Оқыту үдерісінде кіші мектеп жаcындағы оқушылардың тілін дамыту тәсілдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері

  1. Оқу үдерісінің мәні 6
  2. Оқу үдерісінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері 10

1. 3 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың ерекшеліктері-- 14

  1. Оқу үдерісінде оқушылардың тілін дамыту әдістемесіОқыту үдерісінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың

әдіс-тәсілдері 23

2 . 2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамыту шаралары

мен сабақтарының үлгілері 34

2. 3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері 47

Қорытынды 57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 59


Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі : Елдік пен еркіндікті аңсаған қазақ елі бүгінде іргесін бекемдеп, саяси-экономикалық, әлеуметтік жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты, мәдениетті, патриот азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз»-деп атап айтты.

Жаңа ғасырдың мектебі жаңаша өмірге дайын болу үшін жаңару үрдісіне бар ынтасымен бейімделу. Ең бірінші дұрыс бағыт таңдай білу керек. Сол бағыттың бірі - ұлттық ерекшелікке, ұлттық педагогикаға сүйене, уақыт ерекшелігін ескере отырып, дамыта оқыту көзқарасын тәлім тәрбие беру ісіне қолдану.

Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де, реформалануда. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп өміріне енгізілді. Мұнда көздеген ең басты мәселелердің бірі - болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Тіл туралы» Заңдарында т. б. атап көрсетілген.

Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту, білім беру сапасында әлемнің басқа да алдыңғы қатарлы беделді де, белді елдерімен қатар жұмыс жасау, қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу, бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы тұрған міндеттер.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтің, Ш. Таубаеваның, Қ. Қабдықайыровтың, С. Көшімбетованың ғылыми зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдер болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш - білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде оқытуға, білім беруге, әдеби, мәдени мұраларымызды танып-білуге мол мүмкіндік туғызды. Ата-бабадан бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларды таныту халық қазынасы ауыз әдебиеті, балаларға арналған көркем әдеби шығармаларды кеңінен пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Бұл жөнінде ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде: « . . . біз тарихи мүмкіндіктерді, әдеби-мәдени мұраларды таныта тәрбиелеуді мектепке дейінгі кезеңнен бастап, үзіліссіз жүзеге асыруға тиіспіз. Осы арқылы жастарды адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеуге тиіспіз», - дей келе, «бәріміз де бала кезімізде халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз бай мұрасымен сусындап өстік. Қазақ ертегілерін, батырлар жырларын оқымаған қазақ баласы жоқ шығар деп есептеймін», - деген болатын.

Ғылыми зерттеу нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту жөнінде С. Рахметованың «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту» атты монографиялық еңбектері жарияланып, оларды ойын арқылы оқушылардың тілін дамытудың маңыздылығын байқадық.

Білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екендігін айғақтайды. Сондықтан бастауыш мектептегі оқу пәндерінде қолданылатын ойындардың мазмұны мен ерекшелігін, оларды қолдану жолдарын анықтау барысында дипломдық жұмыстың тақырыбы Оқу үдерісінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамыту тәсілдері деп аталады.

Зерттеудің мақсаты: кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың теориялық және әдістемелік жолдарын айқындау.

Зерттеу объектісі: кіші мектептегі оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу пәні : тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егерде оқу-тәрбие үрдісінде балалар әдебиетінің ілімдік және тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделсе, оны іс-тәжірибеде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда балалар әдебиетін пайдаланудың мүмкіндігі жоғары деңгейде болады және оқушылар тілін дамытуда оқу үдерісіндегі пайдаланудың тиімділігі артады,

Зерттеу міндеттері:

  • Оқушылардың жеке және дара ерекшеліктерін ескере отырып тілді дамыту жолдарын таңдау;
  • Оқу пәнінің мақсаты, мазмұны мен көлеміне қарай ойындарды жүргізу;
  • Ойындарды жүргізу барысында әділдіктің болуын қамтамасыз ету;
  • Оқу пәнінің көздеген мақсатына сай ойындарды түрлендіріп отыру;
  • Оқушылардың оқу дағдыларының қалыптасу дәрежесі есепке алу;
  • Оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен оқушы арасындағы қарым - қатынасты ескеру.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық және әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, мектептегі озық тәжірибелерді жинақтау, оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану, жүргізілге іс-тәжірибені сараптау, эксперимент нәтижесін қорытындылау, оларды математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеу нысанасы: Эксперименттік жұмыс Ақтоғай ауданы Андриановка ауылындағы Агрономия орта мектепте өткізілді. Экспериментке 10 оқушы қатысты.

Диплом құрылымы: Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Оқу үдерісінің мәні.

Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу үдерісі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағытталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де, мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жасы даму заңдылықтарына сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.

Оқу үдерісі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи байланыстағы екі түрлі əрекеттен тұрады: оқыту - мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері жəне оқып үйрену - білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-əрекеттері. Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік - бірлікті іс-əрекеттерді жанастыратын оқу мазмұны.

Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері болып есептелетін, əрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білімдер, ептіліктер жəне дағдылар жатады.

Оқып-үйренудің аса маңызды элементі - сеп-түрткілер (мотивтер) . Қандай да оқу əрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы сеп-түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, əрі сан қилы. Олардың əрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз ықпалдастық байланыста оқушының білімді игеруіне себепші болады. Ақыл-ой əрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы ғылыми мазмұны жəне педагогикалық мақсаты бағдарында ұйымдастырылған белсенді де дербес таным қажет.

Оқу үдерісі - шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі əр текті жəне табиғаты бір-біріне ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан да «оқу процесі» түсінігіне толық жəне жан-жақты анықтама беру қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: «Оқу процесі - бұл оқу барысында білім беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты бағдарлы өзара байланысты іс -əрекет».

Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи байланыстағы екі түрлі əрекеттен тұрады: оқыту - мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері жəне оқып үйрену - білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-əрекеттері. Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік - бірлікті іс-əрекеттерді жанастыратын оқу мазмұны.

Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері болып есептелетін, əрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білім, ікерлік жəне дағдылар жатады.

Оқып-үйренудің аса маңызды элементі - сеп-түрткілер (мотивтер) . Қандай да оқу əрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы сеп-түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, əрі сан қилы. Олардың əрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады. Ақыл-ой əрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы ғылыми мазмұны жəне педагогикалық мақсаты бағдарында ұйымдастырылған белсенді де дербес таным қажет.

Оқу үдерісі - білім беру, дамыту, тəрбиелеу, ынталандыру жəне ұйымдастыру қызметтерін атқарады. Бұлардың бəрі кешенді іске қосылады, алайда, тəжірибелік іс-əрекетті дұрыс ұйымдастыру, оқу міндеттерін тиімді жоспарлау үшін олардың əрбірін өз алдына қарастырған жөн.

Оқу үдерісінің білім беру қызметі ең алдымен білім, іскерлік, дағдыларды, шығармашылық іс-əрекет тəжірибесін қалыптастыруға бағытталады.

Білім - бұл деректер, мəлімет, ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар, формулалар мен сипаттамаларды т. с. с. түсіну, есте қалдырып, қажеттікке орай қайта жаңғырту.

Оқу барысында ғылыми білімдер тұлға меншігіне айналып, оның тəжірибелік қорына енуі қажет. Бұл қызметтің іске асырылуынан білім толықтығы, жүйелілігі жəне саналылығы, оның бекімі мен əрекетшеңдігі қамтамасыз етіледі. Оқушы ғылым негіздері мен іс-əрекет түрлері бойынша мəліметтер жинақтайды, игерілген білімдерді саналы пайдалана білу негіздері қаланып, оларды тұрмыстық міндеттерді шешуге қолдануға үйренеді.

Білім беру қызметі сонымен бірге оқушыға тек білімін игертіп қана шектелмей, олардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арқау болады.

Іскерлік - бұл адамның ережелерге сүйене отырып, қандай да нақты əрекеттерді орындау қабілеті. Дəлірек айтсақ, іскерлік дегеніміз - білімді практикамен байланыстыра қолдану тəсілдерін, жолдарын меңгеру.
Дағды - бұл саналы іс-əрекеттің автоматтандырылған бірлігі. Басқаша айтсақ, дағды - ойланбай орындалатын, жоғары дəрежеде жетілген іскерлік.
Іскерлік жаттығулар нəтижесінде қалыптасады. Дағды қалануы үшін көп санды қайталаулар қажет.

Іскерліктер мен дағдылар жалпы оқулық жəне арнайы оқулық болып ажыратылады.

Арнайы оқу іскерліктері мен дағдылары нақты оқу пəні мен белгілі ғылым саласына байланысты қалыптастырылады. Мысалы, физика, химия пəндері бойынша - зертханалық тəжірибелер өткізу, заттай көрнекіліктер пайдалану; географиядан - картамен жұмыс, масштабты өлшемдер, компас не басқа құралдарды қолдану; математикадан - логарифмдік сызғышпен, есептеу машиналарымен, əрқилы модельдермен жəне т. б. жұмыс іскерліктері мен дағдылары орнығады.

Арнайылардан тыс оқу процесінде оқушылар барша пəндерге қатысы бар жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларын да игереді. Мысалы, оқу жəне жазу дағдылары; өзіндік таным жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ікерліктері; оқулық, анықтамалар, библиографиялық тізімдермен жұмыс.

Оқу үдерісі білім беру қызметімен бір уақытта тəрбиелік міндеттерді де іске асырып отырады. Оқудың тəрбиелік қызметтері осы əлеуметтік процестің өз табиғатына орай орындалады. Осыдан оқу процесінде оқушыларда өз көзқарастары, ғылыми дүниетанымы, табиғат, қоғам жəне ойлау заңдылықтарын пайымдау, қоғамдық талап, тəртіп нормаларын мойындау əрі оған байланысты заңдарға бойсыну қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның қажетсіну сезімі, іс-əрекеттік, əлеуметтік мінез-құлық, құндылық жəне құндылықты бағыт-бағдарлар да осы оқу процесінде пайда болып, жетіліп отырады.
Тəрбие мүмкіндіктері тікелей білім мазмұнынан келіп шығады. Əр оқу пəнінің өзіндік тəрбие мүмкіндігі бар. Оқушылардың тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруда гуманитар жəне əлеуметтік-экономикалық пəндердің тəрбиелік маңызы басқа кəсіби пəндермен салыстырғанда өте жоғары.

Оқу барысындағы тəрбиелік ықпал мұғалім мен оқушы, оқушылардың өзара қатынасына жəне ұжымдағы психологиялық жағдайға байланысты. Педагогикалық процесс қатысушыларының арасындағы қарым-қатынас, тілдесу стилдері əрқилы болуы мүмкін: əміршіл-əкімшіл, демократиялық, либералдық. Бұл орайда қазіргі заман педагогикасының ұстанымы-мұғалімнің оқушыға деген ізгілікті (гуманистік), сыйластық қатынас жасауы, шəкірттерге белгілі шамада дербес, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін беру жəне оларды оқу процесін ұйымдастыруға тартып, сенім білдіруі. Осылардың бəрі бірге оқушыға білім беру процесінің тең құқықты субъекті болатынын танытып, оның белсенділігін көтеруге жəрдемін тигізеді. Оқу адамды барлық уақытта тəрбиелейтіні белгілі, алайда ол тəрбие кейде қисынсыз бағытқа да бұрылып кетуі ықтимал, сондықтан оқудың тəрбиелік қызметін іске асыруда оқу процесін ұйымдастыруға, оның мазмұнын іріктеу мен əдіс, формаларын таңдауға байланысты тəрбие міндеттерін дұрыс түсініп алған жөн.

Білім беру жəне тəрбиелеу қызметтерімен бір қатар оқу процесі балаға дамыту ықпалын да жасайды. Оқып, білімін игере отырып, оқушы жан-жақты дамуы тиіс, яғни тұлғаның сөйлеу тілі, ой толғауы, сезімдік жəне қозғалыс іскерліктері көңіл-күй-еріктік, қажетсіну қабілет-қасиеттері ілгері даму өзгерістеріне келеді. “Даму басы - оқу” (Л. С. Выготский) - бұл аса маңызды психологиялық заңдылық. Сабақ барысында мұғалім қаруы болған білім мазмұны, ол қолданған оқу формалары мен əдістері, сондай-ақ оқушылардың белсенді, саналы да əрқилы іс-əрекеттері - бəрі де даму өзегі.
Дұрыс ұйымдастырылған оқу əрқашан дамыту қызметін атқаратыны сөзсіз, дегенмен оның нəтижелі іске асуы арнайы бағыт-бағдардың болуына тəуелді. Педагогика теориясы мен тəжірибесінде дамыту мақсатына орай ерекше оқу технологиялары нақтыланған:

- ақыл-ой əрекеттерін кезеңмен дамыту бағыты (И. Я. Талызина) ;

- теориялық материалдар көлемін арттыра беру (Л. В. Занков) ;

- жоғары қарқын жəне қиыншылық деңгейінде оқыту (Л. В. Занков) ;

- оқушылардың өз оқу əрекеттерін сезінуін қамтамасыз ету (Л. В. Занков) ;

- проблемді оқыту (А. М. Матюшкин, М. И. Махмутов) ;

- оқудың дамытушы əдістер жүйесін қолдану (И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин) ;

- оқудағы мазмұндық қорытындылау тұжырымы (В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин) ;

- оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің белсенділігін көтеру əдістерін қолдану (Г. И. Щукин) ;

- төңіректері қоғам, адам, өнермен қатынастардан болатын толғаныс, көңіл-күй, сезімталдық дамыту жолдары пайдалану арқылы оқу тиімділігін арттыру бағыты (Д. Кабалевский, И. Волков) .

Бүгінгі таңда оқудың дамытушылық қызметін жүзеге келтіретін талай технологияларын мұғалімдер табысты қолданып жүр (11-лекцияда) .
Білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерімен қатар педагогика ғылымында оқудың ынталандыру жəне ұйымдасу қызметтері де өз алдына қарастырылуда. Оқу процесін шəкірттерді алдағы оқу-танымдық жұмыстарға еріксіз тартатындай, келер сабаққа ынтық болып күтетіндей дəрежеде құрастыру, оқушыны жаңаны білуге ынталандыратындай етіп ұйымдастыру қажет.

Оқу процесінің жоғары да аталған барша қызметтері бір-бірінен оқшауланған құбылыстар емес, олардың бəрі өзара шартты байланыста əрі сабақ бөліктері мен кезеңдерінің бəрінде бірдей орындалып барады.

1. 2 Оқу үдерісінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын елдің ертеңгі болашағын оқыту мен тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып, үздіксіз ұдайы даму барысында қалыптасады. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарында үлкен міндеттер жүктейді. Ол міндеттер Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында және басқа да мемлекеттік құжаттарда нақты көрсетілген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жасына және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейің анық белгілеген.

Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту, олардың ойын өрбіту, сол арқылы жеке басының қалыптасуына жағдай жасау - оқу-тәрбие мәселесіндегі негізгі мақсаттардың бірі. Бала өз ойын тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу мүмкіндігінің қалыптасуы бірден пайда болмайтын күрделі психологиялық процесс. Ол жүйелі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде жүзеге асады.

Осы міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарты ретінде үздіксіз тәрбие мен білім берудің тұжырымдамалары жасалып, соның негізінде оқыту, тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту көзделіп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тeрiдeн көркeм бұйым жacaу тeхнoлoгияcын үйрeту әдicтeрi
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу процесін ұйымдастыру
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, әдістемесін жасау
Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері
ЭТИМОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz