Бизнес – жоспарлаудың мәні мен мазмұны лекция


1 - тақырып. Бизнес - жоспарлаудың мәні мен мазмұны
Дәріс мақсаты : Студенттерге бизнес жоспар туралы түсінік беру, оның
өндіріс үшін маңыздылығын түсіндіру. Оның негізгі
принциптерімен, бизнес - жоспардың негізгі мақсаты,
қажеттіліктері, артқаратын қызметтері, негіздемелері
және тәсілдерін таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. 1. Бизнес - жоспарлаудың мәні, мазмұны.
1. 2. Бизнес - жоспардың атқаратын қызметтері.
1. 3. Бизнес - жоспарлаудың негіздемелері мен тәсілдері.
1. 1. Бизнес - жоспарлаудың мәні, мазмұны.
Жоспарлау - бұл әрбір кәсіпкерлік жұмыстардың нормасы болып табылады. Бизнес-жоспарлау фирманың жеке кәсіпкерлік жұмыстарының әділ бағасы бола отырып, нарық талаптарын шешудегі қажетті құрал ролінде атқарады, яғни кәсіпорынның негізгі аспектілері сипатталады. Бизнес-жоспарлау - бұл ғылыми зерттеу және жобаларды жасау жұмысы болып табылады.
Бизнес-жоспарлауды кәсіпорынды басқарудың негізі десек, асыра сілтеген болмаймыз. Бизнес-жоспарлау арқылы кәсіпорын басшысы өз кәсіпорынының қате кемшіліктерін, жетістіктерін көру мүмкіндігіне ие болады.
Бизнес-жоспарлаудың негізгі мақсаттары несие алу, немесе инвестициялар енгізу, фирманың стратегиялық және физикалық жұмыстарын анықтау т. б. болып есептеледі.
Бизнес-жоспарлау кәсіпорынның алдында тұрған стратегиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:
- кәсіпорынның ұйымдастыру - басқару және қаржы экономикалық
жағдайын бағалау;
- кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің потенциялдық мүмкіндіктерін
анықтау, оның күшті және әлсіз жақтарын зерттеу;
Бизнес - жоспарлауды төмедегілер негіздейді:
- нарық жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуінің жалпы және
меншікті деңгейлері;
- бәсекенің стртегиясын және тактикасын таңдау;
- кәсіпорын мақсаттарына жету үшін қажетті болған қаржылық,
материялдық және еңбек ресустарын бағалау;
Бизнес жоспарлау өндірістің дамуының мүмкіндіктерінің әділ ұсыныстарын белгілеп береді, нарықтағы тауарды өткізудің әдістерін, бағаны, пайданы, тәуекелділік зоносын белгілейді. Оларды төмендетудің жолдарын ұсынады. Бұнда кәсіпорынды басқаруға байланысты ішкі және сыртқы мәселелерді, яғни басқа фирмалармен өзара қатнастардың жолдары да қарастырылады. Бизнес-жоспарлауға тапсырыс берушілер негізінен кәсіпкерлік қызмет жасаушы юридикалық және физикалық жақтар болу мүмкін.
Бизнес-жоспарлауды орындаушылар - бұл маркетингтік зерттеу бойынша жобаластыруға мамандандырылған фирмалар, авторлар ұжымы және эксперттер болуы мүмкін.
Нарықтық экономикада бизнес жоспарды кәсіпкерліктің барлық саласына қолданылатын жұмыс құралы болып табылады. Бұл жоспар фирманың қызмет ету процесіне сипаттама береді, фирма басшылары қойылған міндеттердің орындалуын қалай жүзеге асыратындықтарын көрсетеді, ең бірінші кезекте - компанияның табыс көзін жақсарту. Жақсы құрылған жоспар фирманың өсуіне, ол қызмет ететін нарықта жаңа позицияларды иемденуге, өзінің дамуында неғұрлым жақсы преспективті жоспарлар, жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндірісінің тұжырымдамаларын құруға және оларды жүзеге асыруда неғұрлым ұтымды әдістерді таңдауға көмек береді.
Бизнес - жоспар, ережеге сай, жүйелі түрде жиналып отырады, оған фирма ішінде болатын ауыстырулар сияқты фирма қызмет ететін нарықтағы және тұтастай экономикадағы ауыстыруларға байланысты өзгертулер енгізіледі. Осылайша бизнес - жоспар кәсіпкерге фирма ішілік және макроэкономикалық талдау негізінде өз ісінің жемісін бағалауға және ағымдағы операцияларды бақылауға көмектеседі.
Бизнес - жоспарды құрудың негізгі мақсаты нарық қажеттіліктері мен қажетті ресустарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес жақын және алыс кезеңдерге фирманың шаруашылық қызметін жоспарлау болып табылады. Бизенс - жоспар құрудың басқа мақсаттары әр түрлі болулары мүмкін, мысалы:
- көзделген нәтижелерге жетудің шынайлылық деңгейін анықтау;
- тұлғаның белгілі бір тобын әрекет етуші фирманың немесе жаңасын құрудың жұмыстарын қайта ұйымдастырудың орындылығын дәлелдеу;
- компания қызметкерлерін жобада белгіленген және т. б сандық немесе
сапалық көрсеткіштердің орындалу мүмкіндігіне сендіру.
Бизнес - жоспар, сондай-ақ, кәсіпкердің фирманың жұмыс жасауына
байланысты келесідей негізгі міндеттерді шешуіне көмек беруге арналған:
- қызметтің нақты бағыттарын, өнімнің перспективті нарықтарын және осы нарықтағы фирманың алар орнын анықтау;
- өнімнің дайындалуы мен өтуі үшін қажетті шығындарды бағалау, оларды
жобаның потенциялды табыстыдығын анықтау үшін тауардың сатылатын
бағасымен салыстыру;
- фирманың коды мен шартын, олардың еңбегін мотивациялау үшін қойылған
мақсаттардың орындалуы бойынша талаптарға сәйкестілігін анықтау;
- фирманың материалдық және кадрлық жағдайын талдау, материалдық және қаржылық ресустардың көзделген мақсаттарды орындауға сәйкестілігін анықтау;
- тәуекелдерді сынау және бизнес - жоспардың орындалуына кедергі болуы
мүмкін қиындықтарды алдын ала қарастыру.
1. 2. Бизнес - жоспардың атқаратын қызметтері.
Қазіргі тәжірбиеде бизнес - жоспар төрт қызмет атқарады.
Біріншісі оның бизнес стратегиясын жасау үшін орындалу мүмкіндігімен байланысты. Бұл қызымет кәсіпорындарды құру кезінде, сондай-ақ қызметтің жаңа бағыттарын табу кезінде өте қажет.
Екінші қызмет - жоспарлау ол қызметтің жаңа бағыттарының даму мүмкіндіктерін бағалауға, фирма ішілік процесстерді бақылауға мүмкіндік береді.
Үшінші қызметі қаржылық құралдарды - ссудаларды, несиелерді табуға мүмкіндік береді. Қазіргі ресейлік жағдайда несие ресустарынсыз қандайда бір маңызды жобаны жүзеге асыру мүмкін емес, алайда несие алуда оңай емес, несиенің еселенген қайтарымсыздығында. Мұндай жағдайда банктер қаржы құралдарының қайтарылуын қамтамасыз ету бойынша тұтас шаралар кешенін жасайды, олардың ішінен банктік кепілдіктер, аманаттар және т. б. айтуға болады, алайда несие беру кезіндегі шешуші фактор құрылған бизнес - жоспардың болуы болып табылады.
Төртінші қызмет компания жоспарының орындалуына өндіріске өз капиталын немесе өздерінде бар технологияларды салғысы келетін потенциялды серіктестерді тартуға мүмкіндік береді. Капиталдар, ресустар немесе технологиялармен қамтамассыз ету туралы мәселені белгілі бір уақыт ішінде компанияның даму курсын көрсететін бизнес - жоспар болғанда ғана шешуге болады.
Осылайша, фирма ішілік жоспарлау кез келген кәсіпорынның ажырамас бөлігі болып табылады. Бизнес - жоспар бәсекелестік жағдайда бизнестің басталуы немесе кеңеюі үшін мүмкіндіктерді талдауды қорытады және осы потенциялды белгілі бір компания менджменті қалай қолданатыны жөнінде нақты көрсетіп береді. Оның маңызы жұмысшы серіктестерді тарту үшін де, біріккен кәсіпорын құру үшін де өте зор. Сондай-ақ, қаржыландыру үшін де.
Бизнес - жоспардың дайындалуы мен тиімді қолданылуы, осылайша, бірінші дәрежелі мәнге ие болады. Бұл жоспарды менеджер, басшы фирма, фирма тобы немесе консалтингтік ұйымның тобы құруы мүмкін. Ірі фирманың даму стратегиясын анықтау үшін кең жайылған бизнес - жоспар құрылады. Оның дайындау сатыларында потенциалды серіктестіктер мен инвесторларды анықтау қазірде аз емес.
Бизнес - жоспарлаудың уақытша аспектісіне келер болсақ, онда фирмалардың көбі жоспарды бір жылға құрады. Оларда сол кезеңге фирманың әр түрлі қызмет бағыттары мұхият қарастырылады және жеңіл - желпі болашақтағы дамуы сипатталады. Кейбір фирмалар жоспарды 5 жыл мерзімге құрады, ал тек жақсы көтерілген ірі компаниялар ғана бес жылдан көп мерзімге жоспарлайды.
1. 3. Бизнес - жоспарлаудың негіздемелері мен тәсілдері.
Бизнес - жоспар жасаудың екі негізгі тәсілі бар. Біріншісінде бизнес - жоспарды жалдаған мамандар тобы құрады, ал жобаны бастаушылар бұған бастапқы мәліметтерді дайындау арқылы қатысады.
Екінші тәсіл - мұнда жобаны бастаушылар бизнес - жоспарды өздері құрады, ал әдістемелік кепілдемелерді мамандардан, көбінесе инвесторлардан алады. Ресейлік тәжірбиеде екінші тәсіл неғұрлым дұрыс болып саналады. Жобаны бастаушылар әдетте өндірістің мамандары болып табылмақ, бірақ, ережеге сай, жобаны қаржылай қамтамассыз ету және өнім өтімінде әлсіз болып келеді. Мұндай мәселелерді жалдамалы мамандар жасайды.
Бизнес - жоспарда фирманың ішіндегі, сондай- ақ сыртқы перспективті жағдайлары бағаланады. Ол әсіресе, акционерлік меншік жағдайында басшыларға жөн табу үшін қажет, себебі бизнес - жоспарлаудың көмегімен ғана компания басшылары табысты жинау және оның бөлігін акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлу туралы шешім қабылдайды. Бұл жоспар фирманың ұйымдастырушылық - өндірістік құрылымының жетілуі мен дамуы бойынша шаралар жасау кезінде, көбіне басқарудың орталықтану және қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін тұрақтандыру үшін қолданылады.
Көрсетілген жоспардың серіктес фирмалардың қызметін үйлестіруге, бірдей және өзара толықтырушы өнімдерді дайындау және қайталаумен байланысты фирма тобының дамуын бірге жоспарлауды ұйымдастыруға көмектесетінін айта кеткен жөн. Мұндай жағдайда фирма серіктестер ортақ қаржыландыруды жүзеге асырады.
Фирма ішілік қызметпен қатар, бизнес - жоспарлау макро деңгейдегі жосипарлау стратегиясын анықтау кезінде де зор мәніге ие. Кәсіпорындардың ұзақ мерзімді бизнес - жоспарының жиынтығы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде жоспарлаудың ұлттық саясатын жасаудың негізі болып табылатын ақпараттық базаны құрайды.
Осылайша, көп жағдайда бизнес - жоспар инвесторларды іздеукезінде фирмадан тыс, сондай-ақ оның ішінде нарықтық жағдайды бағалауда қолданылады. Ол ірі кәсіпкерлердің өз істерін басқа фирманың акциясын сатып алу не жаңа өндірістік құрлымды ұйымдастыру арқылы кеңейтулеріне көмектесе алады, сондай-ақ жоспарлаудың жалпы мемлекеттік стратегиясын қалыптастырудың негізі бола алады.
Бизнес - жоспардың күрделі құжаты - компанияны сипаттау, оның потенциялы, бизнестің ішкі және сыртқы ортасын бағалау, фирма дамуы туралы нақты мәліметтер - білдіретін құрлымы аса маңызды болып келеді. Алайда, бизнес - жоспарлар сырттай бір - бірінен өзгеше болулары мүмкін, олардың бөлімдерінің құрамы негізінен өзгеріссіз қалады, дәлірек айтсақ, қысқаша мазмұны салаларының сипаттамасы, құрылушы компаниялар мен оның қызмет көрсетуі және өндірістік өнімдердің сипаты, нарықтың зерттелуі мен талдануы, маркетингтің жоспарлары, өндірістік және қаржылық жоспарлар, сондай- ақ мүмкән тәуекелдер мен сақтандыруларды бағалау.
Бизнес - жоспардың безендірілуі оның мұқабасын дайындаудан басталады. Ол бірден бір құжатты кім, қашан, қайда құрғаны туралы ақпараттар мен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ мұнда бизнес - жоспардың идеясын қысқа әрі нақты тұжырымдайтын жобаның аты көрсетіледі.
Жоспардың екінші беті оның құрлымын бейнелейтін мазмұнынан тұрады. Бұл - бөлімдер немесе параметрлер номенкулатурасы.
Кез - келген нұсқада мазмұн міндетті түрле нақты цифрлануы тиіс және ол араб цифрлары болы тиіс. Одан соң кіріспе бөлімі тұрады, онда бизнес - жоспардың құрылу міндеті және оның бағытталған тұлғалар ортасы көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда жобаны құру қажеттілігі неліктен туғандығын көрсеткен жөн.
«Фирма мүмкіндіктері» бөлімнің көлемі бірнеше беттен аспауы тиіс. Бұл бөлімде потенциялды инвесторлармен бағаланатын және түсіндірілетін барлық маңызды нәрселер көрсетіледі, яғни фирма туралы түсінік беретін ақпараттар мен оның коммерциялық қызметін сипаттайтын, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ететін мәліметтер көрсетіледі. әрбір бағыт бойынша мақсатты нарықтар мен жауапты мақсаттарын, сондай-ақ оның нақты міндеттерін қысқа да нұсқа тұжырымдаулары тиіс. Осылайша, бөлімде фирманың негізгі мақсаттары көрсетілуі қажет. Оның стратегиясы, оны орындау үшін жасалған нақты шаралар.
Бұл мәліметтерді кесте түрінде көрсеткен орынды, оған фирма қолданылатын іскерлік әдістер мен оларға сәйкес келетін, таңдалған стратегия шеңберінде нақты міндеттерді шешуге бағытталған шараларды сипаттау кіреді. Сондай-ақ, кестеде әр түрлі шаралардың орындалуына жауапты тұлғалар тобын анықтаған жөн. Сндай-ақ, мұнда орындалу мерзімін көрсету жоспарды құраушы үшін де, потенциялды инвестор үшін де маңызды.
Пысықтау сұрақтары:
- Бизнес жоспар не үшін керек?
- Стратегиялық жоспардың ерекшеліктері қандай?
- Жоспарлау әдістері қандай?
- Жоспарды дайындауға қандай талаптар қойылады?
Әдебиеттер:
- ҚР-ның Конституциясы. Алматы-1995 ж.
- И. В. Попов «Бизнес планирование», М-2002 ж.
- Ким М. Т. «Как разработать бизнес - план», Алматы - 2001 ж.
- Мейірбеков А. Қ. Әлімбетов К. Ә. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы. 2003.
- Мамыров Н. А. «Государства и бизнес», Алмата - 1999ж.
2-тақырып . Бизнес - жоспарлаудың мақсаты, жоспарлау принцптері
Дәріс мақсаты: Студенттерге жоспарлаудың принциптерін, ашық
жүйе туралы түсінік беру, бизнес - жоспарлауға
қойылатын негізгі талаптар, оның техникалық -
экономикалық негіздемелерін және құралдарын түсіндіру.
Дәріс жоспары:
2. 1. Бизнес - жоспарлаудың мақсаты, негізгі талаптар.
2. 2. Техникалық-экономикалық негіздеме мен бизнес - жоспар дайындау.
2. 3. Бизнес - жоспар (техникалы - экономикалық негіздеме)
дайындаудағы біздің қызметтер.
2. 1. Бизнес - жоспарлаудың мақсаты, негізгі талаптар.
Фирманың өндірістік - шаруашылық қызметтерінің стратегиясы мен тактикасын жасау әрбір бизнес үшін ең маңызды мәселе болып табылады.
Бизнес - жоспарлаудың мақсаты - нарық талабына сәйкес қысқа және ұзақ жылдарға фирманың шаруашылық қызметтерін жобаластыру болып саналады. Бизнес - жоспарлау кәсіпкерлерге төмендегі негізгі мәселелерді шешуде көмек береді:
- фирмалардың қызметінің нақты бағытын анықтау мақсатында
нарықты және бұл нарықта фирмалардың орнын анықтау;
- фирмалардың қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаттарын, стратегиясын
және тактикасын ұйымдастыру;
- фирма кадрларының сәйкестіктерін анықтау;
- мақсаттарға жету үшін фирманың қаржы жағдайын және оның
қаржылық - материалдық ресустарымен сәйкестіктерін бағалау;
- бизнес - жоспарлаудың практикалық орындалуына кері әсер
жасайтын қиыншылықтарды қарастыру;
Егер де жоспар дұрыс жасалса, ол фирманың дамуының келешегін белгілейді, кәсіпкер үшін ең керекті болған сұрақтарға, бұл іс үшін ақша шығаруға болама, жоқ па, ол пайда келтіреме, жұмсалған барлық шығындар өтеле ме, жоқ па?, т. б.
Бизнес - жоспарлауға деген талап төмендегі өзекті мәселелерді шешуде пайда болады:
- несие алу үшін жаңадан пайда болған фирмалардың өтініштерін
дайындау;
- мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктестіру бойынша ұсыныстардың
дәйектелендіруі;
- сыртқы нарыққа шығу және шетел инвистициясын тарту.
Жоспарлауды жасауға, бұл процеске басшының қатысуы өте маңызды болып табылады.
Бизнес - жоспарлау - бұл болашақты және оны бірнеше қатар жылға алдын жоспарлауды ұсынады.
Бизнес - жоспарлауды дайындауда негізгі кепілдеме бұл:
- қысқалық, яғни бөлімдердің тек басты - бастылары көрсетіледі;
- жеткілікті, түсінікті болуы;
- сенерлік болуы керек;
Қазіргі практикада бизнес - жоспарлау 4 функцияны атқарады:
- Бизнес стратегиясын жасауды пайдалану мүмкіндігіне байланыстылығы.
- Жоспарлау.
- Сырттан ақшалай қаражат қарастыруға рұқсат беру.
- Өздерінде бар технологияны және жеке потенциялдарын өндіріске енгізуге
тілек білдіруші потенциялды серіктес компаниялардың жоспардың
орындауына қатысуға рұқсат беру.
Техникалық - экономикалық негіздеме мен бизнес - жоспар дайындау
Бизнес - жоспар бизнесті тиімді жоспарлау және басқару үшін дайындалып, қызметінің тиімділігін анықтайтын кәсіпорынды басқарудың бірден - бір құралы болып табылады. Бизнес - жоспар - бұл инвестициялық жобаның мақсаттары мен міндеттері, оны жүзеге асыру тәсілдері мен кәсіпорынның техника - экономикалық немесе жобаның жүзеге асқанын кейінгі көрсеткіштері көрсетілген жан - жақты құжат. Бизнес - жоспардың құрлымы және оның дәйектелінуі ойластырылған істің бағытталуы мен көлеміне, яғни обьектінің ерекшелігі, компания қызметінің саласы, ұйымдастырылу жағдайы, көзделген нарық өлшемі, бәсекелестердің болуы мен өсу перспективасына байланысты анықталады. Біздің мамандар Сіз үшін кез - келген бизнес - жоспардың түрін - ішкі жоспарлау үшін де, әлеуетті инвесторлар мен несиелеушілерден қаржыландыру көздерін тарту үшін де дайындай алады. Бізге тапсырыс беру арқылы сіз белгілі бір инвесторлар үшін сапалы бизнес - жоспарға қол жеткізе аласыз.
Табысқа жеткізер бизнес - жоспарлау үшін өте көп уақыт жұмсау, ақпараттың көп көлемін жинап, оны талдау, сондай-ақ қаржы менджерлерінің, талдаушылардың, бухалтерлердің біліктілігі қажет. Біз әр жобаны оның ерекшеліктерін ескере отырып, инвесторлар мен несиелеушілердің, тапсырыс берушілердің нақты талаптарына сай етіп жасаймыз, ал ондай талаптардың болмаған жағдайда Еуропа Даму және Қайта құру Банкінің, UNIDO сияқты мекемелердің ұсыныстарын ескереміз. Бизнес - жоспардың қаржылық бөлімі қаржылық және есеп берудің Қазақстандық және халқаралық үлгіге негізделіп есептеледі.
Бизнес - жоспар (техникалы - экономикалық негіздеме)
дайындаудағы біздің қызметтер.
- Бизнес - жоспарға қойылатын талаптарды анықтау, жасау, талдау, және келістіру
- Сіздің кәсіпорныңыздың қаржылық жағдайын жедел - талдауын жүргізу.
- Сіздің есептік құжаттыңыз негізінде болашақ кезеңге ақшалай ағымдарыңыздың қозғалысын жасау.
- Жобаның қаржыландыру стратегиясын анықтау
- Маркетинг концепциясын және нарықтық талдау жасау
- Инвесторлар, несиелеушілер және тапсырыс берушілердің талаптарын ескеретін бизнес - жоспар жасау.
- Жобаның өзектілігін алты ай бойы сақтап тұру.
UNIDO - ның стандартына сәйкес бизнес - жоспардың жалпы құрлымы келесідей болуы керек:
- резюме(Компания мен оның негізгі иелері жөніндегі ақпарат) ;
- мақсаттар мен міндеттер(жобаның негізгі қағидалары / жұмыстарының жоспары) ;
- өнім / қызмет(өндірістің технологиясы, ерекшеліктері, сипаттамасы, өнімнің бәсекелестігін бағалау, оның сапалығын қамтамассыз етудің әдістері және т. б) ;
- нарықты талдау(саладағы жағдай, негізгі қажеттіліктер, нарық сегменттері, бәсекелестік орта, бизнестің тиімділігін және дамуының мүмкіндіктері )
- маркетинг жоспары(бағаның құрылуы, сатуды үдейту әдістері, сатудың оңтайлы көлемдері, таратылу сызбалары, жарнамалық жобалар және т. б) ;
- өндірістің жоспары(қажетті материялдар, жабдықтар мен өндіріс қуаттылығы, оларды жеткізу көздері, қосалқы мердігерлер, өндірісс технологиясы және т. б. ) ;
- мамандар мен басшылар( қызметкерлер мен басшылардың ара -қатнасының сызбасы, кадырлық құрлым, еңбекті төлеу түрлері, мамандардың біліктілігі және т. б. ) ;
- қажетті қаржынының көлемі мен көздері( қажетті қаржынының көлемі мен көздері, оның қайтарылым шарттары, бос қаржының болуы және т. б. ) ;
- қаржылық жоспардың негіздері мен тәуекелдерді бағалау(сату көлемдерінің және пайда / шығындарының көлемін болжау, мүмкін болатын барлық қатерлер, түсімдер мен шығыстардың толық жоспары, елдегі және белгілі - бір аймақтағы жалпы әлеуметті - саяси жағдай, онымен байланысты тәуекелдер, дебиттік және кредиттік қарыздарды қамтамассыз ету сызбалары және т. б. ) ;
- егжей - тегжейлі қаржылық жоспар /бюджет(тоқсандық ақшалай ағымдарды талдау, өнімнің өзіндік құнын анықтау, пайда мен шығындардың тоқсандық бағасы, қаржылық ағымдарды анықтау және т. б. ) ;
Жобаның бизнес - жоспарлауының құны мен дайындау мерзімі келесідей бірнеше факторларға байланысты:
- жоспарлау үшін қажетті ақпарат - егер ақпарат жеткіліксіз болса, біздің мамандар сыртқы ортаны зерттеу арқылы, сондай-ақ ішкі аудит негізінде жинауға көмек бере алады.
- бизнес - жоспарлауының алушысы - бизнес - жоспар кім үшін жасалуда: өзіңіз үшін, несиелеуші үшін, инвесторлар және басқа мақсаттар үшін;
- жобаның қиындығы және оны нақтылау қажеттілігі; тәуекелдер - тәекелдер неғұрлым көп болған жағдайда жобаны соғұрлым байсалдылықпен жасау керек.
Пысықтау сұрақтары :
- Жүйе деп нені түсінеміз?
- Қаржылық тұрақтылық және өсу деген не?
- Бағдарламаның орны қандай?
- Ашық жүйе деген не?
- Ресурстарды қалай бағалайды?
Әдебиеттер:
1. ҚР-ның Конституциясы. Алматы-1995 ж.
2. И. В. Попов «Бизнес планирование», М-2002 ж.
3. Ким М. Т. «Как разработать бизнес - план», Алматы - 2001 ж.
4. Мейірбеков А. Қ. Әлімбетов К. Ә. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы -
5. Мамыров Н. А. «Государства и бизнес», Алмата - 1999ж.
3-тақырып. Бизнес - жоспарлаудың әдістемесі мен ұйымдастырылуы
Дәріс мақсаты. Студенттерге жоспарлаудың негізгі әдістемелерін және
ұйымдастыру түрлерін түсіндіру. Жобаны жасау, оның
әлсіз және күшті жақтарын талдау.
Дәріс жоспары:
3. 1. Бизнестің түрлері және мақсаты .
3. 2. Бизнес-жоспарлауды қалай жасау керек .
3. 1. Бизнестің түрлері және мақсаты.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ол - кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, нарықта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.
Сөз жоқ, шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді. Мәселен, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде шағын және орта кәсіпорындарға тиесілі ІЖӨ үлесінің айтарлықтай өсуіне мақсатты бюджеттік субсидиялар мен салық салудағы айтарлықтай жеңілдіктер арқылы қол жеткізілді. Оның сыртында көптеген басқа да елдердегі сияқты Венгрияда да қолданыстағы заңдарға өзгертулер енгізген кезде ол өзгерістердің шағын және орта кәсіпкерлікке қалай әсер ететіні туралы қорытынды жасау міндетті болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz