Шағын кәсіпорынның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі



Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І тарау. Шағын кәсіпорынның қоғамның әлеуметтік дамуындағы алатын орны мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Шағын кәсіпорынның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ...
1.2. Шағын кәсіпорынның негізін қалау жолдары ...
1.3. Шағын кәсіпорынды дамыту проблемалары ... ...

ІІ тарау. Шағын кәсіпорынды басқарудың жүйелік тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Бәсекелес елу елдің қатарына Қазақстанның ену процесіндегі шағын кәсіпорынның қосар үлесі ... ... ... ... ..
2.2. Әлеуметтік.кәсіпорын корпарациялары ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе.

Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларда іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қарастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпорын белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.
Кәсіпорынды дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен, бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпорын қызметін дамытудың жалпы экономикалық көзқарастары ғана қарастырылып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Саяси экономия. А – 1991 ж-208 б.
2. Экономикалық теория негіздері. А – 1998 ж-479 б.
3. Я.Ә. Әубәкіров. Экономикалық теория. А – 1999ж.
4. Осипова Г.М. Экономикалық теория. А – 2002ж.
5. Я. Куликов. Экономикалық теория негіздері.

6. Аубакиров Я.А. Нарибаев Н.К. Шеденов У.К.т.б. Экономикалық ілімдер тарихы А – 1997ж.
7. Қажамқұлов Т. Саяси экономия негіздері
А- 1991ж.
8. Шеденов О. Жалпы экономикалық теория. А – 2002ж.
9. С.С. Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов Экономикалық теория. А – 2004ж. 194б.
Қосымша әдебиеттер.
1. Конотопов М.В. Сметанин С.Н. История экономики.
М – 2001г.
2. Общая экономическая теория. В.И. Видяпина
М – 1995г.
3. М.Н. Чепурина Курс экономический теории. К – 1994г.
4. А.С. Булатова. Экономика М – 1995ж.
5. Егемен Қазақстан 1998ж. 17 – қаңтар.
6. Қазақстан ХХІ ғасырға жол. 2000ж. №2 – 24бет.
7. Б.Қ. Сәлімбаева, Д.Т. Досхажаев Еңбекті мөлшерлеу.
А – 2001ж.
8. Егемен Қазақстан 1996ж. 9 тамыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..

І тарау. Шағын кәсіпорынның қоғамның әлеуметтік дамуындағы алатын
орны мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Шағын кәсіпорынның ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .
1.2. Шағын кәсіпорынның негізін қалау жолдары ...
1.3. Шағын кәсіпорынды дамыту проблемалары ... ...

ІІ тарау. Шағын кәсіпорынды басқарудың жүйелік
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2.1. Бәсекелес елу елдің қатарына Қазақстанның ену процесіндегі
шағын кәсіпорынның қосар үлесі ... ... ... ... ..
2.2. Әлеуметтік-кәсіпорын корпарациялары ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .

Анотация.
Орындалған курстық жұмыстың тақырыбы – Шағын кәсіпорынның
экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі. Жұмыс барысында
Қазақстандағы кәсіпорын үшін қазіргі заманға сай кезеңдерде
кезігетін негізгі проблемалар талданды, кәсіпорынның дамуын тежейтін
факторлардың келесі бағыттар бойынша классификациясы жасалды:
әлеуметтік-экономикалық; саяси; құқықтық; кадрлік; ұйымдық;
психологиялық. Және де осы жұмыс барысында қазіргі замандағы
әлемнің ең жоғары дамыған елдерінің бірі – АҚШ-тың кәсіпорынды
дамыту бойынша 200 жылдан астам тәжірбиесі талданып, қорытылды.
Жұмыс барысында бұл тәжірбиелерді Қазақстанда пайдалану жөнінде
ұсынылған ұсыныстар республикадағы өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңу
және индустриалды дамыған елдер жолына шығу мақсатын көздейді.
Курстық жұмысқа кіріспе, қорытынды, жұмысқа қатысты сызба-
нұсқалар, пайдаланылған әдебиеттер және 30 парақтан тұратын
материалдар жинақталған.

Кіріспе.

Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға
өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық
қайта құруларда іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды
ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік
саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды
қарастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті
қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы
экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның
мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта
кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға
сәйкес мемлекет кәсіпорын белсенділікті ынталандырудың жеткілікті
дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика
кезеңінде экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан
шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.
Кәсіпорынды дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері
отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты.
Дегенмен, бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан,
ол жұмыстарда негізінен, кәсіпорын қызметін дамытудың жалпы
экономикалық көзқарастары ғана қарастырылып отыр.

І тарау. Шағын кәсіпорындардың қоғамның экономикалық дамуындағы
алатын орны мен рөлі.

Кәсіпорын процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші
кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын
кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен
қажетті қор жатады.
Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол – кәсіпорынның
болжамсыздықпен, қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын
нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпорын процесі – бұл
технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын
өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс
инвестициялық шешімдерді интеративті іздестіру процесі. Жаңа
кәсіпорынның шешуші қызметі тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен
қатар бір-біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек жаңа
бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, білетін, жаттыққан
пікірлестер командасына ие болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма
жұмысын бастау үшін және оның әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыру
беру үшін жеткілікті қорларға ие болулары керек.

Жоғарыда кестеленген кәсіпорын процесінің негізгі қозғаушы
күштерінің ішінде кәсіпкерлер негізгі орын алады. Венчурлік
кәсіпкерлер мен өте тәжірбиелі кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік табысты
алдын-ала анықтайтын 5 аса маңызды факторларды түгелдеп беруді
сұрағанда олар мұны тағы да растады. Олар: 4 рет кәсіпкер және
оның білікті командасы содан соң барып маркетингтік әлеует деп,
қарапайым жауап берді. Кәсіпкер – бастамашыл негізде, толық
экономикалық жауапкершіңліктен қорықпай тәуекелге баратын және
келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндірісм факторларын ұтысмды
түрде біріктіруге қабылетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Команда негізде және жетілген саласына сәйкес еңбек
тәжірбиесіне машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі
жауапкершілікті өз мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған
нарыққа кіру стратегиясына ие болуы керек.
Кәсіпорын процесінің екінші қозғаушы күші – бизнесті іске асыру
үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпорын жарылыс
нәтижесінде пайда болған үнсіз төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік
ғалымдар кәсіпорын түсінігіндегі негізгі орынды ой және оларды іске
асыру мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру
мүмкіндіктері деп ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру
нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады.
Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз
ететін ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабылетіне ие
кәсіпорын табысты кәсіпорын болып саналады. Кәсіпорын қызмет саласын
таңдауын тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы
тұрлаусыздықпен, мәліметтің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің
жоғарылығымен өзекшеленеді.
Кәсіпорын процесінің үшінші қозғаушы күші – бұл қажетті
қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану
ұсынылады: Шағын көзқарастың негізгі өндіріс қорларының үлкен
бөлігінің сатып алынуымен емес, ал жалға алынуымен қамтамасыз
етілетін ең аз мөлшердегі қорлармен жоғары нәтижелікке жету.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпорынның 7 концепциясы бөліп
көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып табылады және
кәсіпорын мен кәсіпорын процесіне өздерінің түсініктемелерін береді.
Оларға жататындар:
1. Кәсіпорынның жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы
мектебі.
2. Кәсіпорынның психологиялық мектебі.
3. Кәсіпорынныңң классикалық мектебі.
4. Кәсіпорынның жетекші ұстанымындағы мектебі.
5. Кәсіпорынның ішкі мектебі.
6. Кәсіпорынның маркетингтік ұстанымындағы мектебі.
7. Кәсіпорынның менеджменттік ұстанымындағы мектебі.

1. Шағын кәсіпорын ерекшеліктері.

Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол
ашық, ал шағын кәсіпорын құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген
пікірлер бар. Басты дәлел – шағын кәсіпорындардың жақсы жетілген ірі
компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде шағын кәсіпорын
бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын
кәсіпорынға анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне
шағын кәсіпорынның 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын
кәсіпорынды сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы өндіріс
көлемі, жұмыс істеушілердің саны, дипозиттердің көлемі, негізгі
өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының
өлшемі, кіріс мөлшері.
Авторлары, шағын кәсіпорындағы жұмысшылардың саны, капитал
айналымы, өндіріс көлемі сияқты және т.б. көрсеткіштер арқылы
анықтау көзқарасынан бас тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның
орнына шағын кәсіпорынды ірі кәсіпорын принципі түрде ажырататын
сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда, атап айтқанда: нарық үлесі,
негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары, шешім қабылдау
процесіне ірі кәсіпорын әсерлерінің жоқтығы.
Анағұрлым жаңашыл зерттеулерде шағын кәсіпорынның мынадай
сипаттамалары ұсынылуда: кәсіпорын құнды қағаздарының ашық сатылмауы,
кәсіпорындардың құнды қағаздар шеңбері шектеулі, негізін қалаушылар
– тәуекелге бейім алғашқы ұрпақ кәсіпкерлері, менеджерлер командасы
толығымен жинақталмаған, бизнес жоғары маркетингтік шығындарға
ұшырауда, акционекрлермен өзара қатынас аз, жалаң сипатқа ие,
бизнес әртүрлі компетенция түрлерін таңдауда жоғарырақ икемділік
дәрежесіне ие болады.
Қазақстан жағдайындағы шағын кәсіпорынға анықтама бере отырып,
қолда бар шетелдік тәжірбиелерді ескере келе, шағын кәсіпорынға
келесідей сипаттама беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп,
бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген
аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие
кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін
салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық
шешімдерді қабылдайды, басқару –нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды
шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді, басқару саласында, сондай-ақ
өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта кәсіпорын, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен
сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен
қамтамасыз етеді. Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың
жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын бизнес барлық
мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен
компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар жасап
отыр.
Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі кәсіпорындардың әртүрлі
қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету
жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс
істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, құрылыстық – монтаждық
жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу
жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс сітеуге
бет алуда. Шағын кәсіпорын ірі кәсіпорынға қарағанда анағұрлым
тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы тауашасын сәтті
иеленеді. Шағын кәсіпорынның артықшылықтары айқын. Бұл – шағын
кәсіпорынның динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен
көрсетілген қызмет түрлерін тез ауыстыру қабылеттілігі, технология
саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды
енгізу қабылеттілігі. Соңында шағын фирмалардың еңбек ұжымында
тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ,
жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.
Шағын кәсіпорынның басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және
жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған,
жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпақ біріккен құштарлық,
коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге
деген ұмтылыс. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын
кәсіпорын қайтадан өз мәні мен маңздылығына ие болды. Шағын
кәсаіпорын шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негізі болып,
ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол
ашады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей
шағын және ірі кәсіпорынды салыстыру анализінің кестесін құруға
болады, оның мақсаты ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал
Қазақстан экономикасы үшін шағын кәсіпорынның үлкен артықшылықтарын
көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын кәсіпорын тек қана
экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның
экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де
қарастырылады.

2. Шағын кәсіпорынның негізін қалау жолдары.

Шағын кәсіпорынның негізін қалау бойынша бірнеше көзқарастар
бар: жаңа кәсіпорын бастау, бүгінгі күндегі кәсіпорынды (бизнес)
сатып алу, франчайзинг және жанұялық кәсіпорын (бизнес).
Бүгінгі күндегі кәсіпорынды сатып алу біздің экономикамызда әлі
аз танымал құбылыс, бұл негізінен біздің кәсіпорындарымыздың
тәжірбиелерінің аздығымен түсінідіріледі. Дегенмен, бұл шетелде
бизнеске кірудің айтарлықтай тараған формасы ретінде мынадай бір
қатар артықшылықтарға ие:
• Тәуекел мен тұрлаусыздық факторлары сынға жиі ұшырайтын жаңа
кәсіпорын ашумен салыстырғанда, олардың деңгейін төмендетуі.
• Кәсіпорынның жөнге келтірілген инфрақұрылымының болуы, себебі
кәсіпорын әлде қашан құрылу сатысынан өткен, жұмыс істеуде,
кәсіпорынның басқа контрагенттерімен қарым-қатынас орнатылған.
• Жаңа бизнесті бастауда жүзеге асырылатын шығындарға қарағанда
әлдеқайда аз келісім баға бойынша кәсіпорынды алу мүмкіндігі.
Біздің Республикамыз үшін шағын кәсіпорынның негізін қалау
формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен
жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады. Алғашқы
франчайзингтік келісім ХІХ ғасырда тігін машинасын өндіретін
компания мен оның диллері арасында жасалды. Екінші дүние жүзілік
соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек
сауда және қонақ үй кешені саласында кең қолданыла бастады.
Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи мүшелеріне фирма атын,
сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын
береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа
кәсіпорынды ашу мен жұмыс істеу тәуекелінің деңгейін айтарлықтай
төмендетеді. Франчайзинг келісімі жаңа бичснаске, бүгінгі күндегі
кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақтаған үлкен тәжірбиелдерді
пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі 12-ші кәсіпорынның
франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар
жүйесі – тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде да айтарлықтай
жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ
тоқталу қажеттігі бар.
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
1. Франчайзер - өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма, өзінің
өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға береді.
2. Франчайзер – негізгі өнім өндіруші, өз өнімінің көтерме сату
құқығын франчвайзиға береді.
3. Франчайзер – көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын
франчайзи фирмасына береді.
Ең соңында, шағын кәсіпорынның негізін қалаудың төртінші жолы –
бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан
отбасылық бизнес. Сонымен бірге бұл бизнесті отбасы мүшелері қаласа
толық, қаласа жарты күн жұмыс істей алады. Әдетте отбасылық
бизнес бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтіп отырады. Отбасылық
бизнестің көбісі – шағын, бірақ отбасылық бизнестің ірі кәсіпорынға
айналып, отбасылық болып қала беретін мысалдары да іс жүзінде аз
кездеспейді.
Кез келген отбасылық бизнес – бұл отбасы мен бизнестің
симбиозы. Оның әрқайсысының өз мақсаты болады. бизнестің мақсаты -
өндіріс жолымен немесе тауар сатып, қызмет көрсетіп пайда табу.
Отбасылық бизнестің басты артықшылығы – кез келген қиыншылықтарға
қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың
беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін
өздерінің еңбек ақылары мен дивиденттерін құрбан етеді. Жұмысқа
берілгендіе, жоғары әдептік нормалар, тұтынушылар үшін тікелей
жауапкершілік – отбасылық бизнестің негізгі критериялары екендігі
белгілі.
Отбасылық бизнес кәсіпорындарды көлемдері бойынша, ұсынатын
өнімдері мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді.
Отбасының бизнеске қатысу деңгейі бойынша былай айыруға болады;
1. Толығымен отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес.
2. Отбасы бақылайтын, бірақ маман менеджерлер басқаратын бизнес.
3. Отбасы тарапынан басқармайтын бизнес.
Қазақстандағы бизнес негізін отбасылық. Бұл қазақ
отбасылырындағы ұлттық туыстық байланыстардың дәстүрлі түрде терең
болуымен түсіндіріледі.
Шағын қожалығының барлығы дерлік отбасылық. Бұл ең алдымен
ауыл отбасыларындағы адам санының көптігімен, отағасын құрметтеу
дәстүрімен жәнен бір-бірін өзара ауыстыру мүмкіндігінің бар болуына
байланысты. Колхоздар мен совхоздар құлдырап, ауылда жұмыс орындары
жоқ болу жағдайында, негізгі отбасылық байланыстарда құрылған шаруа
және ферммер қожалықтары, қазіргі кезеңде ауылшаруашылығын дамытудың
баламасы жоқ жалғыз ғана көзіне айналып отыр.

3. Шағын кәсіпорынды дамыту проблемалары.

Кәсіпорын қызметінің табыс критерийіне болып кәсіпорынның
жеткілікті пайда және табыс табу қабылеті жатады, яғни тек өзінің
шығындарын жауып қана қоймай өндірісті кеңейту мүмкіндігінің болуы
керек. Кері жағдайда кәсіпкер өзін жұмыс істеуге қажетті қаражатпен
әрең қамтамасыз етіп, өмір сүру үшін күресуіне тұра келеді.
Әлемдік тәжірбиеде көрсетіп отырғандай, кәсіпорынның көбісі мұндай
жағымсыз жағдайдан сәтті құтылуда, бірақ банкротқа ұшырау құбылысы
кәсіпорын әлемінде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер
бойынша алғашқы жылдар ағымында 23,7% алғашқы 4 жыл ішінде 51,7%,
алғашқы 6 жыл ішінде 62,7% банкротқа ұшырағандығын көрсетіп отыр.
Банкротқа ұшыраудың негізгі себептері мыналар:
• Экономикалық факторлар – 47,4%,
• Қаржылық қиыншылықтар – 38,4%,
• Кәсіпкерлік тәжірбиенің болмауы – 7,1%,
• Кәсіпкерлік ниеттің жаман болуы – 3,4%,
• Басқалар – 3,7%.
Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сиптақа ие
болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау,
процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс,
инфляция, жаңа бәсекелестіктің пайда болуы, саладағы өзгеріс,
анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен құрылыс өндірісі
технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. іс жүзінде бұл
сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға
төтеп беріп, қызметін одан әрі қарай тиімді жүргізе алуда, ал
басқалары сәтсчіздікке ұшырауда. Фирманы банкрот болуға алып келетін
көптеген себептер тиімсіз менеджементпен байланысты және оларды үш
бағытта топтауға болады:
• Стратегиялық сипаттағы қателіктер
• Жалпы менеджмент проблемалары
• Қаржы есептік жүйе мен тәжірибедегі кемшіліктер.
Осы бағыттардың әрқайсысын 1.15 кестеде жете, толық
қарастырамыз.
Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігі дәл
түсіндіретін бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті
банкротқа ұшырауымен байланыстырады, басқалар банкротқа ұшырауымен
қатар кәсіпорынның бірігіуі, басқа компания тарапынан сатып алынуы
сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын да
қосады.

Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері.

Кәсіпорындардың Фирмалардың баннкротқа ұшырау себептерінің мінездемесі
банкротқа ұшырау
себептері
1. стратегиялық 1.1. Маркетингтік мүмкіндіктерді жете бағалай алмау.
сипаттағы қателіктер Кәсіпорынның жаңа даму стратегиясын дайындаудың орнына
пайдалылығы төмен өндіріс қуаттылығын арттыру.
Нәтижесінде фирма өткір кассалық бюджет тапшылығына
ұшырайды.
1.2. Бизнеске қатысы жоқ салаға әртараптану. Жұмыс
істеп жатқан бизнестің ақша ағынын маңызды негіз
жоқ бола тұра басқа бизнесті бастауға жұмсау.
1.3. Маркетингтің тек жақынды ғана көруі. Бизнестің
нарықтық мүмкіндіктер тұрғысынан емес, пайда болған
идеялар тұрғысына негізделуі. Бизнесті ұйымдастырудағы
нақты мүмкіндіктерге маркетинг талдауының жүргізілмеуі.
1.4. Жобаның үлкен болуы. Компания ақша ағынының
көлеміне көңіл аудармастан үлкен жобаны бастайды, ал
мұның жанында кәсіпорын қуаттылығының күшеюі мен
қосымша жұмысшы күшінің таратылуының нәтижесінде ақша
қаражатына деген қажеттілік те арта түседі. Фирма
үлкен жобаны бастау үшін жеткілікті ақша қаражатының
бар екендігіне көз жеткізу қажет.
1.5. Жоспарлаудағы кемшіліктер. Шоттарға төленетін
төлемдердің кідіруінен немесе тапсырыстардың қысқаруынан
өндіріс көлемінің төмендеп кетуі сияқты күтпеген
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамыту
Кәсіпкерлік туралы
ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫ
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі жайлы
Қалаларда маркетингтік стратегияны қалыптастыру сипаттамасы
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Шағын және орта бизнестің түсінігі
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Пәндер