Кәсіпорынның мәні мен мазмұны


Мазмұны
Кіріспе . . .
1 Кәсіпорынның мәні мен мазмұны
1. 1 Кәсіпорындардың ұйымдастыру- экономикалық түрлері . . .
1. 2 Шағын кәсіпорындардың ерекшеліктері мен кемшілігі . . .
2 Шағын кәсіпкерлік және бизнестің негізін қалау жолдары
2. 1 Шағын бизнестің ерекшеліктері . . .
2. 2 Шағын кәсіпорындыдамытудың кешенді бағдарламалары . . .
3. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорын жағдайын
талдау
3. 1 Шағын кәсіпорындардың даму жолдары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
Кіріспе
Қазақстанда шағын кәсіпкерлік жөнінде 2000-жылдардың басыңда - қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, "шағын кәсіпкерлік" басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша "қымбат" алынып, "арзан" қайтарылды. Шағын кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 2007 жылы қабылданған "ТМД азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы" заңы алғаш рет ресмилендірді. 1998 жылы "Кооперация туралы заң" қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1998-2001 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін шағын кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар зандар қабылданды. Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің дамуына "Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы" (2001), "Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы" (2002) заңы сияқты зандар түрткі болды. 1994 жыддың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15, 7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01. 10. 2002 ж. шағын кәсіпкерліктің субъектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1, 2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Шағын кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6-наурыздағы №3398 "Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы" және 2008 жылғы 27-сәуірдегі №3928 "Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы" жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды. Бұдан басқа, халықаралық қаржы институттарының үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдарының қатысуымен кәсіпкерлікті қолдау қорын құру көзделген. Бұл қордың шеңберінде 5 миллион теңге көлемінде келешегі анағұрлым үлкен жобаларды қаржыландыру көзделуде. Алайда үкіметтің күш салуына қарамастан кәсіпкерлік қызметін белсендетуге шындап бетбұрыс әлі бола қойған жоқ.
1 Кәсіпорынның мәні мен мазмұны 1. 1 Кәсіпорындардың ұйымдастыру- экономикалық түрлері
Шағын кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге
бірінші кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табыла- тын кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.
Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол - көсіпорынның болжамсыз-дықпен, қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процес - бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді итеративті іздестіру процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері (кәсіпкер, табыскерлігіне қолайлы мүмкіндік және қорлар) тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек жаңа бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, соңдай-ақ осы мүкіндіктерді іс-жүзіңде қалай жүзеге асыруды білетін, жаттыққан пікірлестер қомандасына ие болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бірге бастау үшін және оның әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру үшін жеткілікті қорларға ие болулары керек.
Жоғарыда кестеленіп көрсетілген шағын кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы күштерінің ішінде кәсіпкерлер (құрылтайшылар, негізін салушылар) негізгі орын алады. Венчурлік кәсіпкерлер мен өте тәжірибелі кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік табысты алдын-ала анықтайтын 5 аса маңызды факторларды түгендеп беруді сүрағанда олар мұны тағы да растады. Олар: 4 рет кәсіпкер және оның білікті командасы содан соң барып маркетингтік әлеует деп, қарапайым жауап берді. Кәсіпкер - бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершілік-тен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы ондірістің субъективті факторы.
Қазіргі нарықтың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білікті командасы бар фирмалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда бәсекеге анағүрлым қабілетті болып табылады. Менеджерлер командасына келесі анықтаманы беруге болады. Менеджерлер командасы деп тек қорларды таба алатын ғана емес, сонымен қатар оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелік күрестегі өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек кәсіпорынды дамыту және тиімді өндіріспен қамтамасыз ету болып табылатын жоғары білікті мамандар тобын айтамыз.
Команда негізді және жетілген саласына сәйкес еңбек тәжірибесіне машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие болуы керек.
Шағын кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші - бизнесті іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік жарылыс нәтижесінде пайда болған "үнсіз" төңкеріс жайлы айтуда. Шетелдік ғалымдар кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орынды ой және оларды іске асыру мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп, ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа қуаттарға, объекгілерге деген қажеттілік пайда болғанда, құрылыстар мен ғимараттарды қайта құру қажеттілігі пайда болғанда, тапсырыс берушілердің жаңадан туындаған қажеттіліктерін қанағаттандыруда тапшылық пайда болғанда немесе тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бөсекелестердің ұсынған қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда құрылыс бизнесі үшін де мүмкіндік пайда болады. Кәсіпкер үшін осы мүмкіндікті уақытысында байқау ғана емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.
Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып келе жатқай нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәсіпкерлер, табысты кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын таңдауына тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз - бұл басқаларға әлі көріне қоймаған, көрінсе де не өте ерте, не өте кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру.
Кәсіпкерлік процесінің үшінші қозғаушы күші - бұл қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану ұсынылады: Шағын фирмалардың негізгі өндіріс корларының үлкен бөлігінің сатып алынуымен емес, ал жалға алынуымен қамтамасыз етілетін ең аз мөлшердегі қорлармен жоғары нәтижелілікке жету.
Осындай козкарастардың арқасында қаржылық қорлардың қажеттілі-гін қысқартын, тәуекелді елеулі түрде азайтуға болады.
Шындығына келгенде, табыс кәсіпкерлердің кәсіпкерлік процестің барлық қалған элементтерін қозғалысқа келтіре білуі мен дарындылығы-нан басталады.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің 7 концепциясы бөліп көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып табылады және кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік процеске өздерінің түсініктемелерін береді. Оларға жататындар:
1. Шағын кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы мектебі.
- Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі.
- Кәсіпкерліктің классикалық мектебі.
- Кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі.
- Кәсіпкерліктің ішкі мектебі.
- Кәсіпкерліктің маркетингтік ұстанымындағы мектебі.
7. Кәсіпкерліктің менеджменттік ұстанымындағы мектебі.
1. 2 Шағын кәсіпорындардың ерекшеліктері мен кемшілігі
Қазақстанда шағын кәсіпкерлік жөнінде 2000-жылдардың басыңда - қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, "шағын кәсіпкерлік" басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша "қымбат" алынып, "арзан" қайтарылды. Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1997 жылы қабылданған "ТМД азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы" заңы алғаш рет ресмилендірді. 1998 жылы "Кооперация туралы заң" қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1998-2001 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 2001 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар зандар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына "Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы" (2001), "Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы" (1992) заңы сияқты зандар түрткі болды. 2004 жыддың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15, 7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01. 10. 1998 ж. шағын кәсіпкерліктің субъектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1, 2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Кәсіпорынның дамуының әртүрлі сатылары: бастама, бизнестің пайда болуы, кемелдену мен өсу сатылары әр кәсіпкердің мінез-құлқы мен қасиеттеріне әртүрлі талап қояды.
Шағын кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалау ұстанымындағы мектебі: Кәсіпкер болып туыла ма жүре келе әлде, бола ма? Адамды менеджерлік, жетекшілік және кәсіпкерлік жұмысқа үйретуге бола ма, әлде адам бұл қызметтерді жүзеге асыруда табиғи қасиеттерге ие болу керек пе? деген сұрақтарға жауап табуға тырысуда. Кәсіпкерліктің осыңдай мектебі табысты кәсіпкер болу үшін белгілі бір жеке қасиеттерге ие болу қажеттілігіне ерекше көңіл аударады. Басқаларды рухтандыру және қызықтыру үшін кәсіпкер өз ойының немесе бизнес концепциясының өмір сүргіштігін дәлелдеп қана қоймай, қойылған мақсатқа жету үшін басқаларды да қызықтырып, сендіруі керек. Басқаларға осындай ықпал ету үшін, кәсіпкердің басқа кәсіпкерлерден де табысты болуына мүмкіндік беретін белгілі бір қасиеттерге ие болуы шарт.
Шағын кәсіпкерліктің осы мектебіне сәйкес кәсіпкерлер тиісті шешім қабылдауда және бизнесті іске асыру мүмкіндіктерін табуда сезімдік қабілеттерге ие болады. Басқа мектептердің өкілдері нарықты болжау мен талдауға айрықша көңіл болсе, кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттері ұстанымындағы мектеп кәсіпкердің табиғи сезіміне ерекше көңіл аударады. Ли Якокканың түсіндіруі бойынша, бұл - проблеманы сезіну және шешім қабылдауда ал басқалар алдымен талдау жасау үшін мәліметтер мен деректерді жинап, талдап, қорытады және шешім қабылдаудың тым нысандандырылған әдістерін қолданады.
Бұл мектепке сәйкес табысты кәсіпкер тәуелсіздік пен жетістікке ұмтылады және жұмыс істеу қабілеттілігі мен табындылығы жоғарғы дәрежеде болады, тек қана өз қабілетіне сенеді. Мектеп ішінде жігерлік, қажырлық, көрегендік, дербес шешім қабылдай білу және аянбаушылық сияқты қасиеттерге ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан басқа кейбір физикалық (бойы, салмағы) әйгілілік, білімділік, кең өрістілік, байланыс жасауға бейімділік, парасаттылық, шешендік өнер, әдептілік, батылдық және дипломатиялық сияқты біршама сипаттамалар да аталады.
Мұңдай көзқарастың негізгі қарсыластары - кәсіпкерліктің көбінесе жағдаймен анықталатын әр алуандылығын мінез-құлық белгілері арқылы сипаттау мүмкін емес дейтін жағдайлық көзқарастың жақтастары болып табылады. Казіргі менеджмент теорияларында жағдайлық көзқарастың мықты ұстанымды жеңіп алуына қарамастан, шағын кәсіпкерліктің жеке қасиет ұстанымындағы теория басқа жасалып жатқан концепцияларға қарағанда өзінің жекелілігі мен қарапайымдылығының және де кәсіпкердің жеке қасиеттерін бағалау мүмкіңдігінің арқасында кеңінен тарады.
Бұдан басқа жеке қасиет ұстанымындағы мектепке жақын тұрған мектеп ол - шағын кәсіпкерліктің психологиялық мектебі. Ол кәсіпкерлерді жұмысқа және өмірге деген өте сирек кездесетін көзқарастар мен құндылықтарға ие деп санайды. Психологиялық мектеп те жеке қасиет ұстанымындағы кәсіпкерлік мектебі сияқты кәсіпкер басқалардан айрықшаланатын айқын белгілермен сипатталады деп санайды. Жоғарыда атап өткен мектепке қарағанда психологиялық мектеп кәсіпкер қасиеттерінің келесі 3 тобын бөліп көрсетеді: 1) көзқарастар мен құндылықтардың жеке тұлғалық жүйесі, оларға адалдық, жауапкершілік және әдепті тәртіп жатады; 2) тәуекелге бейімділік; 3) жетістіктерге деген құштарлық. Қүндылықтардың жеке тұлғалық жүйесі жайлы, атап айтқанда әдепті тәртіп жайлы айтар болсақ, бірден "шынында да ол осылай ма"? деген сұрақ туындауы мүмкін. Тәртібі әдеп нормаларынан әлдеқайда алыс қаншама кәсіпкерлерді білеміз. Солай бола тұра бұл саладағы қазіргі зерттеулер кәсіпкерлердің негізгі көпшілігінің әдептілік пен адалдық стандарттарына жауап беретіндігін растайды. Сондай-ақ мектеп іліміне сәйкес кәсіпкерлік шеберлікке дәрісханаларда оқыту мүмкін емес, кәсіпкерлік қасиеттердің көбісі жеке тұлғаның сонау алғашкы қалыптасу сатыларында негізін қалайды. Осы мектептегі бір автордың пікірінше, тәуекелге бейімділік кәсіпкерді менеджерден айрықшалайтын, үстемдік етуші фактор болып табылады. Кейбіреулер шағын кәсіпкерлік кызметті ең алдымен тәуекелді өз мойнына алу деп санайды. Бірақ тәуекелге бейімділік тек қаржылық саланы ғана емес, сондай-ақ жеке мансап пен жанұялық қарым-қатынас саласын да қамтиды. Қазіргі заманғы сөздіктердің барлығында кәсіпкерлікке берілген анықтамада тәуекелді өз мойнына алу сияқты қасиеттер аталады. Әрине сөз кәсіпкердің барлык мал- мүлкін тігуімен байланысты тәуекел жөнінде емес, орташа, қадағаланатын тәуекел жөнінде болып отыр.
Жетістікке деген құштарлық, еңбекқорлық және қажырлық кәсіпкер үшін таптырмас қасиеттер болып табылады. Адамгершілік фактор, былайша айтқанда сәйкес қасиеттердің жинақталуымен сипатталатын кәсіпкердің жеке тұлғасы, оған тек кәсіпорын құруға ғана емес, сондай-ақ бизнесте сәтті жұмыс істеуге де мүмкіндік береді. Жетістіктерге деген құлшыныс көптеген болашақ кәсіпкерлер үшін ірі ұйымдардағы бюрократия жағдайында жұмыс істеуден бас тартуға және өзінің жеке кәсіпорнын құру жолдарын іздестіруге итермелейтін күшті ынталандыру көзі болып табылады.
Осы мектептің ілімін қарастыра келе, психологиялық мектеп кәсіпкердің бастапқыда айқын қасиеттер мен құндылықтар жүйесіне ие болуы керектігімен сәйкестеңдірілген концепцияны ұстанады деген қорытынды жасауға болады. Әйтсе де, бұл қасиет-терге жас күнінен ие болып, жеке өмір сүре бастағанға дейін жақсы қалыптасқан болуы керек, себебі бұл қасиеттер мен қабілеттерді дәрісханада оқыту мүмкін емес. Қазіргі заманғы кәсіпкердің негізгі қажетті сипаттамаларына мыналарды жатқы-замыз: жетістіктерге деген құштарлық, тәуекелге бейімділік және құндылық жүйесі, соның ішінде адалдық, жауапкершілік және әдепті тәртіп.
2 Шағын кәсіпкерлік және бизнестің негізін қалау жолдары
2. 1 Шағын бизнестің ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерліктің классикалық мектеп ілімдері, кәсіпкерлік процесінің құрамы жаңартпашылық және жасампаздық қызметінен тұрады, сонымен қатар кәсіпкердің өз кәсіпорнының меншіктенушісі болуы міндетті емес деп санаған Шумпетер ілімімен үндеседі.
Жоғарыда аталып өткендей кәсіпкер сөзі француздың сөзінен шыққан, оның мәні "бірнәрсе істеу", жауапкершілікті өз мойнына алуды білдіреді. XVIII ғасырдың басында кәсіпкерлер деп әскери қаржы жұмсауды жүзеге асыратын адамдарды атаған. 1700 жылы бұл терминнің мәні кеңейе түсіп, ол өз мойнына көпір, кемежай, заставалар және басқа әскери объектілерді салу міндетін жүктейтін мердігерлерді де қамтитын болды.
Классикалық мектеп бойынша тәуекел элементтері бар жаңартпашылық пен жасампаздық қызметі кәсіпорынды қүру кезеңінде әрі жүмыс істеу кезеңіндегі кәсіпкерлік қызметтің негізгі шешуші факторы болып табылады. Бүдан басқа басқару түріне және жаңартпашылық сипатқа ие жаңа кәсіпорын ұйымдастыру мүмкіндіктерін іздестіру бағытына да ие болуы керек. Сонымен қатар, көптеген ғалымдардың пікірінше, жаңартпашылыққа бүл субъективті табиғи фактор болып табылады. Өйткені жаңа енгізілім жасауға бейім адамдар жаңартпашылық қызметті көбінесе қоғамның дамуына үлкен үлес қоса отырып, өздерінің жаңартпашылық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырады.
Шағын кәсіпкерліктің жетекшілік ұстанымындағы мектебіне сәйкес, кәсіпкер - белгілі мақсаттарға жету мақсатымен басқаларға әсер ете алатын жетекші болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің жетекшілік ұстанымындағы мектебі кәсіпкердің және менеджердің адамдарды уәждеу, қызықтыру және соңынан ерту қабілеттеріне көңіл аударады. Кәсіпкер ең алдымен мүмкін болатын даму келешегін басқалардан жақсырақ көретін және өзінің стратегиялық жоспарын іске асыру үшін басқаларды соңынан ерттіріп, қызықтыра алатын жетекші болуы керек. Бұл мектеп шеңберінде 2 ағыс бар. Бірінші ағыстың ауырлығы кәсіпкерліктің жеке тұлғалық тұрғысындағы мектепке түседі және кәсіпкердің бәсекелік жағдайға бейімделу мүмкіндігі, қарым-қатынас жасау, жігерлілік, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болуы сиякты белгілі қасиеттер мен мінез-құлық ерекшеліктеріне ие болу қажеттілігі көзқарасын қолдайды.
Осы мектептің екінші бағыты келесі сұрақтарға жауап табуға тырысады:
* Жетекші-кәсіпкер нақты орындаушылар үшін мақсаттар мен тапсырмаларды қалай қалыптастырады және оның іске асырылуына қалай қол жеткізеді?
* Тапсырманың орындалуына кәсіпкер-жетекші қалай жағдай жасайды?
Бұл мектеп концепциясының негізінде ұжым ішінде белгілі бір жақсы жағдай жасау арқылы адам ресурстарын басқару жатыр. Мектеп, кәсіпкер-жетекшіні "адам жанының архитекторы" деп кездейсоқ айтпайды.
Басқа мектептерге қарағанда кәсіпкерліктің ішкі мектебі ірі кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігі мен жаңартпашылық белсенділік-терінің төмендеуіне жауап ретінде пайда болды.
"Ішкі" деп аталатын кәсіпкерлер ұйым ішінде әрекет ету еркіндігін алады, кәсіпкер сияқты іс-әрекет етіп, өз ойларын іске асыру мүмкіншілігіне ие болады, бірақ сол кәсіпорынның меншіктенушісі болмайды. Бизнестегі ашылып келе жатқан жаңа мүмкіндіктерге қабілетті болу бұл ішкі кәсіпкерлік қызмет сипаттамаларының бірі болып табылады. Мұндай көзқарас қазіргі уақыттағы ұйымдардың әрі қарай дамып, өз қызметін басқа салалар мен аймақтарға әр тараптандыруына мүмкіндік береді. Ішкі шағын кәсіпкерлік тәуелсіз, құрылымдық бірліктерге өздерінің өткізу нарықтарын табуға, қызмет көрсету, технология және өндіріс әдістері саласындағы жаңа енгізілімдер жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерліктің ішкі мектебі қазіргі ұйымдарда жаңа енгізілімдер, жекелеген жұмысшылардың автономдық құрылымдық бірліктерде кәсіпкер ретінде жұмыс істеулеріне мүмкіндік беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін деп ұйғаруда.
Бұл мектептің концепциясына сәйкес, бюрократиялық құрылымдардың қысымын азайтуға және басқарудың ортаңғы буынында кәсіпкерлік белсенділікті жандандыруға әрекет жасалды, сонымен қатар ұйым ішінде жекелеген топтарды кәсіпорын иемденушісі жасау мақсат етілмеді. Мектеп концепциясына сәйкес теңгерілген менеджерлер командасын құруға ерекше кеңіл аударылады, себебі топ түрінде жұмыс істеу тек келешекте одан ары дамудын жақсы мүмкіндіктерін табуға ғана емес, сондай-ақ сол ойларды іс жүзіне асыруға мол мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz