Атмосфералық ауаны қорғау. Ластағыш заттектердің түрлері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚОРҒАУ
2. ЛАСТАҒЫШ ЗАТТЕКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
3. ӨНЕРКӘСІПТІК ЛАСТАНУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелийден тұратын газ қабаты.
Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

1. АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚОРҒАУ

Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және
биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық
деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи
(жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және
антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда
жүруі мүмкін.

Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер
шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау
жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне
(найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы
сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі
процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға
аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ
споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-
тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан
пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64
кмсек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-
70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне
жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.

Жыл сайын жерге 2-5 млн тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң
да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып
жүретін радиустары 10−16-10−5м шамасындағы бөлшектерден тұрады.
Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді
дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады. Атмосферадағы
шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және
тірі организмдерді күн сәулесінен қорғайды. Заттардың биологиялық жолмен
ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот
оксидтерінің, көміртегі оксиді мен диоксидінің және т.б. түзілуіне және
олардың атмосфераға түсуіне апарады. Атмосфералық ластануға табиғаттың
алапат құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай. Мысалы, орта есеппен
жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30 - 150 млнт газ
және 30 - 300 млнт ұсақ дисперсті күл тасталып отырады. Тек Пинатубо
(Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997 ж.) атмосфералық ауаға 20 млн
тонна күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға
бірқатар химиялық ластағыштар - сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі
орман өрттері салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады.

Кейбір ғалымдардың айтуынша, қазіргі кездегідей ауа райының ыстық
болуы шамамен 55 млн жылдай бұрын да болған. Солтүстік теңізде, қазіргі
Норвегия аумағында геологиялық авария болып, жанартау лавалары үлкен мұнай
қабаттарынын астына енген. Нәтижесінде атмосфераға 2 млн тоннаға жуық
буланған мұнай өнімдері бөлінген. Сол кездегі осы жағдай неге адып келгені,
қанша уақытқа созылғаны белгілі. Атмосфералық ауадағы сол шаңды күлдер 200
ООО жылға созылған еді. Қазіргі үрдіспен, алдағы 20 жыл ішінде атмосфераға
тағы да осындай мөлшерде ластауыштар бөлінетін болады.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік
кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері,
ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана
қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады:
шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су,
қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық :
шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық ,
ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын
компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және
өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға
байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік
шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте
ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында
бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп
мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер
(шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері,
фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

Ғалымдар, экологтар ғана емес, жұмысы мұнай кен орындарымен байланысты
көптеген адамдар - мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға
асыру (утилизация) мәселелерін көтеріп жатыр. Үкімет теория жүзінде бұл
бағыттың маңызды екенін көптен бері айтуда. Тіпті алғашқы жобалардың бірін
бекітіп, мүмкіндігінше жақын арада іс жүзінде қолға алынатынын да айтты.
Алауларда газдарды жағу арқылы Қазақстан бағалы энергетикалық ресурстардан
қағылып отыр. Мұнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде планета
температурасының өзгеруіне әсер ететін қуатты көздердің бірі. Соңғы уақытқа
дейін республикада атмосфералық ауаны ең қатты ластайтын көздерге, әсіресе,
күлі көп шығатын көмірлерді пайдаланатын жылу энергетикалық кешендерді де
жатқызып келді. Экономикалық дағдарыс кезінде қалада амалсыздан көнтеген
өнеркәсіп орындары тоқтап қалды. Алайда қала атмосферасындағы көміртеті
оксиді мен азот оксидінің мөлшерінің артуы саны күннен-күнге көбейе түскен
автокөліктер есебінен болды. Қазақстанның үлкен қалаларында көп тараған
химиялық ластаушы - күкіртті газ (күкіртті ангидрид). Зерттеулер өкпе
паталогиясы мен атмосфералық ауаның ластануының арасында тікелей байланыс
бар екенін көрсетеді. Күкіртті ангидридтің мөлшерінің көбеюі бронхиалды
астма мен созылмалы бронхит ауруының асқынуьша алып келеді.

Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер -
автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Зерттеу
мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд.
тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот
оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар),
көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік
ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Ең таза ауа мұхит бетінде.
Ауылды жерлерде ауа құрамындағы шаңды қоспалар мұхит бетімен салыстырғанда
10 есе, кішігірім қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен қалалар үстінен қара
тұманды байқауға болады. Мұнда шаңды қоспалар мұхитпен салыстырғанда 200
еседен аса көп. Лас ауа ірі қалаларда 1,5-2 км биіктікке дейін созылады.
Бұл лас тұман жазда күн сәулесінің 20%, ал қыстың күні онсыз да күн сәулесі
аз болғандықтан жартысын Автокөліктерден бөлінетін заттар. Әрбір автокөлік
жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін және
200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі. Автокөліктерден
бөлінетін газдар - 200-дей заттардың Қоспалары. Мұнда отынның толық және
жартылай жанған өнімдері - көмірсутектер болады. Транспорт моторы жай
айналымда, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға
көмірсутектер көп бөлінеді. Осындай жағдайда отын толық жанбайды да, лас
ауа 10 есе көп бөлінеді. Қалыпты жағдайда қозғалтқыштан бөлінетін газдың
құрамында С02 - 2,7% болса, жылдамдықты түсірген жағдайда - С02 3,9%-ға, ал
жай қозғалған кезде - 6,9% дейін көбейеді. II валентті, IV валентті С02
ауаға қарағанда салмағы ауыр, жердің бетіне жақын жиналады. Сондықтан
тротуарда, бесік- арбада отырған нәресте С02-ын анасынан көп жұтады. Адам
организміне жағымсыз әсерлердің бірі - көліктерден бөлінетін газ құрамында
көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары. Ауадағы
қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі.
Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап, ферменттердің белсенділігі
төмендейді. Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып
келеді. Сондай-ақ II валентті СО-да қандағы гемоглобинмен қосылып басқа
мүшелерге оттегінің жеткізілуін қиындатады. Транспорттан бөлінген газдардың
құрамында одан басқа иісі күшті, тітіркендіргіш альдегидтер
(акролен, формальдегид) болады. Мұнан басқа бөлінген лас газдардың
құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады.
Негізінен этилен қатарына жататын гексан мен пентан. Отынның толық жанбауы
себебінен көмірсутектердің бір бөлігі құрамында шайырлы заттары бар қара
күйеге айналады. Егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса
бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады.
Мұндай жағдайда машинаның артынан будақтап қара түтін шығады.

Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның
жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр
тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына траэтилқорғасынды
антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген
қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы 100 жыл
ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген
қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есеге көбейген.
Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86% автокөліктерден бөлінеді.

Аэропорттарда ұшақтардың қонған және ұшқан кездерінде де ластаушы
газдар мейлінше көп бөлінеді. Мысалы, Боинг ұшағының ұшуы кезінде
бөлінген зиянды заттардың мөлшері бір мезетте оталған 6850 Фольксваген
автокөлігінен шыққан зиянды заттар мөлшеріне тең.

Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20% жеке секторлар мен жылу
энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе, 80% - автокөліктердің еншісінде.
Қоршаған ортаға жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан
шыққан өнімдердің мөлшері бензинмен жүретін автокөліктерде дизельді
автокөліктерге қарағанда анағұрлым көп.

Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету - тұрақты
қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз
жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға
алмастыру, бензиннің орнына мал азықтық (қызылша, жүгері) өсімдік майларын
пайдалану қолға алынуда.

2. ЛАСТАҒЫШ ЗАТТЕКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Ластағыш заттектердің коршаған ортаға әсері физикалық, химиялық
қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған  өнімдердің қасиеттеріне
және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне
байланысты. Ластағыштардың  атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі
параметрге  олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты
ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:
* әлемдік көлемде ластайтындар — кай жерде шығарылса да  қоршаған
ортада әлемдік аумақта тарайтын кабілеті барлар,  атмосферада көп уақыт
бойы  (бірнеше жыл немесе айлар)  сақталатьн шығарынды (тастанды) заттектер
(көмір кышқыл  газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары
радионуклидтср);
* аймактық. (региондьқ) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің
территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік  бөлігі кіруі мүмкін) —
үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның мөлшері осы жердің шекарасынан
асқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа
таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада
сақталатын  шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтсрі, пестицидтер,
ауыр металдар);
* жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңбсрінен  аспайтын) —
атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды  заттектер (ірі дисперсиялык
аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттектер, сонымен қатар жоғарыда
келтірілген түрлердің  өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің,
азотгың, т.б. оксидтсрі).
Әр түрлі көздерден шығарындының шығу ұзақтығына байланысты олар үздіксіз
және бір дүркінді болып бөлінеді. Апатты жағдайлардағы шығарындылар бір
дүркінділер тобына жатқызылады. Атмосфераға газ тәрізді ластағыштар мен
аэрозольдар түтін мұржалары, аэрациялық шаң тартқыштар және әр түрлі
желдеткіш қондырғылары арқылы тасталады. Биіктігіне карай ластаушы
заттектер шығаратын көздер биік (Н 50 м), орта биіктіктегі (Н = 10-50 м),
аласа (Н = 2-10 м), жер үстіндсгі (Н 2 м) болады’. Ластаушы
компоненттердің ауада таралуы мен концентрациясы көздердің биіктігіне
байланысты келеді.
Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады.
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше
мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының
үгітілуіне, шанды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде),
теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді
тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне
байланысты.
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі
аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір
өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен катар атмосфераны ластайтындар
қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада
жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы
орасан жылдамдыкпен (11-ден 64 кмс дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа
кабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді.
Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеорит
түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жаркыншактардан да сактайды. Жыл
сайын жерге 2-5 млн. т космостык шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен
жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін
радиустары 1О6-1О’5 м. Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын 
көзердің, арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша  атап
кетуге болады.
Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын
тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.
Заттектердің биологиялык. жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті
сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің
оксиді мен диоксидінің және т. б. түзілуіне және олардың атмосфераға
түсуіне апарады.
Атмосфералык ластануға табиғаттың алапатты қүбылыстарының қосатын
үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау
нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ
дисперсті күл тасталып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы
Теңізшевройл және қоршаған орта
Атмосфера құрамы
Жоғары оқу орындары мен орта және арнаулы мектептегі экология пәнін оқыту барысын зерттеу және әдістемелік жүйесін жасау
Астана-Энергия АҚ атмосфераға ластаушы заттардың шектеулі рауалы шығымын нормалау және оларды азайту шаралары
Шыны балқыту
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Қоршаган ортаның ластануының жіктелуі
Атмосфераны ластайтын заттектер және олардың қоршаған ортаға әсері
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Пәндер