Ыбырай Алтынсарин ағартушы педагог
Кіріспе. . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . .3.5
І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН . ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ
1.1. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты. . . . . . . .6 . 12
1.2. Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық .
педагогикалық, аудармашылық қызметтері. . .. . . . . . . .. .13 . 20
ІІ тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН
ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ
2.1. Ыбырай Алтынсарин . ақын, жазушы, балалар әдебиетінің
атасы . .. . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . 21 .30
2.2. Бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармаларын
оқыту арқылы берілетін тәрбие.. . . . . . . . . . . . . . . . . . .31 . 54
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55 . 56
Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57 . 58

Диплом жұмысының көкейкестілігі
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек.
Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан диплом жұмысымды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым.
Диплом жұмысының мақсаты
Бастауыш мектептің әліппе, ана тілі, қазақ тілі оқулықтарында бағдарлама бойынша педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармалары, аудармашылық еңбектері жайлы сынып ерекшеліктеріне қарай берілген.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыта отырып, оқушылар бойына
3
жақсы қасиеттерді дарытуды алдыма мақсат етіп қойдым. Міне осы
мақсатты жүзеге асыру үшін:
- бастауыш сыныптан бастап ақын – жазушылардың өмір жолымен
танысу;
- көркем шығармаларды оқып, мазмұнын ұғыну;
- көркем шығармалардың жазылу ерекшеліктерін, кейіпкерлер бейнесін талдай білу;
- көркем шығармаға, ондағы бейнелерге баға беріп, пікір айтуға үйренуді бастауыш сыныптың ана тілі сабағындағы әрбір тақырыпты өткен кезде алдына мақсат етіп қою керек. Диплом жұмысымды жазуда Ыбырай Алтынсариннің шығармашылдық өмірі мен творчествосын оқытуда осы мақсатты негізге алдым.
Диплом жұмысының міндеті
Міндетті жүзеге асыру үшін:
- шығарма авторы жайлы сынып ерекшеліктеріне қарай түсінік беруді негізге алу;
- бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармалары жайлы жүйелі түсініктер беру;
- әдеби жанр ерекшеліктерін таныту;
- шығарма кейіпкерлерін тануға, талдауға үйрету;
Диплом жұмысының зерттеу әдістері
Диплом жұмысын жазуда:
- лекциялық, сұрақ – жауап әдісі;
- талдау – жинақтау әдісі;
- бақылау, зерттеу әдістерінен үзінділер пайдаландым.
Зерттеу пәні
- Озат мұғалімдердің іс – тәжірибелері;
- Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқытуға байланысты ғылыми –
- теориялық және әдістемелік еңбектер;
4
- өзімнің іс – тәжірибе кезінде алған тәжірибелерім.
Зерттеу нысанасы
- Бастауыш мектеп оқушыларын ана тілі және қазақ тілі пәніне оқыту процесін жетілдіру;
- тіл байлығын арттыру;
- шығармашылыққа баулу;
Диплом жұмысының ғылыми болжамы
- Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың ана тілі және қазақ тілі пәндерінен терең де тиянақты білім алуына қол жеткізіледі;
- әртүрлі жақсы қасиеттерден үлгі алады;
- жақсы азаматтық, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болуға тырысады;
- Ыбырай Алтынсариннің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын оқып үйренеді;
Диплом жұмысының теориялық қолданылымы
- Бастауыш сыныптар мен мектептерде ана тілі пәнін оқытуда;
- пәндерді байланыстыра оқыту әдістемесін жетілдіруде;
- бастауыш оқу педагогикасы мен әдістемесі факультетінде ана тілін оқыту әдістемесі пәні мен арнайы курстарда әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
Практикалық қолданылымы
Диплом жұмысының нәтижесін:
- Бастауыш мектеп мұғалімдері;
- 0315 «Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» мамандығының студенттері;
- Ыбырай Алтынсарин шығармасын зерттеуші авторлар пайдалана алады;
5

1. «Алтынсарин Ы. тағлымы». Алматы, Жазушы, 1991ж.
2. Асқаров А. «Ұлы Тұранның ұлдары», Алматы, 1998 ж. 51-58 б.
3. Алтынсарин Ы. «Таза бұлақ» жин. Алматы, Жазушы, 1988ж.
4. Алтынсарин Ы. «Екі томдық шығармалар жинағы». Алматы,
2003ж. 18 – 21 б.
5. Алтынсарин Ы. «Қазақ хрестоматиясы». Алматы, 2003 ж.
6. Ахметова Ә. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы». Алматы, 1992ж.
7. Асылов Ұ., Әміров Р. «4 класс қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау». Алматы, Рауан 1997 ж.
8. «Алтынсарин әңгімелері». Алматы, Мектеп 1980 ж.
9. Алтынсарин Ы. «Өнер – білім бар жұрттар». Алматы, Жалын 1991ж.
10. «Алтынсарин оқулары». Білім, 2005ж. 5-7б.
11. Әбдікәрімова Т. «Ана тілі оқулығы». 3 сынып. Алматы 2003ж.
12. Әлімханұлы Д. «Бір уыс мақта». Астана, Таным 2003ж. №5
13. Әбжанов Х., Әлпейсов Ә. «Ы.Алтынсаринды жаңаша оқығанда».
«Қазақстан мектебі» Алматы 1992 ж. 129б.
14. Бәшірова Ж. «Ы.Алтынсарин имандылық туралы». Бастауыш мектеп 2001 ж. №11 20 – 21б.
15. Дербісәлин Ә. «Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы». Алматы 1958ж.
16. Жадрина М. «Ы.Алтынсарин және қазіргі оқулық мәселесі». Бастауыш мектеп, №11 10 – 11б.
17. Ильминский Н. «Воспоминания об И.Алтынсарине». Казань, 1891ж.
18. Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы». Алматы,
1969ж. 81-82б.
19. Қоңыратбаев Ә. «4 – 7 класқа арналған әдебиетті оқыту әдістемесі». Алматы, 1964ж.
57
20. Құбаева И. «Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері». «Қазақ тілі мен әдебиеті» №7 – 8, 160 – 161б.
21. Қазмағамбетова З. «Бастауыш сыныптарда көркем шығарманы оқыту». Алматы, 2001ж. 4 – 5б.
22. Ламашев Ә. «Алтынсарин туралы естелік». Алматы, 1991ж.
23. Махмова Ж., Тұрсынғалиева Т. «Тіл дамыту жұмыстары». «Қазақстан мектебі», №7 65б.
24. Рахметова С. «Ана тілі» 2 сынып. Алматы, Атамұра, 2002ж. 4, 61б.
25. Рахметова С. «Ана тілі» 4 сынып. Алматы, Атамұра,
2000ж. 174, 191б.
26. Сүлейменов Б.С. «Жизнь и деятельность Ибрагима Алтынсарина». Алматы, 1962ж. 27б.
27. Сүлейменов Б.С. «Ы.Алтынсарин таңдамалы шығармалары». Алматы, 1955ж.
28. Сыздықова Р. «Әліппе» 1 сынып. Алматы, Атамұра, 2001ж.
29. Сәрсенбаев Ә. «Сәулелі жұлдыз іздеген адам». «Қазақстан мұғалімі», 2001ж., №11 90б.
30. Табылдиев Ә. «Ы.Алтынсариннің этнопедагогикалы еңбектері». «Қазақ тарихы» журналы, №1 61б.
31. Талжанов С. «Тұңғыш ағартушы және аудармашы». Бастауыш мектеп, №2, 266 – 267б.

Тақырыбы: Ы.Алтынсарин –ұлы Педагог, Ағартушы, Педагог.
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3-5
І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ
1. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты_ _ _ _ _ _ _ _6 - 12
2. Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық –
педагогикалық, аудармашылық қызметтері_ _ __ _ _ _ _ _ _ __ _13 -
20
ІІ тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН
ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ
1. Ыбырай Алтынсарин – ақын, жазушы, балалар әдебиетінің
атасы _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ 21 -30
2. Бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармаларын
оқыту арқылы берілетін тәрбие._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _31
- 54
Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 55 - 56
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _
57 - 58
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейкестілігі
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Біз Қазақстанның барлық
азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін,
адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз, - деп атап көрсеткен.
Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған
оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік
сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең
ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем
шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек.
Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары
баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ
болуға жетелейді. Сондықтан диплом жұмысымды жазуда педагог, жазушы,
балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған
мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы
қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан
бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге
ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік,
іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік,
жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп
қойдым.
Диплом жұмысының мақсаты
Бастауыш мектептің әліппе, ана тілі, қазақ тілі оқулықтарында
бағдарлама бойынша педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай
Алтынсариннің өмірі мен шығармалары, аудармашылық еңбектері жайлы сынып
ерекшеліктеріне қарай берілген.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыта отырып, оқушылар бойына
3
жақсы қасиеттерді дарытуды алдыма мақсат етіп қойдым. Міне осы
мақсатты жүзеге асыру үшін:
- бастауыш сыныптан бастап ақын – жазушылардың өмір жолымен
танысу;
- көркем шығармаларды оқып, мазмұнын ұғыну;
- көркем шығармалардың жазылу ерекшеліктерін, кейіпкерлер бейнесін
талдай білу;
- көркем шығармаға, ондағы бейнелерге баға беріп, пікір айтуға
үйренуді бастауыш сыныптың ана тілі сабағындағы әрбір тақырыпты өткен
кезде алдына мақсат етіп қою керек. Диплом жұмысымды жазуда Ыбырай
Алтынсариннің шығармашылдық өмірі мен творчествосын оқытуда осы мақсатты
негізге алдым.
Диплом жұмысының міндеті
Міндетті жүзеге асыру үшін:
- шығарма авторы жайлы сынып ерекшеліктеріне қарай түсінік беруді
негізге алу;
- бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармалары жайлы
жүйелі түсініктер беру;
- әдеби жанр ерекшеліктерін таныту;
- шығарма кейіпкерлерін тануға, талдауға үйрету;
Диплом жұмысының зерттеу әдістері
Диплом жұмысын жазуда:
- лекциялық, сұрақ – жауап әдісі;
- талдау – жинақтау әдісі;
- бақылау, зерттеу әдістерінен үзінділер пайдаландым.
Зерттеу пәні
- Озат мұғалімдердің іс – тәжірибелері;
- Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқытуға байланысты ғылыми –
- теориялық және әдістемелік еңбектер;
4
- өзімнің іс – тәжірибе кезінде алған тәжірибелерім.
Зерттеу нысанасы
- Бастауыш мектеп оқушыларын ана тілі және қазақ тілі пәніне оқыту
процесін жетілдіру;
- тіл байлығын арттыру;
- шығармашылыққа баулу;
Диплом жұмысының ғылыми болжамы
- Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың
ана тілі және қазақ тілі пәндерінен терең де тиянақты білім алуына
қол жеткізіледі;
- әртүрлі жақсы қасиеттерден үлгі алады;
- жақсы азаматтық, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болуға
тырысады;
- Ыбырай Алтынсариннің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын
оқып үйренеді;
Диплом жұмысының теориялық қолданылымы
- Бастауыш сыныптар мен мектептерде ана тілі пәнін оқытуда;
- пәндерді байланыстыра оқыту әдістемесін жетілдіруде;
- бастауыш оқу педагогикасы мен әдістемесі факультетінде ана тілін
оқыту әдістемесі пәні мен арнайы курстарда әдістемелік құрал
ретінде пайдалануға болады.
Практикалық қолданылымы
Диплом жұмысының нәтижесін:
- Бастауыш мектеп мұғалімдері;
- 0315 Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі
мамандығының студенттері;
- Ыбырай Алтынсарин шығармасын зерттеуші авторлар пайдалана алады;
5
І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ
1. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты.
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай
болып бағыт – бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың, халықтың тарихында
есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Есімдері мен еңбегі
баршаға қымбатты, халқымыздың тұңғыш энциклопедист ғалымы Шоқан Уәлиханов,
ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев осындай жұлдызды есімдер. Аталған екі ұлы
есімді өзінің халқы үшін кешкен азаматтық ғұмыры, атқарған жарқын
істерімен бір – біріне жалғастырып тұрған сахараның және бір данышпан
перзенті бар, ол – тұңғыш ағартушы, педагог – жазушы Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби
және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы
негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған адам. Ол тарихтың
қиын да күрделі кезеңінде, қазақ қоғамының құрылымында да, әлеуметтік
экономикалық өмірінде де аса бір қиын шақта дүниеге келді. Бұл қазақтардың
Орта және Кіші жүздерінің Ресейге қосылуы аяқталып, олардың патша
империясының отарына айналған тұсы еді.
Ұлы жүз әлі Қоқан хандығының қол астында болатын.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның жиырмасыншы жұлдызында Орта
жүздің қыпшақ руында дүниеге келген. Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы
кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы
тәрбиелейді. 1844 жылы патша өкіметі Орынбор Шекаралық комиссиясының
жанынан қазақ балаларын оқытып песірлер мен тілмаштар дайындайтын арнаулы
мектеп ашу туралы шешім қабылдайды.
1846 жылы наурыздың бесінші жұлдызында Балғожа Жаңбыршыұлы
6
ашылмақ мектепке немересі Ыбырайды оқушы етіп қабылдау жөнінде Орынбор
Шекаралық комиссиясының председателі генерал – майор М.В.Ладыженскийге
өтініш жасайды. Орынбор шекаралық комиссиясының сол жылғы наурыздың бесінші
жұлдызындағы журналдағы қарары бойынша Ыбырай Алтынсарин жаңадан ашылмақ
мектепке оқушы болып қабылданады. 1850 жылы жиырма екінші тамыз күні
Орынбор қаласында ашылған мектепке отыз баланың бірі тоғыз жасар Ыбырай
болды.
Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше
зерек, дарынды болған.
Ыбырай қазақ арасынан көптеп мектеп ашуды аңсады: Сірә, қазақ
даласынан көптеп мектеп ашатын мезгіл қашан болар екен? - дейді. Ол
өнер – білімді, мәдениетті дәріптеп, халықты соған шақырып өлең, әңгіме,
мақала жазды. Бұл жөнінде, басқаны былай қойғанда, оның Өнер – білім бар
жұрттар деген өлеңі айқын дәлел.
Әуел бастан – ақ Ыбырайдың бар ынтасы халық ағарту жұмысы болады.
Ыбырай ылғи оқу жұмысымен айналысуды, қазақ халқын ағарту жұмысына ат
салысуды көксейтін. Бұл оған бақыт, рахат сияқты көрінетін - дейді
Ильминский. Сол үшін Ыбырай халық ағарту жұмысына өзі сұранып, соған ақыры
1864 жылы ауысады, 1869 жылы бірінші қыркүйекте Торғай облысының оқу
инспекторы болып тағайындалады, өмірінің соңына дейін осы қызметте болады.
Педагог – жазушының ізденіске, күреске толы өмірінің баршамыз үшін,
әсіресе өмір босағасынан енді аттаған жастар үшін ғұмырын халыққа арнаудың
өшпес өнегесін танытты. Ол өзіне дейін толғағы әбден жеткен, бірақ шешімін
таппаған бірсыпыра әлеуметтік мәселелерді бірінші болып қолға алып, алғаш
іске асырады. Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын
жағу, ана тілінде оқыту секілді халық өмірінде бұрын – соңды болмаған зор
әлеуметтік мақсаттарды орындау Ыбырай Алтынсаринге, әрине, ол кезде оңайға
түскен жоқ.
7
Оның алдында жалпы өнер – білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша
қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан екі салт – сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе
де, халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот,
жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: Ал енді құдай басыма не салса да, мен
күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан,
талабымнан еш уақытта қайтпаймын, - деп Н.И.Ильминскийге (1884 жылдың он
төртінші сентябрі) сеніммен жазғандай, сан – сала қиындақтармен табанды
күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл – кеңесін
де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың
осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының
төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен – балаларды білімге, өнерге
шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған
жас ағартушының осы жолдағы алғашқы жеңісі, ал қазақ халқының өміріндегі
әлеуметтік маңызды тарихи оқиға болатын. Сондықтан да болар, Ыбырай
Алтынсарин бұл қуанышын (дұрысы жеңісін) Н.И.Ильминскийге жазған хатында:
Осы жылы (яғни 1864 жылы) январьдың сегізі күні менің көптен күткен ісім
орнына келіп, мектеп ашылды, оған он төрт қазақ баласы кірді, бәрі де
жақсы, есті балалар, - деп айрықша мақтаныш сезіммен жазды.
Тұңғыш білім отауының босағасын алғаш аттаған он төрт баланың есімдері
бізге беймәлім болғанымен, олардың жұдырықтай жүрегін билеген сезімдері
соншалықты таныс, ыстық.
Міне, сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлихановтай аяулы азаматтың
халқым оқыса, өнер – білімді игерсе деген арманын іске асырушы болды.
Ыбырай Алтынсарин – Қазақ хрестоматиясы (1879 жыл) деп аталатын ана
тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын
хрестоматияның алғы сөзінде: Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден,
осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы
8
отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген
қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың
оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім... - деп тұжырымдаған.
Хрестоматия бұл екі міндетті де толығынан атқарды. Оқулықтың революцияға
дейінгі мерзімде бірнеше мәрте (4 рет) қайталап жарық көруі, оның өз
кезеңінде ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар бойында да талай жас ұрпақ
үшін білім, өнеге көзі, рухани қазына бастауы болып келгендігін көрсетеді.
Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогтық мақсатына лайықты жазған
тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз
әдебиеті үлгілерін, сондай - ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс
қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың
тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз – тәрбиеші ретінде
алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Олар жас
жеткіншектерді адал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге баулу,
адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді
ардақтау, үлкенді, ата – ананы қадірлеу, өнер – білімді байлық – дәулеттен
жоғары қою тағы басқалар.
Баршамызға бастауыш сыныптардан етене таныс, әрі ыстық
Кел, балалар, оқылық! - Қазақ хрестоматиясының беташар өлеңі.
Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге,
өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған өнер –
білімі бар жұртқа - терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге
айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге
жасасып, ұлы ағартушының арман – сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл
тарихи туындының жаңа мәнге ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғыдай:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! –
9
деп өзінің тот баспас, мәңгі тозбас озық халықтық идеясымен бүлдіршіндерді
білім бағына шақыра бермек.
Ұлы ағартушы туған халқының тамаша болашағына сенді.
Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту,
оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш
ұйымдастырушы болғанын білеміз. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған
қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар
ашу қажеттігі туралы мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса – тартыса жүріп
дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің,
гуманизмнің үлгісі болды.
Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның
қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. Қазақ хрестоматиясына енген
алуан жанрдағы шығармалар.
Ол төл туындыларын жазғанда да, орыс және Европа халықтары
әдебиетінен аудармалар жасағанда да бір мақсатты қатты ұстанды, ең алдымен
ол туындылардың балалар ұғымына сай, олардың қиял – ойын шарықтататындай
тағлымды да қызықты болуына баса назар аударады. Сондықтан оның
әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы да
атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы,
тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәннің
жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты
баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың табиғи түрде жазылуы.
Мұның бәрі Ыбырай Алтынсариннің қазақ мәдениеті мен әдебиетінің
тарихындағы қадірлі орнын көрсетеді.
Ыбырайдың артында қалдырған рухани мұрасы аса бай және алуан жанрлы.
Бұл мұра оқушыларға мектеп оқулықтарынан, сондай – ақ Жалын, Мектеп
баспаларынан әр кезде жарық көрген ағартушы шығармаларының жинақтарынан
жақсы таныс.
10
Ыбырай әңгімелері кітапта Төл әңгімелер, Аударма сипатты әңгімелер
деп жеке екі бөлімге бөліп берілді. Сондай – ақ Ыбырай Алтынсарин жинаған
ауыз әдебиеті үлгілерінен және Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер деген
бөлімдер де бұрынғы басылымдарда болмаған тың материалдарды қамтиды.
Кітап алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – Өлеңдері. Бұған Ыбырай
Алтынсариннің көпшілікке кеңінен мәлім өлеңдері мен И.А.Крыловтан аударған
үш мысалы енді.
Екінші бөлім – Төл әңгімелері - деп аталды да, бұған жазушының
хрестоматия – оқулыққа арнап жазған төл туындылары жинақталды.
Үшінші бөлім – Аударма сипатты әңгімелері. Бұл бөлімде ағартушының
орыс педагогтарының оқулықтарынан, орыс жазушыларының балаларға арналған
туындыларынан, сондай – ақ орыс және Европа халықтары әдебиеті мен
фольклорынан өзінше әңгімеленген шағын әңгіме, мысалдары жинақталып
берілді. Ыбырай Алтынсариннің орыс авторларынан алған әңгіме, көркем
шығармаларын қазақшалауында ерекшеліктері бар. Ол әңгімелерді аударғанда
Ыбырай Алтынсарин барлық жерде түп нұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды
мақсат етіп қойған. Кейде тақырыбын, кейде сюжетін, кейде баяндау әдәсін
өзгертіп, қайткен күнде де қазақ өміріне жақындатып, қазақ балаларына
түсінікті баяндауды негізге алған.
Ауыз әдебиеті үлгілерінен жинағандары - деп аталатын төртінші бөлім
оның ел аузынан жинап, сұрыптап, алғаш рет Қазақ хрестоматиясында
жариялаған мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз - әңгімелер орын
алды.
Бесінші бөлім – Оқу – ағарту мәселелері жайында жазбалары деп
аталынып, бұған Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласындағы оқу – ағарту жайы
мен оны өркендетуге қатысты жазбалары жаңа материалдармен толықтырылып
енгізілген.
Алтыншы бөлім – Хаттар. Мұнда Ыбырайдың қызмет бабына және
11
тағы басқа жағдайларға байланысты Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге,
А.А.Бобровниковке, орыс – қазақ мектептерінің оқушылары, өзінің әріптестері
А.А.Мозохинге, Ф.Д.Соколовқа жазған хаттары іріктеліп берілді. Ыбырай
Алтынсариннің бұл хаттары ол қайтыс болғаннан кейін профессор
Н.И.Ильминский құрастырып, 1891 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған.
Воспоминания об И.А.Алтынсарине - деген естелік кітапта алғаш жарияланған
болатын.
Кітап соңында Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер берілді. Бұған
енгізілген материалдар да жинақ үшін арнайы аударылды. Мұнда педагог –
жазушы, қоғам – қайраткері Ыбырай Алтынсариннің қайтыс болуы туралы
некрологтан және Н.И.Ильминскийдің, әріптестері Ф.Д.Соколов пен
А.А. Мозохиннің ол туралы естеліктерінен үзінділер берілді.
Жан – жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей
өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп,
оған бүкіл жан – тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып
табылады. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай
жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын
іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында
толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені ол әрбір ұлы адамзатпен
бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтерген еді. Сондықтан олар
арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға
алыстан қол созып, жол болсын айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын
биіктей, мән – маңызы мен қадір – қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің
тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай, үркердей санаулы саңлақтардың бірі
болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол
мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың
шырмауынан босатып, өнер – білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Сол арманына күрес арқылы, өрісі биік таланты арқылы жетті.
12

педагогикалық, аудармашылық қызметтері.
Қазақ сахарасында мәдениет пен оқу – ағартудың туын көтеріп, халыққа
білім беру, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау ісінде үлкен өнеге
көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің мұралары отызыншы жылдарға дейін арнайы
зерттелмеген. Ол тек қырқыншы жылдардан бастап қана қолға алынады. Орта
мектептерге арналған Қ.Жұмалиев пен С.Мұқанов, С.Исмаиловтың әдебиет
кітаптарында Ыбырай Алтынсарин шығармалары талданып, олардың мазмұны мен
мақсаты, идеясын ашып көрсетуге алғашқы талпыныс жасалады. Тарихшылардың
ішінен Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық, жазушылық қызметі мен
жазысқан хаттары туралы архивтік деректерге сүйене отырып, дұрыс та дәйекті
жаза бастаған Бекежан Сүлейменов еді.
Жалпы алғанда Бекежан Сүлейменұлының Қазан төңкерісіне дейінгі
Қазақстанның мәдени дамуы және қоғамдық ойдың даму тарихы бойынша
еңбектерін екі кезеңге бөлуге болады. 1945 жылдан бастап 1957 жылға дейінгі
бірінші кезеңде ғалым тақырыпқа байланысты 13 ғылыми – көпшілік еңбек
жариялайды. Соның ішінде Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары жинағын
қазақ (1955 жылы) және орыс тілінде (1957 жылы) дайындайды. Екінші кезең
1957 жылы Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары жинағы жарық көргеннен
кейін, Бекежан Сүлейменовтің осы тақырып бойынша зерттеуді тереңдетіп,
түрлі қырларын кеңейткендігімен ерекшеленеді.
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы жөнінде Б.Сүлейменов 30 – ға
жуық ғылыми, ғылыми – көпшілік еңбектер жазған. Ол ең алғашқы болып Ыбырай
Алтынсаринді қоғам қайраткері ретінде танытқан зерттеуші еді. Сондай – ақ
Б.Сүлейменұлы алтынсаринтанудың деректік негізін қалап, баға жетпес үлес
қосқан. Профессор Ә.Ламашев
13
ғалымның осы еңбегі жөнінде былай деп жазады: Алтынсариннің мұраларын
іздеуге, табуға, жинауға, жариялауға тарихшы Бек Сүлейменов ерекше үлес
қосты. Ол Ленинград, Москва, Қазан, Орынбор, Чебоксары және
республикамыздың бірнеше қалаларындағы архивтерде, кітапханаларда болып,
мол материалдар жинады. Солардың негізінде Ыбырай Алтынсариннің 1943, 1948
жылдары баспадан шыққан Таңдамалыларын қайта қарап, толықтырып, алғы
сөзбен түсініктеме жазып, 1955 жылы ұсынды. Академиялық үш томдығын орыс
тілінде жариялады.
Бекежан Сүлейменов зерттеулері негізінде 1975 – 1978 жылдары Ыбырай
Алтынсариннің толық шығармалар жинағы шығады. Бекежан Сүлейменовтің соңғы
еңбегі 1980 жылы жарық көреді. Ол – Ыбырай Адтынсарин – түрколог ғалым
мақаласы.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай
өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленді, тоғыз жасында
Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға
түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі Шығыс
зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып,
кітапханасынан әдебиет, тарих тағы басқа ғылым салаларынан кітаптар оқиды.
Кейіннен дүние жүзі әдебиеті классиктері В.Шекспир, И.Гете, Д.Байрон,
А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, Ә.Фирдауси, Г.Низами, Ә.Науаи тағы
басқа классик шығармаларын өздігінен оқып білім алады. Бұл Алтынсаринның ой
- өрісін кеңейтеді, өркениетті елдердің ғылымы мен мәдениетіне деген
құштарлығын арттырады.
Мектепті үздік бітірген ол, 1857 – 1859 жылдары арасында өз атасы
Балқожа бидің песірі болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына
кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы
бастауыш мектепке мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап Алтынсариннің
ағартушылық – педагогикалық қызметі басталады. Ол
14
кездері шалғай түкпірде мектеп ашу өте қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу
құралдары жетіспейтін. Оның үстіне осындай ізгілікті іске облыстық
басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтын. Бірақ соның
бәрі оның талабын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанаттанған қайраткер
көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел – елді
аралап қаражат жинауға кіріседі.
1864 жылы қаңтардың 8 – ші жұлдызында жұрттың көптен күткен мектебі
ашылады. Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі
түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ
алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған
шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды.
Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика
классиктері: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой тағы басқа
педагогтардың гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында
мектеп өміріне енгізген тұңғыш педагог болды.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім
– тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі
болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс
тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептердің меңгерушілеріне
жазған нұсқау хатында ол: Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда
оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға
тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі
керек, әрбір нәрсені де ықыласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз
терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да,
жалықтырып жібереді... Оқытушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатынасы
жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек - деп
жазған еді,
15
ал Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: Мен балаларды жазалауды сүйетін
қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең, балалардың адамгершілік
қасиетін бұзып аласың, - деген Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалап: Маған
жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол - мектептің жүрегі - деген сөзі осы
күнге дейін құнын жойған жоқ.
Ыбырай Алтынсариннің төл туындыларымен қатар көптеген аудармалары да
бар.
Халықты сауаттандыру, сана – сезімін ояту, рухани өмірін дамыта түсу
мақсаттарында жазған хрестоматиясында Ыбырай Алтынсарин орыс тіліндегі
әртүрлі оқулықтардан сырттай үлгі алумен тынған жоқ. Осы іздену үстінде ол
орыс мәдениетінің қазақ арасына енуіне жол ашты: орыстың алдыңғы қатардағы
жазушылары мен үлкен ойшылдарының, ағартушылары мен педагогтерінің
еңбектерін қазақ даласына алып келді; оларды қазақ тіліне аударып, дала
өміріне сіңістірді.
Ыбырай Алтынсарин И.Крыловтың Егіннің бастары, Қарға мен
түлкі, Қайырымды түлкі, Лев Толстойдан Полкан деген ит, Силинші,
И.И.Дмитриевтен Екі шыбын, орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның
хрестоматиясынан Тәккаппаршылық, Дүние қалай етсең табылады, Талаптың
пайдасы, Үш ұры, Алтын шеттеуік, Аурудан – аяған күштірек, Әке мен
бала, Білгеннің пайдасы, Асыл шөп, Бақша ағаштары, Жаман жолдас,
Мейірімді бала сияқты көптеген шығармаларды аударды.
Бұл шығармалардың барлығы да әрі қысқа, әрі көркем, баланың жас
ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге жеңіл, тәрбиелік жағынан шебер
құрылған шығармалар.
Аударманың тарихи категория екені мәлім. Халықтың мәдени өмірі мен
рухани тілегінің өсуіне байланысты аударма да дамып отырады. Аудармаға
қойылған белгілі бір дәуірдегі талап, халықтың мәдени өмірі өсіп,
16
кемеліне келген екінші бір дәуірде қоғам тілегін қанағаттандыра алмауы
мүмкін. Сондықтан әрбір аудармаға (демек, Ыбырай Алтынсариннің
аудармаларына да) баға бергенде өз дәуірінің талап – тілек дәрежесі
тұрғысынан қарауға тиістіміз.
Аударманың алдына қоятын негізгі мақсаты – сол тілде оқитын оқушыны
басқа бір тілде жазылған шығармамен таныстыру. Бұл таныстырудың өзі әр
кезде әртүрлі мөлшерде болған. Әсіресе, өткен ғасырда, халықтардың мәдени
дәрежесі әр сатыда тұрған кезде, аударманың дәл шығу мөлшері аудармашының
негізгі мақсаты мен мәтіннің өзіндік ерекшелігіне және аударманың қандай
оқушыға арналуына байланысты болған. Соның нәтижесінде ХІХ ғасырда
көптеген аудармашылар шығарманың оқушыға жақын, тартымды шығуына көбірек
көңіл бөлді. Ыбырай Алтынсарин де осы принципті ұстады. Ол өз кезіндегі
қазақ оқушыларының білім дәрежесі жағынан орыс оқушыларынан көп кейін
екендігін ескермей кете алмады. Осының нәтижесінде ғана ол алғашқы кезде
қазақ оқушылары үшін тәрбиелік күші басым, қысқа тартымды шығармалар
пайдалы деп санады және осы мәндегі әрбір аудармалық шығарманың түсінікті,
қарапайым түрде шығуын қадағалады. Бұл турасында хрестоматияның алғы –
сөзінде ол былай деп жазған еді: Кітапқа енгізілетін әңгімелердің басым
көпшілігі қазақтар рухында болуын көздедім. Сондықтан да ол үшін
әңгімелерді таңдап алу аз қиындық келтірген жоқ. Әрбір жеке шығарма туралы
жан – жақты ойлап қорытынды жасау қажет болды.
Ыбырай Алтынсариннің білім дәрежесі жағынан өте төменгі сатыда тұрған
қазақ оқушыларына лайықты шығармалар іздеуі, басқа тілдегі кейбір
шығармаларды олардың дүниетануы мен біліміне сәйкестендіріп аударуы дұрыс
та еді. Ұлы сыншы В.Г.Белинский жастар үшін өзге тілден аударылған
шығарманың оқушы өміріне жақын шығуын, оның дүниетанушылық ерекшелігіне
толық үндесуін талап еткен болатын. Мұнсыз аудармаларды ол өлі еңбек деп
санаған еді.
17
Реакциялық бағыттағы педагогтердің еңбектерін аудармай, дүниежүзілік
мәдениеттің көрнекті қайраткерлері мен белгілі педагогтерден аударма
жасауы Ыбырай Алтынсариннің айқын прогресшілдік бағытта болғандығын өз -
өзінен – ақ дәлелдей алады.
Ыбырай Алтынсарин бұл ағартушылардың еңбектерін педагогикалық
жұмысында да кеңінен пайдаланды. К.Д.Ушинскийдің жастарды тәрбиелеудегі
принциптерін Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында тұңғыш рет қолданды. Олар
ағартушының аудармаларынан да анық байқалады.
Ыбырай Алтынсарин жас өспірімдерге адамгершілік рухында тәрбие бере
алатын еңбектерді ғана аударды және осы аудармалары арқылы Ыбырай
Алтынсариннің қандай нақтылы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлгендігін де
біле аламыз. Оның аудармаларының негізгі тақырыптары еңбек, адамды сүйе
білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т.б.
болды. Бұл мәселелер Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының озық
сыйпатын танытады.
Ыбырай Алтынсарин әр шығарманы аударарда, ең алдымен, оның тәрбиелік
мәніне ерекше көңіл бөлді. Аудармашының бұл талабын кез – келген
әңгіменің көтеретін мәселесінен – ақ байқауға болады, Л.Н.Толстой мен
И.И.Паульсонның әлсіз шығармаларын аударуда да Ыбырай Алтынсарин осы
біржақты талаппен келіп, ол шығармалардың жалпы мәнін байқай алмады,
өйткені олар тәрбие мәселесін көтеруі жағынан бағалы да болатын: оқушыны
әділдікке, қарапайымдыққа, тапқырлыққа баулуды көздейтін. Ыбырай Алтынсарин
бұл әңгімелердің осы қасиеттерін жоғары бағалап, оларды қазақ тіліне
аударды.
Ыбырай Алтынсарин Л.Н.Толстойдың шығыс аңыздары мен ертегілері
негізінде жазған әңгімелерін аударды. Ол бұл шығармалардың қазақ оқушылары
үшін қай жағынан да айрықша қиындық туғызбайтындығын ескерген тәрізді.
Ыбырай Алтынсарин аудармаларының тақырыптарына қарап, олардың
18
түп нұсқаларын табу қиын, өйткені ол көптеген аудармаларының тақырыбын
өзгертіп, өзінше алған. Оның бұл әрекеті шығарманың тақырыбын оқушының
көңілін бірден аударарлықтай дәрежеге жеткізу талабынан туған және әңгіме
идеясының тақырып арқылы айқын белгіленіп тұруын қадағалаған. Мысалы, ол
И.И.Паульсонның хрестоматиясынан аударған Вежливость украшает всякое
состояние деген әңгімені Әдеп, Первый русский гоф – малер әңгімесін
Талаптың пайдасы, Сапожные гвозди әңгімесін Білгеннің пайдасы, Два
друга и медведь әңгімесін Ақымақ дос деп алды т.б. Осы келтірілген түп
нұсқалар мен аудармалардың тақырыптарына қарағанда, аудармалардағы
тақырыптар әлдеқайда жеңіл және оқушысын тарта алатындай дәрежеде шыққан.
Атап айтқанда, бірінші әңгіменің түп нұсқадағы тақырыбы тым ұзақ,
шұбалаңқы, ал аудармада керісінше. Бірақ соның өзінде ол ұтымды, әңгіменің
негізгі мәселесін дәл және тартымды жеткізіп тұр. Екінші әңгімеде түп нұсқа
кейіпкердің атымен аталған, ал аударма әңгіменің идеясына байланысты
аталған. Мұның себебі: аудармашының негізгі мақсаты – орыстың бірінші
суретшісінің өмірін дәріптеу емес, оның зор талап арқылы үлкен нәтижеге
жеткенін ғана айту, сол арқылы оқушыны талаптылыққа шақыру.
Ыбырай аудармалары дала өміріне қазақ жазба әдебиеті қалыптаспай
тұрған кезде келіп, сол әдебиеттің тууына және идеялық жағынан нығая
түсуіне жан – жақты әсерін тигізді. Қазақ жазба әдебиетінің алғашқы негізі
болып саналатын Ыбырай Алтынсариннің өз шығармаларының осы аудармалар
арқылы, басқаша айтқанда, орыс әдебиетімен тікелей танысуының нәтижесінде
туғандығы белгілі. Ол орыс әдебиетімен шығармашылық байланыс жасай отырып,
одан идеялық сабақ алды, аударма жасау үстінде өзінің жазушылық шеберлігін
жетілдіре түсті, сөйтіп аударма өнері қазақ жазба әдебиетінің
дамуына әсер етті, яғни Ыбырай Алтынсариннің аудармаларынан қазақ жазба
әдебитінің қалыптасуына орыс әдебиетінің тигізген зор көмегін көреміз.
19
Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абайдың орыс әдебиетімен
жалпы шығармашылық қарым – қатынасы арқылы, көркем аудармалары арқылы қазақ
әдебиеті мен орыс әдебиетінің арасында көптен өмір сүріп келе жатқан
дәстүрлі әдеби байланыс бар екенін көреміз. Мұның өзі ауыр күндерде
қалыптасқан халықтар арасындағы тарихи достықтың бір сабағы ретінде
қаралуға тиіс және өз алдына зерттеуді қажет ететін мәселе, өйткені орыс
әдебиеті қазақ әдебиетіне тек Октябрь революциясынан кейін ғана ықпал етіп
қойған жоқ, онан бұрын да тамаша әсерін тигізді, оның дамуына жағдай
жасады. Сондықтан да бұл екі әдебиеттің арасында әлі толық зерттелмей
келе жатқан бір ғасырға жуық әдеби байланыс тарихы бар деп білеміз.
Ыбырай Алтынсариннің аудармалары қазақ әдебиетінде аударма өнерінің де
өзіндік тарихы, өсу жолы барлығын танытады; олар бүгінгі өскелең
аудармамыздың басқышы болып саналады. Ыбырай Алтынсариннің аудармалары мен
қазіргі аудармаларды салыстыра отырып, біз қазақтың тілі мен мәдениетінің,
дүниетану парасатының дамығанын, сондай – ақ, аударма өнерінің де тарихи
санат (категория) ретінде өсіп, жетіліп келе жатқанын анықтап білеміз.
20
ІІ тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН
ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ
2.1. Ыбырай Алтынсарин - ақын, жазушы, балалар
әдебиетінің атасы.
Ыбырай бір жағынан ақын болса, екінші жағынан халық ағарту
майданында қызмет қылған. Ең бірінші рет қазақтың ана тілінде оқу құралын
жазған және сол ана тілінде қазақ баласын оқытқан ең алғашқы тұңғыш
оқытушысы болған. Қазақ әдебиетін Европа жолына, өнер жолына бұрып бастаған
ең тұңғыш жаңашыл, суретші ақын.
Ыбырайдың шығармаларының мәні сол замандағы орыс елінің өнерге,
өнеркәсіптеріне аяқ басуы арқасында орыс оқығандарынан шыққан,
жаңашылдардың әсерімен және қазақ даласына сауда капиталының, отаршылдықтың
мықтап шеңгел салуының әсерімен Ыбырай жастарды оқуға, өнерге шақырды. Енді
одан басқа жолдың жоқ екенін біледі. Онан соң Ыбырай қазақ елінің білім
майданында тез ілгерілеуіне үлкен бөгет болатын сол заманда – ақ білген,
араб әрпіне қарсы болған. Сондықтан қазақтың ана тілінде жазған оқу құралын
орыс әрпімен жазған. Бұл ретте Ыбырайды орыс миссионерлері пайдаланбақ
болған, Ыбыраймен жақындасқан, Ыбырай олардан қашпай, оларды өзі пайдаланып
жүрген, сондықтан қазақ ескішілдері оны шоқынды деп шығарған, талай
өсектер таратқан.
Осы күнде кейбіреулер Ыбырайдың істерімен таныс болғандықтан, сол
бұрынғы ескішілдердің таратқан өсектерінің қалдық – сарынымен Ыбырайдың
заманында қазақ көпшілігіне кәдірсіз болған еді, - деген сияқты теріс
сөздерге малданатын тәрізді. Расында, оқуға талпына бастаған қазақ
жастарына Ыбырай айрықша болған адам. Жас буынға арнап шығарған Ыбырайдың
Кел, балалар, оқылығын жатқа білмеген оқушы болмаған.
Ыбырайдың өмірі мен ісіне көз жіберіп, оның жұмыс еткен жағдайын еске
алсақ, таңқалмасқа болмайды. Ол іске кіріскенде, сонау Торғай,
21
Қостанай, Орынбор қолтықтарындағы қазақ далаларында қараңғылықтың қаймағы
бұзылмай, мұрты кетілмей жатқан болатын. Татар молдалары арқылы тағы басқа
да жолдармен ел ішінде уын жая бастаған ислам діні, оны таратушылардың
балаңды орысша оқуға берсең, шоқынып кетеді, - деп елді үркітуге барынша
күш салды. Ыбырай, не Ыбырай тәрізділерді оқытып шығарғандағы
миссионерлердің ойлаған ойы мен көздеген мақсаттары Ыбырайдың ойлаған
мақсат, көздеген нысанасы мүлде басқаша болды. Олардың үстіне елдегі бай –
феодалдармен тіпті өз туыстарымен де оның тілек – мүдделері қабыспады.
Ыбырайды оқытқанда әкесінің баласы болар, - деп олар үміт етуші еді. Ол
армандары орындалмады. Оқып білім алып, өз тізгінін өз қолына алған күннен
бастап – ақ Ыбырай туыстарынан іргесін бөлек салды. Олардың күткен
үміттерін үзіп кетті. Осы айтылғандардың бәрі де Ыбырайдың жолында бүк
түсіп жатқан үлкен – үлкен бөгеттер болатын. Өзімен білімі тең келген,
көзқарасы бір серігі жоқ, ең қараңғылықтың жуан ортасында жалғыз өзі болса
да, Ыбырай бар бөгетке қарсы барып, күрес майданына шықты. Сүйгені
де,сүйенері де халық болды. Сол халықтың келешегі үшін басын бәйгеге тігіп,
желіні ұзаққа тартып, белсеніп іске кірісті. Кезіндегі жағдаймен санаса
отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп, қойды:
біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту – жалпы халық ағарту жұмысы да ,
екіншісі халықтың ой – санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік
істері. Оның барлық іс амалы мен бізге қалдырып кеткен мұраларына көз
жүгіртсек амалсыз осы қорытындыға келеміз. Өзінің алғашқы адымында – ақ ол
мектептің рөлін бірінші орынға қойды.
1871 жылы отыз бірінші август күні Н.И.Ильминскийге жазған хатында
жастарға дін мектептерінің басын қатырған зияннан басқа ешбір пайда
берметінін, халықтың ілгері дамуына бөгет жасайтындықтарын айта келіп:
Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құралы – мектеп. Бірақ
22
даладағы мектептер шашылыңқы, сондықтан әлі пайдалы бола алмай отыр, әйтсе
де олардың үміт күтері – мектеп, тек қана мектеп және қазақ халқының
болашағы да мектептермен байланысты, - деді.
Ол кезде мектеп, оқу, оқыту мәселесіне әркім әр түрлі қарады. Қазақ ішінде
мектептің, оған бала оқытудың пайдасын тез ұққандар да, баласын орысша
оқытатын мектептерге беруден тартыныңқырағандар да болды. Тіпті үстем тап
өкілдері феодалдардың өздері де бірыңғай болған жоқ. Ислам дініне берушілер
және ескілікті берік сақтағысы келгендер ескі оқуды қолдады. Кейбіреулері
өздерінше жаңаға қарай бейімделіп, ел билеу үшін де орысша білу керек деп
ұқты да, балаларын жаңа мектепке беруді мақұл көрді. Мұндайлар қазақтың әр
губерния, әр үйездерінен де табылды. Бұлардың жерлері басқа болса да,
аңсаған арман, көздеген мақсаттары бір болатын.
Ата – аналары: оқу - өнеріңмен біз үшін қызмет ет - десе,
миссионерлер: біліміңді патша үкіметінің ықпалын қазаққа молырақ таратуға
күш сал десе, Ыбырай тәрізді халықтың адал ұлдары алған білімдерін өз елін
мәдениетке жетелеуге, оқу, ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ол кезде
надандыққа белшесінен батып жатқан елді оқуға шақыру, мәдениеттілікке үндеу
айтарлықтай тарихи іс еді. Сол бір тарихи кезеңде әлеуметтік мәні зор үлкен
іс, ауыр жүкті арқалаған адамның бірі Ыбырай Алтынсарин болды.
Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп,
білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін
түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама –қарсы қойып, жастарға кімнен
үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті.
Алтынсарин мейілінше қиын жағдайда жұмыс істеді, талай бөгеттерге
кездесті. Өтірік арыз, Жаптым жала, жақтым күйенің неше түріне жолықты.
Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Әсіресе, оның келешекке сенімі зор болды.
Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса, болашақ жастар
23
орындайды деп білді. Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын жастар, тек қана
жастар деген қорытындыға келді. Өзін қоршаған қараңғылық, надандықтарды
шеней келіп:
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды,
Өнер жігіт көркі - деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды - деді.
Ыбырай қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар адамгершілікке,
махаббат, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке,
қысқасын айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып
шығуға үндеді және жастарға бала кезінен бастап дұрыс тәрбие бергенде ғана
бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан Ыбырай
өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа
бағындырды.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог –
ғалымдардың ертеден бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселесінің
бірі десек, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы
бірінші қазақ педагогі Ыбырай Алтынсарин.Бұл мәселе жөнінде ол көптеген
педагогтердің, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог – ғалымдары
К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Бунакаковтармен пікірлес болды.
Соңғы зерттеушілер (Ә.Дербісәлин) Алтынсариннің отыз бес
аудармасының барлығын айқындатып және әңгімелерінің көпшілігі
И.И.Паульсонның Книга для чтения и практических упражнений в русском
языке хрестоматиясынан алынған да, басқалары К.Д.Ушинскийдің Детский
мир, Родное слово, Л.Н.Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан
24
алынғандығын анықтап отыр.
Бұлардың көпшілігі дәл аудармалар да, бір қатары ерікті
аудармалар. Кейбіреулері орысшадан тек тақырып, сюжетін ғана алып, қазақтың
өмірі мен тұрмыс – салтына жақындатып, өзінше жазған деуге болады.
Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүние
танушылық көзқарасын кеңейту үшін Қазақ хрестоматиясының тек өз кезі ғана
емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар, талай рет
басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл кітапқа енгізілген
әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, Отанын – елін сүюшілік,
талаптылық, жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық,
адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез – құлыққа
тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты,
қиянатшылдықты, надандықты, сотқарлықты қарсы қойып, жастардың мұндай
әдеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Мысалы:
Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана –
сезімдеріне лайықтыланып, педагогика ғылымының міндетті түрде
тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталуы өз алдына,
сонымен қатар, жоғарыда аталып өткен: оқу, еңбек, талап, мейірімділік тағы
басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі,
саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды.
Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік
мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі – еңбек.
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де
өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды
балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет,
босқа жатпа, - дейді.
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты
қиынсынып бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл жақсы
әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан – ақ бойкүйездікке,
25
жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген.
Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз
емес.
Жазушы Атымтай жомарт әңгімесінде еңбекті дәріптейді.
Ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында
ертегі жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы
ел аузындағы ертегіні балаларға арнап әңгіме етіп ұсынды. Әңгіменің идеясы
да , кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен айқын көрінеді.
Атымтай бір сөзінде: Күн сайын өз бетімен тапқан пұлға нан сатып жесем,
бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше
болады екен. - дейді.
Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырбының бірі – талап.
Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. Талапты
ерге нұр жауар, - деген халық мақалы да өмір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz