Тоқыма талшықтары



МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Табиғи талшықтар 5
1.1. Өсімдік және жануар талшықтары 5
1.2 Жасанды талшықтар 12
2. Тоқыма талшықтары 16
2.1 Тоқыма талшықтарының классификациясы 16
2.2 Тоқыма жіптерінің түрлері. Тоқыма жіптердің құрылымы және қасиеттері 22
Қорытынды 27
Пайдаланған әдебиеттер 28
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциалын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан-жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудын қарқынды жолына кешіру негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Қиімге қойылатын талаптар гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық түрғыдан бөлініп қаралады.
Гигиеналық талаптардың өзі — адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал еткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс[1].
Киім жасау үшін талшықтар қолданылады.
Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Өсімдік тектес (циллюлозалық — мақта, зығыр, кендір, т. б.) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар — капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және басқалар.
Синтетикалық талшықтардың негізінде де күрделі органикалық косындылар — полимерлер бар. Олар қарапайым молекулаларды синтездеу аркылы алынады.
Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVII ғасырда ағылшын Р. Гук айтқан еді, бірақ өнеркәсіпте жасанды жібек XIX ғасырда ғана алынды.
Целлюлозалық талшықтардан ең бірінші нитратты жібек (1890 ж.), кейін — мыс-аммиакты және вискозды жібектер алынды. Ацетатты жібек бірінші дүниежүзілік соғыстьщ соңына қарай алынды. Россиядағы вискозды жібек шығару жөніндегі бірінші завод Мытищиде салынды. Ол 1913 жылы 136 т вискоза талшығын өндірді. Қазіргі кезде химиялық талшықтар өндіру химиялық өнеркәсіптін ірі саласына айналды. Барлык тоқыма тал-шықтарының 30%-на жуығы жасанды жолмен химиялық заводтарда алынады. Химиялық талшықтар жүнге карағанда үш есе, таза жібекке қарағанда 100 есе көп пайдаланылады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Бузов Б.А., Алыменкова Н.Д. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности. М.: АCADEMA, 2004.
2. Бадалов К.И. Проектирование технологии хлопкопрядения.Учебн.для ВУЗов – М.: МГТУ им. А.Н.Косыгина 2004г.
3. Бадалов К.И. Сборник задач по прядению хлопка и химических волокон. Учебн.для ВУЗов – М.: МГТУ им. А.Н.Косыгина 2004г.
4. Мартынова А.А. и др. Строение и проектирование тканей. - МГТУ им. А.Н.Косыгина, М – 1999г.
5. Николаев С.Д., Малецкая С.В. Пестроткани. Особенности строения и технологии выработки. – МГТУ им. А.Н.Косыгина, М – 2005г.
6. Колин Гейл, Ясбир Каур. Мода и текстиль: рождение новых тенденций. Пер. с англ. ООО «Гревцов паблишер», 2009. Феликс Янсен. Эпоха инноваций. М.: Инфра-М, 2002.
7. Гусейнов Г.М. и др. Композиция костюма. М.: АСАDEMA, 2003.
8. Медведева Т.В. Художественное конструирование одежды. М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2003.
9. Толкачева А.И. Дизайн трикотажных изделий. Санкт-Петербург. Изд-во «Специальная Литература», 2004.
10. Кэролайн Тэтхем, Джулиан Симен. Дизайн в моде. Моделирование одежды. М.: РИПОЛ классик, 2006.
11. Современная энциклопедия. Мода и стиль. М.: АВАНТА, 2002.
12. Журнал «International Textiles». М., 2003-2009.
13. Журнал «Ателье». М., 2001-2009.
14. Журнал «Индустрия моды». М., 2001-2009.
15. Журналы «Текстильная промышленность», «Швейная промышленность», «Текстиль», «Директор». М., 2001-2009.
16. Кричевский Г.Е. Химическая технология текстильных материалов. Том 1. Москва, РосЗИТЛП 2000 г. 436 с.
17. Химическая технология текстильных материалов. Том 2. Москва, РосЗИТЛП 2001г. г.540 с.
18. Химическая технология текстильных материалов. Том 3. Москва, РосЗИТЛП 2002 г. с.
19. Кричевский Г.Е., Корчагин М.В., Сенахов А.В. Химическая технология текстильных материалов.Москва, 1985 г., 639 с.
20. Куликова М.А., Журавлева Н.В. и др. Кололрирование текстильных материалов. МГТУ им.А.Н.Косыгина. Международная программа образования.М.2000 г.201 с.
21. Сафонов В.В., Третьяков А.Е., Шкурихин И.М. Биопроцессы и комплексообразование в отделке текстильных материалов. МГТУ им.А.Н.Косыгина. Москва. 2004 г. 178 с.
22. Сафонов В.В. Биохимические процессы в отделочном производстве.М, 2005.с. 215
23. Базовый лабораторный практикум по химической технологии волокнистых материалов /Под ред.Булушевой Н.Е./. Москва., 2000г.,421 с.
24. Қазақстан энциклоп. 4-том 144-бет
25. Шаңырақ энцикклоп.
26. Қазақ Совет энциклоп. 7-том
27. Қазақстан энциклоп. 4-том, 141-бет
28. «Химия негіздері» К. Аханбаев
29. «Органикалық химия» Всюченко
30. «Органикалық химия» Л. А. Цветков
31. Қазақ Совет энциклоп. 5-том
32. «Тұрмыстағы химия»

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Табиғи талшықтар 5
1.1. Өсімдік және жануар талшықтары 5
1.2 Жасанды талшықтар 12
2. Тоқыма талшықтары 16
2.1 Тоқыма талшықтарының классификациясы 16
2.2 Тоқыма жіптерінің түрлері. Тоқыма жіптердің құрылымы және қасиеттері 22
Қорытынды 27
Пайдаланған әдебиеттер 28

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциалын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан-жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудын қарқынды жолына кешіру негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Қиімге қойылатын талаптар гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық түрғыдан бөлініп қаралады.
Гигиеналық талаптардың өзі -- адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал еткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс[1].
Киім жасау үшін талшықтар қолданылады.
Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Өсімдік тектес (циллюлозалық -- мақта, зығыр, кендір, т. б.) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар -- капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және басқалар.
Синтетикалық талшықтардың негізінде де күрделі органикалық косындылар -- полимерлер бар. Олар қарапайым молекулаларды синтездеу аркылы алынады.
Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVII ғасырда ағылшын Р. Гук айтқан еді, бірақ өнеркәсіпте жасанды жібек XIX ғасырда ғана алынды.
Целлюлозалық талшықтардан ең бірінші нитратты жібек (1890 ж.), кейін -- мыс-аммиакты және вискозды жібектер алынды. Ацетатты жібек бірінші дүниежүзілік соғыстьщ соңына қарай алынды. Россиядағы вискозды жібек шығару жөніндегі бірінші завод Мытищиде салынды. Ол 1913 жылы 136 т вискоза талшығын өндірді. Қазіргі кезде химиялық талшықтар өндіру химиялық өнеркәсіптін ірі саласына айналды. Барлык тоқыма тал-шықтарының 30%-на жуығы жасанды жолмен химиялық заводтарда алынады. Химиялық талшықтар жүнге карағанда үш есе, таза жібекке қарағанда 100 есе көп пайдаланылады.
Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалык болып бөлінеді. Ағаш целлюлозасы, мақтаның қалдығы, шыны, металдар және баскалар жасанды талшықтар өндірудегі шикізат болып табылады. Синтетикалық талшықтар шикізатын өндірудің бастапқы азығы болып газ және тас көмір мен мұнай өндеуден шыққан өнімі алынады[2].
Зерттеу тақырыбының мақсаты: тоқыма талшықтарының құрамын,жасалу жолын және артықшылықтары мен кемшіліктерің қарастыру.
Зерттеу нысаны-тоқыма талшықтар өндірісі.
Зерттеу пәні-қазіргі заманғы өндірістегі тоқыма талшықтар.
Зерттеу тақырыбының міндеттері- тоқыма талшықтар жайлы
-жан-жақты толық қарастыру;
-оның химиялық құрамын,құрлысын,алыну жолын қарастыру;
Құрылымы: кіріспеден,екі бөлімнен, қорытындыдан қолданылған әдебиеттер тізімінең тұрады.

1 Табиғи талшықтар
1.1. Өсімдік және жануар талшықтары
Мақта. Мақта талшығын алуға арналған тұқымында ұзындығы 1-50 мм жіңішке талшықтар өсетін, бір жылдық бұталы өсімдік. Мақта өсімдігінің негізгі екі түрі кең тараған: орташа талшықты, орташа ұзындық беретін (25-35 мм), жіңішке талшықты талшығының ұзындығы 35-50 мм. Мақта өсімдігінің өсіп өнетін кезеңі мақтаның селекциялық сортына және оның өсетін аймағына байланысты 90-180 күн аралығында тербеледі. Тұқымдардың еккеннен кейін екі айдан соң өсімдік 150 см биіктікке дейін көтеріледі де, оның жапырақтары пай- да болып гүлденуі басталады. Гүлдердің ішінде талшықпен жабылған тұқымы бар, қауашақ пайда болады. Мақта пісіп жетілген кезде қауашақ жарылады және талшықтар сыртқа шығады. 1.1-суретте мақтаның жапырақтары көрсетілген[3].
11
1.1-Мақтаның жапырақтары.
Мақтаны жинау кезінде қауашақтан мақта-шикізат деп аталатын тұқымды талшықтарды бөліп алады. Мақта тазалағыш зауатта, ар- найы талшық бөлгіш машинада тұқымнан талшық бөлініп алынады. Алынған мақта талшығы буылып, нығыздалып жиналады, содан кейін талшықтарды мақтаны алғашқы өңдеу фабрикасына жіберіледі.
Талшықтар тұқымдардан тазаланғаннан кейін қысқа талшықтар алынады, оны мақтадан жасалатын беймата материалдарын өндіру үшін қолданады[4].
Құрылысы бойынша мақта талшықтары негізі целлюлозадан (С^Н^О^) тұратын, созылған пішіндегі өсімдік жасушасы болып келеді.
Қойлардың шығуы. Қойлар өте ерте кезеңнен қолға үйретілген. Археологиялық және басқа да зерттеулерден алынған мәліметтер бойынша қойлар біздің эрамызға дейінгі 6-7 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қолға үйретудің мүмкін ошағы болып Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Кіші Азия табылады. Қойлар ұсақ қоректенетін, шайнай-тын, тұяқты және қой тұқымына жатады. Зоологиялық топтастыру бойын- ша жақыны ешкі болып табылады.
Қойлардың тұқымының мүмкін басталуының бірыңғай мәліметі жоқ. Биологиялық тұрғыдан үй қойларына жақын жабайы қойлардың алуан түрлілігінің көп болуымен байланыстырылады. Үй қойларының ата тегіне муфлон, архар және аргали жатады. Ол 1.15-суретте көрсетілген.
Муфлондар Жерорта теңізінде және Кіші Азия жағалауларында және аралдарында мекендейді. Қой шаруашылығындағы негізгі өндіріс болып, белгілі бір өнім алу мақсатындағы нақты климатты ортада

Сурет 1.15- Жабайы қой муфлон

адамдардың білімді еңбегінің және талабының арқасында асыл тұқым- ды алу табылады.
Табиғатта жаратылған 1-2 жабайы тұқымды түрлерінен адамзат осы уақытқа дейін 600 тұқымды қой түрлерін өндірді. Тәуелсіз мемле- кеттер достығы (ТМД) елдерінде өндірістің барлық бағытында қойдың 60 тұқымын өндірді. Соның ішіндегі 22-биязы жүнді, 15 - жартылай би- язы жүнді, 4 жартылай қылшықты, қалғаны - қылшықты (қылшықты, тондық)[5].
Биязы жүнді қойлардың бірнеше ерекшеліктері бар. Олардың жүнінің қалыңдығы орташа есеппен 15-25 мкм, түбіті қалың ақ жүннен тұрады. Осы тұқымдас қойлар үшін биязы жүн басының көз сызығына дейін және төменірек, сондай-ақ тұяқ ұшына дейін жауып тұрады. Бұл малдардың мойын бөлігінде, дене бөлігінде және құйрық ұшында қатпарланып білінетін артық былғарысы бар. Биязы жүнді тұқымдас қойларды зоологиялық топтастыру бойынша ұзын арық құйрықтыға жатқызады.
Будандастыру арқылы алынған биязы жүнді қой тұ-қымдары өзара өнімділігімен және дене бітімінің ерекше-лігімен ажыратылады. Оларды жүнді-етті, жүнді, және етті-жүнді деп бөледі. Бұлай бөлудің негізі жүннің және еттің өнімділігіне, сондай-ақ олардың шығу тегіне бағытталған.
Жүнді-етті тұқымдар. Бұл тұқымдастың қойлары кейбір шығу ортақтығымен сипатталады. Көп жағдайда олар жергілікті меринос қойларымен американдық рамбулье тұқымын будандастыру арқылы өндіріледі. Бұл тұқымдас ірі мал, жақсы дене бітімді, жүні сапалы болып келеді. Соңғы жылдары жүнді-етті тұқымдардың бағытын А және Б то- бына жіктеу қабылданған. А тобына жататын тұқымдастар: асканилік, кавказдық, алтайлық және солтүстік кавказдық меринос; Б тобына жататын тұқымдастар: Забайкальдық, Қырғызстандық, Красноярлық, Оңтүстік Қазақстандық меринос және Оңтүстік Оралдық.
Асканилік тұқым. 1925-1934 жылдар аралығында академик М.Ф.Ивановпен Аскании-Новада, ең жақсы жергілікті меринос қойларын дене бітімі ірі, қалың қысқа жүнді американдық рамбулье қойларымен будандастыру арқылы өндірілген. Жергілікті украиналық мериностар аз қатпарлы, ұзын жүнді, олар құрғақ климатқа жақсы бейімделген.
М.Ф.Ивановтың алдында аса ірі салмағы 60 кг жететін жүнді өнімділігі жоғары және жетерліктей етті пішінді қой тұқымын алу міндеті тұрды және бұл мақсатқа өте қысқа мерзім ішінде 12 жылда жетті. Асканилік қойлар әлемдегі меринос түқымдарының ішіндегі ең ірісі болып табылады. Ол 1.16-суретте көрсетілген және биік жүнімен еттілігінің сәйкестігімен сипатталады. Қойлардың салмағы 123-130 кг жетеді, үрғашысының салмағы 62-65 кг, қырқылған жүннің салмағы 16-17 кг,таза жүннің шығуы 38-42 %. Алтай тұқымы. Бұл тұқым 1936-1948 жылдар аралығында Алтай өлкесінде Г.Р. Литовченко, Н.А. Васильева, Ф.Я. Вовченко, С.С. Крым- ский басқаруымен буданастыру арқылы алынған. Материал ретінде Сібірге әкелінген жергілікті жаңа кавказдық және мазевтік мериностар пайдаланылды. Бұл мериностар ұсақ болып келеді. Үлкен малдардың ұргашысының салмағы 37 кг, қырқылған жүннің салмағы - 4,6 кг. Ал таза күйінде 1,2-1,4 кг құрайды. Жүні ұзын және өте майлытерлі. Сібірдің қатаң суығында тұқымдастарды жетілдіру қиындатады. Қатты аяз кездерінде майлытерлі жүндер малдардың үстіне жабысып, қатып, нәтижесінде жиі өлетін болды. Бұл қойларды 1927-1930 жылдары американдық рамбулье тұқымдарымен будандастыра бастады, алынған шатыстарды кавказдық және австралиялық биязы жүнді тұқымдас қойлармен будандастырды. Нәтижесінде өте ірі денелі және жүнді өнімділігі жоғары малдар алынды[6].
Жүн талшығы (түк) түбірден және сабақшадан тұрады. Түбір терінің астында жатады. Сабақша тері жамылғының сыртында болады және кератин деген белоктан тұрады. Түктің сабақшасы үш қабаттан тұрады: қабыршақты, қабықты және өзекті.
Қабыршақты қабат (кутикула) түкті қоршаған мүйіз тәрізді қабыршақтан тұрады. Талшықтың түріне байланысты қабыршақтардың формасы сақина, жартылай сақина немесе пластинка тәріздес болып келеді. Қабыршақты қабат түкті бұзылудан сақтайды, оның жылтыл- дауы мен киіз болып ұйысу қабілетіне әсер етеді.
Қабықты қабат түктің тұрқын құратын ұршық тәрізді клеткалардан тұрады, шаштың мықтылығын, серпімділігін және басқа да қасиетін анықтайтын негізгі қабат.
Өзекті қабат талшықтың ортасында орналасқан және ауа толған клеткалардан тұрады. Жуандығы мен құрылымына байланысты жүн талшықтарының кеилесідей типтері болады: түбіт, ауыспалы және өлі шаш, қылшық.
Түбіт - қабыршақты және қабықты қабаттан тұратын жіңішке ирек талшық. Биязы жүнді қойдың барлық жүн жамылғысы және қылшық жүнді қойлардың теріге жақын жамылғысы түбіт болып келеді. Қабыршақты қабат сақина немесе жартылай сақина формалы болып келеді.
Қылшық - түбітке қарағанда дөрекілеу, әлдеқайда жуан және ирек емес. Ол үш қабаттан тұрады: пластинка тәріздес қабыршақтардан тұратын қабат, қабықты қабат және тұтас өзек. Жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді қойлардың жүн жамылғысы қылшықтан тұрады.
Аралық жүн - түбіт пен қылшықтың ортасы. Будан тұқымдас қойлардың барлық жүн жамылғысы ауыспалы түкті. Аралық түк те үш қабаттан: қабыршақты, қабықты қабаттан және үзілмелі өзектен тұрады.
Өлі түк - нашар боялатын, өңдегенде оңай сыналатын дөрекі, тік және қатты талшық. Ол қылшық жүнді қойлардың кейбір тұқымдарында кездеседі. Өлі түк үш қабаттан қабыршақты, жұқа қабықты және талшықтың барлық көлденеңін алатын жалпақ өзектен тұрады.
Қойдан қырқып алынған тұтас жүн .жабагы деп аталады. Қойдың жүн жамылғысын құрайтын талшықтың түріне байланысты, жүн де келесі түрлерге бөлінеді: түбіт талшықтан тұратын биязы жүн (25 мкм дейін); оны биязы жүнді қойлардан алады да, жоғарғы сапалы камволь және шұға маталарды тоқуға пайдаланады: Жартылай биязы жүн (25-34 мкм) - түбіт талшығы мен аралық жүннен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып, костюмдік және пальтолық камволь маталар тоқу үшін пайдаланады;
Жартылай дөрекі жүн (35-40 мкм), қылшық пен аралық түктен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып костюм және пальто үшін жар- тылай қылшықты шұға маталарды дайындауға пайдаланады;
Дөрекі жүн (40 мкм жоғары) - құрамында талшықтың барлық түрі бар; оны қылшық жүнді қойдан алып, ірі шұға мата алуға пайдалана- ды. Жіп иіру үшін жүн талшығының ұзындығы мен бұралаңдығының маңызы өте зор.
Жүн талшығының ұзындығы 20-450 мм аралығында мықтылығы ұзындығына байланысты қысқа талшықты 55 мм дейін, ұзын талшықты - 45 мм артық болып бөлінеді, жүннің түк түрлері 1.22-суретте көрсетілген.
Жүннің ирелеңдігі талшықтың 1 см ұзындығына келетін ирелеңдігімен сипатталады. Талшық неғұрлым жіңішке болған сайын, иірілуі жоғары болады[7].
Биік ирелең қысқа талшықты жүн жуан әрі үлпілдеген шұғалық жіп иіруге пайдаланылады.
Жүн талшығының жуандығы талшықтың түріне байланысты және оның иірілген жіп пен матаның қасиетіне ықпалы зор. Түбіттің жүні 30 мкм, қылшықтыкі 50-90 мкм, өлі шаштыкі 50-100 мкм.
Жүн талшықтарының мықтылығы оныңжуандығы менқұрылымына байланысты. Мысалы, өлі жүн - жуан, бірақ осал талшық. Жіңішкелігі 20 мкм түбіт талшықтар 7 сН дейінгі үзу салмағымен сипатталады, жіңішкелігі 50 мкм қылшық талшықтар - 30 сН дейін. Талшықтардың салыстырмалы үзу салмағы 10,8-13,5 сНтекс. Жуан жүнге қарағанда жіңішке жүн төзімді. Себебі жуан талшықтардың өзегінде ауа бар, ал ол талшықты жуан қылып көрсеткенмен мықтылығын арттырмайды, құрғақ талшықтардың үзілер кездегі ұзаруы 40%.
Толық ұзарудың көп үлесі (7 % дейін) серпімді және жоғары эластикалық деформациялы, соның әсерінен жүн матадан істелген бұйымдар онша қыртыстанбайды, формасын жақсы сақтайды.
Биязы жүнді қойдың жүні ақ түсті, ептеп ақсары. Қылшықты және ұяң жүннің түсі - сұр, қызғылыт, қара. Жүннің жылтыры қабыршақтардың мөлшері мен формасына бай- ланысты. Ірі, тығыз қабыршақтар жүнді солғын етіп көрсетеді[8].
Киізденуі - жүннің басқанда бірігіп ұйысуы. Жіңішке, серпімді, өте иректі жүннің киізденуі жоғары болады.Қалыпты жағдайда биязы жүннің бойындағы ылғалы 18%, қылшық жүндікі -15 %. Басқа талшықтарға қарағанда жүннің гигроскопиялық қасиеті жоғары, ылғалды аз тартады және аз шығарады. Жылу мен ылғалдың әсерінен жүн талшығы 60 % дейін ұзара алады. Жүннің қасиетін ескере отырып, оған үтіктеу, созу, декатирлеу сияқты опера- циялар жасалынады.
Киімді химиялық тазартудан өткізгенге қолданылатын барлық органикалық еріткіштердің әсеріне жүн төзімді.

Табиғи жібек - жібек құрты шығаратын өте жіңішке жіптер. Табиғи жібек өзінің қасиеттері және өзіндік құнына байланысты - өте бағалы тоқыма шикізаты. Оны жібек құртының піллә орамасынан алады. Тұт ағашының жібек құртының жібегі кең таралған және бағалы, ол әлемдік жібек өндірісінің 90 % құрайды.
Жібек жібін алу үшін (3000) жыл бұрын тұт ағашының жібек құртын пайдаланған, отаны Қытай халқы болып саналады. Жібек шаруашылығымен негізінен ТМД елдерінің Орта Азия республикала- ры, Кавказ, Украина және Молдова елдері айналысады.
Жібек талшығы - кейбір құрттардың жібек шығаратын ерекше бездерінен бөлінетін өнім. Тұт ағашының жібек құртынан алынатын жібек өндіріс үшін маңызды.
Тұт ағашының жібек құртын арнайы жібек шаруашылығында өсіреді. Жібек құрты өзінің даму жолында төрт кезеңнен өтеді:жұмыртқа (грена), қырықбуын, қуыршақ және көбелек. Қырықбуындарын тұт ағашының жапырақтарымен тамақтандыру кезеңінде олардың денесінде ақуыздық айналым жүреді. Асқазан сөлінің ферменттерінің арқасында тұт ағашының ақуызы бөлек аминқышқылдарға бөлінеді, олар қырықбуындардың ағзасының жасушаларымен сіңеді. Ағзада аминқышқылдарының синтезі және молекулаларының қайта құры- луы, бір аминқышқылының басқасына айналуы жүреді. Айналым нәтижесінде қырықбуындардың денесінде туылуы уақыты келгенде толық жиынтықты түрлі аминқышқылды сұйық зат, ол табиғи жібектің негізгі жоғары молекулалы бірігуіне керекті - фибрион және жібек негізмі - серицин жиналады. Піллә жібі - фибрион (75%) және серицин (25%) белоктарынан тұрады.
Пілләнің пайда болуы кезінде қырықбуын ауаға шыққанда қататын, жібек бөлетін жолдары арқылы екі жіңішке жібек шығарады. Бір уақытта жібекті бірге негізмдейтін серицин бөлінеді. Жіп құрау уақытында фибрион макромолекулалары агрегатталады және талшықтың молекулярлық құрылымын құрады, 20-30 макромолекула- лар микрофибрилға біріктіріледі, олар өз кезегінде фибрилл құрайды[9].
Жүн кератинінен фибрионның макромолекулаларының айырмашылығы - кішкене бұтақты және бүйір шынжырларының саны талшықтың ортақ салмағынан 19% жоғары болмауы керек. Фибрионның молекулярлы құрылымы жүн кератинімен салыстырғанда жоғары дәренегіз және кристалды болады. Серицинге қарағанда фи- брион төзімді белок, сабын-сода ерітіндісімен қайнатқанда фибрион ерімейді, ал серицин негізмі еріп кетеді.
Микрофибраның аморфты аудандарында микрофибриллалар мен фибриллалар арасында талшықтың ортақ ауданынының 10-15% құрайтын микросынулар, қуыстар, тығызсыздықтар болады. Жібек құрайтын фибрилл талшығы өз осінің бойымен орналасады.Серицин өзінің аминқышқылды құрамына байланысты фибрионға өте ұқсас, макромолекулаларының айырмашылығы оралу әдісінде. Серициннің фибрионнан кристалдылығы аз. Жібектің піллә жібі серицинмен бірге негізмденген қарапайым 500-1500 м ұзындыққа дейін жетеді. Пілләнің үстіңгі және астыңғы қабаттары тарқатылмайды, сондықтан тарқатылған жіптің орташа ұзындығы 600-900м. Қарапайым жіптердің көлденең қиындасы бұрыштары домаланған үшбұрышты немесе овал формасында болады және кесе-көлденең ені 10-12 мкм. Қырықбуын жіптердің шығуына байланысты оларды қабаттап жинайды, ол се- рицинмен негізмденген жабық қабық-піллә құрайды. Піллә ішінде қырықбуын пайда болып, 15-17 күннен кейін қуыршақ көбелекке айналады. Сондықтан пілләларды бұйралана бастауынан 8-9 күнде жинап, алғашқы өңдеуге жіберіледі, жібектің алыну үдерісі 1.23- суретте көрсетілген. Тұт ағашы немесе жібек ағашы қырықбуын жапырақ-тарымен қоректенетін өсімдік. Тұт ағашы 20м биіктікке дейін жететін үлкен ағаш. Бір тұт ағашынан алынатын жапырақтар саны оның өлшеміне, жасына байланысты және 5-80 кг дейін жетеді. Тұт ағашының жемістерін жеуге болады. Тұт ағашынан басқа қырықбуындар солтүстікте өсетін скорцонера жапырақтарымен, басқа да өсімдіктердің жапырақтарымен қоректене алады. Қырықбуын өсіру таза әрі желдетіліп тұратын ғимаратта жүргізіледі. Ғимарат температу- расы тұрақты қадағаланып отырылады. Қырықбуындар үшін арнайы қабаттар орналастырылады. Қабаттардағы сөрелері қырықбуын жа- сына байланысты әр түрлі диаметрдегі тесіктері бар қағаз беттерімен (алынбалы) рамкалы болады. Алынғышқа балғын, жақсы туралған жапырақтар салынады. Қырықбуындар жапырақтарды қатты ла- стайды және алынғыштарға жиі тазалау жүріп тұруы керек, тазалау келесі жолмен жүргізіледі: балғын жапырақты алынғыштарды ескі жапырақтарға қояды, қырықбуындар балғын көк шөпке жорғалап жыл- жиды, ластанған рамкалы алынғыштар алынады. Жібектің алғашқы өңдеуінің мақсаты - піллә жібек жібін тарқатып орап алу керек. Орап алу арнайы піллә орау автоматтарында 4-9 пілләлардың бірнеше жіп- терінің ұшы қосылып ұршыққа оралады және шикізатты жібек деп аталады. Шикізатты жібекте 26-33% серициннан тұрады, бірақ келесі өңдеу кезінде оның құрамы дайын маталарда 4-5% азаяды. Көбінесе жібек шикізатының қалыңдығы 1,556-2,33 текс болады. Пілләларды жинастырып, тарқатқаннан қалған қалдықтардың түрлері - шатасқан қалдықтар, піллә қабыршағының қалдықтары, бүлінген қалдықтар бо- лып табылады[10].
Табиғи жібек қасиеттері. Піллә жіптерінің ұзындығы өте ұзын, ол 1000-1500 м және одан да жоғары болады. Піллә жібінің жуандығы көптеген текті пілләларда, сондай-ақ бір текті және тура сол пілләнің өзінде ауытқулар болады. Кесе-көлденең қимасында піллә жіптері 20-30 мк тең, шамамен мақта талшығынан бір жарым есе көп.
Мықтылығы. Піллә жібі 10г күшті, бірнеше жіптерден тұратын шикізатты жібек жіптерінің санына байланысты 35-110 г күште үзіледі, бұл мықтылық шегіне 35-45 кгмм2 және үзілу ұзындығына сәйкес келеді. Ылғал кезінде шикізатты жібектің 5-10% мықтылығы төмендейді.
Жібектің ұзаруы үзілгенде 20% құрайды, ал ылғал кезінде ұзару 15-20 көбейеді. Ұзару кезінде жібектің серпімділігі жоғары болып келеді. Жылжу. Жіңішке және тегіс жібек жібі оңай жылжиды және төгіледі, өйткені мата сетінегіш келетіндіктен, бұл тігін бұйымдарын дайындаудағы кері қасиет болып табылады.
Гигроскопиялық қасиеті. Жібектегі ылғалдың дұрыс мөлшері 11%. Жібек жүн сияқты ауадан 30% дейін ылғалды сорады. Ылғалданған жібек жүнге қарағанда тез кебеді, артық ылғалдан тез арылады. Бұл қасиет жақсы, өйткені ол жібек маталарындағы гигиеналық қасиеттер үшін жақсы әсер етеді. Ылғал жібекті ұзақ сақтағанда көгеріп кетеді. Жүнмен салыстырғанда жібек күйеге толық қарсы тұрады.
Ысыту жібекті қатты және әлсіз етеді, осының нәтижесінде ол мықтылығынан және басқа да қасиеттерінен айырылады. Жібек талшықтары күн сәулесіне мақта мен жүн талшықтарына қарағанда сезімтал болып келеді. Жібектің 200 сағ күн сәулесінде күюі, оның мықтылығын 50% төмендетеді.
Күйдіргенде жібек талшығы жүн сияқты ақырын жанады және ұшында кішкене күйік пайда болады, жанғанда күйген қауырсын иісі тарайды. Органикалық емес қышқылдар (қойытылған күкіртті) жібек талшықтарын бұзады, ал тұзды ерітінді ерітіп жібереді. Қышқылдардың әлсіз ерітінділері жібектің боялуын жақсартады[11].

1.2 Жасанды талшықтар
Гидратцеллюлозды талшықтар (һугігаіегі сеііиіояе ІіЬгея). Гидратцеллюлозды жасанды талшықтар өндірісіне шикізат ретінде шыршаның, қарағайдың, самырсынның, шамшаттың, мақта мамығынан алынатын құрамында 90-98% а-целлюлозасы бар табиғи целлюлоза қызмет етеді. Жіптерді қалыптастыру құрамында күкіртті қышқыл және басқа реагенттері бар, бір немесе екі былаулы тәсілмен тұнба былауында табиғи целлюлозаның сілтілі (вискозды талшықтар) немесе мысты-аммиакты (мысты-аммиакты талшықтар) ерітіндіндісінде іске асырылады. Талшықтарды қалыптастыру кезінде целлюлозаның ерітіндісі бұзылады, гидратцеллюлозаның макромолеулалары пайда болады және өседі[12].
Химиялық құрамы бойынша гидратцеллюлоза табиғи целлюлозаға ұқсас, бірақ физикалық құрылымы бойынша табиғи целлюлозаға қарағанда (300-800 тұрады), гидратцеллюлозаның полимеризациялау деңгейі аз болады, макромолекулаларындағы звеноларының орналасуы өзгеше, молекула үсті құрылымындағы макромолекулаларының орналасуы және бағытталуы, қаптау формасы ерекше болады. Гидратцеллюлозды талшықтардың криссталдану деңгейі 40-50 %. Гидратцеллюлозды талшықтардың қасиеттерінің табиғи целлюлозды талшықтардың қасиеттерінен айырмашылығы, ол борпылдақ, қалыптаспаған құрылымды болады.
Вискозды талшықтар (уІ8С08а) бір мезетте тартумен бір былаулы тәсілімен алады, бұл талшықтың құрылымының біркелкі болмауына әсер етеді. Вискозды талшықтардың қалыптасу үдерісінің уақыты: ұзын макромолекулалары өсетін, ерітінді ағымының сыртқы қабығында целлюлозаның қалпына келтіру үдерісінің бастапқы кезеңінде ғана жүргізіледі; ішкі қабығында целлюлозаның қайта қалпына келтірілуі ақырын жүргізіледі, сондықтан макромолекулалары қалыптаспаған және өте қысқа болып шығады. Қалыптасу мөлшеріне қарай талшық көлемі азаяды, бұл үстіңгі қабатының деформациялануын туғызады және көлденеңі қатты кесілген формадан тұрады. Сыртқы қабаты ядромен салыстырғанда макромолекулаларының орналасуы тығыз және бағытталған, көлденең қимасының бетінің 35-50 % құрайды және талшықтың мықты бөлшегі болып табылады. Вискозды талшықтардың гигроскопиялық, жарыққа төзімділік, жұмсақтыққа және жууға төзімділік қасиеттері жоғары. Бірақ, олардың кемшілігі, бірқалыпты емес, жұмсақ және аз реттелген құрылымына байланысты. Вискозды талшықтар ылғалдау кезінде қатты ісініп, тоқыма материалдардың отыруын жоғарылатады (50%-ға дейін), созылу кезіндегі беріктік шегін және қажалуға тұрақтылығын айтарлықтай жоғалтады. Кемшіліктерін азайту үшін вискозды материалдардың арнайы әрлеуі қолданылады. Вискозды талшықтардың химиялық реагенттермен байланысы табиғи целлюлозды талшықтармен бірдей, бірақ борпылдақ құрылымына және қол жетімділігіне байланысты вискоза талшықтарының тұрақтылығы аз. Бұл талшықтарға температураның, сәулелі ауа-райының және микроорганизмдердің әсері мақта мен зығыр әсеріне ұқсас. Жогары модульді вискозды талшық (тогіаі) бұл талшық түрленген вискозды тәсілмен алынады. Жіптер жәй жіптерге қарағанда аз жылдамдықта созылады және термобелгілеумен қалыптасады, мұндай тәсіл жоғары бағытталған бір тегіс, тығыз және бір салмақты құрылым алуға көмектеседі[13].
Вискозды талшықтардың құрылымы. Вискозды талшықтарды микроскоп арқылы қарағанда бетінде бойлық штрихтер, талшықтардың кесекөлденең ені қабырғалы дұрыс емес формада болып келеді. Мұндай құрылым қалыптасу үдерісінде сыртқы және ішкі талшықтар қабатының бір мезгілде қатпағанын көрсетеді. Ішкі қабаты қата бастаған кезде қысылу жүретіндіктен беткі қабаты қыжымдалады және талшықта бойлық түйіршіктер пайда болады.
Талшықтың қабырғалы формасына қарамастан вискозды талшықтар қатты жылтырмен қамтамасыз ететін, жақсы тегістері бар. ал маталардың - жіптерінің сырғанақтығы, жылжымалылығы және сетінегіштік қасиеті жоғары[14].
Вискозды талшықтардың химиялық құрамы. Вискозды талшықтар, табиғи целлюлозадан молекулярлы тізбектің ұзындығының және талшықтағы макромолекулалар бағытталуының аздығымен ерекшеленетін гидратцеллюлозаны көрсетеді.
Вискозды талшықтардың қасиеттері. Вискозды талшықтар жақсы гигроскопиялық -11%, жарыққа төзімділік болады. Қарапайым талшықтардың сызықтық тығыздығы 0,27-0,66 текс*, кесе - көлденең ені - 25 - 60 мкм құрайды. Құрамдас вискозды жіптердің жуандығы оларды құрайтын элементарлы талшықтардың саны мен жуандығына байланысты болады.
Талшықтардың жуандығын өлшейтін халық-аралық өлшем бірлік.
Полинозды талшықтар жоғары модульді вискозды талшықтар қатарына жатады. Ол жоғары пластификационды созатын екі бы- лаулы тәсілмен алынады, соның арқасында формасы дөңгелек болып келетін кесе-көлденең енінің қимасында талшықтар құрылымының біркелкілігі, макромолекулаларының бағытталуы және (500-800) целлюлозаның полимеризациялаудың жоғарғы деңгейі қамтамасыз етіледі. Полинозды талшықтың молекулярлы жоғары құрылымы және кристалдығы мақтаның құрылымы мен кристалдығына жақын болады. Полинозды талшықтар өзінің қасиеттері бойынша жіңішке талшықты мақтаға ұқсас. Ол созылғанда мықтылыққа, ылғалды, созылғыштық, серпімділік және отыру қасиеттері төмен[15].
Ақуызды химиялық талшықтар
Жасанды ақуызды талшықтардың өндірісіне бастапқы полимер ретінде казеин (сүт ақуызы) және зеин (өсімдікті ақуыз) қолданылады. Казеиннің және зеиннің макро-молекулаларының табиғи формасы сфералы шиыршықталған глобула түрінде болады. Сондықтан мұндай полимерлерден талшықтар алғанда глобулярлы макромолекулалар жіп секілді, сызықты түрге бұрылуға ұмтылады және осы форманы тұрақты сақтау үшін жағдай жасайды. Бір былаулы тәсілді ерітіндіден
қалыптастырғаннан кейін, алынған жіпті илеу операциясына жібереді, мұның мәні ақуыз макромолекулалары арасында химиялық көлденең байланыстарды құру болып табылады. Созылуы және гигроскопиялық көрсеткіштері бойынша казеинді және зеинді талшықтар табиғи жүнге жақын. Қолмен сипаған кезде талшық жұмсақ, жылы, жақсы жылу бөлгіш. Бірақ талшықтардың мықтылығы, ылғалдығы төмен.
Металл жіптер және әйнек талшығы. Металл жіптер қызыл мыстан, мыстың никельмен балқытпасынан және басқа металдармен немесе алюминий таспа жолағын (фольга) кесу арқылы сымды біртіндеп тарту (созу) жолымен алынады. Металл жіптерді өте жіңішке алтын және күмістен алынады[16].
Синтетикалық талшықтар. Капрон талшығы поликапролактан полимерінен өндіріледі. Бұл полимер циклді эпсилонкапролактаннан полимеризация реакциясы арқылы алынады:
Поликапролактам талшық өндіру үшін арнайы балқыту формасынан өтеді. Талшық өндіру технологиясы белгілі бір партияны өңдеу арқылы жасалынады немесе үздіксіз технологиямен өндіріледі. Балқыту процесі 215-225оС температурада өткізіледі. Алынған полимердің балқымасы тазартудан өтіп талшық өндіруге жұмсалады. Талшық пен жіптерді қалыптастыру 3 тәсілмен өткізіледі. Филье-радан шыққан полимердің ыстық ағыны камераға немесе шахтаға жіберіледі. Онда температураның күрт төмендеуінің арқасында балқыма қатты түрге айналынады. Өндірілген талшықтар мен жіптер жылы кезінде созу процесінен өтеді. Капрон талшықтардың ұзындығы 3-4 есе созылады, ал өте мықты талшықтар үшін 10 есе
ұзартылады. Мықтылығын жоғарылату, созу үшін алдын-ала 120-125 оС қыздырылады.
Созылған талшықтар термофиксацияндан өтеді, яғни талшықтардың құрылымы әбден бекітілуі керек. Ол үшін талшықтарды автоклавтардан өткізіп, өте жоғары температурада өңдейді, ол темпе- ратура балқу температурасынан төмен болады. Термофиксациядан өткен талшықтар майлаудан өтеді, оның құрамында жіптерді немесе талшықтарды азайтатын қоспалар болады[17].
Ерекшеліктері: капрон талшықтардың қалыпты ылғалдылығы 4%, өйткені оның құрамында гидрофильдік функционалдық топтар аз, капрон талшықтары өте жоғары кристалиттік талшықтар қатарына жатады, беріктігі жағынан 1-ші орын алады, жоғары температуралык өңдеуге төзімді келеді, капрон талшықтары ультрокүлгін сәулелеріне төзімсіз келеді, тотығады, сондықтан тез сарғайып түрін өзгереді; әртүрлі микроорганизмге өте төзімді, капрон талшықтары құмырсқа және фенолда жақсы ериді. Капрон талшықтары таза түрде, сонымен қатар мақта, жүн, зығыр, жібек, ацетат талшықтармен араластырылып қолданылады.

2. Тоқыма талшықтары
2.1 Тоқыма талшықтарының классификациясы
Тоқыма талшықтары деп иірімжіп және тоқыма бұйымдарды дайындағанда қолданылатын ұзындығы шекті, көлденең кесілген аз өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды.
Тоқыма талшықтары қарапайым (элементарлы), кешенді (техникалық) және штапельді болып бөлінеді.
Қарапайым талшықтарға тоқыма талшықтар - мақта және жүн жатады.
Кешенді (техникалық) талшық бір-бірімен байланысқан қарапайым талшықтардан тұратын талшық (зығыр).
Штапельді талшықтар ұзындығы шектелген қарапайым талшық болып есептеледі[18].
Тоқыма талшықтардан жасалынып алынған иірім жіптердің және жіптердің өңдеу үдерісінде, олардың нақты ұзындығы, беріктігі, созылғыштығы, сызықтық тығыздығы және иілгіштігі, ылғал сақтағыштығы болуы қажет. Сонымен қатар киімді пайдаланғанда әр түрлі жағдайда бұйымды қолдану мүмкін болу үшін, бұйымға түскен әртүрлі күштің әсерінен бұзылудан сақтайтын, белгілі бір механикалық қасиеттерге, сондай-ақ киімде ыңғайлы (жылу өткізгіштік, су өткіз- гіштік, ауа сіңіргіштік) және сыртқы ортаның (түстік тұрақтылық) шар- тына қарсыласуын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синтетикалық тоқыма талшықтары
Материалдарының түрлерінің құрылымы
Синтетикалық талшықтардың құрамын, жасалу жолын және артықшылықтары мен кемшіліктерің қарастыру
Басқа талшықтар араласқан жасанды жіптерден тоқылған маталар
Маталар, тоқыма және бейматалар ассортименттері
Зығыр талшығының жалпы сипаттамасы
Тоқыма талшықтарының химиялық қасиеттері
Талшықтың ұзындығы және сызықтық тығыздығы
Матаның адам ағзасына экологиялық маңызы
Ұлтарақтарға арналған табиғи талшықтардан жасалған беймата материалдарының тұтынушылық қасиеттерін зерттеу
Пәндер