Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы әлемдік тәжірибе: ақш,азия, батыс еуропа


Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

І. Кәсіпкерлік қызметінің әлемдік тәжірибесінің қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің даму концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Кәсіпкерліктің қалыптасуындағы мектептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы әлемдік тәжірибе: АҚШ,Азия, Батыс Еуропа
2.1 АҚШ тәжірибесіндегі шағын және орта кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1.1 АҚШ тәжірибесіндегі кәсіпкерліктің ұйымдық.құқықтық формаларының ерекшеліктері мен Қазақстандық үлгісінің талдамасы ... ... ..16
2.1.2 Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалаудың
АҚШ .тық әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2 Азия елдерінжегі шағын және орта кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.3 Батыс Еуропа елдеріндегі шағын кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі..25

ІІІ. Шетелдік тәжірибені Қазақстандық мүмкіндіктер шеңберінде пайдалану жолдары
3.1 Аймақтың әлеуметтік .экономикалық жағдайының дамуына шетелдік тәжірибені қолданудың әсері мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.2 Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Кіріспе
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына міне он бес жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан егеменді ел болған соң өзінің дербес құрылысын жасап, саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырды. Қазақстанда ұлттық біртұтастыққа, әлеуметтік әділеттікке қол жеткізу, қуатты мемлекет құру үшін, әрі гүлденген экономика құру мақсатында қуатты әрі нысаналы реформалар керек.
Экономикалық реформалардың бірі - нарық қатынастарына өту. Нарықтық қатынастардың жол серігі және бәсекелестік ортаны қалыптастырып дамытудың, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің және өтпелі кезеңнің әлеуметтік салдарын жұмсартудың басты факторы-
Нарықтық экономика жүйесі бұл реттегіш функцияны мемлекеттің қолында болатын экономиканық жүйенің кәсіпкерлік типіне негізделгендіктен экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық -әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік статусын жоғарлатумен қатар нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына- бәсекелестік нарықтық қатынастардың дамуына, товар ассортиментінің көбейіп , толуына жергілікті шикізат ресурстарының пайдалануына өз ыкпалын тигізеді.Әлеуметтік тәжірибеде шағын кәсіпкерліктің теориялары мен тәжірибелік сұрақтары Ж.Беттонның, Л.Коранның, Р.Коуздың, К.Макконелдің, Ф.Хайектің, Р.Хизричтің, соңғы он жылдықта ТМД елдерінің Л.Абалкин, В.Алехин, Ю.Осипов, В.Радаев сияқты ғалымдардың еңбектерінен, ал Қазақстан Республикасында А.Есентүгелов, Р.Каренов,Ж.Кәріпжанов, Қ.Бердалиев, А.Көшербаев, А.Тоқсанова, А.Қаңтарбаевалардың еңбектерінен көре аламыз.
Кәсіпкерлік қызметтің динамикасын зерттеу, оны болжау қоғамды қалыпты дамуы үшін өте маңызды. Срндықтан да шағын кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадығы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Қазақстан үшін шетелдік тәжірибелерді талдап, ғылыми сараптама жасап, қолдау шараларын дайындауда ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді ескере отырып жүзеге асырудың маңызы үлкен.
Кәсіпкерлік-әлеуметтік ұғым ретінде көп уақыттан бері белгілі, бірақ бұл терминнің нақты мазмұнын әртүрлі сатыда мамандар әртүрлі тапқылады. Тек ХХ ғасырдың ортасында ғана қазіргі кәсіпкерлік, кәсіпкер терминдері қалыптасқан.
Кәсіпкерлік терминнің дамуына белгілі ағылшын экономисі Ричард Калтильон (1980-1734 ж.ж) үлкен үлесін қосты. Ол «кәсіпкерлік» терминнің «әкесі» болып саналады. Өйткені Р.Калтильон кәсіпкер деп тәуекел жағдайында жұмыс істейтін адамды, яғни тауарды белгілі бағамен сатып алып, белгісіз бағамен сататын саудагер, фермер, қолөнерші және басқа да кіші меншік иелері деп түсінді.
Ағылшын экономисі А.Смит (1723-1790 ж.ж) пен Д.Рикардо (1772-1823 ж.ж) экономиканы өзін-өзі реттейтін жүйе ретінде қарастырған. А.Смиттің ойы бойынша кәсіпкер дегеніміз-ол белгілі бір коммерциялық идеяны іске асыру мақсатымен тәуекелге баратын капитал иесі, ал кәсіпкердің тапқан пайдасы оның «мазмұны» болады. Демек, оның өзіндік өмірлік құралдары ұдайы өндіруге қажетті капитал...
Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бастапқы кезеңінде шағын кәсіпкерлікке жеткілікті назар аудармады немесе оған қарайлауға шама болмады.Ол экономиканы түпкілікті қайта құруға бағытталған кезек күттірмейтін міндеттерді шешудің тасасында қалып қойды. Дегенмен, біраз кешеуілдесек те соңғы жылдары, яғни 1997 жылы наурызда Президенттің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемелекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы шықты. Осынау маңызды құжаттың бірінші: пунктінде шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бұдан былай мемлекеттік экономикалық
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Абчук В.А. Экономико-математические методы. Элементарная математика и логика. 1999 г.
2. Акулич И.Л. Математические программирование в примерах и задач. Москва, Высшая школа.
3. Бокс Дж. Дженингс Г. Анализ временных рядов.
4. Виханский О.С. Стратегические управление. 2000г.
5. Ерманов В.А. Казахстан в современном мире. Алматы 1998
6. Жданов С.А. Экономические модели и методы в управлении. М:1998
7. Баханов М.И. Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. 1994
8. Альтер Л.К. Экономические законы и совершенствование планирования народного хозяйства. М: Экономика,1983
9. Кантарбаева А.К. Проблемы становления предпринимательства: институтционально-эволюционный подход. Алматы,2000
10. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы.-Алматы. Экономика, 2001
11. Геец В.М. Пронгозирование динамики и структуры общественного производства. Киев,1997
12. Замков О.О. Толстопятенко А.В. Математические методы в экономике. Москва, «Дис», 1997

Пән: Экономика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 27 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І. Кәсіпкерлік қызметінің әлемдік тәжірибесінің қалыптасуының теориялық
негіздері
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің даму концепциясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпкерліктің қалыптасуындағы мектептер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІ. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы әлемдік тәжірибе: АҚШ,Азия, Батыс Еуропа
2.1 АҚШ тәжірибесіндегі шағын және орта кәсіпкерлік
... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1.1 АҚШ тәжірибесіндегі кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының
ерекшеліктері мен Қазақстандық үлгісінің талдамасы ... ... ..16
2.1.2 Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалаудың
АҚШ –тық
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .21
2.2 Азия елдерінжегі шағын және орта
кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3 Батыс Еуропа елдеріндегі шағын кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі..25
ІІІ. Шетелдік тәжірибені Қазақстандық мүмкіндіктер шеңберінде пайдалану
жолдары
3.1 Аймақтың әлеуметтік –экономикалық жағдайының дамуына шетелдік
тәжірибені қолданудың әсері мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...27
3.2 Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 38

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына
міне он бес жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан егеменді ел болған соң
өзінің дербес құрылысын жасап, саяси және экономикалық реформаларды жүзеге
асырды. Қазақстанда ұлттық біртұтастыққа, әлеуметтік әділеттікке қол
жеткізу, қуатты мемлекет құру үшін, әрі гүлденген экономика құру мақсатында
қуатты әрі нысаналы реформалар керек.
Экономикалық реформалардың бірі - нарық қатынастарына өту. Нарықтық
қатынастардың жол серігі және бәсекелестік ортаны қалыптастырып дамытудың,
ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің және өтпелі кезеңнің әлеуметтік
салдарын жұмсартудың басты факторы-
Нарықтық экономика жүйесі бұл реттегіш функцияны мемлекеттің
қолында болатын экономиканық жүйенің кәсіпкерлік типіне негізделгендіктен
экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті
қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та
өздерінің экономикалық -әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік
нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-
ауқатын, әлеуметтік статусын жоғарлатумен қатар нарықтағы қажеттіліктің
қанағаттануына- бәсекелестік нарықтық қатынастардың дамуына, товар
ассортиментінің көбейіп , толуына жергілікті шикізат ресурстарының
пайдалануына өз ыкпалын тигізеді.Әлеуметтік тәжірибеде шағын
кәсіпкерліктің теориялары мен тәжірибелік сұрақтары Ж.Беттонның,
Л.Коранның, Р.Коуздың, К.Макконелдің, Ф.Хайектің, Р.Хизричтің, соңғы он
жылдықта ТМД елдерінің Л.Абалкин, В.Алехин, Ю.Осипов, В.Радаев сияқты
ғалымдардың еңбектерінен, ал Қазақстан Республикасында А.Есентүгелов,
Р.Каренов,Ж.Кәріпжанов, Қ.Бердалиев, А.Көшербаев, А.Тоқсанова,
А.Қаңтарбаевалардың еңбектерінен көре аламыз.
Кәсіпкерлік қызметтің динамикасын зерттеу, оны болжау қоғамды
қалыпты дамуы үшін өте маңызды. Срндықтан да шағын кәсіпкерлік
төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадығы
ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Қазақстан үшін шетелдік тәжірибелерді
талдап, ғылыми сараптама жасап, қолдау шараларын дайындауда ұлттық
мәдени ерекшеліктерімізді ескере отырып жүзеге асырудың маңызы үлкен.
Кәсіпкерлік-әлеуметтік ұғым ретінде көп уақыттан бері белгілі, бірақ
бұл терминнің нақты мазмұнын әртүрлі сатыда мамандар әртүрлі тапқылады. Тек
ХХ ғасырдың ортасында ғана қазіргі кәсіпкерлік, кәсіпкер терминдері
қалыптасқан.
Кәсіпкерлік терминнің дамуына белгілі ағылшын экономисі Ричард
Калтильон (1980-1734 ж.ж) үлкен үлесін қосты. Ол кәсіпкерлік терминнің
әкесі болып саналады. Өйткені Р.Калтильон кәсіпкер деп тәуекел жағдайында
жұмыс істейтін адамды, яғни тауарды белгілі бағамен сатып алып, белгісіз
бағамен сататын саудагер, фермер, қолөнерші және басқа да кіші меншік
иелері деп түсінді.
Ағылшын экономисі А.Смит (1723-1790 ж.ж) пен Д.Рикардо (1772-1823
ж.ж) экономиканы өзін-өзі реттейтін жүйе ретінде қарастырған. А.Смиттің ойы
бойынша кәсіпкер дегеніміз-ол белгілі бір коммерциялық идеяны іске асыру
мақсатымен тәуекелге баратын капитал иесі, ал кәсіпкердің тапқан пайдасы
оның мазмұны болады. Демек, оның өзіндік өмірлік құралдары ұдайы өндіруге
қажетті капитал...
Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бастапқы
кезеңінде шағын кәсіпкерлікке жеткілікті назар аудармады немесе оған
қарайлауға шама болмады.Ол экономиканы түпкілікті қайта құруға бағытталған
кезек күттірмейтін міндеттерді шешудің тасасында қалып қойды. Дегенмен,
біраз кешеуілдесек те соңғы жылдары, яғни 1997 жылы наурызда Президенттің
Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемелекеттік қолдауды күшейту және оны
жандандыру жөніндегі шаралар туралы жарлығы шықты. Осынау маңызды құжаттың
бірінші: пунктінде шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бұдан былай
мемлекеттік экономикалық саясатының басым сапасы болып саналатыны айтылған.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру қажеттігі де сонда алға тартылады.
Одан бері де Шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау туралы, Жеке
кәсіпкерлік туралы заңдар қабылданды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
мейлінше қолайлы жағдайлар жасау, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз ету
тетіктерін жетілдіру мақсатында Перзидент Қазақстан Республикасында шағын
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдылықтары мен аймақтық
бағдарламалары туралы жарлық шығарды. Онда шағын кәсіпкерлікті дамытуды
мынадай басым бағыттары белгіленді:
• импортты алмастыратын халық тұтынатын тауарлар, құрылыс материалдарын,
құрал-жабдықтарын шағын түрлерінің жаңа өндірістерін құру және олардың
жұмыс істеп тұрғандарын дамыту;
• қызмет көрсету саласын, бірінші кезекте жекеменшік пәтер иелерінің
кооперативтік көрсететін қызметін саласын дамыту;
• аграрлық кешен өнімдерін әрі қарай өңдеу жөніндегі өндірістерді
дамыту;

І. Кәсіпкерліктің әлемдік тәжірибесінің қалыптасуының
теориялық негіздері
1. Кәсіпкерлік қызметінің әлемдік даму концепциясы

Кез-келген адам кәсіпкер бола алмайды. Біреулер кәсіпкерлік процеске
белсенді араласып сіңісіп кетсе, ал кейбіреулердің қолынан ондай іс-
әрекет келмейді. Неліктен? Кәсіпкер болу үшін бейімділік қажет пе, әлде
кең ой-өріс, жолы болғыштық па? Әлде керекті жерде , нақты уақытта, нақты
жағдайда белгілі істі бастау ма? Дәлірек айтқанда кәсіпкерлік үшін осы
барлық қасиеттердің әсерлі қиылысуы маңызды болып табылады. Кәсіпкер
ретінде қалыптасу бағытында кәсіпкердің өзі, оның жеке қасиеттері, сипатты
ерекшеліктері өте үлкен роль атқарады. Көпшілік кәсіпкерлер атақты жоғарғы
оқу-орнын аяқтағанымен олардың барлығы табысты кәсіпкерлік
немесе кәсіпкерлікпен бола алмайды. Кәсіпкер деген кім?

дегеніміз не? Неліктен адамдар кәсіпкер болуға ұмтылады және
кәсіпкер болу оңай ма деген сұрақтарға жауап бермес бұрын кәсіп деген
сөздің этимологиясы мен даму эволюциясын зерттеуден бастаған дұрыс болар.
Кәсіп біріншіден, тіршілік әрекетінің белгілі бір түрі, мамандық,
екіншіден, ауыспалы мағанасында жұмыс, іс,
Еңбек деп, ал кәсіпкер белгілі бір кәсіппен айналысатын адам, деп қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде (редакторы Қалиев А, 1997) көрсетілген.
Кәсіпкерлік тәуекел ету ұғымы өз дамуын ХVII ғасырдан бастады. Осы
уақыттан бастап жұмысты орындау немесе белгілі бір бұйымды жеткізіп тұру
үшін мемлекет пен шарт жасасқан адамдарды кәсіпкерлер деп атай бастады.
Келісім шарттың құны неғұрлым алдын-ала келісілген болса, пайда мен
шығынның мөлшері кәсіпкерлердің сәтті істерімен анықталды. Дәл осы
кезеңге Джон Лоның іс-әрекетін жатқызуымызға болады. Джон Лоның қателігін
ХVШ ғасырдың басында өмір сүрген белгілі ағылшын экономисі Ричард
Контильон (1725-1730) түсінді. Кәсіпкер дене терминді француз экономисі Р.
Контильонның есімімен байланыстырды. Ол кәсіпкерліктің алғашқы
концепцияларының бірін жете зерттеді және оны кейбір зерттеушілер терминнің
атасы деп есептейді. Контильон Ирландияда 1697жылы туылып, 37жасында
Лондонда қаза тапқан. Бай тэжірибесі бар кәсіпкер 20 жасында ак Парижде
атақты баркир болған. Оның көптеген еңбектерінен бізге жеткені біреу ғана.
Ол 1755 жылы қайтыс болған соң жарияланған Сауда табиғаты туралы очергі
деген еңбегінде алтындай ақшалай ағымның механизмдік терориясын жасай
отырып арзанға ал да қымбатқа сат формуласын паш етті және осы формуланы
жетекшілік ететін адамдарды кәсіпкер деп атады.
Кейінірек оның идеясын неміс экономисі орналастыру
теориясының негізін қалаушысы және шекті өнімділікті зерттеуші Тюнен
дамытты. Ол кәсіпкерді өз саласындағы өнім өндірісін ұйымдастыруда жаңа
әдістер енгізіп, жаңа өткізу нарықтарын іздестіретін тұлға деп есептеді.
1976 жылы Адам Смит табиғат туралы зерттеулер мен халықтардың бай
болуының себептері деген еңбегінде жер, еңбек, капиталды өндірістің
негізгі факторлары деп көрсетіп, кәсіпкерлік туралы ештеңе айтпаған
болатын. Тек 1810 жылы Жан Батис Сэй кәсіпкерліктің ролі мен маңызын
негізгі өндіріс факторларына дейін көтерді. Сэй ағылшын кәсіпкерлерінің
дарыны англия өндірісінің табысты дамуының басты факторларының бірі деді.
Сэйдің ойынша өндіріс шеберлері келесі қасиеттері мен қабілеттері:
• төлеуге қабілетті, адал, алды артын ойлайтын, сақ, мұқият, байсалды
болуы;
• олар капиталды тарта біліп, несиелерді өз уақытында қайтара білуі;
• олар тауарлардың маңыздылылығын, ерекшелігін өндіріс тәсілдеріне
болжанып отырған сұранысты дәлдікпен бағалай алуы;
• олар алға қойған мақсатқа сай экономикалық көрсеткіштерді бақылай
отырып, жұмысшыларды тарта білуі, тұтынушыларды таба білуі;
• тауарды тұтынушыларға сатпас бұрын оның құнын бағасын дұрыс анықтай
білу қажет деп есептеді
Келтірілген сипатталамалардан Жан Батис Сэй кәсіпкерді ерекше
талантты мен жүр деп байқауға болады.
Кәсіпкерлік термин одан ары танымал еткен ағылшын экономисі Д. Миль
(1806-1873) Саяси экономияның принциптері деген белгілі еңбектің авторы.
Австриялық субъективті экономикалық мектептің негізін салушы
Карл Менеджер кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жетілдірілді. Ол
тәуелділік кәсіпкердің қызметінде онша үлкен рол ойнамайды . тәуелділік
кездейсоқ сипатта болатын, көп кездеспейтін құбылыс дейді. К.Менеджер
қасиетті ресурстарды табу мен қандай өнім түрін таңдау қажеттігі туралы
шешім қабылдау процесінің келесідей 4 негізгі сатысын жасады:
• экономикалық жағдай туралы ақпаратты жинау;
• экономикалық есеп (ең тиімді өндіріс тәсілін анықтау);
• кәсіпорын мақсатына сай келетін өнімдерді таңдау;
• негізгі экономикалық мәселелерге жету;
1890 жылы Альфред Маршал ең бірінші болып менеджер мен кәсіпкер
арасындағы айырмашылықты көрсетті.
Кәсіпкерлік принципті ғылыми әзірлеуде Австриялық экономист ұзақ
уақыт бойы АҚШ – тағы Гарвард Университетінің профессоры болған И.
Шумпетердің (1883-1950 ж.ж.) еңбектері өте маңызды. Менеджменттің орта
ғасырлық тарихын зерттеуші маман И.Шумпетерді қазіргі кәсіпкерліктің әкесі
деп атайды. И. Шумпетер кәмікерлікті тек кәсіпкерлікті басқаратын менеджер
ретінде сипаттамайды. Оның ойынша кәсіпкер қызметінің басты мәні жаңа
өндіргіш күштерді ұйымдастырып, қиыстырудың нәтижесінде жалпы экономика
өсімді немесе өндіріс циклін жылдамдату болып табылады. Шумпетердің
көзқарасы бойынша жаңа комбинациялар орындау үшін (кәсіпкердің бас
қызметі):
• жаңа тауар рыногі үшін тауар дайындау;
• ұйымдастрып жатқан өндіріс процесіне жаңа технологияны енгізу;
• жаңа сауда рыногын жаулап алу;
• жаңа шикізат түрлерін енгізу;
• ұйымдастырудың жаңа формаларын табу қажет деді.
Франк Найт (1921) кәсіпкерлік қызметінің ерекше белгісі бұл бей
мәлім жағдайда жұмыс істеу деп оған ерекше көңіл бөлді. Ф. Найттың айтуы
бойынша кәсіпкер бұл әр уақытта өз пікіпрін қорғайды, мүмкін болатын
кедергілерді қайсарлықпен жеңе білу керек деп есептеді.
1940 жылы Харбин қаласында К.Гинстің 1887 жылы -1971 жылы кәсіпкер
деген кітабы орыс тілінде шықты. Гинс кәсіпкерді фабрикалар мен зауыттарды
қозғалыстарды инженер деп белгіледі. Ол 1937 жылы біздің елде сауатсыздар
басым кезде, қызметкерлер мен жұмысшыларға олардың еңбектернің арқасында
сияқты болып көрінді. Бұл жалған идея қызметкерлер мен бар ойын , олардың
жан дүниесін тынымысыз қатыгездікпен уландырды. Еңбекпен қанау туралы
жалған ғылыми Маркстік – теория қатыгездікті жандандыра түседі.
Ал Давид Маклейт (1961 ж) кәсіпкерлерге келесідей сипаттама береді:
• аяқталатын тәуелділікке бара білу;
• жігерлілік пен құрастырушылық;
• жеке тұлғаның жауапкершілілігі;
• қабылданған шешімнің себеп салдарын білу;
• қабылданатын шешімнің нәтижесінің көрсеткіші пайда;
• қоршаған ортада болатын өзгерістерді алдын ала көре білу;
• ұйымдастырушылық шеберлігі.
Ол кәсіпкер белгілі бір тәуекелділік жағдайында іс әрекет істейтін
жігерлі адам деп сипттама берді.

1.2 Кәсіпкерліктің қалыптасуындағы мектептер
Қазіргі кәсіпкерлік теориясында кәсіпкерліктің 6 концепциясы
анықталған. Бұл концепцияларының әр қайсысы жекелеген мектепт ретінде
кәсіпкерлік пен кәсіпкерлеу процесті өздігінше түсіндіруге тырысады.
Оларға:
• жеке қасиеттерді бағалау тұрғысындағы кәсіпкерлік мектеп;
• классикалық кәсіпкерлік мектеп;
• психологиялық кәсіпкерлік мектеп;
• менеджмент тұрғысынан қарағандағы кәсіпкерлік мектеп;
• лидерлік тұрғыдан қарағандағы кәсіпкерлік мектеп;
• ішкі кәсіпкерлік мектеп;
Жеке қасиеттерді бағалау тұрғысындағы кәсіпкерлік мектеп –
атақты кәсіпкер болу үшін белгілі бір жекелеген қасиеттреді иелену керек
дейді. Алға қойған мақсатқа жету үшін кәсіпкер өзінің идеясының өмір
шеңдігін дәлелдеп ғана қоймай өзгелердің, ынтасын оятып, арттыруы қажет.
Бұл мектептің кәсіпкері тәуелсізі мен табысқа ұмытылып, өте еңбек қор,
қайратты , айтқанынан қайтпайтын табандылығымен ерекшеленеді. Олар тек қана
өзінің қабілетіне сенеді. Жағдайлық ыңғай қазіргі менеджмент теориясында
берік бағытқа ие болса, жеке қасиеттер тұрғысындағы мектеп басқа
концепцияларға қарағанда қарапайымдылығымен ерекшеленіп , кең таралып отыр.

Кәсіпкерліктің мінез – құлық мектебі кәсіпкерлердің өмірге деген
көзқарастарында ерекше құндылықтар жүйесі бар деп есептейді. Мінез – құлық
мектебінің үш тобы бар:
1) құндылықтар мен дүниеге көзқарастардың жеке жүйесі , оларға адалдық,
жауапкершілік, этикалық тәртіп жатады;
2) тәуелсізділікке бейімділігі;
3) жетістікке жету қабілеті;
Кәсіпкерліктің классикалық мектебі – бұл мектептің ілімі Шумпетердің
ілімімен тығыз байланысты. Ол кәсіпкерлік процестің негізі инновациялық
құрастырушылық қызмет кәсіпкерлік қызметтің басты фактор болғандықтан
мұндағы басқару стилі инновациялық сипаттағы жаңа кәсіпорындарды құруға
бағытталуы керек дейді.
Менеджмент тұрғысындағы кәсіпкерлік мектеп – бұл мектептің іліміне
сәйкес кәсіпкерлік басқару іліміне негізделгендіктен онық анықтамалары
менеджменттің дәстүрлі анықтамаларымен тығыз байланысып жатыр. Джон Старт
Миль кәсіпкерді тәуекелділікке бейім, жетекшілік, бақылау жасайтын адам деп
сипаттама берсе, ал кейбір зертеулерде кәсіпкерлерді кәсіпорынды құруға
қажетті кәсіпорын стратегиясымен кәсіпкерлік жосапарын жасау , кәсіпорынды
құру мен оның дамуын, өсуін басқару қызметін байланыстырады. Бұл мектептің
басқа мектептерден айырмсашылығы оқыту мен дайындау арқылы кәсіпкерлерді
дайындауға болады деуінде. Бұл мектептің пікірінше кәсіпорынды басқару
негізгі функцияларын оқыту, үйрету болашақта болу мүмкін сәтсіздіктердің
санын азайтады.
Лидерлік тұрғысындағы кәсіпкерлік мектеп - бұл мектептің ілімі
бойынша белгілі мақсаттарға жетуде қызметкерлердің іс әрекетіне әсер етіп
еңбекке жұмылдыратын адамды лидер дейді. Лидер тұрғысында кәсіпкерлік
мектептің негізгі ілімі менеджмент тұрғысындағы кәсіпкерлік мектеп іліміне
жақын, бірақ олар кәсіпкерлердің, ерте білу сияқты лидерлік қасиеттеріне
басым жасайды.
Ішкі кәсіпкерлік мектебі – ірі кәсіпорындардың инновациялық
белсенділігі мен бәсекеге қабілеттілігі төмендеген жағдайда пайда болды.
Ішкі кәсіпкерлер ұйымның ішінде еркін іс әрекет етіп , кәсіпорынның иесі
болмаса да өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болу, кәсіпкерлер
сияқты іс әрекет етеді. Ішкі кәсіпкерлік мектебі жекелеген қызметкерлерге
автономдық, құрылымдық бірліктерде кәсіпкер ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік
берген жағдайда ғана кәсіпорынға жаңалықтар енгізеді деп болжам жасайды.
Жоғары да айтып өткендерден кәсіпкерлік жаңа кәсіпорынды құруды
жауапкершілікпен тәуекелділікті мойнына алуды тудыратын (классикалық
мектеп) жеке қасиеттерді бағалаудың интеративті процесін жүзеге асыру
барысында (жеке қасиеттер мен психологиялық мектеп) кәсіпорынды басқару
үшін кәсіпкерлік менеджменттің негізгі тәсілдері мен әдістерін білуді
(менеджмент тұрғысындағы мектеп) , өсім процесінің барысында кәсіпкерлік
қызметті жандандыру үшін жекелеген тәуелсіз құрылымыдарды анықтауды қажет
ететін қызмет ( ішкі кәсіпкерлік мектебі) деп қорытынды жасай аламыз.
Ал бүгінгі таңда кәсіпкерлік түсінігінде жеке кәсіпкерлікті қолдау
және қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңында азаматтардың өз
меншігінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген
азаматтардың өзінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның заңдылық
негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігі өз мойнына алып, табыс табуға
бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген
анықтама берген.
Кәсіпкерлік қолданып жүрген заңдар шеңберінде, азаматтардың өз
меншігінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген
азаматтардың өзініңі немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның заңдылық
негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін өз мойнына алып, өзінің жеке
пайдасы мен қоғамдық пайданың қажетті үйлесімін қамтамсыз етуге
бағытталған, азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген
анықтама берген дұрыс деп ойлаймыз.
Кәсіпкерліктің бұл анықтамасы кәсіпкерліктің тек қана белгілі бір
қызметпен айналыса алу қабілеттілігін қана сипаттамай белгілі бір қызмет
түрі екендігін анықтайды.

ІІ. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы әлемдік тәжірибе:
АҚШ, Азия, Батыс Еуропа.
2.1 АҚШ тәжірибесіндегі шағын және орта кәсіпкерлік.

Кейінгі 10 жылдықтарда экономикасы дамыған батыс елдерінде бәсекенің
дамуы әсерінен шағын және орта кәсіпкерлік ролі арта түсті. Мұның басты
себебі – экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтары.
Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші факторы
шағын кәсіпкерлікті жан жақты дамыту болып табылады. Олардағы
кәсіпорындардың, жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-
нен 99-пайызға дейінгі мөлшерді қамтып , елдің ЖҰӨ-ң 50 пайызға жуығын
өндіруді қамтамысыз етіп отыр.
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рол
атқарады сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары, қазір шағын
кәсіпорындар жоғарғы технологиялық, сфераларға машина құрылысы, энергетика,
химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет , информатика,
микроэлектроника,телекомуникация салаларына әртараптандырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар
қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі.
Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та да шағын бизнес кеңінен дамып
отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың
жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық фирмалардың
пайызын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе
жеке кәсіпорындар.Мұндай фирмалардың 8,7 пайызында саны 20-дан аспайтын, ал
80 пайызында 10-нан аспайтын адам жұмыс істейді.80-жылдардың аяғында АҚШ-та
шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынан да ерекше байқалды.
Мысалы тек 1988 жылдың өзінде ғана 1 млн шағын кәсіпорын пайда болса, 1989
жылы 1,3 млн шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жыл сайын 600 мыңға
жуық жаңа кәсіпорын өмірге келіп отырған.
АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 711 пайызға жуығы шағын
кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар ЖҰӨ-ң 53 пайызын,көтерме сауданың 64
пайызын, бөлшек сауданың 72 пайызын, қызмет саласының 57пайызына ие болып
отыр.
АҚШ-та шағын кәсіпорындар тұрақты түрде қолдауға ие. Әр түрлі
мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді.
Солардың бірі Шағын кәсіпкерлік туралы заң. АҚШ конгресінде шағын
кәсіпкерлік проблемаларымен екі комитет айналысады.
АҚШ шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:
• бюджеттен тікелей датациялау;
• мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіпорындарда
орналастыру;
• шағын кәсіпкерлікке несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;
• шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер беру;
АҚШ - та шағын кәсіпорындар жетекші орын алады. Сондықтан да
федералдық, шататтық басқару органдары шағын және орта кәсіпкерліктің
дамуына үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап жатыр.

2.1.1 АҚШ тәжірибесіндегі кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формаларының
ерекшеліктері мен Қазақстандық үлгісінің талдамасы.
Біздің еліміздегі, нарықтық экономикасы дамыған елдердің
кәсіпкерлікті ұйымдық формаларының дамуын талдай отырып біздегі
кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық – құқықтық формалары шетелдік
кәсіпкерлікті ұйымдастыруға ұқсас қалыптасып жатқанын байқаймыз.
Эконмикамыздың өтпелі жағдайына сәйкес бір қатар ерекшеліктері бар.
Шетелдік тәжірибеде кәсіпкерлікті негіздеудің 4 формасы бар:
• жеке кәсіпкерлік;
• серіктестік;
• коорпорация;
• S коорпорация;
Жеке кәсіпкерлік – тіркеу және негіздеу жағынан әлде қайда жеңіл болып
табылатын кәсіпкерлікті ұйымдастыру формасы. Жеке кәсіпкердің артықшылығына
кәсіпкерлікті толығымен бақылай алу мүмкіндігінің бар болуы жатады. Мұндай
кәсіпорын кез келген уақытта сатылуы мүмкін. Кәсіпорынды бағалау құнына
негізгі активтер мен бірге активтер емес те кіреді. Серіктестік бұл екі
немесе одан да көп қатысушылар пайда алу мақсатында кәсіпорынды
ұйымдастырады.

АҚШ – тағы кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары
Көрсеткіштер Жеке Жауапкершілігі Жауапкершілігі S
кәсіпкерлік шектеулі шектелмеген коорпора-ция
серіктестік серіктестік
1 2 3 4 5
Тіркеу Алғашқы Заңды түрде Келісім шартты Тіркеу
процедуралары меншығындар келісім жасаумен талаптары
алғашқы шығындар минималды жасалып, ресми байланысты штаттар дың
болады, тіркеутіркеу төлемі шығындар. заңы мен
төлеміне болмайды. Тіркеу талабы анық талады.
ақшаның қажеті арнайы актімен Мұндай
жоқ. анықталады. арнайы заң
қызметкер
лері құрыл
тайшы құ
жаттарды
дайындау
үшін тарты
лады.
Жауапкершілік Шексіз Шексіз жеке Жауакершілігі Салынған
деңгей тұлғалық тұлғалық шектелмеген инвистицияла
жауапкершілік жауапкершілік серіктестіктер рының
де жауапкер көлеміне
шілігі толық, орай
ал шектелген жауапкершілі
серіктестіктер к шектеулі
де болады.
жауапкершілік
толық болады.
Мирасқорлық Кәсіпкер Келісіміне ШС - әсер Акционерлерд
кеткен көрсетілген етпейді. Бас ің кетуі
жағдайда жағдайлардан серіктестердің ұйымның
кәсіпорын өз басқа уақытта кетуі қызметіне
қызметін болмайды. серіктестіктің әсер
тоқтады. таралуына етпейді.
әкеледі.
Меншік үлесін алуМеншікті сату Басқа серік Шектеулі Акционерлер
мен сатып тестердің ке серіктестер акция
алуды шексіз лісімі қажет. меншіктегі өз түріндегі
құқты үлестірен меншік үле
иеленеді. алады. Бас сін сату мен
серіктестері сатып алу
басқа еркін дігін
... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнестiң дамуындағы әлемдiк тәжiрибе
БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІ
Шағын кәсіпкерлікті дамыту
Шағын кәсіпкерлікті басқару
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Орталық Азия мен Еуропа серіктестігі
Жекешелендіру: еуропа және азия тәжірибесі
Оңтүстік Батыс Азия
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер және оларды жою мүмкіндіктері
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь