Экологиялық дағдарыс. Рим клубы
1. Экология туралы ұғым
2. Экологияны зерттеген ғалымдар
3.Экологиялық қауіпсіздік деген не?
4. Еліміздегі экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы
5. Рим клубының жұмысы

Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде . Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ , өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Осыдан кейін, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады.
1. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.
Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.
2. Экология негіздері.
Ғ. Сағымбаев.
3. Экология.
Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.
4. Денсаулық журналы.
5. Экология.
Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) мекен еткен табиғи орта туралы білім деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы экология терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология - тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде . Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ , өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Осыдан кейін, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады. Экология ғылымының мақсаты - барлық тіршілік атауының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.
Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-тендігі бұзылып, табиғи жүйесінің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Табиғат әлемі - адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды . Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп-жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясының 6-бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді . Қазіргі әлемдік денгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы ҚР-ның жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында және 1992 жылғы ҚР-ның Білім беру туралы заңында, 1996 жылғы ҚР-ның Экологиялық қауіпсіздіктің тұжырымдамасында көрсетілген. Сонымен қатар ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңының 89-бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі . Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші - адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, ешбір даму немесе еш болашақ болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын жадында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе. Осы тұрғыда Я.А.Коменский Тәрбиенің негізі - табиғат, ал адам - табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы деп сипаттаған. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды деп жазды. Ал, психологтар Л.С.Выгоцкий, С.А.Рубинштейн, И.С.Кам, Е.М.Кудрявцева, Ж.Жарықбаев т.б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген тұжырым айтады.
Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие берудің аса маңыздылығы бұл қоғамдық талаптардан туындап отырған мәселе. Өзге емес, дәл қазіргі жағдайда еліміз экологиялық аса қауіпті аймақтарымен әлем назарына ілігіп отыр. Осы тұрғыда еліміздің кез-келген азаматы экологиялық жоғары сауатты болуы өте қажеттілікті талап етеді . Сондықтан шығарылған заңдар мен тұжырымдамаларға сәйкес экологиялық білімнің ғылыми негізі қазіргі таңда жасалынып та болды. Осыған орай еліміздің білім беретін бүкіл мектептерінде экологиялық тәрбие мен білімді бастауыш сыныптан бастау өте қажет. Себебі, бастауыш сыныптағы оқушылар білімге деген құштарлығымен бірге осы экологиялық оқу тәрбие барысында қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйспеншіліктері мен білімдерін қатар қалыптастыра алады. Мектеп тәрбиесінің ерекшелегі табиғатты сүйіп қана қоймай, оны қорғауға баулу. Табиғатты қорғау қарапайым істерден басталады. Бөлме өсімдіктерін күту, оны өсіру мектеп ауласына гүл, ағаш отырғызу, оны жұлмау, сындырмау, яғни мектеп тәрбиесінің басты саласы деп есептеуіміз керек. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету -- әрбір адамның қажетті борышы. Расында да, біз бабамыздан ел, анамыздан ер, бүкіл халқымыздан туған жерді, оның асыл қазынасын қызғыштай қорып, молайта отырып, үнемдеп пайдалануды үйренгенбіз. Табиғат сандаған ұрпақ игілігі. Табиғаттың бізге берері де өте шексіз. Сондықтан да, оны қорғап, молайта отыра пайдалануға күш жұмсау -- әр парасатты адамның парызы. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана! Табиғат адамның бойына қуат, көніліне шабыт сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат - адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Бастауыш сыныпта берілген білім мен тәрбие баланың дүниетанымының, болашақ білімдарлығының түп тамыры бола алады. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыруды құштарлығы басым кезде үйрету абзал. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ ұрпақтарының кез-келгені экологиялық сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғат пен жан дүниесі үйлескен дүниетанымы кең болып тәрбиеленеді .
Алғаш рет ғылыми әдебиетте табиғатты қорғау мәслесін педагогикалық тұрғыдан профессор В.Н.Скалон қарастырды. Ол Гүлденген, мол табиғат - арман емес, бұл шындық, ал оның мүлтіксіз сақталуы бізге баланысты... Кішкентай кезінен балаға жануар болсын, өсімдік болсын барлық тірі дүниге аяушылық сезіммен қарауды үйрету керек, сонда барып адамгершіліктің негізі қаланады дейді . Әрбір адамның табиғатқа қарым-қатынасы өзіндік жеке сыртқы ортамен байланыстың қалыптасуы тәрізді дара тұлғалық іс-әрекеті болып табылады. Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян . Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғам мен табиғаттың арасында жаңа сипаттағы жағдай қалыптасты. Соңғы кезде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына орай адамдардың табиғатқа тигізетін ықпалы елеулі түрде күшейіп, бұл әрекет тіршілік ортасының белгілі дәрежеде өзгеріп, бұзылуына әкеліп соқты. Қазіргі таңда пайдалы қазбалар қорының сарқылуы, жер бетіндегі өсімдік пен жануарлар дүниесінің азаюы, сол сияқты табиғи ортаның шектен тыс ластануы қауіп тудырып, проблемаға айналуда. Әсіресе өндірісте өңірлерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық бұл жағдай адамдардың денсаулығына әсер ете бастады. Салғырттықтың салдарынан химиялық заттардың биосфераға таралуы табиғи мөлшерден бірнеше есе асып кетті. Жыл сайын жер қойнауынан 120 млрд. т дейін құрылыс материялдары, жанғыш пайдалы қазбалар мен кен алынады, 560 млн т. аса химикаттар мен минералды тыңайтқыштар егіс даласын тыңайтуға жұмсалады, 600 млн текше метрге дейін өндірісте пайдаланылған қалдық су қоймаларға, су көздеріне төгіледі, 200 млн т. қатты қалдық қоқысқа тасталады. Жыл сайын 2 млрд т .қазба отындары жағылып, атмосфераға 5,5 млрд т. СО2 енеді екен. Қазақстандағы 182 млн га жайылымның 110 млн гектары әр түрлі деңгейде зиян шекті, ал 7 млн га орман жойылып кетті . Соған қоса тропиктік ормандардың өртенуі мен топырақтағы қара шіріктің тотығуы салдарынан шамамен 1,7 млрд т парникті газ ауаға араласады . Ауада СО2 , метан, фреон сияқты газдардың шамадан тыс көбеюі салдарынан ғаламдық климат жылынуда. Эколог ғалымдардың зерттеулері бойынша ауа райы жыл сайын экватордан полюске қарай 1,5 шақырым жылдамдықпен жылынып барады . Ауа осылай ластана берсе, ауаның орташа жылдық температурасы 60-70 жылдан соң 2-3 градус жоғарлайды екен .
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының таратқан мәліметтеріне сүйенсек , қазір дүние жүзіндегі адам өлімінің 6 пайызы ғаламдық климаттың жылына бастауына байланысты болып отыр. Атмосфералық қысымның қайта-қайта құбылуы адамдардың денсаулығына әсер етіп инфаркт, инсульт, бастың сақинасы, қан қысымының ойнамалылығы сияқты дерттер көбейіп барады. Аталған ұйымның мамандары қоршаған ортаның өнеркәсіптік зиянды қалдықтарымен ластануынан таяу жылдары жер бетінде 8 млн адам ажал құшады деген болжам айтады . Егер адамзат атмосфераға таралып жатқан көмір қышқыл газын шектеуді қолға алмаса, осы ғасырдың аяғына қарай ғаламшарымыздағы орташа температура 8 градусқа дейін ысиды да экватор сызығына жақын орналасқан аймақтар адам баласының өмір сүруіне мүлде қолайсыз жағдайға жетеді деген тоқтамға келді. Өндірістің табиғатқа, қоршаған орта жағдайына сайып келгенде адамның өз денсаулығына қандай зиян келтіріп отырғанын ұғу үшін осы бір деректің өзі де жеткілікті болар. Дүние жүзінде экологиялық зардапты проблеманың тууы негізінен адамдардың шаруашылық мақсаттарды жүзеге асыру кезінде сол әрекеттердің ортаға, табиғатқа тигізер әсерімен санаспауы, олардың экологиялық сауатының кемшілігі, қоршаған ортаның үндестігіне жауапсыздықпен қарау, табиғат қоры шексіз деген жалған ұғымның етек алуына, шикізатты ұқыпсыз пайдалануына байланысты болып отыр. Сондықтан жыл сайын жерді суландыру , орманды қалпына келтіру өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, өндіріс орындарының ауаны ластауына жол бермеу топырақтың құнарын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу мақсатында жұмыс жүргізілуі керек. Табиғат пен қоршаған орта көздерінің тыныштығын бұзғанды, қолдан жасалған өзгерісті қаламайды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz