М. Әуезовтің Құнанбайдың тарихи тұлғасын көркем образға айналдыру жолындағы ізденістері
Ұлы қаламгер М. Әуезовтің Абайдың әкесі Құнанбайдың тарихи тұлғасын «Абай жолы» роман-эпопеясында жан-жақты суреттеп, қыры мен сыры мол теңдесі жоқ типтік бейне етіп мүсіндегені белгілі. Құнанбай бейнесі романда басқа көркем бейнелерден биік тұрған тағылымы мол, бойында адамға тән жақсылық қасиет заманнан заманға үлгі боларлық, ұлттық сананы саналылықпен сақтап қалған тұлға. Оның Абайға жасаған әкелік борышы, қазақ үшін, бүкіл ұлтымыз үшін мақтан тұтарлық әке екендігі архив беттерін ақтарғанда айқын көрінеді. Балалардың дүниеге келуі мен өсуіне, олардың жастайынан бітім – болмысының жетілуіне көреген әке көп мән берген. Олардың рухани танымына бағыт берумен қатар, мінез – құлқының қалыптасуына қарай жағдай жасап, ақыл – кеңес беріп отырған. Көп әйел алған Құнанбай балаларының татулығына, бауырмалды болып өсуіне мүмкіндік жасап, бір әйелден туған баланы басқа әйелдерінің бауырына салып, әйелдерінің де ауыл мен ауыл арасында беделді, абыройлы ана екендіктерін көрсете алған.
Құнанбай образына қатысты тарихи шындық пен көркем шындықтың «Абай жолы» роман – эпопеясындағы бейнеленуіне байланысты архив деректеріне сүйене отырып, жаңаша пікір қалыптастыруға Ә. Марғұлан, Л. М. Әуезова, Т. Жұртбай айтулы еңбек сіңірді.
Кейіпкер Құнанбай мен тарихи тұлға Құнанбайдың өмірі, жеке басына қатысты оқиғалардың өзі өмір сүрген заманының тарихи шындығымен салыстыра талдау ұлы шығарманың түпкі көркемдік мақсатын терең түсінуге мүмкіндік береді. М. Әуезовтың өзі де бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. 1933 жылы жарияланған «Абайдың туысы мен өмірі» атты зерттеуінде: «Біздің мақсат – осы қарастырылатын адамдардың барлығының өмірін бізден алыс заманда, бүгінгі өмірімізден бөлек күй, бөлек шарт, бөлек тарихи дәуірде бүгінгіден бөлек болғандығын анық көрсету. Сондықтан біздің міндетіміз – қаралау емес, бүгінде анығын

Әдебиеттер тізімі:
1. Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасы. Алматы, 1961
2. Қазақстан Жоғары мектебі. №2, 2003. Т. Жолдасова. Құнанбай бейнесі: Тарихи шындық пен көркем шындық. 210-215 бет
3. Қазақ тілі мен әдебиеті. № 10, 1999. 55-58 бет
4. Ізденіс. Пойск. № 4-5, 1999. Т. Жолдасова. Құнанбай және Оспан (аңыз бен ақиқат). 22-24 бет
5. Абай. №1, 2004. 2-11 бет
6. Қазақ әдебиеті. 7 сәуір, 2000

М. Әуезовтің Құнанбайдың тарихи тұлғасын көркем образға айналдыру жолындағы
ізденістері
Ұлы қаламгер М. Әуезовтің Абайдың әкесі Құнанбайдың тарихи тұлғасын
Абай жолы роман-эпопеясында жан-жақты суреттеп, қыры мен сыры мол теңдесі
жоқ типтік бейне етіп мүсіндегені белгілі. Құнанбай бейнесі романда басқа
көркем бейнелерден биік тұрған тағылымы мол, бойында адамға тән жақсылық
қасиет заманнан заманға үлгі боларлық, ұлттық сананы саналылықпен сақтап
қалған тұлға. Оның Абайға жасаған әкелік борышы, қазақ үшін, бүкіл ұлтымыз
үшін мақтан тұтарлық әке екендігі архив беттерін ақтарғанда айқын көрінеді.
Балалардың дүниеге келуі мен өсуіне, олардың жастайынан бітім – болмысының
жетілуіне көреген әке көп мән берген. Олардың рухани танымына бағыт берумен
қатар, мінез – құлқының қалыптасуына қарай жағдай жасап, ақыл – кеңес беріп
отырған. Көп әйел алған Құнанбай балаларының татулығына, бауырмалды болып
өсуіне мүмкіндік жасап, бір әйелден туған баланы басқа әйелдерінің бауырына
салып, әйелдерінің де ауыл мен ауыл арасында беделді, абыройлы ана
екендіктерін көрсете алған.
Құнанбай образына қатысты тарихи шындық пен көркем шындықтың Абай
жолы роман – эпопеясындағы бейнеленуіне байланысты архив деректеріне
сүйене отырып, жаңаша пікір қалыптастыруға Ә. Марғұлан, Л. М. Әуезова, Т.
Жұртбай айтулы еңбек сіңірді.
Кейіпкер Құнанбай мен тарихи тұлға Құнанбайдың өмірі, жеке басына
қатысты оқиғалардың өзі өмір сүрген заманының тарихи шындығымен салыстыра
талдау ұлы шығарманың түпкі көркемдік мақсатын терең түсінуге мүмкіндік
береді. М. Әуезовтың өзі де бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. 1933 жылы
жарияланған Абайдың туысы мен өмірі атты зерттеуінде: Біздің мақсат –
осы қарастырылатын адамдардың барлығының өмірін бізден алыс заманда,
бүгінгі өмірімізден бөлек күй, бөлек шарт, бөлек тарихи дәуірде бүгінгіден
бөлек болғандығын анық көрсету. Сондықтан біздің міндетіміз – қаралау емес,
бүгінде анығын білгісі келген жұртшылыққа Құнанбайдың дәл пішінін көрсету.
Бұл сөздің басын Абайдың жайы деп алып, Құнанбай жайын көп таратып айтып
кетсек, солай болуына себеп болып отырған да – осы міндетті көп
ойлағандық, - деп жазды.
Жазушы Құнанбайдың тарихи тұлғасын көркем образға айналдыру барысында
да оның мемлекеттік адам екендігіне ерекше мән беріп, жағымсыз кейіпкер
ретінде емес, аса күрделі тарихи – трагедиялық бейне ретінде бейнелеуге
ұмтылған. Абай мен Құнанбай арасындағы қатынасты қоғамдық қайшылықтар
дәрежесіне көтеріп көрсетті. Жазушының әуел бастағы шығармашылық нысанасын
оның 1940 жылы жазған Абайдың өмірбаяны атты еңбегінен толық байқауға
болады: Құнанбайдың кім екенін білмесек, Абайдың кім екенін білу де қиын
болар еді. Бірі әке, бірі бала болғанда, бұлар, әсіресе, бір тарихи дәуірде
бірыңғай қоғамдық таптық жағдайда тіршілік еткен адамдар. Екеуінің сыртқы
әдісі, жолдары басқа – басқа болса да, түпкілігі бір. Құнанбай жайындағы
материалдар көбінесе Абайды тануға да жәрдем береді . . . Бұлардың қай –
қайсысы болса да – заманның туындысы. Бірде заманның ұлы болса, бірде сол
заманның құлы да болған.
Сондықтан да біз Құнанбайдың тарихи тұлғасымен жете танысып қана оның
романдағы тарихи көркем бейнесін жан – жақты түсінуге мүмкіндік аламыз.
Төрт рет жазылды дейтін Абай өмірбаянының барлық нұсқасында да М.Әуезов
Құнанбай жайлы пікірін білдіріп отырады. 1944 жылғы үшінші нұсқасында
балаға ақылын бұрын бермей, ашуын бұрын берген атадан бала үлгі алмайды
деген Абайдың өсиетін ескере отырып, автор Абайды жастайынан оқытып, өзіне
серік етіп, елді танытқан Құнанбайдың тарихи тұлғасы жайлы елден естіген
естеліктерін қайта – қайта қағазға түсіріп отырады. Ал 1950 жылғы
жазбасында былай дейді:
Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол - өз дәуірінің, феодалдық өз
тобының бел баласы. Ісі мен мінезінде заманының талай – талай айқын таңбасы
бар . . . Осымен қатар көпшілігінің есінде қалған аңызға қарағанда, бұрынғы
уақыттармен салыстырғанда, Құнанбай аға сұлтан болып тұрғанда ұрыдан, алушы
шабаршыдан ел тыныш болған деседі.
Құнанбайдың көркем бейнесін жасауда жазушы тарихтағы болған оқиғалар
мен оларға қатысты адамдарды дәл сол күйінде көркем шығармада пайдалана
бермеген. Қодар жайлы әңгімелердің бәрін тәптіштеп баяндай бермеген,
оқиғаға қатысты адамдардың кейбіреулері өзгертіліп, оқиғаның өрбуінің өзін
жібін жатқызып баяндап, Қодарды аянышты көрініспен суреттеген. Сондықтан
Абай жайлы романдар аяқталған кезде жазушыға көптеген сұрақтар, пікірдер
келіп түсіп жатты. Көркем шығарма көркем бояулармен, сол романда айтылып
отырған негізгі оқиғаға байланысты жазушының өзінің бағыты мен өзінің
қиялынан туған көркемдікпен әсерлі етіп жазылады. Тарихи шындықты көрсету
үшін көркемдік әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, жазушының өз қиялымен де
өзгерістер туғызуы – заңды құбылыс. Жазушының көркем шығармадағы көркем
образдарды жасауда өзінің белгілі бір мақсатты қиялы, бағыты шарықтауға
тиіс. Абай жайлы романдар аяқталып, түрлі тілдерге аударылып, бағасын алып
жатқан кезде 1959 жылы М.Әуезов роман жайлы, оның жазылу мақсаты жайлы
ойын: Романдарымды жазған кездерімді еске алғанда, менің есіме ең әуелі,
Қодарды жазалау көрінісі түседі. Менің жоспарым бойынша бұл көрініс
кітаптағы орталық қақтығыстарға эмоциялық кілт болуға тиіс еді. Әуелі мен
бұл көріністі елге тарап кеткен (әсіресе, Құнанбайға туыс ауылдарда)
версияға сәйкес көрсеткім келді. Оған байланысты Қодар әділ жазаланған
болатын. Бірақ, тарихи материалдарды зерттеуге сын көзбен тереңдей отырып,
мен жағдайдың шын мәніне бардым. Осылайша мен Құнанбайдың Қодар мен оның
туыстарына тиісті жерді тартып алуға көз тіккенін ұқтым. Бұл факт маған
Құнанбайдың жаңа бейнесін ашты. Бұл жайдың романдағы көрінісі: үш жыл
ауылда болмаған 13 жасар бала Абай туған ауылына оралады. Даланың желі,
жусан иісі оның тұла бойын балқытып, туған жеріне деген салтанатты сезімін
оятады. Тап осындай сәтте өзінің әкесі жасаған жазаның қорқынышты көрінісі
баланың жанын улайды. Бұл жан жарасы өмір бойы жазылмайды. Абай кейінірек
білгендей, бұл адам өлімі Қодардың жерін тартып алмақшы болған Құнанбайдың
қулық пен сұмдыққа толы екені ақын өміріндегі драмалық бастапқы сәт болады.
Осы жерде мен кітаптың бірнеше тарауларында әр оқиғаларды шиеленістіре
шешуге өзек болған осы Қодар мен бала маған адамдар арасындағы шиыршық
атқан күрделі түйіндерді көруге мүмкіншілік берді, - деп ортаға салды.
Шығармадағы көркем бейне - әке бала Абай алдында қорқынышты адам өлтіруші
бейнесінде көрінеді.
Құнанбай өмірі туралы жазған Ахат Шәкәрімұлының деректерінен бұл тарихи
тұлға туралы көп нәрсені меңгереміз. Құнанбай Тобықты руынан шыққан.
Құнанбайдың әкесі Өскенбай Кеңгірбайдан кейін Тобықтыға би болған, хат
таныған адам. Халық Өскенбайды өте әділ болған деседі. Ісің ақ болса
Өскенбайға бар деген халық аузында аңыз бар. Халық айтысына қарағанда, жат
жердің адамдары Өскенбайға келіп дауларын шештіреді екен. Құнанбайдың
шешесі Найман ішінде Матай руынан – Зере өте есті, адал, момын, тақуа,
жомарт болған ана.
Құнанбай Өскенбайұлының өмірі жайлы
1804 жылы Құнанбай дүниеге келеді. Ол туғанда ірі, толық, зор болады.
Туарында анасы түс көреді. Ол түсінде: Өскенбай алтын сақаны үйіріп
отырғанын көреді. Анасы ол алтын сақа – Құнанбай деп жориды. Оны бір күн
дәретсіз емізбейді. Зеренің өзі бертінде айтыпты: мен Құнашты бір күн
дәретсіз емізіп көргем жоқ және омырауымды тазалап жумай, бісміллә айтпай
емізген мезгіл болған жоқ, - деп Құнанбаймен бірге туған бір әпкесі, бір
қарындасы болған. Құнанбайдың денесі өте сымбатты, толық, бойы зор, жүзі
нұрлы, бота көз, маңдайлы, қыр мұрын, сұлу болған. Балғын зор денесі
балуандыққа, өткір көзі ерлікке, басы ақылдылыққа сәйкестене біткен. Әкесі
молдадан оқытып, Құнанбай шала хат танып қалса да әкесі Өскенбайға келген
хаттарды біріне – бірін салыстырып, өз талабымен хатты толық танып,
түрікше жазылған кітаптарды еркін оқи алатын болған.
Бала кезінен бастап, Құнанбай өте ұғымды, зерек, алғыр, бір естігенін,
оқығанын ұмытпайтын болған. Ол ес біле бастағаннан әкесінің қасында отырып,
көп әңгіме, оқиғаларды, биліктерді естіп, қазақтың өткір сөздерін, мақал –
мәтелдерін, тақпақтарын, батырлар, эпостық жырларын, тарихи оқиғаларды
жадына сақтап алатын болған. Жас күнінен шешендік өнерге, сөз тапқыш әдіске
бейім болады. Адамдық борышты қалай ақтау керек деген сұрақ Құнанбайдың
ойынан ерте кезден орын алған. Бұл сұрақты әкесіне, басқа ел адамдарына
талай рет қойса да, толық жауап ала алмай жүрген. Өз әкесі Өскенбай халыққа
еңбек етіп, адал болу керек, адам арын, адамшылығын сатпау керек деген
ақылын айтқан. Енді Құнанбай тарихта халық қандай адамдарды жақсы
көретінін, қандай адамды мақтап құрметтейтінін қарастырған. Асқан
балуандарды, ел жауын жеңген батырларды, ел қорғаған ерлерді сүйетінін
аңғарған. Және елі үші дауға түсіп, ел намысын жоқтап, елін білім - өнерге
бастаған адамдарды сүйетінін байқаған. Қайткенде туған елге, әрісі халыққа
адал еңбек еткен адам – адамдық борыштан құтылып, шын байламға келеді.
Құнанбай ел алғысын алмай, адамдыққа қол жетпейтінін сезеді. Батасыз ер
жарымас, баталы ер арымас, Ер қорғаған ер болар, елсіз адам көр болар,
Адалдық – адамдық белгісі, арамдық – жамандық белгісі, Көпті жамандаған
көмусіз қалар, Көп өрт сөндірер, залым өрт өндірер, Көп түкірсе көл
болар, көлсіз жерде шөл болар, Көптен үйрен, арсыздан жирен, Тура биде
туған жоқ, туғанды биде иман жоқ, Сайтандық қылма, сайтаннан иман қашар,
Құдай таза, сен де таза бол, Нашарды қолда, момынды қорға. Осыларды
Құнанбай ойына тоқып, аузынан тастамайды. Бұларға қоса мынандай сертке
келеді. Жанымнан малым садаға, арымнан жаным садаға - деп Құнанбай осы
сертін бұзбай өтеді.
Құнанбай Шыңғыс тауының бауыр жағына құлай ағатын Хан өзені деген
өзеннің таудан шыға беріс жағасында күнбатыс жағындағы Би биігі деген
биіктің күнгей бетіндегі тастан салған қой қораның қасында қазақ үйде
туған. Ол кезде қазақ там салуды білмеген. Тек қыста қойға бала тастан
қорған салып, көшіп – қонып жүрген. Түтеген қаһарлы қарлы боранға, қақаған
қызыл шұнақ аязға Құнанбайдың денесі әбден шыңдалып өскен.
Құнанбайдың әкесі Өскенбайға келсек, ол Найман тобының Терістаңбалы
руынан шыққан атақты Ағанас бидің қызы Күңкені айттырады.
Өскенбай көбінесе, ел ішінде жиын, съезде жүреді. Не басқа елдің
шақыруымен сонда барып, дау – шарды бітіреді. Осындай кездерде Өскенбайды
іздеп келген адамдардың дауларын Құнанбай тыңдап, әділдік, билік айтады,
оған екі жағы да риза болып қайтады. Сол билікті кексе билер естігенде
қисық деп айта алмайды.
Құнанбай билік айтқанда мынау би, мынау жуан, мынау аталы деп олардың
атақтарына, мансап, дәрежесіне қарамайды, тек істің ағына қарайды.
Сондықтан, ел құруды әділ, мырза деп атандырады. Құнанбайды қашан қажыға
барғанша халық Мырза деп атаған. Оның екі түрлі жайты болды дейді ел. Ол
басында бай болған жоқ, малы көп болған жоқ. Бірақ шын мұқтаж адамнан мал
аяп көрмеген. Тай – жабағысымен әкесінен он екі жылқы енші алғанда, соларды
мінуге жарайтындарының бәрін аты жоқ кедейлерге мініске беретін болған.
Тамағы жоқтарға асынан бөлгізіп беріп, жалаңаш адамдарға екі киімнің бірін
беретін болған, - дейді. Екінші мырзалығы: дауласып келген адамдарға адал
билігін айтып, ақыл сұрағандарға таза кеңесін аямайтын еді, - деседі.
Құнанбайдың уәдаға берік, ұстамдылығын, қайратты, жігерлігін, сабырлы,
шешен, болжампаздығын ел аңыз етеді.
Құнанбай – халық қамқоршысы (ерлігі жайында)
Өскенбай Құнанбайды 19 жасында үйлендіріп, өзі отырған тас қораның
күншығыс жағындағы кезең астындағы сайдың алдына қондырады. Өскенбай өзіне
біткен 30 шақты жылқысының 12 – сін Құнанбайдың еншісіне береді. Басқа мал
Өскенбайда аз болады. Құнанбай енші алған жылы қыс қатты болып, жылқы ерте
март айында қолға келіп, сол жылқыларын Құнанбай жаяу бағады. Ол кезде
Тобықты Шыңғыс ішіне жаңа орналасқан, басқа Найман, Керей, Арғын, Уақ
сияқты елдерді Шыңғыстан зорға дегенде қуып, жауласып, барымталасып тараған
кезі. Көбінесе, Тобықты Найманмен жиі шабыса беретін.
Оның негізгі себебі: Шыңғыс тауын, Арқаның қалмақ иемденіп қалған басқа
да жерін қалмақтан босатып алғаннан кейін, ақтабан шұбырындыда Мұғаджар
тауына ауып кеткен Тобықты руы көп уақытқа дейін ата қонысы Шыңғысқа келе
алмай жүргенде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz