Спирограмма,спирография туралы түсінік және қолданылуы


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеуге арналған аспаптар

Жоспары:

Кіріспе

  • Жалпы тыныс алу

Негізгі бөлім

  • Сыртқы тыныс алу жүйесі.
  • Спирограмма, спирография туралы түсінік және қолданылуы.
  • Спирографияны жүргізу алгоритмі.
  • Спирография жүргізуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.

Қорытынды.

Пайдалынған әдебиеттер.

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен

көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.

Адам мен жоғары сатыда дамығын омыртқалыларда тыныс алу процесі бірнеше кезеңде атқарылады 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасын-дағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдардың қанмен тасымалдануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу - ішкі тыныс; 5) торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, немесе торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотығу.

Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газдың денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың (энергаяның) бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. Адам мен омыртқалы жануарларда ол сыртқы тыныс мүшелершен, газдардың қанмен тасымалдануын қамтамасыз ететін тетіктерден, ұлпалық тынысты қамтамасыз ететін органеллалардан, осы жүйе жұмысын реттейтін және ондағы ықпалдастықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен құралады. Тыныс аппараты деп организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады.

Адам мен сүт қоректілердің сыртқы тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы, аңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамырлар - бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі - оң және сол өкпеден тұрады. Дем алынған кезде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарады, жылынады, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.

Дем алынған кезде жұтылған ауаның 30 пайызы тыныс жолдарында қалады да, ол газ алмасу процесіне қатыспайды. Осы себепті мұрын қуысынан өкпе көпіршіктеріне (альевеолаларға) дейінгі жолды пайдасыз кеңістік деп атайды. Бұл тек шартты атау, шын мәнінде тыныс жолдарының маңызды қызмет атқаратынын жоғарыда баяндап өттік. Сонымен қатар мұрын қусының кілегейлі қабығында тыныс ауасының сапасын анықтауға мүмкіндік беретін иіс рецепторлары орын тебеді. Тыныс жолдарында түрлі қорғаныс рефлекстерін (жөтелу, түшкіру) тудыратын сезімтал нерв ұштары да орналасады.

Ауаны жоғарғы тыныс жолынан өкпеге және одан кері бағытта өткізетін түтік тәрізді мүшені кеңірдек дейді. Оның қабырғасы ішкі кілегейлі, ортаңғы - шеміршекті және сыртқы-сірлі қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабат тұйықталмаған, біте жалғаспаған шеміршек сақиналарынан түзіледі, соңдықтан кеңірдек қуысы әрдайым ашылып тұрады. Кеңірдек сақиналарының саны мойынының ұзындығьша байланысты. Жүректің жоғарғы тұсыңда кеңірдек екі негізгі бронхыларға ажырап, кеңірдек ашамайын (бифуркациясын) түзеді.

Адам мен жануарлардың газ алмасу мүшесі - өкпе, - құрылысы жағынан түтікшелі - көпіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс жолдарын бронхы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін - көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып, жылынып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының тұйықталған сонғы бөлігі. Олардың қабырғасы оралымды мембранаға бекіген жұқа бір қабат жалпақ эпителий торшаларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан капиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ торлар құрайды. Кең тұзақ капиллярларынан қан толассыз ағады және ол альвеолалар кеңістігінің көп мөлшерін қамтиды. Бұл капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы қалындығы бар болғаны 0, 004 мм, сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына айтарлықтай кедергі болмайды.

Өкпеде альвеолалар саны орасан көп, сондықтан өкпенің тыныстық аумағы өте үлкен. Өкпе альвеолаларының саны 350 млн. жетеді де, олардың жалпы беткейі 100-120 м2 құрайды, демек дене беткейінің мөлшерінен 100 есе артады

Спирография - әртүрлі тыныс көлемдерінің арнайы аспап көмегімен -спирографпен тіркеу әдісі. Жазылған спирограмма бойынша өкпенің тіршілік сиымдылығын (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді есептеп тіршілік сиымдылығын (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді есептеп анықтауға болады. ӨТС дегеніміз-максимальды немесе терең тыныс алып тыныс шығару кезіндегі ауаның максимальды көлемі. ӨТС-ның құрамына мынадай ауа көлемдері кіреді: 1. Тыныстық көлем (ТК) -қалыпты тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі ауаның көлемі (300-800мл) 2. Тыныс алудың резервтік көлемі (ТАРК) -қалыпты тыныс алудан кейін терең тыныс алғанда өкпеге кіретін ауаның қосымша көлемі (1500-2500 мл) . 3. Тыныс шығарудың резервтік көлемі (ТШРК) -қалыпты тыныс шығарудан кейін терең тыныс шығарғанда өкпеден қосымша шығатын ауаның көлемі (1000-1500 мл) Қалыпты жағдайда ӨТС-3500-5000 мл ӨТС шамасы жынысқа (әйелдерде төмен), жасқа (35 жастан соң төмендейді), салмаққа және бой ұзындығына тәуелді болса, сонымен қатар дене қалпына байланысты өзгеруі де мүмкін. (ӨТС-ң шамасы жатып анықтауда төмен) . Сондықтан оны анықтау әрқашан бір қалыпты жағдайда (отырған немесе тұрған адамда) жасалуы керек.

Спирограмма (лат. spiro-тыныс алу, грек. gramma-жазу) -ауаны жұтқанда және шығарғанда қандай мөлшерде өзгеруін көрсететін қисық сызық. Спирография (лат. spiro-тыныс алу, грек. grafe-жазу) - өкпенің тыныс алғандағы көлемінің өзгерісін графикалық тіркеу арқылы зерттеу әдісі. Бұл әр түрлі тыныс жүйесінің ауруларын диагностикалайтын қауіпсіз әрі ақпаратты әдіс. Оның көмегімен науқастың тыныс алу қызметінің көрсеткіштерін анықтауға болады.

Спирография - бұл қазіргі таңда жоғарғы информациялы өкпенің жағдайын бағалайтын, тез, ыңғайлы әрі дәл нәтиже беретін әдіс болып есептелінеді. Медициналық диагностикада спираграфия жүйесі айтарлықтай жаңалықтар ашты, олар өкпе сыйымдылығын анықтап қоймай инспираторлық және экспираторлық тыныстауды бірдей зерттейді. Спирографияның көмегімен анықталатын көрсеткіштер:

Тыныс алу жиілігі-1мин. Ішіндегі тыныс алу қозғалысы (қалыпты жағдайда орташа 16-17) .

Тыныс алу көлемі-1рет тыныс алғандағы өкпеге түсетін ауаның көлемі(ерлерде 300-1200мл, әйелдерде 250-800мл) .

Минуттық тыныс алу көлемі -1мин ішінде өкпеге келіп түсетін ауаның көлемі (4-10л) . Өкпенің тіршілік сыйымдылығы - терең тыныс алғаннан кейін терең тыныс шығарудағы максимальді ауаның көлемі(2, 5-7, 5л)

Тифно индіксі 4/5ы. Тез дем шығару жылдамдығының көлемі орташа өлшемде 25 - 75%. Бұл өкпенің жоғарғы бөлігінің зақымдалуы кезінде ерте диагностикалауға мүмкіндік береді. Индекс Тиффно қалыпты жағдайда 75% асады. Өкпеде обструциялар болған жағдайда бұл көрсеткіш төмендейді. Мысалы бронхиалді астма т. б аурулар кезінде.

Спирограф - бұл медициналық компьютерлік диагностикалық аспап. Ол ересектер мен балалардың қызметін пневмотахометрия сыртқы тыныс көмегімен зерттейді. Компьютерлік спирограф СП-3000 ол жадылар сақталған модульмен USB шнуры арқылы ноутбукқа жалғанады. Программаны қамтамасыз ету үшін Windows-98/2000/XP жүйесі қолданылады.

Спирографтың мүмкіншіліктері :

  • Спирограф сырткы тынысты тесттер аркылы 38 стандарттық көрсеткіш бере алады
  • Жоғары спирометриялық өлшемнің дәлділігі
  • Анықталған өлшемнің мағынасын қазақ, орыс және ағылшын тілінде береді
  • BTPS бойынша коррекциялау
  • Компьютер жадында 50, 000 астам зерттеулер сакталады.
  • Зерттеу натижесін параққа HTMLформатта тусіріп береді.

Жүргізу алгоритмі: Спирографияны таңертеңгілік уақытта ашқарынға немесе тамақтанғаннан соң 1-1, 5 сағат өткеннен соң жүргізеді. Тексерілу алдында темекі шегуден жане қою шай немесе кофе ішуден бас тарту қажет. Егер науқас тексеруден бұрын дәрігер тағайындаған тыныс жүйесіне әсер ететін препараттар қабылдаған болса, оларды зерттеуден 6-24 сағат бұрын қабылдауды тоқтатады. Зерттеу науқастың спирограф алдында отырған қалпында жүргізіледі . Орындықтың биіктігі науқасқа ыңғайлы болатындай реттелетін болуы керек. Әйтпесе зерттеу нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін. Киімі терең дем алып, терең дем шығару үшін кеуде қуысын қыспайтын бос әрі ыңғайлы болуы қажет. Науқас тік отырып, мұрнын арнайы қыскышпен кысып ауанын кірмеуін қамтамасыз етеді. Спирометрдің түтігін ауызға енгізіп, белгі берген кезде дем алады. Спирограф СП-3000 наукас дем алуды бастағаннан кейін ақ өзі автоматты түрде өлшеуге кіріседі. Алдын-ала спирографтың тыныс алатын жүйесі оттегімен толтырылады. Сонан кейін отырған зерттелуші спирографтың арнайы түтігін аузына салып, аспаптың жүйесіндегі ауамен тыныс алады. Аспаптан тыныс алуға үйренген соң, тікелей спирограмма жазылады. Жазылған спирограмма бойынша ТК-нің, ТАРК-нің, ТШРК-нің шамаларын есептеп шығарады. Ол үшін жазылып алынған спирограмманың биіктігін мм-мен өлшеп алады да, 20-ға көбейтеді, себебі спирографтың қаламының 1мм қозғалысына 20мл ауа сәйкес келеді.

Спирография жүргізуге көрсеткіштер:

Өкпе жеткіліксіздігінің түрін және дәрежесін анықтау. Аурудың үдеуін және дәрежесін анықтау мақсатында өкпелік вентиляцияның көрсеткіш мониторингі. Бронхиальді обструкцияны бронходилятатормен, холинолитиктермен, ингаляциялық және мембрана тұрақтандырушы препараттармен курстық емдеудің тиімділігін бағалау.

Спирография жүргізуге қарсы көрсеткіштер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спирометрияның құрылысы
Статистикалық көрсеткіші
Аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық мәні. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу
Студенттердің тыныс алу жүйесінің маусымдық динамикасының ерекшеліктері
Эндоскопиялық тәсілдер
Функционалдық диагностика негіздері
АҒЗАНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛҒАН КЕЗДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС
Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеуге арналған аспаптар
Науқасты рентгенологиялық тәсілмен зерттеуге дайындау
Жиі ауыратын балаларды диспансерлік бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz