Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

1. 1. Мемлекет және құқық.

Негізгі бөлім

1. 1. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері

1. 2. Құқықтық сана және мәдениет

1. 3. Құқықтық мінез-құлық.

Девиантты мінез-құлық

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет тізімі

КІРІСПЕ

Құқықтық қатынас - бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады.

Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі -мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.

Құқық нормалары әр уақытта айтарлық сипатта болады, себебі олар жалпыға бірдей тәртіп ережелері. Құқық қатынастар индивидуальды - нақты, себебі нақты адамдардың өзара байланыс формасы ретінде көрінеді және бұл адамдар құқықтық қатынастарға түсе отырып сәйкес құқықтарға және міндеттерге ие болады. Басқаша айтқанда, оларға қатысты құқық нормалары қолданылады немесе индивидуалданады. Құқықтық қатынастарған олар саналы түрде түсетіндіктен олардың мақсаттары да сай келеді. Сондықтан құқық қатынастарда олардың жалпы еркі көрінеді. Мұндай еріксіз құқықтық қатынастар мүмкін емес, себебі барлық қатынас - бұл негізінде жалпылық жатқан екі жақты өзара байланыс.

Азаматтар әр түрлі құқықтық қатынастардың субъектісі болып саналады. Бірақ олардың қатысуы құқық нормаларын реттейтін қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты. Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып тек соған қатысы бар тұлғалар саналады. Пенсиямен қамтамасыз ету құқық қатынасымен байланысы жоқ адамдар бұл қатынасқа субъекті бола алмайды, себебі олар пенсия жасына жетпеген, не пенсия жасына жетсе де оған құқығы жоқ.

Шетелдіктер. Азаматтығы жоқ немесе екі азаматтығы бар тұлғалар құқық қатынастарына қатысушылардың ішінде ерекше орын алады. Субъективтік құқықтарды пайдалану немесе міндеттерді орындау шетелдік азаматтығы жоқ тұлғалар үшін жұмыс істеуші заңмен олардың статусына байланысты шектеледі. Мысалы, олар парламентке мүше бола алмайды, қарулы күштердің қатарында қызмет етпейді, мемлекеттік құрылымдарды басқармайды және оларда жұмыс істемейді және т. б. екі азаматтығы бар тұлғалар екі елдің азаматы ретінде оның екеуінде құқық қатынастардың барлық салаларына тең құқықты субъектісі бола алады, тек заңмен қаралған жағдайларда басқа кезде, мысалы, екі азаматтығы бар тұлғалар Қазақстан президенті бола алмайды.

Заңды тұлғалар құқық субъектілері ретінде келесі белгілермен сипатталады: бір ұйымдығымен, өз атынан түседі, өзінің мүлкі және банкте есеп шоты бар, өзіндік мүліктік жауапкершілігі бар, сотта, арбитражда сотта, (третейский) аралық сотта талап етуші және жауапты бола алады. Құқық қатынастардың субъектілері болып заңды тұлға емес ұйымдар да саналуы мүмкін.

Мысалы; жолдастық сот, ол кінәліге істеген теріс қылмыстары үшін айып салуға өкілеттілігі бар.

Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастарға тән мынандай белгілер:

Құқық қатынас - бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл қатынас жасағанда жұзеге асырылады.

Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқын құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық қатынас болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады.

Құқықтық қатынас - бұл субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет пайда болу үшін қатынасушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға және міндет бар тұлға болады: адам, ұйым, мемлекет органы.

Құқықтық қатынас еріктік қатынас. Құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар) . Ал кейбір құқықтық қатынас тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады) .

Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықтық қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқықтық тәртібінің негізі болып саналады.

Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз - қатысушыларының субъективті құқықтары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

1. 1. Мемлекет және құқық.

Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты .

Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның - мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет - адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:

2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.

3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы - шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.

4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.

Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың - байлар тобының мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.

Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.

Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ.

Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам астам уақыт өиір сүрді.

Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі - мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.

Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз - белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет - нормативтік қаулылар, Министрліктер - нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т. б. қабылдайды.

Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі - объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т. т.

Құқықтың алғашқы элементі - құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз - мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз - жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.

Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т. б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.

Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау

Қоғамдық тәртәп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.

Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т. с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.

1. 1. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері

Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың жиынтығынан тұрады. Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік нормалар құрайды.

Әкімшілік - құқықтық нормалар - бұл мемлекеттік, қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.

Әкімшілік - құқықтық нормалардың негізгі міндеттері:

1) Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру;

2) Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту;

3) Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеу;

Әкімшілік реттеудің мәні - басқару қатынастарын ретке келтіру, әкімшілік құқықтың көмегімен осы қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез - құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды.

Әкімшілік құқық нормаларының мән -маңызы мыналарға бағытталған:

1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;

2) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау.

3) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;

4) қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару сферасынан шығаруға бағытталған.

Әкімшілік - құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен әдістерін, басқа субъектілерімен ара қатынастарының тәртібін белгілейді.

Әкімшілік құқықтың нормалары, сондай-ақ, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды.

Әкімшілік заңнамада әкімшілік қатынастарды әртүрлі бұзушылықтан қорғайтын нормаларда бар.

Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке болып бөлінеді. Мемлекет және құқық теориясында мемлекет пен құқықтың арақатынасы жөніндегі сұрақ бойынша екі амал - жолды бөліп атауға болады. Біріншісі -мемлекеттің құқықтан басымдылығынан туындайтын этатикалық тәсіл. Екінші тәсіл табиғи - құқықтың көзқарастар арнасында нығайтылды және мемлекетпен салыстырғанда құқықтың басымдылығынан туындады.

Әкімшілік нормалардың көпшілігі имперактивті сипатты. Оларды бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың құрылымы - дегеніміз нормалардың ішкі құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының белгіленген тәртібі.

Әкімшілік -құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:

1) гипотеза;

2) диспозиция;

3) санкция.

Гипотеза - бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік - құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы, адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады) . Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын жоғалтып алу (әрекет) .

Гипотезаның мынадай түрлері болады:

- абсолютті - анықталған - бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.

- салыстырмалы - анықталған - бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.

Диспозиция -бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.

Санкция - бұл мінез - құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.

Әкімшілік - мәжбүрлеу шаралары (шекараны жабу, жер сілкінісі болған жерлерді оқшаулау) санкцияға жатпайды, сол себебі олар құқық бұзушылықпен байланысты емес. Бұндай шаралар диспозицияда көрсетіледі.

Құқық нормасының түсінігі. Құқық нормасы - үлгі, ереже, шара, жүріс-тұрыс масштабы. Құқық нормасының белгілері: формалды анықтаушылық жалпы міндеттілік, жүйелілік, әрекеттің қат-қабаттылығы, адресаттық кейіптеушіліксізі мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсынушылық-міндеттілік сипаты.

Құкықтың(қайнар көздерінің) формаларының түсінігі. Санкциялы дәстүр. Әдет-ғұрпы құқығы. Сот және әкімшілік прецеденті. Нормативтік құқықтық акт. Зандық доктрина құқықтың қайнар көзі ретінде.

Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жалпы ситапттамасы. Нормативтік құқықтық актілерлің түрлері, заңдық күші, әрекет ету ортасы, оларды шығару субъектілері және әрекет ету мерзімі бойынша саралануының критериилері.

Қағида шығармашылығының, құқықшығармашылықтың заңшығарушылықтың түсінігі. Халықтың бірден-бір құқықшығармашылығы. Референдум түсінігі. Заң шығару процессінің сатысы және түсінігі.

Құқық жүйесінің түсінігі. Құқықтың құрылымы. ҚҰҚЫҚТЫҚ институттар және олардың түрлері.

Құқықтық қатынастардың түсінігі. Құқықтық қатынастардың құрамы. Құқықтық қатынастардың мазмұны. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі, оның түрлері мен әдістері.

Құқықты қолдану - құқықтық жүйе асырудың ерекше формасы (әдісі) . Құқықты қолдану субъектілері: мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, құқық қорғау органдары.

Нормативтік құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқық нормаларының мазмұмын түсіндіру және анықтау.

Құқықтық сана - қоғамдық сананың түрі. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық санамен арақатынасы: сасяси, өнегелік, діндік. Құқықтық мәдениеттің түсінігі элементтері және деңгейлері.

Құқықтағы кемтіктің түсінігі. Құқықтағы аналогия институты. Заңның аналогиясы және құқықтық аналогиясы.

3аңды мінезқұлық заң нормаларының нұсқауларына сәйкес мінез құлық ретінде. 3аңды мінез құлықтың түрлері. Активті, пассивті және қалыпты мінезқұлық.

Құқық бұзушылықтың түсінігі, түрлері. Қылмыстылықтық себептері және басқа да құқық бұзушылыктардың әлеуметтік табиғаты. Заңды жауапкершілік және оның түрлері. 3аңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен ролі. Конституциялық заңлылық заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізі

.

1. 2. Құқықтық сана және мәдениет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез-құлық социологиясы
Девианнттық мінез-құлық әлеуметтануының өзектілігі
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесі
Мүдделер қақтығысы ұғымы
Құқықтық мәдениет
Деструктивті мінез құлық
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Ауыл жастарын адамгершілік- құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Құқық социологиясының пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz