Шаянтәрізділер


Жоспар
1. Кіріспе: . . .
2. Шаянтәрізділердің құрылысы мен ішкі мүшелер жүйесі: . . .
3. Шаянтәрізділердің сан алуандығы: . . .
4. Шаянтәрізділердің шаруашылықтағы маңызы: . . .
5. Қорытынды: . . .
Кіріспе
Шаянтәрізділер-дене бөліктері айқын бөлінбейтін, желбезек арқылы тыныс алып, суда (теңізде, мұхитта, тұщысулы қоймаларда) мекендейтін буынаяқты жәндіктер. Шаянтәрізділердің 25-30 мың түрі бар деп есептеледі. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардың басындағы екі жұп мұрты, желбезек арқылы тыныс алуы жұмыртқадан дамуы арқылы ерекшеленеді.
Өзен шаяны . Бұл шаян өзен-көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді. Ол судың тазалығын қалайтын жәндік. Шаянның денесіекі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі-ұзын, бірі-қысқа екі жұпбунақталған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақталған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қышқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі.
Шаянтәрізділердің құрылысы мен ішкі мүшелер жүйесі
Шаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтарының әр қайсысында екі-екіден екі тармақты қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық жүзбеқанатымен аяқталады. Құрсақтың соңғы бунағында аналь тесігі болады. Олар су түбінде бунақталған жүру аяқтары арқылы жүреді де, ал суда бунақталған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Сөйтіп ол су түбінде қозғалғанда -алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұл кезде хитинді жабынмен қапталған аяқ немес құрсақ құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағындағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды. Сондықтан шаянның сауыты қорғаныш жабын ғана болып қоймай, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылы буындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады. Шаян аузының айналасындаүш жұп жақ және қысқыштарына тақау үш жұп жақаяқтары болады. Шаян корегін жақаяқтарымен қармап, жақтарымен ұсақтайды. Шаянның аузы хитинмен қапталғандықтан, ашылмайды да, ұсақталған коректі бірден жұтады. Корек кеңдеу келген қысқа өңешке, одан екі бөліктен тұратын қарынға түседі, оның біреуі-күйіс қарын, екіншісі-сүзгілі қарын. Күйіс қарында хитинді тісшелер болады, қарынның қабырғасы жиырылған кезде тісшелер жұтылған коректі ұсақтайды. Корек одан әрі сүзгілі қарынға түсіп, ондағы хитинді өскінсілер арқылы сүзіледі ортаңғы ішекке қарай жылжиды. Ортаңғы ішекке асқорыту безі бауырының өзектері ашылады, асқорыту безінің сөлі сол өзектер арқылы ішекке құйылады. Осы сөлдің әсерінен корек толық қортылып еритін затқа айналады да, ішек қабырғасына және бауырға сорылып, қанға өтеді. Коректің қортылмай қалған қалдығы артқы ішекке барады да, содан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Шаянның қан айналымы арқа жағын ала орналасқа жүрек пен қантамырлар-салатамыр арқылы жүзеге асады. Тамырлардағы қаннан жүрек қимылға келеді, сөйтіп, қан тамырлар соғады. Жүрек-пішіні бесбұрышты кішкене қалта, оған дене қуысындағы түссіз қан тікелей келіп тұрады. Жүрек жиырған кезде қанды салатамырға айдайды да, қан салатамырдан ішкі мүшелер аралығына барады. Қан ішекте қортылған коректі, сондай-ақ желбезек арқылы оттегін қабылдап, зәршығару мүшелерін сүзіп өтіп, оларға оттегімен корек жеткізіледі де, мүшелердегі көмірқышқылгазды(желбезекке) және бөлінген сұйық өнімді(зәршығару мүшелеріне) алып кетеді.
Шаянның сезім мүшелері күшті дамыған және олар жүйке жүйесімен тығыз байланыста болады. Сезім мүшелері сыртқы орта әрекетін жүйке түйіндеріне соның нәтижесінде дене тітіркенеді де, оған тиісті жауап қайтарады. Шаян сезім мүшелері баскөкіректің алдыңғы бөлігінде жатады. Бұл бөліктен ең алдымен сипап сезу және иіс сезу мүшелерінің қызметін атқаратын бір жұп ұзын мұртшалармен тепе-теңдік, есту мүшелерінің қызметін атқаратын бір жұп қысқа мұртшалар көрінеді.
Сондықтан шаян мойны жоқ болса да денесін бұрмай-ақ айналасын толық көре алады. Өзен шаяны-күрделі көзді жәндік. Күделі көз-көптеген көзшелерден құралады. Мұндай көздің ерекшелігі-әрбір көзше алдындағы заттың тек өзіне қараған бөлігін ғана көреді де, күрделі көз құрамындағы барлық көзшелер бірігіп, затты толық көре алады. Сондықтан көрудің бұл тәсілі жинақтап көру деп аталады. Күрделі көздегі көзшелер саны бірнеше мыңға дейін жетеді, мысалы шаянтәрізділерге жататын асшаянның күрделі көзіндегі көзшелер саны-3020. Өзен шаяны-дара жынысты жәндік. Аналығының-құрсақ бөлігі, аталығының баскөкірек бөлігі жалпақ болатындықтан, бір-бірінен ажырату оңай. Аналық шаян қыс соңында 60, кейде 500-600 жұмыртқа салады, шаянның жұмыртқасы уылдырық деп аталады. Ұрықтанған уылдырықтар жабысқақ болады да, аналық шаянның құрсақ бөлігіндегі аяқтарына жабысып, жұмыртқадан жаңа шыққан жас шаяндар да алғашқы кезде сонда тіршілік етеді. Жас шаяндар хитинді жамылғыны мезгіл-мезгіл алмасырып, түлейді. Жаңа түлеген жас шаянның хитині жұмсақ және түссіз болады. Осы кезде ол тез өседі де, хитинге әк сіңіп қатайады. Хитині әктенгенде шаян өсуін тоқтатады, өйткені хитинді жабын өте тығыз созылмайтын болғандықтан, шаянның денесін қысады.
Шаянтәрізділердің сан алуандығы
Шаянтәрізділердің табиғатта сан алуан түрлері кездеседі. 200 миллион жылдан бері Жер бетінде келбетін өзгертпестен тіршілік етіп келе жатқан дулығар-жаңбырдан соң сүрлеу жол торабынан табылатын шаянтәрізді жәндік.
Шаянтәрізділердің кездеспейтін жері жоқ, олар тоқтау суларда да, теңіз бен мұхитта да, арктикалык көлдерде де су қоймалар мен тартылып кететін суларда да жағажай құмында да шабындықтарда да тіпті үйде де тіршілік етеді. Олар судың тұздылығына, температурасына, қышқылдығына, судағы газ құрамына оп-оңай бейімделеді. Каспий теңізіндегі ең тұзды бұғаз-Қарабұғаз көлін суында артемия деген шаянша тіршілік етеді. Ал кейбір тармақмұртты шаяншалар суы тартылған суқоймада үш жыл бойы тіршілігін жоймайды.
Шаянтәрізділердің мөлшері де алуан түрлі- дафния және циклоптың тұрқы 1-8 мм, ал жапондық таңқышаяны алдыңғы аяқтарын созғанда қысқыштарының аралығы 3 метрге жетеді. Олардың пішіні, сондай-ақ реңі бірін-бірі қайталамайды, кейбір онаяқты шаянтәрізділер реңін мекен еткен жерінің түсіне клтіріп, өзгерте алады.
Шаянтәрізділердің біреуі еркін жүріп, жүзе алатын болса, енді біреуі астындағы заттарға бекініп, тапжылмай отырады. Теңізжаңғақ, теңізүйрек тәрізді мұраяқты шаянтәрізділер қозғалмай тіршілік еткендіктен олардың денесі әктенген бақалшақпен қапталады.
Теңіз планктонының 90 процентке жуығы шаянтәрізділерден құралады. Планктон дегеніміз-су бетінде қалқып жүретін ұсақ тірі ағзалар. Олардың кейбіреуі-өсімдікпен, енді біреуі жәндіктермен қоректенеді. Қалқыма шааяндардың негізгі қорегі-ұсақ балдырлар. Суда да, ылғалды құрлықта да тіршілік ететін жылбысқа-өсімдікпен қоректенетін шаянтәрізділердің бірі, оның Өзбекстандағы түрі шабындықтағы өсімдіктерді жайпап жібереді. Ал онаяқты шаяндар-өзен шаяны, қысқышсыз шаян, омар, таңқышаян-жыртқыш жәндіктер, бұлардың кейбіреуі шіріген жануар және өсімдік қалдықтарымен қоректеніп, кейбіреулері паразиттікпен тіршілік етеді.
Шаянтәрізділердің тіршілік ету ұзақтығы түрліше болып келеді. Мұртаяқты шаяншалар-7 жыл, ал жамбасқұрттар 30 жылға дейін әрекетін тоқтатпайды.
Шаянтәрізділердің шаруашылықтағы маңызы
Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz