негізгі қасиеті іс жүргізудің жеңіске жеткізер қызметінің икемді де ыңғайлы жаңа түрлерін үздіксіз іздестіру, яғни өнімді, технологияны, тауарды, тұтынушылар ортасын, бағаны экономикалық әрекет ортасындағы өзгерістерге сәйкес өзгертеді. Кәсіпкер үшін тыныштықта тұрып қалу жат қылық. Өз атына сәйкес ол іске асырылатын қызмет пайдасының көп болуына, кем дегенде пайданың төмендемеуіне жағдай жасауы керек.
Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз – үздіксіз жаңалау ісі.
Кәсіпкерлік қызметтің сипаты. Кәсіпкерлікті алдын-ала белгісіз, бұлыңғыр жағдайда, тәуекелмен жүргізуге тура келеді. Бұл ұтылу
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Молдахметов А.Б., Өтелбаев М.Ө. Қазіргі заман экономикасы. Оқулық. -2006ж.
2. С.Умирзаков. Журнал. 2004ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде.
1.2 Кәсіпкерлердің міндеттері мен мақсаттары.
1.3 Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталары, кәсіпкерліктің формалары
1.4 Меншік түріне байланысты кәсіпорындардың жіктелуі.

ІІ. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдану.
2.1Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдану.
ІІІ. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде

Кәсіпкерлік - бұл меншік формасына тәуелсіз, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, таза кірісті, тауарларға деген сұранысты өз атынан, өз
тәуекелі мен өзінің мүліктік жауапкершілігі арқылы қанағаттандыру жолымен
алуға бағытталған белсенді қызметі.
Кәсіпкерлік пен нарық өзара тығыз байланысты. Нарықтық экономиканың
жалпы да қысқа анықтамасы еркін кәсіпкерлік экономика деген ұғымды
білдіреді.
Шынында да нарық кәсіп иесі мен ортасын, ал кәсіпкерлік нарық
қатынасының сипаттамасын көрсетеді. Кәсіпкерлік – азаматтардың өз атынан,
өз тәуекеліне, өз мүлік жауапкершілігіне, яғни пайда мен жеке кіріс алуға
бағытталған тәуелсіз қызметін керсетеді.
Мемлекеттік заң кәсіпкерлікке шаруашылық қызметтің барлық түрін,
сонымен қатар коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялық, кеңес
берушілік қызметтерді, құнды қағаздар операцияларын жүзеге асыруға рұқсат
береді. Кәсіпкерліктің алғашқы формасы жеке және ұжымдық кәсіпкерлердің
қызметі.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар жеке табыс пен пайда табудағы
кәсіпкерліктің басты қасиеті мен белгісі болып табылады.
Кәсіпкерліктің негізгі қасиеті іс жүргізудің жеңіске жеткізер
қызметінің икемді де ыңғайлы жаңа түрлерін үздіксіз іздестіру, яғни өнімді,
технологияны, тауарды, тұтынушылар ортасын, бағаны экономикалық әрекет
ортасындағы өзгерістерге сәйкес өзгертеді. Кәсіпкер үшін тыныштықта тұрып
қалу жат қылық. Өз атына сәйкес ол іске асырылатын қызмет пайдасының көп
болуына, кем дегенде пайданың төмендемеуіне жағдай жасауы керек.
Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз – үздіксіз жаңалау ісі.
Кәсіпкерлік қызметтің сипаты. Кәсіпкерлікті алдын-ала белгісіз,
бұлыңғыр жағдайда, тәуекелмен жүргізуге тура келеді. Бұл ұтылу қорқынышын
туғызады. Дегенмен есеппен жұмыс істеген кәсіпкер нәтижелі жетістікке
жетеді. Алайда кәсіпкер мемлекеттің бақылауымен жұмыс істейді.
Кәсіпкер арқылы кәсіпкерлік қызмет анықтамасы толық сипатталады.
Бекітілген заң бойынша Қазақстан Республикасының барлық азаматы заңды
негізде бекітілгендей еңбекке қабілетті деп шешілсе, кәсіпкер немесе
кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Жеке кәсіпкерлікпен қатар ұжымдық кәсіпкерлікке де рұқсат етіледі.
Ұжымдық кәсіпкерлікке заңды түрде мүліктік негізделген азаматтар тобы
жатады.
Кәсіпкерліктің арнайы мәртебесі жеке мекеме ретінде қатысушыға
беріледі.
Кәсіпкер уақыт факторын есепке алу керек. Келісім жасау мерзімі қысқа
болған сайын кәсіпкер үшін оның тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Бірақ та
ол тұтынушыға зиянын тигізбеу керек.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні олар атқаратын қызмет арқылы ашылады:
- кәсіпкер – пайда алу мақсатында өндіріс факторларын тауар мен қызмет
өндірудің біріңғай процесіне қосу ұсынысын қарастырады;
- кәсіпкер - фирма қызметінің сипатын көрсететін, фирманың іс-
әрекетінің стратегиясын анықтаушы және оны жеңіске жеткізу жауапкершілігін
өзіне алатын өндірісті ұйымдастырушы;
- кәсіпкер - коммерциялық негізде жаңа өнімді, жаңа технологияны,
қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілін енгізуші жаңашыл;
- кәсіпкер - тәуекелден қорықпайтын және кәсіптік мақсатқа жетуге
ұмтылатын адам;
Бұл қызметтерді жетістікпен атқару үшін адам белгілі қабілеттерге:
белсенділікке, өз бетінше ойлау қабілетіне, шешім қабылдай білу қабілетіне,
мақсатқа жету жолында шыдамдылыққа, ұйымдастыру және ұжымды игеру
қабілетіне ие болуы керек.
Кәсіпкерлік қызметтің жалпы құрылымы мен оның түрлері. Кәсіпкерлік
өзінің негізгі белгілерімен, қасиеттерімен қатар кәсіпкерлік қызметтің
технологиясын жүзеге асырушы тәсіл де болып табылады. Оған істі жүзеге
асыру белгілі бір бағыттағы тәртіппен жүргізілетін тізбектілік, өзара
байланыс тән. Кәсіпкерлік экономикалық қызметке ерекше қасиет бере отырып
басқарады.
Кәсіпкерліктің кәсіпкерлікке тән барлық түрінде көрінетін жалпы
белгілерінің типті құрылымын қарастырып көрейік. Былайша айтқанда кәсіпкер
қызметінің бірыңғай құрылымын.
Соңғы нәтижесінде кәсіпкерді белгілі бір тұтынушыларға әртүрлі қызмет
көрсету және тауарға деген сұранысын тудыра отырып тауар (Т) сату арқылы
ақшалай түсім (Ат) алуға шақырады. Сонымен қатар бұл жерде тауар мен қызмет
кең шеңберде ұғындырылады. Бұның бәрі тұтынушының мұқтажы, сондықтан да ол
ғимарат, құрылыс, үй, меншіктік бағалы заттар, тұтыну тауары, мәлімет,
интелектуалды өнім, ақша, валюта, бағалы қағаздар, тұтыну, құрылыс және
басқалай жұмыс түрлері мен қызметтері үшін ақша төлеуге әзір, яғни кәсіпкер
соңғы өнім ретінде кез-келген тауарды өткізеді.
Бірақ тауарды өткізу үшін алдымен тауар болуы керек. Сондықтан да
кәсіпкер алдымен тауарды алады немесе өзі өндіреді. Сонан соң тұтынушыға
сату үшін оның қозғалысын жүзеге асырады.
Тұтынушыға тауар мен қызметті өткізу процесін жүзеге асыру үшін
кәсіпкер кәсіпкерлік қызметтің керекті факторларын енгізуге, өндіріс
жабдықтары мен тауар айналымына көңіл аударуы керек.
Нәтижесінде кәсіпкерліктің қисынды құрылымы төмендегі тізбек түрінде
болады:
Аф – Ф – Т – Ат.
Кәсіпкер ақшаға (Аф) фактор (Ф) сатып алып, оны тауарға (Т) айналдырады
және тауар мен қызметті сата отырып ақшалай түсім (Ат) алады. Осы процесті
жүзеге асыра отырып ол ақшалай түсімнің (Ат) әр түрлі факторларды алуға
кететін (Аф) ақшадан жоғары болуын қадағалайды.
Кәсіпкерлік қызметтің технологиясы төмендегіше құрылады. Барлық келісім-
шарт белгілі уақыт тәртібінде жасалуы керек, келісім-шарттың жалпы ұзақтығы
оның тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпкерлік қызметтің жалпы типті технологиялық құрылымын одан әрі
жетілдіру үшін қызмет түрінің әр түрін жеке-жеке қарастыру керек. Бұл үшін
істердің ыңғайлы дұрыс жолдарын таңдай білу керек.
Кәсіпкерлік қызметтің кіріс және пайда әкелетін қызмет түрлеріне салық
салынады және кәсіпкер бюджетке міндетті түрде төленетін телем түрлерін
төлеуге міндетті. Егер кәсіпкер заңды тұлға ретінде кәсіпорын құратын
болса, онда ол Салық Заңына сәйкес салық төлейді. Заңды тұлға ретінде
тіркелмеген кәсіпкер азаматтарға кіріс салығы салынады.
Жалдамалы еңбекті тартпай ашылған кәсіпкерлік қызмет жеке еңбек қызметі
ретінде, ал жалдамалы еңбекті тартушылар - кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік қызмет көлемі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
1) жеке кәсіпкерлік: бір адамның немесе оның жанұясының кез келген
саналы еңбегі;
2) ұжымдық кәсіпкерлік.
Қызмет сипаты бойынша кәсіпкерліктің бірнеше формасы бар:
1) коммерциялық емес - баю мақсатында өнімді сатумен байланыссыз
(қайрымдылық қызметі);
2) коммерциялық кәсіпкерлік - кіріс әкелетін іс. Еңбектің осы түрін
кәсіпкерлік деп атайды.
Кәсіпкерлік – пайда әкелетін экономикалық қызмет Қызмет түрінің сипаты
мен маңызына қарай отырып кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді:
- өндірістік кәсіпкерлік;
- коммерциялық кәсіпкерлік;
- қаржылық кәсіпкерлік.
Экономикалық қызмет жалпыға бірдей төрт типке бөлінеді:
- өндіріс;
- алмастыру;
- бөлу;
- тұтыну.
Өндірістік кәсіпкерлік өндірісте, коммерциялық кәсіпкерлік тауар мен
қызметті тұтынуда, ал қаржылық кәсіпкерлік баға алмастыру мен ақша
айналымында таралған. Өндірістік кәсіпкерлік деп есептеп, сонан соң
коммерциялық және қаржылық кәсіпкерлікпен тізбекті аяқтаймыз. Сонда да
қазіргі жағдайда кәсіпкерлер қызметтің қаймағын тезірек алып, коммерциялық
саудадағы делдалдық салада көп пайда табуға тырысуда.
Өндірістік кәсіпкерліктің негізгі шеңбері: өндірістік мекемелер мен
ұйымдар; коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі шеңбері: сауда ұйымдары мен
тауар биржалары; қаржылық кәсіпкерліктің негізгі шеңбері: қаржылық-
коммерциялық банктер мен қор биржалары.

1.2 Кәсіпкерлердің міндеттері мен мақсаттары.
Кәсіпкердің мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асыруға
қажетті жағдай. Мақсатты анықтаған кезде ең алдымен үш мақсатты элементті
анықтайды:
1. Мақсаттың мазмұны;
2. Мақсаттың көлемі;
3. Мақсаттың уақыт факторы;
Өндірістік кәсіпкерліктің мақсаты екі сипатта болады. Өндірілген өнімді
сата отырып пайда түсіру. Оны мүмкіндігінше көбейту - кәсіпкерліктің
тікелей мақсаты. Бірақ пайданы сұранысқа ие болған, тұтынушыларға керекті
өнімді өндіру арқылы ғана алуға болады. Сондықтан да кәсіпорын бір мезгілде
басқа мақсатты да алдына қою керек. Ол – тұтынушылардың қажеттілігін
жоғарғы дәрежеде толығымен қамтамасыз ету.
Басты мақсаты пайда түсіру болатын кәсіпорындар коммерциялық деп
аталады. Құрылған коммерциялық кәсіпорындардың нақты мақсаттары мен
тапсырмалары оларды құру туралы құқылық құжаттарда тіркеледі (Кәсіпорын
жарғысы, Құрылтайшылар жарғысы және т.б).
Кәсіпкерліктің маңызды мақсаттарының ішіндегі ең маңыздысы – тауар
және қызмет өндірісі, кірісіті көбейту, кәсіпті дамыту.
Өндіріс сферасындағы кәсіпкердің басты мақсаты - өнімге (жұмыс, қызмет)
деген сұранысты табу және қалыптастыру, сұранысты өнім (жұмыс, қызмет)
өндіру жолымен қанағаттандыру және осы өнімдерді (жұмыс, қызмет) тиімді
сату.
Жеке кәсіпкерді демеу және қорғау туралы заңда кәсіпкерлер мен
кәсіпорындардың міндеттері қарастырылады.
Кәсіпкерлер еңбек заңына сәйкес азаматтарды жұмысқа қабылдаған кезде
олармен еңбек шартын немесе келісім-шартын жасаулары керек. Келісімнің қай
формасын таңдаса да өз жұмысшыларымен еңбек қатынасын жазбаша жасаулары
керек. Ал жұмысшылар жұмысқа қабылданған кезде жазбаша жүргізілетінін
білулері керек, болмаса басқаша жағдайда олар өздерінің құқығын дұрыс
пайдалана алмайды.
Еңбек ұжымының талабы бойынша жеке кәсіпкер ұжымдық келісім заңына
сәйкес ұжымдық келісім жасауы керек, сонымен қатар өзінің жұмысшыларының
әлеуметтік-экономикалық жағдайларын қорғау мақсатында кәсіподаққа біріккісі
келсе оған кедергі жасамауы керек. Бір мекемеде бірнеше кәсіподақтың болуы
мүмкін.
Заң бойынша кәсіпкер жұмысқа қабылданған жұмысшыларына еңбекақы төлеуді
ұйымдастыруға міндетті, яғни ол жұмысшыларына ең төменгі жалақы мөлшерінен
төмен емес мөлшерде еңбекақы төлеуі қажет.
Егер еңбекақы төлеуге ақшасы болмаса ше? Бұндай жағдайда сақтық қорын
пайдалануға болады, ал егер де сақтық қоры да болмаса онда кәсіпкер өзін
банкрот деп жариялап, жұмысшыларын жұмыстан босатуы керек.
Арнайы құрылған тарату төралқасының шешімімен жабылған мекеме мүлкін
сатып жұмысшыларьшен есеп айырысуға тиісті.
Кәсіпкердің ең басты міндеті – мемлекет алдында салық және басқа да
қаржы міндеттемелерін толық орындау.
Бұл есептерді кәсіпкерлердің өздері жасайды да салық инспекциясына
тексеруге, бақылауға ұсынады және есептелген соманы сәйкес шоттарға
аударады.
Кәсіпкерлер экологиялық қауіпсіздікті, еңбекті қорғау, қауіпсіздік
техникасын, өндірістік санитария мен гигиенаны сақтауға да міндетті.
Сонымен қатар ол қазіргі жағдай мен нормаға сай жасалуы керек.
Қажетті нормативті құжаттарды білмеймін деуге болмайды, бұл істе оны
алу кәсіпкердің жұмысы, ал нормативті актіні сақтау міндеті. Кәсіпорынның
қызмет істеу сферасы бойынша заңға сәйкес рұқсат құжатын алуға міндетті.

1.3 Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталары, кәсіпкерліктің формалары
Кәсіпорындар (фирма) дербес субъект болып есептеледі, ол ең алдымен
экономикалық шешімдерді қабылдаудағы еркіндікті көрсетеді. Бірақ кәсіпорын
қызметіне қатысты кез-келген шешім ішкі және сыртқы ортаның нәтижелерін
есепке ала отырып жасалады. Фирманың ішкі ортасы - кәсіпорынның қызметінің
барлық құрамын қамтитын өзінің экономикасы: өндірістік процестер, өнімді
өткізу, қаржылық, материалдық және кадрлық қамтамасыздық, басқару жүйесі.
Фирманың сыртқы ортасы - бұл кәсіпорынның ұлттық шаруашылықтың бөлігі
ретінде қызмет атқаратын экономикалық, құқықтық және әлеуметтік ортасы.
Кәсіпорынның сыртқы ортасы схема түрінде келесіше сипатталады.

Ұлттық шаруашылықтың кәсіпкерлік секторы экономикалық талдау мақсатында
бірқатар маңызды белгілерге байланысты топталатын фирмалардың көптеген
санынан тұрады. Ең көп таралғаны меншік формасы, көлемі, қызмет сипаты,
салалық қатысуы, өндірістің басым факторы, құқықтық қатысуы бойынша жіктеу.
Енді осыларға тоқталып көрейік.
Өзінің кәсібін бастағысы келген әрбір потенциалды кәсіпкер қызметтің
түрлері мен формаларын, оларды мемлекеттік органдарда тіркеу тәртібін және
салық салу сұрақтарын реттейтін заңдылық сұрақтарымен қақтығысады. Осы
сұрақтар бойынша заңдылықтар көлемі өте кең, бірақ кәсіпкер өз таңдауын
жасайтын негізгі принциптер бар.
Кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға (жолдастықтар, өндірістік кооператив)
немесе жеке кәсіпкер түрінде бастауға болады.
Заңды тұлғалар ішінде көптеген түрлер мен формалар бар, оның ішінде
төмендегілері соңғы жылдарда Қазақстан Республикасында кеңінен тараған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - жолдастықтың бір немесе
бірнеше тұлғаларымен тағайындалған, жарғылық қоры жолдастықтың
құрылтайшылар құжатымен анықталғандай үлестерге бөлінетін жолдастық.
Жолдастыққа қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауапты емес және
жолдастықтың қызметімен байланысты шығындар тәуекеліне өзінің салым көлемі
шеңберінде ғана жауапты болады.
Жауапкершілігі шектеулі жолдастықтың жарғылық капиталы 1000 есептік
көрсеткішті (қазіргі кезде ол 1030 теңге) құрайды және жолдастықтың
құрылтайшыларының салым салу жолымен құрылады. Салымдар ақша, құнды
қағаздар, мүліктік құқық, оның ішінде жерді пайдалану құқы мен
интеллектуалды қызмет нәтижесі құқығы түрінде болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың салымдары ақшалай түрде бағаланады. Егер де салымның
сомасы айлық есептік көрсеткіштің 20000 есе көлемінен асып кетсе, онда
бағалауды тәуелсіз сарапшы жүзеге асыруы керек. Жолдастықты тіркеу
уақытында жарғылық капиталдың кем дегенде 25 % -ы салынуы керек.
Жолдастыққа заңды тұлға да, физикалық тұлға да құрылтайшы бола алады.
Жолдастыққа қатысушылардың саны 50-ден аспауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік кіші кәсіпкерлік субъектісі
формасында қызмет атқара алады. Осындай форманың өзінің ерекшеліктері
жеңілдіктері мен шектеулері бар:
➢ Субъект ретінде ЖШС-нің жарғылық капиталы 100 есептік көрсеткішке
тең және құрылтайшылар арқылы тіркеу кезеңіне 100% салынуы керек;
➢ Жылдық айналым айлық есеп көрсеткішінің 60000 көлемінен аспауы
керек;
➢ Кіші кәсіпкерлік субъектісі критерийіне түсетін жолдастықтың
құрылтайшылары ретінде бір немесе екі заңды тұлға қатысса, онда
олардың жолдастықтың жарғылық капиталындағы үлесі 25%-дан аспауы
керек;
➢ Кіші кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркеуге алынғаннан
бастап үш жыл аралығында жылжымайтын мүлік құқын тіркеу төлеміне
жеңілдік ала алады;
➢ Өндірістік қызметпен айналысатын кіші кәсіпкерлік субъектілеріне
жер бөліктерін беру (сату, жалға беру) олардың жергілікті атқару
органдарына берген арызы бойынша жерді пайдалануға берілетін
актыға төлем алмай және жерді сатып алу төлемін және оны жалға алу
төлемін үш жылға шегере отырып жүзеге асырылады.
➢ Кіші кәсіпкерліктің өндіріспен айналысатын субъектілері
кәсіпорынның қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдану арқылы
электр энергиясының, жылумен қамтамасыз ету және канализацияның
қуатын қосу төлеміне өзгерістер енгізе алады.
➢ Кіші кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қатысы бар екінші
деңгейдегі банктерде есеп - шот ашуға төлем алынбайды.
➢ Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларының жылдық орташа
саны 50 адамнан аспауы керек (фирмаларды қосқанда);
➢ Ойын және шоу бизнеспен айналысатын коммерциялық ұйымдар кіші
кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды;
Толық жолдастықты құру кезінде қатысушылар жолдастықтың мүлкінің
жетіспеушілігі болса оның барлық мүлкі бойынша міндеттемелерге бірге
жауапты болады. Азамат тек бір ғана толық жолдастыққа мүше бола алады.
Командитті жолдастық жолдастықтың міндеттемесіне өздерінің барлық
мүлкімен қосымша жауапты болатын бір немесе бірнеше қатысушымен қатар
жауапкершілігі жолдастықтың мүлкіне салынған салық көлемі бойынша
шектелетін және жолдастықтың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
қатыспайтын бір немесе бірнеше қатысушыны қамтиды. Қосымша жауапкершілікті
жолдастықта жолдастықтың жарғылық капиталына салынған салымдар көлемі
жетпеген кезде оның міндеттемелері бойынша олардың иелігіндегі мүлік пен
олардың салымдарының еселенген мөлшерінде жауапты болады.
Өндірістік кооператив. Ұжымдық кәсіпкерліктің ұйымдастыру заңдылық
формаларының ішінде ең басты орынды ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы
өндірістік кооператив алады. Оның мәні төмендегіше: азаматтардың жеке
еңбекке қатысуына негізделген ерікті түрде ұйымдасуын ұйымдастырушылық және
экономикалық анықтылығын береді.
Өндірістік кооперативтің ұйымдастырушылық негізі мүшелік болып
табылады. Кооператив мүшелерінің саны бестен кем болмауы керек.
Кооператив мүлкі кооператив мүшелерінің пайынан құрылады. Мүлкі
құрамында, кооператив жарғысы бойынша анықталатын мақсаттарға жұмсалатын
бөлінбейтін қорлар болады. Кооперативтің жоғарғы басқару органы оның
мүшелерінің жиналысы болып табылады. Кооперативтің атқару органы басқаша
немесе оның бастығы. Елуден аса мүшесі бар кооперативте атқару органының
қызметін бақылайтын бақылаушы кеңес құрылуы мүмкін.
Өндірістік кооперативтің маңызды сипаттамасы мүшелердің кооператив
қызметі мен еңбекке қатысуына сәйкес пайданы бөлуге міндетті түрде қатысуы
болып табылады. Кооперативті тарқатқаннан кейінгі қалған мүлікті бөлу де
осы негізге сүйенеді.
Заңды тұлға сонымен қатар ашық немесе жабық түрдегі акционерлік қоғам
түрінде қызмет атқара алады.
Өзінің қызметін жүзеге асыру мақсатында ақшалай қаражаттарды тарту үшін
акция шығаратын заңды тұлға АҚ деп танылады.
Жабық акционерлік қоғам – бұл акциясы құрылтайшылар мен алдын-ала
анықталған тұлғалар арасында орналастырылатын қоғам. Олардың жарияланған
жарғылық капиталының көлемі 100 айлық есептік көрсеткішті көрсетеді. Тіркеу
кезеңінде жарғылық капитал 100% төленуі керек. Жабық акционерлік қоғамның
акционерлерінің саны 100-ден аспауы керек, тек бұл қоғам коммерциялық емес
болса ғана 100-ден асуға рұқсат етіледі. Жабық акционерлік қоғамның
акционерлері осы қоғамның басқа акционерлерінің акцияларын сатып алуға
ерекше құқылы.
Ашық акционерлік қоғам - өзінің акцияларын ашық (шексіз тұлғалар
шеңберінде), жабық және жеке тәсілмен орналастыру құқы бар қоғам. Жарғылық
капиталдың жарияланған минималды келемі 50000 айлық есептік керсеткішке
тең, оны тіркеу кезінде құрылтайшылар 25% көлемде жабық түрде салуы керек.
Қалған жарғылық капитал акционерлік қоғам мемлекеттіктіркеуден өткеннен
кейін бір жыл ішінде шығарылуы керек. Егерде жарғылық капитал жеке тәсілмен
орналастырылса онда эмиссияны мемлекеттік органдарда тіркеудің қажеті жоқ.
Егерде жарғылық капиталды орналастыру ашық тәсілмен жүргізілетін болса,
онда акция эмиссиясының мемлекеттік тіркеуі жүргізіледі
Жеке кәсіпкер - өзінің меншігіне, өзінің тәуекелі мен мүліктік
жауапкершілігіне негізделген, кіріс алуға бағытталған, қызметті өз атынан
жүзеге асыратын азамат (тар). Қызметтің осы түрі заңды тұлға білімінсіз
(құрылымынсыз) төмендегі формалардың бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: жеке
кәсіпкерлік (бір азамат) және біріккен кәсіпкерлік (қарапайым жолдастық -
азаматтардың біріккен қызметі келісім бойынша; ерлі-зайыптылардың
кәсіпкерлігі - жалпы біріккен меншік базасында; жанұялық кәсіпкерлік -
жекешелендірілген тұрғын үй немесе шаруа қожалығы мүлігіне жалпы біріккен
меншік негізінде).

1.4 Меншік түріне байланысты кәсіпорындардың жіктелуі.

Экономикадағы меншік категориясының ролі мен орнын түсіну үшін адамдар
үшін қажетті материалдық игіліктер өндірілетін өндіріс тәсіліне жалпы
сипаттама беру керек. Өндіріс тәсілінің екі жағы бар: 1-ші өндіргіш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Өндірістік кәсіпкерлікті жүргізу
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы
Шағын бизнес экономикалы дамудың негiзгi факторы ретiнде
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы
Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары
Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы
Кәсіпкерліктің мәні және мазмұны
Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі
Қоғамдық өндіріс. Қоғамдық өндірістің негізгі принциптері
Пәндер