Тоқыма материалдарды өңдеу


Кіріспе3
1. Тоқыма материалдарының құрылысы5
1. 1 Мата өндірісінің негізгі процесстері. Тоқу станогтарының құрылысы5
1. 2 Трикотаждың түрлері және ілмектердің құрылысы10
2. Тоқыма материалдарды өңдеу15
2. 1 Тоқыма материалдарды өңдеу. Бояуға және сурет жасауға дайындау15
2. 1 Тоқыма материалдардың отыруы. Пішін қалыптастыру қасиеті21
Қорытынды25
Пайдаланған әдебиеттер27
КіріспеТақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақыттағы тігін өнеркәсіптері автоматтандырылған жоғарғы жиілікті тігін машиналары және жартылай автоматты әсерлі құрылғылар, механикаландырылған престер және құрал- жабдықтар ұйымдастырылған өндірісті көрсетеді. Сонымен қатар тігін бұйымдарын дайындауда кешенді механикаландырылған және автоматтандырылған технология қолданылады, бұл тігін бұйымдарының және ассортиментінің сапасына қойылатын талап- тарды жоғарылатады. Тігін бұйымдарының сапасының бәсекелік қабілеті ассортименттің жаңаруына, материалдардың өңделуінің және бояуының үдерісінің жақсаруы бұйымның құрастырылуын жетілдіруге және жаңа модельдерді енгізуге қамтамасыз етеді[1] .
Тоқыма материалдардың қасиеттері және құрылымы бойынша дайындалған жаңа бұйымдар, қазіргі заманғы химиялық талшықтар мен жіптерді, жоғары сапалы бояуларды және әрлеуіш химиялық мате- риалдарды қолдану арқасында жасалынады.
Тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау және оларды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан материалдардың қасиеттерін, құрылысын, олардың ассортиментін және сапасын терең оқып білу қажет. Тігін өнеркәсібінің мамандары ең алдымен тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарына қойылатан талаптарды, қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек.
Тігін өнеркәсібінің технологиялық үдерісінің ерекшелігін, сәнді ескере отырып, тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарды дұрыс таңдау, оның сапасының жоғарылауының маңызды шарты бо- лып табылады. Сол себепті, суретші-модельер, құрастырушы және техно-лог тоқыма материалдарымен жұмыс істегенде, оның қаси- еттерін біліп қана қоймай, тағы да киімде нақты сыртқы түрінің әсеріне жету үшін және киген кезде қолайлылықты қамтамасыз ететін, нақты берілген қасиеттермен киімді дайындауда қолданылуын білу қажет. Киімге таңдалған материалдарды өңдегенде, бұйымды дайындау кезінде материал қасиетінің өзгеруін және осы өзгерісті бұйымның нақты пішінін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең білу қажет. Тігін бұйымдарын жасау үдерісі суреттен немесе эскизден басталып, бұйым лекалдарын құрастыруға және тігу технологиясын дайындауға дейін көптеген күрделі жолдардан өтеді. Сондықтан киімнің үлгісінің эскизін дайындағанда материалдардың эстетикалық қасиеті, сән бағытымен дұрыс таңдалып қана қоймай, нақты киім силуэтін жасауды қамтамасыз ететін қасиеттерімен, киімді құрастырудың қазіргі уақыттағы дайындау технологиясының мүмкіншіліктеріне өте көп әсер етеді[2] .
Киім дайындағанда қолданылатын тоқыма материалдары бірнеше топтарға бөлінеді: маталар, трикотаж жаймалар, бейматалар, табиғи және жасанды үлбірлер, бекітуші материалдар (жіптер, негізмдер, негізмдік қабыршықтар), фурнитуралар (түймелер, шыртылдақтар, ілгектер), тігін бұйымдарын дайындау кезінде қолданылатын басқа материалдар (баулар, ызбалар, шілтерлер), жылытушы материалдар (мақта, күспе, ватилин) .
Аталған топтағы тоқыма материалдары киімде әртүрлі қызметтер атқарады. Олардың кейбірі: маталар, трикотаждар, беймата, үлбірлер - пальто, костюм, күртеше сияқты сыртқы киімдерге қолданылады. Зығырдан немесе бейматадан, тоқыма материалдарынан жасалған іштіктер, қатырғыш кенер материалдары бұйымның формасын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Тоқыма материалдардың әр тобы өндіріс салаларына сәйкес өндірілетін құралған ассортименттері және оның дамуының белгілі бағыттары сипатталады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: тоқыма материалдарының құрамын, жасалу жолын және артықшылықтары мен кемшіліктерің қарастыру.
Зерттеу нысаны -тоқыма материалдары өндірісі.
Зерттеу пәні- қазіргі заманғы өндірістегі тоқыма материалдары.
Зерттеу тақырыбының міндеттері- тоқыма материалдары жайлы
-жан-жақты толық қарастыру;
-оның химиялық құрамын, құрлысын, алыну жолын қарастыру;
Құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан қолданылған әдебиеттер тізімінең тұрады.
1. Тоқыма материалдарының құрылысы 1. 1 Мата өндірісінің негізгі процесстері. Тоқу станогтарының құрылысыМата - тоқыма станогында перпендикуляр орналасқан негіз және арқау жіптердің өзара айқасуымен алынған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз жіптері дейді. Матаға көлденеңінен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау жіптері дейді.
Негіз және арқау жіптің тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.
Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады: үзу ашылуы, арқау жіпті салу, арқау жіпті матаның жиегіне қағу, негіз жіптің бойлықпен жылжуы, матаның тауар білігіне оралуы.
Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады. Тізбе орағыштан негіз жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6) өткізіледі. Әрбір негіз жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен негіз жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) салынады[3] .
Бердо (6) батан механизімінің (8) тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынғанмата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12) оралынады.
Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптас- тырғанда
қайталанады. Мата өндірілгенде және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш айналып, негіз жіптер бойлығымен жылжиды. Мата өнеркәсібіне әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады:
- матаны қалыптастыру принципі бойынша 2 түрі болады;
- матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру станоктары, матаны толассыз және көп аймақтық үрдіспен қалыптастыру станоктары. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша қайықты тоқу станоктары қайықсыз станоктары;
- жекеленген механизмінің түріне қарай эксцентриктік, кареткалық және жаккардтық станоктар, жұмыс ені бойынша енсіз (100 см) және енді (120-175-250см) станоктар, соғу механизімінің жүйесі бойынша- орташа, төмен және жоғары соғу станоктары.
Қайықты станокта мата тоқу. Қайықты тоқымашылықтағы негізгі ерекшелік-жіпсалғыш механизм. Жіпсалғыштың қайығы болғандықтан, ол арқау жіптің белгілі бір артық қорын жасайды. Қайық күзуге кезекпен екі жағынан өтіп кетіп, үздіксіз арқау жіптен мата жасалынады[4] .
Қайықты станокта тізбе орағыш (1) негізгі реттеуіштің тіреуішіне ораланастырылады. Реттеуіш тізбе орағыштың берілген жылдамдықпен айналуын және жіптердің созылуын қамтамасыз етеді. Негіз жіптері оқтаушаны (3) айналып өтіп орнынан ауытқытады. Негіз жібі ламельдерден (3), ремизкалардың (4) галевтерінің арасынан өтеді, бердо батанға (8) бекітілген. Ремизкалар күзу ашылу жасап тұрады, жай жаймалық айқаспа өрімін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп жіптері, ал екіншісіне тақ жіптері енгізіледі. Егер тоқу станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі төмен түссе, негіз жіптерінің бәрі жылжиды және қайық өтетін күзу ашылады.
Күрделі айқаспаларды тоқығанда көп ремизкалар керек немесе жаккард машиналары қолданылады. Күзуге арқаужіпті салу үшін қайық (6) іске қосылады, қайықта арқау жіп оралған шөлмек бекітілген[5] .
Шөлмек станоктың әрбір жұмыс циклінде бір шөлмекті қораптан екіншісіне күзу арқылы батанның брусы бойынша сүңгіп кетіп, арқау жіпті өткізеді. Қайық күзуден сүңгіп шыққаннан кейін, бердомен батан станоктың алдыңғы жағына қарай қозғалады, арқау жіп матаның шетіне қағылып, матаның кезекті элементі құрылады. Келесі күзу ашылғанда негіз жіптері жаңа орынға орналасып, арқау жіптермен осылай айқасады.
Қайықтың қозғалуын станоктың созу механизмі қамтамасыз етеді. Ол қуғыштың ұрғанынан қайықты қораптан шығарып оны күзу арқылы инерция күшімен сүңгуге мәжбүр етеді. Мата белтемірді (11) айналып өтіп, тауарлық реттегіш арқылы тауарлық білікке оралады.
Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады.
Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті.
Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылығына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді.
Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.
Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады.
Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды. Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді[5] .
Қарапайым (тегіс) айқаспалар
Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.
Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойынша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең.
Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді. Жаймалық айқаспалармен шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя мақта маталары тоқылады.
Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы жоғары болса, мата қатты болады.
Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотланд- ка) . Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді. Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз - 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне - арқаулық жапқыш саны а қойылады. иСаржаның негіз бойынша раппорты арқаулық раппортына тең және алым мен бөліміндегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет жағында негіз жіптер басым болса саржалық айқаспа негіз деп аталынады (2/1, 3/1, 4/1), ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, сар- жаарқаулық деп аталынады (1/2, 1/3) . 3. 4. суретте саржалық айқаспа көрсетілген.
Майда өрнекті айқаспалар.
Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады.
Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жатады.
Күрделі айқаспалар
Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлері жатады.
Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) шығарғанда пайдаланылады. Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы не- месе жалпақтығы әртүрлі суретті жолақ немесе түктен салынған ою- өрнекті болуы мүмкін.
Түкті айқаспа жіптердің үш жүйесінен құралады: бір жүйе түкті, екі жүйе түпкілікті - негіз және арқау. Түпкілікті жүйелерде жаймалық немесе саржалық айқаспалар болады, олардың тығыздығы жоғары болғандықтын түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар - жартылай барқыт пен шибарқыт - олардың түгі матаны тоқыма станогынан алғаннан соң қиылады, арқаулық жүйеден тұрады.
Күрделі өрімді айқаспаларға қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті және ажурлы өрімдер жатады. Мұндай маталар бірнеше (үш және одан да көп) негіз және арқау жіптерінен өндіріледі[6] .
Қос бетті айқаспалар - жіптердің үш жүйесінен құралады, екі негіз бір арқау немесе екі арқау, бір негіз әр түрлі боялған жүйені қолдана отырып, оң және теріс беттерінің түстері әр түрлі матаны алуға болады.
Қос қабатты айқаспа - бір-бірімен тығыз айқасқан жіптің 4-5 жүйесінен тұрады. Қос қабатты айқаспаның оң және теріс беттері бірдей немесе кұрамы әр түрлі жіптерден тұрады. Оң және теріс беттеріне әр түрлі түсті жүйе қолданылады өйткені оң жақ беті тегіс боялған, ал теріс беттері меланжды, ала, шақпақ, «елочка» болады. Қос бетті және қос қабатты айқаспалардан драп, пальтолық маталары, три- ко алынады.
Пике айқаспасы - жіптің үш жүйесінен тұрады: матаның оң жақ бетінде екі жүйе кездемелі айқаспаны, ал үшіншісін тарта отырып шығыңқы өрнек шығарылады. Пике айқаспасына балаларға арналған маталар, көрпелер жатады.
Түкті айқаспалар - жіптің үш жүйесінен құралады: бір жүйесі түкті, оң жақ бетінде кесілген вертикаль түк құралады. Түкті жүйе арқаудан тұрады, сонда түкті арқаулы маталарға мақта маталары, жартылай бар- хат, вельветтер жатады.
Ілмекті айқаспа түкті айқаспаның бір түрі болып есептелінеді. Одан орамалға арналған түкті маталар, халаттар, төсек жаймалар және жиһаз маталары жатады.
Ажурлы айқаспа. Қарапайым ажурлы айқаспаларда екі негіз және бір арқау болады. Ажурлы айқаспалардан блузкалы, іш киімдік, көйлектік ажурлы маталар шығарылады.
Ірі өрнекті айқаспалар.
Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композициялар, сюжетті және тақырыптық суреттер. Ірі өрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелен- дер, жапқыштар және дастарқандар тоқылады.
Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Ірі өрнекті айқаспалар үлкен рапортты болады және жаккардты станоктарында өндіріледі. Ірі өрнекті айқаспалардың суреттері; өлшемі, фор- масы, колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым ірі өрнекті айқаспалар жіптің екі жүйесінен тұрады және дастархан, майлық, зығыр және жартылай зағыр орамалдар, сонымен қатар: мақта матасын (дамаст, альпак, дудун, парча), көйлектік (жүн) және кейбір пальтолық маталар жасалынады.
Күрделі ірі өрнекті айқаспалар үш және одан да көп жіптердің жүйесінен тұрады: түкті, ілмекті, рельефті болады. Күрделі ірі өрнекті айқаспадан кілем, гобелен, жиһаз маталарын және киім тігуге арналған маталар тоқылады.
Тоқыма өндірісінің ақаулары
Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизмдері бұзылғанда пайда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына әсерін тигізеді[7] .
Матаның ақауларына төмендегілер жатады:
- жуықтама - негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;
- өткінші аралық - арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;
- негіздің шала өңделгені - негіз кейбір жерлерде матаның бетінде, арқаумен айқаспаған түрінде жатады;
- сүңгіме - арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде, негізбен
айқаспаған;
- кем тоқылғаны - арқау жағынан сирек жерлері;
- жаншыма арқау жағынан тығыз жерлері;
- қосарлы жұп - негізгі екі жіп бір жіптей айқасқанда;
- арқаудың ыдырауы - арқаудағы қысқа, жуан жерлер, ол - арқау жібі бумасымен собықтан түскенде сол бетімен тоқылған жағдайда болады;
- арқаулық ілмектер, ілмек - ширатылмалар арқау жіп әлсіз тартылғанда болады;
- кірлену мен май дақтары - матаға немқұрайлы қарағандықтан және тоқыма станогын шылқылдата майлағандықтан болады;
- түрлі арқау - ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ;
- тоқыма өрнегінің ауытқуы (бұрмалануы) - суреттің кейбір жерлерінде тағайындалған суретке сәйкес келмеуі.
Трикотаж - бұл ілмектерден тұратын, бойлай және көлденең бағытта
өзара айқасқан, бір немесе бірнеше жіптерден іліп тоқылған тоқыма бұйымы немесе жайма. «Трикотаж» ұғымы бұйымдардың кең көлемін қамтиды: жасанды үлбір, шұлық-ұйық, іш және сырт киімі, пальто, кілемдер мен шілтер және балық аулау торлары.
Трикотаждың құрылымы ілмектердің мөлшері мен форма- сы, олардың өзара байланысы және орналасуымен сипатталынады. Трикотаждың негізгі элементі - ілмек, оның құрылысы әр түрлі болуы мүмкін, және осы жай трикотаждың құрылымы мен қасиетіне маңызды әсер етеді.
Тағайындалу мен шикізаттың түріне қарамастан, трикотаждың кез келген түрі іліп тоқу арқылы алынады.
Іліп тоқу - бұл трикотаждан бірмезгілде біртіндеп, бойлай немесе көлденең бағытта ілмектердің құрылуы.
1. 2 Трикотаждың түрлері және ілмектердің құрылысыІлмек екі шектес ілмектердің негізін біріктіретін қаңқадан (2-3-4 жоғарғы доға және 1-2 мен 4-5 таяқшалардан) және созылмалардан (0-1 мен 5-6) тұрады. 2-4 жоғарғы доғаны инелі, ал 5-7 созылманы пла- тиналы доға деп атайды.
Трикотажда тігінен бір-біріне тізілген ілмектерді ілмекті бағанша, ал горизонталь бойынша бір қатардағы ілмектерді - ілмекті қатарлар деп атайды.
Екі шектес ілмекті бағаншалар орталықтарының аралығын ілмекті қадам деп атайды және А әрпімен белгілейді, ал екі ілмекті қатарлар орталықтарының аралығын ілмекті қатар биіктігі деп атап, В әрпімен белгілейді.
Іліп тоқу әдісі бойынша трикотаж иілмелі (көлденең тоқылған) және негізжіптік (бойлай тоқылған) түрлерге бөлінеді.
Иілмелі трикотаж бір, екі немесе одан артық бірге алынған жіптерден құрылады, олар бір жіпжүргізгішке сабақталып, бірден инеге салынып, ілмектер тоқылынады. Ілмектер қатарлары жіптің бірізді иілу жолымен алынады, бір қатар құрылғаннан кейін жіп екіншіге ауы- сады, сонан соң үшіншіге.
Иілмелі трикотаж ілмекті қатарлар бойынша (горизонталь бағытпен) жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде ілмекті бағанша бойынша (верти- каль бағытпен) тез сөгіледі. Негізжіптік трикотаж бір-біріне параллель орналасқан жіптердің жүйесінен (негізжіп) құралынады.
Ілмекті қатарды алу үшін бірмезгілде жіптердің жүйесі иіліп, әр жіп өз инесіне салынады. Сондықтан ілмекті қатарда әр жіп бір (екіден көп емес) ілмек құрайды, кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына ауысады.
Сонымен, негізжіптік трикотаждың әр ілмекті бағаншасы көршілес бағанамен созылма арқылы бірігеді. Негізжіптік трикотаж ілмекті қатар бойынша тарқатылмайды және ілмекті бағанша бойымен аз тарқатылады.
Негізжіптік трикотажда ілмектің құрылысы, иірмеліге қарағанда біршама ерекшеленеді. Негізжіптік трикотаждың ілмегі таяқшалардан (а-б), ілмек басы (б-вг) және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретін созылмалардан (д-е мен д^-е1) тұрады. Тік а-б мен г-д бөліктерден тұратын ілмектің бөлігін және олардың біріккен б-в-г доғасын, ілмектің қаңқасы деп атайды. Көршілес ілмектердің қаңқасы созылмамен бірігеді[8] .
Сонымен, иілмелі трикотажда ілмек қатарын алу үшін бір жіп жеткілікті, ал негізжіпте - бір қатарда қанша ілмек құру қажет болса, соншалықты жіп керек. Қарастырылған трикотаждың түрлері тегіс және суретті (өрнекті) болады.
Тегіс деп, барлық ілмектері түсі, құрылымы, формасы бойынша бірдей түрін атайды. Суретті (өрнекті) трикотажда барлық ілмектері берілген бағдарлама
бойынша саны әр түрлі жіптерден, түстері, құрылымы және формасы бір бірінен өзгеше болу мүмкін.
Трикотажды, матаға ұқсас метражды құбырлы жайма, ұзындығы мен ені белгілі құбырлы купон ретінде және формасы лекалоға жақын жазық немесе дәл сонымен бірдей түрінде жасалынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz